Химиялық технология ”



жүктеу 0.82 Mb.
бет3/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Колоквиум сұрақтары





  1. Металлдардың тұрмыста,халық шаруашылығында қолданылуы.

  2. Металдардың табиғатта кездесуі,минералдар ,кендер.

  3. Металл өндіру әдістері кенді байыту, пирометаллургиялық әдістер

  4. Темір құймаларына сипаттама: шойын және болат.

  5. Шойынды домна пешінде өндіру

  6. Болат өндіру

  7. Алюминий және оның құймаларының қасиеттері

  8. Кеннен металдық алюминийді алу технологиясы

  9. Алюминийді электролиз арқылы өнеркәсіптік өндіру

3. ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы: Силикатты металдарды өндіру

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Алюмосиликаттар

  2. Силикаттардың химиялық құрамы

  3. Кремний оксиді, кремнезем SіО2

  4. Түсті шынылар

Силикаттар — бұл кремнеземмен (кремний оксиді) әр түрлі элементтердің қосылысы. Кремнезем мұнда қышқыл рөлін атқарады. Силикаттардың кұрамында жер қыртысында таралуы бойынша үшінші орынды алатын (оттек пен кремнийден кейін) элемент — алюминий жиі кездеседі. Олар алюмосиликаттар деп аталады. Алюмосиликаттар ауа және судың әсерінен мүжіліп, бұзылады да, олардан сілтілік металдар оксидтерінің орнына суы бар өнімдер алынады. Мысалы, каолинит А12О3. SіО2. 2Н2О саздың негізі бөлігін құрайды. Табиғи кремнеземдер, силикаттар жөне саздар — силикат өнеркәсібі үшін шикізат болып табылады.

Силикаттардың қасиеттері олардың құрамына, кристалдық торының құрылысына, иондар арасында әсер ететін күштердің табиғатына тәуелді. Көптеген силикаттар қаттылығымен, қиын балқитындығымен жөне отка төзімділігімен ерекшеленеді, олардың балқу температурасы 770° С-тан 2130° С-ка дейін өзгереді. Көптеген силикаттар ылғал тарт-кыш емес және қышқылғаға төзімді, техника мен құрылыстың өр түрлі саласында кеңінен қолданылады.

Силикаттардың химиялық құрамын элементтердің валенттіктерінің өсу ретімен немесе осы ретте оксидтердің формулаларымен бейнелеу қабылданған.

Барлық силикаттарды табиғи (минералдар) және синтездік (силикатты материалдар) деп екіге бөледі. Белгілі табиғи силикаттардың жалпы саны 1500-ден астам. Силикатты материалдар әр түрлі химиялық өндірістің ірі масштабты өнімдері және олар шаруа-шылықта кеңінен қолданылады. Табиғи минералдарды (кварцты құм, саз, далалық шпат, әктас), өнеркәсіптік өнімдерді (натрий карбонаты, бура, натрий сульфаты, әр түрлі металдардың тұздары мен оксидтері) және қалдықтарды (шлактар, шламдар, күлдер) силикат өндірісінде кеңінен қолданады.

Кремний оксиді, кремнезем SіО2 табиғатта кварц, кристобалит жөне тридимит түрінде кездеседі. Кварцтың мөлдір, әдемі қалыптаскан кристалдары тау хрусталі деген атпен белгілі. Оның түсті түрлері көптеп кездеседі: қызгылт кварц, күлгін (аметист), қою қоңыр (дымқыл топаз), жасыл (хризопраз) және басқа заттармен қоспа түріндегі ұсак кристалды түрлері: халцедон, агат, яшма.

Кремнеземнің балқымасын баяу салқындатканда аморфты кварц шыны түзіледі. Ол табиғатта да кездеседі.

Кремнеземді өндірісте өңдеу аркылы шыны және цементтің бірнеше түрін алады

Адамдар шыны өндірумен ертеден айналыскан. Кәдімгі шыныны (құрамы Nа 2О • СаО • 6 Sі О2) сода, ақ құм жөне әктастың қоспасын 1400°С-та балқыту арқылы газдарынан айырып алады:

Шынының белгілі бір физикалық-химиялық касиеттерін жаксарту үшін барий, корғасын жөне бор оксидтерін қосу аркылы арнайы сорттарын, яғни отка төзімді, "сынбайтын", т.б. түрлерін алады. Егер шыныны қайнатканда сода орнына сақар К2СО3 қосса, онда қиын балқитын шыны алынады. Одан лабораторияда пайдаланатын ыдыстар жасайды. Ал кальций оксидінің орнына қорғасын оксидін косса, онда сыну көрсеткіші жоғары — хрусталъ алынады. Хрустальдан оптикалық шынылар, көркем бұйымдар, люстра, әдемі ыдыстар, т.б. жасайды. Түсті шынылар алу үшін ауыспалы металдардың әр түрлі оксидтерін қосады: кобальт оксидін СоО қосу аркылы көк түсті, хром оксидін Сг2О3 қосқанда — жасыл, марганец диоксидін МпО2 қосқанда — қызгылт түсті шыны алады. Түсті шыныларды пайдаланып, түрлі мозаикалар, көркем витриналар, т.б. жасайды. Егер кремний диоксидінің шамалы бөлігін бор оксидімен В2О3 алмастырса, онда жоғары температура мен химиялық заттарға тұрақты шыны алынады. Олар химиялық өндірістерде түтіктер, кұбырлар, түрлі құралғылар жасауға пайдаланылады. Беріктігі жөнінен шойыннан кем емес ситалл деп аталатын осындай шыны кристалл өндіріледі.


Әдебиеттер тізімі

  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г
Бақылау сұрақтары

  1. Алюмосиликаттар деген не ?

  2. Силикаттардың химиялық құрамы қандай ?

  3. Кремний оксиді, кремнеземнің қасиеттері қандай ?

  4. Түсті шынылар деген не ?

4. ОБСӨЖ



Тапсырма 2

Отынды химиялық жолмен өңдеу.


Глоссарий




  1. Кокстеу

  2. Мұнайды өңдеу

  3. Мұнайды крекингілеу

  4. Термиялық крекинг

  5. катализдік крекинг

  6. риформинг

  7. табиғи және мұнайга ілеспе газдар

  8. тас көмір

  9. торф

  10. Кокс газы

  11. Ашык түсті мұнай өнімдері

  12. Бензин

  13. Лигроин

  14. Керосин

  15. газоиль

  16. Қара түсті мұнай өнімі

  17. мазут

  18. Ректификациялық колонна

5. ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы: Мұнай мен табиғи газды өңдеу

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Атмосфералық қондырғы

  2. Бензиннің сапасы

  3. Мұнайды өндіру, өңдеу және өнімдерін пайдалану

  4. Табиғи және мұнайға ілеспе газдардың бір-бірінен негізгі айырмашылыктары

Мұнайды өңдеуге арналган кондырғы екі бөліктен тұрады


1. Түтікті пеш— мұнда мұнай 450°-500°С температураға дейін қыздырылады.

2. Ректификациялық колонна — мұнай өнімдері өздерінің қайнау температураларына сөйкес фракцияларға бөлініп жиналатын кондырғы.

Мұнайды өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын қондырғы атмосфералық қондырғы деп аталады. Бірақ мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты тек айдау аркылы алынған жанармайлар жетіспейді. Мазуттың құрамы ірі молекулалы көмірсутектерден тұратын болғандықтан, оны жоғары темлературада вакуумдык кондырғыда өңдейді. Қысымның және жоғары температураның әсерінен көмірсутектердің үлкен молекулалары бөлшектенеді. Бұл процесті крекингілеу (ағылшынша «крекинг» — бөлшектеу деген мағынаны білдіреді) деп атайды:

немесе


Сөйтіп, құрамында кіші молекулалы көмірсутектері бар крекинг бензин алынады. Өршіткілер қолдану аркылы алынатын бензиннің сапасы жақсарып отырады. Жалпы крекингті екіге бөледі.

1. Термиялық крекинг тек жоғары темітература мен қысым аркылы алынады.

2. Катализдік крекингте айтылғандарға қосымша өршіткі колданылады. Егер жоғары сапалы бензин алу керек болса, жоғары сапалы өршіткілер колданылады. Мысалы, платина , палладийі сияқты асыл металдарды колданса, ароматты көмірсутектері мол, сапалы бензин алынады. Бұл процесті риформинг деп атайды.

Бензиннің сапасы октан (каныққан көмірсутек) санымен аныкталады. Октан саны дегеніміз — бензиннің қүрамында болатын изооктанның мөлшері. Соған байланысты, бензиннің АИ—95, АИ-85, А-76, т.б. түрлерін ажыратады. Осы цифрлар бензиндегі изооктанның проценттік үлесін көрсетеді. Егер октан саны төмен болса, бензин сапасыз болады. Ондай бензин іштен жану козғалтқыштарында копарылыс беріп жанады. Бұл кұбылысты детонация деп атайды.

Мұнайдан тек жанармайлар ғана емес, химияльщ өнеркәсіпке кажетті көмірсутектерді де бөліи алады. Ал оларды өңдеу аркылы халықтың түрмысына қажетті заттар: пластмассалар, талшықтар, көксағыз, резеңке, бояулар, дәрі-дәрмектер, еріткіштер, қопарғыш заттар, т.б. өндіріледі, мұнайдың бай қоры бар, яғни еліміз энергия ресурстары қоры жөнінен дүниежүзілік рынокта белгілі. Көмірсутектерді өндіру казіргі кезде 200-ден астам кен орындарында жүргізілуде. Мұнайды өндіру жөнінен еліміз жыл сайын алға басып келеді. Маңызды кен орындары: Теңіз, Қарашығанақ, Жетібай, Өзен, Қаламқас, Қаражамбас, т.б.

Мұнайды өндіру, өңдеу және өнімдерін пайдалануды әңгіме ете отырып, қоршаған ортаны қорғау мөселесін экологиялық проблемалардан бөле қарауға болмайды. Ауаның, жердің, судың ластануына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің зардап шегуіне бірден-бір кері әсерін тигізіп отырған — осы мұнай өнімдері. Алматы каласының өзінде-ақ кәсіпорындар жөне көліктер жылына ауаға 20—30 мың тоннадай зиянды заттарды шығарады екен. Сондыктан экологияны сауықтыруды үнемі басты назарда ұстау кажет.


Табиғи және мұнайға ілеспе газдардың бір-бірінен негізгі айырмашылыктары — құрамында, қолданылуында және табиғатта кездесуінде. Мүнайға

ілеспе газдар мұнай кен орындарында мұнайдың бетін бүркеп жатады немесе мұнайда еріген күйінде болады. Табиғи газдың құрамы, негізінен, метаннан (80—98%) тұрады, ал ілеспе газда метан екі еседей аз (30—50%), онда этан, пропан, бутан, пентан, тағы баска көмірсутектердің (әркайсысы 20%-тей) мөлшері көп болады.

Табиғи газ да, ілеспе газ да — бағалы химиялык. шикізаттар. Олардан қанықпаған көмірсутектерді алады, сондай-ак пластмассалар, көксағыздар, резеңке, химиялык. талшықтар, т.б. заттарды өндіреді.

Табиғи газдың 90%-і отын ретінде қолданылады. Оның баска отындардан біраз артықшылықтары бар: жану жылуы жоғары, жанған кезде күл қалмайды, яғни экологиялык тұрғыдан таза және кұбырлармен тасымалданады. Оны өндірістік пештерде (домна, мартен, т.б.), энергетикалық қондырғыларда, автокөліктерде, сондай-ак үй тұрмысында да қолданады.

Қазакстанда табиғи газ бен мүнайға ілеспе газдардың негізгі қоры Батыс Қазақстанда шоғырланған (Құмкөл, Маңғыстау, Каспий өңірі). Табиғи газ да, мұнайға ілеспе газ да құрамы жағынан көмірсутектерден ғана құралған.
Әдебиеттер тізімі


  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г
Бақылау сұрақтары

  1. Атмосфералық қондырғы деген не ?

  2. Бензиннің сапасын қалай анықтайды ?

  3. Мұнайды өндіру, өңдеу және өнімдерін пайдалану қалай жүзеге асады ?

  4. Табиғи және мұнайға ілеспе газдардың бір-бірінен негізгі айырмашылыктары қандай ?

6 ОБСӨЖ




1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет