“Химия және Биология ” факультеті



жүктеу 1.24 Mb.
бет2/12
Дата25.04.2016
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен

«Химия және биология» факультеті

«Биология» кафедрасы.

“Биогеография және экология негіздері” пәні бойынша

«Педагогика және тарих » мамандықтарының студенттері үшін.
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.

Жетісай -2006 ж



Лекция № 1



Тақырыбы: Кіріспе. Биогеография пәнінің мақсаты, міндеті және оның басқа салалармен байланысы.
Лекцияның жоспары:


  1. Биогеография пәнінің мақсаты, міндеті.

  2. Биогеография негізгі түсініктері.

  3. Биогеографияның басқа салалармен байланысы.

  4. Ағзалардың таралуына әсер ететін факторлар.

Аудандастыру принціптері.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге биогеография пәнінің мақсаты мен міндеттерімен танысу.

Лекцияның мазмұны: Биогеография дегеніміз – ағзалармен оның бірлестіктерінің жер бнтінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Жер бетіндегі тірі ағзалармен өсімдіктерді тіршілігі заңдылықтарын оқып үйрену, бірлестік компонентерінің өзара байланыстылығы мен біртұтастық көзқарасты қалыптастыру.

Міндеттері : 1) қазіргі заманғы биомбардың класификациясы. 2) Әр зонаның климаттық өсімдіктер дүниесінің, жануарлар дүниесінің ерекшеліктері. 3) Биомдардың алуан түрлілігін сақтау табиғи биомдардың антропогенді қысымының әсерінен сақтау және қорғау шаралары туралы білімдерді қалыптастру. Биогеография салыстырмалы географиялық әдістермен зерттеу арқылы әртүрлі географиялық іс-әрекеттерді биосфераға болжай алады. Әртүрлі ағзалармен оның бірлестіктерінің жер бетінде таралуы табиғат тәжірибесі болып табылады. Мұдай географиялық таралу ерекшеліктерді қолдан жасау немесе антропогенді жасау мүмкін емес, Өйткені бұл биосфераға қауіпті. Адамның жанды табиғатқа әсері биогеографияның тұрғыдан талдау келешекте үлкен маңызы ар.

Биогеографияға басқа ғылымдар тәрізді түсініктер мен терминдер тән. Биогеографияда биологиялық және географиялық жалпы түсініктер бар және спецификалық өзіне тән терминдер бар. Бірлестік бұл - белгі бір өлшемді ағзалар топтасуын білдірді. Бірлестік бұл - өсімдіктер бірлестігі, жануарлар бірлестігі, саңырауқұлақтар бірлестігі болып келеді. Бұл терминдер белгілі уақыт өлшемінде бірлесе тіршілік ету мағынасын білдіреді. Сулы алқаптардың түбінде, тереңінде тіршілік ететін ағзалар “бентос” деп аталады. Суда белсенді қозғалатындарды “нектон” д.а. Судың ең үстінгі бетікі қабатындағысын “нейстон” д.а. Планктон, нектон, және нейстон бірлесе пелогиялық бірлестікті құрайды. Зооценоз ұғымына синоним ретінде жануарлар қоғамы немесе жануарлар қауымдастығы жатады.

Популяция - бұл термин бір түрге жататын осаптар бірлестігін білдіреді. Зооценоз немесе жануарлар қауымдастығы жануарлар бірлестігі д.а. Зооценоз және фитоценоз бірлестігі биоценозді д.а. Сонымен биогеографияда “ареал” деген сөз қарастырамыз.

“Ареал” – бір түрдің немесе екінші түрге таралу аймағын айтамыз. Биогеография саласы зоология, билогия, ботаника, география, экология, пәндерімен байланысты. Зоогеография және фитогеографияны биогеографияны бір бөлігі ретінде қарауға болады. Зоогеография және фитогеография оқып үйрену объектілері бойынша айырмашылықтары бар. Айтарлықтай жер бетінде ағзалардың таралуына әкелетін процестер немесе таралу заңдылықтары

көбінесе жалпы болып келеді.

Ағзаның таралуына әсер ететін факторлар.


  1. жылу және ылғал – бұл әсіресе құрғақ жердегі бірлестіктерге қажет.

  2. тұздылық құрамымен оттегімен қамтамасыз етілуі – судағы бірлестіктер үшін қажет. Пегротериялық, геохимиялық режим қажет.

  3. биотикалық фактор - сыбайластық сембиоз, антибиоз тәрізді процестер нәтижесі.

  4. соңғы мың жылдықта - жаңа өте мықты фактор адамның іс-әрекеті процесі болған. Антропогенді.

  5. тарихи фактор - оның түп тамыры мыңдаған жылдар дамуында жатыр. “Эдификатор” - өзінің тіршілік ететін ортасын өзгертіп, басқа мүшелерге әсер ететінін айтамыз. Айтылған факторлар әсерін кейбір ағзалар кедергіге кездесіп отыр.Бұл жағдайларда биогеографиялық аудандастыру қалыптасады. Яғни әр түрлі континенттерді салыстырғанда байқалады. Биом деген – аймақтық топ немесе белгілі бір климаттың ерекшелігі бар аудандық топ.

Аудандастыру принціпі әр зонаның климаттық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтары бар:

  1. Артикалық белдеудің биодары.

  2. Антрактида және арктикалық.

  3. Европа тундралары.

  4. Қоңыржай белдеулердің биомдары.

  5. Шығыс Азиямен Қиыр шығыс ормандары, өсімдіктері жабыны және жанурлары.

  6. Дала формайиялары.

  7. Оңтүстік Америка, Австралия өсімдіктері және жануарлары.

  8. Шөл. Өсімдіктермен жануарлар судың жетіспеуіне бейімделуі.

  9. Саванналар. Америка, Оңтүстік Америка, Австралия саванналары.

10.Тропиктік ормандар.

Лекция № 2

Тақырыбы : Саванналар.
Лекцияның жоспары:

1.Африка саваннасы.

2.Шығыс Азия саваннасы.

3.Австралия саваннасы.

4.Оңтүстік Америка саваннасы.
Лекцияның масаты: Африка,Оңтүстік Америка, Австралия саванналары

мен таныстыру.



Лекцияның мазмұны: Африка саваннасы - басқа материк саваннасы мен салыстырғанда Шығыс Африкада , Оңтүстік Сахараға дейін үлкен аймақты алып жатыр. Африка саваннасы – ылғалды және жаңбыр ретімен жауады.Жауын шашын мөлшері 1500 мм дейін азайып кей жерлерде 9 – 10 ай құрғақшылық температура болып тұрады. Өсімдіктері Боабоб – бомбакс тұқамдастардың өкілі , биіктігі 10 – 25 м жуандығы 10 м . Саванның 4000 – 5000 мың жыл өмір сүретін гигант эндемді өсімдігі кездеседі. Жемістерден қияр тәріздес ұзындығы 30 – 35 см ыстық , құғақшылық кезде өсе береді. Боабоб ағашын шаруашылықтарда пайдаланады . Онымен мата , арқан, жіп сыртқы қабығымен жасалады. Ал жемісін маймылдар жақсы көреді. Сол үшін оны маймылдардың нан ағашы деп атаған.

Ең көп кездесетін бородач – жергілікті халықтар оны піл шөбі деп атаған. (Сыртқы қабығынан мебель жасауға болады гүлінен дәрі – дәрмек алынады). Бұлар Африка мен Индияда көп кездеседі. Бородачтан басқа – лалагүлдер, пиязшықты бар.

Шығыс Азия саваннасы – Үндістан, Үндіқытай муссонды тропикалық орман жерлерін Шығыс Азия саваннасы алып жатыр. Зонд аралы, Малай архипелогы, шөптесін өсімдіктер көптеп таралған. биіктігі Саваннада ауа – райының құрғақшылығы өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Өсімдіктердің бойы аласа, жапырақ орнына тікенек өседі ; доминант акація өсімдіктері кездеседі.

Оңтүстік Америка саваннасы – Оңтүстік және Солтүстік Америка саванналары болып екіге бөлінеді. Жылына 800 –1000 мм жаңбыр жауады. Құрғақшылық 4 – 5 айға созылады. Әсіресе Шығысында түрлі – түсті кебрач өсімдігі өседі. Кебрачо деп -суда батып кетпеуден сақтау үшін қойылған аттары.

Африка саваннасы және Оңтүстік Америка тропиктерінде ксерофитті шөтесін өсімдіктер өскен көлемді алқап. Дала, шөлді жерлерден Саваннаның айырмашылығы сиректе болса. Саваннада ксерофильді ағаш өсімдігі кездеседі. Ксерофильді ағаштардың өсуі, ылғалдылық пен жылылықтың болуы да тиіс. Саванна Африканың тропика жері Оңтүстік Америка, Гвианада Оринако өзені алқабын, Бразилия, Австралия, Индия жерлерінде орналасқан. Бразилия Саваннасында 900 – 1500 мм ал Мамыр, Маусым айларында 100 км Батыс Африка саваннасында жылына 1000 мм 4 – 5 ай құғақшылық Маусым – Қыркүйек айлар аралығында 10 мм жаңбыр жауады. Бразилия саваннасында жылдық орташа температура 18 – 21 Батыс Африкада 20 – 24

Оңтүстік Америка жерлерінде жылына 800 – 1000 мм жаңбыр жауатын аудандарда өседі. Саванна ағаштарының жапырағы қатты, қауырсынды, қондырмалы, қисық, аласа бойлы ағаштарды да кездестіруге болады.





1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет