І тарау. Лексикалық ерекшеліктері



жүктеу 3.46 Mb.
бет1/27
Дата16.04.2016
өлшемі3.46 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................3

І тарау. Лексикалық ерекшеліктері.

1. 1.Кірме сөздер......................................................................................................9

1. 1. 1. Араб сөздері.................................................................................................9

1. 1. 2. Парсы сөздері.............................................................................................55

1. 2. Түркі сөздері..................................................................................................61

1. 2. 1. Зат есім сөздер...........................................................................................61

1. 2. 2. Сын есімдер сөздер...................................................................................87

1. 2. 2. 1. Сапалық сын есімдер.............................................................................87

1. 2. 2. 2. Қатыстық сын есімдер..........................................................................93

1. 2. 3. Сан есімдер сөздер....................................................................................95

1. 2. 3. 1. Есептік сан есімдер...............................................................................95

1. 2. 3. 2. Реттік сан есімдер..................................................................................98

1. 2. 4. Үстеулер.....................................................................................................99

1. 2. 4. 1. Мезгіл үстеулер.....................................................................................99

1. 2. 4. 2. Мекен үстеулер....................................................................................101

1. 2. 4. 3. Сын (бейне) үстеулер..........................................................................102

1. 2. 4. 4. Мөлшер үстеулер.................................................................................102

1. 2. 5. Есімдіктер.................................................................................................103

1. 2. 5. 1. Жіктеу есімдіктері...............................................................................104

1. 2. 5. 2. Сілтеу есімдіктері................................................................................105

1. 2. 5. 3. Жалпылау есімдіктері.........................................................................105

1. 2. 5. 4. Сұрау есімдіктері.................................................................................106

1. 2. 5. 5. Белгісіздік есімдіктері.........................................................................107

1. 2. 5. 6. Өздік есімдіктері..................................................................................107

1. 2. 6. Шылаулар.................................................................................................108

1. 2. 6. 1. Жалғаулықтар......................................................................................108

1. 2. 6. 2. Септеуліктер........................................................................................108

1. 2. 6. 3. Демеуліктер..........................................................................................111

1. 2. 7. Етістіктер..................................................................................................112

II Тарау. Морфологиялық ерекшеліктер

2. 1. Жалғаулар....................................................................................................139

2. 1. 1. Септік жалғаулары..................................................................................139

2. 1. 2. Көптік жалғаулары..................................................................................144

2. 1. 3. Тәуелдік жалғаулары...............................................................................145

2. 1. 4. Жіктік жалғаулары..................................................................................145

2. 2. Жұрнақтар....................................................................................................146

2. 2. 1. Сөз түрлендіруші жұрнақтар..................................................................146

2. 2. 2. Сөз тудырушы жұрнақтар......................................................................152

2. 2. 2. 1. Есімдерден есім тудырушы жұрнақтар.............................................152

2. 2. 2. 2. Етістіктерден есім тудырушы жұрнақтар.........................................158

2. 2. 2. 3. Есімнен етістік тудырушы жұрнақтар...............................................161

2. 2. 2. 4. Етістіктен етістік тудырушы жұрнақтар...........................................163

Қорытынды..........................................................................................................169

Әдебиеттер тізімі.................................................................................................176


Қысқартылған шартты белгілер

МҚAtalay, Besim, Divanü Lugati’t – Türk Tercümesi C. I-V, Türk Dil Kurumu Yayınları, Ankara 1985-1986.

ҚБ – Arat R. R. Kutadgu bilig III ındeks, Ankara, 1969

ГТKaramanlıoğlu, A. F., Seyfî Sarāyî, Gülstan Tercümesi, Türk Dil Kurumu Yayınları, Ankara 1989.

ИХ: İzbudak V. El-İdrak Haşiyesi, Türk Dil Kurum Yayınları, Devlet Basım Evi, İstanbul 1936.

ИМToparalı, Recep, İrşadu’l Mulûk ve’s-Selātin, Ankara 1992.

БВ: Can Özgür, Baytaratu’l-Vazıh –Metin-İndeks, Yüksek Lisans Tezi, İstanbul, 1998.

КФ: Toparalı R. Kitab fi’l-Fıkh (Şekil Bilgisi Özellikleri – Örnek Metin), Erzurum, 1993.

КФТ: - Çirik, Birgül, Kitab ü Fi’l-Fıkh Bi’l-Lisani’t-Türki, İstanbul, 1961.

КИCaferoğlu, A., Abu Hayyan, Kitab al-İdrāk li-Lisān al-Atrak, İstanbul 1931.

МГ: -Uğurlu, M., Münyetü’l-Güzzat, Kültür Bakanlığı Yayınları. Ankara, 1987.

ККGrǿnbech, K., Komanisches Wörterbuch, Türkischer Wortindex zu Codex Cumanicus, Kopenhagen: E. Munksgaard, 1942.

ДМ - Zajaczkowski, A., (I) “Chapitres Choises du Vocabulaıre Arabe-Kiptchak “ad-durrat al-mudia fi’l-lugat-at Turkiya”, Rocznik Orientalistyczny, XXIX/1, Warszawa 1965: 39-98; (II) “Material kolokwialny arabsko-kipczacki w Slowniku ” “ad-Durrat al-Mudia fi’l-lugat-at Turkiya”, Rocznik Orientalistyczny, XXIX/2, 1965: 71-116;

Ал-Каванин – Bilge, Kilisli Rifat, El-Kavanin’ül-külliye li Zabt-il-lugat-it-Türkiyye, İstanbul, 1928.

БМZajaczkowski, A., Slownük arabsko-kipczaciz okresu Panstwa Mamelouckiego, Bulgat al-muštaq fi lugat al-Turk wa-l-Qifžāq, ześć. II Verba. POZO, Bd. 1, 86 u. 138, Warszawa 1954, 1958.

Ат-ТухфаAtalay, Besim, Et-Tuhfetü’z-Zekiyye Fi’l-Lugat-i-Türkiyye, İstanbul, 1945. С. М. Муталлибов. Аттухфатуз Закияту фил луғатит түркия. Ташкент 1968.

РХ:Çotuksöken, Y., Kitab Fi Riyazatı’l-Hayl (metin-indeks), İstanbul, 1970.

ИН: Büngül, N.N., Kitab Fi İlmi’n-Nüşşab, Ülkü Basımevi, Konya, 1944.

МГ: -Uğurlu, M., Münyetü’l-Güzzat, Kültür Bakanlığı Yayınları. Ankara, 1987.

ТАKitab-ı Mecmu’u Tercuman-ı Türki ve ‘Acemi ve Mogoli; Houstma, M. Th. Ein Türkischen-Arabisches Glossar, Leiden 1894.

БВ: Ağar, M.E., Baytaratu’l-Vazıh, Marmara Üniversitesi, İstanbul, 1986.

МЕYüce, Nuri, Mukaddimetü’l Edeb, Giriş, Dil Özellikleri, Metin, İndeks, Türk Dil Kurumu Yayınları, Ankara 1988

НФНехжул Ферадис; Фазылов, Е., Староузбекский Язык. Хорезмские памятники XIV века.. Ташкент 1966-1971.

КЕRabguzi, Kısasü’l – Enbiya; Ata, Aysu. Ankara 1997.

ХШ Zajaczkowski, A., Najstarsza Wersja Turecka Xusräv u Şirin Qutba, Czesc III, Slownik, Warszawa 1961.

МН – Мухаббет-наме; Фазылов, Е., Староузбекский Язык. Хорезмские памятники XIV века. Ташкент 1966-1971.

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тілінің тарихы көне түркі, ескі түркі халықтарының тілімен, тарихымен және сол халықтардың өмірімен өркениет және мәдениетімен тығыз байланыста екендігі белгілі. Тарихи жазба жадыгерліктер тілінде сақтала отырып, бүгінгі күнгі атқарылар мақсатты жұмыстарымыздың мүдделі қажеттілігіне айналып отыр. Оған ең басты себептердің бірі - халық тарихы оның мәдениетті, әдет-ғұрпы, дәстүрінің ерекшелігі сол халықтың ата заңын қалыптастырып, әлемдік өркениет сахнасында өзіндік табиғи болмысымен келешек ұрпақтарына қызмет етсін деген талап-тілектеріне байланысты туындайтындығында жатса керек. Қазақ тілінің жүйесі мен құрылымын талдап түсіндіру, ондағы фонетикалық, лексикалық және грамматикалық әр түрлі құбылыстардың тарихи дамуын зерттеуде сүйенетін дерек көздердің маңыздысы көне дәуір жазба ескерткіштері екендігі сөзсіз. Бұл зерттеу жұмысымызда еңбек тіліндегі сөздердің құрылым жүйесі, олардың фоно- морфологиялық ерекшеліктері мен даму және қалыптасу тарихы сол сөздердің орта ғасыр қыпшақ тілінде жазылған басқа да ескертіштер тіліндегі және қазіргі түркі тілдеріндегі көріністері салыстырыла отырып сарапталады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қандайда бір тіл болмасын, оның бір жерде өзгеріссіз тұруы мүмкін еместігі және тілдің үздіксіз, әрі баяу дамып отыратын құбылыс екендігі тіл білімінде дәлелденген. Сондықтан ол үнемі ғылыми талқыға түсіп, зерттеліп отыруы тиіс. Түркі тілдерінің, әсіресе қыпшақ тобына кіретін қазіргі қазақ тілінің тарихын оқып-біліп, зерттеу үшін олардың тарихи-салыстырмалы грамматикасы мен тарихи лексикалогиясын жазуда және әр тілдің өзіне тән қыр-сырын ашуда орта ғасыр жазба ескерткіштерінің алар орны ерекше. Бұл кезең жазба мұралары қазақ тілінің ғалымдары тарапынан зерттеле бастағанына көп бола қоймаса да, бұл мәселе назардан тыс қалмай үнемі жаңарып, жаңғырып, халқымыздың тарихына, мәдени өміріне қатысты бірқатар жазба ескерткіштер ғылыми айналымға түсіп, қазақ тілінде жарыққа шықты.

Дегенмен бірқатар қорғалған кандидаттық диссертациялар мен жарық көрген ғылыми еңбектерге назар аударсақ, онда атқарылғаннан гөрі атқарылмаған жұмыстардың ауқымы зор екенін көреміз. Түркі тілдерінің ең көне төркіні, оның көне жадыгері болып саналатын Орхон –Енисей жазба нұсқаларынан әлдеқайда бұрын пайда болғандығы күмәнсіз. Түркі тілдерінің әрбірі қазіргі ұлт тілі дәрежесіне жеткенше қаншама ғасырлар бойы көптеген сандық, сапалық өзгерістер мен әр қилы, бірақ жүйелі құбылыстарды бастан кешіргендігі ақихат. Түркі тілінің тарихи тамырларының бірі саналатын «Ескі қыпшақ тілі» орта ғасырларда өте кең аумақты қамтығандығы белгілі. Орта ғасырларда қыпшақтар ұлан байтақ территорияны мекендеген: Солтүстік Кавказ таулары мен Қырым қырқаларынан бастап Балқаш көлі маңындағы кең даланы түгел қамтыған. Осынша жердің барлығы Дешт-и Қыпшақ («Қыпшақ даласы») деген жалпы атпен аталған. Қыпшақтар бұдан басқа жерлерде, Египет пен Сирияда, Батыс Украина аймағы мен Шығыс Европа елдерінде де өмір сүрген [1, 44]. Сондықтан да, ескі қыпшақ тілі өз дәуірінде түркі бірлестіктерінің қарым-қатынас, ресми іс-қағаздар, халықаралық қатынас тілі ретінде қолданылған. Және сол кездің өзінде-ақ «қыпшақ тілі» деп танылған, аумақтық таралым өрісі кең, түрлі тарихи-әлументтік құбылыстарды басынан өткерген, қазіргі дәуірде өлі тілдер санатына кірген ескі қыпшақ тілі – қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, құмық, қарашай секілді қазіргі күнде қыпшақ тілдері тобына жатқызылып жүрген тілдердің ұлт тілі дәрежесінде қалыптасуына ұйтқы болғандығы белгілі. Түркі тілдері, соның ішінде қыпшақ тобына кіретін қазақ тілінің де, өзге түркі тілдері секілді, алғашқы және кейінгі орта ғасырлық дәуірлерде басқа түркі тілдері арасында дамып, толығып, қазіргі лексикалық қоры, фонетикалық жүйесі, синтаксистік құрылымы қалыптасты. Тарихи даму ерекшелітеріне қарай орта ғасырлық қыпшақ тілінің сөздік қоры қалай қалыптасты, қазіргі қазақ және басқа да қыпшақ тілдерімен сабақтастығы жайлы мәселелер түбегейлі шешімін таба қойған жоқ. Зерттеу жұмысымызда «Китаб Муқаддима» (беташар кітап) жазба ескерткішінің сөздік қорын ғылыми айналымға түсіру арқылы осындай келелі мәселелердің шешімін табуына және зерттеліп отырған ғылыми тақырып түркологияның «қыпшақтану» деген ғылыми саласына жататындықтан осы саланың қалыптасып, дами түсуіне өзіндік үлесін қосатын нәтижелер қарастырылады деген сенімдеміз.



Зерттеу нысаны әлі күнге дейін құлпы ашылмай сырлы болып келе жатқан құнды жадыгерліктеріміздің бірі XV ғасырда Мәмлүк қыпшақтары тіліне аударылған Әбу Ләйс әс-Самарқандидің «Китаб Муқаддима» (Беташар кітап) атты жазба ескерткіші тіліндегі 1) сөздерге лингвистикалық түсініктеме бере отырып, ол сөздердің даму және қалыптасу тарихын анықтау мақсатында сонау Орхон-Енисей ескерткіштерінен бастап, кейінгі ескі ұйғыр, Қараханиттер мен сол дәуірлерде Алтын Орда, Хорезм және Мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған басқа да жазба ескерткіштер тіліндегі және қазіргі қыпшақ тілдері мен басқада түркі тілдеріндегі варианттарын салыстыра сараптау, 2) жадыхат тіліндегі түркі лексикасының құрамын, морфологиялық құрылымын анықтау, 3) нәтижесінде жадыхаттың қазақ тілі тарихындағы алатын орнын айқандау болады.

«Китаб Муқаддима» (مقدمه كتاب) X ғасырдың екінші жартысында араб тілінде жазылып, XV ғасырда Мәмлүк қыпшақтарының тіліне аударылған. Жалпы мазмұны – ислам дінінің ережелері мен қағидалары, иман негіздері, намаз және дәрет алудың шарттары мен үлгілері. Авторы - Әбу Ләйс әс-Самарқанди X ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, ислам әлеміне кеңінен танымал, көрнекті ғалым, Ханәфи мәзхабының үлкен имамдарының бірі және фыкықшысы (заңгер). Туылған жылы жайында әр түрлі болжамдар бар. 983 ж. қайтыс болған. Толық аты жөні Наср бин Мухаммед бин Ахмед бин Ибраһим әс-Самарқанди [2, 90]. Қолжазба мәмлүктер мемлекетінің соңғы дәуірінде, яғни XV-ғасырдың аяғында қыпшақ тіліне аударылып, сол кездегі Сұлтан әл-Мәлік әл-Әшіраф Әбу Нәсір Қансуқ әл-Гуруға сыйға тартылған [3. 19-20]. Сұлтан әл – Мәлік Мысыр жерінде 1500 – 1517 жылдар аралығында билік жүргізген, Мәмлүктер династиясынан шыққан соңғы сұлтан екендігі тарихтан да белгілі. Бұл мәмлүктер мемлекетіндегі түркі әдебиетінің қамқоршысы және үлкен меценанты болған адам. Ол кісінің құрметіне ХV ғасырдың аяғында иран эпопеясы «Шахнаме» түркі тіліне аударылған [4. 52].

Түпнұсқасы Ыстамбулдың Айа – София музейі кітапханасының түрік манускриптері каталогында 1451 манускрипте сақтаулы тұрған бұл трактат, «Муқаддима ас-салат» деп те аталады екен [4. 52]. Бирақ қолжазбаның алғашқы бетінде «Китаб Муқаддима Әбу Ләйс әс-Cамарқанди» (مقدمه ابى لليث السمرقندي كتاب) деген атау берілген. Қолжазбаның жалпы көлемі – 47 парақ (94 бет). Әр бетте 6 жол арапша мәтін және астында қыпшақша жолма-жол аудармасы берілген. Манускриптің көшірмесі мәмлүк Асанбай ибн Судунның қолымен жасалғандығын қолжазбаның соңғы, яғни 47 беттегі дөнгелек экслибристегі арабша мәтіннен оқып білуге болады.

Сырлы болуының себебі де, бұл жазба ескерткіштің тек аты ғана аталып жүргендігі болмаса, еңбек әлі еш жерде толық аударылып, жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түсе қойған жоқ. Тек ф. ғ. д. , профессор, түркітанушы Ә. Құрышжанов және С. Боранбаевтардың хабарлама ретінде мақалалары жарық көрген. Сондай-ақ атақты поляк түркітанушысы А. Зайончковский 1959 (Будапешт) және 1962 (Варшава) жылдары ескерткішті француз тіліндегі түсініктемелерімен бірге жариялады.

Трактат мәмлүк мемлекетіндегі мәмлүк қыпшақтарының тілін, әдебиетін оқып үйренуде, және оны басқа түркі халықтары тілінде жазылған жазба ескерткіштермен салыстыра зерттеуде, қазақ тілі тарихына тереңірек үңілуде алатын орны ерекше. Осы уақытқа дейін аталмыш ескерткіштің мәтіні, мазмұны мен тілдік материалдары қазақ тілінде сөйлеп, қазақ зерттеушлерінің қолына толығымен жете қоймағандығы белгілі. Зерттеудің басты нысандарының бірі де, осы мәселенің шешіміне қол жеткізу болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты «Китаб Муқаддима» жазба ескерткішінің сөздік құрамын зерттеп, талдап, ғылыми айналымға түсіру. Алайда ТМД елдерінде бұл жадыхаттың материалдары әлі зерттеу объектісіне айналмағандығын жоғарыда айтып өттік. Мысалы, Древнетюркский словарь", "Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков" сияқты түркологиялық еңбектерде бұл ескерткіштің материалдары пайдаланылмаған. Қазақ тіл білімінде де бұл ескерткіш беймәлім күйінде келе жатыр. Зерттеуші мамандардың қолына сұрыпталып, тарихи-салыстырмалы әдіс бойынша зерттеу елегінен өткен материалдар дайындап беру.

Зерттеу мақсаттарының жүзеге асуы үшін төмендегі міндеттердің шешімі табуы көзделді:

- Ескерткіш мәтінін қазіргі қазақ алфавиті бойынша транскрипциялау және қазіргі қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми тәржімәсін дайындау.

- Әрбір сөздің морфологиялық құрылысын тексеріп, тегі мен тұрпатын, лексикалық мағынасын, грамматикалық құрылымын анықтау.

- Сөздердің тарихи өзгеру, құбылу процестерін зерттеп, айтылу аясы мен қолданылу өрісін бағамдау.

- Әр сөздің фоно-морфологиялық тұлғасы мен лексика-семантикалық ерекшеліктерін нақтылап, дәлдеп көрсету.

- Ескерткіш тіліндегі негізгі, туынды түбір сөздер құрамында кездесетін грамматикалық форманттарды саралап, сипаттап, олардың түсініктемесі мен анықтамасын беру.

- Жазба ескерткіш тіліндегі лексемалардың қазіргі қазақ тілінде бар-жоғын анықтау және басқа туысқан түркі тілдерімен, әсіресе көне, тірі қыпшақ тілдерімен тарихи сабақтастығы, ұқсастығы мен айырмашылығы сияқты белгілерін ашу.

- Жазба ескерткіш тіліндегі араб-парсы сөздерінің мөлшерін, олардың сол дәуірде жазылған басқа ескерткіштер мен қазіргі қазақ және басқа да қыпшақ тілдеріндегі көрінісін айқындау.

- Жадыхат тіліндегі сөздердің «қыпшақша – қазақша» сөздігін жасау.

- Зерттеу жұмысын қазақ тілінің қазіргі және тарихи лексикасымен, сондай-ақ өзге қыпшақ және жалпы түркі тілдерімен салыстырмалы тарихи бағытта жүргізе отырып, қазақ тілі тарихы мен жалпы түркітану үшін құнды материал екендігін дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- «Китаб Муқаддима» жазба ескерткіші мәтінін сөзбе-сөз аударуға байланысты бірсыпыра қазақ сөздерінің тарихи төркіні анықталып, олардың мағыналық сырлары кеңірек ашылды.



- Жазба ескерткіш жалпы діни мазмұнда болғандықтан, араб-парсы элементтерінің басым болуы заңды құбылыс. Осы сөздердің басым көпшілігінің сол дәуірлерде Алтын Орда және Хорезм аймақтарында жазылған ескерткіштер мен қазіргі қыпшақ тілдерінде кездесетіндігі және ол сөздердің Мәмлүк жеріне қыпшақ тілімен бірге осы жақтан барғандығы анықталды.

- Жазба ескерткіш мәтіні алғаш рет толық күйінде қазақ тілінде ғылыми айналымға енгізілді. Қыпшақтану саласына қосылған жаңа үлес.

- Жазба ескерткіш мәтініндегі сөздердің толық реестрі жасалынды. Зерттеу ауқымына кірген 1000-ға жуық сөз бен олардың грамматикалық форманттары жайлы сабақталған ойлар, пішімді қортындылар, үйлесімді тұжырымдар мен болжамдар жасалды.

- Жазба ескерткіштің лексикалық қоры қыпшақ тобына жатқанымен оғыз элементтерінің де басым екендігі анықталды.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысы тіл тарихын танып білудің басты құралы салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша жүргізілді. Аталып отырған нәтижелерге қол жеткізу үшін этимологиялық, сипаттау, баяндау, талдау тәсілдері де қолданылды. Сондай-ақ осы салада қатысты орта ғасыр жазба ескерткіштерін зерттеуші отандық және шет елдік түркітанушылардың еңбектерінде айтылған тұжырымдар мен ұсыныстар, түркі тілдерінің материялдары бойынша жасалған түрлі этимологиялық сөздіктер, көптеген түркі тілдерінің материалдары мойынша жасалған жалпы және арнаулы сала бойынша түзілген сөздіктердің әдістемелері де назардан тыс қалмады.



Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңызы:

- Қазіргі қазақ тілінің лексикалық қоры мен семантикалық категорияларын жан-жақты талдап, тарихи даму және қалыптасу, баю, ұлғаю және құнарлану көздерін пайымдауға белгілі дәрежеде бағыт-бағдар береді.

- Орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштері тілін қазақ тілі мен басқа да тірі түркі тілдері фактілерімен салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша зерттеуде қолданылады.

- Көне түркі, көне қыпшақ және ескі қазақ тілдерінің арасындағы тілдік-тарихи байланысты нақтылай түсу барысында қолданылады.

-Сөз тарихын, тарихи лексикология саласын дербес алып зерттеп, оны лингво-мәдениеттану пәнімен үйлестіру үшін қызмет етеді. Қазақ тілінің болмысы мен тарихын танудың лингвистикалық географиясын, территориялық өрісін кеңітеді.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы:

- Ескі қыпшақ тілі мен ескі қазақ тілінің тарихи этимологиялық сөздіктерін жасауда қолданылады.

- Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің тарихына байланысты жазба ескерткіштер тілін зерттеуде қолданылады.

- Зерттеу материалдары жоғары және арнайы оқу орындарында жүргізілетін «қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «тарихи лексикология», «түркітану», «жазу тарихы» және «Ескі қыпшақ тілі» сияқты пәндерді оқыту ісіне, оқу құралдарын дайындауда өзіндік үлес қосады.

-Ізденушілерге, ғылыми көпшілікке, оқытушлар мен студенттерге түркітану, қыпшақтану салаларына байланысты арнайы басылымдар дайындау ісінде;

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

- Ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің орындалуындағ ареалдық алшақтықтарға қарамастан негізгі лексикалық қоры қазақ тіліне өте жақын болып табылады.

- Қазақ мәдениетінің жазба ескерткіштерде берілген тарихи даму жолдарының бірі – ескі қазақ тілінің қалыптасу жолдарын анықтау.

- Ескі қыпшақ және қазақ тілдерінің фоно-морфологиялық құрылымы өзара өте жақын және тілдік-генетикалық негізі бір.

-Мәдени мұраларды игеру жолдарының нақты практикалық жолдарын белгілеп, орта ғасырларда жазылған жадыхаттарды тілдік айналымға түсіру.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жарияланымы:

Зерттеу жұмысының нәтижелері мен негізгі мәселелері жайында «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» (Алматы 2006), «Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері» (Алматы 2007) және «М. Әуезов – жаңа дәуір данышпаны» (Шымкент 2007) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасалынып, арнаулы секцияларда талқылаудан өткізілді. Баяндамалар мақалалар түрінде жарияланды. Республикалық және шетелдік басылымдарда жұмыстың өзекті мәселелері бойынша мақалалар жарияланды.



Диссертацияның құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылан әдебиеттер көрсеткіші мен қосымша ретінде жазба ескерткіш мәтінінің лексикасының «Ескі қыпшақша-қазақша» сөздігі берілді.


I Тарау

Лексикалық ерекшеліктер

1. 1. Кірме сөздер

Әлемдегі кез келген тілдің сөздік құрамы, өздерінің ежелден келе жатқан төл сөздерінен және басқа халықтардың тілдерінен енген кірме сөздерден тұратындығы белгілі жәйт. Халықтардың тарихи, экономикалық және мәдени байланыстары, өмірдің түрлі саласындағы құбылыстар тілдің сөздік қорына ықпал етіп, түрлі оқиғаларға байланысты сөздерді куә етіп қалдырып отырады. Сол секілді халқымыздың басынан кешірген сан қилы тарихи фокторлардың тілімізге тигізген әсері де әр түрлі болған. Түркі тіліне араб элементтерінің енуіне түркілердің ислам дінін қабылдауы едәуір әсер еткендігі сөзсіз. Ислам дінінің түркі топырағына жетуі VIII ғасырда басталғанымен оның кең етек жаюы X ғасырда Қараханиттер мемлекетінің тұсында болды. Бұл дәуірде Таяу және Орта Шығыс халықтарының мәдени өмірінде араб тілі халықаралық тіл қызметін атқарған болатын. Яғни, бір кездері Батыс Европа халықтарына латын тілі қандай қызмет атқарса, шығыс халықтары үшін де араб тілі сондай болды. Ал парсы сөздері түркі тайпаларының тіліне араб сөздерінен әлдеқайда ертеректе ене бастағанын тарихи деректер көрсетеді. Б.з.д. VI-IV ғасырларда Қазақстан территориясын мекен еткен сақ тайпаларының солтүстік тобы түркі тілдерінде сөйлесе, оңтүстік тобы көршілес тайпалармен иран тілі арқылы қарым-қатынас жасаған. Мәдениеті мен өнері дамудың біршама жоғары сатысына жеткен сақ тайпалары Персиямен тығыз қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ VII-VIII ғасырларда Зеревшан, Қашқадария ойпатын мекендеген соғды тайпалары да түркі тайпаларымен қоян-қолтық араласып тұрған. М. Қашқари да Шығыс Түркістанның оңтүстігі мен Талас, Шу ойпаттарын мекен еткен соғдылардың екі тілде сөйлейтіндігін атап көрсеткен. Сонымен қатар Тараз бен Аққаланың (Сайрам) тұрғындары секілді Баласағұн қаласының тұрғындары да соғды және түркі тілдерінде сөйлейтіндігін айтады [5, 45]. Демек бұл тарихи деректер парсы сөздерінің түркі тілдеріне ене бастауы араб сөздерінен бұрын болғандығын растайды. Сондай-ақ түркі тілдеріндегі парсы тілінен енген сөздердің дені діни ұғымнан гөрі егін, су шаруашылығына, сауда-саттыққа, құрылыс істеріне, тұрмыстық салт-санаға, әдебиет пен өнерге байланысты. Тіптен ғалымдар парсы тілдерінде едәуір мөлшерде араб элементтерінің бар екендігін және оларды өз бойына әбден сіңіріп төл сөздеріне айналдырып жібергендігін, ал ол сөздердің түркі тілдеріне парсы тілі арқылы енгендігін де айтады.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет