Хирургиялық жұмысты ұйымдастыру. Хирургиялық инфекцияның алдын алу.



Дата09.10.2019
өлшемі153.68 Kb.
Хирургиялық жұмысты ұйымдастыру.Хирургиялық инфекцияның алдын алу.

«Хирургия» - грек сөзі – «қол енбегі», «қол қимылы» деген сөздін мағынасын келтіреді. Хирургия – аурудың негізгі емі операция жасауға арналған медицинасының өте маңызды саласы. Операция – емдік немесе диагностикалық мақсатпен тәнге және тіндерге механикалық әсер ету. Бұл әсер ету қолмен немесе аспаппен іске асырылады. Хирургия ен көне мамандықтардың бірі, ол үздіксіз жетіліп қазіргі медицинаның ең озық саласы болды.

Хирургиялық науқастардың негізігі түрлері:

1.Іштен тұған ақаулар немесе кемістіктер (жүрек ақауы, қатты таңдайдың бітелмеуі т.б.)

2.Жүре пайда болған аурулар: зақымдану немесе жарақаттану, ісіктер (қатерлі және қатерсіз), өліеттену (некроз), кейбір паразиттық аурулар (эхинококк, аскаридоз), ірінді қабынулар.

Хирургияның тарихи жолы неше мындаған жылдармен есептелінеді. Ертедегі Египетте хирургияның жоғары дамығаны белгілі. Бізідің дәуірімізге дейінгі 6000 жылдарда аяқты кесіп тастау, қуыққа жиналған тастарды алып тастау, бас сүйек қуысын ашу операциялары сәтті жасалынған. Жарақатты емдегенде тануға май мен бал, ауырсындырмау үшін апиын және кендір пайдаланған. Ертедегі индустардың б.д.д. 1500 жыл бұрын хирургиялық инелері болған, тігу үшін зығырдан иірілген жіпті және шашты пайдаланған. Қан ағуын тоқтату үшін басып тануды және қайнап тұрған майды пайдаланған. Мұрынды жамағанда пайдаланатын «индиялық» аяқты жапырақ (лоскут на ножке) бүгінде қолданылады. Ертедегі Грецияның хирургиясы өте жоғарғы даму сатысына жетті. Б.д.д V ғасырда Гиппократ ірінді және таза жарақатты айыра білді, және оларды әртүрлі жолдармен емдеді. Операция кезінде асептиканың кейбір шарттары (сүзілген және қайнатылған жауын суын пайдаланды) сақталды, сол кезге сәйкес күрделі операция жасаудың шеберліктерін меңгерді, сынықты емдегенде жақтауды (шиналарды) және тартып қоюды (вытяжение), ұқалауды (массажды), жаттығулар жасауды пайдаланды. Дәрігердің антың жазып дайындады.

Біздің дәуіріміздің 1 ғасырында хирургияның дамуына үлкен үлес қосқан Цельс. Ол өзіннің хирургия жайындағы енбектеріңде қабынудың классиқалық белгілерін, қанаған тамырды байлауды, мүшенің кеміс жерін жамауды (пластика) жазып қалдырды. Гален жібекті тігіс жібі ретінде пайдалануды, қанағанда тамырды бұрап тастауды ұсынды. VІІІ-ІХ ғасырларға мәдениеттің, ғылымның және өнердің төмендеуі сәйкес келді. Оған бірден-бір себеп, шіркеудің қан шығарып операция жасауға, өлген адамды сойып көруге қатан тиым салуы болды. Гректер мен римдіктердің медіцинасы Шығыс елдеріне ауысты.

Медицинаға көп енбек сіңірген Бұхарлық дәрігер Абу-Али-Ибн-Сина (Авиценна 980-1037ж), 100-ден астам ғылыми енбек қалдырды, оның «Дәрігер өнерінің каноны» әлі де маңызын жоғалтқан жоқ. Орта ғасырдың аяғында және Қайта Өрлеу заманында (ХV-ХVІІ ғасырлар) діннің ықпалы әлсіреп, ғылымның қайта көтерілуі және даму кезені басталды. Бұған айқын мысалдар Парацельс және Амбруаз Паре. Парацельс жарақатты емдеудің жолын анықтады, тануға бітістіретін дәрі-дәрмектерді пайдалануды ұсынды, кен қазушылардың кәсіптік науқастарын жазып қөрсетті. Ал Паре болса бірнеше операциялардың жасалу жолдарын ашты, ампутация жасауді жетілдірді. Феодализм заманында діннің өктемдігі қайта күшейді, бірақ қантөгіс соғыстарда көптеген жарақаттанғандарға хирургиялық көмек қажет еді. Сол кездегі медицинаның дамуына, оның ішінде хирургияның дамуына зор ықпал еткен Гарвейдің ашқан жаңалығы (қан айналыс заңы), жүректің құрылысын, кіші, үлкен қан айналыс шеңберлерінің мәнін түсіндірді. Ерте капитализмде соғыстардың болуы хирургтардың қоғамдағы жағдайын өзгертуді талап етті. Бұл кезде жарақаттарды емдеу мәселесіне үлкен көңіл бөлінді.Егер бұрын хирургияның дамуына дін кедергі келтірсе, енді ХІХ ғасырда қиындықтар білімнің таяздығы, хирургиялық ауруларға диагноз қоюдың нашарлығы, ірінді асқынуларды білмеу, ауырсынудан сақтандыра алмау, қан ағумен күресуді білмеу болды. Осыған байланысты хирургияда операция жасаудағы шеберлікті әбден жетілдіруге «техникалық» бағыт пайда болды. Бұндай шеберліктін иесі Н.И. Пирогов, қуықты жоғарыдан тілгенде 2 минут, ал аяқты балтырдан кескенде 8 минут жұмсады, бірақ бұндай асқан шебер жасалған операцияларда да үлкен асқынулар болды.

Хирургиядағы үлкен жетістіктердің бірі 1846 жылы химик Мортон мен тіс дәрігері Джексонның тапқан эфирдің ауырсынуды сездірмейтін қасиеті еді. Осылай жалпы жансыздандырудың әдісі басталды. Алайда, науқастар көбінесе операция кезінде қансыраудан немесе ірінді асқынудан өлді. Міне, осы мәселелер хирургияның шешуге тиесілі мәселелері еді. Ағылшын ғалымы Луи Пастердің енбектерін негізге ала отырып мынандай шешімге келді, іріндеудің себебі микроорганизмдер және олармен күресуде карбол қышқылын пайдалануды ұсынды. Осы әдіс бұдан былай «антисептика» деген атақ алды. 1885 жылы орыс хирургі Субботин асептиканы бастады. Операциялық бөлмені жабдықтап және танатын заттарды залалсыздандырады (стерилизация). Одан кейінгі жылдары Пироговтың шәкірті Бергман асептика әдісін ұсынды, оны дайындауға оның шәкірті Шиммельбуш қатысты.

Эсмарх қан аққанда тартпаны (жгут) орап байлауды ұсынды, Ландштейнер мен Янский қан топтарын ашып, қансыраудан болатын өлімнен науқасты аман алып қалуға мүмкін болды. Рентген және радий сәулелерің ашылуы (М және П Кюрилер), қатерлі ісіктерді емдеуге мүмкіндік берді. Н.И. Пирогов – отандық хирургияның негізін салушы 26 жасында хирургия кафедрасын менгерді, отандық хирургтарды баулыды, топографиялық анатомияның атласын жасады. Бірінші рет операция кезінде жансыздандыру үшін эфирді наркоз ретінде пайдаланды, асептика мен антисептиканы жарақаттыларды емдеуге енгізді, соғыс аланында жарақаттыларды сұрыптауды ұсынды, сынықты емдеуге гипстеп тануды ойлап тапты, мейірбикелерді жұмысқа тартты.



Хирургиялық инфекцияның алдын алу. Асептика және антисептика, әдістері.

Хирургиялық инфекция - түрлі микроорганизмдердің қоздыруының әсерінен болатын іріндеу мен қабынулар. Патогендік микробтар:стрептококктар, стафилококктар, көк ірің таяқшасы және т.б., тұқымдық көбеюдің барысында ұлы заттарды бөліп, оған ағза қарсы жауап ретінде қабынады. Жұғу жолдары: а)экзогендік –сыртқы микробтардың ағзаға сыртқы ортадан түсуі: 1. Ауа-тамшы жол; 2.Жанасу –контакттық жол; 3.Енгізу- имплантациялық жол арқылы енуі. б)эндогендік –созылмалы инфекция ошағынан қан және лимфа арқылы инфекцияның тарауы.

Ауруханалық инфекция –хирургия бөлімдерінде танып- байлау кезінде, операциядан кейінгі науқастар жататын бөлмелерде асептика ережелерін сақтамағанда пайда болады. Жараның іріңдеуі, іріңді ісік, өліеттену, тілме, сіреспе және т.б., хирургке адым аштырмады. Ең жеңіл деген операцияның өзінен өлім-жітім жиі болды. Сондықтан да асептика мен антисептика өте маңызды мәселе. 1978 жылы шілденің 31 ССРО ДМ №720 «Ірінді хирургиялық аурулармен науқастарға дәрігерлік көмекті жақсарту және ауруханалық инфекциямен күресті күшейту тұралы» бұйрығын шығарды. Казіргі асептиканың бастамасы – жарақатқа тиетін барлық нәрселердің бактериялармен ластануына жол бермеу.

Асептика –жарақатқа микробтардың түспеуіне бағытталған шаралардың жиынтығы. Асептика негіздері: 1. Науқастың тәнін, әсіресе оның жарақатын сыртқы ортамен жұғысуынан қорғау үшін жеткілікті аймақпен оңашалау; 2.Адпм денесімен жанасатын, әсіресе жарақатқа тиетін заттардағы микробтарды құрту.

Асептиканы қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларының түрлері.

Операциялық бөлім 3 аумаққа бөлінеді:

1.Стерильды тәртіп аумағы –операциялық бөлме, операцияға кіреберіс, стерилизациялық бөлмелер,

2.Қатан тәртіп аумағы –жабдықтар, аспаптар бөлмелері. Осы екі стерильды және қатан тәртіп аумақтарының арасында еденде «қызыл сызық» жүргізіліп, оны тек ғана арнаулы киімде, аяқ киімде және тұмшада кесіп өтуге болады;

3.Жалпы тәртіп аумағы – қызметкерлер бөлмесі, тазалық түйіндері, себелеп жуындырғыштар, қосалқы бөлмелер.

№ 48 бұйрық бойынша стерильды тәртіп аумағында бактериологиялық бақылау апта сайын жүргізеді.

Залалсыздандырылған аумақтағы бөлмелерді жинастырудың 6 түрі бар:

1.Күнделікті –операция жасалған күнгі қандай қандай болмасын ласты құрту.

2.Алдын-ала- күнделікті таңертең жұмыс алдында дымқыл жинастыру;

3.Ағымды – операция кезінде;

4. Оперциядан кейін –операциялар арасында;

5.Қорытынды –күнде жұмыс күнінің соңында, қабырғаны, еденді жуу, аппараттарды сүрту;

6.Жалпы (генеральды) – аптасына 1 рет заласыз тәртіп аумағында, айына 1 рет барлық бөлмелерде.

Жинастырып болған соң, ауаны зарарсыздандырады – 6 сағат бойы бактерия жойғыш шам қосулы болады.

Асептиканың негізгі 2 түрі болады: 1. Физикалық асептика (стерилизация) микробтарды және олардың спораларды жоғаргы температура көмегімен жою: а) қайнату арқылы –шприцтерді, құралдарды 45 минут, резеңке дренаждарды, катетерлерді, қолғаптарды 15 минут, қыл ысқыштарды 1 сағат қайнату; б) ыстық ауа шкафы көмегімен; в)отқа күйдыру арқылы; қайнату мен күйдыру әдістері қазіргі күнде қолданыста жоқ; г) автоклавтау –таңғыш материалдар, ақ жаймалар, құралдар, түтікшелерді бикске салып, 1 АТМ- 1200- 60минут, 1,5 АТМ- 1270 – 45минут, 2 АТМ – 1340 -30минут бойы залалсыздандыру; д)ионизациялық сәулелермен залалсыздандыру, УКС

2.Химиялық асептика микробтарды әртүрлі химиялық препараттардың көмегімен жою.

Стерилизацияны бақылау – термоиндикаторлар көмегімен, бактериологиялық әдістермен іске асырылады. Термоиндикатор ретінде қиын балқитын ұнтақтар (күкірт, антипирин, резорцин, левомецитин, аскорбин қышықылы, сахароза) қолданылады, олар ауа температурасы 160-180-2000 С жеткенде балкиды. Соңғы кезде түрлі түсті термоиндикаторлар пайдалануда.

Антисептика жарадағы және ағзадағы микробтарды және олардың спораларын жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Антисептика түрлері: 1.Механикалық антисептика – механикалық әсердің арқасында микробтарды жою, жараны жуып-шаю, бөгде заттардан тазалау, ЖАХӨ жасау арқылы.

2.Физикалық антисептика физиканың заңдарын пайдалатып жарадағы микробтарды жою – қуыстарды дренаждау, таңғыш байлау, іріндіктерді тесіп ірінді ағызу, физиоем тәсілдері.

3.Химиялық антисептика – антисептиктердін (химиялық заттардың) көмегімен микробтарды жою. Антисептиктерді жергілікті түрде- ерітінді, майлар, ұнтақтар ретінде қолданады,қуыстарға енгізу арқылы, парентеральды, пероарльды жолдармен қолданады.

4.Биологиялық антисептика – микробтарды бактериофагтардың, сары сулардың, ферменттердің, вакциналардың, антибиотиктердің көмегімен жою.

Антисептиктер топтамасы:

І.Галоидтер –Йод, йодонат, хлорамин Б.

ІІ. Қышықылдар – Бор қышқылы, салицил қышқылы.

ІІІ. Тотықтырғыштар – Сутегі асқын тотығы, калий перманганаты.

ІV. Ауыр металл тұздары – Сулема, күміс нитраты.

V. Спирттер – Этил спирты, камфора спирты, шарап спирты.

VІ.Альдегидтер – формальдегид (формалин)

VІІ. Бояғыштар – Бриллиант жасылы, метилен өгі, риванол.

VІІІ. Нитрофурандар – фурациллин, фурадонин, фурагин.

ІХ. Сульфаниламидтер – сульфадимезин.

Х. Антибиотиктер – Пенициллиндер, цефалоспориндер, тетрациклиндер, стрептомициндер, аминогликозидтер, макролидтер.

ХІ. Ферменттер – трипсин, химотрипсин.

ХІІ.Фитонцидтер.

ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Хирургиялық бөлімшелердің түрлері. Хирургиялық бөлімшелер басқа медициналық бөлімшелерге қарағанда өзінің ерекшелігімен бірнеше саты жоғары тұру керек. Хирургияның негізінде ауру адамдарға операция жасалатын болғандықтан,асептика мен антисептика мәселесіне өте қатты көңіл бөліну керек. Аз ғана асептикалық және антисептикалық ереже сәл ғана бұзылса,операциядан кейін жасалған жараның іріңдеуіне және одан да басқа ауыр жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Хирургиялық бөлімшелерде аурулар «таза және іріңді» сырқат түлреліне бөлінеді,сондықтан хирургияда таза және іріңді хирургия болып есептеледі.Таза хирургия іріңдеген және қабынған аурулары жоқ адамдарды емдейді,көбінесе операция жоспарлы түрде жасалады.

Іріңді хирургия қабынған аурулардың іріңді түрде асқынған түрдерін емдеп,көмек көрсетеді(шиқан,кабункул,остеомиелит,іріңді аппендицитжәне тағы басқа). Инфекция іріңді аурудан ,жарасы таза ауруға жұқпас үшін және аурухана аралық инфекцияны болдырмау үшін іріңді ауруларды жеке бөлмеге жатқызады. Бұндай ауруларға арнайы көмек көрсету үшін үлкен ауруханалрада жеке түрде іріңді хирургия бөлімшелерін ұйымдастырылады.

Хирургиялық бөлімшенің құрылысы. Хирургиялық ауруларды емдеу арнайы жабдықталған және жарықтандырылған хирургиялық бөлімде жүргізіледі. Шағын ауылдық ауруханада хирургиялық бөлім болмауы мүмкін,бірақ жедел хирургиялық ауруларға көмек көрсете білу керек. Мұндай ауруханада арнайы зарарсыздандыратын ,операциялық және таңып-байлайтын бөлмелер болуға тиісті. Хирургиялық бөлім бірнеше бөлмелерден-операциялық блоктан ,таңып-байлайтын кабинеттен ,шаруашылық бөлмелерден/ванна,буфетідәмхана,дәрігерлер отыратын бөлме ,қойма тағы басқа/құралады. Хирургиялық бөлме орталық су,канализация жүйесімен,жылумен ,электрмен жабдықталуы керек.

Емханадағы хирургиялық кабинет – бірнеше бөлмеден тұрады:1. Дәрігердің қабылдау бөлмесі; 2. Таза және іріңді таңып- байлайтын бөлме; 3. Жеңіл амбулаториялық операция жасайтын үстел,мейірбикенің жұмыс жасайтын үстелі,керекті аспаптар, құралдар ,ауру жататын төсек,негатоскоп,керекті дәрілерді ,аспаптарды сақтайтын шкафтар,бірнеше эмаль ыдыстар,шелектер болуы керек.

Емханадағы жарақат пункті –үлкен қалаларда тәулік бойына жұмыс істейді. Бұл пунктте адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі,атап айтқанда ,алғашқы хирургиялық өңдеу,әртүрлі іріңдеген жараларды /шиқан,көршиқан,флегмона,іріңдік тағы басқа/,шыққан,сынған сүйектерді орнына салу сияқты көмектер көрсетіледі. Құралдармен жабдықталуы хирургиялық кабинетпен бірдей ,бірақта қосымша травматологиялық аспаптар:ұнтақталған гипс,гипстелген таңғыш,қысқыш,ара, кесетін,тесетін құралдар, операциялық үстел және твғы басқа болуы керек.

Операциялық бөлімшенің жұмысы. Хирургиялық аурулардың операция жасау нәтижесінде ,операция бөлімшесіндегі мейірбикенің атқаратын міндеті зор. Мұндағы мейірбикенің білімі,кәсіптік іскерлігі,мәдениеті, тазалығы басқа бөлімшедегі мейірбикелердікінен гөрі артық болуы керек.

Операция бөлімшесінің құрамы бірнеше бөлмеден тұрады:

1.опреацияға дейінгі бөлме

2.операция жасайтын бөлме

3.зарарсыздандыратын бөлме

4.заттар қоймасы. Хирургиялық бөлімшенің атқаратын жұмысына қарай бірнеше операциялық бөлмелер болуы мүмкін. Соған қарамастан іріңді және таза операциялық бөлімшені жақсылап зарарсыздандыру керек.

Операция залына кіре берістегі бөлме хирургтар мен мейіркештердің операцияға дайындалуына арналған. Опрецияға әзірлік қол жуудан басталады.Мұндай мақсат үшін арнайы 2-3 қол жуғыш /мұздай және ыстық су араласқан/,айна,сағат,қол жуатын тегештер,қол сүртетін зарарсыщдандырған сүлгілер және операция залына қажетті заттар болады. Операция залы деп операция жасайтын бөлмені айтады.Бұл бөлме бүкіл операциялық бөлімшенің орталығы болып есептелінеді,жылылығы 22-24.болуы керек.Операция жасалатын залға тек қана керекті жабдықтарды,жарықтандыру жүйесін ,аспаптарды орналастырады және операция мейірбикесінің қызмет орны жабдықталады:

1.Операция үстелі операция жасалатын мүшеге байланысты денесін әртүрлі жағдайға келтіріп,жатқызуға мүмкіндік туғызу керек.

2. Операция мейірбикесінің үстелі әртүрлі хирургиялық аспаптар,таңуға ,байлауға керек материалдар, хирургке қажет құралдарды қоятын үстел ,электрлі пышақ ,электрлі сорғыш ,наркоз беретін заттар.

3. Зарарсыздандыратын бөлме көбінесе автоклав бөлмесі мен қатар болады. Бұл бөлмеде әртүрлі қайнатқыштар ,стерилизаторлар орналасады.

4. Заттар қоймасы жараны таңатын, тігетін ,шүберектерді және дәрі-дәрмектерді дайындап сақтау үшін қажет.

Операция жасайтын бөлмені тазалай тәртібі.

1.Операция кезінде санитарка тазалау жұмысын жүргізеді:қан болған құрал-аспаптарды ,түйіндерді,сүлгілерді жинап, аяқ астындағы былғанған еденді уақытында сүртіп отырады.

2. Әрбір операциядан кейін бөлмені сүртіп шығады.

3. Барлық операция бітісімен күнделікті тазалау.

4. Жоспар бойынша аптасына бір рет жақсылап тазалау.

Жақсылап тазалау аптаның соңғы мезгілінде жүргізіледі.

Сабындалған ыстық сумен төбені, еденді, терезе, қабырғаларды жуып,сонан соң антисептикалық ерітінділермен сүртеді.

Таңып,байлау бөлмесі.Таңып,байлау бөлмесіне қойылатын тазалық ережесі,операциялық бөлменің ережесімен бірдей /жарық және таза бөлме қабырғалары майлы бояумен боялуға тиіс/. Бөлменің жылылығы 18 жоғары болады.

Керекті құрал-жабдықтар:ауру жататын үстел,хирургиялық аспаптар мен байлап –таңатын материалдар ,бірнеше отырғыш ,дәрі-дәрмек пен құрал-саймандарды сақтайтын шкафтар.

Бөлмені өте тезе түрде ұстау-мейірбикенің негізгі міндеті.

Құрал-сайманды және материалды ,үстелдерді әзірлеу тәртібі операциялық үстелді әзірлеу тәртібімен бірдей. Құралдар мен материалдарды тек қана қысқыш аспаптармен /корнцанг/ беру керек. Жұмыстың басында,бірінші таза жарасы бар ауруларды таңып-байлау керек. Жұмыстың аяғында дезинфекциялық ерітіндімен сүртіп, кварц сәулесімен зарарсыздандырады. Үлкен хирургиялық бөлімшелерде «таза» және «іріңді» бөлмелер жеке болады.



Хирургиялық операциялар туралы түсінік. Хирургиялық операция дегеніміз ұлпаны және мүшені емдеу және ауруға диагноз қою мақсатында адам ағзасын механикалық күшпен әсер жасау.

Операцияның түрлері. Операция жасалу уақытына қарай екіге бөлінеді.

1.Жоспарлы операция – бірнеше күннен кейін және ауруды алдын –ала әзірлеп жасалатын операция,

2. Жедел операция-ауру түскеннен кейін ,аз уақыттың ішінде операцияғаәзірлейді.

Операция емдеу бағытына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:І.радикалық операция-ауырған ұлпа не мүше толық алынбайды. Операция түріне қарай:

1.қанды оперция.

2.қансыз операция болып бөлінеді.Бірінші түрінде ұлпалар не мүшелер кесіліп,ажыратылып қан кетеді. Екінші түрінде ұлпалар не мүшелер кесілмейді/шыққан буынды,сынған сүйекті салу/.

Аурудың операциялық столда жату қалпы. Шалқасына көлденең жату көп қолданылады. Бұл асқазан, ішек жолдарына ,кеуле қуысына, аяқ-қолға операция жасағанда тиімді.

Мойын мүшелеріне операция жасағанда шалқасынан жатқызылып,жауырынның астына көпшік қойылады/кеңірдекті тесу,қалқанша безді кесу тағы басқа/.

Асқазанға, бауырға, өт жолдарына операция жасағанда белдің астына көпшік /валик/ қояды.

Ауруды бүйірінен жатқызу-бүйіріне оперция жасағанда керек,етпетінен жатқызу омыртқа,мидың артқы бөлігіне ,жамбасқа операция жасағанда пайдаланады. Жамбастың ,ішкі қуысы мүшелеріне операция жасағанда арудың бас жағы төмен болуы керек/Дренделенбург қалпы/. Шатқа ,тік ішекке жасалатын және гинекологиялық операцияларда екі аяғын көтергішке әдейі асып қояды.



Қазіргі хирургиялық аспаптар және зарарсыздандыру әдістері.

Хирургиялық аспаптар өздерінің пайдаланылаиын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

І.Теріні ,ұлпаларды тіліп ажырататын аспаптар қандауыр /скальпель/,қайшы,ара,тістеуік,трокар/кеуде қуысына түтік қоюға арналған аспаптар /.

ІІ. Қан тамырын қысатын аспаптар /Пеан,Кохер,Бильрот қысқыштары/,ішекті,асқазанды,өт жолдарын,буынның қан тамырларын қысатын аспаптар/.

ІІІ. Жараны ,кесілген ұлпаларды біріктіретін аспаптар-хирургиялық әртүтлі инеоер, ине ұстайтын қысқыштар.Қысатын қысқыштар ұшының түріне қарай анатомиялық,хирургиялық және жалпақ тісті қысқыштар болып бөлінеді.

ІV.негізінен хирургиялық аспаптар үлкен екі топқа бөлінеді.

а/жалпы қолданылатын,операцияның барлық түрлеріне пайдаланылатын аспаптар ұлпаларды айыратын және тігіп біріктіретін қысқыштар./арнайы қолданатын аспаптар.Ол операцияның түріне қарай :кеуде қуысының мүшелеріне арналған/,құрсақ қуысының мүшелеріне арналған/,сүйектерге арналған/,несеп-жыныс жолдарына арналған/,кеңірдекті тесіп тыныс түтігін орнатуға арналған/трахеостомия /,тік ішекке арналған/,бас пен миға арналған/,қосымша аспаптар болып бөлінеді. Хирургиялық аспаптарды микробтардан зарарсыздандыру үшін ,қайнатқыштың көмегімен суда 20-30 минут қайнатады. Хирургиялық аспаптардың тот басуынан сақтау үшін 2 пайыз көмір қышқылды натрий ерітіндісін қосу керек.

Хирургты киіндіру инфекциямен ластанған аспаптарды 2-3 рет 45 минут қайнатады. Соңғы кезде хирургиялық аспаптарды зарарсыздандыру үшін ,алдымен физикалық және химиялық әдіспен тазартып алады.Ол үшін қолданылған аспаптарды ,ағып тұрған ыстық сумен жуып,содан кейін 15 минут тағы жуады.Қанмен ластанса 0,5 пайыз жуғыш ерітіндіні ,іріңмен ластанса 1 пайыз жуғыш ерітіндіні қолданады. Аспаптарды осы ерітіндіге салып қойғаннан кейін мақта шүберек –дәкемен ысқылап жуады. Соңынан ағып тұрған сумен, содан кейін сүзілген сумен жуады. Аспапты қайнату ережесі жоғарыда көрсетілгендей.

Оптикасы бар аспаптарды /цисоскоп ,лапароскоп ,торакоскоп және тағы басқа /зарарсыздандыру үшін стерилизатордың түбіне формальдегид таблеткасын салып, жабық түрде цисоскопты 48 сағат ұстайды. Формалиннің буы микробтарды жояды.Екінші әдіс бойынша 96 градус спиртке 10минуттай салып ,сонан соң 1:1000 сынап қоспасы бар цинанид ерітіндісіне бес минуттай ұстап,пайдалануға болады. Аспаптың оптика бөлігі ерітіндіге малынбау керек.

Хирургиялық аспаптарды зарарсыздандыру үшін соңғы мезгілде жаңа әдістер қолданылып келеді.

а)Металдан жасалған аспаптарды қатты қыздыру,б)Арнайы жасалған шкафтардың ішінде құрғақ ыстыққа ұстау,в)Суық сәуленің күшімен(ультракүлгін сәлесі ,ультрадыбыс толқыны) зарарсыздандыру.

Хирургиялық аспаптарды /кесу,тігу/ зарарсыздандыру шприцтер мен инелер арқылы жұқпалы вирус қоздырушыларының /жұқпалы гепатит,СПИД/ адам ағзасына таратылмауы үшін жасалынады.



Операция жасалатын бөлмедегі мейіркештің міндеті және тәртіп ережесі.

1.Бұл бөлменің медицина қызметкерлері гигиеналық талаптарды қатал сақтауы керек .

2. тырнақтарын қысқа етіп алып,шаштарын орамал немесе қалпақ астына жинап,қолдарын таза ұстауы міндет.

3.Операция ақытында көп жүруге және сөйлеуге болмайды.

4.Операция жасайтын бөлмеге бөтен адамдар кіргізуге болмайды.

5.Операциялық бөлмені жоспарлы операцияға бір күн бұрын даярлайды.

6.Қолын зарарсыздандырғаннан кейін халат киеді,қолын қайтадан 96 градус спиртпен жуады,қолғап киеді.

7.Құрал-саймандар тұратын кіші үстелді жабдықтайды.

8.Хирургтің киінуіне көмектесуге операциялық мейіркештен басқа шаруашылық мейіркеш қатынасады.

9.Операция уақытында мейіркеш антисептика және асептика заңын қатаң сақтайды. Хирургтің қолы былғанып инфекция тарататынқаупі болса,мейіркеш дереу хирургтің қолын сулема ерітіндісімен жуғызады,қолғабын ауыстырады.



10. Операция біткенннен кейін құрал-жабдықтарды жуып,бөлменің тазалығын сақтайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет