Хоспис деген атауды естігенде, құлаққа түрпі, санаға жат бір мекен келеді көз алдымызға. Ол түсінікті де. Өйткені қазақ жақынын қай уақытта да жатқа қалдырмаған халық



Дата23.04.2020
өлшемі24.71 Kb.
Хоспис деген атауды естігенде, құлаққа түрпі, санаға жат бір мекен келеді көз алдымызға. Ол түсінікті де. Өйткені қазақ - жақынын қай уақытта да жатқа қалдырмаған халық. Ауыр науқасты болса да ақырғы демі үзілгенше күтіп, жағдайын жасаған, ақтық сапарға өз шаңырағынан аттандырған. Десек те, бүгінде елімізде хосписке деген қажеттілік бар және ол жыл өткен сайын артып келеді. Себебі ол кезгі сана мен бүгінгіні қайтсек те салыстыра алмаймыз. Осы орайда «Сорос - Қазақстан» қорының ұйымдастыруымен Алматы паллиативтік көмек орталығында болып, сала мамандары - тілшілер болып, мәселені талқылаған едік. Жалпы, хоспис дегенде, әйтеуір жоғарыда атап өткеніміздей, сұрықсыз мекен ойымызға оралғанымен, оның шын мәнінде, қандай қызмет атқаратынын көпшілік біле бермейді. Жалпы, паллиативтік көмек дегеніміз не? Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының 2002 жылы берген анықтамасы бойынша, ол - емделмейтін ауруға шалдыққан науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің өмірін жеңілдету, оларға психоәлеуметтік және моральдық қолдау көрсету болып табылады. Батыс Еуропада хоспистің саны емдеу мекемелерінен де көп шығар, сондықтан олар үшін паллиативтік көмек таңсық емес. Ал Қазақстанда алғашқы хоспис тек 1999 жылы ғана салынған болатын. Ол 2007 жылы Алматы қалалық паллиативті көмек орталығы болып атауын өзгертті. Орталық директоры Нұркерімова Анарханның әңгімелеуінше, жыл сайын мұнда 2 мыңға жуық науқас көмек алады екен. - 2008 жылы Паллиативтік көмек орталығында төсек-орындық 30-дан 70-ке көбейтілді, бұл жұмысты барынша жеңілдетті. Өйткені науқастар еркіндікті қалайды, оның үстіне орталыққа көмек сұрап келетін сырқаттар саны көбейді. Бүгінде орталықтағы 9 дәрігер мен 40-тан аса мейірбикенің жұмысы - науқастардың өмірден ырзалықпен өтуіне бағытталған. Сол үшін қолайлы жағдай туғызылуда. Орталық мешіт пен православие шіркеуімен тығыз ынтымақтастық байланысын орнаттық. Ақтық сапарға дайындалған жандар өткен өміріндегі күнәларынан кешірім сұрауы үшін дінге жақындайтыны белгілі. Бұл орайда мешіт пен шіркеумен тығыз байланысты орнатуды маңызды деп есептедік. Рас, паллиативтік көмек көрсетуде кедергілер де жоқ емес. Ең біріншіден, қоғамның бұл ғылымды әлі де болса, дұрыс қабылдамауы - ең басты кедергілердің бірі. Сондай-ақ паллиативтік көмек беруге маманданған, арнайы білімі бар кадрлар жетімсіздігі де бар, - деді А.Нұркерімова. Паллиативтік көмектің негізгі мақсаты - емделушілердің соматикалық, психикалық және рухани жағдайларын жеңілдету, дерт азабынан жаны қиналған пендеге тән азабын сездірмеу, ажалды саналы түрде қарсы алуға септігін тигізу болып табылады. Әлемдегі барлық хоспис орталықтарының жұмысы осы ережелер мен міндеттерге негізделген. Өмір мен өлімнің өзара философиялық қарым-қатынасы бар. Оған хоспис мамандары араласпайды. Олар тек ауруын емдеп, өмірден үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан адамдарға жарық дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріп, мейірім сыйлауға міндетті. Мамандар науқастарға қамқорлықпен және толық құқылы азамат ретінде қарайды. Жыл сайын хоспис қызметкерлері осы қабырғада көз жұмған науқастарды еске алу күнін өткізеді. Еске алуға арналған іс-шаралар қайырымдылық қоры қамқорлық есебінен ұйымдастырылады. Шіркеу өкілі және имамдар дұға оқып, Еске алу күнінің қатысушылары - өздерінің жақындарын еске түсіреді. Рас, қоғамда хоспис жайлы қате түсініктер көп. Оны паллиативті көмек орталығын аралап, науқастармен, дәрігерлермен әңгімелескенде, анық аңғардық. «Кейде айықпас ауруға шалдыққан әкесін не анасын бізге әкелген азаматтар олардың жазылмағанына бізді айыптап жатады. Ал хоспис - емдеу мекемесі емес қой, мұнда ақтық сапарын күткен жандар келеді. Біздің қолдан келетіні - науқасты емдеу емес, оның өмірдегі соңғы күндерін бақытты, өзін де, жақындарын да қинамай, өткізуіне қолдау көрсету, жағдай жасау болып табылады» дейді дәрігерлер. 2 жыл бұрын «Сорос - Қазақстан» қорының қолдауымен «Кредо» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсетілуінің жалпы жағдайы жөнінде есептік еңбек жазып шығарған болатын. Еңбек авторларының айтуынша, Қазақстандағы хоспистердің дамыған елдердегі орталықтардан үлкен айырмашылығы бар. Өйткені біздің елде мұндай орталықтарды мемлекет қаржыландырады. Бұл жағынан алғанда, ел экономикасына тиімділігі төмен, дегенмен моральдық тұрғыдан оның маңыздылығы жоғары. Өйткені паллиативті көмек орталығына түсетін науқастардың дені онкологиялық сырқаттарға ұшырағандар боп келетін болса, Қазақстанның бұл жағынан жағдайы мәз емес екені белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әрбір айықпас онкологиялық дертке шалдыққан жанның қасында 10 шақты адам қызмет етеді екен. Отбасы мүшелері, туыстары, жақындары, достары, әріптестері - әйтеуір, бір науқастың қызметі үшін бірнеше адам жұмыстан қалады. Ал хоспис осы бір келеңсіздіктен құтқаратын бірден-бір мүмкіндік. Әлбетте, ол үшін орталықта науқастарға жағдай жасалуы қажет. «Кредо» қоғамдық бірлестігінің зерттеуінше, науқастардың сұрау салынған 75 пайызы үйінде көз жұмуды артық көрген. Алайда жалғызбасты қарттарда мұндай мүмкіндік жоқ. Соған орай, қазіргі таңда елімізде паллиативті орталықтың жаңа жоба-жоспары жасалуда. Онда орталықтарды мүмкіндігінше үй жағдайына жақындату көзделген. Қарияларға уақытын үйіндегідей өткізу үшін балаларымен, туысқандарымен кездесу уақыты белгіленген, үй тағамдарын қолдануға мүмкіндік бар. Жалпы, паллиативтік көмек - елімізде қажеттілікке ие болып тұр.

Паллиативті көмек дегеніміз – қауіпті аурумен зардап шегетін адам үшін мамандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозқа қарамай аурудың белгілерін жеңілдету. Негізгі мақсаты – емделушінің және оның отбасының өмір сапалығын жақсарту. 

Қосымша қолдау деңгейімен қамтамасыз ету үшін,  паллиативті көмек дәрігерлермен, медбикелермен және басқа мамандармен бірге көрсетіледі.



Азапты жеңілдетеді. Өмір деңгейін көтереді

Қауіпті және созылмалы аурулардан зардап шегетін (оның ішінде ісік ауруы, жүрек-тамыр аурулары, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, созылмалы өкпе ауруы, бүйректік жетіспеушілік, Альцгеймер ауруы, ЖҚТБ/АҚТҚ, біржақты амиотрофикалық склероз) адамдарға,  паллиативті көмек олардың өмір сапалығын жақсартады. Паллиативті көмек аурулардың демала алмау, шаршау, ішек қатуы, құсу, тәбет жоғалту, және ұйқыссыздық сияқты белгілерді басуға үлкен әсерін тигізеді. Бұл көмек емделушіге қайта қалпына келуге көмектеседі. Емделу кезеңін жеңіл өтуге ықпалын тигізеді.



Емделушілермен, мамандармен және жанұямен серіктестік серіктестік

Паллиативті көмек емделуші, дәрігер-мамандар мен оның жанұясы арасында серіктестік қарым-қатынасын орналастырады. Қалыпты жағдайда сарапшылар тобы соның ішінде паллиативті көмек көрсететін мамандар тобы: дәрігерлер, медбикелер, және әлеуметтік қызметкерлер, сіздің өзіңіздің жеке дәрігеріңізбен біртұтас серіктес ретінде қызмет атқарады. Паллиативті көмекті көрсететін мамандар тобының мүшесі боп массажистер, диетологтар және басқа адамдар бола алады.

Паллиатитвті көмекті көрсетсетін мамандар емделушіге және оның отбасына медеу болып, емделудің негізгі мақсатын ашып, жақсы қолдау көрсетеді.

Дәрігермен бірге жұмыс істей отырып, паллиативті көмек қосымша қолдаумен қамтамасыз етеді:

- Тығыз араласу үшін уақыт

-Жасанды түрде ауру мен басқа белгілерді басқару  

- Денсаулық сақтауда бағытталушы жүйесіне көмек

- емделуді таңдағанда қиын және ауыр таңдауға  жетекшілік



- Емделуші мен жанұя үшін эмоционалды және рухани қолдау көрсету
Паллиативті көмек – бұл медициналық және әлеуметтік қызметтің бағыты, мақсаты инакурабельдік науқастар және олардың отбасылары мүшелерінің өмірін жақсарту болып табылады. «Паллиативті көмек бұл өмірге қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің өмір жағдайын жақсарту». Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы- ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы айрықша айқындап атап өтті [1]. Сонымен қатар келешекте атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті. Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу. Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту. Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қалыптастырған анықтамада айтылған - «Денсаулық – жан,тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай тұрпатына да ерекше мән берілген [2]. Жастар- болашағымыздың алтын тірегі. Келешек жастарды тәрбиелеуде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің медициналық колледжінің оқытушылары орта білімді мейірбикелерді дайындауда өз үлестерін қосуда. Өзінің міндеттерін тиімді және сапалы орындау үшін мейірбикелер өздеріне тиесілі жауапкершіліктері мен міндеттерін нақты білуі тиіс. Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер - мейірбике екенін бәріміз де білеміз. Иә, емнің дұрыс нәтиже беруі-мейірбикенің көрсетілген емі сауатты да, қалтқысыз орындауында ғана емес, жаны қиналып жаткан науқаспен күндіз-түні бірге болып, жиі қарым-қатынас жасап,олардың көңіл-күйіне әсер ететін жанкешті еңбегіне де тікелей байланысты. Оларға науқасты күту мен емдеудегі негізгі міндеттер жүктеледі. Сондықтан бұл мамандыққа деген көзқарас та ерекше болуы тиіс. Біріншіден, мейірбике ісіне кездейсоқ адамадар келмеуі керек. Олар адамға жаны ашитын, ауыртпашылықты бөлісе, көмек бере алатын, жүрегі жұмсақ жандар болуы тиіс. Ал біздің оқу орнының қазіргі алға койған мақсаты, біріншіден, мейірбике мәртебесін көтеру. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгін білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. «Мейірбике ісі» мамандығының екінші және үшінші курс білім алушылары оқу – өндірістік тәжірибені «Хоспис» мекемесінде өтеді. 20 жылдан аса Қарағанды қаласында «Мейірбикелік күтім ауруханасы» жұмыс истейді жалғыз қалған қарттарға арналған. Жыл сайын 500 ден аса қарттар ем алады. 2005 жылы 2 қыркүйекте «Мейірбикелік күтім ауруханасында» 20 орынға арналған Хоспис бөлімі ашылды. Хоспис бөлімі қатерлі ісіктің IV кезеңі және соматикалық аурулардың терминальды кезеңімен ауыратын қарттарға арналған. Орта білімді маман болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, тәжірибе ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, дәрілерді енгізуден, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыста орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады [3]. Мейірбикелер медициналық қызметкерлердің әлеуметтік тобының күрделі құрылымында әрқашанда өзіндік орын алады. Дегенмен, қазіргі дәуіріміз мейірбике мамандығына заманауи медициналық технологияларды меңгеру секілді жаңа талаптар жүктеп отыр. Дамыған елдердің медицина саласында мейірбике ісі дәрігер қызметіне барынша жақындатылып, олардың кәсіби білімдерінің ұзақтығы мен мазмұны кеңейтіліп, жалақысы өсіп, аталған мамандыққа деген қызығушылықтың артуы мен олардың әлеуметтік сатысының көтерілуіне жағдай тудырған мейірбике қызметінің сұлбасын өзгертуге әкелді [4]. Бұрынғыдай, мейірбике ісіне дәрігердің айтканын ғана бұлжытпай орындайтын дәрігердің көмекшісі деген көзқарас келмеске кетті. Мейірбике ісі бүгінде сырқаттарды емдеу мен олардың өмір сапасын арттыруға сүбелі үлес қосатын, өзінің айқын лауазымдық міндеттері бар денсаулық сақтаудың жеке бір саласы.Бүгінгі таңда, паллиативті медициналық көмек көрсетуде оңтайлы жағдай жасалуда. Болашақ мейірбикелерді дайындауда негізгі ауруды емдеуден басқа олардың туыстарына ата-аналарына психологиялық және әлеуметтік, рухани көмек көрсетілумен бірге ерекше күтімді қажет етуді талап етеміз.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет