Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 0.79 Mb.
бет3/6
Дата03.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш
BOS -> Лекция 5 сағ. Практикалық сабақтар: 40 сағ. СӨЖ. 45 сағ. ОбсөЖ. 45сағ. Барлық сағат 135 сағ

Бесік жырлары

Қазақ халқы «балалы үй базар, баласыз үй-мазар» деп перзентін ерекше қастерлеп, нәрестеге арналған көптеген ән-жырды өмірге әкелген. Нәресте өмірге келгенде шілдехана жасалып үш күн бойы өлең айтылып, күй тартылып қызық – думан толастамаған. Қырқынан шыққан соң бесікке бөленген ана әлдиімен, бесік жырларын естіп ер жетеді. Бесік жырларының ерекше мәнерлілігі нәрестенің психикасына оңатайлы әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырып, нерв жүйесін тыныштандырады. Бесіктегі баланы уату игі тілектермен, оның болашағына деген жарқын үмітпен айтылады. Музыкалық әуен құрылымын қарапайым, жан тербетер мамыражай болып келеді. Бөбек анасының сүйспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып күн санап өсе береді.

Айыр қалпақ киесі,

Ақырып жауға тиісіп.

Батыр болар ма екенсің.

Бармақтарың майысып,

Ұста болар ма екенсің

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің?, - деген ананың мейірбанды тілек, арманы ана сүтімен бойына дарып, ана әлдиімен құлағына құйыла бастайды.

Балалар мен жастар әндері.

Балалар әндері халықтың күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындаған. Балалардың ойыны, ермегінің көбі түрлі жан-жануарлар мен құстардың іс-әрекеттерін, құйқылжыта сайраған үнін тамашалап, соларды өзінше мәнерлеп қайталай жүріп әнге салуына ұласқан. Балалардың өздерін қоршаған табиғаттағы жан-жануарлармен, құстардың дыбысын, іс-әрекеттерін қызық көріп бейнелегендері «Асау мәстек», «Қоғый көк», «Соқыр теке» және сол сияқты түрлі ойындар да кездеседі. Осы ойындардың әндері де бала табиғатына сай, ойнақы, көңілді, ширақ болып келуі олардың музыкалық-эстетикалық қабілеттері мен, мәнерлеп ән салу дағдыларын дамытуға септігін тигізіп отырған. Ал, «Қамажай», сияқты жастардың ауыл арасындағы той-тұмалақ, алтыбақан және басқа ойындарында айтылатын әндері оларды музыкалық әсерге бөлеп, әнге деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігін арттырады.

Балалар мен жастар әндерінің бәріне тән ерекшеліктері олардың ойнақылығы, эмоциялық көңіл-күйінің көтеріңкілігі, дидактикалық мән-мағынасы күнделікті оқу – тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасайды. Балалар мен жастар әндерін төмендегіше топтастыруға болады:

Ойын әндері: «Соқыр теке», «Үй артында қолағыш», «Әйгөлек», «Қоғи көк», «Асау мәстек», «Жұмбақ саусақ».

Құстар мен табиғат, жан-жануарлар жайлы: «Жаз келді», «Алақай», «Жаз жыры», «Қарлығаш» т.б.

Кәсіптік, мал бағуға байланысты: «Қой мен ешкі өсе бер», «Малдың төлін емізуге шақыруы», «Кім қалай дауыстайды».

Молданың сабағы: «Әліп -би», «Қай рауат», «Салауат».

Айтыс әндері

Қазақ халқының толыса дамыған өзіндік ерекшелігі бар мол да күрделі ауыз әдебиетінің жанры-айтыс өнері. Айтыс- «айту», «айтысу» деген сөзден туындаған.

Халық арасында шешендік қара сөз, жарыса күй тартысу, суырып салма өлең түрлерінде айтысу нышандары кездеседі. Айтысу - әр кез үлкен сурып салу тапқырлығын, терең ой-сананы, сахналық шеберлікті, интелектуальдық дарындылықты қажет етеді. Айтыс поэзиясының түрлі қазақтың эпотық жырларынд көптеп кездеседі.

Айтыс өнерінің зерттелуі. Айтыс жанрын қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уалихановтан бастап М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, Е.Смайлов, Ә.Тәжібаев, М.Жармұхамедов т.б. әдеби, ғылыми талдау жасап жан-жақты зерттеді. Айтыстарды жинап, бастыру ісіне Ә.Диваев, С.Сейфуллин зор үлес қосты.

Айтыс түрлері. Қазақ айтыстарынан зерттеушілер әр түрлі жіктеулер мен топтасулар жасады. Мысалы, Қ.Жұмалиев жеті түрге (Бәдік айтыс, Жар-жар; мал мен адамның айтысы, өлі мен тірінің айтысы, Жұмбақ айтыс, Салт айтысы, Қыз бен жігіт айтысы, Ру айтысы, Осы күнгі айтыстар), М.Әуезов. 1.Әдет-ғұрып айтысы (Бәдік айтыс, Жар-жар) 2.Ақындар айтысы (рушылық, жұмбақ, діни айтыстар) деп негізгі екі топқа және түре айтыс, сүре айтыс деп екі жүйеге бөледі. М.Жармұхамедов 1. Тұрмыс-салт айтысы (Бәдік, Жар-жар, Қыз бен жігіттің қайымдасулары, төрт-түлік мал туралы айтыс, Дидактикалық айтыс,) 2.Ақындар айтысы (жұмбақ айтыс,) Ру айтысы Дін айтысы, Жазба айтыс) деп топтастырған [14].

Әр кезеңдегі ірі айтыс ақындары.

ХІХ ғасырдағы ірі айтыс өкілдері: Жантақ, Шөже, Орынбай, Кеншімбай, Түбек, Біржан, Сара, Әсет, Ырысжан, Сүйімбай, Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ т.б.

Кейінгі дәуірдегі айтыс шеберлері: Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Кенен т.б.

Қазіргі кезеңдегі белгілі айтыкерлер: М.Көкенов, К.Шәкеев, Ы.Лушникова,

К.Әбілов, Ә.Қалыбекова, Ә.Беркенова т.б.

Жар-жар. Жар-жар – үйлену тойларында айтылатын тұрмыс-салт әні, оның үлгісі Орта Азия, парсы елдерінде де бар. Жар-жар әндерінде қыздың ата-ана, туған жер, өскен елге деген қимастық, балалық сезімдері айтылса, екінші жағынан басқа елге, жерге кетуіне байланысты өкпе назы айтылады. Жар-жар қыздар мен жігіттер тобының атынан бірге қосыла, енді бірде алма-кезек түрінде орындалған. Қыз әке –шешесімен құрбы-құрдастарын қимайтынын айтса, жігіт жағы оның бәріне тоқтау салып, әке орнына қайын-ата, ана орнына қайын-ене қамқорлық жасайды деп басу айтатын болған. М.Әуезов жар-жардың орындалуында сахыналық элементтің бар екенін сөздік түбі «жар», «сүйген» жар деген тіркестер деп тұжырымдады.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Хормен ән айтудың маңызы қандай?

2. Хормен ән айтудың қандай міндеттері бар?

3. Халықтық дәстүрге нелер жатады?

№5 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Хор өнерін өркендету шаралары және көрнекті хор

дирижерлары, композиторлары

2. Сабақтың жоспары:


  1. Хор өнерін өркендетуде атқарылатын іс-шаралар

  2. Хорға арналған шығармалар жазушы композиторлар


3. Сабақтың мақсаты: хор өнерін өркендетуде өз үлестерін қосқан хор дирижрлары мен композиторлардың шығармашылық жолы мен хор туындыларынан мәлімет беру.
Сабақтың мазмұны

1. Музыкалық білім беру тек мектептегі музыка сабағымен шек теліп қана қоймайды. Жас өспірімдердің эстетикалық, көркемдік қабілеттерін қалыптастыру, музыкалық танымдарын дамыту үшін көптеген сыныптан тыс өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлерін, формаларын, бұрынғы сарыннан, бұрынғы түрден өзгерте отырып, жастардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін, икемділігін, қаиетін дамыту керек.

Қазіргі мектеп оқушылары өнердің қа түрімен болсын, қуанышпен, ризашылықпен, ықыласпен айналысады. Мектептерде, мектеп сыртындағы орталықтарда, аспаптық үйірмелер, клубтар, әншілік мектептер, би үйірмелері, хор үйірмелері, спорттық үйірмелер ұйымдастырылған. Осындай ұйірмелерде, клубтарда, бөлімдерде арнай жүйелі жоспарланған жұмыстар жүргізілу тиіс.

Ондай үйірмелерге:



  1. Хор үйірмелері.

  2. Домбыра мек тебі.

  3. Әншілер ансамбльдері.

  4. Би үйірмелері.

  5. Қол өнері үйірмелері жатады. Бұлардың барлығына музыкалық көркемдеуші бағдарламасын жоспарлауға болады.

Сыныптан тыс өткізілетін музыкалық білім беру оқушылардың ой-өрісін жетілдіруді, мәдениеттілігін, адамгершілік қасиетін дамытуды, қоғамға, Отанға, жанұяға деген силастық, сүйіспеншілігін қалыптстыруды мақсат теді.

2. Профессионалдық хор өнерінде композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л., Хамиди, М.Төлебаев, Б.Байқадамовтардың сіңірген еңбектері өте мол болды.

Республикамызда хор өнерінің даму жолдарына көз жібергенде, композитор Бақытжан Байқадамовтың (24.3.1917, Торғай – 16.7.1977, Алматы) творчествосын ерекше атап өтпеске болмайда. Ол 1937 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, мектепте математика пәнінің мұғалімі болды. Бірақ оны музыкаға деген құштарлық жеңді. Студенттік шағында-ақ Байқадамов музыкалық өнерге бой ұрған еді. Ол музыка үйірмесін ұйымдастырушы және оның жетекшісі ретінде көптеген көркемөнерпаздар байқауына қатысты.

Талантты жігітке Қазақстан Композиторлар одағы назар аударып, қамқорлық жасады. Байқадамовты Алматының мемлекеттік консерваториясына жіберді, онда ол профессор Е.Г. Брусиловскийдің класында оқыды. 1954 жылдан, жоғары оқу орнын бітіргеннен бастап, Бақтжан Байқадамов өзінің бар өмірін музыка өнеріне сарп етті. 1957 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. 1941 ж. Қазақ радиосының хор жетекшісі, 1948-52 ж. Қазақ хорының, 1952-60 ж. Қазақ филармониясының көркемдік жағын басқарды. Осы жылдары «Почташы», «Су тасушы қыз», «Домбыра», «Кел достар», «Айгөлек», «Бөбегім», т.б. ойнақы әндер мен «Майра», «Тойбастар», «Он алты қыз», т.б. хорға арналған шығармалары дүниеге келді. 1969 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұстаздық етті. Б.Байқадамов Қазақстанда көп дауысты хор музыкасы жанрын қалыптастыруға рекше еңбек еті. «Жайлауға», «Біз бейбітшілік үшін», т.б. хорға арналған сюиталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар («Қыз арманы», «Айтыс», «Еңбек жемісі») жазды. Қазақ хор капеласы Б.Байқадамовтың есімімен аталды (1997). 1998 ж. Б.Байқадамов тұрған үйге (Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 177-үй) мемориялдық ескерткіш тақта орнатылды.

М. Төлебаев 1913ж. Талдықорған облысы Бөрлі- төбе ауданы, Үлгі колхозының Қарашаған елді-мекенінде дүниеге келді. 1951 жылы Москва консерваториясын профессор М.Я.Мояковскидің композиция класы бойынша бітірді. М. Төлебаев қазақ кеңестік социалистік республикасына еңбек сіңірген артист атағына ие болды, ал 1953 жылы кеңстер одағының халық артисі атанған. «Біржан-Сара» операсы үшін мемелекеттік сыйлыққа ие болды. «Коммунизм оттары» контатасы үшін Жамбыл атындағы сыйлыққа ие болды.1960 жылы 47 жасында дүниеден өткен композиторлар Брусиловский мен Хамидимен бірігіп қазақстан республикасының мемлекеттік гимінін жазған атақты опералары Біржан-Сара, Амангелді. Аяқталмай қалған опералары «Нияз бен Раушан» және «Қозы-Көрпеш Баян Сұлу».

Композитор Ахмет Жұбанов 1906 ж. Қазіргі Ақтөбе облысында дүниеге келген, жастайынан музыканы сүйген ол мектеп қабырғасында жүріп, домбыра, мондалинде, скрипкада, балалайка сияқты музыкалық аспаптарда ойнауда үйренеді. Болашақ өнер иесі 1929-1932 ж. Ленинградтағы музыка техникумымен консерваториядан білім алады.

1936 ж. Қазақ өнерінің Москвада өткен тұңғыш он күдігінде А. Қ . Жұбанов әрі дирижер, әрі композитор ретінде қатынасып, ұйымдастырушы, өнер қайраткері екендігін танытты. Ол академик, профессор, өнертану ғылымының докторы дәрежесіне ие болады. Қазақ музыка мәдениетін дамытуда А. Жұбановтың еңбегі зор болады.

Ол композитор Л. Хамидимен бірігіп, «Абай»операсын жазды. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі үшін бірнеше музыкалық күрделі туындылар және «Қарлығаш», «Ақ көгершін», аитты балаларға арналған әндер, қобызға арнап «Ария», «Көктем»тағы басқа көптеген музыкалық шығармалар жазған. А. Жұбанов қазақ музыка мәдениетінің негізін қалаушы, композитор, ғалым, дирижер, оқытушы, публицист және музыка, қоғам қайраткері А. Қ. Жұбанов. Қазақ музыка мәдениетінің даму тарихында

А: Жұбановтың творчествосы толық бір дәуірді құрайды. Атақты әншілермен көркемөнерпаздар композитордың әндерін, хорларын, романстарын орындайды, орындаушылар фортепианоға арналған билері мен пьессаларын, скрипкаға, виолончелге, қобызға және домбыраға арналған шығармаларын орындайды, қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі композитордың билерін, марштарын, фантазияларын, поэмаларын және сюиталарын үзбей орындайды. Көп жылдар бойы академиялық опера және балет театрында А. Жұбановпен Л: Хамидидің «Абай» операсын нәтижелі орындап келеді. Бұл операның либреттосын жазған қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы М: Әуезов.

«Төлеген Тоқтаров » операсында А: ЖҰбанов Л: Хамидимен бірге жазған, оның да либреттосын жазған автор А. Жұбанов. Этногров және музыказерттеушісі ретінде А. Қ. Жұбанов мыңнан аса қазақтың ән күйлерін жазып алып, жарыққа шығарды. 300-ден астам ғылыми еңбектермен статиялар жазды. 1932 ж. 1-ші музыка оқулығы «музыка граматасының азбукасы»деген оқулық шығарды.Көп жылғы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1942 ж. «Қазақ халық» композиторлары деген кітабы жарық көрді.1958 ж. «Ғасырлар пернесі» атты 10 үлкен монографиялық очергтерден тұратын кітеп жазып шығарды. 1960.ж. «Құрманғазы» атты кітап шығарды. Тағы бір үлкен жұмысы «Ғасырлар үні» ораториясы.



С.Мұхамеджанов – қазақ композиторларының ішіндегі талантты композиторларының бірі. Ол 1924 ж. Қарағанды облысының Шет ауданында туды. Сыдық бала кезінде алғаш қзақтың ән- күйлерін өз әкесі - әрі домбырашы, қобызшы Мұхамеджаннан есітеді. Алғаш «Елім-ай»,»Сәулем-ай»сияқты халық әндерін әкесінен үйренеді. Балқаш қаласында бастауыш мектепте оқып жүрген кезде жұмысшылардан ұйымдастырылған домбыра оркестріне қатысып, онда «Кеңес», «Тепең көк», «Келіншек», күйлерін үйренеді. Бұл кезде Сыдық өз бетімен мандалин, скрипка тартуға талаптанады. Облыстық олемпиадаға қатысады.

Осы мектеп жасынан бастап Сыдық музыкаға жан- тәнімен беріледі. 1940 ж. С. Мұхамеджанов Алматыға келіп, көркем өнер үйірмелерінің жетекшілерін дайындайтын үш айлық курста оқып,онда нота сауатымен танысады. Бұл болашақ композитордың музыкағадеген ынта жігерінің өсуіне үлкен себеп болды.Сыдық енді өз ойынан ән шығару ісімен шұғылданады. Оның алғашқы шығарған әні «Жорық жыры», деп аталады.

1943ж. С.Мұхамеджанов Алматы музыка училищесінің теоретика композиторлық бөліміне оқуға түседі. Мұнда оқып жүріп, «Жан сәулем», «Ақмаңдайлым», «Қара көз», деген әндер жазды. Бұл жылдары Сыдық өмірдің кейбір жағдайларына байланысты олқудан қол үзіп, біраз уақыт Жамбыл облыстық концерттік – эстрада бюросында артист және көркемөнер үйірмелерінің жетекшісі болды. Осы кездерде де Сыдық біраз әндер жазды. Оның ішінде «Жарқ етпес қара көңіім не қылса да », «Бесік жыры», «Қызғалдақ», «Алақай», сияқты әндерін жазды. 1949 ж. Сыдық Алматы музыка училищесіне қайта оқуға түсіп, оны бітіріп шыққаннан кейін, 1980 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиторлық бөліміне оқуға түсті.

Консерваторияда оқып жүріп «Шолпаным», «Ауыл түні», «Жылқышы әні», сияқты әндер шығарумен қатар, қазақтың халық музыка аспаптарына арнап «Шаттық Отаны», атты симфониялық күй, «Балқадиша», атты вариациясын скрипка үшін «Соната», симфониялық оркестр үшін «Домбыра туралы баллада» сияқты шығармалар жаздщы.Мұнымен қатар «Алдар көсе», «Жүрек сырлары», «Ашынған жандар», «Кеше мен бүгін», «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз» деген кинофильмдерге музыка шығарды. Соңғы жылдары С. Мұхамеджанов ән шығару әнерімен көп шұғылдануда. Оның ішінде а,капелла хорына арнап «Көтерілген тың» сюитасын , жалпы хорға арналған «Жастар маршы», «Қытай еліне сәлем» «Жаса туған пртия», жеке дауысқа арнап «Көктем вальсі», «Есімде», «Сені ойлаймын», «Сырлы қайың» сияқты әндерді ерекше атап айтуға болады.


5. Бақылау сұрақтары:

1. Хор өнерін өркендетуде қандай іс-шаралар атқарылады?

2. Б.Байқадамовты хор туындыларын ата?

3. С.Мұхамеджановтың хор туындыларын ата?

№ 6 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Хор өнерін өркендету шаралары және көрнекті хор

дирижерлары, композиторлары

2. Сабақтың жоспары:


  1. Халық әндерін хорға лайықтаушы және өңдеуші композиторлар

  2. Балалар хорына үлесін қосқан композиторлар.


3. Сабақтың мақсаты: хор өнерін өркендетуде өз үлестерін қосқан хор дирижрлары мен композиторлардың шығармашылық жолы мен хор туындыларынан мәлімет беру.
Сабақтың мазмұны

1. Композиторлар Е.Брусиловский, Л.Хамиди өздерінің операларында қазақтың халық әндерін хорға лайықтап өңдеп, гармониялық, полифониялық құрылымда жазды.



Е. Брусиловский 12 ноябрь 1905 жылы Дондағы Ростов қаласында – 9-май 1981 жылы Москвада –совет композиторы қазақ совет профессионалдық мрузыка өнерінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР-нің халық артисі (1936-1934 жылдан ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі) 1922-1924 жылы Москва консерваториясында (фортепианомен композицияда) оқыды. 1931 жылы Ленинград консерваториясын (профессор М.О. Штейнбергтің класы бойынша бітірді). 1933 жылы СССР композитарлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933-1934 жылы музыка драма техникумында (халық музыкасының ғылыми зерттеуші кабинерінде қызмен етті. 1934-38 жылдары қазіргі,

Опера және балет театрының жетекшісі, 1939-1956 жылдары Қазақстан композиторлар одағы басқармасының председателі, 1956-1976 жылдары СССР композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1949-51 жылдары қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі , қазақ музыкасының әртүроі жанрында жемісті еңбек етті. Ол «қыз жібек» (1934 жылы) «Жалбыр»(1935 жылы)» Ертарғын» 1936 ж сияқты халық музыкасы негізінде жазылған тұнғыш қазақ операларын, қазақпен орыс халқының достығын бейнелейтін «Дударай» 1953, тарихи- революция тақырып арналған «Амангелді». 1945 ж. М. Төлебаевпен бірге қазіргі заманда сөз ететін «Алтын астық» 1940 ж. Пен «Мұрагерлер» 1962 жылы операларын «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» 1967 жылы балеттерін, «Советтік қазақстан» контатасын 9 сифония (оның ішінде Құрманғазы мемлекеттік силығына ие болды). Фортепианомен оркестрге арналған концерттер, ораториялар, көптеген хор шығыармаларымен ән-романстар жазды.

Ол 250-ден астам қазақтың халық ән-күйлерін жазып алды. 1944 жылы Алматы консерваториясында ұстаздық , 1955 жылдан профессионал етті. Шәкірттері Б.Байқадамов, А.В.Бычков, К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров, Н.Меңдіғалиев, Қ.Ә.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев т.б. Ленин орденімен еңбек қызыл ту және құрмет белгісі ордендерімен награтталған. «Ертарғын»-Е.Г.Брусиловскидің операсы, либреттосы С.Камаловтікі. Алғаш рет 1937 жылы 15 январда Қазақтың опера және балет театры қойылды. Режисер – ҚазССР-нің халық артисі Қ.Жандарбеков. Басты рольдерде Қ.Жандарбеков пен ССР халық артісі К.Байсейтова ойнады. Операның сюжеті Қазақтың халық ауыз әдебиетінде кең тараған «Ертарғын» батырлық эпосына негізделген.

Операда халықтың рухани бейнесімен әдет-ғұрпын сипаттауда, басты кейіпкерлердің характерін жасауда және сюжеттік желіні өрістетуде қазақтың 70 ке жуық әндері мен күйлері пайдаланылды. Тарғынның батырлық бейнесін танытатын қаһарлы «Алтыбасар мен Қаракескен» Ақжүністің сан құбылған сиқырлы қылықтарымен опасыз іс-әрекеттерін көраететін «Арарай», «Нназқоңыр» сонымен қатар халық образын беруде Естай Беркінбаевтің «Қорлан» әндері операда сәтті пайдаланылды. Тұңғыш рет көп дауысты хорлармен вокалдық ансамбльдер бой көрсетті. 1969 жылы 22 наурызда опера жаңартылып қайта қойылды.

Режисер ҚазССР-нің халық артисі К.Кенжетаев, дирижер – И.Островский, суретшісі – Қаз ССР-нің халық артисі Г.М.Смайлова. Басты партияларды ССР халық артистері Е.Серкебаев (Тарғын) Р.Жамалова (Ақжүніс) Р.М. Абдуллин (Қапан) орындады және башқұрт АССР-нің музыка театрында қойылды. «Қыз Жібек» - Е.Брусловскидің операсы либреттосы Ғ.Мүсіреповтікі. Алғаш рет 1934 жылы 7 қарашада қазақтың музыка театрында (қазіргі опера және балет театрында) қойылды. Басты партияларды СССР халық артисі К.Байсейтова (Жібек) ҚазССР-нің халық артистері Қ.Байсейтов (Тарғын) пен М.Ержанов (Шеге) орындады. Спектакльді қойған ҚазСССР-нің халық артисі Ж.Шанин. Режисерлері Байсейтов пен И.Г. Боров, суретшісі ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері – А.И. Ненашев, балетмейстрі А.А. Александров, дирижер ҚазССР-нің еңбек сіңірген артисі Ф.А.Кузьмич, операда екі жастың (Жібек пен Төлеген) бір-біріне деген мөлдір махаббаты, патриархалдық-феодалдық заманның кертартпа салтына қарсы іс-әрекеті және аянышты өмірлері суреттеледі.

Мұнда қзақтың вокалдық және аспаптық шығармалары, халық композиторларының (Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет) ән-күйлері кеңінен пайдаланылды. Операдағы әсем сазды Гәкку әні Жібек бейнесін, «Алқорайкөк» Төлегеннің Жібекке деген сүйіспеншілік сезімін, ойнақы «Аққұм» Бекежан образын, терме әуеніндегі Шегенің ариясы оның ақындық шабытын, өткір мінезін аша түседі. «Гәкку» әні опера оқиғасының даму барысында бірінші актіде көңілді «шашу биінде» «Алты қаз» көрінісінде, опера финалындағы қыздар қорында)

Қыз Жібектің қойылуы ұлттық мәдениетіміздің тарихында ерекше орын алды, профессионалды музыканың дамуына, әнші-артистердің орындаушылық қабілетін шындауда мол үлес қосты, көптеген әншілердің шеберлігін айқындады. Ал Байсейітова бейнелеген Жібек образы осы күнге дейін әншілік және актерлік шеберліктің озық үлгісі ретінде қалды.1968ж. 27 қаңтарда «Қыз Жібектің» 1000-ыншы қойылуы, режиссер ҚазССР-нің халық әртісі Б. Досымжанов, өнер мерекесіне айналды. Бұған алғашқы орындаушылар қатарында болған. ҚазССР-нің халық артистері Ш. Бейсекова (Жібек), Байсейітов (Төлеген), Қ. Жандарбеков (Бекежан), Ғ Құрманғалиев (Шеге) т.б. қатысты. Дирижер ҚазССР-нің халық артисі Ғ. Н. Доғалиев: суретшісі – ҚазССР-нің халық суретшісі Г. Н. Ысмайлова. «Қыз жібек» қазақ музыка өнерінің асыл мұрасына айналған ұлттық опералардың бірі.

Композитор Мұқан Төлебаевтың творчествосы.



Л.Хамиди. Қазақстанды өзінің туған Татарстанынан кейінгі екінші Отаны санады. Дирижерлік шеберлігін жетілдіре отырып, ол қазақтың дарынды жастарын оқытып тәрбиелеумен де айналысты. Қазақ музыкасын өте жақсы көрді. Қазақтың халық әндері мен Абай әндерінен бірнеше жинақ жасады. Ол – халықтың сүйікті шығармаларына айналған «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» атты әндердің авторы. А.Жұбановпен бірігіп «Абай» операсын жазды.

Ол көптеген халық әндерін – «Ақбақай», «Ақдариға», «Елігай», «Жайдарман», «Қамажай», «Маусымжан», «Ағажан Ләтипа» хорға лайықтап жазды.

2. Балалр хорының дамуына өз үлестерін қосқан композиторлар: Қ.Қуатбаев, И.Нүсіпбаев, Ө.Байділдаев т.б.

Ө.Байділдаев 1932 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Алмати мемлекетік консерваториясын бітірген. Шығармаралы: “Туған Отан”, “Шырқа ән”, “Жаңа жылдық ән”, “Сен бәріненде сүйкімдісің”, “Шекарашылар әні”т.б. Ө.Байділдаев 5 сыныпқа оқулық жазған композитор. Балалардың дауыс ерекшеліктерін олардың дауыс көлемін жақсы білетін композитор, әндері жеңілдіктерімен, жүрдектіліктерімен, көңілділігімен, жұмсақтылығымен, әуезділігімен дараланады.

И.Нүсіпбаев – Қазақстандағы көрнекті балалар композиторы. Шығармалары қарапайымдылығы мен турашылдығы мен әуеннің кеңдігімен, терең мазмұнымен ерекшеленеді. Әндерінің тақырыптары әртүрлі: Отан тақырыбы, туған ел, туған жер, мектеп тақырыптары. Мысалы, “Мұғалім ғазиз, мұғалім”, “Мұғалім ол біздің”.

Қ.Қуатбаев – 1935 жылы Талдықорған облысы, Сарқант ауданы, Сарқаант ауылында туылған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консераторияны дирижерлау класы бойынша бітірген. Шығармалары: “Балаларға арналған әндер, билер ойындар”, “Таңсәріде”, “Ол не, бұл не”, “Музыкалық сауат”, “Қысқаша музыкалық сөздік”.
5. Бақылау сұрақатары:

1. 4. Қ.Қуатбаевтың хор туындылары?

2. И.Нүсіпбаевтың хор туындылары?

3. Ө.Байділдаевты хор тундыларын ата?

№7 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Хор жанрлары

2. Сабақтың жоспары:

1. Жанрлардың пайда болу кезеңі.

2. Музыкалық хор жанрлары – хорал, месса, мадригал, псалма және басқалары.
3. Сабақтың мақсаты: музыкалық хор жанрларымен таныстыра отырып, студенттердің білімін одан әрі қарай шыңдау.
Сабақтың мазмұны

1. 1476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауымен байланысты адамзат өмірінде жаңа кезең орта ғасыр кезеңі басталды. Кәсіптік музыканың негізгі түбірі монастырлар мен собарлар болады. Шіркеу басшылары музыканың адамға өте қатты әсер ететін қасиетін жете білді. Сол себепті 6 нар көпшілікке түсінікті болу үшін, оларға өздерінің ойларын жеткізу үшін, уағыздау үшін музыкаға, халық әуендеріне жүгінеді. Әр уақытта шіркеу басшылары өмір әуендерінің кіргенімен күресіп отырды. VI ғасырда Римде шіркеу әндері біріктіріліп заңды бола бастады. Бұл реформаны папа Григори 1 енгізді. Ол шіркеу әндерінен бір цикл құрды, бұл әндер мен католикалық шіркеулерде ғана орындалып болған. Оны кейінде григорияндық хорал деп атап кетті.

Сөйтіп орта ғасырда көптеген хор жанрлары пайда бола бастады. Басқа хор жанрлары өздерінің негізін хоралдан алды. Хоралдан кейін секвенциялар, гимндер, мессалар, мотеттер, мадригалдар, псалмалар пайда бола бастады.

2. Хорал деген немістің choral орта ғасырдағы (латынша cantus, choralis) деген сөздерінен шыққан. Ол ән айту деген мағынаны білдіреді. Бұл шіркеулерде айтылатын бір дауысты ән, оны құдайға құлшылық етудің бөлінбейтін бөлшегі десе де болады. Ол католикалық шіркеулерінде орындалған. Хорал басқа хор жанрларының тақырыптық және құрылымдық негізін қалаған классицизм бағытын бастаған көне жанр. Хоралдың вокалды хор өңдеулері аккордтық, гармониялық құрылымда жазылған. Хорал ораториялардың, кантаталардың, қайғырулардың (страсти) негізгі бөлінбейтін бөлшегі болып сақталып қалды. Мысалы: “Страсти по матерею”.




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет