I салықтың мәнi, принциптерi, түрлерi мен қызметтерi Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі



жүктеу 0.66 Mb.
бет1/4
Дата26.04.2016
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Жоспар

Кiрiспе .............................................................................................................. 2-3

I Салықтың мәнi, принциптерi, түрлерi мен қызметтерi

Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі

1.1 Салықтың мәнi, принциптерi және атқаратын қызметтерi, механизмі....3-4

1.2 Салықтың негiзгi түрлерi.............................................................................4-10

1.3 Инвестицияларлар ұғымы және олардың жіктелуі ................................10-12

1.4 Инвестициялық қызметті басқару, инвестицияның механизмі.............13-15

II Қазақстан Республикасы салық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы.... 15-18

2.1 Қазақстандағы салық жүйесіндегі мәселелер......................................... 18-24



III Қазақстан Республикасының салық жүйесiн жетiлдiру аспектiлерi.... 24-35

IV Қазақстан Республикасының өтпелі Экономикасындағы инвестициялық үрдістердің жалпы сипаттамысы

    1. Әлеуметтік салада инвестициялық үрдісті қамтамасыз ету .................35-36

    2. Қазақстандағы инвестициялық жағдай....................................................36-37

    3. Инвестициялар және Қазақстан Республикасының экономикасының құрылымдық қайта құрылуы.....................................................................37-39

Қорытынды..................................................................................................... 39-40

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi.................................................................... 40-41

Кiрiспе
Мемлекеттiк бюджет түсiмдерiнiн ең басты көзi — салықтар. Өнеркәсiбi дамыған елдердiң бюджетiндегi салықтардың үлесi 90 процент. Салықтың негiзгi түрлерiне табыс салығы, одан басқа қоғамның қүқықты мүшелерiнiң табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өңдiрiстiк бiрлестiктер, кәсiпорындар, капитал иелерi өздерi жариялаған мәлiмдемелерi бойынша салық төлейдi.

Салық мәлiмдемесi салық төлеушiлердiң ез табыстарының мөлшерi туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.

Табыс салығын алу белгiлi бiр төменгi деңгейден басталады. Номиналдық табыстың үлғаюына сәйкес табыс салығын өсiрудiң базасы жасалады, салық төлеушiлердiң саны артады, мемлекеттiң шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейедi. Салық салудың нормасы — салык ставкасы объектiнiң бiр өлшемiне салынған мелшерi. Салық ставкаларының көптеген түрлерi бар. Егер табыстың көлемiне байланыссыз салық телеудiң бiрыңғай про­центi тағайындалса, олар пропорциялы ставкалар болады. Егер ставкалар табыстың өсуiмен көбейсе, онда прогрессивтi, үдемелi ставкалар болғаны. Салық салудың тәжiрибесiңде бiр объектiге (мысалы, автомашинаға) оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседi. Салық салу жүйесiнiң басты буыны — бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық ақционерлiк қоғамның таза пайдасынан алы-нады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейiн мысалы, жедел амортизация, табиғи қендердiң азаюы, қайырымдылық қоры телемдерi және т. б. шығындар. Кептеген елдерде қорпорация пайдаларына салық салу ставка пропорциялары арқылы жүредi.

Салық салу тарихында жоғары пайдага салық салу деген де бар. Ол пайданың белгiлi мөлшерден артық бо-луына байланысты салынады. Мүндай шара әдетте төтенше жағдайларда, соғыс, экономикалық қүйзелiс кездерiнде қолданылады. Табыс салығының қатарына мүлiк салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған iстер салығы да жатады. Бiрiншi жағдайда салық мүлiктiң құнына қарай (жер, қүрылыс) әрбiр адамнан және заңды түлғалардан алынады.

Капитал iсiнен алынатын салық қорпорациялардың бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады. Тiкелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады. Олар тауарлар немесе қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бүл салықты тау-арды түтынушылар (сатып алушылар) телейдi. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты қүралы тiкелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлi кемiген жоқ.

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әры қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және инвестициялардың есебінен өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.




I САЛЫҚТЫҢ МӘНI, ПРИНИЦПТЕРI, ТҮРЛЕРI МЕН ҚЫЗМЕТТЕРI

Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі
1.1 Салықтың мәнi, принциптерi және атқаратын қызметтерi, механизмі
Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiң көсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк-кепiлдiк кызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық негiзiнде қүрылатын мемлекеттiк бюджеттiн кiрiсiне қарай, мемлекеттiң кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк-кепiлдiк қызметiнiң мұмкiндiгi болады. Салық мөлшерiмен занды құқы бар мекемелер мен және адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраным көлемi реттеледi. Салық саясаты аса нәзiк және күрделi аспап, ол жеңiлдiктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтiң барлық жақтарына нысаналы түрде эсер етедi. Нарықтық акономикасы дамыған елдерде салықтардын тiзiмi бiрнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңiлдiктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануга түсiнiктемелер тұтас томдарды алып жатады.

Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк жүйе жағдайындагы экономикада салық адам мүддесi үшiн қызмет көрсетедi. Ол халықты үкiмет алдында тұқыртып ұстаудың құралына айналды. Ал нарық қатынастары да­мыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседi. Содан да болар, Америкада iскер адамның екi туған күнi бар деп есептеледi: бiрiншiсi - өзiнiң туған күнi және екiншiсi -оның салық инспекторымен есеп айырысқан күнi.

Экономикалық мазмұны жағынан салықтар - бұл заңды белгiленген ретпен тұрғындардан, кәсiпорындар мен мекемелерден алынатын мiндеттi төлемдер жүйесi. Табыстардың әртүрлi нысандарынын салық көздерi мыналар болып табылады: пайда, процент жалақы, дивиденд, рента, т.б. Салықтардың мәжбүр ету сипатынан басқа ерекше қасиетi - олардын алым-салықты өндiрiп алу ретiмен төленген сомасының мөлшерi мен салық төлеушiлердiң мемлекеттен алатын қызметтерiнiң құнының арасындагы сәйкессiздiк болып табылады. Салық салудың мынандай негiзгi принцилтерi бар: а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игiлiктерге пропорциональды төлсу керек; б) салықтар табыстың мөлшерiнен, салық төлеушiлердiң түрмыс халiнiң дөрежесiнен тоуелдi болуы керек.

Нарық жағдайында салықтар үш қызмет атқарады: фискальды (мемлекеттiк табыстарды жинау); б) қайта бөлу, в) реттеушi. Салықтардық фискальдық қызметi - мемлекеттiң салық саясаты көмегiмен нарық конъюнктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсудi тұрақтандыру жене ынталандыруға тырысуында түр. Бiр сөзбен айтқанда, салық түсiмi арқылы алынатын қаражаттар, мемлекеттiң саяси-шаруашылық қызметiн атқарудың қаржы негiзi болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогрестi ынталандыру, прогрессивтi технология мен өнiм түрлерiн игеру, эқономикада құрылымдық өзгерiстер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтiк саланың объектiлерiн ұстау үшiн белсендi түрде пайдаланылады. Мысалы, 1981 жылы, рейгандық әкiмшiлiк жана өндiрiс салаларын инвестициядан (өндiрiске ұзақ мерзiмдi капитал жұмсау) түскен табыстарға салынатын салықтарды азайтты. Ол кәсiпкерлердiң өндiрiске қаржы бөлудi ұлғайтуына, енбек өнiмдiлiгiн арттыруына және потенциалды жалпы ұлттық өнiмдi көбейтуге түрткi болды.


1.2 Салықтың негiзгi түрлерi

Салықтар, әдетте үдемелi (прогрессивтi), пропорциональды және регрессивтi (керi үдемелi) болып бөлiнедi. Үдемелi салықта, табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарқы да өседi. Мысал ретiнде Қазақстан Республикасының Заңы " Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы адамдардан табыс салығы туралы" заңындары.

Нарық экономикасын мемлекет тарапынан реттеуде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығысын қалыпты теңдiкте ұстап, тиiсiнше
бюджет тапшылығының алдын алу бүгiнгi күннiң өткiр де өзектi мәселесi. Әлеуметтiк- экономикалық даму мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiмен тығыз байланысты. Бұл орайда мемлекеттiң өз қызметiн iске асыру жолында бюджеттiң кiрiс бөлiмiнiң, оның iшiнде салык түсiмдерiнiң алатын орыны ерекше. Республикамыздың егемендiк алуымен қатар 1991 жылы қабылданған «Салық жүйесi туралы» Казақстан Республикасының Заңы
тәуелсiз Қазақстанның салық жүйесiн күрудың алғашқы бастамасы, оны қабылдаудағы түңғыш тарихи құжат болып табылады. Ел экономикасындағы жаңа бастама, жаңа құбылыстармен бiрге нарыққа бейiмделген жаңа
салық жүйесi де өз кызметiн бастап кеттi. Дегенмен, қандай да болмасын жаңа бастамада тәжiрибе жинақтай келе бiркатар кемшiлiктердiң орын алатыны сияқты, жаңа салық жүйесiнiң де кемшiлiктерi болды.
Негiзгiлерi: салык кызметi тәжiрибесiнiң жеткiлiксiздiгi, салық санының шектен тыс көптiгi, салық сипатына сай дүниежүзiлiк принциптердiң сақталмауы, салық көзiнiң түтынуда болуы, шексiз жеңiлдiктер мен
салық ставкаларының бiр салық бойынша бiрнеше түрi болуы салық жүйесiн реформалау қажет екендiгiн айқындай түстi. 1995 жылдың 24-сәуiрiнде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Салык және бюджетке теленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Заң күшi бар Жарлығы (бұдан әрi — Жарлық) салық жүйесiне оңтайлы өзгерiстер ала келдi. Олардың қатарына қызмет етiп келген ұзын саны 46 салықтар мен алымдар санының 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерiнiң дүниежүзiлiк тәжiрибеге сай өзгертiлуi, халықаралық салық салу тәртiбiнiң енгiзiлуi, салықтардың нышанына, белгiлерiне қарай топталуы, сонымен қатар бұл қүжаттың
көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы,салықтық әқiмшiлiктiң жаңа ережелерш енгiзiлуi, тағы басқа түбегейлi салық жүйесiне аса қажет өзгерiстердiң енгiзiлуi жатады. Әрине, мемлекеттiқ нарықты экономикалык
қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесiнiң де бiр орында, өзгерiссiз қалуы мүмкiн емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексiз өзгертулер мен толықтырулардың енгiзiлу нәтежиесi оның әлi де болса жетiлмегендiгiн көрсетедi. Мүның нәтежиесiнде салық жүйесiндегi са-
лыққа қатысты заңдылықтардың түраксыздығы, үнемi өзгертулер мен толықтарулардың енгiзiлуi салық төлеушiлерге түсетiн ауыртпалықты көбейтiп, салықтан жалтарудың етек алуына әкелетiн, салық жүйесiнiң қызмет етуiнде кедергi болар басты проблемалардын бiрiне айналғандай.
Пайдаға салынатын салық

Мемлекеттiң өз кызметiн нысаналы бағытта iске асыруы салық түсiмдерiнiң бюджетке уақытылы түсуiмен тығыз байланысты. Бұл орайда қазiргi кезде экономикамызда бюджет тапшылығының орын алуының басты себебi — шаруашылық субъектiлерiнде қалыптасқан қаржы тапшылығы, төлем кабiлетiнiң болмауы, өндiрiлген өнiмнiң сүранымы жоғары Шет ел тауарларымен бәсекеге төтеп бере алмауы, ең бастысы оларға түсетiн салық


ауыртпалығының шектен тыс жоғары болуы. Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Салык жэне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Заң күшi бар Жарлығына 1999 жылдың 16-шiлдесiнде енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес Қазақстан Республикасында барлық саны 19 түрлi салықтар, алымдар және басқа да мiндеттi төлемдер алынады.

Осы енгiзiлген өзгерiстермен бiрге салық жүйесiне жана салық ретiнде бiрыңғай жер салығы енгiзiлдi. Бүл салықтың басты ерекшелiгiне салық төлеушiлерi ретiнде иелiгiнде жеке менiдiк немесе жалға алынған жер


аумағы бар шаруа (фермер) қожалықтары болып табылатындығы және олардың табыс, қосылған қүнға, жер, мүлiк кәлiк құралдары салынатын салықтардан толык босатыла-тындығы жатады. Салық, жер учаскесiнiң калдық құнынан 0,1% мөлшерiнде алынады. Мемлекеттiң алға қойған негiзгi басым бағыт-тарының бiрi ауыл шаруашылығын дамыту екендiгiн ескерсек, аталған салыктың енгiзiлуi шаруа (фермер) қожалыктарын салық ауырт-палығынан жеңiлдетедi, ауыл шаруашылық турғындарын жұмыспен қамтамасыз етуде аса кажеттi көмек, олардың дамуына мемлекет тарапынан қолдау болып табылады. Осы жерде айта кететiн жәйт, олар тек өзi өндiрген өнiмдi сатып өткiзуден түскен табыс бойынша табыс салығынан, өзi өндiрген тауарларды сатып өткiзудегi айналым (көрсетiлген қызмет, атқарылған жұмыс) бойынша қосылған құн салығынан және үкiмет белгiле-ген мөлшерде көлiк құралдарынан алынатын салықтан және мүлiк салығынан жеңiлдiк ала алады. Бұл жерде талас туғызар негiзгi жағдайлардың бiрi — өндiрiлген тауардың отандық немесе сырттан келгенiн анықтау. Сондықтан енгiзiлген езгерiстер әлi де болса толықтыруды қажет етедi.

1999 жылдың 1-каңтарынан бастап салық жүйесiне салықтың жаңа түрлерi болып бұрынғы бюджеттен тыс қорлардың (зейнетақы қоры, мiндеттi медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттiк жұмыспен қамту қоры) бiрiгуiнен түратын әлеуметтiқ салық, сонымен қатар әлеуметтiк сақтандыру қорының өзгертiлуiнен пайда болған әлеуметтiқ қамсыздандыруға алынатын алым және бүрынғы жол қоры жол салығы болып езгертiлiп, бюджет құрамына жаңа салықтар, алымдар ретiнде енгiзiлдi. Бұл салықтарды енгiзiлудегi басты себеп- бұрынғы бюджеттен тыс қорлардың қаржыларының орынсыз жұмсалуы, олардың бюджетiнiң тапшылық деңгейiнiң шамадан тыс ұлғаюы (ЖIӨ-гi үлес салмағы 1997 ж. — 0,1%, 1998 ж. -- 0,5%), яғни өзiн-өзi ақтай алмауы болып табылады.

Алайда 1999 жылдың 1-сәуiрiнен «Салықтар қуралы...» Жарлыққа енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулерге сәйқес жол салығы мен әлеуметтiқ қамсыздандыруға алынатын алымның қолданылу қүшi тоқтатылды.

Әлеуметтiқ салық шаруашылық субъек-тiлерiнiң еңбеқ ақы қорынан алынады. Са-лықты төлеушiлер — заңды тұлғалар, заңды тұлға болып тiрқелмей қәсiпқерлiқ қызметпен айналысушы жеқе тұлғалар. Салықтың негiзгi ставқасы 21%, сонымен қатар бүдан басқа жеңiлдiқ алу топтарына байланысты 6,5%, 7,0%, 7,5%, 8,0%, 20,5% және заңды тұлға болып хiрқелмей қәсiпкерлiқ қызметпен айна-лысатын жеқе тұлғалар үшiн айлық есептiқ қөрсетқiштiң 49%, және шаруа (фермер) қожалықтары үшiн — 35% мөлшерiнде ұста-лынатын ставқалар бар. Егер бұл салықтан басқа еңбеқ ақы қорынан жинақтаушы-зейнетақы қорына аударылатын 10%-тiк

мiндеттi зейнетақы жарнасын есқерсеқ, жұмыс берушiлердiң мойынына тусетiн әлеуметтiк бағытқа ғана салық ауыртпалығы 31% болады. Үқiмех тарапынан әлеуметтiк салықпен қатар арнайы салық деп аталатын 5%-тiк салықтың түрiн енгiзу жайлы ұсыныстың болғанын ескерсек, 36%-тiк ауыртпалық жыл басындағы енгiзiлген өзгерiске дейiнгi қалпына қелмесiне не шара? Мұндай ауыртпалықтар онсыз да тұғырық деңгейiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң дамуына, өндiрiске жұмыс күшiн тартуына кедергi, керi әсер етушi факторлар болып табылады. Сондықтан әлеуметтiк салық оның ставкасын төмендету бағытында тиянақты қайта қарауды қажет етедi.

Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылдың бiрiншi жарты жылдық есебi бойынша салық түсiм-дерi мемлеқеттiқ бюджет қiрiстерiнiң 80%-iн, оның iшiнде үлес салмағы жағынан негiзгiлерi болып заңды және жеқе тұлғалардан алына­тын табыс салығы — 25%, қосылған құнға салынатын салық — 27%, әлеуметтiқ салық — 23% үлесiн құрайды. Аталған салықтар тобы салық түсiмдерiнiң 75%-iн құраса, салықтың ауыртпалығының басым бөлiгi бүгiнде шаруа­шылық субъеқтiлерiне түсiп отыр. Айта қететiн жәйт, бүгiнгi қүнi шаруашылық субъеқтiлерi барлық салықтар, алымдар және басқа да төлемдердi қосқанда өз пайдалары-ның 70%-қе жуық бөлiгiн (пайданың бiр теңгесiнен жетпiс тиын) мемлеқетқе өтқiзсе салықтық ынталандырушылық қағидасын қа-лай байқауға болады? Ал әлемдiқ тәжiрибеде ез дәлелiн тапқан, батыс елдерiне танымал ғалым Лаффердiң бюджет тұжырымдамасын негiзге алсақ, өз шегiнен асқан салық ауырт­палығы дамушы шаруашылық субъеқтiлерiнiң жұмыс iстеуiне қедергi, салықпен тiрiдей тү.ншықтыру болмасына қiм қепiл? Әрине, бюджеттiң негiзгi қөзi салық түсiмдерi, бiрақ бұл жолда салық төлеушiлердiң мақсат-мүддесiн ұмытқандаймыз. Республиқамызда отандық тауар өндiрушiлердiң саусақпен са-нар санының негiзi осында. Сондықтан отан­дық тауар өндiрушiлер белгiленген уақыт шеңберiнде (3-5 жыл) табыс салығынан толық босатылуы қажет.

Бүгiнгi қүнi қөпшiлiктiң талдауына түсқен, айналасы 7-8 жылда бюджеттiң тұрақты қiрiс қөзiне айналып, салық түсiмдерiндегi 30%-тiқ үлесiне ие болып отырған жанама салықтар-дың да алатын орыны айрықша. Республиқа­мызда оларға «Салықтар туралы...» Жарлыққа сәйқес қосылған құнға салынатын салық пен ақциздер жатады.

Жанама салықтардың iшiнде, әлемнiң жүзден астам елiнен қолдау тапқан, өзiндiқ ереқшелiқтерге толы, тұтынуға салынатын салықтардың маңызды тобының бiрi - қосыл­ған құнға салынатын салық. 1992 жылдан берi айналым салығымен ауыстырылған қосылған құнға салынатын салықтың талай сынақтан өтуi бұл салықтың әлi де толық жетiлме-гендiгiн көрсетедi.

Бюджетке түсетiн салық түсiмдерiнiң 30%-ке (1992 жылдың есебiне тең) жуық үлесiн құрайтын косылған қүнға салынатын салық­тың ролi жылдан жылға артуда. Жылдар есебiнiң көрсеткiштерiне сүйенсек, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi қүрамында 1992 ж. — 28,7%, 1993 ж. 16,3%, 1994 ж. 11,8%, 1995 ж. - 15,2%, 1996 ж. 22,2%, 1997 ж. -21,0%, 1998 ж. — 26,2% үлесiн құрайтын көрсеткiштер оның экономикалық рөлiн ай-қындай түскендей. Салық енгiзiлген уақыттан берi оның жеткiлiктi дамуы жолында бiрқатар жүмыстар аткарылды. Олардың қатарына қа-былданган шексiз жеңiлдiктердiң ретке келтiрiлiп, олардың қажеттi мөлшерге қысқарты-луы, халықаралық экономикалық қатынастарды жақсарту мақсатында қосарланған салық салуды болдырмау үшiн бiрқатар мемлекеттермен «жұмсалатын орын» қағидасы негiзiнде келiсiм шарттар жасалынғандығы жатады.

1999 жылдың шiлде айында «Салықтар туралы...» Жарлыққа енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес қосылған қүнға салынатын салыкты есептеуде салық алына-тын сомадан акцизделетiн тауарлар бойынша акциз салығын қссып есептеу алынып тастал-ды. Бұл өзгерiс салық салу объектiсiн қосарланған салық салудан босатады. Жаңа өзгерiстерге қарай қосылған қүнға салынатын салық бойынша жеңiл өнеркәсiптiң қейбiр салаларына (тоқыма, тiгiн тiгу, былғары жэне аяқ қиiм өндiру салалары) нөлдiқ ставка мөлшерiнде салық салынады жэне бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн өзi өндiрген өнiмдi өтхiзу барысындағы айналым бүл салықтан толығымен босатылады.


Қосымша құнға салынатын салық

Бүгiнде республикамызда қолданылып жүрген қосылған құнға салынатын салық «әмбебап акциз» деп аталуы да тегiн емес, өйткенi оның құрамында тауар құнына косылған жаңа құн ғана емес, сонымен қатар амортизациялық аударым және кеден баж салығы қосылып есептелiнуi оның өндiрiстi реттеушiлiк қызметiн азайтып, соның салдарынан бағаның өз деңгейiнен 2-3 есе асып түсуi де танданарлық болмай отыр.

Сонымен қатар бұл салық тауардың сатылу уақытынан бұрын есептелiп, төленетiнi белгiлi. Сондықтан қандай да қолайлы жағдай болмасын тауар өндiрушi қосылған құн салығы бойынша әлдеқашан төлеп койған төлемдi өндiрiп алуы қажеттi деңгейден төмен болады (инфляция деңгейiне байланысты). Сондықтан бұл жерде қосымша түзету коэффициентiн енгiзу немесе салықты есептеу механизмiн кайта қарау қажеттiгi туындайды.

Айта кететiн жәйт, косылған құнға салына­тын салықтың бүгiнде қолданылып отырған ставкасы қазiргi бiздiң экономикалық даму жағдайымызда қажеттi деңгейден өте жоғары, сондықтан тауардың өзiндiк құнын неғүрлым азайтуға ынталандыру мақсатында салық ставкасын төмендету қажет (12-15% деңгейiне дейiн).

Бүгiнде салықтар бюджетке түсуiне байланысты республикалық бюджетке және жергiлiктi бюджетке түсетiн салықтар, алымдар және басқа да мiндеттi төлемдер болып екi топқа жiктеледi. Ағымдағы жылдың 1 сәуi-рiнен бастап «Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұрынғы жалпы мемлекеттiк жергiлiктi салықтар (реттеушi салықтар) болып жiктелуi жопылып, қосылған құнға салынатын салық толығымен республикалық бюджетке, ал заңды түлғалардың табыс салығы мен акциздер (спирттен жасалған өнiмдер үшiн) 50%-тен республикалық жэне жергiлiктi бюджеттер үлесiне бөлiнiп түседi. Салықтардың қдлғак түрлерi жергiлiктi бюджет есебiне түседi. Мұндай өзгерiс жергiлiктi бюджеттердiң дербес қызмет етуiне, түскен каржыны үнемдеу мен олардың пайдалы бағыттарға жұмсалуына қолайлы жағдай жасайды. Ал түскен қаржыны неғұрлым тиiмдi, өз орынымен жұмсау жергiлiктi бюджеттердiң басқаруды тиiмдi ұйымдастыруымен тығыз байланысты.

Салық саясатын жүргiзудегi басты мақсат — отандық тауар өндiрушiлердi мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттiң iшкi зкономикалық дамуына ықпалды саясат жүргiзу, жеке секторлардың жедел дамуына ыкпалды жағдай жасау, шет ел инвестицияларын тартуда кедергiлердiң алдын алу, яғни мемле­кет пен салық төлеушiнiң талап-тiлегiн ортақтастыру. Ендеше экономикамызда орын алған осындай келенсiз жағдайлардың шешiмi де осы салық саясатын дұрыс ұйымдастырудан табылады.

Қорыта айтқанда, шаруашылық субьектiлерiне түскен салық ауыртпалығын жеңiлдетпейiнше олардан бюджетке қажеттi кiрiс келтiру мүмкiн емес. Ал қолайлы жағдай тек салық механизмiн тиiмдi пайдалану мен оның ынталандырушылық қызметiн арттыру аркылы ғана iске асады.
Акциздi салық

Ақциздер - тауар бағасына енгiзiлетiн жене сатып алушы жанама салықтың ежелгi формаларының бiрi болып табы­лады. Ресми түрде акциздер бұрынғы ҚСРО-да 30-шы жылдарға дейiн болды. 30-шы жылдардан бастап ақциздер, басқа салық түрлерi сияқты .

Мемлекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бiрге мемлекеттiк бюджеттi толықтыру үшiн пайдаланады.

Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлерiне са-лынады. Санамаланған тауарлар бойынша акциз нарықын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi, олар республиканың букiл тсрриториясында бiрыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуте жатпайды. 1991 жылдық 24 желтоқсанында "Акциз туралы" Қазақстан Республикасының Занына сайкес спирттi iшiмдiк, шарап-арақ бұйымдарына, сыраға, бекiре мен қызыл балык уылдырығына, балықтардың бағалы түрлерiнен жасалған өнiмдерге, шоколадқа, темекi бұйымдарына, зергерлiк бүнымдарга, шиналарга, мехтық (терiнiң) бағалы түрлерiнен жасалган бұйымдарға, табиғи былғарыдан тiгiлген киiмге, фарфор мен хрустальдан жасалған жогары сапалы бұйымдарға, киiмдерге және кiлем бұйымдарына акциз салығын салу тәртiбi белгiленген. Акциздi қамтитын еркiн жiберген баға бойынша өткiзiлетiн акциздеушi тауарлардың құны салыну объектiсi болып табылады. АҚШ-та фелералдық табыстың 60%-ке жуыгын тауарлардың уш-ақ түрiне (алкоголь, темекi және бензин) салынатын акииз салыгы бередi.

Ал ендi акциз с;иыгының мөлшерiн есептеуге мысал келтiрiп көрелiк. Фарфор заводы жоғары сапалы фарфор бұйымының бiр партиясын өндiрiп делiк. Онық шарттық бағасы - 100000 теңге Осы сома 30 проценттiк салық нарқы қолданылып салыным айналымы болады. Сонымен бюджетке түсуге тиiстi акциз сомасы 30000 теңге құрайды (100000 х 30%) : 100%.

1.3 Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.

Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.

Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарды жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.


Инвестициялық қызметтің объектілері


Интелектуалдық (ғылыми) меншік құқықтары


Мақсатты ақша салымдары



Құнды қағаздар




Мүліктік құқықтар


Инвестициялық қызметтің объектілері





Жаңадан жасалатын негізгі құралдар



Басқа да меншік объектілері

Ғылыми-техникалық өнімдер





    1. сурет – Инвестициялау объектілері

Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.


Инвестициялардың негізгі белгілері

бойынша жіктелуі




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет