Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ



жүктеу 4.62 Mb.
бет1/26
Дата25.04.2016
өлшемі4.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
: irj
irj -> Оқу, ғылыми және басқа мақсаттағы материалдарды бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
irj -> Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
irj -> 1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар»
irj -> ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті қызметінің 2014 жыл жағдайы қорытындысы бойынша ақпарат Республикалық меншіктегі акциялардың
irj -> Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Құрметті қазақстандықтар!
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
irj -> Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы
irj -> «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
irj -> «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПАНЫ БАҚЫЛАУ,

АУДИТ, ШОЛУ, БАСҚА АҚПАРАТТЫҢ

ДҰРЫСТЫҒЫН РАСТАУ ЖӘНЕ ІЛЕСПЕ

ҚЫЗМЕТТЕР ЖӨНІНДЕ ЖИНАҚ
II БӨЛІМ
МАЗМҰНЫ





Беттер

ҚҰРЫЛЫМЫ

Халықаралық Кепілдік бойынша Міндеттеме Құрылымы ……..................................... 1–24



ТАРИХИ ҚАРЖЫЛЫҚ АҚПАРАТТАР БОЙЫНША АУДИТ ЖӘНЕ ШОЛУЛАР

20002699 ШОЛУ КЕЛІСІМІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР (ШКХС)

2400 Қаржылық Есеп Беру бойынша Міндеттемелер

(Алдынғы АХС 910).......................................................................................... 25–43

2410 Кәсіпорынның Тәуелсіз Аудиторы Дайындаған

Уақыша Қаржылық Ақпараттарды Шолу ....................................................... 44–86

ТАРИХИ ҚАРЖЫЛЫҚ АҚПАРАТТАР БОЙЫНША АУДИТ ПЕН ҚЫСҚАША ТАЛДАУДАН БАСҚА КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

3000–3699 ШОЛУ КЕЛІСІМІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР(ШКХС)

3000–3399 БАРЛЫҚ КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНЕ ҚОЛДАНЫЛА АЛАДЫ

3000Тарихи Қаржылық Ақпараттар бойынша Аудит пен Қысқаша Талдаудан

Басқа Кепілдік Міндеттемелері............................................................................................ 87–106

3400–3699НАҚТЫ ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ СТАНДАРТТАР

3400 Болжамдық Қаржылық Ақпараттарды Тексеру

( Алдынғы АХС 810).......................................................................................... 107–116

3402 Қызмет Көрсету Ұйымы Қызметін Бақылау бойынша Кепілдік Есебін Беру....... 117–165



ІЛЕСПЕ ҚЫЗМЕТТЕР

40004699 ІЛЕСПЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ІҚХС

4400 Қаржылық Ақпаратқа Қатысты Келісілген Рәсімдерді Тағайындау

бойынша Міндеттемелер (Алдынғы АХС 920) .............................................. 166–175

4410 Қаржылық Есеп Беруді Жинақтау бойынша Міндеттемелер

(Алдынғы АХС 930) ............................................................................................ 176–185


ЖАҢА ЖӘНЕ ТИІМСІЗДІГІ ҚАЙТА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СТАНДАРТТАР

3000–3699 КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР (КМХС)

3400–3699НАҚТЫ ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ СТАНДАРТТАР

3410 Көшет Газына Қатысты Есеп Беру Бойынша Кепілдік Міндеттемесі..................... 186–277

3420 Бағдарламаға Кіретін Қаржылық Ақпараттар Жинағына Есеп Беру

Бойынша Кепілдік Міндеттемесі...................................................................... 278–312

(4000–4699 ІЛЕСПЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ІҚХС)

4410 (Қайта Қарастырылған), Іріктеп Алынған Міндеттемелер...................................... 313–355




КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

(2005 жылдың 1-каңтарында және келесі жылдары шығарылған кепілдік есебін берулеріне тиімді деп саналады)



МАЗМҰНЫ





Тарау

Кіріспе……............................................................................................................................ 1–6

Кепілдік Міндеттемесінің Анықтамасы Және Мақсаты .................................................. 7–11

Құрылым Ауқымы................................................................................................................. 12–16

Міндеттемені Қабылдау............................................................................................... ........ 17–19

Кепілдік Міндеттемесі Элементтері................................................................................... 20–60

Тәжірибеші Мамандардың Есімін Дұрыс Қолданбау........................................................ 61

Қосымша: Себептік Кепіл Міндеттемесі мен Шектеулі Кепіл Міндеттемелерінің Айырмашылығы







________________________________________________________________________________

Кіріспе

  1. Бұл құрылым кепілдік міндеттемесінің элементтері мен мақсаттарын сипаттай отырып, Аудиттің Халықаралық Стандарттары (АХС), Шолу Келісімдері бойынша Халықаралық Стандарттар (ШКХС) және Шолу Келісімі бойынша Халықаралық Стандарттарына (ШКХС) қолданыла алатын міндеттермелерді анықтайды. Бұл көзқарастар жүйесін қалыптастырады:

  1. Кепілдік міндеттемесін құрушы есепші мамандар халықтық тәжірибеде болады. Есепші мамандар халықтық секторда құрылым соңындағы мемлекеттік сектор келешегіне жатқызылады. Халықтық тәжірибе мен халықтық секторға жатпайтын есепші мамандар кепілдік міндеттемелерін дайындауда құрылымды қарастыруға бағытталады1;

(ә) Қалғандары кепілдік міндеттемелері жұмыстарына араластырылады, оның ішінде есеп беруді пайдаланушылар мен жауапты жақ; және

(б) AХС, ШКХС және ХААСБ-ды дамытушы Халықаралық Аудит және Кепілдік Стандарттар Басқармасы.

2. Бұл құрылым кепілдік міндеттемесінің жүзеге асуына өзінен-өзі стандарттар шығарып, процедуралық талаптар орындамайды. АХС, ШКХС және КМХС бірнеше негізгі қағидаттардан тұрады: құрылымдағы түсініктерге байланысты негізгі процедуралар мен соған қатысты анықтамалар жоғарыда аталғандар кепілдік міндеттемесінің орындалуы мақсатында ұйымдастырылады. Құрылым мен АХС, ШКХС және КМХС арасындағы байланыс «ХААСБ шығарған жариялымдар кұрылымы»-дағыХалықаралық Сапалық Бақылау,Аудит , Қысқаша Талдау, Кепілдік Стандаттары мен Қосымша Жариялымдар Жинағында көрсетілген.

3. Кұрылымның қысқаша талдауы:



  • Кіріспе: Бұл құрылым тәжірибеші мамандардар дайындаған кепілдік міндеттемесімен келісім жасайды және тәжірибеші мамандар мен кепілдік міндеттемеге тартылатын адамдарға , мәселен «жауапты жаққа», арнап нұсқау құрылымын тағайындайды.

  • Кепілдік міндеттемесінің анықтамасы мен мақсаты: Бұл бөлім кепілдік міндеттемесін анықтап, тәжірибеші маман тағайындауға тиіс кепілдік бойынша міндеттеме түрлерінің мақсатын сипаттайды2.

  • Құрылым ауқымы: Бұл бөлім кепілдік міндеттемесін басқа консалтинг міндеттемелері секілді міндеттемелерден ерекшелейді.

  • Міндеттемені қабылдау: Бұл бөлім келесі тәжірибеші мамандар кепілдік міндеттемесін қабылдамас бұрын көрсетілуге тиіс сипаттамалардан тұрады.

  • Кепіл міндеттемесінің элементтері:Бұл бөлім тәжірибеші маман көрмесіндегі тағайындалған кепілдік міндеттемесінің бес элементін анықтап қарастырады.: үш жақты қарым қатынас, тақырып мәселесі,критерийлер,дәлелдер және кепілдік міндеттемесі. Бұл себептік міндеттеме мен шектеулі міндеттеме арасындағы негізгі айырманы түсіндіріп береді(қосымшада көрсетілген). Бұл бөлім сонымен қатар кепілдік міндеттемесінің тақырып мәселесіндегі негізгі варияция,сәйкес критерийдің қажетті сипаттамалары,кепілдік міндеттемесіндегі тәуекел мен материалдықтың алатын орны,және екі түрлі кепілдік міндеттемесінде қорытынды бөлімнің қалай берілетіні жайлы сұрақтарлы қарастырады.

  • Тәжірибеші маманның есімін дұрыс қолданбау: Бұл бөлім тәжірибеші маманның тақырып мәселесіне қатыстылығын қолдануды қарастырады.

Әдептілік қағидаттар мен сапаны бақылау стандарттары

4. Сонымен қатар осы құрылым мен АХС, ШКХС және КМХС, кепілдік міндеттемесін дайындайтын тәжірибеші мамандар келесілермен басшылыққа алынған:

(a) Бухгалтерлерге арналған Кәсіби Бухгалтерлердің Әдеп Кодексі (БХӘСК Кодексі) Тәжірибелі Бухгалтерлерге арналған Әдеп Кодексінің басшылығымен тағайындалады; бұл есепші мамандарға негізгі әдептілік қағидаттарды анықтап береді, және

(ә) Сапаны Бақылаудың Халықаралық Стандарттары (СБХС), бұл фирманың сапасын бақылау жүйесіне арнап стандарттар мен жолнұсқау анықтамаларын шығарады.3

5. БХӘСК Кодексінің А бөлімі барлық есепшілер қарастыруға тиісті фундаменталды әдептілік қағидаттарды көрсетеді, оның ішіне кіретіндер:

(а) Түгелділік;

(ә) Әділдік;

(б) Кәсіби біліктілік пен қажетті қамқорлық;

(в) Құпиялық; және

(г) Кәсіби қарым-қатынас.



  1. Халықтық тәжірибедегі есепші мамандар қолданатын БХӘСК Кодексінің В бөліміне тәуелсіздіктің концептуалды тәсілі жатқызылады, оның ішіне әр кепілдік міндеттемесіне тәуелсіздік қауіпі, қабылданған қорғаныс және халықтың қызығушылығы кіреді. Ол фирмалар мен кепілдік қызметкерлерінен тәуелсіздікке қауіп төндіретін жағдайлар мен қатынастарды анықтап бағалауын және осы кауіптерді қорғаныс тәсілдерін қолдану арқылы жоюдың немесе азайтудың амалын табуын талап етеді.

Кепілдік Міндеттемесінің Мақсаты мен Анықтамасы

  1. “Кепілдік міндеттемесі” тәжірибеші маманның жауапты жақтан басқа қолданушылардың критерийге қарсы бағалау нәтижелеріне сенімділік дәрежесін жоғарылату мақсатындағы қорытынды беретін міндеттемес

  2. Тақырып мәселесін сараптау немесе бағалаудың нәтижесі тақырып мәселесіне критерий қолдану барысында шығатын ақпарат. Мысалы:

  • Қаржылық есеп беру нәтижесіндегі қабылдау, бағалау, ұсыну және ашық көрсету заңды тұлғаның қаржылық жағдайы мен ақша айналымына (мәселе тақырыбы) қаржылық есеп беру құрылымын Халықаралық Есеп Беру Стандарттары (критерий) секілді қабылдау,бағалау, ұсыну және ашық көрсетуді қолдану арқылы қалыптастырылады.

  • Ішкі тексеріс тиімділігін бекіту нәтижелері COSO4 және CoCo5 сияқты ішкі тексеріс тиімділігін бағалауға құрылымды қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Осы құрылымға ескерту ретінде «тақырып мәселесіне қатысты ақпарат» түсінігі тақырып мәселесін бағалаудың нәтижесіне қолданылады.Бұл тәжірибеші маманның кепілдік есеп беруіне қорытынды беруге қажетті негіз келтіру үшін керекті ақпарат жинау жөніндегі тақырыптық мәселе.

  1. Тақырып мәселесі бойыша ақпарат тақырып мәселесі және критерийі мәнмәтінінде көрсетілмей қалуы ықтимал.Мұндай жағдайлар тақырыптың мәселе талаптарына сай келмеген жағдайда орын алады, мысалы заңды тұлғаның қаржылық есеп беруі оның Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына сәйкес шынайы қаржылық жағдайы мен ақша айналымы көрсетпесе немесе заңды тұлғаның ішкі тексеруінің тиімді екендігінің COSO немесе CoCo бойынша жалған болған кездерді жатқызуға болады.

  2. Кейбір кепілдік міндеттемелерде тақырыптық мәселелерді бағалау жауапты жаққа жүктеліп,тақырыптық мәселе ақпараты сол тұлғымен бекітілген формасында басқа қолданушыларға қол жетімді болады. Бұл міндеттемелер “бекітілген міндеттемелер” деп аталады. Басқа кепілдік міндеттемелерде тәжірибеші маман тақырыптық мәселенің бағалауын тікелей дайындайды немесе жауапты жақтың тағайындаған алайда тиісті қолданушылардың қолына түспеген бағалау нәтижесін өз қолына алады. Тақырыптық мәселе бойынша ақпараттар тиісті қолданушыларға кепілдік есеп беруінде көрсетуледі. Мұндай міндеттемелерді “тікелей есеп беру міндеттемесі” деп атайды.

  3. Бұл құрылым бойынша тәжірибеші маманның дайындайтын кепілдік міндеттемесінің екі түрі болады: себептік міндеттеме және шектеулі міндеттеме. Себептік міндеттеменің негізгі мақсаты кепілдік міндеттемесінің тәуекелін жою және төмендету және тәжірибеші маманнынң берген қорытындысына6 оң көз қарас қалыптастыру саналады. Шектеулі кепілдік міндеттемесінің мақсаты кепілдік міндеттемесінің тәуекел деңгейін міндеттеме жағдайына сәйкес етіп төмендету саналады,алайда бұл міндеттеменеің тәуекелі себептік міндеттеменің тәуекелінен жоғары, сол себепті тәжірибеші маманың теріс қорытынды беруіне негіз береді.

Құрылым ауқымы

  1. Тәжірибеші маманның дайындайтын міндеттемесінің барлаға дерлік кепілдік міндеттемесі емес. Берілген анықтама талаптарына сай келмейтін (және құрылыммен қамтылмайтын) басқа да міндеттемелерге келесілер жатқызылады:

  • Қосымша Қызметтерге арналған Халықаралық Стандарттар келісілген процедуралар бойынша міндеттемелер мен қаржылық және тағы да басқа ақпарат түрлерінің жинағы секілді міндеттемелерді қамтиды.

  • Кепілдік туралы қорытынды көрсетілмеген салықтық декларациялар даярлау.

  • Салықтық кеңес беру7 (консалтинг) немесе басқару секілді консалтингтік міндеттемелер.

  1. Секілді талаптар кіреді. Мұндай жағдайларда бұл Құрылым кепілдік міндеттемесінің бір бөлігіне ғана жатқызылады.

  2. 7–тарауда көрсетілген анықтамаға сәйкес келетін жағдайлар, осы құрылым бойынша орындалмауы тиіс:

(a) бухгалтерлік есеп, ревизия, салық салу және тағы да басқа сұрақтар бойынша процептуалды істерге куәлік ету міндеттемелері; және

(ә) Келесілер орындалған жағдай қолданушылар берілген профессионалдық ой-пікір мен көз-қарас, тұжырымдардан қандай да бір кепілдік ала алатын міндеттемелер:

(i) Толық міндеттемеге алдын-ала болжамданбаған профессионалдық ой-пікір мен көз-қарас, тұжырымдар ;

(ii) Кез келген шығарылған есеп беру белгіленген қолданушылардың қолдануымен ғана шектелген;

(iii) Белгіленген қолданушылар туралы жазылған түсініктемеде міндеттеме кепілдік міндеттемесі болып табылмайды; және

(iv) Есепші маманның есе беруінде міндеттеме кепілдік міндеттемесі болып көрсетілмеген.



Кепілдіксіз міндеттеме бойынша есеп беру

  1. Міндеттеменің Құрылым бойынша кепілдік міндеттемесіне жатпайтындығы жайлы хабарлайтын тәжірибеші маман анық аталған есеп беру мен кепілдік есеп беруін айыра біледі. Қолданушыларды лаңға салмау үшін кепілдік есеп беруі болып табылмайтын есеп беруі келесідей жағдайлардан аулақ болады,мысалы:

  • Осы құрылыммен АХС, ШКХС немесе КМХС-ның келісімі.

  • “Кепілдік”, “ревизия”, “шолу” сөздерінің дұрыс жерде қолданбауы.

  • Қолданушылардың сенімділік дәрежесін жоғарлату мақсатымен критерийге қарсы бағалу мен өлшеу нәтижелерін қорытынды ой-пікір ретінде жариялау.

  1. Бұл құрылымның принцитерін, тәжірибеші маман мен жауапты жақ АХС, ШКХС немесе КМХС талаптарына сай келетін болса , белгіленген қолданушылары болмаса да міндеттемеге қолдана алады.

Міндеттемені Қабылдау

  1. Тәжірибеші маман кепілдік міндеттемесін тек міндеттеме жағдайы туралы алдын ала ақпарат келесілерге сілтеме жасаған кезде ғана қабылдайды:

    1. Қатысты тәуелсіздік және мамандық жете білушілік қанағаттандырылуы секілді әдептілік талаптар; және

(ә) Міндеттеме келесідей айырмашылықтарды көрсетеді:

(i) тиісті тақырып мәселесі;

(ii) қолданылатын критерийлер белгіленген қолданушыларға қолайлы және қол жетімді болып табылады;

(iii) Тәжірибеші маманның өзі беретін қорытындысын қолдауға толық сәйкес дәлелдемелері бар;

(iv) Тәжірибеші маманның берген қорытындысы себептік не шектеулі міндеттеме түрінде берілетіні жазбаша есеп беруде көрсетіледі; және

(v) Тәжірибеші маман міндеттеменің рационалды мақсаты бар екендігіне қанағаттанады. Егер де тәжірибеші маманның жұмыс ауқымы айтарлықтай шектелсе (тарау 55 қараңыз), міндеттеменің рационалды мақсаты бар болуы әбден ықтимал. Сонымен қатар тәжірибеші маман міндетті жақ соның есімін тақырып мәселесін сәйкес келмейтін үлгіде байланыстыруы жайлы болжауы мүмкін (тарау 61 қараңыз).

Арнайы АХС, ШКХС немесе КМХС міндеттемені қабылдауға қанағаттандырарлық қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.


  1. Әлеуетті міндеттеме кепілдік міндеттемесі болып қабылдана алмайды, себебі ол алдындағы тарауда көрсетілген сипаттамаларды көрсетпейді және жауапты жақ белгіленген қолданушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін әр түрлі міндеттеме түрлерін анықтай алады.Мысалы:




    1. Түпнұсқалық критерийлер сәйкес келмесе де, кепілдік міндеттемесі орындала беруі мүмкін,егер:

      1. Жауапты жақ осы критерийлер сәйкес келетін түпнұсқалық тақырыптық мәселенің аспектісін анықтай алады, және тәжірибеші маман кепілдік міндеттемесін тақырыптық мәселе бойынша өз бетімен орындай алады; және

(ii) Түпнұсқалық тақырыптық мәселесіне сәйкес келетін балама критерийлері таңдалып дамытылады.

(ә) Жауапты жақ кеңес беру немесе алдын ала келісу рәсімдері бойынша міндеттеме секілді кепілдік міндеттемесі болып табылмайтын міндеттемені сұратуы мүмкін.


19. Тәжірибеші маман кепілдік міндеттемесін қабылдап,міндеттемені кепілдіксіз міндеттемеге немесе себептік міндеттемені шектеулі міндеттемеге себепсіз ауыстыра алмайды. Белгіленген қолданушылардың талаптарына әсер ететін жағдайлардағы өзгерістер немесе міндеттеме сипатына байланысты түсініспеушіліктер міндеттемені ауыстыру жайлы сұратуларды орындайды.
Кепілдік Міндеттемесінің Элементтері

  1. Кепілдік міндеттемесінің элементтері келесі бөліктерде толық талқыланады:

(a) үш жақты байланысқа тәжірибеші маман, жауапты жақ және белгіленген қолданушылар кіреді;

(ә) Қатысты тақырыптық мәселе ;

(б) Сәйкес келетін критерийлер;

(в) Жеткілікті сәйкес келетін дәлелдемелер; және

(г) Себептік және шектеулі міндеттеме түрлеріне келетін формада жазылған кепілдік міндеттемесі.

Үш Жақты Байланыс


  1. Үш жақты байланыс келесідей бөлек жақтардан тұрады: тәжірибеші маман, жауапты жақ және белгіленген қолданушылар.

  2. Жауапты жақ пен белгіленген қолданушылар әр түрлі не бір кәсіпорыннан болуы мүмкін. Соңғы жағдайдың мысалы ретінде, екі деңгейлі басқару құрылымында бақылау кеңесі сол кәсіпорынның басшылар кеңесі шығарған ақпарат бойынша кепілдікті сұрастыруы ықтимал. Жауапты жақ пен белгіленген қолданушылардың ара қатынасы белгілі міндеттеме шеңберінде ғана қарастырылуы қажет және дәстүрлі түрмен анықталған міндеттеме топтамасынан өзгеше болып келуі мүмкін. Мысалы, кәсіпорынның жоғарғы басшылығы (белгіленген қолданушысы) тәжірибеші маманды кәсіпорынның ерекше аспектісі болып табылатын және төменгі дәрежедегі басқарудың негізгі міндеті(жауапты жақ) , алайда ол үшін жоғарғы басшылық міндетті болып табылатын кепілдік міндеттемесін орындау үшін жұмысқа алуы мүмкін.

Тәжірибеші Маман

  1. “Тәжірибеші маман” осы Құрылымда, сонымен қатар “аудитор” түсінігенен де АХС мен ШКХС –да кең қолданылатын, және ревизия мен тарихи қаржылық ақпаратқа қатысты бақылау міндеттемесін орындайтын тәжірибеші маманға қатысы термин саналады.

  2. Тәжірибеші маманнан кең ауқымдағы кепілдік міндеттемесін орындау талап етілуі мүмкін. Кейбір тақырыптық мәселелер бөлек тәжірибеші маманнан білімінен басқа арнайы біліктілікті талап етеді. 17 (a) тарауда көрсетілгендей егер міндеттеме жағдайын алдын ала білетін болса және мамандық біліктіліктің әдептілік талаптары қанағаттандырылмаса тәжірибеші маман міндеттемеден бас тартады. Тағы бір жағдайларда осындай міндеттемелер басқа сарапшы секілді мамандардың қызметіне жүгінетін тәжірибеші маман есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттемені топтасып орындау барысында мамандар қажетті білім мен біліктілікке ие екендігі және тәжірибеші маманды кез келген сарапшы тартыла алатын міндеттеме жұмысына қатысты белгілі дәрежедегі түсінігі бар екендігі қанағаттындырады.

Жауапты Жақ

  1. Жауапты жақ- бұл келесі сипаттамаларға ие тұлға (не адамдар):

(a) Тікелей есеп беру міндеттемесі бойынша тақырып мәселесіне міндетті; немесе

(ә) Міндеттеменің бекітілім негізі бойынша тақырыптық мәселе туралы ақпаратқа және тақырыптық мәселенің өзіне жауапты болуы мүмкін. Жауапты жақ тәжірибеші маманды есеп беруге қатысты кепілідік міндеттемесін орындау үшін жұмысқа алғанда және оны тақырыптық мәселе туралы ақпарат пен тақырыптық мәселененің өзіне жауапты қылып қойған жағдайдағы мысалда оның өзінің тұрақтылық тәсілдерін дайындауымен түсіндіруге болады. Жауапты жақ тақырыптық мәселенің өзіне емес,тақырыптық мәселе туралы ақпаратқа жауапты және басқарушы ұйым тәжірибеші маманды жеке меншік компанияның тұрақтылық тәсілдерітуралы есеп беруіне қатысты және ұйым дайындығы мен қолданушыларға таратуға қаже кепілдік міндеттемесін орындауға алған кездегі мысал.



Жауапты жақ тәжірибеші маманды қабылдаушы жақ болуы не болмауы мүмкін (тартушыжақ).

  1. Жауапты жақ тәжірибеші маманға тақырыптық мәселенің белгілі критерийлерге қарсы бағалап, өлшеу және соның белгіленген қолданушыларға қол жетімді бекілімі бойынша жазбаша көрінісін береді.Тікелей міндеттеме хабарламасында тәжірибеші маман тартылушы жақтан жауапты жақтың ерекшеленетін жағдайдағы көріністі ала алмайды.

Белгіленген Қолданушылар

  1. Белгіленген қолданушылар- тәжірибеші маман есеп беру дайындайтын адам не адамдар тобы. Жауапты жақ белгіленген қолданушылардың бірі болуы мүмкін.

  2. Тәжірибеде кепілдік туралы есеп беру белгіленген қолданушылар мен басқа да қолданушыларға арналуы мүмкін. Тәжірибеші маман кепілдік туралы есеп беруді оқитын және соған қолжететін адамдар санын анықтай алмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда , әсіресе қолданушылардың тақырыптық мәселеге кең ауқымда қызығушылығы болатын болса, белгіленген қолданушылар маңызды қызығушылығымен басқа да қызығушы адамдар есебінен шектелуі мүмкін. Белгіленген қолданушылар әрқалай анықталы мүмкін, мысалы тәжірибеші маман мен жауапты жақ, тартылатын жақ, немесе заң бойынша келісімі негізінде.

  3. Тәжірибеде белгіленген қолданушылар мен олардың өкілдері тәжірибеші маманмен және жауапты жақпен (ерекшелентін болса тартылушы жақпен де) міндеттеме талаптарының анықтамасына сәйкес байланыста болады. Басқалардың қатысынсыз және процедуралық міндеттеме келісіміне қарағанда (қорытындыға емес процедураларға негізделген хабарлама нәтижесін сұрататын келісім):

  1. Тәжірибеші маман рәсімдердің табиғаты, уақыты және дәрежесін анықтауға міндетті саналады; және

(ә) Тәжірибеші маман кез келген пайда болған маңызды түрленудің тақырыптық мәселе ақпаратына қолданылуы жайлы мәселенің шешімін табуы тиіс.

  1. Кейбір жағдайларда белгіленген қолданушылар (мысалы, банкирлер мен реттеушілер) жауапты жақтан (немесе ерекшелентін болса тартылушы жақтан да) белгілі мақсатпен орындалатын кепілдік міндеттемесін ұйымдастыруды талап етеді. Міндеттемелер белгіленген қолданушыларға арналып немесе белгілі мақсатпен жасалған кезде тәжірибеші маман кепілдіктің шектеулерін қарастырумен қатар, басқа қолданушылар пайдалануына ненің шектеу келтіретіні мен мақсатын хабарлайды.

Тақырыптық Мәселе

  1. Тақырыптық мәселе мен кепілдік міндеттемесі жайлы түсінік пен ақпарат бірнеше формада бола алады, мысалы:

  • Қаржылық есеп берудегі тақырыптық мәселе туралы ақпарат мойындау, өлшеу, елестету және анықтауға болатын мәселе болып табылатын қаржылық көрсеткіштер мен талаптар(мысалы, тарихи немесе болжамды қаржылық жағдай, қаржылық көрсеткіштер және ақша ағымы).

  • Тақырыптық мәселе жайлы ақпараттар тиімділік негізгі көрсеткіштері саналатын материалдық емес жұмыс және жағдайлар (мысалы, кәсіпорын қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы).

  • Тақырыптық мәселе техникалық талаптардың құжаты болып саналатын, физикалық сипаттамалар(мысалы, жұмыс құралдарының тиімді қолданылуы).

  • Тақырыптық мәселе тиімділіктің дәлелі ретінде саналатын, жүйелер мен үдерістер(мысалы, кәсіпорынның ішкі бақылауы мен ақпараттық технологиялар жүйесі )

  • Тақырыптық мәселе орындау көрсеткіші мен тиімділік көрсеткіші саналатын тәртіп (мысалы, корпоративтік басқару, реттеу тәртібі және қызметкерлер дайындау тәсілдерімен келісу).

  1. Тақырыптық мәселелердің түрлі ерекшеліктері болады, оның ішіне олардың сапалықжәне сандық, объективті және субъективті, тарихи және болжамдық, және белгілі уақыт аралығына немесе бір уақытқа байланысты ақпараттар дәрежесі кіреді. Мұндай жағдайлар келесідей сұрақтарды қарастырады:

(a) Тақырыптық мәселе критерийлерге қарсы бағаланып, өлшене алатын анықтылық; және

(ә) Бар дәлелдемелелерге сенімділік.

Кепілдік туралы есеп беру белгіленген қолданушыларға жеке көңіл бөлудің ерекшеліктерінатап өтеді.

33. Тиісті тақырыптық мәселе:

(a) Анықтала алатын және келесі бағалаулар мен белгілі критерийлерге қарсы өлшеулерге қолдануға болатын; және

(ә) Сол туралы ақпараттар ақылға сиямды кепілдік пен кепілдіктің шектеулі қорытындысын қолдайтындайтындай қажетті дәлелдемелерді жинау процедураларын талап етуі мүмкін.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет