Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)



жүктеу 26.49 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі26.49 Kb.
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Бүкіл әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммәдқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ергендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы

Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) былай деді: «Жаратылыстардан кімді болсын құрметтеудегі артық кетушілік (нысапсыздық) пұттар мен ізгі адамдарға табынуға алып баратын ең басты себеп болып табылады. Дәл сол ізгі-салиқалы адамдарды шектен тыс құрметтеу Нух қауымы адамдарының Насқа, Суағқа, Яғусқа және басқаларға табынуына алып келді. Сол сияқты христиандар да дәл осы себепті Исаға сыйына бастады». Қз.: «Масаиль джахилия» 71-72-беттер.

Осыдан шыға келе, адамның өз ата-бабаларына деген қатынасы үш түрлі болуы мүмкін:

1) әсерсіздік (қызықпаушылық), қатыссыздық және парықсыздық таныту;

2) оларды құрметтеуде шариғатта бекітілген заң-ережелерден артық кетушілік және шектен шығушылық таныту;

3) бұл мәселеде орташылдық таныту.

Әсерсіздік (қызықпаушылық), қатыссыздық және парықсыздық таныту дінімізде тыйым салынған. Егер адам ата-анасына және ата-бабасына қатысты міндеттерін орындамаса, ол сонысымен әділетсіздік (зұлымдық) танытқан болады.

Ал оларды құрметтеудегі артық кетушілікке келер болсақ, онда бұл едәуір қауіпті және тыйым салынған амал болып табылады, өйткені бұл өздігінен тыйым салынғанымен қоса, көпқұдайшылдыққа жетелейді. Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаһқа байланысты шындықты ғана айтыңдар» (ән-Ниса, 171).

Имам ‘Абдуррахман ибн әл-Хасан былай деген: «Шектен шығушылық (нысапсыздық) – бұл сөздерде немесе сенімдерде көрініс табуы мүмкін құрметтеудегі артық кетушілік. Бұл аят «Жаратылғанды (махлуқты) Аллаһ оны қойған орнынан жоғарылатпаңдар» дегенді білдіреді. Бұл - кітап иелеріне айтылған сөз болса да, алайда оның мәні мен мазмұны жалпылама болып табылады, әрі (ондағы) тыйым бүкіл үмметке қатысты күшке ие». Қз.: «Фатх уль-Мажид» 341-бет.

Ибн ‘Аббас Аллаһтың Елшісінің былай деп айтқанын баяндаған: «Ешбір жағдайда дінде артық кетпеңдер. Сендерден бұрыңғыларды дәл сол артық кетушілік опат етті». Ахмад 1851; Ибн Мажаһ 3029; Насаи 5/268 т.б.

Ханафи имамы әл-Хужанди (1379 х/ж) былай деді: «Шайтанның Адам ұрпақтарын ежелден алдап келе жатқан, қазіргі заманда да жалғасын тауып жатқан айлаларының бірі – ізгі адамдарды ұлықтау мен құрметтеудің жамылғысының астарында көпқұдайшылықты тарату. Ол «көпқұдайшылық» ұғымын «дәнекерлік», «шапағат» деген т.с.с. ұғымдармен ауыстырды. Алайда зина, оны қалай деп атаса да, зина болатыныны секілді, және алкоголь ішімдігі, оны су деп атаса да, алкоголь болып қалатыны сияқты, көпқұдайшыл да, ол осыны мойындаса да, мойындамаса да, көпқұдайшыл болып қала береді... Сонымен адамдардың көпшілігі дәл сол ізгілерді шектен тыс құрметтеудің себебінен кәпір болғандары және дінін тастағандары түсінікті болды». Қз.: «Хукму-Лляһи әл-Ахад әс-Самад» 26, 33-беттер.

Сондықтан да мына екі ұғымды ажырата білу қажет:

1) Ата-бабаларды шариғат шеңберінен шықпай құрметтеу және қадірлеу.

2) Оларды құрметтеуде шектен шығу.

Сондай ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:



  1. Ханафи ғалымдары «табарак» заттар туралы

  2. Ханафи ғалымдары әт-Таухид (Бірқұдайшылық) туралы

  3. Ханафи ғалымдары «Лә иләһа иллә-Ллаһ» куәлігінің мәні туралы

  4. Ханафи ғалымдары ташахудта саусақ көтеру туралы

  5. Төрт имамның ақидасы негізінде бір болғаны туралы

: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> 1. Сүннетті тастау




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет