Химиялық технология ”



жүктеу 0.82 Mb.
бет5/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Бақылау сұрақтары

  1. Сірке қышқылын ацетиленнен өндірудің негізі неде ?

  2. Ацетилен алудың қандай жолдары бар ?

  3. Ацетальдегидтің калий перманганатымен марганец (IV) оксиді түзіле жүретін тотығуы қалай жүреді ?

  4. Сірке қышқылын ацетиленнен өндіргенде қандай реакциялар жүреді ?

№ 10 .ОБСӨЖ

Тапсырма 5

Жоғарғы молекулалық қосылыстардың халық шаруашылығындағы маңызы.

Реферат тақырыптары


  1. Каталитикалық дегидрлеумен бутан және изопентаннан бутадиен және изопренді өндіру

  2. Табиғи каучук .Синтездік каучук. Бутадиенді каучук.

  3. Формальдегид өндіру.

  4. Полимерлер туралы жалпы ұғымдар.

  5. Полимерлерді алу әдістері.

  6. Жоғарғы молекулалық қосылыстардың жалпы қасиеті.

  7. табиғи жасанды және синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстар.

  8. Целлюлоза және қағаз өндіру.

  9. Полимерлік материалдарды талшықтарға өңдеу

1 1. ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы:

Табиғи жасанды және синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстар

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Жоғары молекулалы қосылыстар

  2. Полимерлердің табиғи және синтетикалық болып бөлінуі

  3. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар

Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер деп молекулалары жүздеген немесе мыңдаған көміртегі атомдарынан, соған сәйкес молекулалық массалары мыңдаған, тіпті миллиондаған массаның атомдық бірлігіне тең болатын және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды. Полимерлердің атомдары бір-бірімен химиялық байланыс арқылы қосылады.

Полимерлер табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Полимерлер табиғатта кеңінен таралған. Өсімдік және жануарлар ағзаларының құрамына жоғары молекулары қосылыстар: целлюлоза,ақуыз,крахмал,нуклеин қышқылдары кіреді.

Синтетикалық полимерлерге мономерлерден жасанды жолмен алынатын полиамидтер,полиэтилен,полистирол,синтетикалық талшықтар және т.б. жатады.

Ең қарапайым органикалық полимер полиэтилен, ол этиленнің полимеризациялауынан түзіледі.
H2O = CH2 + H2C= CH2 CH3 – CH2 – CH = CH2

этилен бутилен


Бастапқы зат этилен – мономер деп, ал түзілген бутилен димер деп аталады. Егер

мономердің п молекуласы қосылса, полимер түзіледі. (поли-көп деген сөз)


n H2C= CH2 [-CH2 – CH2-]n

Мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған молекула – макромолекула деп аталады.

Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді, оны үлкен Р әрпімен белгілейді. Полимерлену дәрежесі (Р) жоғары молекулалық қосылыстың массасы мен (Мн) мынадай қатынаста болады.

Р=Мн/m

Мұнда m буынның молекулалық массасы.

Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық және элемент органикалық болып бөлінеді.

Полимерлерді әдетте полимеризация және поликондинсация реакцияларының негізінде алады.

Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың қосылып, жоғары молекулалық қосылыстарды түзу реакциясын атайды.



Бақылау сұрақтары




  1. Жоғары молекулалы қосылыстар дегеніміз не ?

  2. Полимерлердің қандай болып бөлінеді ?

  3. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар қандай болады ?

  4. Полимеризация дегеніміз не ?

  5. Поликонденсация дегеніміз не ?



ОБСӨЖ сабағы 12

Тапсырма 6

Целлюлоза және қағаз өндіру.



Коллоквиум


  1. Табиғи каучук .Синтездік каучук. Бутадиенді каучук.

  2. Каталитикалық дегидрлеумен бутан және изопентаннан бутадиен және изопренді өндіру

  3. Каучукты вулканизациялау

  4. Ацетиленнің өндірісте алыну жолдары.

  5. Формальдегид өндіру.

  6. Сірке қышқылын ацетиленнен өндіруПолимерлер туралы жалпы ұғымдар

  7. Полимерлерді алу әдістері.

  8. Жоғарғы молекулалық қосылыстардың жалпы қасиеті.

  9. табиғи жасанды және синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстар. Целлюлоза және қағаз өндіру.

  10. Полимерлік материалдарды талшықтарға өңдеу

  11. Пластмассалар және оларды жасауға колданылатын жоғары молекулалы шайырлар

  12. Термопластикалық шайырлар .Термореактивті шайырлар. Пластмассаларды шикізаттардан өндіру

№ 13.ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы:

Мұнай өнімдерінің пиролизі мен крекингісі.

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Көмірсутектердің үлкен молекулаларының бөлшектенуі

  2. Термиялық крекинг

  3. Катализдік крекинг

  4. Детонация процесі

Мұнайды өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын қондырғы атмосфералық қондырғы деп аталады. Бірақ мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты тек айдау аркылы алынған жанармайлар жетіспейді. Мазуттың құрамы ірі молекулалы көмірсутектерден тұратын болғандықтан, оны жоғары темлературада вакуумдык кондырғыда өңдейді. Қысымның және жоғары температураның әсерінен көмірсутектердің үлкен молекулалары бөлшектенеді. Бұл процесті крекингілеу (ағылшынша «крекинг» — бөлшектеу деген мағынаны білдіреді) деп атайды:

немесе

Сөйтіп, құрамында кіші молекулалы көмірсутектері бар крекинг бензин алынады. Өршіткілер қолдану аркылы алынатын бензиннің сапасы жақсарып отырады. Жалпы крекингті екіге бөледі.



1. Термиялық крекинг тек жоғары темітература мен қысым аркылы алынады.

2. Катализдік крекингте айтылғандарға қосымша өршіткі колданылады. Егер жоғары сапалы бензин алу керек болса, жоғары сапалы өршіткілер колданылады. Мысалы, платина , палладийі сияқты асыл металдарды колданса, ароматты көмірсутектері мол, сапалы бензин алынады. Бұл процесті риформинг деп атайды.

Бензиннің сапасы октан (каныққан көмірсутек) санымен аныкталады. Октан саны дегеніміз — бензиннің қүрамында болатын изооктанның мөлшері. Соған байланысты, бензиннің АИ—95, АИ-85, А-76, т.б. түрлерін ажыратады. Осы цифрлар бензиндегі изооктанның проценттік үлесін көрсетеді. Егер октан саны төмен болса, бензин сапасыз болады. Ондай бензин іштен жану козғалтқыштарында копарылыс беріп жанады. Бұл кұбылысты детонация деп атайды.

Мұнайдан тек жанармайлар ғана емес, химиялық өнеркәсіпке кажетті көмірсутектерді де бөліи алады. Ал оларды өңдеу аркылы халықтың түрмысына қажетті заттар: пластмассалар, талшықтар, көксағыз, резеңке, бояулар, дәрі-дәрмектер, еріткіштер, қопарғыш заттар, т.б. өндіріледі, мұнайдың бай қоры бар, яғни еліміз энергия ресурстары қоры жөнінен дүниежүзілік рынокта белгілі. Көмірсутектерді өндіру казіргі кезде 200-ден астам кен орындарында жүргізілуде. Мұнайды өндіру жөнінен еліміз жыл сайын алға басып келеді. Маңызды кен орындары: Теңіз, Қарашығанақ, Жетібай, Өзен, Қаламқас, Қаражамбас, т.б.

Мұнайды өндіру, өңдеу және өнімдерін пайдалануды әңгіме ете отырып, қоршаған ортаны қорғау мөселесін экологиялық проблемалардан бөле қарауға болмайды. Ауаның, жердің, судың ластануына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің зардап шегуіне бірден-бір кері әсерін тигізіп отырған — осы мұнай өнімдері. Алматы каласының өзінде-ақ кәсіпорындар жөне көліктер жылына ауаға 20—30 мың тоннадай зиянды заттарды шығарады екен. Сондыктан экологияны сауықтыруды үнемі басты назарда ұстау кажет.

Әдебиеттер тізімі



  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г

Глоссарий

  1. Атмосфералық қондырғы

  2. Мазут

  3. Жанармай

  4. Крекингілеу

  5. Крекинг бензин

  6. Өршіткілер

  7. Термиялық крекинг

  8. Катализдік крекинг

  9. Октан саны

  10. Детонация

  11. Мұнайды өндіру

1 4. ОБСӨЖ



Тапсырма 7

Формальдегидті алу.

Бақылау сұрақтары:

1.Поликонденсация деп қандай реакцияны айтады ?

2. Поликонденсация қанша функционалдық топтардың әрекеттесуімен жүреді?

3.Фенол – формальдегид шайырларының негізінде алынатын пластмассалар қандай поликонденсация реакциясы арқылы синтезделінеді ?

4.ЖМҚ қандай екі түрлі күйде болады?
5.Термореактивті шайырлардың термопластикалық шайырлардан қандай айырмашылығы бар?

6.Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында нешінші орын алады ?

7.Толықтырғыш ретіндешыныталшықтар колданылған пластмассалар қандай болады ?

1 5. ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы:

Пластмассалар өндірісі

Стиролды полимерлеу

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Сополимерлі каучуктар

  2. Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассалар

  3. Термопластикалық шайырлар

  4. Пластмассалар өндіру

Соңғы жылдары диен кемірсутектерінің баска каныкпаған қосылыстармен біріге полимерленуінен алынатын сополимерлі каучуктар (мысалы, бутадиеннің (дивинилдің) стиролмен, акрил-нитрилмен) кең қолданыла бастады:

... СН,—СН=СН—СН—СН,—СНп—

дивинилден

стиролдан

СН2-СН-СН2-СН=СН-СҚ

акрилнитрилден


Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассалар алынды. Сондай-ак пластмассалар медицинада тіс протездерін, сыныктарға протездер жасауда колданылады. Пластмассалардың тіпті қан тамырлары мен өңешті алмастыратындары да болады. Хирур-гаялык күрделі операцияларда тігу үшін колданылатын материалдар ешбір із қалдырмай организмге тарап, сіңіп кетеді.

Термопластикалық шайырлар кыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса — кайта қатайып, өздерінің алғашқы касиеттерін сақтап қалады. Ондай шайырлардан бұйымдар жасау үшін өуелі иілгіш күйіне дейін қыздырып, соңынан пішін беріп, суытып, бірнеше рет пайдалануға болады. Термопластикалық шайырлар катарына полиәтилен жөне полихлорвинил сиякты сызыктык күрылымды полимерлер жатады.

Термореактивті шайырлар термопластикалық шайырларға керісінше кыздырғанда, иілгіштік касиетінен айырылады, балқымайтын және ерімейтін күйге түседі. Себебі қыздырған кезде сызықты молекулалардан кеңістіктік кұрылымды молекулалар түзіледі. Термореактивті шайырлар қатарына, мысалы, фенолформальдегид шайыры жатады. Мұндай материалды жаңа бұйым жасау үшін қайта өңдеуге болмайды, өйткені ол кеңістіктік күрылым түзеді, ал бүл құрылым қажетті иілгіштік касиетін жояды.

Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында бірінші орын алады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, тығыздығы аз, химиялык төзімді, жылу және электрокшаулағыштығы жақсы, т.б. касиеттері болады.

Пластмассаларды тиімді шикізаттардан өндіреді. Олар механикалык өңдеулерге онай беріліп, одан түрлі бұйымдар жасалады. Мұның бәрі оларды өндірістің барлық. салаларында және ауыл шаруашылығында, техникада жөне күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Бір ғана полимердің негізінде өр түрлі материалдар алуға болады. Мысалы, каучук кебіне эластомерлі материалдар алуға қолданылады. Сонымен катар кейде талшыкты қабыршақты материалдар алуға немесе бұйымдар бетін қаптауға да колданылады. Ал кәдімгі пластик — эбонитті кұрамында 30—50% күкірт және каучук бар коспаны термоөңдеу арқылы алады.



Әдебиеттер тізімі

  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г


Бақылау сұрақтары

  1. Сополимерлі каучуктар деген не ?

  2. Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассаларды қалай алады?

  3. Термопластикалық шайырлар деген не?

  4. Пластмассалар өндірудің маңызы неде?







1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет