Халықаралық телефон қызметіндегі жұмысшылардың еңбек жағдайына физиологиялық эргономикалық тұрғыдан сипаттама беру



жүктеу 107.26 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі107.26 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Халықаралық телефон қызметіндегі жұмысшылардың еңбек жағдайына физиологиялық эргономикалық тұрғыдан сипаттама беру.

Құлжанова Д.Қ. аға оқытушы, б.ғ.к., Dkulzhanova @mail.ru

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


Аннотация. Жоғарғы жиіліктегі электро және радиомагниттік аспаптармен жұмыс жасайтын телефон қызметкерлерінің денсаулық жағдайлары бүгінгі ғалымдардың денсаулығын алаңдатып отырған күрделі мәселеге айналып отырғаны белгілі. Бұл сала жоғарғы профессиональдық біліктілікпен қатар, белгілі дәрежедегі қызмет көрсету мәдениетін, адам ағзасының физиологиялық бітіміндегі бір қалыптылықты, төзімділікті қажет ететін сала болып есептеледі. Осы саладағы маман иелеріне еске сақтау қабілеттерінің жоғарлығы, байқағыштық, ақпаратты дер кезінде қабылдап ала отырып, алынған ақпаратты бір мезгілде жүйелеп, оны тапсырысына қатысты уақтылы талдау қызмет көрсету саласындағы адамдардың психикалық, жүйке, көру және есту жүйелеріндегі жоғары дәрежедегі мобилизациялауды қажет қылады.

Талдауға алынып отырған мәселенің өзектілігін, осы салада қызмет атқаратын мамандардың басым көпшілігін әйел адамдар құрайтындығы және де олардың дені репродуктивтік жастағы жастар екендігі айшықтай түседі. Осы себепті де халықаралық телефон қызметіндегі қызметкерлердің денсаулық жағдайын нығайтуға байланысты ұйымдастырылған шараларды жүйелеп, айқындай түсу және олардың дұрыс дем алып отыруына жағдай туғызу мәселесіне қатысты пайда болатын сұрақтардың маңыздығы күннен күнге арта түсуде.

Адамдар денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін әсерін зерттеуде организмнің зат алмасу процестерінің ерекшеліктеріне және кәсіпорынның зиянды факторлары, зиянды әдеттері жоқ болғанына байланысты ең сезімтал және ең оңтайлы моделі болып табылады.

Аурулар – дегеніміз халықтар денсаулығының басты көрсеткіші. Аурулар динамикасы проблемалық жағдайларды анықтап, нақты ұйымдастыру, алдын алу шараларын өңдеп, олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Аурулар сараптамасының нәтижесін салыстыру мәселесінде медициналық технологиялардың әртүрлі тәсілдері қолданылады. Жекеленген аурулардың деңгейі мен сипатын және оның өзгеру тенденциясын білудің денсаулық сақтаудың мекемелерінде шынайы түрде өзіндік орны бар профилактикалық шараларды өңдеуде үлкен маңыз атқарады.



Түйінді сөздер: электрлік, радиомагниттік, байқағыштық, психикалық, жүйке, көру, есту, репродуктивтік, аурулар, телефон станциялары, уақыт, электромагниттік сәулелену, саусақ буындары, көзге үлкен жүктеме түсу, стресс, фактор, шу, әлсіз жарықтану,температуралық,гиподинамия, гипокинезия, монотония, интеллектуальдық, психоэмоционалдық, санитарлық, реактивті диспозиция.

Телефон станцияларында қызмет жасайтын жұмысшылардың денсаулық жағдайларына әсер ететін негізгі зиянды факторлардың қатарына:

– ұзақ уақыт отыру жағдайында болуы;

– электромагниттік сәулелену;

– саусақ буындарының жүктемесі;

– көзге үлкен жүктеме түсу;

– ақпарат жоғалтқандағы стрессті жағдайлар және де басқа факторлар жиынтығы болып табылады.

Денсаулықтың негізгіті көрсеткіші аурулар екенін ескере отырып және технологиялық оқу құралдарының қолайсыз әсерін анықтау әдебиет көздерінің мағлұматтарына сүйене отырып біз АХЖ-10 бойынша осы мәселеге тән 2 класстағы ауруларды таңдап алдық:

- VII көз және көз айналасының аурулары,

- ХІІІ сүйек, бұлшық ет жүйесі, дәнекер тканьдер аурулары

Жалпы аурдың даму тарихы мен оның өріс алуындағы ер адамдар мен әйел адамдардың үлесі шамалас болатындықтан зерттеумен қамтылған, мәліметтерді іріктеу барысында жынысына қарай топтау әдісі қолданылған жоқ.

Денсаулық жағдайы туралы ақпарат көзі ретінде 112 есеп беру картасы (аурудың даму тарихы) алынды. Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментінің сатистикалық мәліметтері және осы мекеме жұмысшылары көптеп тіркелінген №10 емхана деректері алынды.

Жалпы аталмыш мекемелерден алынған мәліметтер соңғы 4 жылды қамтып, олар әр ауысымда жұмыс істейтін адамдардың тобына қарай жіктелінді. Алынған нәтижелер топтық ерекшеліктеріне қарай сараптауға алынып, олардың орташа шамалары есептелініп шығарылды (кесте 8).

Негізгі топты құрап отырған телефон операторлары арасындағы 2 класс аурулары орташа алғанда 39,7% құрады, ал салыстыру тобындағы көрсеткіштік шама 21,2% болып, негізгі топ көрсеткішінен сенімді түрде 18,8%-ға төмен болды, (Р< 0,05).

Ақпаратты информациялық жүйелер арасында тәулік бойында жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулық жағдайы мен олардың ағзаларындағы физиологиялық функциональдық қызметтеріндегі ауытқушылықтар ерекше назарға ие.

Статистикалық мекемелерде және түйіннен шығатын қосылыстарда 0,8-1,0 аралығында нормативті талаптардан төмен болады,олар негізінде бірден жоғары болу керек (1,5). КЮ ең төменгі көрсеткіштері санитарлық – тұрмыстық мекемелерде 0,4-0,5 санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Табиғи жарықтандырудың жалпы жүйесін сипаттағанда, күндізгі жарықтандыру ртутты шамдармен және тербелмелі шамдармен қамтамасыз етіледі. Кейбір мекемелерде, жалпы жарықтандыру жүйесімен қатар, және де жергілікті жарықтандыру, сонымен қатар қажет жағдайда жарықтандырудың қосарланған жүйесі қолданылады. Телефоншылардың бейне жұмысы санитарлық нормаға сәйкес орташа нақтылықта (СН және П. 11-4-79), бұл жерде ең кіші көру обьектісі 0,5-1,0 мм, 4-ші разрядқа, подразядқа «а», «б», «в» және «г». Телефоншылардың 3 мезгілдік жумысын ескеретін болсақ, бұл жерде жасанды жарықтандыруды рациональды ұйымдастыру өте маңызды. Біз мекеменің жарықтандырылуын арнайы люксметр Ю-16 мен тексеретінбіз.

Жүргізілген жарықтандыру зерттеулерінен соң, негізгі өндіріс мекемелерінде жарықтандыру талаптарға сай, ал кейбір жерлерде жарықтандырудың төмендеуі күйген ртутты шамдарды уақытында ауыстырылмауынан екендігі анықталды. Телефон желісі орындарында 152-158 лк аралығында болды, бұл санитарлық нормадан төмен (200лк). Жұмыс орындарында жарықтандыруды өлшеу нәтижесінде мекеменің басында, ортасында, соңында (біз мекемені шартты түрде 3 секторға бөлдік). Телефонистердің жұмыс орындарында залдың басында және ортасында жарықтандыру 158лк шамасында болды, мекеменің соңында жұмыс орындарын жарықтандыру қанағаттанарлықсыз болды, 30-40лк-дан төмен. Бұл компьютер жүйесіндегі осы сектордағы жоғарыдағы аталған себептерге байланысты қайта жабдықтаумен түсіндіріледі.

Жарықтандырудың бұдан да қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері мекемедегі түйіннен шығатын қосылыста -204 лк және статистикалық -270лк жасанды жарықтандырудың ең төменгі көрсеткішін көрсетті.

Бұл қызметкерлердің ерекше назарда болуының басты себебі олардың бір тәулік бойында қимыл қозғалыссыз бір позада отыра беру (гиподинамия) болып табылады және де осы қозғалыссыз бір қалыпты отыра беру ақырынды жұмыс барысындағы монотониялықты және гипокинезиялықты тудырады. Кейбір мекемелердегі телефонистар жоғарғы шу, әлсіз жарықтану, температуралық режимнің дұыс сақталмауы ақыр соңында осы мекемедегі қызметкерлердің ағзаларындағы теріс эмоциональдық факторлар нәтижесінде туындайтын ауытқушылықтар мен ауру белгілерінің пайда болуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Адамның белгілі іс әрекетке бейімделуі организмнің бейімделу механизмінің белсендірілуі арқылы жүреді. Бұл жағдай ақпараттандыру орындарындағы ақыл-ой, еркіндік, және интеллектуальдық жүйелерге жүктеме беретін компьютерлік техниканың кеңінен енгізілуіне байланысты ерекше орын алып отыр.

Мұнда, қызмеркерлердің өз жұмысын жақсы атқаруындағы басты жағдайлардың бірі орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы болып табылады. Сонымен қатар жұмысшылардың денсаулығына жұмыс орындарындағы қолайсыз фкторлар бірлесе әсер еткен жағдайда олар стресстік ықпалда болып, жұмысшы ағзасындағы ауытқушылықтардың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі зейін қою қарқыны (ЗҚ), яғни, танылған белгілердің (ҚӘ) жалпы көрсетілген белгілер санына (ЖӘС) пайыздық қатынасын анықтау арқылы бағаланды.

Төмендегі кестеде әртүрлі ауысымдағы жұмысшылардың функциональдық мүмкіншіліктері көрсетілген (кесте 1). Мысалы, барлық зерттеумен қамтылған жұмысшылардың түзету сынамаларын орындау жылдамдығы жұмыс күнінің соңына қарай айқын төмендейтіндігі байқалды.

Мұнда, әсіресе қызмет қабілетінің кешенді көрсеткішінің төмендеуі қажу үрдісінің ерекшелігімен сипатталады. Мысалы, барлық зерттелген жастардағы жұмысшылардың түзету сынамаларын орындау жылдамдығы жұмыс соңына қарай айқын төмендейтіндігі байқалды (кесте 1 ).


Кесте 1

Бірінші және екінші топтардағы жұмысшылардың жұмыстың алғашқы сағаттарындағы функциональдық мүмкіндіктерінің салыстырмалы көрсеткіштері




Көрсеткіштер



1 ауысым

2 ауысым

Жұмыс басталарда

Mm



Жұмыс

соңында


Mm

Р


Жұмыс басталарда

Mm



Жұмыс соңында М±m

Р


Бақылау саны

180

180




90

90




Тексерілген белгілер саны

3292,6

2963,1

< 0,001

3352,2

3313,3

< 0,05

200 санға белгіленген қателер

8,870,3

14,953,0

< 0,001

5,170,3

8,953,0

< 0,05

Қызмет қабілетінің кешенді көрсеткіші,ш.б.

1,25

0,73

-

2,15

0,84

-

Қабылдау қабілетінің төмендеуі, %

27,2

39,6

< 0,001

19,3

24,6

< 0,01

Жұмыс барысындағы ақпараттық жүктеменің қызметкерлер организміне әсер етуіндегі ең басты мәселе жұмыс кестелерінің тығыздығы – тәуліктік жүктеменің жоғарылығы, қабылданатын абоненттік тапсырыстарды ауыр немесе жеңіл тапсырыстар түрінде алдын ала жіктемеу, т.с.с. жағдайларға байланысты болды. Әсіресе еңбек ауырлығы түнгі ауысымдағы жұмысшыларда жоғары болды (рұқсат етілген мөлшерден 2-3 есеге дейін жоғарлаған). Жұмыс кестесінің ауырлығы екінші ауысымдағы, яғни күндізгі ауысымда қатты байқалды.

Алайда бұл ауысымдағы жұмыс ауыртпашылығы күндізгі уақытпен, адамның, барынша белсенділік уақытымен сәйкес болғандықтан, ағзаға айтарлықтай ауыртпашылық түсірмеген. Ал түнгі ауысымдағы жұмысшылардың ағзасына түскен ауыртпашылық деңгейі күндізгі мөлшерден аса артып тұрмаса да, адамдардың түнгі тыныстау уақытымен сәйкес келгендіктен олардың тезірек қажып, шаршап қалуына жол бергендігі дәлелденді.

Белгіленген уақыт аралығындағы сандарды тексеру жылдамдығы 1 сменада тобында жұмыс басындағы сағаттарда 3292,6 шамасында болса, ал жұмыс соңына қарай қажу құбылысының үдеуімен байланысты бұл көрсеткіштік шаманың 2963,1 дейін төмендегені жоғары статистикалық шынайлылылық деңгейімен дәлелденген болса (Р< 0,001), ал 2 смендағы белгілі болған жұмыс басталардағы (3352,2) және жұмыс аяғындағы (3313,3) сандық шамалардың статистикалық ауытқушылықтары соншалықты айқын болғанын байқаймыз (Р< 0,05).

Жұмысшылардың 200 санға белгіленген қателері де жұмыс соңында 2 топта (14,953,0), ал 1 топта (8,953,0) болып, бірінші топпен салыстырғанда жоғары болды. Зерттеумен қамтылған жұмысшылардың функциональдық мүмкіншіліктеріне арналған көрсеткіштерінің арасындағы ең ақпараттысы болып саналатын жұмысшылардың қабылдау қызметінің төмендеуі 1 топта жұмыс басындағы уақытпен салыстырғанда 27,2-ден 39,6 – ға дейін немесе 12,4-ке жоғарлаған болса, ал 2 тобы жұмысшыларында анықталған бұл көрсеткішке қатысты орта шаманың 19,3–тен 24,5-ке дейін немесе 5,2 шамасына дейін ғана жоғарлағанын, яғни бұл топтағы жұмысшылардың жұмыс соңындағы қабалдау қабілеттерінің екі есеге кем төмендегені тіркелінген.

Салыстыру топтарындағы екінші топтағы жұмысшылардың смена соңындағы функционалдық мүмкіндіктері кестеде көрсетілгендей айтарлықтай топаралық айырмашылықтарды беріп, екінші топтағы жұмыс уақыттындағы ақпараттық және абоненттік тапсырыстардың көбейіп кетуі олардың функциональдық мүмкіндіктеріне ауыртпашылық артатыны анықталды.

Телефон қызметкерлерінің денсаулық жағдайына қолайсыз әсерлерді анықтауға арналған, әсіресе еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы мәселені анықтауда үлкен маңыз атқаратын, индивидуумның психологиялық статусына баға беру тәсілдері болып табылады.

Ары қарайғы жүргізілген зерттеулер телефон жұмысшылары организмінің функционалдық жағдайына қосымша сипаттама беру үшін, өзекті болып табылатын психикалық жағдайға үш параметр бойынша - өзіндік сезім («С»), белсенділік («А») және көңіл күй («Н») – тест сұрақтарын жүргізуге негізделіп, өзіне өзі баға беруге арналған, кеңінен таралып, қолданылып жүрген жалпы функционалдық жағдайға дифференциялық өзіндік баға беру тәсілін «САН») пайдаландық.

Сұрақпен қамтылып отырған жұмысшыларға смена уақыттындағы өзінің жалпы жағдайына баға беруді сұрадық. Белгілерге баға беру стандарттық мәндерді С-5,4; А-5,5; Н-4,75 ескере отырып, белгілі динамикада жүргізілді.

Қорытындылай келгенде, осыған дейінгі жарық көрген халықаралық телефон станциясында қызмет атқаратын жұмысшылардың еңбек жағдайы мен олардың денсаулық жағдайын сараптауға арналған ғылыми әдебиеттер бұл еңбек түрін эмоциональдық жүйке жүйесіне ауыртпашылық түсіретін еңбек түріне жатқызған. Себебі олардың жұмысы келіп түсетін көп шамадағы ақпараттарды сұрыптау барысындағы көру және есту анализаторларының қажуымен және жүйке жүйелерінің тозуымен сипатталады. Сол себепті де бұл саладағы қызметкерлердің жұмыс жағдайы физиологиялық, гигиеналық және эргономикалық тұрғыдан жайлылауды қажет ететіндіктен ізденуші ғалымдар мен аталмыш мекеме басшылары үшін өзекті мәселеге айналып отыр.



1. Г.Г.Рудь и др. Особенности заболеваемости работников справочно-информационной службы, занятых на видеотерминалах. Гигиены труда и проф. заболевания. – 1991. - №11. – С.9-11.

2. Сраубаев Е.Н., Немтраненко В.Н., Косенко Г.Г., Жакенова С.Р. Современные подходы к классификации тяжести и напряженности труда. -423с. Материалы 4- съезда физиологов Казахстана. Физиологические основы здорового образа жизни. - г. Астана-Караганда.-1999г.

3. Кулкыбаев Г.А., Шандаулов А.Х., Пахомова Д.К., Дербуш С.Н., Курмангалиева Д.С., Джумабеков Т.С. Изучение влияние физической нагрузки и постоянных магнитных полей организм в эксперименте. Материалы 4- съезда физиологов Казахстана. Физиологические основы здорового образа жизни. - г. Астана-Караганда.-1999г



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет