I деңгей /. Лексика гылымы нені зерттейді? Магынасын жогалтқан сөздерді тап. Алма, дәптер, және, қағаз, сайын, көк, да, алтын. Мына дыбыстарды папдалана отырып, лексикалық магынасы бар сөз қүрап жаз. А



жүктеу 388.36 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі388.36 Kb.
1. СӨЗ БЕН МАҒЫНА 1-нұсқа

I деңгей

/. Лексика гылымы нені зерттейді?



2. Магынасын жогалтқан сөздерді тап.

Алма, дәптер, және, қағаз, сайын, көк, да, алтын.



3. Мына дыбыстарды папдалана отырып, лексикалық магынасы бар сөз қүрап жаз.

А, т, қ, ж, з, с, ө, к, і, п.

II деңгей

/. Сөз бен дыбысталу арасындагы айырмашылықты айт.



2. Мына сөздердің лексикалық магынасын тап.

Ағаш, тақта, жылқы, май, жүз.



3. Магынасы толық емес сөздерді қатыстырып, «Туган жер» атты тақырыпқа мәтін құра.

III деңгей

/. Берілген сөздерді магыналық жақындыгына қарай тотпап жазып, магынасын түсіндір. Қарағай, қозы, шырша, дәптер, тоқты, қарындаш, қайың, саулық, қағаз.



2. Қартайып барып, қайта жасарган сөзді тауып, осы сөзге мәтін қүра.

Әділдігі болмаса, әкім ит. Ақылсыз болса әйел ит. Аяңсыз болса атың ит.



(«Шешендік сөздер»)

3. Қазақ тілі туралы айтылган ғұламалардыц пікірін жаз.
1. СӨЗ БЕН МАҒЫНА

2-нұсқа

I деңгей

/. Сөз неден қүралады?



  1. Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің? Мысал жаз.

  2. Жеке тұрғанда магынасын жоғалтқан сөздерді жаз.

II деңгей

/. Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қой:

Да...а, ды...ыс, ...ыныс, жай...ау, ...ғаш, ...ал, жа..., ...аң.


  1. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, толық магыналы сәздердің астын бір, жеке тұрғанда магынасын жотлтқан сөздердің астын екі сыз.

  2. «Наурыз келді, жаз келді» деген тақырыпқа мәтін құра.

III деңгей

7. Төмендегі сөздерге синоним сөздер жаз.

Бауыры, тәртіпті, зерек, сымбатты.

2. Төмендегі сөздер қандай магына беріп түр?

Түу! Ойбай-ай! Құдай-ай! Обал-ай!

(І.Жансүгіров)

3. «Гүл көктем» деген тақырыпқа өлең шығар.

2. СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

1-нұсқа


I деңгей

/. Мағына дегенді қалай түсінесің?



  1. Сөздің тура магынасына мысалдар жаз.

  2. Төмендегі сөздердің тура және ауыспалы магынасына тіркес құра.

Төмен, алыс, мықты.
II деңгей

/. Тура мағынадан ауыспалы мағынаның қандай айырмашылыгы бар?



  1. Түрақты тіркестер жазып, оның магынасын түсіндір.

  2. Ертегі құрап, тура мағынада тұрған сөздердің астын сыз.


III деңгей

/. Төмендегі өлеңдегі ауыспалы магынада тұрған сөздердіц астын сыз.

Мен біткен ойпаң жерге алма ағаш

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –

Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!

Тамшылап көзден аққан бұл суық жас,

Балқытып қашан ерітер жүректі тас?

Қаламнан жылап аққан қара бояу,

Жазылып қағазға, сен жұртқа қыл паш.



(М.Дулатов)

2. Сырым Үргеніштің ханына барып, жүз көріс қылган, хан Сырымның атагын сырттан: «Қазаңтың өзі шешен, өзі батыр кісісі» деп есітеді екен. Хаи Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты.

Үргеніш шешені:

Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не? - деп сұрайды.

(«Шешендік сөздер»)

Сырымның орнына жауап бер.
3. «Тапқырлық - шешеннің багалы қасиеті» деген тақырыпқа шагын шыгарма жаз.

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.



(Б. Момышұлы)


2. СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

2-нұсқа

I деңгей

/. Сөздің тура магынасын қалай түсінесің?



2. Мәтіннен ауыспалы магынада тұрган сөздерді тап.

Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр.



3. Мына сәздерден тура және ауыспалы магынаны білдіретін сөз тіркестерін құра.

Жаңа, таяз, суық, жылы.



II деңгей

/. Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрган сөздерді тауып, олардыц тура мағынасына мысал жаз. Бірге оқыған құрбыға

Бас бәйгені бермедің.

Төре болдың, бас болдың,

Көкірегіңді кермедің.

(Абай)

2. Көп нүктеніц орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы магынада тұрганын анықта.

Ағасы бардың - ... бар.

Інісі бардың - ... бар.

...тасыса, қайық төгілер.

...тасыса, ақыл төгілер.

3. «Алтын күз» атты тақырыпқа мәтін қүра. Мәтінде тура және ауыспалы магынадагы сөздер болсын.

ІІІ деңгей

/. Тура және ауыспалы магынада тұрган мақал-мәтелдерден мысал келтір және олардың мағыналарын түсіндір.



2. Мына тіркестердің тура жәие ауыспалы магыналарын тауып жаз.

Суық су, суық жер, суық жел, суық адам, суық торғай, суық хабар. Алтын жүзік, алтын қыз, алтын ақша, алтын күз, алтын бесік. Таза үй, таза жер, таза бала, таза жүрек, таза еңбек, таза салмақ.



3. Жүмбақтың шешуін тап. Шешуінің тура және ауыспалы мағынасына байланысты мәтін құра.

Біз, біз едік, біз едік,

Біз жылтыраған қыз едік,

Таң атқанша жайылдық,

Таң атқан соң жойылдық.

(Жұмбақ)

3. КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР

1-нұсқа

Iдеңгей

/. Өлеңнен көп магыналы сөздерді тап.

Есік алды ор болды,

Үйдің алды жар болды,

Бай бетке қонды,

Кедей шетке қонды.

Етек-жеңім шолақ болды,

Киюге тоным жоқ-ақ болды.



2. Мына сөздердің бастапқы және ауыспалы магыналарына сөз тіркестерін құра.

Үлкен, жаңа, жақын, жеңіл.



  1. Сөздің тура және ауыспалы магыналарын түсіндіріп, мысалдар келтір.


II деңгей

/. Көп нүктенің орныиа тиісті сөзді қой және көп мағыналы сөздерді тап.

Еңкейгенге еңкей,

Басыңжерге ...

Шалқайғанға шалқай,

Төбең көкке ...



2. Жұмбақтың шешуін тап және шешуіне көп мағыналы сөйлемқ құра.

Қарап тұрсаң өзіңе,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Дәл қазіргі өзіңе!


  1. Табиғат туралы жазылган ақындардың өлеңдерінен үзінділер жаз. Акындардың табиғатты суреттеу ерекшелігін салыстыр және көп магыналы сөздерді тап.

III деңгей

/. Мақалдан көп магыналы сөздерді тап және магыналарын түсіндір.

Отбасы толған жансың,

Бір-біріңе мейман жансың.



2. Сөз тіркестерін тура, ауыспалы, көп магыналарына қарай ажырат.

Аттан түс, түс кезі, түскі ас, түс көрді, таудан түсті, жайлаудан түсті, оқуға түсті, түсі бұзылды, ақ түсті, түсі өзгерді, ойына түсті, түсі жылы, түстен кейін, түс ауа.



3. «Туган жер» атты тақырыпқа мәтін құра және туған жерге байланысты өлеңдерден мысал келтіре отырып жаз. Ішіндегі көп магыналы сөздердің астын сыз.

3. КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР


2-нұсқа

I деңгей

/. Сөздің тура мағынасын түсіидір.



2. Мына сөздерден кеп магыналы тіркестер қүра.

Жол, ақ, кір.



3. Өлеңнен көп мағыналы сөздерді тап.

Екі күймек бір жанға әділет пе,

Қаны қара бір жанның жаны жара. Ашиды жаның, қайнайды қаның,

Мінездерін көргенде...



(Абай)
IIдеңгей

/. Көп магынаның ауыспалы магынадан айырмашылығы неде? Мысал келтір.



  1. Мақал-мәтелден мысал келтіріп, ішінен көп магыналы болатын сөзді тап және оны дәлелде.

  2. Тіл туралы бір шумак өлец қүра.


III деңгей

/. Жүмбақтың шешуін тап. Шешуінің атына көп магыналы тіркестер құра. ¥йықтайды ұлы түнде, күндіз қызы

Жүргенде білінбейді басқан ізі.

2. Төмендегі сөздерден ауыспалы магынага сөз тіркестерін қүра.

Тіл, ақ, жүз, бет.



3. «Кім болам» деген тақырыпқа мәтін қүра.

4. ОМОНИМ

1-нұсқа

I деңгей

/. Омонимнің аньқтамасын айт.



2. Сөйлемдегі омоним сөздерді тап.

Күймеге Құнанбай қасына, Ызғұттыдан басқа, ¥лжан келіп отырды. Қасым айтпайтын сөзді қайным айтты.



(М. Әуезов)

3. Мына сөздерге омонимдік мағына беретін сөйлемдер құра.

Ақтау, көктеу, түс.



II деңгей

1. Омоним болатын сөздерді тап.

Кітап, жаз, нан, қу, ақылды, дала, күл.



2. Омоним болатындай тіркестер құрап жаз.

Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ.



3. Омоним болатын мақал-мәтелдерден мысал келтір.

III деңгей

/. Омоним болатын сөздері бар өлең шумақтарын жаз.



  1. Қазақстанда омоним болатын қандай қаланың атын білесің? Мысалмен дәлелде.

  2. Тәмендегі сөздерден омоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін қүра.

Кілем, газет, жылқы, шұбат, айт.
4. ОМОНИМ

2-нұсқа

I деңгей

/. Омонимнің көп магыналы сөздерден айырмашылыгын айт.



2. Төмендегі сөздерге омоним сөздер жаз.

Таң, қал, тақ, қаз.



3. Абайдың бір өлеңін жатқа жаз және мазмұнын түсіндір, ішінен ауыспалы мағынадағы сөздің астын сыз.

II деңгей

/. Мақалдан омоним болатын сөзді тап және сол сөзге омоним құра. Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.


  1. Сөздің тура магынасына, көп магынасына, ауыспалы магынасына сөз тіркестерін жаз.

  2. «Бабалар дәстүрі» деген тақырыпқа ой толғау жаз.

III деңгей

/. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және мақалдың мағынасын түсіндір. Жүк ауырын ... көтереді,

Ел ауырын ... көтереді.


  1. Үш, бес, жеті сандарына арналған асыл сөздерді жаз және омоним сөздер болса, астын сыз.

  2. Мәтінді оқып, төрт санының неліктен киелі саналғанын түсіндіре отырып, мәтін құра.

Төрт кітап:

  1. Тәурат - Мұсаның кітабы. 3. Інжіл - Жанық кітабы.

  2. Зәбүр - Дәуіттің кітабы. 4. Құран - Мүхаммедтің кітабы.

5. СИНОНИМ 2-нұсқа

I деңгей


/. Синонимнің омонимнен айырмашылығын түсіндір.

2. Төмендегі сөздерге синонимдік қатар құра.

Май, ас, қанағатсыз, халық.



3. Сөйлемдерден синонимдерді тап.

Көл тартылар, дария сарқылар, бірақ Күнікейдің күші сарқылмас. (Ғ.Мүсірепов) Елді бейбіт, жұртты тыныш етті. (І.Жансүгіров)

II деңгей

/. Қос сөздерден тұратын синонимдер тауып жаз.



  1. Екі шумац өлең жазып, ішінен синоним, омоним сөздерге мысал келтір.

  2. Жұмбақ немесе жаңылтпаш шығарып көр.

III деңгей

/. Синоним сөздерге мақал-мәтелдерден мысал келтір.



2. Сөз тіркестерінен тұратын синонимдер тауып жаз.

Үлгі: Жермен жексен етті, Күлін көкке ұшырды.

3. Мәтін қай шығармадан? Ішінен синоним сөздерді тап және осы шығарма туралы білгеніңді жаз.

Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай қаза тапты. ¥лы кеуденің ыстық демі тоқтады. Шөл даланы жарып аққан дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта таста тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан, зәулім өскен асыл шынар құлады. Өмірден Абай кетті.


5. СИНОНИМ

1-нұсқа


I деңгей

1. Төмендегі сөздерге синоним болатын сөздерді жаз. ¥стаз, ақын, үй, құрметтеу.



  1. Синонимнің омонимнен айырмашылығы неде?

  2. Мәтіннен синоним сөздерді тап.

Адамның асқан сұлулығы - оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.

(В.А.Сухомлинский)

II деңгей

1. Синоним сөздерді топтап жаз.

Қашық, әдемі, әдепті, тәртіпті, үлкен, келбетті, өңді, тәрбиелі, дәу, тартымды, алыс, инабатты, алшақ, шалғай, көргенді.

2. Мәтіндегі синоним сөздерді тауып, олардың мағыналарын анықта.

Сенің топырағыңда қаншама дүр-дүр батыр, дүл-дүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің.



(Б. Соцпацбаев)

3. Төмендегі тіркесітерге синоним болатын тіркестер жаз.

Қырғи қабақ. Қас пен көздің арасында. Бетінен оты шықты. Тас жүрек.


III деңгей

1. Көп нүктенің орнына синоним болатын сөздерді қой. Жанбосын екеуміз өш, ... едік.



(Б. Соцпацбаев)

Орта бойлы, орта жасқа келген, семіздеу, қызыл шырайлы бәйбіше, қаһарлы ... түрмен өзен жаққа қарап тұр.



(Б.Маіілин) Айбарлы, ... сұлу сымбатты, тосын көзді өзіне сұқтандыра түсті.

(С.Б.)

2. Төмендегі сөздерге синоним және омоним болатын сөйлемдер құра.

Жастық, ат, қою, жеңіл, бас.



3. Синонимдерді қатыстыра отырып, «Егеменді Қазақстан» атты ойтолғау жаз.

6. АНТОНИМ

1-нұсқа

I деңгей

/. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жаз. Суық, қатты, төмен, биік, жоқ.

2. Бір-біріне антоним болатын сөздерді орын-орнына қой.

Жаман, дос, жақсы, адал, қас, үлкен, арам, кіші, кең, жас, аз, ақымақ, ашық, ақылды. жабық, тар, кәрі, көп.



3. Антоним болатын сөздерді тап.

Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, жылы көңілді суытады. (Ғ.Мұстафин) Сипақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт. (Ғ.Мұстафин)



II деңгей

/. Көп нүктенің орнына тиісті антонимдерді қой.

Адал еңбек елге жеткізер, ...қулық елден кеткізер.

Мұратыңа жеткенше, Дос-... сыр берме.



(Б. Момышұлы)

Ақылсыз достан ...дұшпан артық-ты.



(Шалкыіз жырау)

2. Мына сөздерге антоним және синоним болатын сөздер жаз.

Өжет, бар, жарық, алыс, мол, бейнет, оңай.



3. Антонимі бар өлең шумақтарынан мысал жаз.

III деңгей

/. Мақал-мәтелдердің антоним болатын жалгасын тап.

а) Жылай-жылай арық қазсаң,

---------------------------------------------

ә) Дос жылатып айтады,

----------------------------------------------

б) Ұсталы ел озар,

----------------------------------------------



2. Өлеңдегі антоним сөздерді тауып, осы сөздерді тақырып етіп, ойтолғау жаз.

Аласаны атқа санама, Жақсыны жатқа санама. Бір сынаған жаманды Екіншілей сынама.



(Ацтажац шешен)

3. Мәтіндегі сөздерден синоним, омоним, антонимдергв мысалдар жаз.

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен, ата-ана кінәлі.



(Б. Момышұлы)

6. АНТОНИМ 2-нұсқа



I деңгей

/. Омонимнен антонимнің айырмашылығын айт.



2. Төмендегі сөздерден антонимдік қатар құра

Түзу, теріс, қалың, оң, араз, қисық, жұқа, тату, қатты, жыртық, жұмақ, бүтін, артық, қиын, кем, оңай.



3. Мақалдан антонимдерді тап.

Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз, Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.



II деңгей

1. Антонимдер және болымды-болымсыз антоимдер жаз.

Үл г і: Аш - тоқ,

Аш- аш емес. Мақта - датта. Мақта - мақтама.

2. Мақалдардың жалғасын тауып жаз және синонимдердің астын сыз.

а) Ащы менен тұщыны татқан білер,

ә) Құтты қонақ келсе, қой егіз табар,

б) Жандыда басың үлкен,

----------------------------------------

3.Жаңа техникаға байланысты жұмбақ шығар.

ІІІ деңгей


  1. Антонимдерге мақал-мәтелдер тауып жаз.

  2. Төмендегі антонимдердің синонимдерін тауып жаз.

Озу-қалу, рақат-бейнет, шарапат-кесапат, алғыс-қарғыс.

3.Табиғат туралы өлең шығар.


7.ТАБУ

1-нұсқа


I деңгей

1. Табу дегеніміз не?



2. Мына сөйлемнен табу сөздерін тап.

- Ойбай, Тентекжан, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді, - деп, шелегін жерден көтеріп-ақ алды.

(Б.Майли)
3. Төмендегі табу сөздер кімдерге арналганын тауып жаз.

Ақылдас, тетелес, көзжақсым, еркебала, ортаншым, еншілес, кішкенем.



II деңгей

1. Мына табу сөздерге сөйлем құра.

Қарақұлақ, шекшек ата, кенжем, үкілім.



  1. Қанбай табу сөздерді білесің және кімдерді, нелерді атаган?

  2. Төрт түліктің пірлерін ата және қазақ халқы қай түлікті ерекше бағалаган? Осы түлікке байланысты мәтін қүра.

III деңгей

1. Табу сөзі бар ауыз әдебиеті жырларынан мысал жаз және неге солай атағанын айт.



2. Сөйлемнен табу сөздерін тап және олардың кімге, неге айтылғанына талдау жаса.

Сылдыраманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында, маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, бі-лемені жанымаға білеп-білеп, бауыздап келдім.



3. Мәтін қай ертегіден үзінді? ішінен табу сөзін тауып, өзің ертегі құрап жаз.

- Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау! Адам көргісіз бір жаман
кісі сенде жұмысым бар дейді. Сенен ол дәме етіп келген білем! - деп қалжыңдады.

7.ТАБУ


2-нұсқа

Iдеңгей

/. Атын тура атауға тыйым салынған сөз туралы айт.



2. Мына сөздермен кімдерді атаған?

Мырза аға, би аға, тұлымдым, айдарлым, кекілдім, шырақ, аттеріс.



3.Төмендегі сөйлемдерден табу сөздерін тап.

Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Басқа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келіні бар-бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық.... (Б.Майлии)



II деңгей

  1. Табуға мысалдар жаз.

  2. Табуға байланысты пайда болған синонимдерді жаз

Үлгі:

Жоғалған мал - қолды болды.

Жылан - түйме, ала жіп - ұзын құрт.

3. Табу сөздерін қатыстыра отырып, ертегі құра.

III деңгей

/. Мэтіннен табу сөздерді тап жэне олардың кімге қойылғанын айт



Бай-бай сондағы Шырайлымның жылағаны-ай!...Біздің де, шешесінің де сөзін тыңдамаған соң, Биағалардың өзі қойды ғой. ...Жаңа осында келерде Мырзағаның үйіне барып едім.

2 Табудан синоним сөздердің айырмашылығын айт және мысалмен дәлелде. (БМаилин)



3. Қазақтың салт-дәстүріне байланысты ойтолғау жаз.

8. ЭВФЕМИЗМ МЕН ДИСФЕМИЗМ 1-нұсқа



I деңгей

1. Эвфемизмнен дисфемизмнің қандай айырмашылығы бар?



2. Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жаз.

Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, жымсымасы бар, мес қарын, сасық ауыз.



3. Төмендегі сөздерді эвфемизмге ауыстырып жаз.

Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.



II деңгей

1. Мәтіннен эвфемизм мен дисфемизмдерді тап.

Ағайын арасында аз үйлі кедей болғанмен, Айнабай деген - бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып тұтандырып жүретін бір қызыл көзді бәле. Әлдеқалай бір жерде кездесе қалса, Күлзипа ұялып-қызарып, тәңірге жазады да қалады.

Қайнағаң ылғи айтад: «Осы ауылдағы бозөкпе жігіттерден келіндерім асыл, келіндерім қымбат,» -дейді. Бетім-ай, мына көргенсіз не дейді? Саған күлтектейтін заман бұл емес, күліңді аспанға ұшырамыз! Оңбаған шірік, сайтан сабағын оқып не болмақшы екен?



(Б.Майлин)

2. Мына дисфемизмдердің синонимдерін тауып жаз.

Оңбаған, қайыршы, жалмауыз, кеңкелес, ұятсыз.



  1. Сөйлеу мәдениетіне байланысты өз ой-пікіріңді жаз.

III деңгей

/. Ауыз әдебиетінен табу, эвфемизм, дисфемизмге мысал келтір.



2. Өлеңнен дисфемизмді тауып, дисфемизмді эвфемизмге айналдырып жаз.

Шіркіннің сөйлер сөзге тасуын-ай,

Аруағы алдиярдың басуын-ай!

Ханымның мұрны кейкі, бойы аласа, Келбеті мегежіннің қашырындай.

Көк иттей күшіктеген құнжың қағып, Жататын шығар тыр-тыр қасынып-ай. Тұрпаты ит, шошқадан былай емес,

Байеке, көргенімді жасырдым ба-ай!?



(Шернияз Жарылгасүлы)

  1. «Тіл -халықтың жаны. кескін-келбеті» атты тақырыпта ойтолғау жаз.

8. ЭВФЕМИЗМ МЕН ДИСФЕМИЗМ

2-нұсқа

I деңгей

/. Дисфемизм дегеніміз не?



2. Төмендегі сөздердің эвфемизмін тап.

Құрт ауру, қылтамақ, керең, мүгедек.



3. Мәтіннен дисфемизмдерді тап.

Ана сорлы таздың жамандығы ғой. Әшейінде адамсып, мәңгірлеп сөйлер еді, енді қайда қалды екен? Малға алған күңді, тілін алмағанда, тіліп-тіліп алмас па?! - деп, шақыр-шүқыр еткізіп, былғап жатқан қазанның түбін ойып жібере жаздады.



(Б.Майлин)

II деңгей

/. Эвфемизмніц дисфемизмнен айырмашылығын тап және мысалдар келтір.



2. Эвфемизмді бір бөлек, дисфемизм бір бөлек топтап жаз.

Дімкәс, мылжың, сараң, аузы жеңіл, жаман ауру, мұрнына жел түскен, өтірік айтпа, қолынан түк кел-мейді, ішінде бүкпесі бар, жымысқы.



3. Ішінде эвфемизм мен дисфемизмі бар мақал-.мәтелдер жазып, оның магынасын түсіндір.

III деңгей

1. Дисфемизмге сөз тіркестерінен мысалдар жаз.



Үл г і: албасты басты, ант ұрған.

  1. Антонимнен эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылығы неде? Мысалдар келтір.

  2. «Өнер алды - қызыл тіл» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.

9. ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ 1-нұсқа



I деңгей

1. Тұрақты тіркес деген не?



2. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндір.

Төбесі көкке жетті, жерге қаратты, жер-жебіріне жетті, түйені түгімен жұтқан, мұрнынан шаншылып жүр, көзін тырнап ашқалы.



3. Көп нүктенің орнына астындағы керекті сөздерді қойып, тұрақты тіркестер жаса.

Жерден жеті ... тапқандай, ит ... тұрғысыз, ішкен ... бойына тарамады, көзіне көк ... үймелетті, қо-лынан ... елі тастамады.



Керекті сөздер: байласа, қоян, екі, асы, шыбын.

II деңгей

1. Тұрақты тіркестің еркін сөз тіркесінен айырмашылығы неде? Мысал келтір.



2. Төмендегі тұрақты тіркестерге синоним болатын тұрақты тіркестерді жаз.

Табанын жерге тигізбеді, саусақпен санарлықтай, сақалды басымен, езуі жиылмады, көрер таңды көзімен атырды.



3. «Жамбасы жерге тимеген» деген тіркестің мағынасын түсіндір және осы тіркесті тақырып етіп алып, тіркестің ма-
ғынасына лайық палуан туралы мәтін құра.

III деңгей

/. Төмендегі тіркестерге антоним болатын тіркестер тауып жаз.

Мұрнын көкке көтерді, қырық пышақ болды, жер-көкті басына көтерді, жер-көкке сыйғызбады, жұмған аузын ашпады.

2. Ішінде мына сөздер бар тұрақты тіркестерді жаз.

Көз, қол, жер, ит, ауыз, тістеді, шаш. Үл г і: ашық ауыз.



3. Өлеңдегі тұрақты тіркестерді тауып, магыналарын түсіндір. Өлең кімдікі? Тұрақты тіркесітерді қатыстыра отырып,
авторы туралы жаз.

Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған түлкі,

О, да осал жау емес қыран паңға.
9. ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ 2 нұсқа

I деңгей


/. Фразеологизмді қалай түсінесің?

2. Төмендегі тұрақты тіркестердің мағыналарын түсіндір.

Мойнына бұршақ салып тігеді, бір тарының қауызына сыйғызды, діні қатты, отқа май құйды, жыр-тысын жыртты.



3. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.

Бет моншағы .., қой үстінде бозторғай .., қара жер хабар .., ақ сүтін .., жазған құлда шаршау ... Керекті сөздер: жұмыртқалады, үзілді, сауды, жоқ, бермесін.



II деңгей

  1. Тұрақты тіркестер жазып, мағыналарын түсіндір.

  2. Түрақты тіркестердің антонимдерін тап.

Аты шықты, бақ қонды, бетінен оты шықты, еңбегі жанды, аузыңа май, араны ашылды, қырғи қабақ, мойны босады.

Үл г і: Ауыз жаласты - ат кекілін кесісті.

Отпен кіріп, күлмен шықты - ағаш басын сыидырмады.

3. Мәтіннен тұрақты тіркестерді тап.

Байғұс тұқымы атқа мінгелі, Ыбыралы сияқты жалаң аяқты кедейің бұлай тұрсын, қатардағы адам-мын деп жүргендердің өзі жүз жыртып сөз айтып көрген емес еді. Ыбыраштың мына сөзі Ысқаққа аспаннан түскен сөз сияқты болды. Ашу ма, ыза ма - тура бойын кернеп, қаны тартылып, жүзі қуқыл тартты.



(Б.Майлин)

III деңгей

/. Төмендегі тұрақты сөз тіркестеріне синонимдер жаз.

Аза бойы қаза болды, алғаны ас болмады, түн ұйқысын төрт бөлді, төрт түлігі сай.



Үл г і: Көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болады, жүрегі тас төбесінен шықты, зәресі зәр түбіне кетті, иманы қалмады.

2. Төмендегі тұрақты тіркестердің жалғасын жаз.

Он саусағынан ...

Аттың жасы...

Бір ұрты май...

Ескі жараның...

Ит көйлегі...

3. Тұрақты тіркестерді қатыстыра отырып, өлең шығар.
10. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

1-нұсқа


I деңгей

  1. Мәтелдердің тұрақты тіркестерге қандай ұқсастығы бар?

  2. Мақал-мәтелдер жаз және мағыналарын түсіндір.

  3. Төмендегі мақал-мәтелдердің жалғасын жаз.

а) Ит тойған жеріне,...

ә) Ана сүтін ақтамағанды,...

б)Ит үреді, ...

II деңгей


  1. Мақал-мәтелдердің тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде?

  2. Төмендегі мәтелдердің синонимдерін жаз.

а) Ұлық болсаң, кішік бол.

э) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

б) Бұралқы ит үргенімен жағар.

в) Соқыр атқа қотыр ат үйір.

3. Мақал-мәтел сияқты болып кеткен Абайдың қанатты сөздерін жаз.

III деңгей

1. Бір-біріне антоним болатын мақал-мәтелдер жаз.

2. Төмендегі сөздер бар мақал-мәтелдер тауып жаз.

Жақсымен, асың, жылы, қорқытады, көл? бөрік, екі, дос.



Үл г і: Естіген екі сөз де жетіп жатыр.

3. Кері тәрбие беретін мақал-мәтел бар ма? Болса тауып жаз және осы туралы пікіріңді айт.

10. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

2-нұсқа

I деңгей

1. Мақалдан мәтелдің айырмашылығы неде?



2. Мақалды бір бөлек, мәтелді бір бөлек топтап жаз.

а) Жеті жұрттың тілін біл,


Жеті түрлі білім біл.

ә) Суық ширатады, жылы жылытады.

б) Бәле қуған бәлеге жолығады
Жала қуған жалаға жолығады.

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.

а) Көз қорқақ, ... батыр.


ә) Әке-асқар ... ,

Ана- ... бұлақ.

б) Тіспенен түйгенді ... шешеді.

II деңгей



1. Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

а) Ананың көңілі балада,

-------------------------------------------

ә)Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.

--------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------.

б) Аяғы жаман төрді былғайды,

в) Қайтып кірер есікті,...

г) Көп түкірсе, ...


  1. Бір-біріне антоним болатын мақал-мәтел жаз.

  2. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген тақырыпта мәтін құра.

III деңгей

1. Отан, тіл, достық, ерлік, адамгершілік туралы мақал-мәтелдер жаз және магыналарын түсіндір.



2. Жұмбақтың шешуін тауып, шешуінің атына байланысты бір-біріне антоним, синоним, омоним болатын мақал-мәтелдер
жаз.

Таңертең төрт аяқты, Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты.

3. Мақал-мәтелдерді араластыра отырып, «Ас атасы - нан» деген тақырыпта ойтолғау жаз. Мақал-мәтелдердің мәнін түсіндір.
11. СӨЗДІК ҚОР ЖӘНЕ СӨЗДІК ҚҰРАМ 1-нұсқа

I деңгей

/. Сөздік қордың сөздік құрамнан қандай айырмашылығы бар?



2. Мәтіннен сөздік қорға жататын сөздердің астын сыз.

Музыканың негізгі мақамы адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қажет, өйткені тіл мен музыка тілі бір-біріне етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі.



(дл-Фараби)

3. Мына сөздерден сөздік құрамға кіретін сөздерді тап.

Ана, парта, дос, адал, аялдама, кеден, баяндама, синоним, анықтауыш, сақа, тырма, кітап.



II деңгей

/. Сөздік құрамға кіретін сөздерге мысал жаз.



2. Мәтіннен сөздік құрамга кіретін сөздерді бір бөлек, сөздік қорға кіретін сөздерді бір бөлек жаз.

Біздің Қазақстанда өте сирек кездесетін элементтер бар. Асыл тастар қаншама! Меруерт, маржан, інжу, жақұт, гауһар - не керек, бәрі бар. Бұл жөнінен бар ғой, бұл жөнінен біздің Қазақстан бүкіл дүние жүзіне әйгілі.



(Т.Әбдіков)

3. «Төрт түлігім - тірегім» атты тақырыпқа мәтін құрап, ішіндегі сөздік қорлардың астын сыз.
III деңгей

/. Мәтінде сөздік қор көп пе, сөздік құрам көп пе? Мәнісін түсіндір.

Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық арасына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын.

(М. Әуезов)


  1. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі сөздік қорды теріп жаз, сөздік қордың сөздік құраммен байланысын және
    айырмашылығын осы өлеңдегі сөздер арқылы дәлелде.


  2. «Қазақстанның рәміздері» атты тақырыпта мәтін құра. Мәтіндегі сөздерді сөздік құрамның түрлеріне қарай бөліп жаз
    (термин, диалог, кәсіби сөз, кірме сөз, жаңа сөз).

11. СӨЗДІК ҚОР ЖӘНЕ СӨЗДІК ҚҰРАМ 2-нұсқа

I деңгей

/. Сөздік құрамға кіретін сөздерді ата.



  1. Сөздік құрамға кіретін сөздерге мысалдар жаз.

  2. Мәтіннен сөздік қорға кіретін сөздерді тап.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын — мен, се-нің сөзіңді ұғатұғын - мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылым-ды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» депті.

(Абай)

II деңгей

/. Мәтіннен кірме сөздерді тап.

Евклид математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары жайлы бірнеше кітаптар жазып қал-дырды. Ғылым тарихында Евклидтің «Негіздер» деген кітабы екі мың жылдан аса уақыт бойы дүние жүзі математиктерінің қолынан тастамайтын шығармасы болды.



(«Білім және еңбек» журналыная)

2 Өлеңдегі сөздік құрамға кіретін сөздерді бөлек, сөздік қорға кіретін сөздерді бөлек жаз,

Жеті жаста Арыстанбаб келді маған,

Хақ Мұстафа аманатын берді маған.

Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,

Нәпсім өліп. Тәңірі жолына түстім мен де.



(А.Йасауи)

3. «Бақыт деген не?» деген тақырыпқа ойтолғау жаз.
III деңгей

1. Негізгі сөздік қорға тән басты төрт белгісін айт және төмендегі сөздерден жалпыхалықтың сипат алған кірме сөздерді тап.

Қасқыр, шырша, астар, зиян, бөле, жәрдем, нан, қарындас, ұршық, орамал, базар, қошемет, жандар.


  1. Сөздік қорға байланысты жұмбақ шығарып көр.

  2. «Асыл сөз мәңгі жасайды» атты тақырыпқа шағын шығарма жаз.

12. КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР 1-нұсқа



I деңгей

/. Көнерген сөздер деген не?



2. Жырдан көнерген сөзді тап.

Бадана көзді кіреуке

Жауға қарсы жетпеген,

Жел айырдың оғы өтпеген. Сатуға басын сұрасаң,

Мың ділдә да жетпеген.

(«Ер Таргын» жыры)

3. Тарихи сөзді бір бөлек, архаизмді бір бөлек жаз.

Торқа, дүрия, нөкер, болыс, шиден, сәукеле, жаушы, қызыл отау, найза, жебе, бұзаушық.



II деңгей

1. Тарихгі сөздерден архаизмдердіц айырмашылыгы неде? Мысал жаз.



2. Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді тап.

Бесік құда, барымта, қалыңмал, ораза, пітір, дуан, наурыз, хан, аламан, қазан айы, қызыл әскер, шиті мылтық.



3. Көнерген сөздерге байланысты өлең-жырлардан мысал жаз.

III деңгей

1. Көнерген сөздері бар мақал-мәтелдер жаз және көнерген сөздің қай түрі екенін ажырат.


  1. Көнеріп барып қайта жаңарған сөздерді жаз. Жаңару себебін түсіндір.

  2. «Әкім» сөзі көнерген создің қайсысына жатады? «Әкім» сөзіне байланысты мәтін құра.

12. КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР

2-нұсқа

I деңгей

/. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді.



  1. Архаизмге мысал жаз.

  2. Өлеңнен тарихи сөздердің астын сыз.

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай...

Ерлердің ісі бітер ме?



(Махамбет)

II деңгей

1. Басқа сөздермен ауысқан көнерген сөздерді жаз.

Үл г і: дуан - облыс

  1. Ішінде көнерген сөздері бар өлең шумақтарынан мысал жаз және көнерген сөздің түрлеріне қарай ажырат.

  2. Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мәтел мен тұрақты тіркестердің құрамында әлі де қолда-
    ныла беретін көнерген сөздерді жаз.


Үл г і: торқа, құнау.

III деңгей

1. Құрамында көнерген сөздері бар, мақал-мәтел мен тұрақты тіркестерді жаз.



Үл г і: ешкіні түлен түрткенде, шопанның таяғына сүйкенер.

2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздербі жаз.

Үл г і: бадана - баданадай.

3. Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәтін құра.
13. ЖАҢА СӨЗДЕР

1-нұсқа


Iдеңгей

/. Жаңа сөздер деген не?



  1. Жаңа сөздерге мысалдар жаз.

  2. Өлеңде жаңа мағынаға ие болған көнерген сөзді тауып, оның жаңа мағыналарына мысал жаз.

Бала болдың, жас болдың, Жамандыққа ермедің.

Төре болдың, бас болдың, Жалғандыққа ермедің.



II деңгей

1. Жаңа сөздерге жаңылтпаш құра.



2. Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.

Мектеп, карта, телевизор, аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап, жел-тоқсан айы, сынып, қорғаушы, сұраныс, тапсырыс, асаба, оқушы, ұстаз.



3. Тәуелсіздікке байланысты кірген жаңа сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпқа мәтін құра.

III деңгей

1. Көнерген сөздің негізінен қайта тіріліп, жаңарған сөздерді ата.

Үл г і: төре - төреші



  1. Жаңа сөздер қанша түрлі жолмен пайда болады? Мысалдармен дәлелдеп жаз.

  2. Жаңа сөздерді қатыстыра отырып, «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» туралы мәтін құра. Ішіндегі жаңа сөздердің астын
    сыз.


13. ЖАҢА СӨЗДЕР

2-нұсқа

I деңгей


1. Көнерген сөздердің жаңа сөздерден айырмашылығын айт..

2. Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді тауып, астын сыз.

Жазық, азық, үнпарақ, сайлау, масақ, әкім, сын жұмысы, қызанақ, талдау, аялдама, еңбеккүн.



3. Біріккен сөздерден жасалған жаңа сөздерді жаз.

II деңгей

1. Қайта жаңарған көнерген сөздерді жаз.



  1. Ішінде жаңа сөздері бар, өлең шумақтарынан мысал жаз.

  2. Жаңа сөздерге байланысты жұмбақ шығар.

III деңгей

1. Төмендегі жаңа сөздердің қалай жасалғанын түсіндір.

Орамжапырақ, колледж, гимназия, үнпарақ, кибернетика, сынып.


  1. Тілімізде жаңадан пайда болған мақал-мәтелдерді жаз.

  2. «Еңбексіз елге сыймас» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.


14. ЖАЛПЫЛАМА ЛЕКСИКА. КІРМЕ СӨЗДЕР. ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР

1-нұсқа

I деңгей

/. Жалпылама лексика туралы айт. Мысал жаз.



2. Төмендегідей сөздер қай тілден кірген?

Дүние, хабар, азамат, баға, сәби, ұлыс, нөкер, жасақ, қоян, құрылтай, бөшке, божы, бишік, барқыт, сіріңке, шайнек.



3. Төмендегі диалект сөздердің әдеби баламасын жаз.

Нән, әйдік, шырпы, оттық, жуалдыз, чербек, борми, алажақ, бережақ, күн баю, айылдап келу.



Үл г і: жуалдыз - тебен ине.

II деңгей деңгей

1. Жалпылама лексика сөздік қорға жата ма, сөздік құрамға жата ма? Мәтіннен сөздік қорды бір бөлек, сөздік құрамды бір бөлек жаз.

Тұсау кесу - қазақтың өмір сапарының алды.

Мұны сәтті басталсын деп ырым жасағаны, бір жағынан Аллаға құлшылық жасап садақа бергені.

Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді.

(А.Жүнісов)


  1. Диалект сөздер жазушылардың шығармаларында неге кездеседі? Себебін түсіндір. Бір шығармадан мысал келтір.

  2. Кірме сөздерді жаз және жазған сөздеріңнің қазақ тіліне кірген себебін түсіндір.


III деңгей

1. Абай өлеңдеріндегі кірме сөздерді тауып жаз, қай тілден кіргенін айт және олардың синонимдерін тап.



2. Төмендегі сөздерден кірме сөзді бөлек, диалект сөзді бөлек, жалпылама лексиканы бөлек жаз.

Зор, үшек, жозы, мырыш, екі, он, жаз, шалбар, бөтелке, қамыт, агроном, бөшке, кірпіш, лазы, әтешкер, бігіз.



3. «Менің сүйікті жазушым» атты тақырыпқа мәтін құра. Ішінен жалпылама лексиканың астын сыз.
15. КӘСІБИ СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИН СӨЗДЕР

1-нұсқа


I деңгей

1. Кәсіби сөздер дегеніміз не?



  1. Термин сөздерге мысал келтір.

  2. Төмендегі сөздерден кәсіби сөзді бір бөлек, термин сөзді бір бөлек жаз.

Озон, футбол, режиссер, тарақ балта, керме ара, пышқы, шербек, синоним, архаизм, массаж, синус, косинус, жер суы, топырақ суы, сарын суы, қайтырма су, ызғар су.

II деңгей

  1. Кәсіби сөзден термин сөздің айырмашылығын айт. Мысалмен дәлелде.

  2. Термин сөздер қандай жолмен жасалады? Төмендегі сөздерді терминдердің жасалу түріне қарай ажыратып жаз.

Ғарыш, опера, карта, қондырғы, елтаңба, сынақ, роман, драма, физика, химия, бөлшек сауда.

3. «Зергерлік өнер» деген тақырыпқа мәтінқұра.

III деңгей

  1. Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз.

  2. Мәтіннен термин сөздерді тап және аталған жерлер туралы білгеніңді жаз.

Қолдан тоқылған жүн орамалға қанша оранса да, дірдектеп тоңып тұрған. Іңкамал апай география сабағында Индия жағалауларына жақын жердегі ғажайып Цейлон аралы туралы әңгіме айтып тұр. Мектеп картасында Цейлон құрлықтың емшегінен шалқар мұхитқа абайсыз тамып кеткен бір тамшы ғана сияқты.

(Ш.Аытматов)

3. Термин сөздерді қатыстыра отырып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты шағын шығарма жаз және терминдерді
жазылу түріне қарап ажырат.

14. ЖАЛПЫЛАМА ЛЕКСИКА. КІРМЕ СӨЗДЕР. ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР

2-нүсқа

Iдеңгей

/. Кірме сөздерден диалект сөздердің айырмашылығын түсіндір.



  1. Жалпылама лексикага мысал жаз.

  2. Тәмендегі кісі аттарындағы кірме сөздердің астын сыз.

Хамит, Сәбит, Ботагөз, Бижамал, Қарашаш, Айгүл, Раушан, Мұхтар, Мақсат, Бауыржан, Асқар, Әміре, Ескендір, Мәлік.

II деңгей

1. Қолданыс өрісі тар және қолданыс өрісі кең лексикаларды жаз және төмендегі сөздерді осы лексикалар түріне қарай ажырат.

Үлкен, ақ, күрпі, шақпақ, мен, зауыт, мың, агроном, аршын, жән, сіріңке, құдағай, түрме, жоғары, кеуірт, төмен, неместай, адвокат.

2. Монғол тілінен енген сөздерді бір бөлек, араб-парсы тілінен енген сөздерді бір бөлек, орыс тілінен енген сөздерді бір бөлек жаз.

Сәби, жариа, газет, бақыт, сиса, күршек, ұлыс, дүние, эбдіре, сот, әйел, бөшке, тебек, дүға, күрең ма-хаббат, жасақ, шәкірт, құрылтай, шен.

3. Жаңылтпаш шығар және оны лексика түрлеріне қарай ажырат.

III деңгей

/. Ішінде кірме сөздері бар мақал-мәтелдер жаз және мақал-мәтелде не себептен кездесетінін түсіндір.



Үл г і: Адам бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.

2. Фонетикалық ерекшеліктері бар диалект сөздерді жаз.

Үл г і: бұяқ-бұлжақ, маңлай-маңдай.

3. «Ырыс алды - ынтымақ» деген тақырықа мәтін құра.
15. КӘСІБИ СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИН СӨЗДЕР

2-нұсқа


Iдеңгей

/. Термин сөздер дегеніміз не?



  1. Кәсіби сөздерге мысал жаз.

  2. Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.

Белоктың құрамына азоты бар органикалық заттар жатады. Олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.

(Ә.Ізтаев, Б.Отыншиев)

II деңгей

1. Төмендегі сөздерден балық шаруашылығына байланысты сөздерді бөлек, мақта шаруашылығына байланысты сөздерді бөлек жаз.

Жылым, сүзекі, қауашақ, қоза, қозапая, қорма, шөктірме, көсектеу, шит егу, азна, күнжара.


  1. Термин сөздердің басты ерекшеліктерін айт және мысал келтір.

  2. Термин сөздерге жаңылтпаш шығар.

III деңгей

1. Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолдарын түсіндір.



Жезқазған аймағының экологиялық ахуалы мәз емес. Екі бүйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей полигоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөліктері мен атом қалдықтары - тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей полигоны радиактивтік заттарды төңірекке сіңірді.

(Ф. Темереева)

  1. Кәсіби сөздер жаз және кәсіби сөздерге байланысты жұмбақ шығарып көр.

  2. «Біздің Байқоңыр» атты тақырыпқа ойтолғау жаз


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет