Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 0.79 Mb.
бет5/6
Дата03.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> BOS
BOS -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOS -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
BOS -> Лекция: 30 сағат. Семинар: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат. Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат. СӨЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
BOS -> 2. Практикалық сабақты өткізу уақыты және орны
BOS -> Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш
BOS -> Лекция 5 сағ. Практикалық сабақтар: 40 сағ. СӨЖ. 45 сағ. ОбсөЖ. 45сағ. Барлық сағат 135 сағ

5. Бақылау сұрақтары:

1. Ән айту қанда процесс?

2. Вокалды-хор техникасының элементтері қандай?

3. Вокалдық жаттығулар не үшін керек, қалай жүргізіледі?

4. Вокалдық жаттығулардың қандай түрлері бар?

№ 12 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Вокалды-хор техникасының элементтері
2. Сабақтың жоспары:

1. Балалармен вокалды-хор жұмстарын жүргізудегі педагогикалық бағыттар.

2. Вокалды-хор дағдыларды қалыптастыру әдістері.

3. Тізбекті тыныс алуды қалыптастыру.



3.Сабақтың мақсаты: вокалды-хор техникасының элементтерін меңгере отырып, орындаушылық шеберліктің сапасын жетілдіру, шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын тыңдаушыларға дұрыс жеткізе білу үшін вокалды-хор техникасын дұрыс қолдана білуді үйрету.
Сабақтың мазмұны

1. Мұғалім оқушыларға ән үйрету кезінде әдіс-тәсілдерді дұрыс жүргізе отырып, балалар ағзасының біртіндеп өсіп дамуы барысындағы ән айту аппаратының өзгерісіне байланысты заңдылықтарды қатаң білуі керек.

Мектепке келген 6-7 жастағы баланың музкалық кейбір түсініктері қалыптасқан болады: бала-бақшада, радио-теледидар арқылые музыкалық аспаптарда ойнап үйренуі, әр түрлі кон курстарға қатысуы, т.б. мұғалім осы біліамдерін одан әрі толықтырып жаңа музыкалық түсініктер беру арқылы есту қабілеттерін дамытуы тиіс. Мектепке келген әр баланың дыбыс шығару аппаратын тексеріп, денсаулықтарының дұрыстығына үлкен көңіл аудару керек.

Кейбір балалардың есту қабілеттері нашар, сөйлеу кезіндегі тіл мүкістігі болуы мүмкін немесе тамақтарының аурулығы, дыбыстарының таза еместігі (қырылдау) болуы мүмкін. Ал, керісінше кейбір балалардың есту қабілеттері өте жақсы дамыған, зерек есте сақтау мүмкіндігі де ерекше болады.

Мұғалімнің ән айтуды дұрыс ұймдастыруы, үнемі әундік естуді дамытатын жаттығулар жүргізу, дауыстарына күш түсірмейтін жеңіл әуенді әндерді айтқызу арқылы балалардың бірте-бірте есту қабілеттері тиянақтанады, әнді таза атуға, ырғақты сезінуге мәнерлеп орындауға қалыптасады.

2. Сонымен әнді хормен айтуға үйрету барысында ән айтудың өзіндік ережелерін сақтай отыра әнді сауатты да мәнерлі, әдемі терең сезіммен, ырғақтық үйлесіммен, сөздерін анық та түсінікті, мазмұнды да мәнерлі орындауға қалыптастыру үшін мынадай вокалдық ережелердің орындалуын үнемі қадағалау керек.



Ән айтқанда денені дұрыс ұстай білу дегеніміз – кеудені түзу тік ұстап, басты сәл артқа қарай көтеріп отыру. Қолды тізенің үстіне қою (отырғанда), немесе түзу екі жағына жіберу (тұрғанда).

Дем алу. Ән айтар алдында демді иықты көтермей ішке терең алып белгілі бір тиянақты ойды білдіретін фразаға дейін үнемдеп жеткізу. Дирижерлеп тұрған мұғалімнің қолының көтерілуіне байланыстыруға болады.

Дыбыстау немесе дыбыс шығару. Дыбысты таза өз дәрежесінде шығару, хормен айтқанда бірдей бастау, фраза аяғына дейін жеткізу.

Дикция. Дауысты дыбысты таза шығару, дауыссыз дыбыстарды қысқа анық меңгеру, әннің сөзін анық та түсінікті айту, дауыссыз дыбыстарға көп тоқтамау. Мысалы: р-р-р, қ-қ-қ «қандай жақсы» дегенде қ-қ-қан-н-д-д-дай деп дауыссыз дыбыстарда отырып алмай қысқа да нақты шығарып, керісінше дауыстыға тез ауысып айту.

Әуен түзеу - әннің әрбір басталуы, дем алысы, аяқталуы, әр әншінің дыбыстарды меңгеруі бірдей, бір кісідей айтылуы, әуеннің бірдей шығуы.

3. Дұрыс тыныс алуды қалыптастыру үшін қысқа фразаларды бір тынысты айтыпжаттықтырудан – «легатодан» бастау керек, содайн кейін қысқа, үзіп айту «нон легато» жаттығуларын жүргізуге дағдылануға болады. Бірте-бірте тыныс алуды дұрыс жолға қою арқылы тізбекті дем алу тәсіліне дағдыландыруға болады. Жалғастырып дем алуда хор мүшелері бәрі бір уақытта тыныс алмай, жеке әншілер кезектесіп, білдірмей тыны алып,шығарманы айтуды жалғастырып отырады. Әншілі дыбыс шығару, дыбыстың бірінші басталуына байланысты болады. Хормен ән айтудың жұмсақ және қатты басталуы болады. Әншілі дауыс тың шығуына жұмсақ бастау негіз болады.

Ән айту ережесін білмейтін әншілрдің дыбы сшығару аппараттары дұрыс шынықпаған, жетілмеген болады. Сондықтан олардың дауыстары әлсіз, сенімсіз шығады, осыған байланысты хорда ән ай тудың басталуында қатты дыбыс шығару дұрыс емес, хор ұйымдастырушы дыбысты жұмсақ бастауға дағдыландыруды қадағала керек.

Мұғалім әртүрлі сипаттағы әндрді айтқанда оның сөз мәтініне байланысты жұмыстар жүргіу керек. Орташа, созылыңқ әндерде артикуляцияның жұмсақ, марш тәрізді патриоттық әндерде нық, ауырлау қозғалысын қалыптастыру керек. Бұл талаптардың барлығы хордағы айтылатын әнджердің мазмұнын, сипатын мәнерлеп орындау үшін қажт.



5. Бақылау сұрақтары:

1. Хорды ұмдастырдағы мұғалімнің қызметі?

2. Дикция дегеніміз не?

3. Тізбекті тыныс алу қалай жүрді?

№ 13 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Ансамбль және хордағы строй
2. Сабақтың жоспары:

1. Ансамбль туралы түсінік

2. Ансамбль құрудағы дирижердың ролі

3. Хордағы стройдың мәні


3. Сабақтың мақсаты: түрлі дауыстардың үйлесіп шығуын, дыбыс үндестігінің таза айтылуын, (дикция) және әр түрлі нюанстарды бере алатын дағдыларды үйрету.
Сабақтың мазмұны

1. Ансамбль – француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыканттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол орындалған музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды. Хормен ән айтуда ансам бль өлең мәтінінің, әуеннің, гармонияның, ырғақтың, екпіннің, дыбыс күшінің, дыбыс үнінің полифониялық үйлесімділігін білдіреді. Ансамбль: көлденең ансамбль – ол бір бойдағы, бір дыбыс боындағы үйлесімділікті, ал тігінен болатын ансамбль – бірнеше дыбыстардың үйлесімділігін білдіреді.

2. Дирижер – деген сөздің өзі – оркестр, хор, ансамбль сияқты орындаушы коллективтерді басқару деген сөз. Алғашқы уақытта сапа жағынан ілгері даму үшін, сол оындаушылар ішінен істің тетігін білетін, тәжірибелі, беделді бір кісі ансамбльді басқару керек болған. Кейіннен мұндай амдар “дирижер” деп атанып кеткен. Біздің дәуірімізде дирижердың орны өте үлкен, музыка саласында аса маңызды. Бәрі бірдей ойнау үшін, ол өзі басқарып тұрған оркестрге, хорға, ансамблге шығарманың ырғағын, шапшаңдығын, орындау шарттарын көрсетіп тұрады. Творчестволық негізгі мақсатқа жету үшін, шығармаларды көркемдігі жағынан жоғары дәрежеде орындау үшін коллективті біріктіріп отырады.

Дирижер – ансамбльді және музыканттарды басқаратын тек қарапайым адам болып қана қоймай, оның өзі де музыкалық сауатты, жан-жақты білімді, музыка теориясы мен тарихын жақсы меңгерген адам болуы қажет. Дирижер, сонымен қатар, ансамбль мүшелерін жалықпай үйретуге даяр педагог, олардың ішкі жан-дүниесінұға білетін психолог, еңбек процесін шебер ұйымдастыра алатын администратор да бола білуі тиіс. Дирижер әр уақытта өзіне де, өзгеге де қатаң талап қойып, оркестр мүшелеріне үлгілі болуы керек. Сахнаға коллективті басқарып шыққанда өзін художник-артист дәрежесінде көрсету керек.

Коллективпен бірге жұмыс істейтін болғандықтан, дирижердың атқаратын міндеті өте зор болады. Ол – ұйымдастырушы да, басқарушы да. Өйткені жұмыс үстінде музыка жағынан да, ұйымдастыру жағынан да оған нұсқау беріп отыруға тура келеді. Сондықтан репитицияға дирижер әрдайым дайындалып, алдын-ала жасалынған жұмыс жоспарымен келуге міндетті.

Дайындалып келу дегеніміз – ансамбльдің жұмысын, репитициясын қызықты және жемісті өткізу үшін, ойнайтын шығарманы жете талдап, әр аспаптардың партиясын нақтылы білу деген сөз.

Дирижер, ойналатын шығарманың партитурасы бойынша, ансамбльде орындаушылардың (әншілердің) музыка орындаудағы қатесі мен кемшіліктерін көрсетіп, қалай орындау керектігін айтып, орындалу шартын түсіндіріп, оларға әртүрлі міндеттер қойып отырады. Мұндай жағдайда ансамбль жұмысының ойдағыдай сапалы және қызықты болуы сөзсіз.

Ансамбльге келерде, дирижердың партитураны талдап, шығарманың мазмұны мен формасын (түрін) орындаушыларға жан-жақты түсіндірудің ерекше маңызы бар. Дирижер шығарманың идеялық мазмұнын әуелі өзі дұрыс білуі үшін, сол композитордың өмірі мен творчествосын зерттеп, оның дәуірімен, сол кездегі саяси-қоғам ағымымен жақсы танысуы керек. Егер классикалық шығармалар ойнлатын болса, ол қай дуәірдің ықпалымен шығарылды, ол шығармада қандай идея көрсетіледі – осыны зерттеу керек, ал халық шығармалары орындалатын болса, сол халықтың тарихы мен музыкалық дәстүрін жақсы білу керек және оған тән ұлттық өзгешеліктерге ерекше назар аударылуы тиіс. Еске қаты ұстайтын бір нәрсе музыкалық шығармаларды тыңдаушыларға түсінікті және әсерлі етіп орындау үшін қандай музыкалық шығармалардың болса да, оның мазмұны мен формасын бөлектеуге тіпті болмайды.

Дирижер міндетінің аса жауапты, жан-жақты болуы да осыдан деп түсінеміз. Сондықтан орындаушыларға қалай орындау керектігін басқарушы әрдайым көрсетіп отырғанда, мұндай нұсқаудың барлығы тек дирижердің өз тілегінен, өзіне ұнаған – “жаңалығынан” шықпай, сол музыканың мазмұнынан туып отыру керек. Қорыта айтқанда, ансамбльдің табысы, техникалық көркемдігі жоғары дәрежеде, ойдағыдай орындалуы-дирижердің жұмысына, оның сол шығарманы меңгеруіне, ансамбльді дұрыс басқаруына байланысты. Орындаушыларға шығарманың шапшаңдығы мен темпін, жеке әншінің қай жерде қосылып, қайсы жерде тыныс алатынын көрсету де, сондай-ақ, дыбысты кейде қатты, кейде жай шығаруды талап ету де дирижердің көп міндетінің біріне жатады. Ал ансамбльге қатысушылар дирижерға жәрдемші болып, оның тілегі мен талабын мүлтіксіз орындауға міндетті.

3. Хордаѓы єнніњ ырѓаѓы д±рыс, µзара жарасымды болып, шыѓуын хордыњ дауыстарыныњ жарасымдылыѓы дейді. Басқаша айтқанда музыкалық шығарманы үйлесімді түрде сазына келтіріп, біркелкі бір үннің, дыбыстың бойына түзеліп таза интонациямен орындау үн құрылымы (строй) деп аталады.

Хордыњ дауыстар жарасымдылыѓы хор партиясыныњ мелодиялыќ жарасымдылыѓы мен хордыњ жалпы гармониялыќ жарасымдалыѓына бµлінеді. Хор єншілерден µз партияларын орындаѓанда таза айтып даѓдылануды с±райды. Адам дауысы аспап сияќты бір к‰йге келтірілмейді. Сол себепті адамныњ музыкалыќ ќабілеті µте жоѓары болу керек, есту, есте саќтау, ырѓаќты сезіну ќабілеттері. Єсіресе есте саќтау ќабілеті µте жаќсы болу керек. Хорѓа тон берген уаќытта басќаша айтќанда настройка µзініњ партиясына оныњ тональдыѓына д±рыс т‰се білу керек, сонда ѓана хордыњ ‰н ќ±рылымы б±зылмайды.

Хор ұжымның таза үн құрылымына шыңдалуы, дағдылануы үшін жеке әншілер ең алдымен бірін-бірі тыңдай білуі қажет. Ә әншінің бірін-бірі тыңдап бір дыбысқа үйлесімді үндесуі жұмыс нәтижесінің жақсаруының епілі. Мұндай дәрежеге жету үшін үнемі жүйелі түрде жұмыс жүргізу нәтижесінде үн құрылымының үндесу дағдылығы қалыптасады. Әншілердің музыкалық сауатына, сезіміне және қабілетіне байланысты ән айтуда саналық сатылары дәйекті түрде қалыптасады. Әншілердің сауаттылығы, ұқыптылығы, жетекші дирижердің талбын мұқият орындауы, музыкалық сезімталдығы бәрі ұштасып, отырылса, шығарманы орндау кезінде таза үн құрылымы, жақсы ансамбль және тағ бсқа вокалды-хор техникасын бұлжытпай орындай отырып, шыңдалған жоғары музыкалық көркемдік орындау шеберлігіне жетеді.


5. Бақылау сұрақатары:

1. Ансамбль дегенімз не?

2. Ансамбль құруд дирижрдің міндеті қандай?

3. Ән салудағы стройдың заңдылықтары қандай?

4. Хордағы стройдың мәні қандай?

№ 14 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Хордағы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдары
2. Сабақтың жоспары:

1. Хордағы музыкалық тіл элементі: әуен, фразалар, сөйлемдер кезең (период),

метр, ритм, нюанс, тембр т.б., олардың композициялық бір-бірімен байланысы.

2. Музыкалық темптер.

3. Шығарманың көркемдік бейнесін ашудағы темптің атқаратын ролі.

3. Сабақтың мақсаты: хордағы музыкалық тіл элементін меңгере отырып, шығарманы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдарын үйрету
Сабақтың мазмұны

1. Вокалды-хор техникасын толық меңгерген хор мүшелері хор шығармасын орындау барысында түрлі нюанстармен қатар оның текстінің идеялық-көркемдік маңызын айқындай түсіп, хор көркемөнері арқылы ерекше мәнерлікпен орындай отырып негізгі мақсатқа жетеді. Бірақ тек қана техникалық жағынан дұрыс орындаудың өзі де жеткіліксіз болады. Сондықтан шығарманың көркемдік жағынан әдемі болып, мәнерлі де әсрлі орындалуы, әрі шығарманың мазмұны мен сипаты сәйкестеніп, бірін-бірі толықтыра түскен абзал. Хор ұжымы шығарманы көркемдік-мәнерлікпен, шабытпен нақышына келтіре орындап, өз тыңдаушыларын толқытып, сезіміне әсер ете алған жағдайда ғана көздеген мақсатына жете алады. Міне, үлкен мәнерлі де көркем орндау шеберлігі деп осыны айтады.

Бір дауыста жазылған белгілі бір ойды білдіретін ырғақтық, саздық жүйедегі дыбыстар тізбегін әуен дейміз. Музыканың мазмұнын сүйемелдеусіз бір ғана әуенмен беруге болады. Бір дауысқа арналған әуен сөз мәтінімен де, мәтінсіз де болады (аспапқа арналған әуен). Халық әндері, билері бұған мысал бола алады.

Әуен де сөйлеу мәдениті сияқты бірнше бөліктерге бөлінеді. Музыкалық шығарма бөліктерінің бірі құрылым ұзақтығына қарай әртүрлі болады. Құрылымның аралығын цезура деп атайды. Толық ойды білдіретін музыкалық құрылымды кезең (период) деп атайды. Кезеңнің қарапайым түрі 8 тактіден тұрады. Кезең екі сөйлемге бөлінеді, оны музыкалық фраза деп атайды.

Музыкалық құрылымның бір түрі – вариация. Вариация – бір әуенді қайталаған сайын бірнеше түрге салып құбылту, өрнектеп әсерлеу. Құбылту барысында шығарманың негізгі мазмұны сақталып, оның үндестілігі өзгермейді.

Дыбыстар қоз ғалысының бағытын екпін деп атайды. Музыкада екпін мәнерлі ортаның бір түрлі ретінде музыкалық шығарманың мазмұнына байлныс ты болады. Екпіндер негізінен үш топқа бөлінеді: тез ек пін, орташа және жай екпіндер.



Жай екпіндер:

  1. Legato – лярго – кең

  2. Lento – ленто – созылыңқы

  3. Adagio – адажио – жай

  4. Grave – граве – салмақты

Орташа екпіндер:

  1. Andante – анданте – бір қалып ты, асықпай

  2. Andantino – андантино – жылдамырақ

  3. Moderato – модерато – орташа

  4. Sostenuto – состенуто – ұстамды

  5. Allegretto – аллегретто – көтеріңкі

  6. Allegretto moderato – аллегретто модерато – орташа жылдамдықпен

Тез екпіндер:

  1. Allegro – аллегро – желдірте

  2. Vivo – виво – жылдам

  3. Vivace – виваче – жылдам

  4. Presto – престо - өте шапшаң

Мушыкалық шығармаларды одан әрі әсерлендіре ойнау, орндау үшін дыбыс қозғалысын бірте-бірте күшейту, бірте-бірте жайлату белгілері қолданылады:

а) Жайлату үшін:


  1. ritenuto –ритенуто – ұстамдылау

  2. riterdando - ритарданто – кешіктіріңкіреп

  3. allargando – алларжандо – кеңейте

  4. ralentando – раллентандо – жайлата

б) Жылдамдату үшін:

  1. accelerando – ачелерандо – жылдамдата

  2. animando –анимандо – жігерлендіре

  3. stringendo – стрижендо - жылдамдата

  4. stretto – стрижетто – ұстамды, қысқа


5. Бақылау сұрақтары:

1. Әуен дегеніміз не?

2. Екпін дегенімз не?

3. Екпіннің қандай түлері бар?


№ 15 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Хордағы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдары
2. Сабақтың жоспары:

1. Хордағы музыкалық тіл элементі: метр, ритм, нюанс, тембр т.б., олардың композициялық бір-бірімен байланысы.

2. Жай және күрделі өлшемдер.
3. Сабақтың мақсаты: хордағы музыкалық тіл элементін меңгере отырып, шығарманы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдарын үйрету
Сабақтың мазмұны

1. Музыкалық дыбыстар белгілі уақыт бөлігіне құрылады. Кейбір дыбыстар қатты, кейбірі әлсіз естіледі. Міне, осы белгілі кақыт үлесіндегі қатты және әлсіз үлестердің кезекпен, біркелкі келіп отыруын метр дейді.

Музыкада дыбыстар уақытпен үйлестірілген. Уақытпен есептегенде дыбысты бірдей үлесіп кезектесіп келуінің нәтижесінде бірдей қозғалыс қалыптасады. Осы дыбыс қозғалысының уақытыгнда бірінші кезек дыбысының естілуі ерекшеленіп ес тіліп, яғни екпін түсіріліп тұрады. Дыбыс ырғағының ерекшелініп шығуын акцент деп атайды. Акцент түсіп естілетін дыбыс үшін әлді үлес деп, ал акцнт түспейтін үлесті әлсіз үлес деп атайды.

Әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың белгілі бір мерзімде ауысып келуін ырғақ (ритм) деп атаймыз. Жалпы музыка түзілу жүйесінің негізгі белгілерінің бірі – ырғақ.

Такт ішіндегі үлестер санын жазып, белгілеуді өлшем дейді. Ол бөлшек санмен беріледі: үстіңгісі – үлес саны, астыңғысы – үлес ұзақтығы.

Жай өлшемдер

Бір акценті бар, екі үлесті және үш үлесті метрлер жай метрлер деп аталады. Осыған байланст өлшемдер де жай және күрделі болып бөлінеді.

А) жай өлшемдерге 2/2, 2/4, 2/8 жатады.

Б) үш үлесті өлшемдер – 3/2, ¾, 3/8 сирек кездесетін 3/16

Такт ішіндегі ритмдік құрылысты топтастыру деп атайды. Жа өлшмдерде топтастыру кезінде тактінің негізгі үлесі бір-бірімен бөлініп тұру керек.

Күрделі өлшемдер

Күрделі өлшемдер бірнеше жа өлшемдерден тұрады. Көбінесе қолданылатын күрделі өлшемдер:

А) төрт үлесті өлшемдер:

4/4; 4/8; сирек кездесетін 4/2;

Б) алты үлесті өлшемдер:

6/4; 6/8; сирек 6/46;

В) тоғыз үлесті өлшемдер:

9/8; сирек 9/4; 9/10;

Г) он екі үлесті өлшмдер:

12/8; сирек 12/16;



Аралас өлшемдер

Аралас өлшемдер музыкада жай және күрделі өлшемдерге қарағанда сирек кездеседі.

Жай екі үлесті өлшемдер мен жа үш үлесті өлшемдерден тұратын қосындны аралас өлшемдер деп атауға болады. Көбірек қолданылатын аралас өлшемдерге жататындар: 5/4 (2/4+3/4) немесе ()3/4+2/4

Ауыспалы өлшемдер

Музыкалық шығарманың барысында өлшемдердің өзгеріп отыратыны болады, ондай өлшемдерді ауыспалы деп атайды. Көбінсе аыспалы өлшемдер халық әндерінде, классик композитор шығармаларында кездеседі.

Өлшемдердің кезектесіп келуі бір қалыпты, қалыпсыз болып келеді.бір қалыпты болып елетін жағдайда өлшемдерді бірден қасына жазып қояды. Ал қалыпсыз болғанда ауысқан өлшем нота мәтінінің бойына дәл өлшем өзгерер кезде жазылады. Ауыспалы өлшемнің бұл түпрі музыкада жиі ездесіп тұрады.
5. Бақылау сұрақтары:

1. Метр дегеніміз не?

2. Ритм дегенімз не?

3. Өлшемнің қандай түлері бар?




10. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ




СӨЖ – тақырыптары, мазмұны

Кредит, сағат саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер

1. Қазақстандағы хор мәдениетінің дамуы

1

Орта азиялықтардың ән салу дағдылары

1

Коллоквиум

1,3,5

2

Ән жанры мен хо мәдениетінің тұтастығы

1

3

Көркемөнерпаздар коллективінің пайда болуы

1

Коллоквиум

2,8

4

Коллектипен жұмыс жүргізудегі хор мәдениетін ұйымдастыру

1

2. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие берудегіхордың алатын орны

5

Халықтық дәстүрдегі тәрбие жұмыстары, оның мақсаты, мазмұны

1

Реферат

4,12

6

Бесік жыры, айтыс, жар-жар

1

7

Хор үйірмелерін ұйымдастыру

1

Коллоквиум

3,9

8

Балалар хорымен жұмыс істеу әдістері

1

3. Хор өнерін өркендету шаралары және көрнекті хор дирижерлары, композиторлары

9

Балалар хорына үлесін қосқан композиторлар

1

Реферат

9,12,14

10

Кәсіби композиторлар шығармашылығы

1

11

Мәдени-ағарту салалары

1

Коллоквиум

6,14,5

12

Дәстүрлі жиындар, республика аралық байқаулар, конкурс, концерт, фестиваль т.б.

1

4. Хор жанрлары

13

Оппера, оратория, кантата жанрлары бойынша репертуар құру

1

Партия тапсыру

7,10,12,14

14

Акапкллада айтылатын хор шығармаларының ерекшеліктері

1

15

Филармониядағы хор капелласы

1

Рефереат

7,10

16

Капелланың репертуар ерекшеліктері

1

Партия тапсыру

11, 12

5. Вокалды-хор ұйым

17

Вокалды-хор, техникалық және көркемдік-мәнерлік мүмкіндігіне сай хор партияларына сипаттама

1

Партия тапсыру

2, 4, 8,

18

Көп дауысты шығармалар

1

19

Партиялардағы хор дауыстарының орналасуы. Хор артістерінің вокалдық қабілеті. Олардың саны

1

Партия тапсыру

11, 12.

20

Хор партиясының партитураларға бөлініп жазылу ерекшеліктері

1

6. Вокалды-хор техникасының элементтері

21

Хор жаттығуларын таңдай білу принцптері: жай және күрделі жаттығулар

1

Партия тапсыру

5, 8,

22

Балалар хорына жаттығулар таңдай білу принцптері

1

23

Хордағы тізбекті дем алу ерекшеліктері

1

Партия тапсыру



15, 13, 9

24

Балалар хорындағы вокалды-хор ерекшеліктері

1

7. Ансамбль және хордағы строй

25

Хормен ән салу ережесі және орындау шығармашылығы саласындағы хор ансамбльы туралы түсінік

1

Коллоквиум

6, 15

26

Жеке дауыс пен хор ансамблі

Хор мен оркестр арасындағы ансамбль



1

27

Строй туралы музыкалық ұғым

1

Глоссарии

2, 4, 8,

28

Гармониялық және мелодиялық строй

1

8. Хордағы көркем-мәнерлікпен орындаудың амалдары

29

Поэтикалық текст және ритм. Музыкалық темптер. Музыкалық темп туралы жалпы ұғым.

1

Глоссарии

15, 13, 9

30

Хордағы әртүрлі белгілердің: пунктирлік ритм, триольдар, синкопалар, фермата т.б. орындалу ерекшеліктері

1

Глоссарии

8,13,20

31

Шығарманың көркемдік бейнесін ашудағы темптің атқаратын ролі

1

Коллоквиум

17,19




Барлығы:

31








1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет