Ххі ғасырдағы қақтығыстарды реттеу ерекшеліктері



жүктеу 60.61 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі60.61 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Бюжеева Б.З., Алипбаев А.Р.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан Республикасы
ХХІ ғасырдағы қақтығыстарды реттеу ерекшеліктері

Адамзаттың даму барысында мемлекет пен қоғамның әртүрлі топтарының арасындағы өзара әрекеттестік саяси өмірде өте маңызды орынға ие. Азаматтық қоғам құрылымының күрделене түсуі және оның билікпен арақатынасы саяси өмірдің шиеленістілігін күшейте түсті. Соның нәтижесінде адамзат баласы өзінің пайда болуынан бастап қақтығыстармен таныс. Қақтығыс – қоғамдық қатынастарға тән объективті-субъективті құбылыс, күйі, шынайылығы. Қоғамдағы қақтығыстардың түпкі себептері – әлеуметтік құрылымның құрамдас бөлігі болып табылатын нақтылы саяси субъектілердің әртүрлі қажеттіліктерінің, мүдделерінің, құндылықтарының қарама-қайшылығы. Қақтығысушы тараптардың қарсыласуының негізінде объективті қарама-қайшылықтар (экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, мәдени, наным-сенім және т.б.) жатыр. Аса қайшылықты қақтығыстар саясат саласындағы топтар арасында жиі кездеседі.

Саясат, бір жағынан алғанда, «бірге өмір сүру өнері» қағидасын алға ұстап, қақтығыстардың алдын алу және шешу қызметімен айналысады. Екінші жағынан алғанда, саясат – билікке ие болу күресімен тығыз байланысты болғандықтан қақтығыстардың шығуының қозғаушы күші. Сол себепті де қоғамның даму тарихының өн бойында тайпалар, қалалар, елдер, мемлекеттік топтар арасында дау-дамайлар мен қақтығыстар жиі кездесуде.

Бүгінгі күні билік үшін күрестен басталған Украинадағы қақтығысты жағдай осыған нақтылы дәлел бола алады. Украина аумағында етек алған саяси топтар арасындағы жанжал соңғы кездердегі мемлекеттік билік төңкерісінен кейін қақтығысқа қатысушы мемлекеттердің көлемін кеңейте түсті. Мемлекет ішілік қақтығыстардың өз аумағынан тыс саяси кеңістікке ықпалы ақыр соңында соғыс ошақтарының кең етек алуына дейін әкелген сәттері белгілі. Солардың ішінде саяси кеңістіктер мен табиғи байлықтарды иелену мақсатында өршіген соғыстар ауқымды аумақтарды қамтығаны айқын. Қақтығысты жағдайлардың өткен тәжірибесін еске ала отырып бүгінгі украиналық дау-дамайдың бейбіт, дипломатиялық жолмен шешілуіне ұмтылу қажеттілігін барлық қатысушы тараптартүсінгенімен, әрқайсысы осы қақтығыстың нәтижесінен күткен мақсаттарына жетуге ұмтылуда. Украина мәселесінде жетекші елдер өз мүдделерінің аясында негізгі украиналықтардың тағдырына көп алаңдап жатпаған сияқты. Әр қайсысы іргесі шайқалған елді өзінің саяси, экономикалық, идеологиялық ықпалында ұстауға жанталасуда.

Жалпы діни, мәдени, идеологиялық, этникалық және т.б. қарама-қайшылықтар елдер арасындағы қақтығыстардың себепкері болуы ықтимал. Тек қандай қақтығыстар болмасын, барлығының ауыртпалығы ең соңында қарапайым халыққа түсетіні тағы да айқын. Қарулы қақтығыстардың салдарынан қаншама адамдардың өмірі құрбан болып, елді әлеуметтік-экономикалық күйзеліске душар етеді.

Өткен ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыстың салдары енді әлемдегі қарулы қақтығыстарды болдырмау мәселесін көтерген болатын. Ал ядролық қарудың пайда болуынан бастап қарулы қақтығыс адамзат үшін тіпті қатерлі, қауіпті сипатқа ие бола бастады. Осының барлығы әлем қауымдастығы мүшелеріне әлемде бейбітшілікті сақтау үшін қосымша шаралар қабылдауға итермелетуде. Осыған орай БҰҰ-ның Жарғысының ІҮ тармағындағы 33-бабы «Дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу» деп аталады. Бұл бапта «егер кез келген таласқа, дауға қатысушы тараптар, бұл дау халықаралық бейбітшілікті қолдауға және халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін болса, онда олар ең алдымен бұл дау-дамайды келіссөздер жолымен, бітістірушілер арқылы, бітімге келу арқылы, төрелік сот арқылы, соттың істі қарауы арқылы, аймақтық органдарға үндеумен шығу арқылы немесе өз еркімен бейбіт жолмен шешу амалдарын қарастыруы тиіс», - делінген [1].

Қақтығыстар мен қарулы қақтығыстың қаншалықты қауіпті екенін және оларды тоқтату үшін қаншама шаралар істелінсе де, ХХ ғасырдың екінші жартысында қақтығыстар мен соғыстар толастамады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олар Кореяда, Таяу Шығыста және әлемнің көптеген жерлерінде орын алды. Тіпті жарты ғасыр уақытқа созылған екі жүйенің «қырғи-қабақ» соғысының өзі адамзат баласын шиеленісті жағдайда ұстады десе болады. Тіпті кеңестіктер мен америкалықтардың өзара саяси озбырлығының нәтижесінде әлемнің күйреуіне әкеле жаздаған жағдайлар да орын алғаны белгілі. Бұл ретте айтайық дегеніміз 1962 жылғы КСРО мен АҚШ арасындағы ядролық бақталастықтан туындаған Кариб (Куба) дағдарысы. Ал «қырғи-қабақ соғысының» аяқталуы, яғни бір-біріне қарсы тұрған екі қуатты держава – КСРО мен АҚШ-тың қарсы тұруының жойылуына байланысты бастапқыда әлемнің қақтығыссыз өмір сүруінің кезеңі басталады деген болжамдар жасалынды. Бірақ та мұндай үміттер жүзеге асқан жоқ, керісінше «қырғи-қабақ соғысы» аяқталғаннан кейін кейбір қарулы қақтығыстар керісінше өз жалғасын тапты. Солардың бірқатары - Үндістан, Эфиопия, Шри-Ланка, Судан, Таяу Шығыста орын алды.

Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар жүйесінде болып жатқан әртүрлі үдерістерге куә бола отырып, олардың әрқайсысының қазіргі таңдағы қақтығыстарға әсер етуін бақылай аламыз.

Қазіргі халықаралық қақтығыстар ерекшеліктеріне сөзсіз әсер ететін бірқатар ғаламдық үрдістерді атап көрсетуге болады. Олардың ішінде ішкі және сыртқы саясат арасындағы шептің жойылуы өте маңызды. Бүгінгі жаһандану жағдайында мемлекеттер арасындағы өзаратәуелділік күйі арта түсіп, жаңа өзекті мәселелер шыға бастады. Қазіргі әлемдегі қақтығыс бастапқыда мемлекеттің өз ішінде пайда болып, шешімін таба алмағандықтан жаңа қатысушыларды тартады. Бұған мысал ретінде бүгінгі Украинаны тағы да еске алуға болады. Бұл дегеніміз қақтығысқа жаңадан басқа мүшелер қатыса бастайды. Яғни, Украина қақтығысына енді Ресеймен қоса, АҚШ және Еуропалық Одақ елдері килікті. Сөйтіп, қақтығыс ұлттық шекара шеңберінен шықты. Украина қақтығысы әлі Қырым мәселесінің қалай шешілуіне қарай қандай бағыт алары әзірше белгісіз.

Өйткені ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Вьетнам, Ауғаныстандағы саяси жағдайлар жаңа қатысушылар есебінен қақтығыстың кеңеюіне, аймақтық және жергілікті қақтығыстардың үдей түсуіне әкелген болатын. Оның да негізгі кең етек алуының қозғаушы күші АҚШ пен КСРО еді. Олардың осы қақтығысқа өз саяси мүдделерінің негізінде араласуы, оны әлемнің басты халықаралық мәселелеріне айналдырған еді.

Бірақ та кей кездері қақтығысқа жаңа қатысушылар өз еркімен тартылмайды, көп жағдайда ол елдерге босқындардың көптеп келуінен болады. Югославия дағдарысы кезінде мұндай жағдайға көбінесе еуропалық елдер тап болды. Қақтығысқа басқа елдерді тартудың тағы бір нұсқасы егер қақтығыс ішкі қақтығыс бола тұрса да, бірақ онда басқа елдердің азаматтары құрбан болса, кепілге алынған адам болса, онда қақтығысқа тартылады. Онда қақтығыс халықаралық сипатқа ие болады. Қақтығыстың ұлғаю қаупі тууындаған жағдайда мемлекеттер жүзеге асыратын бітістірушілік рөліне әлемнің жетекші елдері, бейтарап елдер мен кішігірім мемлекеттер тартылуы әбден мүмкін.

Қуатты мемлекеттер қақтығысушы жақтарға экономикалық және саяси жағынан да әсер ете алады. Сондықтан көп жағдайда басқа бітістірушілердің қолынан келмейтін жетістіктерге жете алады. Мысалы, экономикалық, қаржылай көмек алу қақтығысушы жақтар үшін күресуден гөрі әлдеқайда тиімді болып табылады. “Күш қолдану” қаупі де оларды бейбіт келісімге келуге итермелеуі мүмкін [2].

Бейтарап мемлекеттер де қақтығыстарды реттеуде бітістіруші қызметін атқарады. Олар қуатты мемлекеттер сияқты қақтығысушы тараптарға әсер ете алмайды. Бейтарап мемлекеттердің қақтығыстағы рөлі негізінен ізгі көмек берумен шектеледі. Олар сонымен қатар қақтығысушы мемлекеттер арасындағы қатынасты жақсартып, өз елінің аумағын келіссөз жүргізу мақсатында береді. Өз аумағында келіссөздер жүргізу - бұл бейтарап бітістірушілердің ең кең таралған көмегі болып табылады.

Қазіргі кездегі қақтығыстар ғаламшардың тұрақсыздық факторына айналып отыр.

ХХ-ХХІ ғасырлардағы қақтығыстардың қаупі зерттеушілерді, саясаткерлерді, ғалымдарды оларды реттеу үшін бейбіт құрал жолдарын іздеуге мәжбүрлеуде. Қақтығыстарды бейбіт негізде реттеу тетіктері қазіргі жағдайларда ерекше маңызға ие және адамзаттық өркениеттің сақталуына және одан әрі дамуында маңызды фактор болып қалмақ.

Қақтығысты қарулы күш пайдаланбай бейбіт түрде шешудің екі негізгі бағыты бар. Біріншісі құқықтық қағидалар шеңберінде және қақтығысты реттеудің заңдық өлшемдерін талдауға бағытталған. Мұнда қарастырылатын мәселелер, қарулы қақтығыстың құқықтық салдарлары, тұрғындардың азаматтық құқын қорғау, қарулы қақтығыстың қатысушыларының құқықтық жағдайы, қарулы қақтығыстың аяқталуына нұсқау беру, реттеу және т.б.

Екіншісі бағыты тараптар арасындағы қақтығысты саяси жолмен реттеуді көздейді. Қақтығысты реттеудің құқықтық және саяси жолы, бағыты бір-бірін толықтырып отырады. Қақтығысты саяси реттеу құқықтық күші бар жаңа құжаттың дайындалуымен, бекітілуімен аяқталады.

Бүгінгі таңдағы өзгермелі әлемдегі қақтығыстарды реттеу мен басқару бүгінгі күннің өте өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Тек қандай сипаттағы қақтығыс болса да, оны бейбіт жолмен шешіп, тараптардың өзара тиімді ымыраға келуіне талпыну қажет. Бұл заман талабы.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­__________________

1.Батырша-ұлы С. Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар.-Астана: «Фолиант», 2011, -512 б.



2. Лебедева М.М.Политическое урегулирование конфликтов: Подходы, решения, технологии. - М.: «Аспект Преcс», 1997.-272 с.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет