«Химия» мамандығының 3-курс студенттерінің білімін бақылауға



Дата28.04.2016
өлшемі254.21 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті


«Химия және биология» факультеті

«Химия-Биология» кафедрасы

пәні бойынша 050112 «Химия» мамандығының



3-курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні


Құрастырған: оқытушы, Абдуразова П.А.


Жетісай – 2008 ж.
1. АЛҒЫ СӨЗ.
050112-«Химия» мамандығының 3-курс студенттеріне 6-семестрде «Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі» пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 3-кредит (135-сағат) берілген. Оның 30-сағаты лекция, 15сағаты лабораториялық сабақтарына және 45- сағаты ОБСӨЖ, 45-сағаты СӨЖ-ге бөлінген.
Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру маңызды орын алады. Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастыруындағы негізгі функциялары:

-студенттерге бағыт, бағдар беру;

-студенттерге консултациялық көмек, кеңес беру;

-студенттердің білімін бақылау, бағалау.


Студенттердің өзіндік жұмыстағы негізгі міндеттері:

-сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау;

-оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу, өздеріне қатаң талап қоя білу;

-күрделі, проблемалық ситуацияларды, күрделі мәселелерді меңгеруде оқытушыдан дер кезінде түсініктеме, кеңес, көмек алу.


Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс.

-СӨЖ нақты жоспарлау;

-әдістемелік қамтамасыз ету;

-СӨЖ тапсырмаларының күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес орындалуын студенттен талап ету.


Оқытушының басшылығымен өтетін студенттің өзіндік (ОБСӨЖ) жұмысының көлемі типтік оқу жоспарына, пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес анықталып уақыты, аудиториясы көрсетіліп оқу кестесіне енгізілген.
СӨЖ бақылау түрлерін, тәсілдерін таңдауға оқу пәнінің мақсаты мен міндетін, бөлінген сағат көлемін, студенттің дайындық сатысы ескерілген.

Студенттің өзіндік жұмысы




Есептер

Жаттығулар

Реферат

Сөзжұмбақ

Шығармалар

Үй тапсырмалары

Аудиториялық жұмыстар

Есептер

Жаттығулар

Пікірталас

Коллоквиум

Ойындар

Дөңгелек стол

Студент

Студент+ оқытушы

Оқытушы: бақылау, бағалау

Кіріспе бақылау

Аралық бақылау (рейтинг) 7,14- апта

Ағымдағы (күнделікті бақылау)

Қорытынды бақылау (емтихан)

Студенттің білімін объективті бағалауды, бақылауды ұйымдастыру- студенттің өзіне деген сенімділігін, жауапкершілігін, пәнді меңгерудегі белменділігін арттырады.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының дайындық деңгейін, білімін бақылауға «Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі» пәні бойынша тестілік тапсырмалар, коллоквиум, глосарий және бақылау сұрақтары дайындалған.








Тақырыптар

Апталар

реті


Ұпай

Бақылау түрі

1

Химиялық заттармен танысу

1-апта



Тапсырма


2


Мыс гидроксокарбонатының ыдырауына арналған тәжірибе

2-апта



Тапсырма


3

Сутектің алынуы және қасиеттерімен танысу



Тапсырма


4


Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

3-апта



Тапсырма


5

Негіздердің ерігіштік қасиеттері

4-апта



Тапсырма


6

Сілтілердің қышқылдармен әрекеттесуі



Тапсырма


7

Электролит ерітінділері арасындағы ион алмасу реакциялары

5-апта



Тапсырма


8

Гидролиз

6-апта



Тапсырма


9

Металдардың тұз ерітінділері мен әрекеттесуі. Металдардың қышқылдарға қатынасы.



Тапсырма


10

Бейметалдар және олардың қосылыстары

7-апта



Тапсырма





Σ ОБСӨЖ 25ұпай+5ұпай прак. Саб


































Тақырыптар

Апталар

реті


Ұпай

Бақылау түрі

1

Металдар және олардың қосылыстары

8-апта



Тапсырма

2

Мыс, темір, мырыш иондарына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену



Тапсырма

3

Фосфор қышқылы, фосфаттар және гидрофосфаттар қасиеттерімен танысу

9-апта



Тапсырма

4

Әк сүтін және әк суын дайындау, олардың көміртек (IV) оксидімен әрекеттесуі

10-апта



Тапсырма

5

Метан және этилен молекуласының модельін жасау



Тапсырма

6

Глиценриннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі

11-апта



Тапсырма

7

Спирттерді тотықтырып альдегид алу

12-апта



Тапсырма

8

Құмырсқа немесе сірке альдегидін күміс оксидімен және мыс (ІІ) гидроксидімен тотықтыру



Тапсырма

9

Майлардың суда және органикалық еріткіште ерігіштігін тексеру

13-апта



Тапсырма

10

Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу

14-апта



Тапсырма

11

Крахмалдың иодпен әрекеттесуі және гидролизі



Тапсырма




Σ ОБСӨЖ 25ұпай+5ұпай прак. Саб



























МАЗМҰНЫ


  1. АЛҒЫ СӨЗ

  2. КҮНТІЗБЕЛІК- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

  3. БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

    1. Химиялық заттармен танысу

    2. Мыс гидроксокарбонатының ыдырауына арналған тәжірибе

    3. Сутектің алынуы және қасиеттерімен танысу

    4. Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

    5. Негіздердің ерігіштік қасиеттері

    6. Сілтілердің қышқылдармен әрекеттесуі

    7. Электролит ерітінділері арасындағы ион алмасу реакциялары

    8. Гидролиз

    9. Металдардың тұз ерітінділері мен әрекеттесуі. Металдардың қышқылдарға қатынасы.

    10. Бейметалдар және олардың қосылыстары




  1. ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

    1. Металдар және олардың қосылыстары

    2. Мыс, темір, мырыш иондарына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену

    3. Фосфор қышқылы, фосфаттар және гидрофосфаттар қасиеттерімен танысу

    4. Әк сүтін және әк суын дайындау, олардың көміртек (IV) оксидімен әрекеттесуі

    5. Метан және этилен молекуласының модельін жасау

    6. Глиценриннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі

    7. Спирттерді тотықтырып альдегид алу

    8. Құмырсқа немесе сірке альдегидін күміс оксидімен және мыс (ІІ) гидроксидімен тотықтыру

    9. Майлардың суда және органикалық еріткіште ерігіштігін тексеру

    10. Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу

    11. Крахмалдың иодпен әрекеттесуі және гидролизі

  2. ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН жазбаша ТАПСЫРМАЛАР

1 Тапсырма
Химиялық заттардың үлгілерімен танысу
Темір шеге, мыс сым, алюминий табақша, күкірт, көмір, тотяйын, мүсәтір, әктас, кварц, малахит, химиялық талшық, пластмасса мен полимерлер, ас тұзы, ашудастар, тыңайтқыштар, кір жуғыш ұнтақтар.

Тапсырма:

Осы және басқа да химиялық заттардың үлгілерінің аттарын дәптерлеріңе жазып алыңдар. Неге олар әр түрлі химиялық заттарға жатады? Жауап беріңдер.

2 Бақылау сұрақтар
Мыс (ІІ) гидроксокарбонатының ыдырауына арналған тәжірибе

Табиғи малахит минералын құрайтын мыс (ІІ) гидроксокарбонатының Си(ОН)СО3 аз ғана ұнтағын сынауыққа салып, аузын ортасында шыны түтікшесі бар тығынмен жабыңдар. Тұрғыға сынауықты аузын төменірек етіп көлденең бекітіңдер. Зат тұрған жерді сыртынан спиртшамның жалынымен қыздырыңдар. Жасыл түсті мыс тұзының түрленуін, басқа жаңа заттарға айналуын қадағалаңдар.

Шыны түтікке резеңке жалғап, тұмсықшаның ұшын әк суы бар ыдысқа батырып қойыңдар.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қыздырғанда мыс тұзының түсі қалай өзгереді?

  2. Сынауықтың қабырғасында қандай заттың тамшылары пайда болады?

  3. Тұздың ыдырауынан бөлінген газдың әк суына әсері қандай болады?

  4. Мыс тұзының ыдырауы қандай құбылысқа жатады?

  5. Оның химиялық теңдеуін жазып, шыққан үш өнімді сипаттаңдар.

3 Тапсырма
Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу

Сутектің алынуы және қасиеттерімен танысу

Газ алынатын қондырғыны құрастырып, оның герметикалығын тексеріңдер. Сынауыққа 2-3 түйір мырыш салыңдар, үстіне 3-4мл тұз немесе күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Сынауықтың аузын газ шығатын түтікпен бекітіп, екінші сынауықтың аузын төмен қаратып сутек газын жинаңдар.


Тапсырма:


  1. Сутекті неге бұлай жинайды?

  2. Сутек толған сынауықты жалынға жақындатқанда не байқадыңдар?

  3. Сутектің жануының химиялық теңдеуін жазып қорытынды жазыңдар.

4 Тапсырма


Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі
Төрт сынауық алып бәріне 1-2 мл күкірт немесе тұз қышқылынан құйыңдар. Біріншісіне- мырыш түйірін, екіншісіне- темір ұнтағын, үшіншісіне-алюминий түйірін, төртіншісіне- мыс сым салыңдар да қандай құбылыстар байқалатынын бақылаңдар.
Тапсырма:

  1. Мысты қыздырылған күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде не байқадыңдар?

  2. Металдардың қышқылдарға әсерінің әр түрлі болуы Н.Н. Бекетов жасаған металдардың кернеу қатарына байланысты екенін есетіңе түсіріңдер.

  3. Тиісті реакция теңдеулерін жазып, реакция типтерін анықтаңдар.

5 Тапсырма


Еритін және ерімейтін негіздердің қасиеттері

Өздеріңе берілген сынауықтардағы натрий, кальций, мыс (ІІ), темір (ІІІ) гидроксидтеріне зер салып қараңдар, агрегаттық күйін және түсін анықтаңдар. Сынауықтарға 3-4мл су құйыңдар және шайқаңдар. Лай сұйықтықтарды сүзіңдер. Алынған ерітінділерге бірнеше тамшы фенолфталеин тамызыңдар.



Тапсырма:

Жасалған тәжірибелерге сүйеніп, негіздердің агрегаттық күйін, түсі және ерігіштігі жөнінде қорытынды жазыңдар.


6 Бақылау сұрақтар


Сілтілердің қышқылдармен әрекеттесуі

Сынауыққа 1мл натрий гидроксидін құйып, үстіне бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісін құйыңдар. Алынған таңқурай түсті ерітіндіге тамызғыш арқылы тамшылатып, тұз қышқылын құйыңдар. Әр тамшыдан соң сынауықты шайқаңдар. Ерітінді неге жылиды және түссізденеді? Ерітіндінің 3-4 тамшысын шыны пластинкаға тамызыңдар және суалтыңдар.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қышқыл ерітіндісін неліктен абайлап, тамшылатып қосады?

  2. Ерітіндіні суалтқанда қай зат алынады?

  3. Оның химиялық формуласын жазыңдар.

  4. Тұз қышқылы мен натрий гидроксидінің арасындағы химиялық реакция теңдеуін құрыңдар.

  5. Бұл химиялық реакцияның қай типіне жатады?

7 Тапсырма
Электролит ерітінділері арасындағы ион алмасу реакциялары

Тапсырма:

  1. Тұнба түзілу арқылы жүретін реакцияларды мысал келтіріп анықтаңдар.

  2. Газ бөліну арқылы жүретін реакцияларды мысал келтіріп анықтаңдар

  3. Аз диссоциацияланатын зат түзілу арқылы жүретін реакцияларды анықтаңдар.

  4. Хлорид ионға арналған сапалық реакцияны жазыңдар.

  5. Берілген заттарды пайдаланып, кальций карбонатын немесе күміс хлоридін анықтаңдар.

8 Бақылау сұрақтар


Гидролиз

  1. Тұздардың гидролизі дегеніміз не?

  2. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген судағы ерітіндісінде Н+ және ОН- иондарының концентрациялары қалай өзгереді?

  3. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген судағы ерітіндісінде Н+ және ОН- иондарының концентрациялары қалай өзгереді?

  4. Неге күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген судағы ерітіндісінде Н+ және ОН- иондарының концентрациялары қалай өзгермейді?

  5. Мынадай тұз ерітінділерінің ҒеСІ3, К2СО3, Nа2S гидролизденулері қалай жүреді? Теңдеуін жазып, ортаның қандай екенін айтыңдар.

9 Тапсырма


Металдардың химиялық белсенділігін салыстыру

1. Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі
Тапсырма:


  1. Тәжірибеде металдардың электрохимиялық кернеу қатарын зерттеңдер.

  2. Тәжірибе жасаған кезде «Металдардың электрохимиялық қатары» кестесін пайдаланыңдар.

Тәжірибенің орындалуы:

  1. Бір сынауыққа 1,5мл мыс сульфаты ерітіндісін, екіншісіне осындай көлемде мыс хлориді немесе мырыш сульфаты ерітіндісін құйыңдар.

Бірінші сынауыққа мырыш түйіршігін, екіншісіне-қорғасын кесегін салыңдар. Сынауықты шайқамаңдар 3-4 минуттан кейін қай сынауықта өзгеріс болғанын анықтаңдар.

  1. Бір сынауыққа 1,5мл мыс (ІІ) хлоирді ерітіндісін, екіншісіне, осындай көлемде темір (ІІ) хлоридінің немесе сульфатының ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауықты еңкейтпей, абайлап темірөзекті немесе щегені, екіншісіне-мыс кесегін салыңдар. 2-3 минуттан кейін қандай өзгерістер болғанын белгілеңдер.

а) мырыш; б) қорғасын; в) темір; г) мыс қандай тұздардың ерітінділерімен реакцияға түскенін көрсетіңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
2.Металдардың қышқылдарға қатынасы.
Тапсырма:

  1. Барлық металдар қышқылдармен әрекеттесе ме?

  2. Барлық жағжайда сутек бөліне ме, зерттеңдер?


Тәжірибенің орындалуы:

Үш сынауыққа әр түрлі металдарды салыңдар: біріншісіне-мырыш түйірін, екіншісіне-темір жаңқағын, үшіншісіне-мыс кесегін, төртіншіне- алюминий кесегін. Барлық сынауыққа 1мл-ден тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Егер сынауықтардың бірінде реакция байқалмаса, онда оны жайлап қыздырыңдар. Қай сынауықта сутек газы бөлінгенін дәлелдеңдер.

Алюминий мен тұз қышқылы арасында жүрген сынауықтан 1-2 тамшы ерітінді заттық шыныға тамызып, жалынның үстінде жоғары ұстап буландырыңдар. Шыны да не қалды? Металдардың қышқылдарға қатынасына жалпы қортынды жасаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

10 Тапсырма



Бейметалдар және олардың қосылыстары
Тапсырма:

  1. Екі стаканда жазуы жоқ мыс (ІІ) сульфаты мен натрий силикаты ерітінділері бар. Оларды қандай тәжірибенің көмегімен анықтауға болады?

  2. Лабораторияда мынадай реактивтер бар:

а) калий гидроксиді ерітіндісі;

ә) қатты натрий карбонаты;

б) азот қышқылы ерітіндісі;

в) мыс (ІІ) хлориді ерітіндісі.

Осыларды пайдаланып, қанша жаңа зат алуға болады? Тиісті реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазып, реакцияның жүру белгісін көрсетіңдер.


  1. Күміс нитратының ерітіндісі мына заттардың: Н2SO4, АІСІ3, Си, Са(Н2РО4)2, Nа2СО3 қайсыларымен әрекеттеседі? Тиісті реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

  2. Төмендегі заттарды:

а) аммоний хлориді; (қатты)

ә) қатты кальций гидроксиді;

б) тұз қышқылы (конц)

в) натрий силикаты ерітіндісі;

г) күміс нитраты ерітіндісі;

д) су;


е) натрий сілтісінің ерітіндісін пайдаланып қанша жаңа зат алуға болады? Жүретін реакция теңдеулерін жазып көрсетіңдер.

11 Тапсырма



Металдар және олардың қосылыстары
Тапсырма:


  1. Үш тәсілмен:

а) темір (ІІІ) хлоридін;

ә) мыс (ІІ) хлоридін;

б) алюминий хлоридін алыңдар?
2. Сұйытылған күкірт қышқылы мына заттардың: Си, АІ, NаСІ, Сu(ОН)2, ZnО, NаОН, Nа2СО3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.


  1. Натрий гидроксидінің ерітіндісі мына заттардың: АІ, MgSО4, Сu(ОН)2, СО2, СаСО3, Са(ОН)2, Н3РО4 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.




  1. Мынадай реактивтерді пайдаланып:

а) калий гидроксидінің ерітіндісі;

ә) қатты натрий карбонаты;

б) азот қышқылының ерітіндісі;

в) конц. Күкірт қышқылы;

г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі;

ғ) мыс қанша жаңа заттар алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

12 Тапсырма

Мыс, темір, мырыш иондарын айырып тану
Тапсырма:

1. Мыс ионына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену.

2. Темір ионына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену.

3. Мырыш ионына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену.



Тәжірибені орындау. 1. Сынауыққа натрий гидроксидінің 1мл ерітіндісін құйып, оған тән тұнба түзілгенше бірнеше тамшы мыс тұздарының ерітіндісін қосыңдар. Реакцияның иондық теңдеулерін жазыңдар. Бұл реакцияның жүру белгілерін көрсетіңдер.

  1. 4-5 тамшы темір (ІІІ) хлоридінің немесе сульфатының ерітіндісіне 1-2 тамшы калий тиоцианатының ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Түзілген тұз-темір тиоцианатының Ғе(CNS)3-аз диссоциацияланатын қосылыс екенін ескере отырып, реакцияның иондық теңдеуін жазыңдар.

  2. Сынауықтағы бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне 1-2 тамшы қызыл қан тұзын қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсі қандай? Тұнбаның құрамы Ғе3 [Ғе(CN)6]2 екенін ескере отырып, реакцияның иондық теңдеуін жазыңдар.

  3. Сынауыққа 1мл мырыш тұзы ерітіндісін құйып, қоймалжың түссіз тұнба түзілгенше сілті ерітіндісінен тамшылатып қосыңдар. Осы реакцияның теңдеуін иондық түрде жазыңдар.

13 Тапсырма

Ортафосфор қышқылының, фосфаттар мен гидрофосфаттар қасиеттерімен танысу
Тапсырма:
Ортафосфор қышқылының және оның тұздарының кейбір қасиеттерін зерттеңдер.

Тәжірибенің орындалуы. 1. Сынауыққа 1мл әк суын құйып, оған 1 тамшы ортафосфор қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Сынауықты шайқаңдар. Не байқадыңдар.

Тағы да бірнеше тамшы қышқыл қосыңдар. Ерітіндінің лайлануының жойылуын байқаңдар. Бақылаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Берілген ортафосфор қышқылының тұздарының: кальций фосфатының, гидрофосфатының және дигидрофосфатының үлгілерін қараңдар. Әрбір тұздан 0,5г-нан алып, сынауыққа салып, 1мл су құйыңдар. Сынауықтардағы қоспаны араластырыңдар. Тұздардың ерігіштігі туралы қорытынды жасаңдар.


  1. 2 сынауыққа 1мл-ден тұз ерітінділерін-натрий фосфатын және натрий дигидрофосфатын құйыңдар. 1 тамшыдан фенолфталеин қосыңдар. Байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.

Осы тұздардың гидролиздену теңдеулерін жазыңдар.

14 Тапсырма



Әк сүтін және әк суын дайындау, олардың СО2 әрекеттесуі
Тапсырма:

Тәжірибеде кальций қосылыстарының қасиеттерін зерттеңдер.



Тәжірибенің орындалуы.

  1. Сынауыққа бірау кальций оксидін салып, 3-4мл су құйыңдар. Алынған ерітіндіні индикатор ерітіндісімен сынаңдар.

  2. Сұйықтың бір бөлігін тұнбадан сүзіп алыңдар. Алынған мөлдір ерітіндіні 2 бөлікке бөліңдер.

  3. Қалған сұйықты және бір сынауықтағы ерітінді тұз қышқылының ерітіндісімен бейтараптаңдар.

  4. Үшінші сынауықтағы ерітінді арқылы шыны түтік көмегімен ауа үрлеңдер. Өздерің бақылаған барлық құбылыстарды түсіндіріңдер. Жүрген реакция теңдеулерін жазыңдар.

15 Тапсырма



Көмірсутек молекулаларының модельдерін дайындау
Тапсырма:

  1. Метан молекуласының моделін жасау әдісі

  2. Этилен молекуласының моделін жасау әдісі


Тәжірибенің орындалуы.

  1. Ақ немесе көгілдір түсті пластилиннен үлкендіктерін бірдей етіп кішірек төрт шар- сутек атомдарын дайындаңдар. Бастапқы шарлардан үлкен етіп қара түсті тағы бір шар (көміртек атомы) жасаңдар. Қара шардың бетіне арақашықтықтары бірдей етіп төрт нүкте белгілеп алып, осы нүктелерге төрт өзекті (шырпыдан немесе сымнан) кіргізіп, олардың ұштарына төрт кіші шарды орналастырыңдар.

  2. ақ немесе көгілдір түсті пластилиннен (немесе басқа материалдан) сутек атомдарын бейнелейтін кішірек төр шар дайындаңдар. Олардан үлкендеу етіп көміртек атомдарын бейнелейтін қара түсті екі шар жасаңдар. Әр қара шарға аралық бұрыштары 1200 шамасында нүктелер белгілеп алып, екі нүктеге өзек (шырпы немесе сым) кіргізіп, олардың ұштарына сутек атомдарын (кіші шарларды) орналастырыңдар. Үшінші нүктенің екі жағынан өзек кіргізіп екі көміртек атомдарын өзара жалғастырыңдар.

16 Тапсырма

Глиценриннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі
Тапсырма:

Реактивтер мен құрал-жабдықтар. Глицерин, су, мыс (ІІ) сульфатының 2 %-тік ерітіндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, сынауықтар.

Жұмыстың орындалуы. Сынауыққа 3-4мл мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін құйып, оның үсітіне натрий гидроксидінің ерітіндісіні мыс гидроксиді толық тұнбаға түскенше құяды. Тәжірибе дұрыс шығу үшін сілтіні артық алу керек. Қоспаны екі сынауыққа бөліп, біреуіне бірнеше тамшы глиценин тамызып, екінші сынауықпен салыстырады. Содан кейін глиценир қосқан сынауықты шайқап, қайта салыстырады. Глицерині бар сынауықтағы қоспа еріп, ерітінді ашық көк түске боялады. Құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.

17 Тапсырма



Спиртті тотықтырып альдегид алу
Тапсырма:
Реактивтер мен құрал жабдықтар: Этил спирті, калий перманганантының ерітіндісі, сынауықтар.

Жұмыстың орындалуы: Сынауыққа 1мл калий парманганатының ерітіндісін және 1 мл этил спиртін құйып қоспаны аздап қыздырады. Түзілген альдегидтің әсерінен ерітіндінің күлгін түсі біртіндеп жойыла бастайды. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл тәжірибе орнына этил спиртінің мыс (ІІ) оксидімен тотығуын жасауға болады.

18 Тапсырма



Құмырсқа немесе сірке альдегидін күміс оксидімен және мыс (ІІ) оксидімен тотықтыру
Тапсырма:
Реактивтер мен құрал жабдықтар. Құмырсқа альдегидінің 40%-тік ерітіндісі, аммиак ерітіндісі, 2%-тік күміс нитраты ерітіндісі, 0,2н мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, ыстық су құылған стакан, 2н натрий гидроксидінің ерітіндісі.

Жұмыстың орындалуы. 1. тазаланып жуылған сынауыққа 1мл күміс нитраты ерітіндісін құяды. Оған пайда болған тұнба ерігенше аммиак ерітіндісін тамшылатады, алынған қоспаға бірнеше тамшы альдегид ерітіндісін қосып, сынауықты ыстық суы бар стаканға салып қыздырады. Ерітіндінің түсі қоңырланып, сынауық қабырғасына күміс жабысады. Құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.

  1. Сынауыққа натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оның үстіне бірнеше тамшы мыс (ІІ) сульфатын қосады. Тұнбаға түскен мыс (ІІ) гидроксидінің үстіне бірнеше тамшы құмыпсқа альдегидінің ерітіндісін құйып араластырып, сынауықты қыздырады. Сынауықтың қызған жерінде сары тұнба – мыс (І) гидроксиді бөлінеді, ол қызыл мыс (І) оксидіне айналады. Байқаған құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.

19 Тапсырма



Майлардың қасиеттерін зерттеу
Тапсырма:

  1. Майлардың суда және олрганикалық еріткіште ерігіштігін тексеру

  2. Майлардың қанықпағандығын анықтау

Раективтер мен құрал жабдықтар: өсімдік майы және тоңмай, су, қолда бар органикалық еріткіш, натрий карбонаты мен калий перманганатының ерітінділері. Сынауықтар, тұрғы, шыны таяқша, тығыны бар түтікше.

Жұмыстың орындалуы. 1. Үш сынауық алып, 2 сынауыққа 1мл- ден өсімдік майын құйып, ал үшіншісіне 1г тоңмай салыңдар. Өсімдік майы құйылған бір сынауыққа 3мл су құйып шайқаңдарда, қыздырыңдар. Байқалған құбылыстарды тұжырымдаңдар. Қалған екі сынауыққа 2-3мл-ден органикалық еріткіш құйып, араластырыңдар. Органикалық еріткіштерде майлардың ерігіштігі туралы қорытынды жасаңдар.

2.Екі сынауық алып, әрқайсысына 2тамшыдан өсімдік майларын (күнбағыс, мақта, зығыр) құйып, оларға натрий корбанаты мен калий перманганаты ерітінділерін тамызып жақсылап араластырыңдар. Ерітіндінің күлгін түсі жойылады.

Сұық майлардың қасиеттерін осы жүргізген тәжірибелер арқылы сипаттаңдар.

20 Тапсырма



Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу
Тапсырма:

  1. Глюкозаның күміс оксидімен әрекеттесуі

  2. Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі


Реактивтер мен құрал жабдықтар. Глюкоза, күміс нитраты ерітіндісі, аммиак ерітіндісі, сахароза ерітіндісі.

Жұмыстың орындалуы. 1. Таза жуылған сынауыққа 1мл күміс нитраты ерітіндісін құйып, оған түзілген тұнбасы ерігенше аммиак ерітіндісін тамшылатыңдар. Үстіне 1,5-2мл 10% глюкоза ерітіндісін қосып, ыстық су құйылған стаканға салыңдар. Осы кезде күміс тотықсызданып, сынауық қабырғасына қонады немесе қара түсті тұнба түзеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.

2.Реактивтер мен құрал жабдықтар. 0,5 %-тік глюкоза ерітіндісі, натрий гидроксиді, мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі.

Жұмыстың орындалуы. Сынауыққа 3-4мл глюкоза ерітіндісін, сонша мөлшерде натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оның үстіне 0,5мл мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін қосады да, қоспаны қыздырады. Нәтижесінде, қоспаның түсі өзгереді. Мыс (І) оксидінің қызғылт тұнбасы түзіледі. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

21 Тапсырма



Крахмалдың иодпен әрекеттесуі және гидролизі
Тапсырма:

Реактивтер мен құрал жабдықтар. Крахмал, салқын және ыстық су, иод ерітіндісі, күкірт қышқылы, сынауықтар.

Жұмыстың орындалуы. 1. Сынауыққа 5мл су құып, үстіне аздап крахмал салып, қоспаны араластырыңдар. Түзілген қоспаны ыстық му құылған ыдысқа араластыра отырып құйыңдар. Крахмал клейстері түзіледі. Сынауыққа крахмал ерітіндісінен 2-3мл құйып алып, оның үстіне бірнеше тамшы иод ерітіндісін тамызса, крахмал көгереді.

2. Крахмал ерітіндісінен 5мл алып, одан үш есе көп су құйып сұйылтады да, оған 1-2мл күкірт қышқылын абайлап құйып қыздырады. 5-6 минуттан кейін қоспадан 1-2мл бөліп алып, суытады да, оған иод ерітіндісін тамызады. Иодтың түсі өзгермейді, себебі крахмал гидролизденіп глюкозаға айналды. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет