Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 0.79 Mb.
бет4/6
Дата03.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш
BOS -> Лекция 5 сағ. Практикалық сабақтар: 40 сағ. СӨЖ. 45 сағ. ОбсөЖ. 45сағ. Барлық сағат 135 сағ

Месса - көпдауысты циклдік, вокалды-хор шығармасы. Ол католикалық шіркеудің негізгі құдай құлшылық ететін әнінің сөзіне жазылған. Месса музыка жанры ретінде XIV ғасырда пайда болды.

Мотет XII ғасырда Францияда пайда болған көп дауысты вокалды – хор шығармасы. Бұл жанр XVIII ғасырға дейін бүкіл Батыс Европаға таралған музыка жанры.

Мадригал итальян тілінен шыққан madrigale лат. matricale ана тілінде орындалатын ән деген мағынаны білдереді. Бастапқы кезде мадригал латын тілінен өзгеше итальянша ана тілінде бір дауысты ән болып орындалып жүрді. Ал жаңару заманында бір дауысты әннен көп дауысты әнге айналды. Би ақсүйектік мазмұнда жазылып Итальяға, Францияға, Англияға және басқа да Европа мемлекеттеріне тарады.

Псалма дегеніміз Библияның бірінші бөлімінен алынған діни әндер мен дұғадан тұратын ән. Мелодиялық декломациядан жазылған псалмалар жинағы “Псалтырь” деп аталады.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Хорал қай ғасырда пайда болды.

2. Мадригал дегеніміз не?

3. Псалма дегеніміз не

8 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Хор жанрлары

2. Сабақтың жоспары:

1. Академиялық хорлар, халық хорлары

2. Опера хорының ерекшеліктері
3. Сабақтың мақсаты: музыкалық хор жанрларымен таныстыра отырып, студенттердің білімін одан әрі қарай шыңдау.
Сабақтың мазмұны

1. Хор жанры халық арасына кеңінен таралып, жыл сайын қанат жайып, дамып келеді. Хор - әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып, ұйымдасқан ұжым. Оларды шғармашылық бағыттарына қарай екі түрге бөлуге болады: академиялық хорлар немесе капеллалар және халық хорлары. Хорлардың бір-бірінен айырмашылығы орындаушылық шеберліктерігне, ән айту үлгісі мен репертуар характеріне байланысты. Халық хоры халықтық стильге бейім, яғни шығарманы халықтық үлгіде орындайды. Олардың ішінде орындау дәрежесі жағынан акадеиялық және халық хорларының белгілері қатар болатын ұжым да кездеседі. Ал, академиялық хор – көп дауыста қосылып ән айтудың техникасын меңгерген, ән салу теориясын жетік білетін, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жатыққан ұжым.

Хор ұжымын құру, оның жұмысын, бір жүйеге келтіру хор жетекшілеріне жүктеледі. Мұндай ұжымдарға музыкалық оқу орындарының, опера театрының хорлары, капеллалар және профессионалдық ән-би ансамбльдері жатады. Концерттерде музыкалық шығармалар хор жетекшісінің, яғни дирижердің басқаруымен орындалады. Хордағы әртүрлі дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуы хорды ұйымдастырудың негізгі принциптері болып саналады.

2. Опера – синтетикалық өнер түрі – театр, поэзия, би, музыканы біріктірген. Опера ықпалы 17 – 18 ғғ. музыкалық шығармашылығына тарады. Оның ішінде аспаптық музыканың жаңа жанрлары пайда болды : увертюра, оркестрлік және балеттік сюита; симфонияда операға драматургия және бейнелер мінезімен ұқсас боп қалыптасты. Тіпті діни музыкаға – оратория мен кантатаға – опералық формалар, вокалдық стильдің концерттігі мен композиция принциптері енді. Опера әрқашанда қауымдық талғамдар, көңіл, керектіктерге сергек елеулеп отырған. Тарихтағы сыну кезеңдерінде, ескі ойлар мен жаңа бағыттардың күрестері саяси - әлеуметтік сипатқа ие болғанда опералық сұрақтар аса актуалды болған.

Опера дегеніміз-сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалық драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады. Операда ән, ария, би, симфониялық шығармалар орындалады. Операны бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай-ақ сахнаға бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады. Операға қатысты терминдерге тоқталып өтсек.

Либретто-опера балет және ораторияның әдеби поэтикалық мәтіні.

Лейтмотив-музыкалық шығарманың негізгі әуені және осы әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы.

Увертюра – опералық шығарманың орындалу алдындағы музыкалық кіріспесі.

Ария – белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.

Ариоза – арияның шағын түрі.

19 ғасырдың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында, аңыз ертегі мен халықтық-эпикалық, қаһармандық тақырыпқа (С.И.Давыдовтың «Леста, Днепр су перісі», К.А.Кавостың «Илья батыры», «Иван Сусанині» т.б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А.Н.Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30-40 жылдары М.И.Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыкалық мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыкалық бейнелей құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А.С.Даргомыжеский қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыкалық образдар ( «Тас мейман» т.б.) жасады. 50-60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, кәсіби музыкалық білім беру қлға алынды. Бұл салада А.Г.Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Мәскеу (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 жылы Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революциялық-демократиялық идеялар «Құдіретті топ» композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Академиялық хор мен халықтық хордың айырмашылығы?

2. Опера дегеніміз не?

3. Хор ұжымын ұйымдастыру?

№ 9 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы : Хор – вокалдық ұйым
2. Сабақтың жоспары:

1. Дауыс аппаратының қызметі туралы негізгі түсінік.

2. Диапазон. Регистр
3. Сабақтың масаты: хордың түрлерін ажырата білуді, хор партитураларын құруды, дауыс диапазондарына қарай хорды әр партияға бөлуді, хорды орналастыруды үйрету.
Сабақтың мазмұны

1. Хор өнері – халқымыздың музыкалық және жалпы мәдениетінің өсуіне жас ұрпақтың эстетикалық дүние танымын кеңейтіп, көркем талғамын қалыптастыруда негізгі қайнар көздерінің бірі болып есептеледі. Музыкалық білімнің негізі болып есептелетін хор өнері мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие беруде зор роль атқарады.

Музыкалық дыбыстар әлемінде ән айту дауысы ең маңызды орындардың біріне қойылады. Адам өзінің қайғы-қасіретін, қуанышын бейнелей алатын құрал тәрізді, дауыс алғашқы музыкалық аспап ретінде болған деп ойлауға болады. Жалпы дауыс деген ұғымды адамның дауыс аппаратымен айтылатын барлық дыбыстар деп түсінеміз.

Дыбыс қалыптасудың барлық процесін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, ән айту аппаратының құрылысын және қызметін білу, күнделікті вокальдік жұмыс барысында ән айтудың қандай дағдыларын қажеттілігін көз алдына елестете білу қажет. 1. Мұрын қуысы. 2.Мұрын-жұтқыншақ. 3.Жұтқыншақ. 4.Ауыз қуысы (артикуляциялық аппарат). 5.Көмекей. 6.Дауыс буданының байламдары. 7.Кеңірдек, кеңірдекше. 8.Кеуде клеткасы. 9.Диафрагма. 10.Резонатрлар.



Мұрын қуысы – мұрын қалқасынан тұрады, ол кіру саңлауы бар екі симметриялы бөлік құрайды – мұрын-жұтқыншағына шығатын – саңылау және хоандар. Оларға қосалқы қуыс тар қосылады (гаймор қойнауы, маңдай, торламалы) бұлардың бәрі сілемей қабыршақпен қапталып, ауамен толтырылған. Мұрын қуысы қосалқы қуыстармен бірлесіп тыныс алудың резонатрлық және қорғаныс қызметін орындайды.

Мұрын-жұтқыншақ хоаналар мен жұмсақ таңдай аралығында орналасқан жұтқыншақтың жоғарғы бөлігі. Евстахит түтікшелерінің көмегімен мұрын-жұтқыншақ құлақ қалқандарымен қосылған. Мұрын-жұтқыншақ (суық тию, аденоид) ауруы ән айту дыбысының сапасына әсер етеді. Мұрын-жұтқыншақ тыныс алу және резонатрлық қызметін атқарады.

Жұтқыншақ – ауыз қуысымен тамақ арқылы қосылатын кеңістік. Жұтқыншақ резонатр қызметін атқара отырып, дбыс қалыптастыруға белсенді қатысады және артикуляциондық аппараттың құрамына кіреді. Мысалы: дауысты дыбыс «У»-ға қарағанда, «А»-да жұтқыншақ қуысы кішірек. Жұтқыншақта бадамшалар бар, ол микробты ұстап қалатын – қорғаныс қызметін орындайды.

Ауыз қуысы артикуляциондық аппаратты құрайды, бұл қатты таңдайдың тұйығы, тіл, тістер, ерін, кішкене тілшігі бар жұмсақ таңдай, ұрттың бұлшық еттері. Байламдары бар жұтқыншақтың жұмысын және артикуляциондық аппараттың жұмысын жинақтап біріктіру арқылы бақылау қажет. Жақсы дикцияны ән айту тынысымен және бірмезгілде жақсы тіректі және кантиленті ән айтумен үйлестіре білу қажет. Ауыз қуысының қызметі: а) артикуляция (дауыстыларды және дауыссыздарды айту); б) сыртқы кеңістікке дауысты тарату; в) резонирлеу.

Көмекей байламдар мен буындардың аралығы өзара қосылған шеміршектердің бүтін жүйесінен тұрады. Ерлерде қалқанша шеміршегі көмекейде қалыптастырады. Ән айту кезінде көмекей тарылады және ән айту тірегі үшін, ән айту дыбысының көркемдік құнды сапасын қалыптастыру үшін бұл құбылыстың маңызы зор. Көмекейге кіру жолы көмекей үстімен жабылады. Көмекейде дауыс байламдары болады. Көмекей қызметі: (тыныс алу, қорғаныс және дауыстық) а) ән айтудың негізгі сипатын қамтитын дыбысты тудыру органы болып табылады: нақты биіктігі, күші, тембрі, иілгіш, ән айту вибратосы; б) тыныс алу процесінде маңызды роль атқарады; в) дауыс байламдарын қорғайды (бөгде дене көмекейге түсі кезінде бұлшық еттер осы сәтте дауыс байламдарын жауып қалады).

Дауыс байламдары көмекейдің ортасында орналасқан. Бұл дем алу және ән айту кезіндегі үшбұрыш, паралель тәрізді екі жұптық бұлшық еттер. Бұл бұлшық еттердің ұштары дауыс бұлшық еттерінің әртүрлі көлемдегі екі қатпарын білдіреді, ұзындығы сантиметрмен сопрано (1,4-1,9), меццо-сопарно (1,8-2,1), тенор (1,8-2,2), баритон (2,2-2,4), бас (2,4-2,5). Бастарда – ең ұзындары және қалыңдары, сопранода – ең қысқалары және жіңішкелері. Дауыс байламдары дыбыс тудырады, тыныс алу жолдарын ашады және жабады. Олар ашық-қызыл түсті эластикалы жарғақпен жабылған. Байламдарға суық тиген болса немесе шамадан тыс зорықса – олар қызарады. Дауыс байламдарын суландырып отыратын, борпылдақ қосылу ұлпалар мен бездерден тұратын жоғарға шодырлы – жалған байламдары бар. Бұл қызмет ән айту дауысын қалыптастыру кезінде өте маңызды.

Кеңірдек, кеңірдекше, өкпе. Кеңірдек немесе тыныс алу тамағы, өңештің алдыңғы жағына орналасқан және көмекейді жалғастырады. Ол, көмекей тәрізді байламдармен өзара қосылған шеміршек сақиналарынан тұрады. Төменгі бөлігінде кеңірдек екі кеңірдекшеге бөлінеді, бұл өз кзегінде, өкпе ұлпасын құрайтын брохиоларға және көпіршектерге бөлінеді. Кеңірдек, кеңірдекше, өкпе тыныс алу және резонатрлық қызметін атқарады.

Кеуде клеткасы – торламалы конустың бейнесі бар. Ол алдыңғы жағынан кеуде сүйегімен, артқы жағынан – омыртқаның кеуде бөлігімен қалыптасқан. Омыртқа бағаны кеуде сүйегіне доға тәрізді қабырғамен қосылған. Кеуде клеткасының арқауы тыныс алуға қатысатын бұлшық етпен өрілген. Дем алу бұлшық еттері – бұлшық еттерді (дем алу) кеңейтеді, дем шығару бұлшық еттерді – тарылтады (дем шығару).

Диафрагма кеуде клеткасының негізін құрайды, кеуде және ішперде ұуысын бөледі. Диафрагма төменгі қабырғаға және омыртқаға бекітіледі, екі тұйығы бар – оң және сол. Дем алу кезінде бұлшық ет диафрагмасы қысқарады, оның екі тұйығы кеуде клеткасының көлемін ұлғайта отырып, төмен түседі. Диафрагма көлденең-жолақты бұлшық еттерден тұрады, сондықтан ол эластикалы және жылжымалы. Дафрагма дыбыстарды қалыптастыру және олардың күшін өзгерту кезінде ауа ағмының жылдамдығын және қатпар асты қысымды реттейді.

Шығу саңылаулары бар және серпімді қабырғаға тұйықталған ауаның көлемі акустикада резонатр деген ұғымды білдіреді. Егер дыбыстың бастапқы көзінің қасында бос кеңістік болса, онда дыбыстың дауысы ұлғаятындығы белгілі. Дауыс байламдарының жоғары және төмен қуыстары резонатрлар ролін атқарады және дыбыстың сапасына әсер етеді. Дыбыс, осы қуыстардың көмегімен күшейеді, обретондармен толықтырылады. Байламдардан жоғары орналасқан: жұтқыншақ, аыз қуысы, мұрын қуысы, гаймор қуысы, маңдай қойнауы – бұл басты резонатрлар. Ауа жолдары арқылы сыртқы кеңістікке шығу жолы болмай, баст резонатрда жинақталған қуат, резонатрлардың шайқалысын шақырады, яғни бастың бет бөлігінің қатты вибрациялық ауытқуы. Әнші бұл ауытқуларды бет пердге тиген дыбыс ретінде қабылдайды. Басты резонатрдың сезімдерін табу тәсілдері (ырылдау, ыңырсу және дауыты дыбыстар). Жоғары ән айту форманты әйелдердің дауысында – 3000-3200 Гц құрайды, ал ерлерде 2500-ден 3000-ға дейін Гц. Формантының қалыптасуы резонатрлық ауа көлемдерімен байланысты болғандықтан, жапсарлап қойылған түтікшенің үлкен көлемдері арқылы айтарлықтай барынша төмен дауыстылардың форманттық аумағы жеңіл туындайды. Сонымен, «бет пердедегі» дыбыс, ауа ағымы әншінің қатты таңдайының дәл алдыңғы бөлігіне, алдыңғы тістердің жоғарғы жиегіне қарай бағытталғанын білдіреді. Дауысты дұрыс орнықтыру өнері, ән айту кезінде дыбысты бағыттау, оны сонда ұстап қалу тәрізді осы ептілікпен тұжырымдалады. Байламдардан төмен ораласқан: кеңірдек – 15 см, жиілігі 500 Гц, кеңірдекше, өкпе – кеуде резонатрлары. әнші ән айту кезінде кеуде клеткасында сезінетін діріл кеңірдек және кеңірдекше арқылы таралатын, жұмыс атқараушы дауыс байламдарының дыбыстық ауытқулары және кеуде резонирлеу болып табылады. Тек басты немесе кеуде резонирлеуімен әуестеніп шұғылдануға болмайды – дауыс кеуіп, құрғап кетуі мүмкін.



Диапазон сөзі (diapason) грек тілінен алғанда «барлық дыбыстар арқылы» мағына береді. Диапазон ұғымына вокалдық тұрғыдан қарағанда адам дауысының дыбыс шығару мүмкіндігінің ең төменгі дыбысы мен жоғарғы дыбысының аралығын айтады. Музыкалық жүйедегі барлық дыбыстар үш топқа бөлініп регистр деп аталады. Музыкалық диапазондағы орта регистр кіші, бірінші, екінші октаваларды қамтиды; жоғарғы регистр (жіңішке) үшінші, төртінші, бесінші октаваларды; төменгі (жуан) – субконтроктава, контроктава және үлкен октавадан тұрады. Әр түрлі дауыстардың регистрлері басқа дауыс тардың регистрімен сәйкес келмейді. Мысалы: Бастың (дауыс) жоғарғы регистрі альттің төменгі дыбысы болса, валторна аспабының жоғарғы регистрі кларнеттің орта регистрі болады.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Дауыс аппараттарын ата?

2. Диапазон дегеніміз не?

3. Регистр дегеніміз не?


№ 10 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы : Хор – вокалдық ұйым
2. Сабақтың жоспары:

1. Хордың түрлері мен құрамы

2. Хор партияларын құрайтын дауыстар

3. Хордың орналасу тәртібі және оны басқару тәсілдері


3. Сабақтың масаты: хордың түрлерін ажырата білуді, хор партитураларын құруды, дауыс диапазондарына қарай хорды әр партияға бөлуді, хорды орналастыруды үйрету.
Сабақтың мазмұны

1. Хордың түрлері оның құрамына кіретін топтарға байланысты. Әйелдердің дауыстарынан ғана құралған хорды біріңғай әйелдер хоры деп атайды. Оның құрамы – сопрано І-ІІ, альт І-ІІ дауыстарын құрайды. Ерлер дауыстарынан құралатын хор біріңғай ерлер хоры деп аталады. Оның құрамы – тенор І-ІІ, баритон, бас дауыстарын құрайды. Ерлер мен әйелдердің немесе балалардың дауыстарынан құралатын хор аралас хор болып саналады. Оның құрамы – сопрано І-ІІ, альт І-ІІ, тенор І-ІІ, бас І-ІІ дауыстарын құрайды.

2. Хорға қатысушы әрбір әншінің даусы тек өзіне тән болуымен қатар үнінің қатқыл не жұмсақ, зор немесе бәсең, дауыс көлемнің кең не болмаса шағындығымен дараланады. Осы айтылған қасиеттеріне байланысты професионал әнші даусының ән айтқанда ркін алатын белгілі дауыс көлемі (диапазоны) болады. Дауыстар жалп диапазонына қарай төмендегідей болып топтасады:

Әйелдердің жоғары (жіңішке) даусы – сопрано

Әйелдрдің төменгі (жуан) даусы – альт

Ерлердің жоғары (жіңішке) даусы – тенор

Ерлердің төмнгі (жуан) даусы – бас

Балалардың жоғары (жіңішке) даусы – сопрано

(Балалардың даусы дискан деп те аталады)

Балалардың төменгі (жуан) даусы – альт

Хор үшін сопрано партияларының ролі өте маңызды. Хорда көбіне негізгі әуенді осы партия орындайтын болғандықтан, оның дауыстық сапасы жоғары, бояуы қанық, үні қуатты, жарқын, жеңіл және жүрдек болып келі шарт.

Сопрано партиясының жиі қолданылатын дыбыс аумағы – бірінші октаваның до нотасы мен екінші октаваның ля нотасының аралығы.

Хордағы альттер партиясы үні онша күшті емес, бірақ бояуы қою, жұмсақ қоңыр дауысты болып келеді. Әйелдердің екі дауысты хорында альттер екінші немесе төменгі дауыстың ролін атқарады. Альт партиясының дыбыс аумағы, яғни диапазоны – кіші октаваның соль нотасынан екінші октаваның ре нотасына дейін.



Тенор партиясының дыбыс диапазоны кіші октаваның до нотасынан бірінші октаваның фа нотасына дейінгі аралықта болады. Бұл тенор партиясы жеңіл, жүрдек келеді. Сонымен бірге, дыбыс алу жағынан күшті әрі қуаттылығымен айрықшаланады. Тенорлар әуенді өздігінше немесе сопраномен бірге қосыла орындай отырып, басты партиялардың ролін жарқын үнмен ерекше көркем атқарады. Тенор партиясы, әдетте, скрипка кілтінде жазылып, бір октава төмен орындалады. Кейд бас кілтінде де жазылады.

Бас партиялары хордың негізі болып табылады. Дыбыс диапазонының жиі кездесетін аралығы – үлкен октаваның фа нотасынан бірінші октаваның ре нотасына дейін. Бас партиясы үнінің қуатты болуымен ерекшеленеді. Кейде ерлердің екі дауысты хорында бас партиясы екінші дауыстың ролін атқарады.

Балалар хорындағы сопрано партиясының дыбыс көлемі кіші октаваның ля, си ноталарынан екінші октаваның ми, фа ноталарына дейінгі аралықты қамтиды. Балалар хорндағы альт партиясының дыбыс көлемі кіші октаваның си нотасынан екінші октаваның ре нотасына дейінгі аралықты қамтиды.

3. Хор ұжымының шығармашылық жұмысы нәтижелі де жемісті жүргізілуі үшін концерт кезінде де, жаттығу (репетиция) уақытында да оған қатынасушы партиялардың белгілі орындары болуы қажет. Хор партияларын орналастырудың бірнеше әдстері бар. Солардың ішінде ең қолайлысы – хорды жарты шеңбер етіп орналастыру. Бұл әдіс түрлі дауыстардың үнінің бір арадан топтасып шығуына мүмкіндік тудырады. Жаттығу кезінде хор мүшелері қалай орналасса, концертте де сол тәртіп сақталуы тиіс.

Хор басқарушы, яғни дирижердің көркемөнерпаздар коллективімен жұмыс істегенде ұйымдастыру қабілетімен қоса методикалық әдістерді пайдалана білуінің түрлі принциптік маңызы бар. Біріншідн, ән айтуда хор ұжымына дирижрдің дене қимылы, қозғалысы, бет құбылысы, эмоциясы да зор қызмет етеді. Сонымен қатар, шығарманың кейбір кезеңдерін қалай айту керектігі жайында сөзбен айтып түсіндру тәсілінің де пайдасы мол. Ол үшін жетекшінің музыкалық қабілеті жан-жақты болуы тиіс. Оған вокалды-хор техникасының негізін блу, өз даусымен хор партиясын айтып көрсету, музыкалық аспаптарды еркін меңгре алумен қатар музыканы қабылдау және ырғақ ерекшеліктерін айқын аңғару қабілеті жатады. Осындай бесаспап хор жетекшісі музыкалық фразаның интонациялық, ырғақтық және басқа ерекшеліктеріне әншілердің назарын аударып, жақсылап түсіндіру үшін өзі дауыспен айтып көрсету тәсілін жиірек қолданады. Хор үірмесн қатысушылардың бәрінің бірдей музыкалық сауаты бола бермеуі мүмкін. Сондықтн хор басқарушысы өзінің ой-талабын, дирижерлік қимылдарының мәнін, астарын репетиция кезінде сөзбен түсіндіріп жеткізеді. Концертте хорға қатысушылар тек қана дирижрдің қлына қарап, нені талап етіп тұрғанын ұғынып, шығарманы соған сай етіп орындауы керек. Мысалы, дауыстың динамикалық жағынан ақырын (Р), қатты (Ғ) немесе көтеріңкі орындалуын дирижр жеке саусағының бағытымен көрсетуі мүмкін. Хор басқарушы осындай талабын әрқашан репетиция кезінде ашық ескерткені жөн.

Мұндай талаптардың іске асуы:

1. Хордың көркемдік дәрежесінің жоғарылығына;

2. Хор мүшелері мен дирижер арасындағы түсіне білушілікке;

3. Дирижердің тәжірибелігіне тікелей байланысты.

Хор ұжымының дирижердің талабына сай дұрыс ыңғайлануы, қолының қимылын дұрыс түсінуі, әнді таза айтуы олардың орындаушылық мәдениетінің көрсеткіші болып саналады.

Шығарманы орындауда дирижердің қимыл-әрекеті (аппараты) хор басқарудағы ең негізгі құрал болғандықтан, оның барлық қимыл-қозғалысы өте айқын, түсінікті болуы тиіс. Хор басқарушы ддирижерлік техниканы жақсы меңгеруімен қатар, өз тәжірибесін, білімін іс жүзінде тиімді де сауатты қолдана білуі өте қажет.



5. Бақылау сұрақтары:

1. Хордың орналасу тәртібі қалай болады?

2. Хор басқарушның қызметі қандай?

3. Хорды басқарудың қандай әдіс-тәсілдері бар?


№11 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Вокалды-хор техникасының элементтері
2. Сабақтың жоспары:

  1. Ән салу – күрделі, тұтас процесс.

  2. Хор жаттығуларының түрлері мен тәсілдері.


3. Сабақтың масаты: вокалды-хор техникасының элементтерін меңгере отырып, орындаушылық шеберліктің сапасын жетілдіру, шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын тыңдаушыларға дұрыс жеткізе білу үшін вокалды-хор техникасын дұрыс қолдана білуді үйрету.
Сабақтың мазмұны

1. Ән айту – физиологиялық процесс, демек, организмге байланысты құбылыс. Ән айтуда ми, нерв жүйелері, дауыс аппараттары өзара байланысып қатысады. Ән айтқанда жағымды, дұрыс дыбыс шығу үшін вокалды-хор техникасының элементтерін жетік меңгеру қажет

Вокалды-хор техникасы деп – хор дауыстырының үйлесіп шығуын, дыбыс үндестігінің таза айтылуын (дикция) және түрлі нюанстарын бере алатын дағдыларды айтады. Вокалды-хор техникасын дұрыс қолдана білсе, ол шығарманың идеялық, көркемдік мазмұнын дұрыс жеткізуге жәрдемдеседі. Тәжірибеде көріп жүргендей, кейбір хорлар вокалды-хор техникасының төмен дәрежеде болуынан қиын күрделі шығармаларды орындау барысында оны өз дәрежесінде шығаруға шамалары келмей қалады. Хор жетекшісі хордан жақсы, әсем үнділікті, басқаша айтқанда «дыбыс мәдениетін» талап ете отырып, вокалды-хор шеберлігінің дұрыс орындалуын және оның хор әншілерінің дағдысына айналып қалыптасуын қамтамассыз етіп отыруы керек.

Вокалды-хор техникасының элементтері:

А) ән салу;

Б) тыныс ала білу;

В) дыбыстың пайда болуы;

Г) дикция

Әртүрлі музыкалық орындаулар үнемі эмоционалдық күйде бейнеленген бірқатар үлгіде өтеді. Ән айту техникасын сөйлеу қимылының талдауышындағы көптеген байланыс тың қалыптасу, қандай да болмасын орындау тапсырмаларын іске асыру үшін туындайтын байланыс нәтижесі ретінде қарастыру қажет. «Кәсіп өнердің астарында болып табылады» афоризмі белгілі. Алайда, өнер жетілген кезде кәсіп жойылып, байқалмай кетеді. Тек образ, әсерленіп қамығу тікелей қабылданады, ал техника «орындаушылық кезінде еріп кетеді». Мысалы: Галина Уланова билеген сәтте, біз биде орын алған техника элементтерін байқамаймыз, тек пластикалық үлгіні іске асыру кезінде айқындалған образды, әсерленіп қамығуды көреміз. Мұндай актерлар жайында былай деп айтады: «Бұлар таланттылар ғой, оларда бәрі де өздігінен жеңіл жасалады, оларға бірнәрсеге оқудың да қажеті жоқ!». Кімде кім ірі орындаушылардың өмір баянымен таныс болса, олар орындаушылардың бала кезінен бастап, өмірлері күн сайынғы тер төгу және мақсатты бағытта жұмыс атқарумен толы болғанын біледі.

О.П. Тарская «Менің вокальді-педагогикалық қағидаларым» атты мақаласында былай деп жазады: «ән айту процесі – жиынтықты, күрделі және бір жағынан жабық деңгейдегі құбылыс. Осы процеске тереңдеп бойлау, оны оқып зерделеу, әсіресе жетекшілік жасау – ерекше қиын тапсырма». Қазіргі таңда ғылым ән айту қызметін бүтін автоматты процес ретінде анықтайды, оның барлық бөлігі бірін-бірі өзара алдын-ала айқындайды және шартпен ескертеді. Ән айтуды үйренуді табиғи автоматизмді жасырып, жиынтық түрде және жеке бастау қажет.

Әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс-тәсілін, ережелерін білу қажет. Ән айту үшін ең әуелі қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын білген жөн. Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше - өкпе. Сол өкпеде жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айту барысында музыкалық сөз тізбегіне (фразаға) лайықтап шығарады. Әрбір сөз тізбегіне байланысты әнші жаңадан тыныс алып отырады. Ән айтқанда көмейден шыққан дыбыс тыныс жолдары – жұтқыншақ, ауыз қуысы, кеуде, бас, кеңсірік, дыбыс тербелістерін жасаушы (резонатрлық) дене мүшелері арқылы күшейіп естіледі. Яғни дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты алғышарттардың бірі. Дұрыс тыныс алу мен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану дыбыстың да, сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуының кепілі. Ән айту кезінде әнші денесін болбыр ұстап, сергек сезінбесе немее бүкірейіп, қисайып, шалқайып, дұрыс тұрмаса, дыбыс шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейді. Сөйтіп ән өз дәрежесінде шықпайды.

2. Хормен ән айту және жалпы ән айтуға үйрету кезінде вокалдық жаттығулардың алатын орны ерекше. Оны жүргізудің мақсаты - әншілік дауыстың негізгі дағдыларын қалып тастыру. Вокалдық жаттығулар дыбыс шығару аппараттарын шынықтырып, төзімділігін арттырады, әншілік дағдыны меңгеруге тәрбиелейді.

Жаттығулардың ең бастысы – оны құра білу. Әрине ең басты негізгі қарапайым дем алу, артикуляция, дикция, т.б. дағдыларды меңгерту. Одан әрі бірте-бірте өте нәзік бағытта өзгерте отырып дағдыландыру керек. Жаттығуларды ән айтудың алдында жүргізу дауысты ән айтуға дайындап шыңдау болып табылады.

Вокалдық жаттығуларды екі категорияд жүргізуге болады. Біріншісі тиянақты бір музыкалық шығармаға байланыс тырып қолдану. Мұнда вокалдық дағдының меңгерілген қорына байланысты жүргізілсе, екінші түрі үйретілетін шығарма (ән) репертуарына байланысты белгілі бір қиындықтарды меңгеру бағытында жүргізіледі. Ол үйретілетін әннің әуеніндегі қиындыққа негізделіп құрылған болуы мүмкін.

Осы екі түрлі жаттығулардың қайсысы болмасын оқушылардың саналы түрде орындауына көңіл аударылуы керек. Вокалдық жаттығуларды мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлендіріп таңдап алуларына болады.

Мыс: 1. Ма-ме-мо-му-у-у-у бір дыбыста айтылады.

2. М-е-н ә-н ай-та-мын, жақ-сы- ай-та-мы-ы-ы-н

















Тыныс ала білу әдістері

Хорға қатысушы әншілердің жеке дауыстары жақсы болғанымен, ән айту кезінде тынысты дұрыс ала білмесе, хор өзінің мүмкіндіктерін толық көрсете алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда қиналмай, еркін айтуына көмектеседі. Ән айтарда иықты көтермей, демді іште ұстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.

Мұндай кідіріс әншілердің демін реттеуге және әнді дирижердің қолына қарап бір мезгілде бастауға мүмкіндік береді. Әнді айтқанда демді үнемдеп пайдалану кере. Демді дұрыс алудың тәсілін хор жетекшісінің іс жүзінде көрсеткені дұрыс.

Хорда тыныс ала білуді үйретуде дирижер қолының қимылы үлкен роль атқарады. Ол әншілердің әнді бір мезгілде орындауына көмектеседі. Кейбір хор шығармаларын орындаудағы қажетті тәсілдердің бірі – тізбекті дем алу әдісі. Мұнда әншілер ән айту кезінде бірінен соң бірі кезекпе-кезек тыны алады. Мұндай әдіс хор шығармаларының үздіксіз айтылуын қамтамасыз етеді. Тізбекті дем алу, әсіресе, созылыңқы әндерді орындауда өте тиімді болып саналады. Тізбекті дем алу әдісіне хорға едәуір ұзақтау гаммаларды паузасыз (үзіліссіз) айтқызу арқылы дағдыландыруға болады.



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет