І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы



жүктеу 282.35 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі282.35 Kb.
: media -> uploads
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі
uploads -> Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»
І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің

2013 жылғы жұмысының қортындысы
Қаланың білім беру жүйесін 2013 жылы дамыту басты стратегиялық мақсатқа – қаладағы білім берудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның қолжетімділігін кеңейту, сапасы мен тиімділігін арттыру, қаланың білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға сәйкес жүргізілді.

Қаланың білім беру жүйесін дамытудың басты басымдықтарының бірі сапалы білімге қолжетімділік болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер қатарына: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта білім ұйымдары желісінің дамуының оң динамикасы және вариативтілігі, педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базаның сәйкестігі, оқушылардың оқу мен тәрбиеде қол жеткізген жетістіктерінің деңгейі жатады.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын Жаңаөзен қаласы бойынша іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) қаланың білім беру жүйесін дамытудың стратегиясын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесі
2013 жылы мектепке дейінгі ұйымдары желісін кеңейту шаралары жалғастырылды.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына орай бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім мекемелерінің саны шағын орталықтармен қоса есептегенде 35 бірліктен 38-ге өсті (оның ішінде мемлекеттік балабақша саны 17-ден 21 –ге артты, 3 мектептер жанындағы шағын орталық, 3 жекеменшік балабақша, 11 жекемен- шік шағын орталық), оларда 5430 бала тәрбиеленуде. Жалпы қала бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша 3-6 жас аралығындағы баланың 82,4% мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамтылды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 72% болған.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған Кешенді Жоспарға сәйкес 660 орындық 3 балабақша пайдалануға берілді. Олар:


  • 320 орындық Бостандық шағынауданындағы №18 Мереке балабақшасы

  • 320 орындық Жұлдыз шағынауданындағы №20 Нұршуақ балабақшасы

  • 320 орындық Теңге ауылындағы №21 Назерке балабақшасы

2013 жылдың 1 қазанының жағдайы бойынша 3-6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбие және мектепалды даярлықпен қамтылған балалар саны:


Оқу жылы

МДҰ саны

Оның ішінде

Балабақшада

Шағын

орталықта



МАД

Бірінші сыныпта

Қамту

2012-2013

34

3585

715

2231

2176

72 %

2013-2104

38

4683

747

2135

2809

82,4 %



2013/2014 оқу жылындағы 3-6 жастағы балалар қамту туралы мәлімет




Жасы

Бала саны

Оның оқу- тәрбиемен қамтуы

Оның ішінде

Балабақшада

Шағын

орталықта



МАД

1- сыныпта

1

3 жас

3346

2131

1686

465

0

0

2

4 жас

3206

2107

1912

215

0

0

3

5 жас

3081

2433

1043

67

1355

3

4

6 жас

2947

3628

42

0

780

2806




Барлығы

12580

10374

4683

747

2135

2809

2012-2013 мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 626 педагог жұмыс жасап, өткен жылмен салыстырғанда 148 маманға көбейді. Оның ішінде жоғары білімді 283 педагог, аяқталмаған жоғары 22, арнаулы орта 287, орта білімді 34 педагог. Жоғары санатты 52 педагог, бірінші санатты 87 педагог, екінші санатты 82 педагог, санатсыз 405 педагог. Оқу жылында барлығы 109 педагог біліктілік арттыру курстарынан өткен. Оның ішінде 79-ы мектепке дейінгі ұйым педагогтары, 30-ы мектепалды даярлық сынып педагогтары. Курстан кейін дөңгелек үстелдер, хабарламалар үнемі жүргізіліп отырды.

Әдістемелік жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі тәрбиешілердің өзінің іс- тәжірибесін облыстық, республикалық баспасөз беттерінде насихаттау болғандықтан, қаламыздағы балабақшаларда газет-журналдарға ауқымды түрде жазылып, тәжірибелі мамандардың өз іс-тәжірибелерінен жинақтарын жариялау жақсы жолға қойылған. Бұл жағдайда №4, №7, №5 , №2, №8, №6 , №10 , №11 балабақшалар, №7 мектепті атап өтуге болады.

Педагогтардың зерттеп жүрген проблемалық тақырыптарына қарай, өз іс-тәжірибесі- нен жинақталған түрлі әдістемелік нұсқаулықтар, тесттер жинағы, дидактикалық материалдар жарық көрді. 2013 жылында барлығы 32 кітапша, оның 17-сі облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығымен, 15-і қала көлемінде бекітіліп, таратылды.

2013 жылғы жоспар бойынша балабақшалар арасында «Ең үздік мектепке дейінгі педагог», «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым», педагогикалық оқулар және мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндеріне арналған әр-түрлі байқаулар өткізілді. Аталған байқаулардан балабақша педагогтарының шеберлігін, әдістемелік жұмыстарының жүйесін көруге болады. Облыстық, Республикалық ұйымдастырылған педагогикалық оқылымда -№ 8 «Ақбөбек» балабақшасының әдіскері Ажигалиева Саясат-бірінші орынға ие болды.

«Білім ұясы»: «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым», «Таңдаулы балабақша – 2012»- номинациясын №4 «Самал балабақшасы иеленді.

«Ең үздік мектепке дейінгі педагог» байқауында, І орын «Педагог- ізденімпаз» -

№8 «Ақбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ү.Кошабаева алды.

Сондай-ақ, Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының ұйымдастыруымен, «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы» байқауына қатысқан №8 «Ақбөбек» балабақшасының авторлық бағдарламасы Республикадан белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Мамыр айында «1-Маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, қалалық «Жауқазын» балалардың өнер фестивалі ұйымдастырылып, №5 «Сәуле» балабақшасы, №17 «Балауса» балабақшасы, №7 «Ертөстік» балабақшасының бүлдіршіндері жоғарғы орындардан көрініп, Облыстық фестивальға жолдама алып, өз өнерлерін көрсетіп келді.



«Ең үздік мектепке дейінгі ұйым-2013» қалалық байқауына №5 «Сәуле», №14 «Шынар», №15 «Әлия», «Ай-Наз» жекеменшік балабақшалары қатысып, байқау қорытындысында №5 «Сәуле» балабақша - 1 орын, №15 «Әлия» балабақша - 2 орын, «Ай-Наз» жекеменшік балабақшасы - 3 орын, №14 «Шынар» балабақша - 4 орындарды иеленді.
Қаржыландыру, материалдық-техникалық базаны жетілдіру
Қаламыздың білім саласына бөлінген бюджет қаражаты жыл сайын өсіп келеді. Соңғы үш жылдың көрсеткішін салыстырсақ:

2011ж - 4 млрд. 266 млн. 910 мың теңге игерілді.

2012 жылы – 4 млрд. 240 млн. 321 мың 700 теңге игерілді

2013 жылы 4 млрд.774 млн 147 мың теңге қаржы бөлініп толықтай игерілді.

Оқыту сапасын қамтамасыз етудің  басты факторларының бірі - білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.Осы мақсатта 161 млн.120 мың теңге қаржы бөлінді.Қаланың жалпы білім беру мектептерінде ағымдық және түбегейлі жөндеулер өткізілді.

Қызылсай ауылында орналасқан №4 С.Бегендікұлы атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының екінші кезеңіне 44 млн 720 мың теңге, №14 орта мектептің жөндеу жұмыстарына 5 млн.699 мың теңге бөлініп, жұмыстар толық орындалды. Білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 24 млн. 876 мың теңге қаржы бөлінді. №2,4,7,17,19 орта мектептерге химия кабинетін сатып алуға 20 млн.485 мың теңге, мүгедек балаларды бағдарламалық құралдармен қамтуға 522 мың теңге қаржы республикалық бюджеттен қаралды. Барлық білім беру ұйымдарында орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысын қалыпты жағдайда ұстауға 8 млн.929 мың теңге, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау үшін 22 млн.730 мың теңге бөлінді. Білім беру ұйымдарындағы медициналық кабинеттерге дәрі-дәрмек алуға 1 млн.811 мың теңге қаржы қаралды.


Жалпы орта білім туралы
Қалада барлығы 22 мектеп, оның ішінде 21 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп,1 кешкі сменалық мектеп жұмыс жасайды. 2013-2014 оқу жылын күндізгі мектептер 23018 оқушымен, 94 мектепалды даярлық сыныптарын 2135 бүлдіршінмен, кешкі (сменалық) мектеп 242 оқушымен бастады. Теңге ауылында орналасқан сиымдылығы 856 оқушыға арналған №14 орта мектеп оқу жылын 1606 оқушымен бастап оқушы тығыздығына байланысты 3 кезеңмен оқып отыр, яғни аралық кезеңде 114 оқушы оқып отырған болатын , аталған проблеманы шешу бағытында 2013 жылы Теңге ауылында 900 орындық орта мектеп құрылысы аяқталып №14 орта мектепте оқып отырған 750 оқушы жаңа мектеп ғимаратына ауыстырылды.

Рахат кентіндегі оқушы тығыздығын жою мақсатында 2014 жылы Мерей шағынауданынан 1200 орындық орта мектеп , Рахат кентіне жақын орналасқан өндірістік аймақтан 1200 орындық бейіндік мектеп құрылысы басталады деп жоспарлануда.


Білім сапасы
Мұғалімдердің тоқтаусыз үнемі ізденіс үстіндегі еңбектері мектеп оқушыларының түрлі облыстық, республикалық сайыстарда жемісін берді.

Қаңтар айында өткен Облыстық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына 61 оқушы қатысып, оның 40-ы жүлделі орындарға ие болды. Командалық есепте Ақтау қаласы, Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан кейінгі 3- орынға ие болдық. Орындар бойынша жіктесек:

І орын – 3


  1. №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Қадырмағанбет Мереке құқық пәнінен

  2. мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Каукенова Үміт құқық пәнінен

  3. мектеп-лицей 11-сынып оқушысы Бораншиева Лаура ағылшын т пәнінен

ІІ орын -4

  1. №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Молбай Айғаныс орыс тілі пәнінен

  2. №3 орта мектептің 10-сынып оқушысы Халелова Аида орыс тілі пәнінен

  3. мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Нұрлыбекова Гаухар ағылшын тілі пәнінен

  4. мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Алтажанова Айнұр химия пәнінен

ІІІ орын -17

  1. №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Шұғаева Анар қазақ тілі мен әдебиеті

  2. мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Қосеменова Сандуғаш қазақ тілі мен әдебиеті

  3. №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Хыдывов Альберт қазақ тілі мен әдебиеті

  4. №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы Румянцева Мария қазақ тілі мен әдебиеті

  5. №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы Кутлумуратова Азиза қазақ тілі мен әдебиеті

  6. №3 орта мектептің 10-сынып оқушысы Губанов Денис қазақ тілі мен әдебиетінен

  7. мектеп-гимназия 11-сынып оқушысы Дуйсенова Гүлжайна орыс тілі мен әдебиеті

  8. №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы Жанбырова Жұлдыз орыс т. мен әдебиеті

  9. №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Назарова Улмекен орыс тілі мен әдебиеті

  10. №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы Аманбаева Айгерім орыс тілі мен әдебиеті

  11. №3 орта мектептің 9 -сынып оқушысы Мендибаева Гүлден география пәнінен

  12. №3 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қалдашева Наргиз география пәнінен

  13. №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Кенжебаев Дастан Қазақстан тарихы пәні

  14. мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Шайхиева Тұрсынай Қазақстан тарихы пәні

  15. мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Айтқұлова Ақбөбек химия пәнінен

  16. мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Орынғалиева Лаура биология пәнінен

  17. №14 орта мектептің 11-сынып оқушысы Қуандықова Жазира информатика пәні

Бұл оқушылардан басқа 16 оқушымыз ІҮ орынға ие болды.


2013 жылы сәуір айында өткен Республикалық пәндік олимпиадада гимназия мектебінің оқушысы Каукенова Үміт құқық пәнінен ІІІ орын алып, қола медальмен марапатталды.

2013 жылы ақпан айында өткен республикалық «Лев Толстой и Казахстан» халық- аралық шығармашылық тарихи-әдеби конкурсына мектеп-гимназия оқушысы Борибаев А. қатысып ІҮ орынды иеленді.

15 ақпанда қалалық «Информатика дарабозы» сайысы өтіп, №10 о.м.оқушысы Шағылбаева Ш. І орын, Елубаева М. №4 о.м. ІІ орын, Әлібаев С. №6 о.м. ІІІ орынға ие болып, Берсеева Н. №7 о.м. және №8 о.м. Сауытбай Ә. Ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Наурыз айының 4 жұлдызында қалалық «Мақтанышым,махаббатым-Маңғыстау!» атты сайыс өтіп, Оразбай Ақжібек №15 о.м. Бас жүлде, №12 б.б. Қосай Ұлболсын І орын, Нағашыбай Қ. №19 о.м.және Қосмағанбет А. №4 о.м. оқушылары ІІ орынға, Сәулебай Б. №8 балабақша.,Куваныш Д. №13 баст. мектеп және Мұздыбаева А. №7 балабақша тәрбиеленушілері ІІІ орындарға, ал Дүйсен Б. №2 балабақша, №6 о.м. Махмуд О. және Джарлагас А. №5 б.б. балалары ынталандыру орындарын иеленіп, Бас жүлде, І,ІІ орын алған балалар облыстық байқауға жолдама алды.



Облыстық кезеңнен балаларымыз қанжығасына төмендегі көрсетілген орындарды байлап келді: Оразбай Ақжібек №15 о.м. Бас жүлде, №12 б.б. Қосай Ұлболсын мен Нағашыбай Қ. №19 о.м. ынталандыру және Қосмағанбет А. №4 о.м. оқушысы ІІ орын иеленді.

05 наурызда қалалық «Ана – әлемдегі қастерлі есім» презентация байқауы өтті, №3 о.м. Нұржаубаев С. І орын, №7 о.м. Сұлтанбаева Г. ІІ орын, мектеп-лицейден Теңелова А. ІІІ орын №8 о.м. Есеева Ұ. ІҮ орынды иеленді.

06 наурызда облыстық «Жарқын болашақ» ҒЖ байқауында гимназия оқушысы Сүйеубаева Г., №3 о.м. Румянцева М., №8 о.м. Дауылбаев Н. ІІ орынға ие болды. Гимназия мектебінің оқушысы Қонысбаева Б. ІІІ орынды иеленді.

24-28 наурызда Республикалық «Ақ көгершін» фестивалінде Саз мектебінің оқушылары Мусаев Б. І орын, Ақберген Р. және осы мектеп оркестрі «Мұнаралы Маңғыстау» ІІІ орынға иеленіп, лауреат атанды. Осы фестивальда Саз мектебінің 5 оқушысы дипломант атағын иеленді.

05 сәуірде қалалық «Мағжан оқуларында» №6 о.м. Есетбаева М. ,№7 о.м. Нуров Е.,лицейден Ұзақбаев А. оқушылары І орын, №10о.м. Жүзбаева А.,№8 о.м. Мүдеғалиев Е.,мектеп-гимназия оқушысы Санақов Ә. ІІ орын, №2о.м. Қадырқожа А.,Бекбергенова Ғ. Лицей-мектебі,№21 о.м. оқушысы Маулешова А. ІІІ орын ие болды.

Облыстық кезеңде №6 о.м. Есетбаев М. және №7 о.м. Нуров Е. оқушылары Бас жүлдені, мектеп-лицей оқушысы Ұзақбаев А.ІІІ орын алды.

Республикалық кезеңнен №6 о.м. Есетбаев М. І орынды, №7 о.м. Нуров Е. ІІІ орынды иеленді.

Қалалық «Махамбет оқулары» 16 сәуірде өтіп, №21 о.м. оқушысы Мауленова А., №9 о.м. Әжіғалиева Ұ., №10 о.м. Жанжігітова Ж. І орынды иеленді. №19 о.м. Бекілова М. Гимназия –мектебінен Сарсенова А., лицейден Ұзақбаев А. ІІ орын, №6 о.м. Тұрсынғалиев Е., №7 о.м. Теңел Қ., №19 о.м. Ыстанова Ж. ІІІ орын алды.



Облыстық кезеңде №21 о.м. оқушысы Мауленова А. ІІ орын, №9 о.м. Әжіғалиева Ұ. ІІІ орын, №10 о.м. Жанжігітова Ж. ынталандыру сыйлығын иеленді.

17 сәуірде қалалық «Абай оқуларында» №19 о.м. Байуллаева Д., №1 о.м. Макари Ғ., гимназия мектебінің оқушысы Сүйеубаева Г. І орынды иеленді. №1 о.м. Куватова Г., №8 о.м. Айтқұлова А., Мүдеғалиев Е. ІІ орынды иеленді. №8 о.м. Илик М., №10 о.м. Әділ А., лицей мектебі Табылдиев М. ІІІ орынды иеленді.



Облыстық кезеңнен №19 о.м. Байуллаева Д., №1 о.м. Макари Ғ. ІІ орын, гимназия мектебінің оқушысы Сүйеубаева Г. Сертификат алды.

2013 жылдың 05 мамырында облыстық «Менің тілім-менің тағдырым» он-лайн режиміндегі «Ең үздік эссе» конкурсы өткізілді, онда лицей мектебінің оқушысы ағылшын тілінен Нұрлыбекова Г. І орын, осы мектептің оқушысы орыс тілінен Қазиева Д. ІІІ орын, гимназия мектебі қазақ тілінен ІҮ орын.

27. маусымда жазғы лагерде «Қазақстан-есірткісіз болашақ үшін» Облыстық "Жас суретшілер" байқауында №8 о.м. Қасымова М. бас жүлде, №13 б.м. Адилканова А. ІІ орын, №21 о.м. Ерімханова Г. І орын, №2 о.м. Оразымбетова А. ІІ орынға иеленді.

12 қыркүйекте «ХХІ ғасыр көшбасшысы» танымдық- интеллектуалдық шарада «Хабар» агенттігінің апталық кезеңіне гимназия мектебінен Жауылбаева М. қатысты, ал осы мектептен А.Сарсенов пен А.Сейітжанова және лицей мектебінің оқушысы Оспан М. «Хабар» агенттігіне жолдама алды.

10 қыркүйекте өткен облыстық «Абай оқулары» байқауында Носко Л. І орын алды.

19 қыркүйекте өткен «Әбіш оқулары» сайысының «Монолог» бөлімі бойынша қалалық және облыстық байқауда лицей мектебінен Көптілеуова М. І орын, облыстан ІІ орын алды.

13 қыркүйекте өткен «Әбіш оқулары» "Диалог" бөлімі бойынша №1 о.м. Бисалиева ІІ орын қалалықтан, гимназия Орынбасарова Ә. ІІІ орын қалалық, №17 о.м. Ұнайбаева Ж. жеке жетістігі үшін марапатталды №7 о.м. Нуров Е. І орын, облыстан ІІ орын, №19 о.м. Қарамырзаева Ұ. ІІ орын, №10 о.м. Нұралы Ж. ІІІ орын, №8 о.м. Сауытбек Ә. жеке жетістігі үшін номинациясымен марапатталды.

17 қыркүйекте ұйымдастырылған қалалық «Ақбозат» командалық жарыста 4-6 сыныптар арасында І орын №7 о.м., ІІ орын лицей, ІІІ орын №15 о.м.,

7-8 сыныптар арасында І орын №21 о.м., ІІ орын лицей, ІІІ орын №18 о.м.,

9-11 сыныптар арасында №18 о.м. І орын, №7 о.м. ІІ орын , лицей ІІІ орынға иеленді.

19 қыркүйекте өткен «Елім менің ұлыстар мекені» облыстық командалық байқаудан Төлес А. , Тілеубаев А. ОШҮ Көшбаев А., Дауылбаев Н. ІІІ орынға ие болды.

Осы жылдың қазан айында өткен «Өзін-өзі тану» республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне №6 о.м. Нұрлыбаева Д., №10 о.м. Нұржігітова В. қатысып, ал, №19 о.м. Абдрахманов Қ. І орын,республикалық кезеңнен ІІІ орын алды.

22 қазанда өткен «Зерде» республикалық байқауының қалалық кезеңінен 2-4 сыныптар бойынша №16 б.м. Смадинова Шугула І орын, №12 б.м. Наукебай Жайна ІІ орын, №7 о.м. Абубакир Нұржайна, Жұбандық Исмагул ІІІ орын, №7 о.м. Хасенова Ақтілек ІҮ орын, 7 сыныптар арасында №20 о.м. Қаңбақбаева Майра, Құрманова Сәнім І орын, №14 о.м. Есенова Ықылас ІІ орын, Мектеп-гимн. Жұмақан Арман ІІІ орын, №19 о.м. Байуллаева Далила, Мусаева Аружан ІҮ орындарға иеленіп,

облыстық кезеңнен 2-4 сыныптар арасында №19 о.м. Егинбай Перизат І орын, №7 о.м. Мухамбет Орынбасар ІІ орын, №16 б.м. Смадинова Шұгыла, №12 б.м. Наукебай Жайна, №7 о.м. Жұмабек Әсемгүл, №13 о.м. Қайырова Дарина, №16 б.м.Джантаев Бекқали ІІІ орын, 7 сыныптар арасында №7 о.м. Абубакир Нұржайна, Жұбандық Исмагул, №7 о.м. Хасенова Ақтілек, №13 о.м.Сағынышқали Дәмеш ІҮ орынға ,

5-7 сыныптар Мектеп-гимназия Жұмақан Арман І орын, №1 о.м. Забиканов Азамат, Есетова Азима ІІ орын, №19 о.м. Мектепбаева Мөлдір, Мусаева Аружан, Лицей мектебі Молжігітов Жасұлан, Нұржан Қанағат ІІІ орын, мектеп-лицей Қожабай Жасмина, Дүйсенбаев Азамат, №7 о.м. Жомарт Гүлмира, Экизбаева Айдана ІҮ орынға иеленді.

2013 жылдың 22 қазанда жаратылыстану пәні бойынша қалалық Президенттік олимпиада өтті. І орынды Гимназия мектебінен Қонысбаева Бақыт, ІІ орынды №3 о.м. Орынбасарова Альбина, №10 о.м. Ержанова Айдана, №3 о.м. Бекбергенова Айгерим, Гимназия мектебінен Аманқосова Әсел, №7 о.м. Башенова Айзада №10 о.м. Жүзбаева Арайлым ІІІ орындарға иеленді.

2013 жылдың қазан айында Шымкент қаласында өткен Республикалық «Данагөй Баба- Төле Би» байқауынан лицей-мектебі 11 сынып оқушысы Қуанышбаев Қамбар және №7 о.м. 11 сынып Нуров Ерболат ынталандыру сыйлықтарынмен оралды.

25 қазанда өткен «Жас бағдарламашы» қалалық сайысынан Қойшыбаев Рамазан мектеп – лицей оқушысы ІІ орынға, ІІІ орын Гимназия мектебі Айсабаев Зәкіржан, №7 о.м. Қазиханова Ұлжан және №15 о.м. Оразова Асия ынталандыру сыйлықтарын алды.

27 қарашада «Мен Қазақстан Республикасы президенті болсам» республикалық презентация жасау сырттай байқауынан мектеп- гимназия оқушысы Нураев Сүлеймен бас жүлдені иеленді.

29 қарашада 1-желтоқсан Президент күніне арналған мереке аясында «2050 жылдағы Қазақстан» қалалық шығармалар сайысында №10 о.м. оқушысы Алуадин Айгерім І орын, №7 о.м. Досанов Асыланбек және №14 о.м. Жалғасбаева Айнұр ІІ орын, Мектеп-лицей Қолдасбаева Жұлдыз, №19 о.м Тасқынбаев Әмина, Досанова Дина, мектеп-гимназия Роллан Айкерім ІІІ орынға ие болды.

04 желтоқсан күні №1 орта мектепте оқушылар арасында «Ең үздік ВЕБ-сайт» байқауы өтті. Байқауға қатысқан оқушылардың ішінен:

1.Айсабаев Зәкіржан –мектеп-гимназия 11а сынып оқушысы-І орын

2.Жанадилов Бақытжан-№6 орта мектеп 9а сынып оқушысы-ІІ орын

3.Айданғали Нұржан-№2 орта мектеп 8а сынып оқушысы-ІІІ орынды иеленді.

2013 жылдың 24 желтоқсанында республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының облыстық кезеңіне 2-4 сыныптар арасынан қатысқан 10 оқушы, 5-7 сыныптар арасынан қатысқан 14 оқушы жүлдегер атанды.

2-4 сыныптар арасынан:

1.Егинбай Перизат-№19 мектеп 4 сынып оқушысы психология секциясы -І орын

2.Мұхамбет Орынбасар-№7 мектеп 2 сынып оқушысы биология секциясы -ІІ орын

3.Жұмабек Әсемгүл-№ мектеп 2 сынып оқушысы қазақ тілі секциясы-ІІІ орын

4.Қайырова Дарина-№13 баст.мектеп 4 сынып оқушысы экология секциясы-ІІІ орын

5.Наукебай Жайна-№12 баст.мектеп 4 сынып оқушысы қазақ тілі секциясы-ІІІ орын

6.Джантаев Бекқали-№16 баст. мектеп 4 сынып оқушысы биология секциясы-ІІІ орын

7.Смадинова Шұғыла-№16 баст.мектеп 4 сынып оқушысы өлкетану секциясы-ІІІ орын

8.Хасинова Ақтілек-№7 мектеп 4 сынып оқушысы өлкетану секциясы-ІҮ орын

9.Абубакир Нұржайна,Жұбандық Исмағұл-№7 мектеп 2 сынып оқушылары өлкетану секциясы-ІҮ орын

10.Сағынышқали Дәмеш-№13 бас.мектеп 3 сынып оқушысы өлкетану секциясы-ІҮ орын

5-7 сыныптар арасынан:

1.Жұмақан Арман-гимназия мектебі 7 сынып оқушысы әдебиет секциясы –І орын

2.Забиканов Азамат,Есетова Азима-№1 мектеп 6 сынып оқушылары биология секциясы-ІІ

3.Есенова Ықылас-№14 мектеп 7 сынып оқушысы этномәдениет секциясы-ІІІ орын

4.Мектепбаева Мөлдір,Мусаева Аружан-№19 мектеп 7 сынып,биология секциясы-ІІІ орын

5.Қаңбақбаева Майра,Құрманова Сәнім№20 мектеп 7 сынып, биология секциясы-ІІІ орын

6.Молжігітов Жасұлан,Нұржан Қанағат-лицей мектебі,7 сынып, тарих секциясы-ІІІ орын

7.Жомарт Гүлмира-№7 мектеп 7 сынып оқушысы, әдебиет секциясы-ІҮ орын

8.Экизбаева Айданай-№7 мектеп, 7 сынып оқушысы тарих секциясы-ІҮ орын

9.Қожабай Жасмина-лицей мектебі,5 сынып оқушысы этномәдениет секциясы-ІҮ орын

10.Дүйсенбаев Азамат-лицей мектебі,5 сынып оқушысы информатика секциясы-ІҮ орын

05 желтоқсанда Республикалық Н.Тілендиев атындағы «Атадан мұра» сайысынан №8 о.м. оқушысы Шарықтыбай Айғаным І орынмен оралды.

Осы жылдың желтоқсан айында «Егер мен мұнайшы болсам» облыстық шығармалар сайысынан 19 о.м. оқушысы Болатов Заңғар І орын, №18 о.м.Сындырбаев А. , Гимназия мектебінен Баламанова Әсем ІІ орын, Гимназия мектебінен Жайладов Нұрсұлтан және Мектеп-лицейден Амангелдиева Ж. жеке жетістігі үшін номинациясымен марапатталды.


Дарынды балалармен жүргізілген жұмыстар нәтижесі
2013 жылы мамыр айында ғылыми жұмысқа қала бойынша пәндік ғылыми жұмыс бойынша 56 жұмыс жіберілді, ал сырттай интернет арқылы ғылыми жұмысқа 11 оқушы қатысты, Кіші ғылыми академияға (КҒА) 82 оқушы қатысып, 14 оқушы облыс көлемінде жүлдегер атанып, Ақтөбе қаласында өткен республикалық КҒА қатысқан 14 оқушының: І орынмен-4-і ,ІІ орынмен -1-і, ІІІ орынмен -1-і, ынталандыру-1 орындарымен №14, 4, 15, мектеп-лицейі, 19, 17, 2 мектептің оқушылары марапатталды. «Зерде» ғылыми жоба байқауына қаламыздан 47 оқушы қатысып облысқа 6 жұмыс №16, 19 бастауыш сынып оқушылары жіберіліп ынталандыру мен алғыс хат алып келді. Ал, интелектуалды «Ақбота» марафонына 1946 оқушы (өткен жылы 1795) қатысып 235 оқушы жүлдегер атанып, Алматы қаласын барып келді. «Русский медвежонок» интелектуалды марафонына 451 оқушы қатысы 61 (70) оқушы жүлдегер атанды, №7 орта мектептің 8 сынып оқушысы Өмірбаева Аяла Алматыдағы мәдени-танымдық ауысым лагеріне жолдама алды. «Золотое руно» интелектуалды марафонына 529 оқушы қатысып, 43 оқушы жүлдегер атанып, № 4 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жаумытбаева Ұлмекен «Дарын жұлдыздары» мәдени-танымдық ауысым лагеріне жолдама алды. «British bolldog» интелектуалды марфонына 272 оқушы қатысып 31 оқушы жүлдегер атанды, «Кенгуру-математик» интелектуалды марафонына 993 оқушы қатысты 151 оқушы жүлдегер атанып мектеп-гиназиясының 9 сынып оқушысы Бақытов Бауыржан Кипр қаласына лагерьге жолдама алды. «Кенгуру-лингвист» марафонынна 361 оқушы қатысты 44 оқушы жүлдегер атанды. «Адам және қоршаған орта» марафонына 702 оқушы қатысып 97 оқушы жүлдегер атанды. «Зерде» зияткерлік тележобасына 7-8 сынып оқушыларынан 12 оқушы қатысты, №7 орта мектептің 7 сынып оқушысы Сақи Қанат финалға жолдама алса №17 орта мектептің 7а сынып оқушысы Жұмағалиев Алтынбек, мектеп-гимназия оқушылары Санақов Әбубәкір мен Оғланбаев Жақсылық айлық кезеңіне жолдама алды. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасына облысқа 40 оқушы қатысып, республикаға Хабар агентігіне 3 оқушы жолдама алды мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Бораншиева Лаура, №7 орта мектептің 6 а сынып оқушысы Абдулов Жасулан мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Жұмақан Арман Алматы қаласында 2.05 -08.05.2013 Хабар агенттігіндегі түсіріліміне барып келді.

«Қазақстан -жаңа әлемде» сырттай сурет байқауы қалалық кезеңі 1-8 күндері аралығында болып өтті. Байқау 3 бағытта кескіндеме, мүсін, қолданбалы көркем өнер № 9 орталау мектептің 9 сынып оқушысы Зигаева Ару, мүсін Үмбетбаев Даулет, кескіндеме бағыты бойынша № 20 бастауыш мектеп оқушысы Жұмаев Наурызбек, №21 орта мектептің 6 сынып оқушысы Таурынбаев Қуантай қатысып облыстық кезеңіне жолдама алып, ондан әрі республикалық кезеңіне Таурынбаев Қуантай мен Зигаева Арудың жұмыстары жіберілді.

Сәуір айында халықаралық мәнерлеп оқу байқауы 6 сынып оқушылар арасында қалалық кезеңі болып өтті, облыстық кезеңге №8 орта мектептің 6 сынып оқушысы Турешова Динарамен №19 орта мектептің 6 сынып оқушысы Мұңайтпасова Дариға жолдама алып алғыс хат алып келді. Астана қаласында 1-4 шілде аралығында өтетін «Дарын жұлдыздары» мәдени-танымдық ауысымына 7 оқушы жіберілді.

Биылғы оқу жылында қашықтық олимпиадаға қала мектептерінен қатысып жақсы нәтиже көрсетіп отырған оқушыларымызды, олардың жетекшілерін мақтанышпен айта аламыз. Соның ішінде химия пәні бойынша мектеп-лицей оқушылары Мендибаева Гаухар 8 «А» сынып оқушысы 35 ұпаймен І орын, Меруерт Бисенбаева 10 «Ә» сынып оқушысы 32 ұпаймен ІІ орын, 10 «А» сынып оқушысы Лаура Орынгалиева 31 ұпаймен ІІІ орын алды және 15 оқушы жақсы көрсеткіш көрсетті, жетекшісі Құлсымақова Ғайша Дүйсенбаевна. Ағылшын пәнінен Бораншиева Лаура 11«А» сынып оқушысы 30 ұпаймен І орын, жетекшісі Алибаева Балмия Турабекқызы. Биология пәнінен мектеп-гимназиясының 7 «Ә» сынып оқушысы Жақсылық Оғланбеков 24 ұпаймен ІІІ орын, жетекшісі Ниязмағамбет Рита Саматқызы. Қазақ тілі пәнінен мектеп-гимназия 7 «Ә» сынып оқушысы Азамат Сұлтанов 32 ұпаймен ІІІ орын, жетекшісі Дайраев Тәжімұрат . География пәнінен № 19 орта мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Абдирова Маржан 34 ұпаймен ІІ орын, жетекшісі Бекетаева Айман Нұрлықызы. Жалпы қала мектептерінің оқушылары облыс, республика, көлемінде өте жақсы көрсеткіштерге жетіп отырғандықтан оқушылар жетістіктері мен ұстаздардың жоғары кәсібилігінің арқасында білім мекемелерінің рейтингі бойынша әрдайым алдынғы орында.

Сырттай пәндік интернет олимпиадаға (КИО) қазіргі таңда 516 мұғалім қатысып 212 мұғалім 17-51 ұпай аралығында жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. Ал оқушылар сырттай пәндік олимпиадаға 591 оқушы қатысып 97 оқушы қала, облыс, республика көлемінде 17-51 ұпай аралығында жақсы көрсеткіш көрсетті.

Информатика пәнінен «Кристалды пиксел» дизайні және компьютерлік графика І-ші Республикалық байқауының «Жарнама» аталымында № 6 орта мектептің 8 сынып оқушысы Алибаев Саламат ІІІ орынмен марапатталды. Қазақстан КВН одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1 ақпан 2013ж Астана қаласында өткен «Маусымшылар-2013» КВН Фестивалінің қорытындысы бойынша №6 орта мектептің «mail.ru» камандасы Республикалық Мектепаралық КВН ойындарына жолдама берілді.

2013 жылдың 12 сәуірінде 9 сынып оқушылары арасында білім жетістіктерін сырттай бақылауға №14, №18 орта мектеп оқушылары қатысты. 2013 жылғы ОЖСБ қазақ тілі, алгебра, физика, ағылшын тілі пәндерінен өткізілді. №14 орта мектептен қатысқан 131 оқушының тапсырған пәндер бойынша орта балы,– 34,38 болды.

№18 орта мектептен қатысқан 129 оқушының орта балы – 32,48 болды.

Маусым айында өткен «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қортын- дысы бойынша:

1. Мурзагалиева Дарига-№ 16 бастауыш мектеп 2 сынып оқушысы, Мулбаева Рыскуль-№ 16 бастауыш мектеп 4 сынып оқушысы, ІV орынмен марапатталды.

2013 жылдың 7-28 қазаны аралығында Жаңаөзен қаласындағы №3 және №7 орта мектептерде «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 6 және 10 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» тәуелсіз мониторингтік зерттеу жұмысы жүргізілді. Тәуелсіз зерттеуге аталған 2 мектептен 6 сыныптан 54 , 10 сыныптан 33 оқушы қатысты. Зерттеу нәтижесінде №3 орта мектептің 6 сынып оқушылары облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, орта балы-91, 10 сынып оқушылары-89 балл болды. (облыстың орта балы- 67)

Ең жоғары көрсеткіш көрсеткен №3 орта мектептің 8 оқушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы директорының «Алғыс хатымен» марапатталды. Олар:

1.Чакенова Айдана-6 сынып

2.Манапов Ислам- 6 сынып

3.Өмірзақ Нұрсая- 6 сынып

4.Байботаева Алина- 6 сынып

5.Ерсайынова Дана- 6 сынып

6.Бекжайықова Аида- 6 сынып

7.Рахметова Айжан-10 сынып

8.Курмангалиев Нұрболат-10 сынып

Тәуелсіз мониторингке қатысқан №7 орта мектептің орта ұпайы-68 болып , мектеп бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 6 сынып оқушысы Шарипова Медея Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы директорының «Алғыс хатымен» марапатталды.


Педагог кадрлардың сапалық құрамы
Қаланың күндізгі жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 1704 мұғалім, ауыл мектептерінде 320 мұғалім жұмыс жасайды. Жұмыс жасап жүрген мұғалімдердің жоғары білімдісі -1230, жоғары санаттысы-290, І санаттысы -500. Жалпы қала бойынша 24 мұғалім (орыс тілі, математика, физика, ән-саз ) пәндері бойынша мұғалім жетіспейді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен 40 мұғалімге айлық жалақы төлеуге 8 млн 56 мың теңге бөлінді.

Қала көлемінде жыл ішінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, жоғары кәсіптік рейтингі бар талантты педагогтарды анықтау, мұғалімнің әлеуметтік және мамандық имиджін қалыптастыру, тиімді педагогикалық технологияларын оқыту мен тәрбиелеу әдісімен анықтау, педагогикалық тәжірибелерді, жаңа идеяларды насихаттау және тарату мақсатында облыстық «Серікболтанудың үздік сабағы», Бастауыш сынып пен Тілші мұғалімдер олимпиадасы, «Жаратылыстану пәндерінің үздік мұғалімі», «Үздік педагог» облыстық «Атамекен» байқауы, «Жыл сынып жетекшісі», «Мөлдір бұлақ» отбасылық шығармашылық фестивалі,облыстық «Үздік лагерь», «Үздік аула клубы», «Қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық гранты», «Алтын диск-2013», «Тарих және құқық пәні мұғалімдерінің олимпиадасы», «Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі», «Жас мұғалімдер слеті», «Үздік ұйымдастырушы» қалалық конкурстары өткізілді.

Тамыз айында білім саласы қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесі өткізілді.


Мұғалімдердің жетістіктері
2013 жылы 17-18 қантар айы аралығында облыстық «Серікболтану десант сабағы» сайысы бойынша №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айманов Бауыржан І орынға ие болды. Қалалық «Бастауыш сынып және тілші мұғалімдер олимпиадасы» қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша қалалық деңгейде мектеп-гимназияның қазақ тілі мұғалімі Абатова Мейрамгүл І орын облыста ІІ орын, №8 орта мектептің мұғалімі Тұрсыналиева Алмагүл және мектеп-гимназия Джумагулова Гүлмира ІІ орын, №19 орта мектеп мұғалімі Янгибаева Гүлжан және №18 орта мектеп мұғалімі Бақаева Жүзім ІІІ орынға ие болды. Орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша қалалық деңгейде Баданова Несіп І орын, облыста «Бас жүлде», мектеп-гимназия мұғалімі Джумагулова Гүлмира ІІ орын, №9 орталау мектеп мұғалімі Утегенова Гүлнар және мектеп-лицей мұғалімі Садирова Нұрбибі ІІІ орын. Ағылшын тілі пәні бойынша мектеп-гимназия мұғалімі Човдурбаева ДариғаІ орын, облыста «номинация», №18 орта мектеп мұғалімі Мамедалиева Н. ІІ орын, №7 орта мектеп мұғалімі Чалабаева Алтынқас және №10 орта мектеп мұғалімі Марқашева Нұргүл ІІІ орынға ие болды. Бастауыш сыныптар бойынша №7 орта мектепбінің бастауыш сынып мұғалімі Қанашева Бибігүл І орын, облыста «Бас жүлде», №6 орта мектеп мұғалімі Есіркепова Римма ІІ орын, мектеп-гимназия мұғалімі Дұрысбаева Биялай және №14 орта мектеп мұғалімі Бекбусинова Ғалия ІІІ орынға иеменді.

Облыстық «Жаратылыстану-математика пәні олимпиадасы» бойынша №2 орта мектептің биология пәні мұғалімі Әбілқасова Даме ІІІ орынға ие болып келді.

Аймақтық «Математикалық регата» сайысында мектеп-гимназия мұғалімі Сарсенов Жәнібек , №19 орта мектеп мұғалімі Даулова Сауле және №18 орта мектеп мұғалімі Сындырбаев Төлеген ІІІ орынға ие болды.

Республикалық «Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі білім жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық бағыттары» байқауында №8 «Ақбөбек» балабақшасының әдіскері Ажиғалиева Саясат «Бас жүлде» және №8 «Ақбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ибраева Тілектес , Сердалина Ақмарал, №2 «Жанар» балабақшасының тәрбиешісі Эрмекова Ағилаш пен №5 «Сәуле» балабақшасының тәрбиешісі Заруова Айгүл «Ынталандыру» номинациясына иеленді.

Республикалық «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың үздік бағдарламасы» сайысына №8«Ақбөбек» балабақшасының «Ең үздік бағдарламасы» ұсынылды.

Республикалық «Ақ көгершін» фестиваліне ДМШ педагогі Батыров Муса, Омарова Набат және Уразов Әбілхан «Үздік педагог» атын иеленді.

Республикалық және облыстық педагогикалық оқуында №8«Ақбөбек» балабақшасының әдіскері Ажиғаліиева Саясат Урынбасаровна облыс және республика көлемінде І орынға ие болды, №16 бастауыш мектебінің мұғалімі Иванова Ольга Васильевна облыста І орын, республикада ІІІ орын алды, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі Алдарова Улдай Искаковна облыста ІІІ орынға ие болды, мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Маханова Күляш облыс көлемінде І орын алды, республикаға қатысып келді. №19 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Мейрбекова Айгүл Темірханқызы мен мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абатова Мейрамгүл облыста ІҮ орынға ие болды.

Облыстық және республикалық «Дарынды ұстаз – талантты балаға» байқауында мектеп-гимназия мұғалімі Еллыбаева Айсұлу облыста «Бас жүлде», республикада «Үздік жоба» номинациясына ие болды. №2 орта мектеп мұғалімі Жоламанов Нұрлан облыста ІІІ орынға ие болды, республикада ІІ орын иеменді.

2013 жылы 30 сәуір күні Ақтөбе қаласында республикалық ғылыми-практикалық конференцияға №3 орта мектеп мұғалімі Мажимова Айтуре мен №16 бастауыш мектеп мұғалімі Утегенова Бахтылы қатысып келді.

Қалалық «Үздік педагог-2013» байқауында мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Есмағамбетова Света Аяповна «Бас жүлде» жеңімпазы болса, №19 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Мейрбекова Айгүл Темірханқызы І орынға ие болды, №16 бастауыш мектептің мұғалімі Ахунова Эллара Атхамжановна ІІ орын, №2 орта мектептің химия пәні мұғалімі Тұрсынбаева Күляш ІІІ орынға ие болды. Облыстық сайысқа Есмағамбетова Света Аяповна номинация ие болды.

Облыстық және қалалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым педагогы-2013» байқауында №8 «Ақбөбек» балабақшасының педагогі қала көлемінде «Бас жүлде», ал облыста ІҮ орынға ие болды. №10 орта мектиебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Жұмағалиева Айгүл қалада І орын, облыста «номинацияға» ие болды.

Қалалық және облыстық «Үздік сынып жетекшісі-2013» байқауында №19 орта мектептің мұғалімі Жетібаева Ляззат қалады «Бас жүлде», облыста «номинацияға» иеменді.

21-22 мамыр аралығында өткен Астана «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асырудағы СКТ технологиясының тиімділігі» форумына мектеп лицейінен Маханова Күләш қатысты. Сол аралықта Астанада өткен Қазақстанда филологиялық білім беруді дамытудың басым бағыттары» филологтар съезіне №19 о.м. Рысбаев Абдулла қатысты. Ақтау қаласында 17.06.2013 күні өткен «Тіл-дарын» облыстық сайысқа №7 о.м. Шайдуллаева Айгерім қатысып, ІҮ орын алды. Атырау қаласында 24-25.06.2013 аралығында өткен «Мектеп кітапханасындағы кітапханалық дәстүрлер мен инновациялардың өзара байланысы» республикалық семинарына ҚБҮО кітапханашы Бөбекбаева Анар қатысты.

Ақтау қаласында 11-12.09.2013 аралығында өткен «Қазақ тілінің үздік мұғалімі» облыс әкімінің гранты үшін конкурста №6 о.м. Жұмажанова Дүзелхан қатысып І орын алды ,ал 19-20.09 Ақтау Жеке жетістігі үшін дипломымен марапатталды. «Қазақ тілінің үздік мұғалімі» облыс әкімінің гранты үшін конкурсында №19 о.м. Оразымбетова Тамара ІІ орын алды, ал ІІІ орындарға №14 о.м. Сундетбаева Оразгүл және №15 о.м. Қобланова Айтгүл , ынталандыру сыйлығына лицей мектебінен Кузбакарова Жібек және №7 о.м. Қомашова Алуаш ие болды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы
2013 жылы білім бөліміне қарасты орта мектептерді 829 түлек аяқтап 510-ы (61,5%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

Жаңаөзен мектеп-лицейінің оқушылары Бораншиева Лаура -123 балл, Ермағанбетова Жанар 113 балл алып «Алтын белгі» иегерлері атанса, мектеп-лицей оқушысы Қарғаева Ақбибі- 107 балл алып «Үздік аттестат» иегері атанды. 319 оқушы мектептерде дәстүрлі емтихан тапсырды.

Қаланың орта ұпайы 64,4 өткен жылмен салыстырғанда 5,7 ұпайға артқан. (2012 жылы -58,7 )

2012-2013 жылы бітірген түлектердің 39-ы мемлекеттік грант ,40-ы Маңғыстау облысы әкімінің грантына ие болды.

2012/2013 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 47,69 үлгерім 99,98 болды. Өткен оқу жылының білім сапасы – 48,66%, үлгерім 99,96% болған.
Қаланың білім беру ұйымдарындағы ақпараттандыру деңгейінің жай-күйі
Қаламыздағы 21-мектептің барлығы компьютер кластарымен жабдықталған. Қала мектептері бойынша 68 компьютер кластарында 902 компьютерлер орналастырылған. Қала бойынша 1 компьютерге 26 оқушыдан келеді. Ескірген компьютер техникаларды жаңалау барысында

2010 жылы №2,3,9,10,15,20,гимназия және лицей мектептеріне,

2011 жылы №4,16 мектептеріне

2013 жылы жергілікті бюджеттен 55 803 мың теңге бөлініп, №1,2,3,4,5,6,7, 8,9, 10,12,13,14,15,17,18,19лицей мектептеріне12+1 компьютер кластары барлық жабдықтары мен алынып берілді.

«Е –learning» электрондық оқу жүйесіне 2012 жылы 2 мектеп (№7,8) ,2013 жылы 3 мектеп ( №6,10,19) қосылды.

Мектептер 2005-2013 жылдар аралығында 30 лингафондық-мультимедиалық кабинеттермен жабдықталып,57 түрлі пән бойынша 717 электрондық оқулық қолданы- луда.

Жалпы 21 мектепте 30 интерактивтік тақтаны сабақ процесінде толықтай тиімді пайдалануда. Қала мектептеріндегі интерактивті тақталар интернет желісінде өтетін он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға қатыса алады

Қаланың барлық мектептері Интернет желісіне қосылып, электрондық почталары ашылды. Қаладағы мектептерге интернетке жеткілікті мөлшерде қаражат бөлінген.

Республикалық білім жетілдіру институты және Маңғыстау облысының білім

беруді ақпараттандыру, оқу-әдістемелік орталығмен біріккен түрде қалалық білім жүйесі үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау , жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға ендіру мақсатында қала мұғалімдері білім жетілдіру сатысынан өтіп отырады.


Мектеп асханасы
Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты 21 мектепте 23018 бала білім алуда. Барлық мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамту жолға қойылған. Қазіргі таңда қала мектептері бойынша ақысыз ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны - 5571. 2762 әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету үшін жалпы оқу қорына бөлінген қаражат 178 749 000 теңгені құрады.

1 сыныпқа келген 2809 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтуға-134 996 000 теңге бөлінді.


Оқушыларды әлеуметтік қорғау
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы 26.08.2013 жылы «Оқушылар шығармашылық үйінде» - 250 балаға, 28.08.2013 жылы «Мұнайшы» мәдениет сарайында 450 балаға салтанатты түрде өткізілді.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында, аз қамтылған 744 балаға 19 344 000 мың қаржы көлемінде көмек көрсетілді. Қыркүйек айында бірінші сыныпқа келетін 2809 бүлдіршіндерге 14 297 000,0 (он төрт миллион екі жүз тоқсан жеті мың) теңге бюджеттен мектеп формалары алынды.

30.08.2013ж. күні Теңге аулының әкімдігі -10 балаға, «Рахат» ауылының әкімдігі мен «Жөндеу» ЖШС мекемесінің директоры Д. Медеуовтың ұйымдастыруымен № 21 орта мектептің акт залында - 30 балаға, Қызылсай ауылы әкімдігі 14 балаға, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жас мамандары № 21 орта мектепте оқитын 30 оқушыға киім-кешек, оқу- құралдарымен қамтамасыз етті.
Жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту
2013/2014 оқу жылына оқулықтарға 82 140 000 теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде оқулықтарды сатып алуға 77 140 000 теңге.

Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып «Атамұра» баспасынан 25 138 800 теңгеге (49684 дана), «Мектеп» баспасынан 30464230 мың теңгеге (42867 дана), «Кэмбридж» баспасынан 7269300 мың теңгеге (5426 дана), «Алматыкітап» баспасынан  7739960 мың теңгеге (21737 дана), «Білім» баспасынан 1515500 мың теңгеге (2165 дана), ЖШО «Арман ПВ» баспасынан 3504560 мың теңгеге (3666 дана), РГКП ННПООЦ «Бөбек» баспасынан 1456560 мың т (2520 дана), «Шың-кітап» баспасынын 50200 теңгеге (73 дана) кітап сатып алу үшін сұраныс беріліп, келісім шартқа отырылды. Тапсырыс берілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жоғарыдағы баспалардан тамыз айының 20-на дейін 100 пайызға жеткізіліп,қала мектептеріне таратылды


Мектептен тыс білім беру жұмысы
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қаламызда мектептен тыс 2 мекеме бар. Олар:

- Оқушылар шығармашылық үйі – 4434 оқушыны

- Балалар саз мектебі – 360 оқушыны қамтыған.

Мектептен тыс мекемелерде 4794 оқушы әртүрлі үйірмелерге қатысады.

Бұл жалпы білім беретін мектептердегі баланың 20,8 пайызын құрайды. Сонымен қатар қалада 5 аула клубы жұмыс жасайды. Теңге,Қызылсай ауылдарында, Рахат кентінде тұратын балалар үшін аула клубтарын ашу бағытында жұмыстар жасалуда.
Оқушыларды жазғы сауықтыру және еңбекпен қамту туралы
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, олардың сауықтыруын ұйымдастыру – Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің маңызды жұмастырының бірі болғандықтан оған ерекше мән беріледі.

Бұл бағытта басшылыққа алынатын және орындалуы тиіс мемлекеттік құжаттар: «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 8 тамызындағы Заңы; «2011-2015 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің №86 Өкімі, «Маңғыстау облысында балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.05.2013ж №157 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.05.2013ж №291 қаулыларын негізге ала отырып 2013 жылғы жазғы сауықтыру лагерьлеріне жергілікті бюджеттен бөлінген 30 млн 643 мың теңгеге №8,10, 14, 15, 18 орта және №12, 16 бастауыш мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлері /7 лагерь/ ашылды. Осы аталған мектеп жанындағы лагерьлер 2013 жылдың 05 маусымнан өз жұмысын бастап, 11 тамызда аяқталды.

І - кезең 05.06-16.06 күндері 460 бала

ІІ - кезең 19.06 – 30.06 күндері 460 бала

ІІІ - кезең 03.07 – 14.07 күндері 460 бала

ІҮ- кезең 17.07 – 28.07 күндері 460 бала

Ү – кезең 31.07 – 11.08 күндері 280 бала /№8,14,15,18/

Барлық демалған /5 кезеңдегі/ бала саны – 2120 бала



2013 жылғы жазғы сауықтыру демалысына «Эни С.п.А» Концернінің «AДЖИП Каспиан Си Б.В» компаниясының демеушілігімен жетім және әлеуметтік аз қамтылған отбасылырдың 5 баласы Италияның Чезанатико қаласында демалды. «Өзенмұнайгаз» ӨФ демеушілігімен шет елдегі /Украина, Қырымдағы АР, «Казакеивич», «Какаду» лагерьлеріне 1200 бала, Көкшетау қаласындағы «Сұңқар», «Балдаурен» лагерьлеріне 1600 бала, және қала сыртындағы «Кендірлі» сауықтыру лагеріне 1260 бала жалпы «Өзенмұнайгаз» ӨФ демеушілігімен 4060 оқушыға және «КазГПЗ» ЖШС – бала, Көкшетау қаласындағы «Сұңқар» лагеріне 70 бала, Алматы «Альтаир» лагеріне 60 бала, «Бұрғылау» ЖШС – Түркия, Анталия «Банана клаб» лагеріне 162 бала, Көкшетау қаласындағы «Балдаурен» лагеріне 130 бала, Алматы «Альтаир» лагеріне 127, Қостанай қаласындағы «Сосновый бор» лагеріне 50 «Геофизика» ЖШС– Алматы қаласындағы «Тау самалы» лагеріне 80 бала, «Жөндеу»ЖШС-Көкшетау «Дискавери» лагеріне 80 бала , Алматы «Тау самалы» 40 бала, КМG-EP Catering ЖФ Көкшетау «Дискавери» лагеріне 65-бала, Алматы «Алма Тау» лагеріне 55 бала, облыстық білім басқармасы тарапынан Ақтау қаласындағы «Балдаурен» лагеріне 50 бала, Кен Құрлыс Сервис ЖШС-Көкшетау қаласындағы «Сұңқар» лагеріне 65-бала, Алматы қаласындағы «Альтаир» лагеріне 80 бала, Ақтау қаласындағы «Шағала» лагеріне 30 бала Круз ЖШС Алматы қаласындағы «Огонек» демалыс лагеріне 50 бала, Көкшетау қаласындағы «Боровое» лагеріне 35 бала, Ақтау қаласындағы «Волна демалыс лагеріне 25 бала, «Кендірлі Құрлыс» ЖШС Көкшетау «Дискавери» лагеріне 50 бала, Алматы «Алма Тау» лагеріне 55 бала, «Батыс Геофизика» ЖШС- Алматы қаласындағы «Тау самалы» лагеріне 80 бала, Көкшетау қаласындағы «Балдаурен» лагеріне 70 бала, Орталық аурухана Көкшетау «Дискавери» лагеріне 5 бала, Алматы «Алма Тау» лагеріне 5 бала, «Отанымыздың елордасы - Астанамен танысамыз» атты экскурсияға 50 бала және ата-ана есбіненен 671 Туркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикаларына, Астана, Шымкент, Көкшетау, Алматы, Ақтау қалаларына барлығы: 8571 оқушы жазғы демалыспен және сауықтыруымен қамтылды.

2013 жыл білім бөлімі үшін табысты, шығармашылыққа толы жыл болды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет