Ханафи мәЗҺабы имамдарының аллаһҚа дәнекер арқылы жалбарыну діндегі жаңалық (бидғАТ) ЖӘне көПҚҰдайшылық (ширк) болып табылатындығы туралы айтқан сөздері



Дата03.05.2016
өлшемі59.65 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ ИМАМДАРЫНЫҢ АЛЛАҺҚА ДӘНЕКЕР АРҚЫЛЫ ЖАЛБАРЫНУ ДІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚ (БИДҒАТ) ЖӘНЕ КӨПҚҰДАЙШЫЛЫҚ (ШИРК) БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТҚАН СӨЗДЕРІ

Ханафи мәзһабы имамдарының Аллаһқа дәнекер арқылы жалбарыну діндегі жаңалық (бидғат) және көпқұдайшылық (ширк) болып табылатындығы туралы айтқан сөздерін келтірудегі мақсат - бұл өздерін өтіріктен ханафи мәзһабына телитін Түркістанда, Бекет Атада, т.с.с. қабір-кесене-мазарларда жиындар ұйымдастырушыларға қарсы дәлел болады.

1. Имам Абу Ханифаның (150 һ/ж) ақидасына түсіндірме жасап, имам ән-Нәйләуи былай деген: “Бірде имам Абу Ханифа қабірлерге жақындап келіп, оларға сәлем берген, ал содан кейін олармен әңгімелесіп оларға қарай сөйлей бастаған бір адамды көрді. Сонда имам Абу Ханифа оған: «Олар саған жауап берді ме?», - деді. Әлгі адам: «Жоқ», - деп жауап берді. Сонда имам оған: «Қасірет болсын саған! Қалайша сен саған жауап қайтара алмайтын, еш нәрсеге ие болмаған және дауыстарды естімейтін денелермен сөлесе аласың?!», - деді. Содан соң ол оған «Әрі сен қабірдегілерді естірте алмайсың» («Фатыр» сүресі, 35: 22) деген аятты оқып берді”. Қз.: «Шифа ус-Судур» 44-бет, сондай-ақ «әр-Раққ әл-Мәншур» 92-бет.

2. Ханафи мәзһабы имамдарының бірі – Ахмад әр-Руми (1043) көпқұдайшылықтың түрлеріне түсіндірме жасап, былай дейді: ”Көпқұдайшылықтың үшінші түрі – бұл «жақындау» (тәуассул) көпқұдайшылығы. Оның мәні адамның Аллаһтан басқа біреулерге ол оны Аллаһқа жақындатуы үшін құлшылық етуінде. Бұл көпқұдайшылық – алғашқы пұтқа табынушылардың көпқұдайшылығы. Олардың сенімі бойынша олар Жаратушы Аллаһ Тағалаға тікелей құлшылық ету үшін өте төмен және елеусіз, әрі бұл Жаратушыға қатысты ұлы тіл тигізу болып табылады. Осыдан шыға келе, олар Аллаһтың алдында өздеріне қарағанда биіктеу дәрежеге ие болғандарға құлшылық ете бастады”. Қз.: «Мәжалис ул-Әбрар» 118-120 беттер.

3. Өз кезінде ханафилердің имамы болған имам УалиуЛлаһ әд-Дәхләуи (1176 һ/ж), қабірге табынушы сопылардың өздері мен әлемдердің Раббысы арасында дәнекер таңдап алатындарында пұтқа табынушылардың жолымен жүретіндерін түсіндіріп, былай деген: «Олардың кейбіреулерінің сенімдері бойынша Аллаһ әлемдерді басқаратын Раббы болып табылады, бірақ сонымен бірге Ол кейбір салиқалы адамдарға (әулиелерге) сый мен құдайы (сипат) беріп және олардың қолдарына болмыстың кейбір құбылыстарын басқару құқығын тапсырып, оларға сый-құрмет көрсетті. Осы орайда олар Аллаһ Тағала олардың кейбір адамдарға жасайтын шапағатын қабыл етеді деп санайды. Осынысымен олар Аллаһқа патшалардың патшасы деген рөлді, ал әулиелерге жергілікті жерлердегі болмысты басқаратын әлдебір әкімдердің рөлін беріп қойды. Мұндай сенімдер яһудилердің, христиандар мен көпқұдайшылдардың, сондай-ақ Мухаммадтың осы күнгі үмметіндегі кейбір екіжүзділердің сенімдерінен өзге еш нәрсе емес». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-бәлиға» 1/61.

4. Өзінің «Шарх ‘Ақида әт-Тахауия» кітабында имам Ибн Абил-‘Изз дәнекерлік пен шапағат етудің мұндай түрлері де жәһилиет кезіндегі арабтардың көпқұдайшылығының, сондай-ақ үнділердің, түркілердің және берберлердің көпқұдайшылығының негізі болғанын растады. Қз.: «Шарх ‘Ақида әт-Тахауия» 21-бет.

5. Өз кезінде Бағдадтың ханафилерінің муфтиі болған имам Махмуд әл-Әлюси (1270 һ/ж) былай деген екен: «Жаратылғандарға өтініш айтып жүгіну және олардан Аллаһқа дұға етуін сұрап, оларды дәнекер ету, күмәнсіз, рұқсат етілген, егер жүгінілетін кісі тірі болса. Ал егер ол қайтыс болған болса, немесе өзі жоқ болса, онда бірде-бір ғалым мұның рұқсат етілмейтініне және бидғаттардың бірі екеніне күмәнданбайды. Мұндайды мұсылмандардың алғашқы буындарынан ешкім істемеген. Сахабалар өлген кісілерден бір нәрсе сұрағандығы туралы бірде-бір хабар келмеген, ал сахабалар басқалардан көбірек игілікке ұмтылатын еді ғой». Қз.: «Рух ул-Мә’ани» 6/125.

6. Абу Жә’фар әт-Тахауи (321 һ/ж) авторы болып табылатын «’Ақида әт-Тахауия» кітабының басында былай деп айтылады: «Бұл - имам Абу Жәфар әт-Тахауидің үмметіміздің имамдары: Абу Ханифа ән-Ну’ман ибн Сабит әл-Куфидің, Абу Йусуф Я’куб ибн Ибраһим әл-Ансаридің, сондай-ақ Абу ‘Абдилләһ Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шәйбанидің, Аллаһ оларға разы болсын, мәзһабына сүйенген түрде, әһлю Сунна уәл-жәма’аның сенімдеріне түсіндірме жасап жеткізгендері. Бұл (жоғарыда аталған имамдар) дін негіздерінде қандай ақидаға ие болғандығының және осы сенімдерді әлемдердің Раббысының алдында ұстанатындығының түсіндірмесі». Содан соң жалғыз Аллаһқа серік қоспаған күйде Оған ғана жалбарынудың маңыздылығын түсіндіре келе Абу Жә’фар әт-Тахауи былай деген: «Аллаһ Тағала дұғаларға жауап береді және қиыншылықтарды жеңілдетеді. Ол барлық нәрсеге иелік етеді, ал Оған ешкім иелік ете алмайды. Әрі біз қас қағым сәт те Аллаһсыз өмір сүре алмаймыз. Ал кім қас қағым сәт болса да Аллаһсыз өмір сүре аламын деп санаса, сол кәпір болды». Қз.: «’Ақида әт-Тахауия» 56-бет.

7. «’Ақида әт-Тахауиядан» алынған осы үзіндіге түсіндірме жасап, ханафи ғалымдары былай деген: «Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына Өзіне дұға етіп жалбарынуды бұйырды, әрі оларға жауап беретінін уәде етті. Ол Өзінің құлдарын Оған серік қоспай, жалғыз Өзіне ғана жалбарынуға ынталандырады. Өйткені Аллаһ – Сыпайы, Жомарт, құлы Оған қолын жайып дұға еткенде оның дұғасын жауапсыз қалдыруға ұялады. Сондықтан да Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына қиын-қыстау сәттерде жалғыз Оған ғана жалбарынуды көп рет бұйырды. Құран мен Сүннетте мұны дәлелдейтін көптеген мәтіндер келген. Олар адамдарды әлемдердің Раббысы Аллаһқа ауыр жағдайларда жалбарынуға үндейді әрі жаратылыстардан кімге болсын жалбарынуға тыйым салады. Өйткені Аллаһ жалғыз Өзі барлық нәрсеге иелік етеді, әрі Оған мүмкін болмаған еш нәрсе жоқ, және Ол үшін құлы Одан сұрап жатқан нәрсесін беру қиындық туғызбайды. Сондай-ақ мұның себебі - Аллаһтың Сыпайы, Жомарт, Мейірімді, Ізгі, Сый Беруші екенінде, (Ол) береді және жауап қайырады және адамдардың қиыншылықтарын жеңілдете алады. Ол мейірімділік сипаттарымен сипатталған. Сондықтан да ешкім – мұсылман да, кәпір де - Аллаһсыз қас қағым сәт те тіршілік ете алмайды. Өйткені тіпті көпқұдайшылдар да Оған мұқтаж ғой. Құл жалғыз Аллаһқа ғана дұға еткен кезінде, сонысымен Аллаһтың Бар (әл-Қайюм), Бай (әл-Ғаний), Естуші (әс-Сәмиғ), Білуші (әл-Алим), Жомарт (әл-Жәуадуль-Карим), Мейірімді (әр-Рахман), барлық нәрсеге қабілетті болып табылатынын растайды, өйткені ешкім жоқ, кедей, саңырау, сараң, қатал және қабілетсіз болған біреуге дұға етпейді.

Аллаһ Тағала құлдары Оған дұға еткенде, Одан сұрап-тілегенде және Оған деген мұқтаждығын көрсеткенде қуанады. Ал қиын-қыстау сәттерде Одан сұрамайтындарға және Оған дұға етпейтіндерге келер болсақ, Ол мұндайларды жақсы көрмейді әрі оларға ашуланады. Сондықтан да кім өзін Аллаһқа мұқтаж емеспін деп санаса, Одан бет бұрса және жалғыз Одан басқа біреуге жалбарынса, сол кәпірге айналады әрі оның барар орны – мәңгі От. Ал бұдан не жаманырақ болуы мүмкін?! Өйткені Аллаһқа дұға етпейтін (адам) – Аллаһты танымаған болады, тіпті ол Оны таныдым деп айтса да». Қз.: «Шарх ‘Ақида әт-Тахауия» Ибн Абил-‘Изз 519-524 беттер; «ән-Нур әл-Ләми’» 115-бет; «Шарх Тахауия» Ғунейми әл-Майдани 131-132 беттер.

8. Имам УалиуЛлаһ әд-Дәхләуи (1176) былай деген: «Жәһилиет кезінің көпқұдайшылдары өз мәселелерін шешу, аурулардан емделу, кедейді байыту т.с.с. нәрселер үшін жаратылыстарға жалбарынатын. Әрі Аллаһ мұсылмандарға олар өздерінің намаздарында: «Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана көмек тілейміз» («әл-Фатиха» сүресі, 1:5), - деп айтсын деп, сондай-ақ: «Аллаһпен бірге ешкімге дұға етпеңдер» («әл-Жинн» сүресі, 72:18), - деп түсірді». Қз.: «Хужату Ллаһи әл-балиға» 1/62.

9. Имам Шукри әл-Әлюси былай деген: “Біздің дініміз, сондай-ақ ақыл-сана мен тума сипат (фитра) бізге Аллаһ Тағала Өзінің кіршіксіз және кемел Шариғатында өлген және жоқ біреулерге дұға етіп жалбарынуды рұқсат етілген деп түсіруі мүмкін емес деп айтады. Бұл - христиандардың: «Уа, Исаның Анасы! Бізге Құдайдың алдында шапағат ет!», - немесе: «Уа, Иса! Маған пәлен нәрселерді бер», - деп айтатындарындай. Тура сол сияқты қабірге табынушылар да: «Уа, ‘Али! Уа, Хусайн! Уа, ‘Аббас! Уа, ‘Абдулқадир! Уа, ’Айдарус! Уа, Бәдауи! Уа, пәлен!», - деген әрі осылар сияқты өздеріне Аллаһқа серік қосуды және жаратылыстарды Оған теңеуді қамтитын көпқұдайшылық сөздерін айтады, Аллаһ Оған телитін нәрселерден Жоғары. Мұндай нәрсені дін ешқашан алып келмеген. Керісінше, бұл – мәңгі Тозаққа және Аса Құдіретті, Кешірімді (Аллаһтың) ашу-ызасына жетелейтін айқын пұтқа табынушылықтың бір тармағы. Бұл туралы Ислам ғалымдары айтқан”. Қз.: «Фатх ул-Мәннан» 445, 449 беттер.

Бұл имам Абу Ханифаның, оның шәкірттерінің, сондай-ақ ханафи мәзһабының ең ұлы имамдарының сөздері болатын. Ендеше, осыдан кейін де Түркістанда, Бекет Атада, т.с.с. өтірік қасиеттілік телінетін жерлерде, қабір-кесенелер мен мазарларда жиындар ұйымдастыратын жалған ханафилер олардың істеп жүрген істерін «уаһабилерден» және «фундаменталисттерден» өзге ешкім сөкпейді деп айталады ма екен?! Олар өздерінің осы масқаралаушы, лас затбелгілерін осы ұлы имамдарға тағып қоюға батылы жетер ме екен?!



«Ал мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер мойындарына жаланың және айқын күнәнің ауыр жүгін жүктеп алды» («әл-Әхзаб» сүресі, 33:58).

Сондай-ақ: «Сендер өз тілдеріңмен өтірік сөздерді таратасыңдар және ауыздарыңмен өздерің білмеген нәрсені айтасыңдар, әрі осы істегендеріңді болмашы нәрсе ғана деп болжайсыңдар. Алайда Аллаһтың қасында бұл – ұлы күнә» («ән-Нур» сүресі, 24:15).


Дерек көз: «Абу Ханифа мирасы» сайты
Каталог: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет