Хvііі ғасырдың соңғы ширегімен ХІХ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі Қазақ-қоқан қарым-қатынастары



жүктеу 0.7 Mb.
бет1/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.7 Mb.
түріДиссертация
  1   2   3   4   5
: images -> stories -> downloads -> avtoreferaty
avtoreferaty -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
avtoreferaty -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
avtoreferaty -> Әож 94(574. 1): 332 021(043) Қолжазба құқығында
avtoreferaty -> Бердіғожин лесқали базарғалиұлы қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер- техникалық кадрларының қалыптасуы және өсуі
avtoreferaty -> Аликулова нұрлыгүл сапақҚызы ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы
avtoreferaty -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі
avtoreferaty -> Салмырза жайна ізбасарқызы сыр өңірі қазақтарының азаттық қозғалысы
avtoreferaty -> Демеуова нұРГҮЛ ҚажымұҚАНҚызы XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау
avtoreferaty -> Дюсенгалиева мерзат ғҰбайдоллақызы бөкей Ордасындағы сауда-саттық және кәсіпкерлік
avtoreferaty -> Әож 94 (574. 1): 664. 95 (574. 1) Қолжазба құқығында
ӘОЖ 94(574):94(575.1)”17/18”:339.97:346.1(043) Қолжазба құқығында

Қожақұлы Өтеубай

ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегімен - ХІХ ғасырдың

70 жылдарына дейінгі Қазақ-қоқан қарым-қатынастары

(саяси және шаруашылық мәселелері бойынша)
07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның



авторефераты

Қазақстан Республикасы

Орал, 2010

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында орындалды
Ғылыми кеңесші: Тарих ғылымдарының докторы, профессор


Ж.Қ. Қасымбаев



Ресми оппоненттер: Тарих ғылымдарының докторы, профессор

С. Мадуанов

Тарих ғылымдарының докторы, профессор



Н. Мұқаметханұлы

Тарих ғылымдарының докторы



C.Н. Әлібек
.
Жетекші ұйым: Тараз мемлекеттік педагогикалық

институтының тарих және тарихты

оқыту әдістемесі кафедрасы

Диссертация 2010 жылы «_3_» __шілде _сағат 10.00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.26 Біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162

Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады

Автореферат 2010 жылы «_15_»_ мамырда _таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы,

профессор: Б.Ғ. Шинтимирова



КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70- жылдарына дейінгі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық қарым-қатынастарының теориялық-методологиялық негіздемесі, тарихнамасы және деректік негіздері көрсетіледі. Ұлы жүз қазақтары мен Ташкенттің арасындағы тарихи-дәстүрлі және географиялық факторлары, мал, егін, және сауданың дамуы қарастырылады. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі және Қоқан хандығының ұстанымы ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі патшалық Ресейдің қазақ-қоқан қатынастарына ықпалы, оның Сыр бойын, Жетісуды және Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуының тарихы баяндалады. Ресей мен Қоқан хандығының саяси арақатынасы Саржан сұлтан көтерілісі, оған Ташкент бектерінің қатынасы және ХІХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы көтерілістер, Қоқан хандығының қазақ халқымен әлеуметтік, қоғамдық-саяси қатынасындағы салық жүйесінің рөлі талданған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халқымыздың сан ғасырлар бойы армандаған ізгі тілегі жүзеге асып, еліміз тәуелсіздік тізгінін өз қолына алған шақта қазақтардың оңтүстік өлкесіндегі ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен қарым- қатынасын қайта қарап, бекіте түсуде. Осы жағдайға байланысты отандық тарих алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойылды. Соның бірі халқымыздың ежелгі дәуірден, ғасырлар қойнауынан бастау алатын шежірелі тарихын бүгінгі биік талаптар тұрғысынан зерделеп, оны шындықты күтіп отырған барша қауымға боямасыз, бүкпесіз жеткізіп, жаңа қоғамға сай баға беру. Тарих зердесінде Қазақстан мен Орталық Азия халықтары арасында саяси, әлеуметтік-экономикалық байланыстардың болғандығын дәлелдеп отыратын тарихи, археологиялық, этнографиялық деректер сақталған. Бүгінгі күні осы байланыстарды ашып көрсету үлкен мәселеге айналып отыр. Кеңес үкіметі тұсында халықаралық қатынастарға баса назар аударылып, проблемалық мәселелердің көпшілігі ғылыми тұрғыда зерттелмегені белгілі. Алайда, бұл өлкелерді мекендеген халықтардың тарихында, тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында да үлкен ұқсастықтың болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Ағайынды халықтар қандай қиындықтар мен ауыр жағдайлар болса да, бір-біріне қол ұшын беріп, жақындық белгілерін танытып отырған. Бұл тұрғыда 1993 жылдың маусым айында Ордабасыда өткен жиында Қазақстан президенті – Н.Назарбаев, Өзбекстан президенті – И.Каримов, Қырғызстан президенті – А.Ақаевтың бас қосқан кездесулерінде айтылды. Онда қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдағы қайраткерлері Төле, Қазыбек және Әйтеке билерді еске ала отырып, осыдан үш ғасырдай бұрын осындай жекелеген тарихи тұлғалардың жоңғарларға қарсы күресте, қазақтарды біріктіруде үлкен еңбек сіңіргендіктерін айта келіп, осы кезде қазақтарға достық пен ағайындықтың белгісі ретінде Орта Азияда өмір сүрген халықтар, яғни өзбектер, қырғыздар, түркімендер, тәжіктер, қарақалпақтар өздерінің көмектерін көрсеткендіктері айтылған. Осылайша аумақтық тұтастыққа қол жеткізу мен саяси тәуелсіздік жолындағы шешуші қадамдардың бірі жасалынған.

Жалпы алғанда, Қазақ-Қоқан хандықтарының зерттелініп отырған ғасырлардағы қарым-қатынастарын біржақты қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыстар сонау заманнан бері біте қайнасып, біртұтас бөлінбейтін дүниеге айналып кеткен. Міне, осы себептен көршілес халықтардың арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты қарастыру керек.

Қазіргі кезде Қазақстанда тарих ғылымы өте маңызды кезеңдердің бірін бастан кешіруде, елбасы Н.Ә.Назарбаетың сөзімен айтқанда «біз тарихымыздың ақиқаты жазылмаған тұстарын қайта қарап жатырмыз» [1]. Мойындаған жөн, біздің тарихи шындыққа беретін бағамыз ұдайы дәл емес. Кеңес кезеңіндегі тарих ғылымының ең сорақы қателерінің бірі ұлттық мүддеге, ұлттық құндылықтарға салғырт, саяси үстемдік тұрғысынан қарау болды [2]. Өз тарихын ұмытқан немесе оны білмейтін «халықтың болашағы жоқ және ол мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыра алмайды» [3]. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана отандық тарих ғылымы қоғамдық сананы ұлттық мүдде тұрғысынан қалыптастыруда [4]. Ең маңызды мәселелер қатарында ұлттық тарихтың зерттелмеген немесе зерттеуге тиым салынған беттері саналды. Өз ата-бабаларының тарихын білу, оған дұрыс баға беру тоталитарлық жүйенің жіберген қателіктерін түзеу ұлттық сананың оянуын тездететіні сөзсіз [5]. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылды «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп белгілеуі тегін емес.

Қазақ хандығындағы өзара қырқысу соғыстары бытыраңқылықты күшейте түсті. Ішкі саяси қырқыстарды Қоқан және Хиуа хандығы пайдаланып, қазақ хандығына сырттай агрессиялық саясат жүргізді.

Қоқан хандығының тарихын зерттей отырып, өзбек-қазақ халқының “Қоқан хандығының” деспотизм саясатына қарсы еңбекшілер мен бұқара халықтың жақындасып бауырласқанын көреміз. Қоқан хандығының қанаушылық саясаты өзбек және қазақ халықтарын біріктіріп, өздерінің саяси бостандықтары үшін екі халықты достастыра түсті. Сондықтан да XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Қоқан хандығы тұсындағы қазақ халқының тарихын зерттеу заман талабы.

Жүздеген жылдар бойы қазақтар (әсіресе, оңтүстік өңірі) Қоқан хандығының қол астында өмір сүріп, өзбек ағайындарынан егіншілік және қолөнер кәсібін, ирригациялық және мелиорациялық жүйелер мен дәстүрлерді, сауда-саттық байланыстарды қабылдаған. Сондай-ақ қазақтар мен өзбектердің қалыптасуы мен дамуында ортақ мәселелер көп: олар бір этногенетикалық отбасыға кіретін көршілес елдер. Бұған қоса екі ел арасындағы шаруашылық пен әлеуметтік жағдайлар, тұрмыс пен дәстүр, салт пен мәдениеттегі өзара байланыстар төңкеріске дейінгі дәуірде-ақ белгілі бір деңгейге жеткен еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтар мен өзбектердің әлеуметтік-экономикалық және өзара қарым-қатынасы екі халықты бұрынғыдан да гөрі етене жақындастырды [6, с.12].

Саяси жағынан қазақтар екі жақты: әуелі, Қоқан хандығының бектеріне және екіншіден “өздерінің” жергілікті билеушілеріне тәуелді болды. Қазақ халқының Қоқан хандығына қарсы көтерілісі, әкімшілік-басқару жүйесі, Сыр бойындағы, Оңтүстіктегі қоқандықтардың бекіністері, қазақ феодалдарының саяси сахнадағы рөлі, қазақтардың агрокешенді жағдайлары, қазақ жеріндегі өзбек және қырғыз халықтарының егіншілікпен айналысуы, қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайлары және қазақтардың ұлт-азаттық күресі туралы мәселелер ізденістерді қажет етеді.

Қазақ халқы басынан кешірген патриархалды-феодалдық дәуірдің біз қарастырып отырған кезеңдегі Қоқан хандығының үстемдігін: Қазақстанның Оңтүстігіндегі халықтардың экономикасы мен мәдениетіне, әлеуметтік-саяси өміріне кері әсер еткенін нақты дәйектермен көрсетуге ұмтылдық. Сол сияқты зерттеуде Қазақ халқының өз бостандығы жолындағы ұлт-азаттық күресіне де сипаттама жасау қажет деп табылды.

Қазіргі таңда Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарының қазақ аудандарын жаулап алу, басқыншылық, тонаушылық әрекеттері және оған Ресейдің көзқарасы мен Қазақ халқына ықпалы туралы ізденістер жүргізілуде. Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін аша түсетін мәселелер қатарына: төл тарихымыздағы толық зерттеле қоймаған XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қоқан қарым-қатынастары және оған Ресей империясының тигізген ықпалы мен жаулаушылық әрекеттерін, сонымен қатар Қоқан хандығы жүргізген варварлық, тонаушылық әрекеттеріне қарсы қазақ халқының наразылықтардың ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталу, Қазақстанның қазіргі таңдағы көрші мемлекеттерімен саяси байланыстарына жаңа көзқарас тұрғысынан баға беру, зерттеулер жүргізіп, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашу болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты - XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ-қоқан қарым-қатынастарын, әсіресе Қазақстанның оңтүстік өңірінің қоғамдық-саяси өмірінде орын алған саяси оқиғалар мен үдерістерді тың деректердің негізінде, жаңа көзқарастар, тарихи таным тұрғысын шынайы ашып көрсету. Осындай мақсатқа қол жеткізуде мынадай міндеттер назарға алынды:

- ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдағы қазақ-қоқан саяси, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастары тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдарын, зерттелу деңгейін және деректік негіздерін қарастыру;

- Қоқан хандығының қазақ даласындағы мақсаты мен мүддесінің түп негізін айқындау;

- Қоқан билеушілері мен қазақтың жергілікті басқарушы топпен болған арақатынасын талдау;

- Қазақ-қоқан қатынасындағы дәстүрлі шаруашылық байланыстарын көрсету;

- Қазақ сұлтандарының мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күресін ашу;

- ХІХ ғасырдың І жартысында қаруы күшті, әскері мол патша өкіметінің және Қоқан хандығының арасындағы өзара тайталасы мен күрес жолдарына баға беру;

- Патша өкіметі мен Қоқан билеушілерінің қазақ қоғамын жік-жікке бөлу жолдарын анықтау;

- Қазақ-қоқан қарым-қатынастарында Патшалық Ресейдің тигізген ықпалын анықтап, көрсету;

- Жеке тарихи тұлғалардың қоғамдағы орны мен рөлін талдау.



Зерттеу жұмысының нысаны – қазақ-қоқан саяси және шаруашылық байланыстарының ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі аралықтағы даму үрдістерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының пәні - ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі тарихи кезеңдегі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық қарым-қатынастарына тарихи талдау жасау.

Зерттеудің мерзімдік шегі. Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі кезеңді қамтиды. Осы уақыт аралығындағы қазақ-қоқан саяси, шаруашылық байланыстарының тарихы Қоқан хандығының өркендеген кезеңі XVIII ғасырдың соңғы ширегінен XIX ғасырдың 70-жылдарында патшалық Ресейдің жаулап алған кезіне дейін қарастырылды. Зерттеу нысаны ретінде таңдап алынған мәселені, яғни XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі қазақ-қоқан байланыстарының тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - ХУІІІ ғасырдың 80-жылдары және ХІХ ғасырдың бас кезі. Қоқан хандығының қалыптасып, өркендеген уақыты. Қазақтар мен қоқандықтар арасында тығыз байланыстардың орын алған кезі. Екінші кезең ХІХ ғасырдың 10-20-жылдарынан 40-жылдары аралығын қамтиды. Қоқан хандығының Қазақстанның оңтүстігінде үстемдік жүргізуі және соған қарсы қазақ халқының наразылығы кезеңі деп атаған жөн. Үшінші кезең ХІХ ғасырдың 50-70-жылдарына сәйкес келеді. Оған патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстан мен Қоқан хандығын жаулап алу кезеңі деген айдар тағуға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. XVIII–XIX ғасырлар қазақ тарихында қоқан билеушілерінің басқыншылық саясаты мен оған қарсы халқымыздың ұлт-азаттық күрестерімен ерекшеленеді. Бұл мәселелер бүгінге дейін үстірт қарастырылып, кешенді түрде зерттелмеген. Сондықтан да мұрағат құжаттарының, деректік негіздегі зерттеулердің, мерзімді басылым материалдарының т.б. негізінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық байланыстарының кешенді түрде зерттелуі жұмыстың басты жаңалығы болып табылады. Сонымен қатар диссертацияда төмендегідей жаңалықтарға қол жеткізілді:

- XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық байланыстары мәселесін зерттеудің методологиялық негіздері көрсетіліп, зерттелу деңгейі айқындалып, дереккөздеріне талдау жасалды;

- зерттеу барысында мұрағат қорларындағы құжаттардың бізге дейінгі пайдалану деңгейі, оның көпшілік қауымға жеткізілуі тексерілді;

- Қазақстан мен Ташкент бектерінің өзара қарым-қатынастарының тарихи-географиялық және саяси алғышарттары жаңа қырынан қаралады. Өзара байланыстардың нығаюындағы саяси және шаруашылық факторларының рөлі анықталды;

- XVIII – XIX ғасырлардағы Ресей империясының отарлау саясатының тереңдеуі және оның қазақ-қоқан қатынастарына ықпалы жаңаша сараланды;

- патшалық Ресейдің Сыр бойын, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуына қарсы қазақтар мен қоқандықтардың күресі жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалды;

- Ұлы жүз бен Орта жүздегі тәуелсіздік үшін күрес және Қоқан билеушілерінің ұстанымы нақты тарихи деректердің негізінде ашып көрсетілді;

- Ресей мен Қоқан хандығының саяси арақатынасы шынайы түрде көрсетіліп, әрбір мемлекеттің мүдделері жаңа тарихи таным тұрғысында сараланды. ХІХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы қазақ халқының азаттық күресі, солардың арасында. Саржан сұлтан көтерілісінің тарихи баяны ашылып, оған Ташкент бектерінің қатынасы тың мәліметтердің ауқымында қарастырылды;

- Қоқан хандығының қоғамдық-саяси қатынасындағы салық жүйесінің рөлі айқындалып, оған ғылыми тұрғыда баға берілді;

- тәуелсіз ел болғанға дейінгі зерттеулерде Қазақстанға Ресейдің ықпалы асыра бағаланып, қазақтардың көршілес Бұхар, Қоқан, Хиуа елдерімен байланысына жеткілікті назар аударылмаған. Сондықтан жұмыс барысында аталған мемлекеттердің ішінде Қоқан хандығымен өзара байланыс жаңа қырынан зерделенді.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

- қазақ халқы ертеден көршілес Орта Азия халықтарымен тығыз саяси қарым-қатынаста болды. Бұл саяси байланыстар зерттеліп отырған ғасырда сонау жоңғар шапқыншылығынан Ресей империясының құрамына енгенге дейін қалыпты жағдайда болды;

- диссертацияда көтерілген мәселелердің бірі – Қазақ-Қоқан хандықтары арасындағы тығыз экономикалық және сауда байланыстары еді. Қазақстан мен Орта Азия халықтары үшін төрт түлік мал байлықтың көзі болған, дегенмен олардың егіншілікпен де айналысқанын көруге болады. Қазақтар мен қоқандықтар диханшылық кәсіпте тәжірибе алмасып отырған, өйткені далалы аймақтарда мекен еткен халықтарда суармалы және суармалы емес жерлерді өңдеумен қатар егіншілікпен де айналысу дәстүрлері орын алған;

- XVIII – XIX ғасыр Орта Азиялық үш бірдей хандықтың күшейген кезі. Бұл кездегі Қазақ хандығы Қоқан хандығынан осал болмаған. Өйткені Тәуке және оның мұрагерлері бір кезде қарақалпақтарды билеп, өздеріне тәуелді етіп отырса, кейде Қоқан мен Хиуа хандықтары Қазақстан жеріне басқыншылық жасаған;

- қоқандықтар кезінде Орта Азиялық хандықтарға қарсы бас көтерген Саржан, Жанқожа секілді батырлар Ресейдің отарлау саясатына қарсы күреске шығып, ұлттық мүддедегі саясат ұстануда хиуалықтармен одақтасқан. Қазақстан мен Қоқан хандықтары арасындағы дипломатиялық қатынастар Ресей империясының саясаты ауқымында жүргізілді;

- Қоқан хандығы мен қазақ билеушілерінің арасындағы қарым-қатынастарда қоқандықтардың ықпалында болған Орталық Азия халықтарының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында ұқсас үрдістер, белгілер өмір сүрген;

- XVIII–XIX ғасырлардағы Қазақ-Қоқан қарым-қатынастарына белгілі хан, сұлтан, би, батыр, старшындар тікелей қатысып, солардың іс әрекеттерінің негізінде екі ел арасындағы байланыстардың сипаты өзгеріп отырған;

- Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясатын алыстан аңғарған Ресей империясының Қазақстан бағытындағы саяси ұстанымы жаулап алуға негізделді. Мұндай саясат Орталық Азия хандықтарына да қатысты жүргізілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы патшалық Ресейге толық бағындырылды.



Зерттеудің қолданыстық маңызы. Диссертацияда түйінделген тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша оқылатын дәрістерде, элективті курстар мен семинарларда пайдалануға болады.

Сонымен қатар диссертациялық жұмысының тұжырымдары Қазақстанның ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы көршілес елдермен қарым-қатынастары тарихы бойынша дайындалатын іргелі зерттеулерде, ұжымдық, қорытындылаушы еңбектерде қолдануға болады. Зерттеудегі ой-пікірлер Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары тарихын жазуда септігін тигізе алады. Дербес зерттеу тұжырымдары сондай-ақ жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауда елеулі үлес қоса алады.



Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары ғылыми монографияда, бірқатар халықаралық, республикалық, облыстық және жоғары оқу орындары арасында өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашатын 1 монография, 40-қа жуық мақала республикадағы және алыс және жақын шетелдердегі журналдарда жарық көрді. Сондай-ақ жұмыстың зерттеу нәтижесінің негізгі пікірлері мен тұжырымдары оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарынан орын алды. Зерттеу жұмысының қорытындылары Қазақстан тарихы пәні бойынша оқылатын дәрістерде, таңдап алынған арнайы курстарда, семинарларда көрініс тауып, студенттердің назарына ұсынылды.

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында орындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды. Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

( хаттама № 1, 2010 жыл )

Диссертация құрылымы. Жұмыстың құрылымы, оның мақсаты мен міндеттерінен туындап, кіріспеден, тақырыптың мазмұнын ашатын 4 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны мен пәні, мақсат-міндеттері айқындалады. Ғылыми жаңалығы, мерзімдік шегі, қорғауға ұсынылған тұжырымдар, қолданыстық маңызы, сыннан өтуі көрсетілген.

«ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70- жылдарына дейінгі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық қарым-қатынастары мәселесін зерттеудің методологиялық негіздемесі, тарихнамасы және дерек көздері» деп аталатын бірінші тарауда тақырыпты зерттеудің теориялық-методологиялық ұстанымдары көрсетіліп, мәселенің тарихнамасы мен дерек көздері талданды.

«Мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі» деген бөлімде тақырыпты зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері қарастырылды. Мәселені зерделеуге қатысты тұжырымдамалар мен теориялар, зерттеу принциптері және әдіс тәсілдері баяндалды.

Отандық тарих ғылымында зерттеулер жүргізудің соны ұстанымдарын қалыптастыру әлі де жалғасып келеді. Осы орайда өркениеттілік ұстанымынына ерекше мән берілуде Осы турасында айта кетерлік жайт, өркениеттілік ұстанымының барлық қырлары қазақ тарихын зерттеуге тиімді ме деген сауал туындайды. Өркениеттілік бағыты ұғымының ауқымында біз өзіміздің ғылыми ұстанымымызды айқындауымыз қажет.

Кеңестік кезеңде тарихи зерттеулер маркстік-лениндік ілімнің формациялық ұстанымы шеңберінде жүргізілді. Біз зерттеп отырған Қазақстанның көршілес Орталық Азия елдерімен байланыстары, соның ішінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қоқан қарым-қатынастары төңкеріске дейін капиталистікке дейінгі қатынастарда өмір сүрген артта қалған бұратана халықтардың өзара байланыстары түрінде қарастырылды. Әсіресе Орталық Азия халықтары туралы діннің шырмауында қалған, өркениетті дамудан шалғай тұрғындар, тарихы мен мәдениеті жұтаң елдер деген көзқарас қалыптастырылды. Тек қазан төңкерісінен кейін бұл халықтар «капитализмге соқпай, социализмге өтіп», мәдениетке, ғылым мен білімге қол жеткізді делінді. Осы орайда айта кетерлік бір жайт, тарихымызды жалпы адамзаттық немесе евразиялық көзбен таразылаушылар тарихының көп бөлігін көшпелілер (номадтар) мәдениеті дегенге жатқызып, бұл жерде тіптен бауырлас, көрші көшпелі халықтардың өркениеттерінде, айтарлықтай өзгешеліктері бар екенін ескере бермейді және бұл мәдениет көбіне әлі өзіндік мемлекетін құра қоймаған дамудың төменгі, тіптен варварлық сатысында тұрған халықтарға тән деп біледі [7, 9 б].

«Көшпелі феодализм» тұжырымдамасы бойынша жаңа заманның бас кезінде қандай да болмасын көшпелілердің мемлекеттілігі феодалдық қоғамдық қатынастардың пайда болуы тұрғысынан қарастырылды. Сондықтан да олар феодалдық мемлекеттер түрінде сипатталып, өзіне тән белгілері ашылмады. Сондай-ақ көшпелі социумдардағы биліктік құрылымдардың ерекшеліктері ескерілмеді. Ол көбінесе отырықшы егіншілікті мемлекеттердегі биліктік қатынастар үлгісі арқылы түсіндірілді. Осы орайда Қазақ хандығымен салыстырғанда Қоқан хандығы мәдениетке бір қадам жақын отырықшы мемлекеттік құрылым ретінде көрсетілді. Осының салдарынан тарихнамада методологиялық тұрғыда бір сарынды еңбектер пайда болып, оларда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тарихын «артта қалған халықтардың» өткені ретінде сипаттау орын алды. «Діни соқыр сана-сезім мен тоқырауға ұшыраған» аймақтардың мәдениеті объективті бағаланбады.

Өркениеттілік ұстанымының тарихи оқиғалар мен үдерістердің алғы шарттарын, себептерін, қозғаушы күштерін, барысын, салдарын, маңызын ашуда анағұрлым тиімді екендігі зерттеулерді жан-жақты әрі терең жүргізген сайын байқалуда. Оның үстіне өркениеттілікке тарихилық, объективтілік принциптері мен жүйелілік, біртұтастық, т.б. тәрізді әдістер жинақталған. Тарихилық принципінің оқиғалар мен үрдістердің тарихтан орын алғандығын шынайы көрсету үшін қажет болғандығы тарихи білімді дамытуда айқын көрінді.Сонымен қатар бұл принцип өткен замандардағы тарих туралы түсініктің шынай болуы үшін де қызмет атқарады. Осы турасында қазақстандық тарихшылардың «Тарих - адам қызметі» деген қағиданы ұстануы орынды болып табылады. «Тарих- адам қызметі» принципі сонымен қатар саяси, географиялық, ұлттық этностық, жалпыадамзаттық көзқарастың бәрін аясына сиғызып жіберетін түсінік [8, 20 б].

Кеңестік кезеңде ғылымда «тарихты жасаушы бұқара халық» деген қағида үстемдік етсе, қазіргі уақытта оның ақиқатқа дөп келе бермейтіндігі дәлелденуде. Тарихты жасаушы жекелеген тұлғалар екендігіне оның өзі де куә. Тәуелсіз қазақстандық тарихшылар жаһандық зерттеушілер тәрізді осындай тұжырымға келіп отыр. Қазақтар мен қоқандықтардың арасындағы байланыстардағы тарихи үдерістерге жекелеген адамдардың, яғни хандар мен сұлтандардың, билердің, батырлардың , т.б. қатысын анықтау маңызды. Мұның өзі адам қоғамның субъектісі, адам қызметін үйлестіруші қоғам, қоғамның қызметін үйлестіруші адам екендігін дәйектейді. Мәселен, Абылай хан, Төле би, Әлім бек, Жүніс қожа, Нарбота би, Шойбек датха, т.б. қазақ-қоқан қарым-қатынастарының бірде достық, енді бірде қарама-қайшы сипатқа ие болып отыруына қомақты үлес қосқан. Бұл тарихи тұлғалар қазақ- қоқан байланыстарының өрбуіне тікелей араласып, қоғамның бірігуіне және ыдырауына себепкер болған. Солардың атқарған рөліне байланысты ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейіне баға беруге болады.

Әрбір тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктері, даму заңдылықтары, өзіне тән белгілері бар.Тарихты кезеңдемей зерттеу оны бұрмалауға, қателіктерге және сыңаржақ тұжырымдар жасауға жол ашады. Кеңестік тарихнамада дәуірлеудің формациялық теориясы үстемдік етсе, қазіргі отандық тарих ғылымында өркениеттік тұжырымдамалар қалыптасып келеді.Мәселен, дәуір замандарға, заман кезеңдерге, кезең сатыларға бөлінеді.Осындай ұстанымдарға сүйене отырып, жаңа замандағы қазақ-қоқан байланыстарының кезеңдеуін көрсетуге болады. ХУІІІ ғасырлың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі аралықтағы қазақ-қоқан қарым-қатынастарының тарихи оқиғалары мен үдерістерін тереңірек анықтауда көрсетілген уақыт кесіндісін 3 кезеңге бөліп қарастыруды ұсынамыз. Бірінші кезең - ХУІІІ ғасырдың 80-жылдары және ХІХ ғасырдың бас кезі. Бұл кезеңде Қоқан хандығы пайда болып, күшейді. Қазақтар Ташкент иелігінің құрамында болды. Жүнісқожа 11 жыл бойы Ташкентте өз билігін орнатты. Қазақтар қолдаған Жүнісқожа Қоқан билеушілерімен қақтығысқа келіп, ақырында қоқандықтар Ташкентті бағындырды. Қазақ билеушілерінің арасында бірлік болмады. Олардың бірі Бұхар хандығымен жақындасса, екіншілері Қытаймен ынтымақтасты, үшіншілері қоқан саясатын жүргізушілерге айналды. Ташкентті бағындыру Қоқан хандығының қазақ даласының оңтүстік өңірлерін жаулап алуының басталғандығын айғақтады. Қоқан билеушісі Әлім бек пен оның төңірегіндегілер қазынаны байлыққа толтыру мақсатында Оңтүстік Қазақстанды жаулауға ұмтылды. Осылайша қазақ-қоқан байланыстарының екінші кезеңі басталады. Ол ХІХ ғасырдың 10-20-жылдарынан 40-жылдары аралығын қамтиды.

Қоқан экспансиясының мәнін түсінуде оның орын алуына тікелей ықпал еткен факторларды анықтау оның барлық қырларын ашуға мүмкіндік туғызады. Қоқан экспансиясының мәні оны билеушілердің байлыққа кенелу пиғылы, осы мақсатта жаңа жаулап алу жорықтарын ұйымдастыру, көрші елдердің жерлеріне басып кіру, Орталық Азины Ресей және Қытаймен байланыстыратын керуен жолдарына бақылау жасау еді. Соңғысының ХІХ ғасырда Шыңжанмен сауда-саттық өрістеген тұста стратегиялық маңызы зор болатын. Жаулап алып, билеп төстеуді көздеген қоқандықтар қазақ халқына ауыр алым-салықтар салып, тонап, езіп отырды. Алайда мұндай әрекеттері әрқашан тиімді бола бермеді. Қазақтар Қоқан үстемдігіне қарсы азаттық күреске шығып, ерен қарсылық білдірді. Қоқан хандығының Қазақстандағы экспансиясының сипатын Орталық Азия мен Ресей империясындағы жағдай, Бұхар, Хиуа феодалдарының қазақ даласына қызығушылығы өзгертіп отырды. Мәселен, Ферғанадағы ішкі ахуал, Ресейдің Жетісуға ықпалының таралуы Қоқан билеушілерінің жоспарын өзгертті.Ұлы жүз қазақтары саяси ахуалды өз мүдделерінде пайдалануда Ресей империясының бодандығына өту туралы шешім қабылдады. Алайда қазақтардың барлығы бірдей патша өкіметінің саясатын қолдамады, мұндай топтар қоқандықтармен бірлесіп империяға қарсы күресті.

Осындай тұжырымдар жасауға жоғарыда тоқталған теориялар мен ғылыми таным бағыттары, сондай-ақ республикада тарихи сана қалыптастыру туралы тұжырымдама ықпал етті. Бұл отандық тарих ғылымында көршілес елдермен қарым-қатынас тарихын зерттеуде қалыптасып келе жатқан ұстанымдарға сәйкес келеді әрі толықтырады деген сенімдеміз.



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет