Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 0.79 Mb.
бет2/6
Дата03.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш
BOS -> Лекция 5 сағ. Практикалық сабақтар: 40 сағ. СӨЖ. 45 сағ. ОбсөЖ. 45сағ. Барлық сағат 135 сағ



3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Пәннің мақсаты:

  1. Студенттерді қазақ халқының хор мәдениетімен таныстыру , хормен тәжірибе алмасу бағытында теориялық білім беру.

  2. Жоғары білімді жан-жақты қалыптасқан кәсіпқой музыка маманын даярлап шығару.

  3. Музыка мектептерінде, жалпыға білім беретін орта мектептерде музыа пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерді, хор ұжымдарымен жұмыс істейтін хор жетекшілерін даярлап шығару.

  4. Болашақ мамандарды практика жүзінде керек болатын іс-тәжірибелік, әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету.

  5. Концерттік, орындаушылық әрекеттерде хор коллективінің жетекшісі ретінде тәжірибе жинақтауға көмектесу.

  6. Хормен жұмыс жасаудағы ұйымдастыру әдістерін үйрету.



Пәннің міндеттері:

    • студенттердің хор өнеріне деген қызығушылықтарын ұйымдастыру;

    • практикалық жұмысқа даярлау;

    • хор жаттығуларын жасай білуге дағдыландыру;

    • хор партитурасын талдай білуге үйрету;

    • хор ұжымына репертуарлық жоспар құруды үйрету.


4. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра


Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні

1

2


Хор класы

Хорды дирижерлау



-

Музыкалық білім





5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Курс

Жалпы сағ.

саны


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Қорытынды бақылау

лек

практ.

лаб.

СӨЖ







5

45







14

31

Емтихан (билет)

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лабораториялық, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы). Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Лабораториялық сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:
Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атуы, реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лабораториялық

СӨЖ

1

Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы

2

4

2

Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие берудегі хордың алатын орны

2

4

3

Хор өнерін өркендету шаралары және көрнекті хор дирижерлары, композиторлары

2

4

4

Хор жанрлары

2

4

5

Вокалды-хор ұйым

2

4

6

Вокалды-хор техникасының элементтері

2

4

7

Ансамбль және хордағы строй

1

4

8

Хордағы көркем мәнерлікпен орындаудың амалдары.

1

3




Барлығы

14

31



  1. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

№ 1 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы
2. Сабақтың жоспары:

  1. Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы „Хор жүргізу“ пәнінің мәні мен мақсат міндеттері

2. Қазақ өнерінің профессионалдық салаларының бірі – хор өнері.
3. Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы хор өнерінің даму жолдарын көр сете отырып, студенттердің болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың мазмұны

1. Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы жүргізілетін сабақтардың бірі – хор жүргізу. «Хор жүргізу» пәні хор өнерінің негізі туралы теориялық білім береді. Бұл пәннің ерекшелігі хормен жұмыс жасауды жан-жақты қамтуы. «Хор жүргізу» пәнінің студенттердің мектепте өткізілетін іс-тәжірибесімен тығыз байланыс тырылып, іс-тәжірибе қарсаңында жүргізіледі. Хор жүргізу пәні лабораториялық сабақ жүргізупроцесінде өтіледі. Студенттер бұл пәнде хор өнері саласының өсіп-дамуынан бастап, ән салу дағдысын жетілдіріп, көрнекті хор дирижерлары, хор композиторларының хор тундыларымен жұмыс жүргізуді, хордың теориясы жөнінде білім алады.

Пәннің негізгі мақсаты – хор теориясы мен практикасының аспектілеріне сүйене отырып, хор педагогикасының үздік жетістіктеріне жүгіне келіп, ғылыми және практикалық негізде студенттерді хор өнерінен толық жан-жақты хабардар ету.

Профессионалдық жалпыға бірдей білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының қайта құру жүйесіне сәйкес, хор әдебиеті пәнін оқыту мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.

- хор өнеріне деген қызығушылықты арттыру

- студенттердің хор мәдениеті жайлы теориялық білімін тереңдету және

дүниетанымын кеңейту, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.

- практикалық жұмысқа даярлау, хормен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін үйрету.

- хорға вокалды-хор жатығуларын жасай білуді үйрету.

- хор ұжмдарымен оқу-тәрбие жұмс тарын жүргізуді үйрету.

- хор партитурасын талда білуді үйрету.

- хор ұжымының дайндық жұмыс тарын және концртін өткізу тәсілдерін үйрету.

- хор ұжымына репертурлық жоспар құруды үйрету.

2. Қазақ өнерінің профессионалдық салаларының бірі – хор өнері. Бұрынырақта Орта Азия халықтары сияқты қазақтардың да хор айту өнері болған жоқ деседі. Алайда бұлай деп кесіп-пішіп айту ағаттық болар еді. Қосылып ән салу жайын әңгімелегенде, бұл жанрдяың халықтық негізіне назар аударған жөн. Мәселен, халқымыз жиын-тойларда қосылып ән салуға селқос қарамаған, ойын-кештерде екі жаққа бөлінісе кетіп, бірі бастап, қалғандары қостап, әншілерге дем беріп отырған. Бұл жайлар «ертеде қазақта хор өнері атымен болған жоқ» дейтіндердің пікірін теріске шығарады. Халқымызда қосылып ән салу дәстүрі ежелден болған. Міне, сол дәстүр негізінде түрлі эволюциялық белес терден өтіп, қазіргі кезде республикамызда хор ай т өнері, хор жанры жан-жақты дамып келеді.

Жиырмасыншы жылдардың алғашқы кезінен бастап-ақ Қазақстанның жер-жерлерінде - Әулие-Ата (Жамбыл), Қарқаралы, Семей, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола, Павлодар, Оралда көркемөнерпаздардың музыкалық және әдеби-сауық кештері ұймдастырыла бастады. Мұндай кештерде жеке әншілер, тақпақшылармен қатар топталып, біріне-бірі қосылып ән салушы – хор айтушылар да өз өнерлерін көрсетті. Мәселен, Орынборда алғашқы қазақ хорын ұймдастырушылардың бірі музкалық қабілеті зор, өнер сүйгіш Райымбек Мақатаев болса, Ташкентте Құрманбек Жандарбеков қазақ жастары хорын ұйымдастырды. Ал осы жылдары ұлттық ән-кү қаазынасын жинауға байлансты қазақ арасына мейілінше мол араласқан А.В. Затаевичтің мәлімдемелері Қостанай мен Орынборда қазақ қыздарының хор айтулары белгі бергендігін, сол сияқты жиырмасыншы жылдары қазақ тілінде шығатын «Ақ жол» газетінде жарияланған көптеген деректер сол кездегі «Сауық кештерінің» көбінесе қосылып хор айтумен аяқталатынын айқындайды. Міне, бұл жайлар қосылып ән салу өнерінің халқымызға жат еместігін байқатады.

Отызыншы жылдың бас кезінен хор айту тәсілі профессионалдық жолғ бет алды. ән алушылар тобының үні жуанды-жіңішкелі әйел даустары, ерлер даустары болып, лебіз үндестіктеріне лайық заңдылық қалпына түсті.

Республикамызда хор өнерін ұымдастыруда әр кезеңде әр түрлі мамандр жұмыс атқарды. Мәселен, А.Ковалев, Д.Коцык драма театрының тұңғыш хор айтушыларын тәрбиелеуде көп еңбек сіңірді. Композитор Д. Мацуцин өз творчествосын хор өнерінен бастады. Белгілі композитор Л. Хамиди бұл салада кезінде қажрлы еңбек етті. Хор өнерінің нағыз профессионал мамандары Борис Васильевич Лебедов пен Галина Евгеновна Виноградованың еңбектерін де сүйсіне атаймыз.

Қазір республикамызда хор өнері жан-жақты дамып келеді. Мемлееттік хор капелласының құрылуы осының жарқын бір айғағы іспетті.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Хор жүргізу пәні нені үйретеді?

2. Пәннің мақсаты мен міндеті қандай?

3. Хор өнері қай жылдан бастап дамыды?

4. Тұңғыш хор өнерін ұйымдастырушылар кімдер?

№ 2 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы
2. Сабақтың жоспары:

  1. Қазақ мемлекеттік хор капелласы

  2. Хор капелласына жазылған хор туындылары


3. Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы хор өнерінің даму жолдарын көрсете отырып, студенттердің болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру.


Сабақтың мазмұны

1. Қазақтың мемлекеттік хор капелласы (аспап сүйемелінсіз айтылатын хор) 1939 жылы ұйымдастырылды. Сөйтіп, республикамызда тұңғыш вокалдық ән салу өнерінің жаңа жанры туды.

Өнердің басқа да салалар сияқты хор өнерінің де аз уақыт ішінде меңгеруге болмайтын, эволюциялық мерзімд керек ететін өзіне тән рекшеліктері бар. Қазақ хор капелласының көп уақт бойы қатарға толық мағынасында қосыла алма жүруінің мәні де осы жайлармен байланысты болады.

Қазіргі кезде Қазақ мемлекеттік хор капелласы – қанатын кең жайып, жаңа белеске шыққан нағыз творчестволық профессионалдық коллективтердің бірі. Бүкілодақтық хор коллективтерінің байқауларында мемлекеттік хор капелласы үшінші рет лауреат атағына ие болды. Қазақ өнерінде хор, капеллалық музыканы пайда болуы профессионалдық өнеріміздің даму жолдары мен композиторларымыздың өз шығармаларынд заманымыздың тнысын, жан-жақтылығын көрсетуге талпынуына байланысты.

1960 жылы Қазақ мемлекеттік хор капелласы тұңғыш рет туысқан респубикаларға өнер көрету мақсатымен сапар шекті. Өз гастролін Москвадан бастаған капелла бұл жолы Киевте, Одесада шебер өнер көрсетіп, үлкен творчестволық табсқа ие болды. Осы сапарда жергілік ті өнер қараткерлері қазақ капелласын кәрі тарлан, Украйнаның әйгілі, мемлекеттік акадеиялық капелласы „Думкамен“ қатар қоып, оған зор баға берді.

„Сөз жоқ, бөл өнері ұлттық қазынаға негізделген, нағыз жоғары дәрежедегі проесионалды творчестволық коллектив. Қазақ мемлееттік хор капелласы советтік академиялық хор коллективтерінің санаулы санатында дп ьолық сезіммен айтуға болады. Хор капелласының көркемөнеріне өзіндік қолтаңба ерекшелігі тән“, - деп зор бағалады, со веттік хор өнерінің негізін салушылардың бірі, белгілі хор маманы, КСРО халық артисі, профессор В. Соколов.

2. Хор капелласына профессионалдық көркемдік шеберлікпен лайықталып жазылған М.Төлебаевтың «Жастар сюитасы», Е.Брусиловскийдің «Шолпан», Б.Байқадамовтың «Су тасушы қыз», халық әндерінің негізінде жазылған көптеген поэма, сюиталары, Е.Рахмадиевтың «Балқаш кеші», «Жас механизаторлар», «Көктем дауыстары» поэмалары, Қ.Қожамияровтың «Жайна, Жетісу», А.Бычковтың «Революция әндері», С. Мұхамеджановтың Абайдың өлеңіне жазлған «Жыл мезгілдері», М.Сағатовтың «Тоғай», «Жайлауда» атты поэмалары, басқ да көптеген шығармалар хор капелласының өшпес туындылары.

Хор капелласы қазақтың халық әндерін айрықша сезімталдықпен орындайды. «Жайдарман», «Харарау», «Жариямайдай», «Майра», «Он алты қыз», «Қараторғай», «Айттым сәлем Қаламқас», т.б. осы тәрізді ежелден жеке дауыспен айтылып келген көптеген әндер кезінде жаңа бір реңге ие болды. Басқаша айтқанда, хор капелла музыкасына айналды. Бұлардың, халық әндерінің, жаңа жанрға бейімделу дәрежелері, әрине, түрліше.

Халық әндерімен қатар капеллаға дирижер Анатолий Молодовтың өзі лайықтаған Мәдидің «Қаракесек» әнін айтуға болады. Диржер тар заманның қыспағынан зәбір көріп, налыған ән авторы Мәдидің көңіл-күйін толық жеткізуді мақсат еткен. Мұнда әннің характеріне лайықты гармониялық аккордтармен безендірілген саз тау жаңғыртып, жер күңіренткен сияқты. Өңдеуші хор рекшеліктерін, оның пластикалық үндеуін молынан ескереді. Молодов ән қасиетін, оның ерекшелігін жақсы иүсінген. Сондықтан да дирижердың өңдеуіндегі бұл творчестволық еңбек әннің интонациялық сазын күңірентіп, өршіте түсіп, оны күрделі туындығ айналдырды.

Капелла репертуарндағы жұртшылық құмарлана тыңдайтын шығарманың бірі – татар композиторы Л.Хамиди өңдеген нәзік толқынды «Су бойлары», «Ғалиябану» әндері. Сол сияқты Қ.Қожамияров өңдеген ұйғыр халық әндері «Тәссәллә», «Гүлләвия» тәрізді хор өнері саласынан кеңінен орын алды.

Капелланың, оның жетекшілерінің игілікті еңбектерінхалқымыз зор бағалады. Қазіргі кезд капелла республикаға еңбек сіңірген коллектив деген атаққа, капелланың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры А.В. Молодов КСРО халық артисі атағына, хор дирижерлері Ғ. Ахметова мен С. Өтебаева Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артистері деген құрметі атаққа ие болды. Қазақтың мемлекеттік хор капелласы 1989 жылы өзінің жеке өнер саласы болып құрылғанына жарты ғасыр толған творчестволық мерекесін атап өтті. Құрамында алпыстан астам адамы бар қазақ мемлекеттік хор капелласы әлі де профессионалдық өсу, іздену жолнда. Алдағы уақытта композиторларымыздың қайта құру талаптарына сай жазылған, ой мен сезімді ерекше әсерлендіретін көркем туындыларын қазақ мемлекеттік хор капелласы халық арасына насихаттай береді деген сенімдеміз.
5. Бақылау сұрақатары:

1. Қазақ мемлекеттік хор капелласы қай жылы құрылды?

2. Хор капелласы гастрольдік сапарға қай кезден бастап шыға бастады?

3. Хор капелласының тұңғыш дирижеры кім?

4. Хор капелласына лайықтап шығарма жазған композиторлардан кімдерді білесіңдер?

№3 сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие

берудегі хордың алатын орны

2. Сабақтың жоспары:

1. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие

2. Музыкалық өнердің тәрбиелік мәні
3. Сабақтың мақсаты: хор өнері арқылы студенттерге болашақ маман ретінде оқушылармен жүргізілетін эстетикалық рухани тәрбиенің әдіс-тәсілдерін үйрету
Сабақтың мазмұны

1. Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, «нақты өмірдің мәнін, оның даму заңдылықтарын танып-білуге бағытталған өзіндік адам қызметі ретіндегі ғылым болмаған, дәлірек айтқанда, жаңа пайда болған кезінде қарқындап дамыды, бірақ педагогика оны арнаулы сала ретінде ғылыми білімнен бөліп алған жоқ». Ол қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты проблемаларының бірі болып табылады. Халықтық педагогика идеяларын, аса бай тәжірибесін талай ұрпақ пайдаланып келеді.

Қазақтың халық педагогикасында болмысқа эстетикалық көзқарасты, эстетикалық талғамдарды қалыптастыру, балалар мен жастарды бай әдеби және музыкалық мәдениетке тарту құралдары сан алуан. Халықтың ауызекі шығармашылығының түрлі жанрлары да, ұлттық әдет-ғұрыптары да, қазақ отбасының ішкі қарым-қатынастары да, халықтың қолданбалы өнері де, ұлттық ойындар да соның жарқын айғағы болып табылады.

В.Г.Белинскийдің пікірі бойынша ауызекі халық шығармашылығы эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға тиіс, өйткені, біріншіден, эстетикалық тәрбие жас ұрпақты әсемдік әлеміне енгізеді, екіншіден, айналадағы өмірді тезірек түсінуге көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда ол халық өнеріне, атап айтқанда, халық музыасына ерекше орын берді.

Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәденпиетімен тығыз байланысты екені мәлім. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіндік әлеуметтік-экономикалық тарихы және тұрмыс-салты қазақтардың материалдық-рухани мәдениетіне, тұрмысы мен діни көзқарасына өз әсерін тигізіп, өзіне тән тіршілік салтын қалыптастырып, тәрбиенің халықтық дәстүрлерін өмірге әкелді.

2. Музыкалық тәрбие – адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойына музыкаға толғана білуді, тебіренуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметтің қоғамдық тарихи тәжірибесін, музыканың оқу мен білім элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Қазіргі ғылыми – зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының музыкалық мәдениетінің даму жолын және оның келешек ұрпаққа тәрбие берудегі маңызын жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді.

Музыка (грек. musire, туралы мағынасында «музалар өнері» ) – негізінен тондардан (белгілі биіктіктіктегі дыбыстардан) тұратын, адамға өзінің өзгеше түрде ұйымдасқан мазмұнды дыбыстық жүйесімен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі.

Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына – ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол еңбек үстінде де, тұрмыс-тіршілігімізде де, саяхат-сапарларда да, түрлі жиын-кездесулерде дее мерекелік салтанаттарда да үнемі бізбен бірге. Жер бетінде қандай да бір музыкасыз ғұмыр кешетін адам болуы мүмкін емес. Олай болса, музыка – біздің жан серігіміз.

Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Опреалық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалыр, әскери және аспаптық, вокалдық, эстрадалық, биге арналған, балаларға арналған, т.б. музыка түрлері болады.

Музыканың классикалық, халықтық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де - өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным-талғам болуы тиіс.

Жастар үшін жарқын әуенді, жастық жалын, құлшынысқа толы, өмірдің қызығы мен қуанышын білдіретін жеңіл музыка аса қажет. Күнделікті өмірде бір уақыт байыптылықты ысыра тұрып, жас адамның шаттана көңілденгісі келетінін, жеңіл ырғақ желісімен дөңгелене билегісі келетін сәттері болады. Мұндайда жақсы джаз музыкасын тыңдаудың, әр түрл әсерлі би ырғақтарымен бірге тербелудің өз қызығы болатыны анық. Осындайда ескеретін бір жай, көңілденудің жөні осы екен деп, құр даңғырлаған даңғаза музыкасымақтарға әуестенуді ешбір ешбір пайдасы жоқтығын білген дұрыс. Өйткені олар адамға жақсы тәрбие бере алмайды.

Міне, сондықтан да музыканы үлкен талғаммен, сауатты түрде талдап тыңдай білу керек. Адамды рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын, шынайы көрем шығармаларды тыңдап, үйрену – үлкен өнер.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Халықтық педагогика қандай ғылым?

2. Эстетикалық тәрбие беруде халықтық педагогиканың мәні қандай?

3. Эстетикалық тәрбие берудегі музыканың мәні?

№ 4 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие

берудегі хордың алатын орны

2. Сабақтың жоспары:

1. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы хормен ән айтудың ролі

2. Халықтық дәстүрдегі тәрбие жұмыстары – бесік жыры, айтыс, жар-жар т.б.
3. Сабақтың мақсаты: хор өнері арқылы студенттерге болашақ маман ретінде оқушылармен жүргізілетін эстетикалық рухани тәрбиенің әдіс-тәсілдерін үйрету
Сабақтың мазмұны

1. Хормен ән айту – оқушыларға музыкалық білім және эстетикалық тәрбие берудің ең басты бөлімдерінің бірі.

Әрбір денсаулығы жақсы баланың ән айтуға құштарлығын, сезімін, көңіл-күйін, ынтасын, эстетикалық талғамын қалыптастыруда хорменн айтудың ролі зор. Сондықтан іскер музыка маманының ұйымдастыруымен хормен ән айту эстетикалық тәрбие берудің нақты ортасы болып табылады. Ән айту адамға жан-жақты тұрғыдан әсер ету арқылы балалардың өмірдегі қуаныш пен әсемдіка сезімдерін, эстетикамлық талғамын байытады, қалып тас тырады.

Хормен ән айту кезеңі музыкалық тәрбиенің ортасы ретінде қолданыла отырып, мұғалімге:



  • Балалардың хормен ән айтуға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыруға;

  • Музыкаға деген эмоциялық сезімдерін дамытуға;

  • Көркемдік-эстетикалық талғамын дамытуға;

  • Балалардың әншілікдауыс тарын: әдемі табиғи дыбыс шығаруға, диапозондарын дамытуға;

  • Вокалдық-хор дағдыларын, мәнерлі, сауатты және көркем орындай білуге;

  • Музыкалық есту қабілетін жан-жақты - әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамытуға тәрбиелеуді міндеттейді.

2. Қазақ халқының – салт әндері өзінің поэтикалық-музыкалық мазмұнына қарай:



  • бесік жыры;

  • балалар мен жастар әндері (бақташылық, төрт түлік, мал туралы, дихан-егіншілік, аңшылық -саяткерлік, жұмысшы әндері;)

  • ұлыс әндері;

  • діни әдет-ғұрып тудырған әндер;

  • үйлену әндері;

  • жаназалау әндері болып бөлінеді.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

өлеңмен жер қойнына кірер денең», -деп ұлы Абай суреттегендей халқымыздың ән фольклорында адамзаттың сәби шағынан ер жетіп, есею, қартаю, қайтыс болу сияқты дүниеден қайтқанға дейінгі барлық қам харакеті, қызық–қуанышы, қайғы-мұңы, ой-арманы, тыныс-тіршілігі тамаша орын алған. Адамзаттың өмір соқпағындағы іс-әрекеттері қаншалықты сан салалы болса, тұрмыс-салт әндерінің мазмұны соншалықты ауқымды, кең де бай болып келеді. Олар бірде ана әлдиімен әлдилесе, бірде көбелек қуып, асыр салған жеткіншекпен жарысады, бірде қызу майданын жырлап, аңшының жүйрігі мен жарысып, қыран бүркіт болып самғайды, бірде тойлап, қызық-думанға кенелген дүйім жұртты көз алдыңа елестетеді.




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет