Home-banking жүйесінің электронды есеп айырысу жүйесіндегі алатын орны



Дата03.05.2016
өлшемі99.87 Kb.
УДК 336.717.161

Home-banking жүйесінің электронды есеп айырысу жүйесіндегі алатын орны

Жорабаева Ж.К., Үшкемпірова Г.Ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Аңдатпа

Бұл мақалада Біз бітіру жұмысында қарастырып отырғанымыз, коммерциялық банктердің көптеген инновациялық өнімдерді енгізу жолында болғандықтан, шет елдік тәжірибелерге назар аудару арқылы жаңалықтарды еңгізу процестерін неғұрлым жедел еңгізуін қарастыруға ұмтылудамыз. Жаңа банктік қызметтер мен өнімдерін ең бірінші және бірінші қатарлы банктер арасында болғандықтан және өз өзектігін арттыруына байланысты. Ол өзінің лидерлігін сақтау мақсатында өзінің клиенттеріне жаңа өнім мен қызметтер түрін одан ары жетілдіру процесін ұлғайту үстінде. Ол жаңа озық техника мен технологияларды бірінші еңгізуіне және оны пайдалануы қарастырылады.



Кілт сөздер: пластикалық карточка, электронды төлем жүйесі, электронды есеп айырысу жүйесі, магниттік карталар, электронды карталар, қолма-қолсыз ақша.

Қазіргі уақытта дүниежүзінің 200-ден астам мемлекеті пластикалық карточканы төлем айналымында қолданады. Банктік істе пластикалық карточкалар «техникалық революция» ретінде маңызды элементі болып табылады. Электронды банктік жүйеде пластикалық карточка басты элемент болып келеді. Пластикалық карточкалардың 2-і негізгі түрі бар:

1.Магниттік карталар;

2.Көп функционалды электронды карталар.

Бұл карточкалар өздерінің көп функционалдылығымен әр түрлі банктік операцияларды жүргізеді. Пластикалық карточкалармен бұндай операцияларды жүргізу, ол электронды төлем жүйесінде маңызды орын алуда және сол құрылғы арқылы операциялар жүргізілуіне байланысты, оны - Банкомат деп көрсетуге болады. Электронды төлем жүйесіндегі Банкомат (ATM-Automated Teller Machine)-көп функционалды автоматтар, яғни автобанктер, магниттік пластикалық карточкалардың және көп функционалды электронды карточкалардың соңғы жаңалығымен басқарылады. Банкоматтар Euro Card/Master Card жүйесінде жұмыс істеді. Қарапайым банктік қызметтер операциясын орындау үшін банкоматтарды пайдалану банктік қызметкерлердің қолын босатты, оларға басқа да арнайы қызметтердің түрлерін көрсетуге ынтасын салуда және болашақта ұзақ мерзімге халыққа қызмет көрсетудің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Кассир-автоматтарын қолдануда банктердің әрекеті өздерінің қызметтерін клиентке неғұрлым жақындастыруда. Тұтынушыға ол үшін оның құны, олардың мерзімді және кеңістік шектеуін кеңейтеді, онда клиент банктік операцияларды жүргізуі мүмкін, мысалы, қолма-қол ақшаны алуы бойынша және салымдық операцияны жүргізуге болады [1,5].

Банк үшін банкомат эффективті құрал болып табылады, ол персонал бөлімінің қысқаруын жасауға көмектеседі және ірі пайда алуға жәрдемдеседі және де тұтыну нарығында позицияны сақтау үшін, бәсекелестік күресте артықшылық алу үшін тырысады. ATM жасауда автоматтарды қолдану тиімді болып есептеледі, өйткені бұл жағдайда ғимаратқа қосымша шығын және қызмет көрсететін персоналға қажеттілік жоғалуда. Клиент жағынан айта келсе, АТМ пайдалану банкте қызмет көрсетудегі салыстырулар бойынша артықшылықтары бар. Ең бастысы клиент үшін ыңғайлы және жедел болды, операцияны банкомат арқылы банктік операциялар қызметін тәулік бойы көрсетуге мүмкіндік береді, ол қосылған желі мен АТМ-ге кірудің қарапайымдылығымен сипатталады. Сондықтан соңғы жылдары банктердің клиенттері банкомат қызметіне жиі жүгінеді. Банктердегі клиенттердің жартысынан көбі банкомат қызметіне келуі, өсу қарқынын алуда. АТМ пайдаланудың жетіспеушілігіне келесіні жатқызады:

А) Операция жүргізу күнінде клиент шотынан қаражатты есептен шығару (сенбі және жексенбі күндерінен басқа), ол банк бөлімінде айналыс кезінде белгіленген уақыт аралығындағыдай емес (тек қана клиенттің шоты ашылған бөлімінен басқасы);

Б) Карточканы жоғалту немесе ұрлату кезінде болатын мүмкіндігі (мысалы, АҚШ-та осындай мүмкіндік болмауына қарсы автобанкоматтарда фото камера қойылуда, онда клиент банкоматтағы пернелі тақтада өзінің персоналды нөмірін ендірген уақытта суретке түсіру операциясы орындалады);

В) АТМ-де қиындықтары туғызылуы мүмкін, егер АТМ белгілі уақытта әр түрлі себептерге байланысты жұмыс істемеуі (Сарапшылардың бағалуы бойынша, АТМ-ның істен шығуы кезіндегі уақыты жұмыс күнінің 5 % аспайды. АТМ істейтін ауқымды жұмыс көлеміне қарағанда банк үшін және оның клиенттеріне зиян келтіреді).

Қазіргі таңда жай банкоматтардың ғасыры өтуде, оның орнына АҚ «Халық Банк» технологиялық мультибанктері енуде, олар келесідей қосымша қызметтер ұсынуда:



  • Карточкадан карточкаға қолма-қолсыз ақшаны аудару.

Қазіргі кезде ақша алушының Қазақстанда немесе шет елде болуына байланыссыз АҚ «Халық Банк» карточка ұстаушылары ақшалай қаражаттарды тәулік бойы кез келген уақытта аударуды жүргізе алады немесе туысқандарына қаржылық көмек көрсетуін жүргізуге мүмкіндік туғызылады;

  • АҚ «Халық Банк» клиенттері «Халық Банк» кез келген банкоматында қолма-қолсыз операция түрі бойынша валютаны сатып алуды және сатуды өздерінің карточкалары арасында жүргізуге болады. Берілген операцияны үш валюта түрінде жүргізуге мүмкіндік бар, олар: Теңге, АҚШ доллары, және Евро. Жекелеген банкоматтардан берілген валюталарды қолма-қол түрде ақша алуға болады;

  • Карточкадан ағымдағы шотқа қолма-қолсыз ақшалай аударым. АҚ «Халық Банк» клиенттері өз-өзіне қызмет көрсету жүйесінде жаңа мүмкіндік алды, ол карточкадан ағымдағы шотқа ақшаны аударуды жүргізу процесі клиентке ыңғайлы кезде қолданады. Мысалы, тұтынушылық несиені жабу мақсатында (ипотека, автонесие, экспресс-несие);

  • K-cell, K-mobile ұялы телефон байланысының операторларына байланыс қызметі үшін төлем жүргізу.

Бұл қызмет түрі Халық Банк карточкаларын ұстаушылары арасында кең ауқымын алуда. Ұялы телефон байланыс абонентінің шотына ақша санаулы минуттарда түседі [2,15].

Жай аударымға қарағанда банкомат арқылы аударымының айырмашылығы неде?- деген сұрақ туады.Бұл жеңіл, тез және ыңғайлы. Банктің бөлімшесіне бару қажеттілігі туындамайды; ешқандай бланкіні толтырудың керегі жоқ; ақшаны аудару аптаның кез келген күнінде және тәуліктің кез келген уақытында жүргізуге болады [3,20].

Қосымша қызметі ретінде Cash-in операциясы енуде. Банкоматтардың барлығы ақшаны бере алады. Ал Халык Банк Cash-in ақшаны қабылдау қызметін жүргізетін Қазақстанда бірінші банкомат ендіруде. Cash-in карточка шотын толтыру үшін пайдаланылады. Оның ыңғайлығы келесіде, яғни ақшаны ендіру үшін құжаттарды толтыру керек етпейді. Шотқа ақшаны есепке алу өзіне ыңғайлы уақытта, яғни тәулігіне 24 сағатта аптасына 7 күнде жүргізіледі.

Қазіргі таңда Талдықорған қаласында тәулік бойы АҚ «Халық Банк» 4 банкоматы қызмет көрсетуде. Олар: Филиал ғимаратында, «Ақниет» және «Даулет» сауда үйлеріндегі банкоматтар қызмет етуде. Ақшаны қабылдайтын банкоматтың жұмыс технологиясы:

- Арнайы бөлімшеге ақша бумасы салынады, одан кейін банкноталарды нақтылығына идентификацияланады.

- Еңгізілген ақшалай сомманы банкомат есептейді және қолма-қол ақшаны салуы бойынша операцияның дұрыстығын талап етеді;

- Осыдан барып нақты уақыт бойынша карточкаға есепке алады.

Халық Банк жоғарыда аталған операциялармен қоса клиенттерге Home-banking қызметін ұсынуда, яғни клиенттерге үйінде немесе жұмыс орнында банктік операциялар қызметін ұсыну. Банкоматтарды пайдаланумен қатар, электронды есеп айырысу жүйесі және үйде банктік операциялардың арқасында төлем жүргізу (Home-banking) халыққа банктік қызметтің өзіндік формасын көрсетеді. Кәсіпкерлік салада жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу болып виртуалды экономиканы жасау болып табылады. Кәсіпорындар және фирмалардың көбісі глобалдық желіні пайдалануға ену және өздерінің операцияларымен есеп айырысу арқылы жүргізуде, тауарларын жарнамалау, маркетингтік зерттеулерді жүргізуге және виртуалды дүкендерді ашуда. Бұл жаңалық та банктік салаға өз септігін тигізуде. Компьютерлер банктерде бірінші рет 1950-ші жылдарда АҚШ-та пайдаланылды, бірақ өздерінің қызметтерін оптимизациялаудың жолдарын іздестіруде болды. Олар ең тиімді жол деп интернет желісі арқылы қызмет көрсету болып табылады. Банктік қызметтерді оптимизациялау 1970-ші жылдары жасалып көрілді, бірақ бұл үлкен масштабтағы информациялық жүйе жасуға көптеген ақшалай қаражаттар керек болды. Сонымен бірге сол кезде техникалық мүмкіндігі жоғары деңгейде болған жоқ, сол кезде операциялардың барлығы «қағаздық жүйеде» болғандықтан, жаңа операциялар түрі ақырын даму үстінде болды. Жаңа бағдарламалық тауарлардың пайда болуымен және жаңа процессорлардың пайда болуымен қазіргі таңда барлық банктік қызметті автоматизацияландыру жасалып келеді [4,37].



  • Қағазды-қаржылық құжаттарды электронды өңдеу;

  • Есеп айырысу және төлем операцияларын компьютеризациялау;

  • Бөлек жұмыс орны арасында және банк аралық байланыс жүйесін өндіру;

Осылайша, информацияны пайдалану ұжымдық түрде мүмкіндік туғызады, ол «Дүниежүзілік тордың пайда болуымен халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді». Бұл жаңадан қолма-қолсыз есеп айырысу жүргізілуде, оны «локалды-виртуалды төлем» деп аталады:

  • Интерактивтік бизнестегі банктер электронды ақша концепциясы банктер өз қызметін клиенттерге үйінде көрсетуге мүмкіндік береді. Банктің негізгі талабы оның интернетте жүргізілетін өтімділігінде жатыр;

  • Электронды жүйелік есеп айырысуда банкоматтарды пайдаланумен қоса банктер клиенттерге түрлі қызметтер көрсетеді, оның ерекшесі ол үйде банктік операцияларды жүргізу.

Электронды банктік қызмет жүйесінің пайдаланушысына өз үйіне керекті құралдарды сатып алу арқылы, банк клиентке үй терминал құралы бойынша консультация көрсету және керекті бағдарламалық қамтамасыз етуін алу жайлы айтады. Осындай жүйелер банк клиенттеріне монитор экранын қолдана келе және телевизорға, дербес компьютерге, банктік компьютерге (телефон немесе бейнетаспа) телекоммуникациялық байланыс жүйесі бойынша қосылу арқылы жүргізіледі. Бұндай операциялар аптасына 7 күнінде тәулік бойы жүргізілуі мүмкін. Әрбір операцияның басында шот иесі жүйеге құқықсыз қосылмау үшін қорғау кодына «кілтін» пайдаланады. Берілген жүйені пайдалану ағымдағы шотта басқару үшін, салымды, бюджет пен клиенттің есеп айырысуы, жинақ және төлем шоттарымен басқаруына мүмкіндік береді.

Банктің компьютерлік жүйеге персоналды компьютер қосылған жағдайда операциялар арасында келесілерді көрсетеді:

- Ағымдағы күнге баланс шотын ашу;

- Нұсқау бөлшектерімен танысу;

- Чек кітапшасын алуға мүмкіндігі және белгілі бір уақыт аралығында клиенттің шотындағы қаражаттар қозғалысына бақылау жасау;

-Клиент шоты бойынша есеп айырысуларды жүргізу;

-Әр түрлі компаниялардың қызметіне жүргізу (мысалы, үйдегі компьютердің көмегі арқылы кредиттік және басқа да пластикалық карточкалар шығаратын компанияға төлемді алдын ала жүргізу);

- Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу және т.б.

Клиентке үйде кассалық қызмет көрсетуі түрлі жағдайларда ұлттық валютада жасалса шектеу қойылмайды. Мысалы, Жапония банктері Нью-Йоркте, Лондонда және т.б. жерлерде ашылған шоттары бойынша клиентке оның шотындағы қаражаттарына толық мәліметтер береді. Сөйтіп, банк өз клиенттеріне үйінен шықпай-ақ операцияларын жүргізуге шектеулері мүмкіндігінше жоқ. Банктің клиенті кез келген банктік операцияны күндіз немесе түнгі мерзімде соның ішінде, кез келген уақыт аралығында жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, бірақ банк сол операцияларды кейіннен бақылау жүргізеді [5,2].

Қазіргі таңда, мысалы, Францияда банкпен тікелей байланысты 300 мыңға жуық клиент ұстауда. АҚШ-та 80 жылдардың соңында сондай қызметтерді 33 мың американдықтар пайдалануда, ал сондай электронды бағдарламаларды жүргізу қызметіне 41 банк ие болды. Қазір АҚШ-тың ірі банктері өз клиенттеріне үйде қызмет көрсету операцияларын ұсынады. Соңғы жылдары Қазақстанда коммерциялық банктер өз клиенттеріне офисте немесе үйде банктік операцияларды жүргізуі бойынша электронды қызмет ұсынуда. Клиенттер-банктен пароль және дискеттің кілтін пайдаланушы жүйеге беріледі, осыдан келе оның электронды қол қоюдан барып төлем тапсырмасын модем бойынша құрып жібереді. Банкте құжаттар алынады да тексеру жұмыстарын жүргізеді және жетіспеушілік жағдайында клиент шотынан ақшалай қаражаттар автоматты түрде есептен шығарылады. Қазақстандағы есеп алатын орталықтан төлем тапсырмасы ағымды күннің 17 сағатынан кешіктірмей беріледі, ал келесі күннің ертеңіне алынатын банктің орталық кассасынан ақшаны ала алады. Тағы бір ерекшелігі, мысалы, «Optimum cash» жүйесі басқа да отандық «Клиент-банк» жүйесінен ол нақты уақыт режимінде қызмет етеді, яғни ол клиенттерге бір байланысында барлық операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде АҚШ-тағы барлық үлкен банктер осындай қызметті ұсынады [6, 325].

Home-banking жүйесі интернет арқылы істейтін төлем жүйесінің элементі, өйткені оған кез келген қатысушы қосыла алады және банктік операция жасауға мүмкіндік туады. Осындай жүйе автоматтандырылған есеп айырысуды толығымен барлық сауда-саттық және банктік бизнес саласында қамтамасыз етеді. Онда 2-і түрлі қағидалы құрылым бойынша төлем есептеледі:

1.Бизнес қанағаттануына қызмет көрсету (көтерме сауда) business-to-business;

2.Жеке клиентке қызмет көрсету (бөлшек сату) business-to-consumer.

Толығымен қауіпсіздік төлемдер кепілі болып электронды сандық қол қоюды барлық қатысушылар толтырады. Клиенттің электронды сандық қол 512 разрядтан тұрады, қазіргі кездегі техникалық жабдықтармен 48-52 разрядтарды бұзуға мүмкіндігі бар, сонымен оны қолдан жасау мүмкін емес екенін дәлелдейді [7,285].



Интернет төлемінің технологиясы алдын-ала корпорациялар арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құжаттардың айқын болуы арқылы корпоративтік клиенттерді белгілі бір жүйеге тіркейді. Қауіпсіздік жүйесінің төлемдеріне кепіл болып электронды сандық қол қоюды барлық қатысушылар толтырады, келешекте клиенттерге үйде банктік қызмет көрсету өзіне негізгі форма алуда, ол техникалық мүмкіндіктердің одан ары дамуы жаңа телекоммуникациялық байланыспен бірге, банкоматтармен үйдегі қызметті біріктіруге немесе клиентке толығымен кешенді қызмет көрсету әмбе-бап жүйе болуы мүмкін. Болашақта АҚ «Халық Банк» жұмыс істейтін банкоматтардың санын көбейту және Home-banking жүйесінің операциялық қызмет ауқымын кеңейту үстінде, яғни клиенттер үшін барлық жағдай жасауында.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ахметов.А.Т О стратегиях и планах ККБ. // News.2004, №6 – С. 3 - 5

  2. Айдаров Н.И, О банке ККБ. // News. 2004, №8 - С. 12 – 18

  3. Айдаров Н.И. Екінші деңгейлі банктер қызметінде жаңа қызметтер
    түрі. // Банки Казахстана.2005, № 1- С. 16 - 29

  4. Айткулов Ж.Е, Пути становления. // Қаржы-қаражат.2006 №21 - С.
    35 - 40

  5. Апсенбетов Р.Д Тета - тет с мультибанком. //Информационный
    вестник.2005, №2 – С.2 - 3

  6. Банковское дело. Под ред. Г.С. Сейткасимова.- Алматы; Экономика,
    2008. - 450с.

  7. Банковское дело. Под ред. Тавасиева Н. - М., 2008. - 385с.


Аннотация

В этой статье мы рассмотрим работу финале из-за коммерческих банков в введения многочисленных инновационных продуктов, внедрение зарубежного опыта через фокус на инновационных процессов стремимся быть наиболее актуальной войти. Новые банковские услуги и продукты, в первую очередь и является первым среди ведущих банков и увеличить свою актуальность. Для того, чтобы сохранить свое лидерство в новых продуктов и услуг для своих клиентов дополнительно улучшить процесс, находятся на подъеме. Это новые передовые оборудования и технологий, будет первым внедрение и использование.

Annotation

In this thousand rassmotrïm become rabotw-long kommerçeskïx to the finals in the banking vvedenïyamnogoçïslennıx Innovation Products, vnedrenïezarwbejnogo experience via focus on Innovation processovstremïmsyabytnaïboleeaktwalnoy Login. New bankovskïe services and products, pervwyuoçered and GX pervımsredïvedwşçïx except banking and Increase aktwalnost. My Togo, to save svoe leadership in novıx and wslwg Products svoïxklïentov Advanced wlwçşït process, naxodyatsyapodeme. On it peredovıe New Hardware and technology, it will be pervımvnedrenïe and ïspolzovanïe.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет