Ыдыстарды, аппараттарды, қазандықтарды және технологиялық құбыржолдарды акустика-эмиссиялық бақылауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар



Дата26.04.2016
өлшемі324.69 Kb.



Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2010 жылғы «2» шілдедегі

№ 17 бұйрығымен

келісілген



Ыдыстарды, аппараттарды, қазандықтарды және технологиялық құбыржолдарды акустика-эмиссиялық бақылауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

Тағайындалу мен пайдалану аумағы
Әдістемелік ұсынымдар ыдыстық, колоннолық, реакторлық, химиялық, мұнай-химиялық және мұнай өңдеу өндірістерінде жылу алмасу жабдықтарына, изотермиялық қоймаларға, қысым астындағы сұйытылған көмірқышқыл газдарды сақтау, мұнай өнімдері резервуарлары мен агрессиялы сұйықтар, аммиакты тоңазытқыш қондырғылар жабдықтарына, ыдыстар, қазандықтар, аппараттар, технологиялық құбыржолдар, бу мен ыстық су құбыржолдары мен олардың элементтеріне акустика-эмиссиялық бақылау жүргізу кезінде пайдалануға арналған.

Ыдыстарды, қазандықтарды, аппараттарды және технологиялық құбырларды бақылаудың акустика-эмиссиялық әдiсiн қолдануы бойынша негiзгi ережелер
Акустика-эмиссиялық (бұдан әрi - АЭ) әдiс тексерiлетiн объектілердiң пластикалық өзгеру және қирау (сызаттардың өсуi) процессінде пайда болатын акустикалық толқындардың талдауына және тiркеуіне негiзделген. Бұл объектіге ақаудың нақты ықпалына негiзделген объектi күйiн бағалау белгiсiн және ақаулар жіктелуінің бiрдей жүйесін қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. АЭ бақылауының басқа көзі болып жұмыс денесiнiң (сұйық немесе газ) тексерiлетiн объектіде саңылаулар арқылы өтуi табылады.

АЭ бақылау әдiсiнiң оның мүмкiндiгiн және қолдану аумағын анықтайтын сипатты ерекшелiктерi болып мыналар табылады:

АЭ бақылау әдiсі тек қана дамитын ақауларды табу мен тiркеудi қамтамасыз етедi, ол ақауларды мөлшері бойынша емес, қауiптілік дәрежесi бойынша жіктеуге мүмкiндiк береді;

АЭ бақылау әдiсі өсетін ақауларға биiк сезгiштiкке ие, жұмыс жағдайында сызатты айқындауға миллиметр үлесі тәртібінде мүмкiндiк бередi. Теориялық бағалар бойынша акустика-эмиссиялық аппаратураның шектi сезгiштiгi 110-6 мм2 құрайды, 1 мкм шамаға 1 мкмдi созылымдықта сызаттың ауытқуын анықтауға сәйкес келеді;

АЭ бақылау әдiсінің интегралдылық қасиеті объектінiң бетінде қозғалмайтындай орнатылған АЭ бақылауының бiр немесе бiрнеше түрін қолданумен объектiге жалпы бақылауды қамтамасыз етедi;

АЭ әдiсі әр түрлi технологиялық үдерiстер мен материалдардың қасиеттері мен күйлерінің өзгерiсi үдерістеріне бақылау өткiзуге мүмкiндiк бередi;

объекттiң жағдайы мен бағыты ақаулардың табылуына ықпал етпейдi;

АЭ әдiсінің материалдардың қасиеттеріне және құрылымына байланысты шектеуi аз болады;

оның қолдануын шектейтiн АЭ әдiсiнiң ерекшелiгi бөгеттерден АЭ сигналын беру қиындығы жағдайы болып табылады. Бұл АЭ стохасткалық импульсты процесс болғандықтан, АЭ дабылды шу сияқты болып табылатындығымен түсіндіріледі. Сондықтан, АЭ сигналы амплитудасы бойынша аз болғанда, бөгеттерден пайдалы сигналдың ерекшеленуi күрделi мәселе болады.

Ақаудың дамуында оның өлшемдерi критикалық мәндерге жақындағанда, АЭ сигналдарының амплитудасы және олардың генерациясының екпiні кенет үлкейедi, бұл АЭ мұндай көзiнiң айтарлықтай өсуiне алып келеді.

АЭ әдiсі объектілердi бақылау үшін олардың жасалуы, қабылдау сынақтарының процессiнде, кезеңді техникалық куәләндiрулер кезінде, пайдалануды процесстерінде қолданылуы мүмкін.

АЭ бақылау мақсаты бақылау объектiсі қабырғасының, дәнекерлеу қосылысы және дайындалған бөлшектер мен компоненттердің бетіндегi немесе көлеміндегі тұтас еместiктерiмен байланысты дыбыс эмиссиясы көздерінің координаттары мен байқауын табу, анықтау болып табылады. АЭ көзімен табылған барлық индикациялар техникалық мүмкiндiк болған жағдайда бұзылмайтын бақылаудың басқа әдiстерiмен бағалануы тиіс. АЭ әдіс сынауларды алдын ала тоқтату және бұйымды қираудан сақтап қалу мақсатында ақаудың даму жылдамдығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін. АЭ тiркеу тығыздаулар, бұқтырмалар және ернемектiк қосылыстардағы сызаттар, теспе жарықшақтар, ағынғыштықтардың пайда болуын анықтауға мүмкiндiк бередi.

Тексерiлетiн объектілердiң техникалық күйiн АЭ бақылау АЭ көзінің жұмысын объект материалында ұйымдастырылатын конструкцияда дайындық күйi жасалған кезде ғана жүргiзiледi. Ол үшiн объект күшпен, қысыммен, температуралық өрiспен және тағы басқа жүктеулерге тартылады. Жүктеме түрiн таңдау объектінiң конструкциясы мен оның жұмысының шарттарымен, сынау сипатымен анықталады және объектілерді АЭ бақылауы бойынша жұмыстар бағдарламасында көрсетіледі.

Бақылаудың акустика-эмиссиялық әдiсiн қолдану схемалары
АЭ әдiсін әдеттегiдей, бұзылмайтын бақылаудың басқа нұсқаларымен үйлесетін өнеркәсiптiк объектілерді бақылау үшін келесi схемалар бойынша қолдану ұсынылады.

2. Объектіге АЭ бақылауын өткiзедi. АЭ көзі анықталған жағдайда олардың орналасу орындарында бұзылмайтын бақылаудың (әрі қарай - ББ): ультра-дыбыстық (әрі қарай - УД), радиациялық, магниттi (әрі қарай - МЕБ), нормативтiк-техникалық құжаттармен қарастырылған енетiн заттар және басқалармен регламенттелген әдiстерiнің бірімен бақылау жүргізеді. Бұл схеманы пайдаланудағы объектілердi бақылау кезінде қолдану ұсынылады. Бұл ретте бұзылмайтын бақылаудың қолданылатын әдiстерiнiң көлемi қысқарады, регламенттелген әдiстердi қолдану жағдайында тексерiлетiн объектінiң барлық бетi (көлемі) бойынша көшіру жүргізу қажет.

3. ББ бiр немесе бiрнеше әдiстерiмен бақылаулар өткiзедi. рұқсат берілмейтін ақаулар табылғанда (бақылаудың регламенттелген әдiстерiнiң нормалары бойынша) немесе қолданылатын ББ әдiстерiнiң нақтылығына күмән туындаған жағдайда объектi бақылауын АЭ әдiсін қолданумен өткiзедi. Объектіні пайдалануға немесе табылған ақауларды жөндеуге рұқсат берудің соңғы шешiмі жүргізілген соңғы АЭ бақылауы нәтижесi бойынша қабылданады.

4. Объектiде ББ әдiстерiнің бiрімен айқындалған ақау болған жағдайда АЭ әдiсін осы ақаудың дамуын байқауға қолданады. Сонымен қатар акустика-эмиссиялық аппаратураның бiр арналы немесе көп арналы конфигурациясын қолдануымен, бақылау жүйесiнiң үнемді нұсқасы қолданылуы мүмкін.

5. Қысым жұмыс iстейтiн ыдыстардың пайдалануына қойылатын нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес АЭ әдiсі сынауларды өткiзудiң қауiпсiздiгін жоғарылататын iлеспе әдiс ретiнде объектiні пневмо сынау кезінде қолданады. Бұл жағдайда АЭ бақылауын қолдану мақсаты апатты қирату мүмкiндiктерін ескертуді қамтамасыз етуге қызмет етедi. АЭ әдiсiн объектілерді гидросынау кезінде және ілеспе әдiс ретiнде қолдану ұсынылады.

6. АЭ әдiсі объектіні әрі қарай пайдалану мүмкiндiгіне қатысты мәселенi шешуде және қалдық қорын бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін. Қордың бағалануы белгіленген тәртіпте келісілген арнайы өңделген әдiстерді қолданумен жүргізіледі. Бұл ретте нәтижелердiң нақтылығы тексерiлетiн объекті материалының күйi мен зақымдалуының пайда болу түрлері туралы априорлық ақпарат сапасы мен көлеміне тәуелдi болады.



Акустика-эмиссия әдiсiн қолдану тәртібі
7. АЭ бақылауды егер ол объектіге нормативтiк-техникалық құжаттармен немесе техникалық құжаттамамен көзделсе барлық жағдайларда өткiзедi.

8. АЭ бақылауды объектіге нормативтiк-техникалық құжаттамамен регламенттелген әдiстердің бірімен бұзылмайтын бақылау жүргізу қарастырылған жағдайда өткiзедi, бiрақ техникалық немесе басқа себептер бойынша мұндай бақылауды өткiзу мүмкiн емес.

9. АЭ бақылауды бұзылмайтын бақылаудың регламенттелген әдiстерінің орнына ұйымның техникалық жетекшiсiнiң келісiмі бойынша қолдануға рұқсат етiледi.

2. Акустика-эмиссиялық бақылауды орындауға қойылатын жұмысты ұйымдастыруға, орындаушыларға және әзiрлеу тәртібіне қойылатын талаптар

Бақылауды ұйымдастыру
АЭ бақылауы нәтижесіне ықпал ететiн маңызды фактор оның өткiзуiне тiкелей қатысты шаралар болып табылады. АЭ бақылауын әзiрлеуде тапсырма берушi де, орындаушы да қатысады. Келесi әрекеттер орындалады.

10. Тапсырма берушiден ресми мәлiмдеменi алғаннан кейiн орындаушы өкiлi бақылау объектiсімен бақылау жүргізудің техникалық мүмкiндiгін зерттеу мақсатында алдын ала танысу өткiзедi. Осы кезеңдерге бақылаудың түрi туралы сұрақ шешіледі: объектіні АЭ бақылау бiр жолғы, тасымал құралдарын пайдаланумен үнемi-кезеңді және стационарлы құралдарды (барлау) қолдануымен тұрақты бола алады.

11. АЭ бақылауын өткiзуге шартты ресiмдегеннен кейiн тапсырма берушi орындаушыға объектiге бақылау жүргізу үшін нақты шарттар мен пайдалану тәртiптерiнiң барлық қажеттi жобалық және техникалық құжаттамасын ұсынады.

12. Объект құжаттамасымен танысқаннан кейiн орындаушы объектіге АЭ бақылауы бойынша Жұмыстар бағдарламасын құрады. Бағдарлама келісіледі және техникалық жетекшi бекітедi.

АЭ бақылауы бойынша жұмыстар бағдарламасында АЭ бақылауын орындауға дайындық бойынша әрбiр жұмысқа қатысушының мiндеттерiн анықтаумен тапсырма берушi өткiзетiн жұмыстарды өткiзу шарасы тапсырма берушi тарапынан да, орындаушы тарапынан да көрсетілуі керек. Бағдарлама АЭ бақылауын табысты орындауды қамтамасыз ететiн келесi ұйымдастыру-техникалықтар шараларынан тұрады:

акустика-эмиссиялық аппаратураға (қажеттілігі болғанда) арналған үй-жай ұсыну. Үй-жайдағы температура 18°С төмен болмауы керек, ол қуаттылығы 10 кВт төмен емес 220 В кернеулі электр қоректендіргішпен қамтамасыз етiлуі тиіс;

бақылау объектiлерінде АЭ түрлендiргiштерді (әрі қарай - АЭТ) орнату орындарына қол жетімділікті қамтамасыз ету; тапсырма берушi қажеттілігіне қарай көтергiш тетiктер, сатылар орнату, қақпақтар дайындау мен орнату, қосалқы жұмыстар үшін персонал бөлу, жылу изоляциясындағы терезелердiң кесiндiсi мен АЭТ орналасқан орындарда беттiң тазалауын қоса (беттердiң тазалығы R40 нашар болмауы тиіс) қамтамасыз етуi тиіс; орындаушы тексерiлетiн объектіден АЭ бақылауы кезеңінде барлық жөндеу персоналдарын алып кетуі, жақын орналасқан объектілер және тағы басқа объектілерде наряд-рұқсатты жабумен жұмысты тоқтатуы керек;

орындаушы өңдеген жүктеу кестесіне сәйкес объектіге жүктеменi өзгертуді қамтамасыз ету;

бақылауды орындайтын персонал және жүктеме өзгерiсін жүзеге асыратын пайдаланушы персонал арасында екi жақты байланысты қамтамасыз ету;

АЭ өткiзушi мамандарды жоғарыда АЭТ орнату бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде сақтық белдіктерін қоса, жеке қауiпсiздiк құралдарымен, арнайы киiммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.

Жұмыстардың қауiпсiз жүргiзуi бойынша шараларды жұмысқа рұқсат беру жұмыстарын қоса, тапсырма берушi орындайды.

Бақылау объектiсін алдын ала зерделеу
АЭ бақылауын өткiзудiң алдында осы объектiні АЭ бақылауы технологиясын дамытуға арналған мәлiметтердi алу мақсатында орындаушы бақылау объектісін мұқият зерделеуі керек. Бақылау технологиясы осы талаптардың және бақылау объектiсiн зерделеуде алынған мәлiметтер негiзiнде жасалады. Бақылау технологиясы бақылау бойынша есеп беру құжаттамасында келтiрілуi керек.

Бақылау технологиясын құрастыруда келесi мәлiметтер болуы керек:

материал мен тексерiлетiн объектінiң акустикалық қасиеттерi, АЭ бақылауды орындауы үшiн қажеттi толқындардың басылу коэффициентi мен жылдамдығын, материалдардың импеданстарын қоса;

АЭ бақылауы үшін талап етілетін объекті материалының қасиетi;

акустикалық канал ретінде объекті параметрлерi.

Акустикалық және акустика-эмиссиялық параметрлерін бақылау объектiсінiң алдын ала зерделеуiнде алады, немесе техникалық және ғылыми әдебиеттен белгiлi мәлiметтерді қолданады.

Алынған мәлiметтер негiзiнде объектінi бақылаудың әдiстемелiк тәсілдерін, сонымен қатар АЭ классификациясы мен бақылаудың нәтижелерiнiң бағалау белгiлерiнің жүйесін өңдейдi (немесе қолданыстағы жүйелер мен белгiлерден таңдайды).

13. Объектінi бақылау технологиясы тапсырма берушімен бақылау өткiзуге дейiн алдын ала қажеттi даярлық жұмыстарын орындау мақсатында тапсырма берушiмен келісіледі. Бақылаудың технологияларында келесi мәлiметтер болуы тиіс:

тексерiлетiн объектінiң материалы және конструкциясы, өлшемдері мен формасы, сақталатын (жұмыс) өнiмінiң түрiн қоса;

шу параметрлерi туралы мәлiметтер;

АЭ түрлендiргiштерінің түрі мен параметрлерi, оларды дайындаушы;

АЭ түрлендiргiштерінің бекiту әдiсі;

түйiсу ортасы;

АЭ түрлендiргiштерін орналастыру схемасы;

АЭ аспабының түрi, оның параметрлерi;

АЭ аппаратурасы калибрінiң нәтижелерi мен жүйе сипаттамасы;

тiркелетiн мәлiметтер және тiркеудiң әдiстерi;

АЭ көзі классификациясының жүйесi бақылаудың нәтижелерi бойынша және тексерiлетiн объектінiң күйiн бағалау белгiсi;

операторлардың бiлiктiлiгi.

Бақылау объектiсі туралы және бақылаудың негiзгi параметрлерi туралы мәлiметтер (1-қосымша) хаттамаға енгiзiледі.

Су және пневмо сынау процедураларын толық суреттейдi;

уақыты бойынша жүктеме мен температура өзгеруінің кестелерін келтіредi.

14. Бақылау технологиясына сәйкес тапсырма берушi жүктеу жүйесін әзiрлеудi ұйымдастырады, қажеттi (оқшау газ, су және тағы басқалар) сынау ортасының қорларын құрады, компрессорлық құрылымдар, жүк көтеру механизмдері және бақылау технологиясында көрcетiлген басқа дайындық жұмыстарының сұрақтарын шешедi.

Алдын ала жүктелген немесе жүктеме астында болған объектілер үшін қысым (немесе) мен жүктеме деңгейдi алдын ала анықтағанға дейiн азайтылуы тиіс. Төмендетiлген қысым кезінде ұстау уақыты алдын ала алынған мәлiметтер негiзiнде анықталуы керек.

Пайдаланудағы объектiге сынау жүргізгенге дейiн мiндеттi түрде мынадай мәлiметтерді білу керек:

соңғы жылдың ағымында жұмыс iстейтiн максимал (жұмыс) қысым немесе жүктеме туралы;

сынау қысымы туралы.

15. Бақылау бойынша жұмыстарды орындау кезінде тапсырма берушi орындаушы құзырына жұмыстарды өткiзуді қамтамасыз ететiн жұмысшылар бригадасын ұсынады.



Акустика-эмиссиялық бақылау өткiзушi ұйым және қызметшiлер
АЭ бақылауын аттестациядан өткен және олардың бiлiктiлiгін растайтын куәлiктерi бар мамандар жүзеге асырады. АЭ бақылауын кемiнде екi маманнан тұратын бригада өткiзуi тиіс. Олардың iшiнде кем дегенде бiр маманның бiлiктiлiктiлігі II немесе III деңгейлi болуы тиіс. Бақылау нәтижелерi бойынша шешiм қорытындысын бiлiктiлiктiң II немесе III деңгейлі маманы беруге құқысы бар.

Ұйымның:


бақылаудың калибрленген құралдары (АЭТ және акустика-эмиссиялық аппаратура);

аттестатталған, квалификациялы персонал.

Ұйымдастырушы-ұйымның кәсiби деңгейiн растайтын құжаттар пакетi, сапа жүйесi туралы мәлiметтер, өнеркәсiптiк объектілердi бақылау бойынша алдыңғы жұмыстар туралы мәлiметтi, тексерiлген объектілер мен АЭ бақылауы бойынша қызмет көрсетілген ұйымдар тізімі болу ұсынылады.

АЭ бақылауы бойынша жұмыстарды орындауға орындаушы дайындығының керектi шарттары болып тексерiлетiн объектінің бақылау технологиясының болуы танылады.



3. Аппаратура және жабдық
АЭ бақылауын жүргізу кезінде пайдаланылатын аппаратура мен жабдыққа бекiткiш құрылымдарымен АЭТ және бақылау объектiсімен акустикалық байланысты қамтамасыз етуге арналған материалдар жатады; АЭ сигналдарының имитаторлары; АЭ сигналдарын күшейту мен өңдеуге арналған электронды блоктар; бағдарламалық қамтамасыз етудi қоса өңдеу және бақылау нәтижелерiнiң ұсынысы үшiн есептеуiш құралдар; тексерiлетiн объектінiң жүктеуін қамтамасыз ететiн құралдар.

АЭ өзгерткіштер
АЭ бақылаудың негiзгi техникалық элементтерiнің бірі болып АЭТ табылады. Олар бақылаудың сезгiштiгiн және жұмыс жиiлiгінің ауқымдарын анықтайды. Жұмыс жиiлiктерiн шулардың шарттарына, объектiдегі акустикалық басылуға байланысты таңдайды. Ыдыстарды, қазандар мен аппараттарды бақылау үшiн 100-500 кГц диапазонды қолдану ұсынылады. Технологиялық құбыр өткізгіштерді бақылауда ауқымы төмен 20-60 кГц жиiлiкті қолдануға болады. Төменірек жиiлiктерде объектілердi бақылау кезінде бөтен механикалық шулардың биiк деңгейi байқалады. 500 кГцтен артық диапазонда конструкциядағы серпiндi толқындардың басылуы бiлiнедi.

Қолданылатын АЭТ объектілердiң бақылауы жүргізілетін температуралық аралықта температуралы-тұрақты болуы тиіс. Олардың электроакустикалық пайда болу коэффициентi температуралардың бұл диапазонында 3 дБ артық өзгермеуi керек. Объектіні бақылауда қолданылатын АЭТ пайда болу коэффициентінің таратылуы 3 дБ аспауы тиіс. Көбiнесе резонанстық АЭТ қолдану ұсынылады.

АЭТ кедергіден қорғаудың қабылданған әдістерін пайдаланумен, сонымен қатар дифференциялдық схемаларды қолданумен кедергіден қорғалған болуы тиіс.

АЭТ объектіге механикалық жабдықтарды қолданумен, магнит ұстағыштар немесе желім көмегімен бекітеді. Объектіде жаңартқыштарды орнатуға арналған жабдықтарды оның конструктивтік ерекшелігіне қарай таңдайды. Олар алынбалы-салынбалы (магнитті ұстағыштар, струбциндер, қамыттар және т.б.) немесе стационарлы орнатылған кронштейн түрінде болуы мүмкін.

Сигналды кабель және алдын ала күшейткіш тіркелген болуы тиіс. Алдын ала күшейткішті АЭТ жақын немесе оның корпусына орналастырады. АЭТ алдын ала күшейткішпен жалғастыратын дыбыстық кабельдің ұзындығы, әдеттегідей 2 м артық болмауы керек, кабельдің электромагниттік кедергілерден қорғайтын экраны болуы тиіс. Алдын ала күшейткішті аспаппен қосатын кабельдің барынша көп ұзындығы 150 м артық болмауы тиіс. Осы кабельде дыбыстың жоғалуы 30 м ұзындыққа 1 дБ аспауы, электрлі ыдыс 30 пФ/м аспауы керек.

АЭ жаңғыртқышын тікелей объектінің үстіне, не толқынды қолданумен орнатады. Бағытталмаған жаңғыртқыштарды пайдалану ұсынылады. Желілік объектілерді (құбыр өткізгіштерді) бақылау кезінде немесе белгіленген аумақты бақылау кезінде бағытталған АЭТ пайдалануға рұқсат беріледі. Қалың қабырғалы объектілер үшін ( << t  0,1L болған шартында, мұнда t-қабырға қалыңдығы, -жұмыс жиілігінде толқын ұзындығы, L-АЭТ арасындағы қашықтық) жоғарғы толқындардың пьезожаңғыртқыштарды пайдалану мүмкін.

Бақылау объектiге АЭТ орнату кезінде акустикалық түйiскен орта АЭТ объектiмен тиiмдi акустикалық байланысын қамтамасыз етуi керек және сонымен бiрге тексерiлетiн объектіге жағымсыз әсер етпеуі тиіс. Түйiскен орта тексерiлетiн объекті температурасында сынау мерзімі кезінде сенiмдi акустикалық байланысты қамтамасыз етуi керек. Ең төменгi басылуы бар түйiскен ортаны қолдану ұсынылады. Түйiскен орта ретiнде эпоксидтық шайырды қатырғышсыз, машиналық май, глицерин және басқа сұйықтарды қолдануға болады. Толқын ағызуларын қолдануына рұқсат етiледi. АЭТ орнату орындарында бақылау объектiсінiң бетiн Rz40 нен төмен емес тазалыққа дейiн тазартады.

Бақылау объектiсіне АЭТ орнатқаннан кейiн АЭ имитатор қолданумен олардың жұмысқа қабiлеттiлiгiн тексереді. АЭ сигналдарының имитаторы ретiнде генератордан электр импульс қоздыратын пьезоэлектрлық түрлендiргiш қолданады. Имитациялық импульстiң жиiлiк ауқымы бақылау жүйесiнiң жиiлiк ауқымына сәйкес келуi керек.

Түрлендiргiш-имитаторды қоздырғыш генератор келесi талаптарға жауап беру мiндеттi:

импульстердiң жүру жиiлiгi-1-100 гц;

шығарылатын импульстердiң амплитудасы өзгертiледi және амплитуданың бақылау жүйесiнiң түрлендiргiштерiнiң (басылуды есепке алумен) 10 мкВ-30 мВ диапазонында өзгеруін қамтамасыз етуi керек;

қоздырғыш электр импульсiнiң ұзақтығы 0, 1-0, 2 МКС аспауы тиіс.

АЭ сигналдарының имитаторы ретiнде сонымен бiрге Су-Нильсен көзін қолдану да мүмкiн-[2Т (2Н ) қаттылықты, 0,3-0,5 мм диаметрлi графит сырығының сынуы].

Бақылауды орындау кезінде қолданылатын жұмыс істейтін АЭТ эталонды АЭ түрлендiргiштерін қолдануымен калибрленуi керек.

Эталонды АЭТ электроакустикалық пайда болуының коэффициентiн анықтау қатты зат бетiнінің динамикалық қиысу амплитудасын және импульсты сипаттаманың амплитудасын өлшеу жолымен өлшеудiң үлгiлiк құралдарын қолдануымен жүргізеді.

Жұмыс АЭТ калибрлеудi эталонды АЭТ қолданумен аттестаттатталған ұйымдар жүргізеді. Жұмыс АЭТ негiзгi параметрлерiн анықтауды нормативтiк-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес әдiстемелердi қолданумен АЭТ иелері жүзеге асырады. Эталонды АЭТ калибрлеу жылына бiр рет жүргiзiледi. Жұмыс АЭТ негiзгi параметрлерiн анықтау әрбiр бақылаудың алдында, бiрақ кемінде жылына бiр рет жүргiзiледi. Калибрлеудiң нәтижелерi АЭТ паспортына енгізіледі.



Акустико-эмиссиялық аппаратура
Үлкен масштабты объекттердi сынау кезінде АЭ тiркеу үшiн сигналдар көзінің координаты мен жүктеу параметрлерiн (қысым, температура және тағы басқа) бiр уақытта тiркеумен АЭ сипаттамасын анықтауға мүмкiндiк беретiн көп каналды жүйе түрiндегi АЭ аппаратуралар қолдану ұсынылады.

Көп каналды АЭ жүйеге:

алдын ала күшейткiштер жиынтығы;

кабельді желiлер;

алдын ала өңдеу блоктары және акустикалық эмиссия дыбыстарының пайда болуы;

қажеттi математикалық қамтамасыз етілумен компьютер;

мәлiмет бейнелеу құралдары;

жүйенi калибрлеу блоктары жатады.

АЭ жүйесі тұрақты да сол сияқты жылжымалы да бола алады. Жай конфигурация объектілерін бақылау үшін немесе ақаулардың орындарын анықтау талап етілмегенде, қиындығы төмен аппаратура, яғни аймақтық бақылау тәртiбiнде бiр арналы құрал (құралдар) немесе көп каналды жүйені қолдануға рұқсат берiледi.

АЭ жүйесі жедел өңдеудi және нақты уақыт тәртiбiнде ақпарат бейнесiн, сол сияқты сынау аяқталғаннан кейiн сынау ағымында жиналған құжаттарға арналған периферийдті құрылымдарға қорытындыны қамтамасыз етуi керек. Мұндай ақпараттарға мыналар жатады:

АЭ импульсін немесе АЭТ нөмірін тiркеген АЭ түрлендiргiш тобының нөмiрі;

әрбiр тiркелген АЭ импульстiң координаттары (аймақтық бақылаудың тәртiбiнде бұл керек емес);

АЭ импульсiнің амплитудасы (АЭ процесстiң амплитудалық үлестiрiлуі);

акустикалық эмиссия импульстерiнiң энергиясы немесе MARSE (Measured Area of the Rectified Signal Envelope-айналатын сигнал астында өлшенген аудан ) немесе басқа энергетикалық параметр;

лақтырулар саны (дискриминация деңгейiн дыбыспен асыру);

сигналдың уақытша сипаттамалары;

АЭ импульсі тiркелген жүктеменiң параметрлерi (қысым, деформация немесе температура );

импульстi тiркеу уақыты;

дыбыстардың кiрiс уақыты айырмашылығының мәндерi (КУА). (аймақтық бақылаудың тәртiбiнде бұл керек болмайды).

АЭ жүйелеріне келесi жалпы техникалық талаптар көрсетіледi:

жұмыс жиiлiк ауқымы 10 нан 500 кГцке дейін;

±3 дБ артық емес жиiлiк ауқымы шегiндегі амплитудалық-жиiлiк сипатының бiр қалыпсыздығы;

30 дБ төмен емес жиiлiктер шегiне қатысты октаваға орналастыруда жұмыс диапазонының шегінен тыс сигналдың әлсiреуi;

5 мкВ артық емес күшейткiш тракттiң меншiктi шулары кернеуiнің тиiмдi мәні;

алдын ала күшейткiштiң күшейту коэффициентi 20-60 дБ;

негiзгi күшейткiштiң 1 дБ арқылы сатылы реттегішпен 0-40 дБ күшейту коэффициентi;

алдын ала күшейткiштiң амплитудалық серпiндi ауқымы 70 дБ кем емес;

АЭ амплитуда сигналдарын өлшеудiң серпiндi ауқымы 60 дБ кем емес.

АЭ жүйесі өлшегiш арналар бойынша сезгiштiктi теңестiру мүмкiндiгiн ±3 дБ шегiнде қамтамасыз етуi керек, сонымен бiрге аппаратуралық та, бағдарламалық та деңгейде жүзеге асырылған жалған оқиғалардың ақауын iрiктеудi қамтамасыз етедi.

Бағдарламаның жүйелiк бөлiгi оператордың ЭЕМ қарым-қатынасының ыңғайлылығын, өңдеудiң диалогтi тәртiбінде тапсырма және параметрлердiң өзгерiсiнiң бұйрығын енгiзумен қамтамасыз етуi керек.

АЭ аппаратураның негiзгi параметрлері мен оның жұмыс тәртiбiн хаттамаға енгiзеді (1 - қосымша). Сынау барысында олар өзгерсе себептерi көрсетілуi керек.

4. Бақылау өткiзу
Объектілер олардың жұмыс қалпында тексеріледi. Дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейiн объектіге АЭТ орнатумен басталатын бақылау бойынша тiкелей жұмыстар жүзеге асырылады.

Акустикалық эмиссия түрлендiргiштерiн орнату
Әрбiр АЭТ объектінiң бетiне тiкелей орнатылуы керек немесе сәйкес толқын ағызғы қолданылуы керек. Түйісу аймағында бояу және қорғаныс жабын, сонымен бiрге қисықтық және объекті бетiнiң тегiссіздігі болған жағдайда АЭ сигналы амплитудасының азаюы және оның формасының бұрмалауының болу мүмкiндігін есепке алу керек. Егер АЭ сигналы амплитудасының азаюы 6 дБ асса, АЭТ орнату орындарында объектi бетi бояу немесе жамылғыдан мiндеттi түрде тазалануы тиіс. Түйісу мен АЭТ механикалық жүктеуiнің жоғалуын болдырмау үшін сигналдық кабель мен күшейткiштiң бекітілуі қарастырылуы керек.

АЭТ орналастыру мен антенна топтарының саны объектi үйлесімімен және координаттарды анықтау дәлдігімен дыбысты басумен байланысты АЭТ максимал таратуымен анықталады. Объектінiң қиын орындары, пiсiру жiгi, жоғары кернеу аймақтары, түтiктер, жөндеу мен тағы басқаға ұшыраған аймақтарын есепке алады. Пiсiру жiктерi мен объектi қабырғасының қалыңдығының өзгеруi орын алатын бөлiмшелерде қосымша басылуды есепке алу керек. АЭТ орналастыруды (бақылау карталарында) бақылау технологияларында келтіредi.

Объект пішінінің өзгеруіне байланысты жекелеген қарапайым бөлiмдерге бөлінедi: сызықты, жазық, цилиндрлiк, сфералы. Әрбiр бөлiм үшін түрлендiргiштердiң орналасуының тиiстi схемаларын таңдайды. Координаталарды анықтауға қызмет ететін түрлендiргiштердің негiзгi топтарынан басқа объектiде анықталған шулардың кеңiстiк селекциялары үшін қосалқы (байластыратын) топтар орналасуы мүмкін.

АЭТ орналастыру тексерiлетiн объектiнің барлық бетiнiң бақылауын қамтамасыз етуi тиіс. Бiрқатар жағдайда тапсырма берушiмен келісiм бойынша АЭТ тек маңызды болып есептелетiн объект аумақтарында орналастыруға рұқсат берiледi. Егер барлық объектiнің бақылау аймақтарын жүз пайызды жабу қамтамасыз етілмесе, онда бұл осы схеманың қолдану негізділігімен бақылау бойынша есепте көрсетілуі тиіс.

Акустикалық эмиссия көздерінің координаттарын тексерiлетiн объектінiң бетінде орналасқан түрлендiргiштерге дыбыстардың келу уақытының айырмашылығы (КУА) бойынша есептейдi.

Көп каналды локациялар жағдайында АЭТ арасындағы қашықтықты тексерiлетiн аймақтың кез келген жерінде орналасқан дыбыс АЭ имитаторынан (қарындаштың майысуы) координатты есептеуге керек болатын түрлендiргiштердiң ең төменгi санымен табылатындай таңдайды.

АЭТ арасындағы қашықтықты таңдау үшін басылуға өлшеу жүргізеді, бұл ретте объекттiң өкiлеттi бөлiгiн түтiктер, тағы сол сияқтылардың өтулерiсiз таңдайды, АЭТ орнатады және АЭ имитаторын АЭТ бағытында сызық бойынша 3 м дейін қашықтыққа (0,5 м сайын) ауыстырады. АЭ имитаторы ретінде 0,3-0,5 мм диаметрлi, қаттылығы 2 Н (2 Т) қарындаш сырығын (имитатор-Су-Нильсен) қолдану ұсынылады, қарындаштың көлбеу бұрышы жоғарыға шамамен 30° бұрышта сырықты 2, 5 мм жылжытады.

Аймақтық локацияны қолдану кезінде АЭТ арасындағы қашықтықты қарындаш майысуынан бастап АЭ дыбысы бақыланатын аймақтың кез келген орнында бір АЭТ болса да (немесе АЭ дыбысы басқа АЭ имитаторынан) тіркелетіндей және берілгеннен төмен емес амплитудасы болатындай беріледі. АЭТ жақын орналасқан АЭ имитаторы амплитудасының айырмашылығы әдеттегiдей, аймақ шетінде де 20 дБ аспауы тиіс. АЭТ аралығында максимал қашықтық шамадағыдан 1,5 есе артық аспауы керек. Соңғысын АЭ имитаторынан дыбыс амплитудасы кезінде шамадағы кернеуге тең (қарындаш грифелiнің майысуы) қашықтық ретінде анықтайды.

Серпiндi толқынды биiк басылуы бар объектілердi бақылау кезінде екi жұмыс жиiлiгiн қолдану ұсынылады: төмен-20-60 кГц аралықта және жоғары-100-500 кГц аралықта. Құбыр өткізгіштерді бақылау үшін 10-40 кГц жиiлiктi қолдану ұсынылады. Сәйкесiнше екi және одан көп жұмыс жиiлiктерiн қолдануға (сәйкесiнше екi және жиiлік каналдары) рұқсат берiледi. Осы жағдайда жоғары жиiлiктi каналдарды АЭ көзін табу мен бағалау үшін қолданады. Төмен жиiлiктi каналдарды жоғарғы жиiлiкте АЭ дыбыстарының үлкен басылуы салдарынан өтуі мүмкін АЭ көздерін анықтау үшін қолдану ұсынылады. Егер аласа жиiлiкте түбегейлi белсендiлiк айқындалса және жоғары жиiлiктi каналдар бойынша тiркеу болмаса, жоғары жиiлiктi АЭТ қайта орнатылады және бақылау қайталанады.

АЭ көзі координаттарын есептеу үшін қолданылатын дыбыс жылдамдығын өлшеуді келесі түрде жүргізеді. АЭ имитаторын АЭТ қосатын желідегі АЭТ тобынан тыс олардың бiрiнен 10-20 см қашықтықта орналастырады. АЭТ әртүрлi сыңарлары үшін көп рет (кемiнде бес) өлшеу өткiзу таратудың орташа уақытын анықтайды. Ол бойынша және АЭТ арасындағы белгiлi қашықтық бойынша АЭ дыбыстарының таралу жылдамдығын есептейдi.



АЭ аппаратуларының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және каналдарды калибрлеу
АЭ жүйесінiң жұмысқа қабiлеттiлiгін тексерудi тексерiлетiн объектіге АЭТ орнатқаннан кейiн сол сағатта, сонымен бiрге сынауларды өткiзгеннен кейiн әрбiр АЭТ нақты қашықтықта орналасқан акустикалық сигналды АЭ имитатормен қоздыру жолымен орындайды. АЭ сигналының тiркелген амплитудасының ауытқуы барлық каналдар үшін орташа үлкендіктен 3 дБ аспауы тиіс. Көрcетiлген мәннен асып кеткен жағдайда себебi түзетілуі, ал болмаған жағдайда қайтадан бақылау өткiзіледi.

АЭТ әр түрлi топтарының сезгiштiк деңгейi өзгешелене алады. Бұл жағдайда бақылау хаттамасында белгi және есептеу нәтижесiнде дәлел болуы керек. Бақылау нәтижелерiнiң бағасында каналдардың сезгiштiгiнің таралуын есепке алу керек.

Каналдарды күшейту коэффициентi және амплитудалық кемсiту шегін АЭ сигналдары амплитудаларының күтiлетiн диапазонын есепке алумен таңдайды. Сонымен бiрге АЭ сигналдарының бұрмалаусыз берiлуi қамтамасыз етiлу үшiн қадағалайды және каналдарда бөгеттердiң лақтырылу жиiлiгі орташа бiреуі 100 секундтен аспайды. Шек мәнi, АЭ сигналын лақтыру саны, энергия, MARSE, амплитуда және басқа да бақылау технологиясында жазылған технология бойынша қажеттi сипаттамалар тексеріледi.

Егер объектілерге гидросынау жүргiзiлген жағдайда, барлық аппаратураның күйге келтiру бойынша жұмыстар объектілердi суға толтырғаннан кейiн орындалады.



Объектінiң жүктелуi
Дайындық және бейiмдеу жұмыстарын орындағаннан кейiн объектiні жүктеу жүргізіледі.

АЭ бақылауы алдын ала таңдалған шамамен объектiнi iшкi қысымымен нақтылыға дейiн жүктеу процессiнде және қысымды нақты деңгейде ұстау процессiнде орындалады.

Бақылау объектiсін iшкi қысыммен жүктеу кезінде оның барынша көп сынау-мәнi қысымы (Рорынд) рұқсат берілген қолданыстағы жұмыс қысымынан (Рраб) 5-10 % кем болмай асуы керек, бірақ төмендегі формула бойынша байқау қысымынан (Рбайқ) аспауы керек:

мұнда Р-ыдыстың есептi қысымы, МПа (кгс/см2);

[]20, []t-ыдыс материалы үшін рұқсат берілетін кернеу немесе оның элементтері сәйкесінше 20°С және есепті температура кезінде МПа (кгс/см2);

а=1,25 құйылғаннан басқа барлық ыдыстар үшін;

а=1,5 құйылған ыдыстар үшін (құрылымға және қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстардың қауiпсiз пайдалануына қойылатын нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес).

Егер сынаудың барынша көп қысымы сынау қысым шамасына тең болған жағдайда, пайдаланудағы объектілер үшін ұстау ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиiс (құрылымға және қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстардың қауiпсiз пайдалануына қойылатын нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес), қайта жасалған объектілердi сынау кезінде объектi қабырғасының жуандығы байланыстыны таңдалады (құрылымға және қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстардың қауiпсiз пайдалануына қойылатын нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес):

50 ге дейiн, мм-10 мин;

50 ден жоғары 100 ге дейiн, мм-20 мин;

100 жоғары, мм-30 мин;

құйып жасалған және қабырғаның жуандықтарына тәуелсiз көп қабаттылар үшiн-60 мин.

Егер сынаудың барынша көп қысымы сыналатын қысым шамасынан кем болса, қайта жасалған объекттер сынау кезінде ұстау ұзақтығы 10 минуттан кем болмауы тиіс.

Мұнай, мұнай өнiмдерiн және басқа сұйық ортаны сақтауға арналған резервуарлар АЭ бақылауы кезінде Рорынд=1,05Ржұм. барынша көп жүктемені қолданады.

Сыналып отырған объекттерді АЭ бақылау кезінде оларды толтырудың барынша көп мүмкiн деңгейiнде ұстау уақыты екi сағаттан кем болуы тиіс.

Сынаудың барынша көп қысымы тағайындалғанда материал сипаттары, бақылау объектiсін пайдалану шарттары, температура, сонымен бiрге оның артылуының пайда болу жағдайы есепке алынуы тиіс.

Жүктеу iшкi (сыртқы) қысымның жоғарылуын берілген кесте бойынша қамтамасыз ететiн, жүктеу жылдамдығын, объектiні жүктеме астында ұстау уақытын және жүктеме мәнін анықтайтын арнайы жабдықты қолданумен iске асырылады.

Объектiні сынауды алдын ала және жұмыс деп бөледі.

Алдын ала сынаулар мынадай мақсатпен жүргізіледі:

барлық аппаратураның жұмысқа қабiлеттiлiктерiн тексеру;

шулар деңгейiн анықтау және аппаратура шегін түзету;

бұқтырмалар мен тығыздағыш нығыздалуларды тығындау;

объекттер, тiректер, қаттылықтың конструкциялық элементтерi және басқаларды ілу (бекiткiш) орындарында үйкелумен байланысты акустикалық сәулеленуді анықтау.

Алдын ала сынауларды 0-0, 25 Ржұм аралылығында циклдiк жүктеуде өткiзедi. Жалатылған жамылғы мен қаттылық қырынсыз объекттер үшiн және жүктеулер циклінің саны 2 кем емес, қалғандары үшін 5 кем емес.

Жұмыс сынауында жүктемені, қысымды 0, 5 Ржұм 0, 75 Ржұм 1, 0 Рорынд және Рорынд деңгейде ұстаумен сатылай жүргізу ұсынылады. Аралық сатыларда ұстау уақыты әдеттегiдей, 10 минутты құрайды.

Жүктеудiң тұрпатты кестесінің үлгiсi 2-қосымшада келтiрiлген. Жүктеудiң тұрпатты кестесінен есепте қажеттi дәлелдеме келтiрумен ауытқуға рұқсат берiледi.

Объектілердi жүктеу қарқынды кедергілер туындамайтын біркелкі жылдамдықпен жүргiзiледi. Қысымды жоғарылатудың ұсынылатын жылдамдығы
Рорынд/60 + Рорынд/20, [МПа/мин] құрайды.
Көрcетiлгеннен барынша аз жүктеу жылдамдығымен сынау өткiзуге рұқсат етiледi. Бұл жағдайларда аралық ұстаулар өткiзбеуге болады.

Үлкен көлемнiң резервуарлары мен қоймаларды АЭ бақылау мониторинг тәртiбінде (үздiксiз бақылау) немесе арнайы бағдарлама бойынша өткiзедi. Мұндай әрбiр объект үшін жүктеу бағдарламасы жеке жасалады және мамандандырылған сарапшы ұйыммен келісіледi.

Жүктейтiн сұйық орта түрінде (гидравликалық сынаулар) объекттiң жұмыс денесi, су, май, сонымен қатар газ түрінде орта (пневмо сынау) қолданылуы мүмкін. Гидравликалық сынау жүргізу жағдайында жүктейтiн сұйық беру ыдыстың төменгі бөлігінде, ыдысты толтыратын сұйық деңгейінен төмен орналасқан түтiк арқылы берілуі мүмкін.

Бақылау өткiзу кезінде шулар және бөгеттердiң деңгейiн кiшiрейту үшiн бақылау объектiсіндегi және оған жақын барлық бөгде жұмыстар тоқтатылуы тиіс. Қызмет көрсету алаңдары бойынша жүрiс, автокөлiк қозғалысы, дәнекерлеу және монтаждау жұмыстарын жүргізу, қатар орналасқан көтергiш-көлiк механизмдерінің жұмысы тоқтатылуы тиіс.

Үлкен көлемдегі объектiге немесе iрi объектілерге бақылау жүргізгенде бақылауды кезең бойынша жүргiзуге рұқсат берiледi. Жеке кезеңдер арасындағы интервал 24 сағаттан кем болмауы керек. Объекті бөлiгiне бақылау өткiзуге тек тапсырма берушiмен келісiм бойынша ғана рұқсат берiледi.

Дәнекерлегеннен кейiн термооңдеуден өтпеген қайтадан жасалған ыдыстарды сынау кезінде кернеуді тегістеуден туындаған және ақаудың пайда болуымен байланысты емес АЭ тіркеу мүмкін. Сондықтан бiрiншi жүктеуде, әдеттегiдей, амплитудасы деңгейден 20 дБ артық дабылдарды және ұстау кезінде тiркелген дабылдарды ғана есепке алады. Егер бiрiншi жүктеу кезінде АЭ көзінің II немесе III сыныптары айқындалса немесе белгiсiз нәтижелер алынса, объект жүктеменiң сынау қысымының 50 ден 100 % дейін өзгеруімен мiндеттi түрде жүктеудің екiншi жұмыс циклiмен жүктелуі тиіс. АЭ көзінің классификациясының жүйесi төменде келтірілген.

Жүктеу үдерісінде АЭ хаттамасында келтiрiлген күшейткiш трактың сезгiштiгiнің өзгерiсiне сәтті міндетті түрде тіркеу мен енгiзiлген өзгерістердің мәнiне және негізділігіне рұқсат берiледi.

Жүктеу үдерісінде сыналатын объектінiң АЭ сәулеленуін монитор экранында шолу суретін үздiксiз бақылау ұсынылады.

Сынаулар тiркелетiн АЭ көзі IV сыныпқа жеткен жағдайда сынауды мерзімінен бұрын тоқтатады. Объект жүктен босатылуы, сынау не тоқтатылуы не АЭ көзi анықталуы және сынау жалғасуының қауiпсiздiгi бағалануы тиіс. Жиынтық есептің, импульстiк амплитуданың, энергия немесе MARSEнiң тез өсуi (экспоненталық) бұзылуға соқтыратын сызаттың жылдам өсу көрсеткiші қызметін атқаруы мүмкін.

Қысым мен температураны (оның өзгерiсiнде) тiркеу жүктеменi көтеру мен түсірудің барлық циклінде жүргізіледі. Қысым максимал сынау қысымының ±2 % қателігімен үздiксiз бақылануы керек. Ұқсас манометр шкаласы сынау қысымының 5 есе артық және 1,5 төмен емес максималды мәнiне ие болуы тиіс. Цифрлық аспаптың қателiгі сынау қысымының 1 % аспауы керек.



Шулардың талдауы
АЭ бақылауының тиiмдiлiгін шектейтiн негiзгi фактор болып шулар табылады. Шулар жіктеледі:

туындау көзіне байланысты акустикалық (механикалық) және электромагниттiк болып бөлiнедi;

шулардың дыбысының түрiне байланысты олар импульсты және үздiксiз болып бөлiнедi;

бастау көздiң орналасу орнына байланысты сыртқы және iшкi болып бөлiнедi.

Объекттердi АЭ бақылауы кезінде шулардың негiзгi бастау көзi болып табылады:

ыдыстағы сұйықтың ол толған кезде шашырауы;

жүктеудiң жоғары жылдамдығында гидродинамикалық турбулент құбылыстары;

сорғылардың, моторлардың және басқа да механикалық құрылымдардың жұмыстары;

электромагниттi соғылулардың әсері;

қоршаған ортаның әсерi (жауын, жел және тағы басқалар).

Тексерiлетiн объектi мен жүктеудi жүйесіндегі барлық саңылаулар сынаулар өткiзуге дейiн болдырылмауы керек.

АЭ аппаратурасының сезгiштiгiн анықтайтын шулардың ең төменгi деңгейi АЭ түрлендiргiштің меншiктi жылу шуларымен және күшейткiштiң (бастапқы күшейткiш) кiретiн каскадтарының шу коэффициентiмен байланысты. Пьезакерамикадан жасалған сезгiш элементтi АЭТ меншiктi жылу шуы көпшілік жағдайда 5 мкВ аспайды. Күшейткiштiң кiретiн каскадтары шуының коэффициентi 6 дБ аспауы тиіс. Сондықтан АЭ аппаратурасының кiруге келтiрiлген меншiктi шулары 10 мкВ аспауы керек (Uаш <10 мкВ).

Үздіксіз акустикалық немесе электромагниттік шулардың деңгейі (Uш) Uша+6 дБ (Uш<Uпор=Uша+6 дБ) аспауы тиіс. Мұнда Uпор-табалдырықтық кернеу. Егер бұл шарттар орындалмаса, онда шулардың деңгейін төмендетуге арналған (техникалық және ұйымдастыру) барлық шараларды қолдану керек. Шуларды тиiстi мәнге дейiн кiшiрейту мүмкiн болмаған жағдайда АЭ бақылауын өткiзуді тоқтату керек. Жоғарылатылған шулар шарттарында (Uш>Uша+6 дБ теңсiздiкті орындау кезінде) бақылау өткiзу талап етілетін АЭ көздерін анықтауда тек ғылыми-техникалық негізділік кезінде ғана болуы мүмкiн. Осы жағдайда аппаратураның табалдырықтық деңгейiнiң мәнi 20 мкВ мәннен асуы мүмкін, яғни Uпор>Uш>20 мкВ.

Импульсты шулар (бөгеттер) бойынша шектеулер сынау жүргізілетін шарттарға сүйене орнатылады. Импульсты бөгеттердi тiркеудiң орташа жиiлiгi (яғни Fпом<0,01 Гц) 0, 01 Гц артпауы ұсынылады. Тиiстi мәнге дейiн импульсты бөгеттердi тiркеу жиiлiгiн азайту мүмкiн болмағанда АЭ бақылауын өткiзуді тоқтату қажет. Импульсты бөгеттерді (яғни Fпом>0,01 теңсiздiгiн орындау кезінде) тiркеудiң үлкен жиiлiгi шарттарында бақылау өткiзу тек талап етілетін АЭ көздерін анықтау мүмкiндiгiнің ғылыми-техникалық негізділігінде ғана мүмкiн.

Шулар сигналының параметрлерiн бiр қатар жағдайларда пайдалы сигналды ерекшелеу үшін қолданады. Үйкелiспен байланысты шулар сызаттардан АЭ сигналдарымен салыстырғанда үлкен ұзақтықпен және кішірек амплитуда сигналдарын шығарумен сипатталады. Электромагниттi бөгеттер аз ұзақтықпен және үлкен амплитудалармен сипатталады.

Электромагниттi бөгеттердiң ықпалы экрандалуды, арнайы радиотехникалық элементтерді (дифференциалды көрсеткіштер мен күшейткiштер, сүзгiлер және тағы басқалар) қолданумен, сонымен бiрге бөгеттер әсерi уақытында аппаратураның іске қосылуымен төмендейдi.

Барлық шулар теңестiрілуi, минимизациялануы тиіс, олардың параметрлерi тiркелген болуы керек. Аппаратураны күйге келтiргеннен кейiн және жұмыс сынауын орындауға дейiн 15 минут бойы табалдырықтық деңгейден төмен болуы тиіс шу фоны тексеріледі. Деңгейi табалдырықтықтан асатын шуларды тiркеу кезінде шулардың көзi болдырылмауы тиіс немесе сынау тоқтатылуы тиіс.

Акустикалық эмиссия көзінің тұрған орнын анықтау
АЭ көзінің тұрған орнын берілген дәлдiкпен немесе локацияның көп каналды жүйесiн қолдануымен не аймақтық бақылауды қолданумен анықталады.

Көп каналды локацияның дәлдiгi қабырғаның екi қалыңдығына тең үлкендіктен немесе қай қалыңдықтың үлкендігіне байланысты АЭТ арасында 5 % қашықтықтан кем болмауы керек. АЭ сигналы көзінің координаттарын анықтау планар локациясы тәртiбiнде жүргізіледі, яғни көздiң орналасу тереңдiгiмен анықталмайды.

Координаталарды есептеудiң қателiктерi түрлендiргiштерге сигналдың түсу уақытын өлшеу қателiктерiмен анықталады. Қателiктердiң көздерi болып мыналар табылады:

уақытша аралықтарды өлшеу қателiгi;

таратылудың нақты жолдарының теориялық қабылданғанынан айырмашылығы;

сигналдарды тарату жылдамдығының анизотропиясының бар болуы;

конструкция бойынша тарату нәтижесінде сигнал формасының өзгеруi;

сигналдар уақыты бойынша салу, сонымен қатар бiрнеше көздің әрекеті;

әр түрлi түрлер толқындарының түрлендiргiштерiмен тiркеу;

дыбыс жылдамдығын өлшеу (тапсыру) қателiгi;

АЭТ координатасы тапсыруларының қателiгi.

аумақтық бақылау кезінде тексерiлетiн аудандар шамасын шекарадан АЭТ дейін өтетін сигналдың басылуы үшiн 20 дБ аспайтын АЭТ айналасындағы объекттiң шекарасымен анықтайды.

Объектiні жүктеуге дейiн координаталарды анықтау қателiктерін имитатор көмегімен бағалайды. Оны объектiнің таңдалған нүктесiнде орнатады және координаттарды анықтау жүйесінiң көрсеткіштерiн имитатордың нақты координаттарымен салыстырады. Сонымен бiрге сынау объектiсін алдын ала зерттеу нәтижесінде анықталатын имитациялық сигналдың амплитудасы күтiлетiн диапазон шектерiнде өзгертiледi. Операцияны объекті конструкциясының әр түрлi аймақтары үшiн қайталайды. Егер координаталарды анықтау қателiгі берілген мәнді қанағаттандырмаса, бақылау параметрлерiнiң түзетуiн жасау керек (түрлендiргiштердiң орналасу кескiнiнің өзгеруі, түрлендiргiштер арасындағы қашықтық және тағы сол сияқтылар).

5. Мәліметтерді жинақтау, өңдеу және талдау
Бақылау процессiнде мәліметтердi жедел жинақтау мен өңдеудi жүргізеді. Бақылау жүйесi уақыттың нақты масштабында IV сыныпқа (апатты белсендi көзге) тиiстi АЭ көзiнiң тiркелуi мен сигнализациясын қамтамасыз етуi керек. Объектіге бақылау жүргізгеннен кейiн мәлiметтерге толық көлемде өңдеу және талдау жүргізіледі.

Мәлiметтерді жинақтау АЭ сигналы параметрлерiн бөлгеннен кейiн жүргізіледі. Цифрлы тiркеушiлер болған жағдайда процессті келесi талдау мақсатында АЭ сигналдарын есте сақтау қолданылады.

Мәлiметтердiң өңдеу және талдау АЭ көзінің классификациясының таңдаулы жүйесi және бақылау нәтижелерiн бағалау белгiлерiмен анықталады. барлық тiркелген АЭ сигналдары тексерiлетiн объекттегi олардың жағдайына байланысты АЭ көздеріне жатады. Көздердің классификациясын параметрлердiң мәндерiне байланысты жүргізедi.

Көздердi бағалауды бақылауға жұмсалатын жүктеу тәртiбі мен уақытқа байланысты кезеңдер бойынша жүргізеді. Сынау тәртiбінде егер бақылау уақыты 4 сағаттан аспаса, бұны бiр кезең деп есептейді. Бұл уақыттан асып кеткен жағдайда бақылаудың уақытын кезеңдерге бөледі. Әрбiр кезең үздiксiз бақылаудың 4 сағатынан аспауы тиіс.

Аймақтық бақылауды АЭ көзі координаттарын анықтау қолайсыздығы немесе мүмкiн еместiгі жағдайларында қолданады. Көрcетiлген жолды қолдану үшiн сол не басқа белгiнi таңдау мен қолдануға қажеттi алдын ала бастапқы мәлiмет дайындайды, мәліметтерді өңдеуді АЭ бақылауы жүйесіне кiретiн ЭЕМ жүргізеді.

АЭ ақпаратын өңдеу бағдарламасы түрлендiргiш АЭ сигналдарының орналасқан орнын АЭ түрлендіргішке сигналдың келу уақыты бойынша немесе амплитуда бойынша АЭ көзінің индикациялары түрiнде локация картасында тұрған жағдайын бейнелеу бойынша (бақылаудың процессiнде-дисплейде) анықтауы тиіс. Локация картасы жиынтығында АЭ көзiнiң толық түрлерiн қалыптастыратын АЭ индикацияның үлкен шоғырлану (кластерлер) аймақтарын ерекшелейдi. АЭ көздерінен дамитын ақаулармен байланыспайтын механикалық шулардың мүмкiн көздерін бөлу мақсатында алынған аймақтар мен объектiнiң технологиялық топологиясының салыстырулары жүргізіледі.

АЭ индикациялары шоғырлануының аймақтары туралы ақпарат әрбiр ерекшеленген аймақ бойынша ескерiлген кестелерді құру үшін және АЭ көзінің классификациясын өткiзуге орнатылған бағдарламаларды қолданумен тiркелiп қаралудан өтедi.

6. Бақылау нәтижелерiн бағалау
Қабылданған сигналдарды өңдеуден кейiн бақылау нәтижелерiн АЭ белгiленген және классификацияланған көзі түрінде ұсынады.

АЭ бақылауы нәтижелері бойынша шешiм қабылдаған кезде АЭ барлық көзі туралы мәлімет қамтитын деректер, олардың классификациясы және АЭ көзіне қатысты рұқсат берілетін деңгейден асатын параметрлер қолданылады. АЭ көзiнiң рұқсат берілетін деңгейін нақты объектiні АЭ бақылауына дайындау кезінде орындаушы белгілейді.

АЭ көздерінің классификациясын сигналдың келесi параметрлерiн қолданумен орындайды: жиынтық есеп, амплитуданың (амплитудалық үлестiрiлу), импульстердiң саны, энергия (немесе энергетикалық параметр), есеп жылдамдығы, АЭ көзінің белсендiлiгі, шоғырлануы. Классификациялар жүйесіне сонымен бiрге тексерiлетiн объектінiң жүктеу параметрлерi мен уақыты кiредi.

Айқындалған және белгiленген АЭ көздерін төрт сыныпқа бөлу ұсынылады.

I сынып көзi-енжар көз.

II сынып көзi-белсендi көз. -

III сынып көзi-сын көзiмен белсендi көз. -

IV сынып көзi-апатты белсендi көз.

АЭ көздері классификацияның жүйесiн және көздердің рұқсат берілетін (сынып) деңгейін таңдауды нақты объектiні АЭ бақылауы кезінде 3-қосымшада келтiрiлген мәлiметтерді қолдана отырып әрдайым жүзеге асыру ұсынылады. Кейбiр шетелдік нормативтiк-техникалық құжаттарда (3-қосымша) классификацияның басқа жүйелерi қабылданған.

Кез келген бiр сыныптың АЭ көзін анықтау кезінде АЭ бақылау орындайтын қызметшiнiң ұсынылатын әрекеттерi келесiлер:

I сынып көзi (енжар)-оның динамиканың талдаулары үшін келесi дамуын тiркейдi.

II сынып көзi (белсендi):

1) осы бақылауды орындау процессiнде ахуалдың дамуын қадағалайды және тiркейді;

2) есепте көрсетеді және басқа әдiстердi қолданумен қосымша бақылау өткiзуi бойынша ұсыныстар жазады.

III сынып көзi (сын көзiмен белсендi):

1) осы бақылауды орындау процессiнде ахуалдың дамуын қадағалайды және тiркейді;

2) болуы мүмкiн жүктеменiң тастауын әзiрлеу бойынша шараларды қолданады;

IV сынып көзi-(апатты белсендi):

1) жүктеменi 0-ге дейiн немесе АЭ көзiнiң сыныбы II немесе III сыныптық деңгейге дейiн азаятындай күрт төмендету жүргізеді;

2) жүктемелер түсіргеннен кейiн объектіге бақылау жүргізеді және қажеттілігі болса басқа әдiстермен тексередi.

АЭ көзінің әрбiр неғұрлым жоғары сыныбы төмен сыныпты барлық көздер үшін анықталған әрекеттердi орындауға болжанады.

АЭ бақылау нәтижелері бойынша объектiнің техникалық күйiнің оң бағасы кезінде немесе АЭ тіркелген көздерінің болмауы бұзылмайтын бақылаудың қосымша түрлерін қолдануды қажет етпейді. Егер АЭ бақылауы нәтижесінің интерпретациясы анықталмаған болса, бұзылмайтын бақылаудың қосымша түрлерiн қолдану ұсынылады.

Айқындалған АЭ көздерінің қолжетімділігінің соңғы бағасы және НК қосымша түрін қолдану кезіндегі индикациялар бұзу механикасының нормативтік әдістері, ақаулардың өлшенген параметрлерін қолданумен құрылымдардың берiктiкке есептелуi бойынша әдістеме және қолданыстағы басқа нормативтiк құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

7. Бақылау нәтижесін құжаттамалық безендіру
АЭ бақылауының нәтижелері АЭ бақылауды өткiзген ұйыммен жасалатын есептік есеп-құжаттарда, хаттама мен қорытындыда болуы тиіс. Хаттама және қорытынды есептеу нәтижесiнiң бөлiгi болып табылады. Сонымен бiрге олар дербес құжаттар ретінде де қолданылады. Тапсырма берушiге бiр типті объекттерді сынау нәтижелерi бойынша бақылау объекттерiнiң тiркеу нөмiрлерiн көрсетумен бірыңғай есептеу нәтижесi ұсынылуы мүмкін.

Есепті тапсырма берушiнiң талабы бойынша ресiмдейдi. Есеп беру құжаттары тек тапсырма берушi-ұйымға берiлетін жасырын құжаттар болып табылады. Орындалған АЭ бақылаудың нәтижелерiмен байланысты есепті немесе басқа материалдары үшiншi жаққа (заң немесе жеке тұлғаға) тек қана тапсырма берушiнiң рұқсатымен берілуі мүмкін.

АЭ бақылауы нәтижелері туралы есеп АЭ бақылауын дайындау мен өткізу туралы жеткілікті деректерді сонымен бiрге объектiнің күйi бағалауға мүмкіндік беретін және нәтижелердiң ақиқаттығын ненің негізінде анықтауға болатыны туралы фирма мен мамандардың бiлiктiлiк деңгейiн растайтын ақпаратты қамтуы тиіс.

АЭ бақылауының нәтижесі бойынша есеп нәтижесiнің формасы 4-қосымшада келтiрiлген. Хаттама мен қорытындының формалары сәйкесiнше 1 және 5-қосымшаларда келтiрiлген.

Объектінің АЭ бақылауымен байланысты барлық материалдар (жұмыс, қате және тағы басқа), сонымен бiрге есептік құжаттар (және тағы басқалар алғашқы жазылған жұмыс) орындаушыда 10 жылдан кем емес немесе объектiні қайтадан АЭ бақылауға дейін сақталады. Сол объектiге басқа орындаушымен қайтадан АЭ бақылауын орындау кезінде алғашқы материалдар мен есептік құжаттар оған тапсырма берушiнiң талабы бойынша берiледi.

8. Қауіпсіздік талаптары
АЭ бақылауды орындау кезінде қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес жұмысты жүргізудің қауiпсiздiк талаптары қамтамасыз етiледi.

Бақылау объектісін пневможүктеу кезінде жұмысты орындаудың қауіпсіздік шаралары көзделеді.



Қолданылған қысқартулар
АЭ – акустика-эмиссиялық;

ББ - бұзылмайтын бақылау;

УД - ультрадыбыстық;

МЕБ - магнитті, енетін заттар және басқалар;

КУА - келу уақытының айырмашылығы;

АЭТ - акустика-эмиссиялық түрлендіргіш.



_____________________


Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет