Ихтиология ” пәні бойынша „050113„Биология” мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ тапсырмалар мәтіні Жетысай-2009 ж. МазмұНЫ



жүктеу 1.37 Mb.
бет4/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Екінші рейтинг бақылау




Тақырыбы

Апта реті

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Торсылдақтың балықтар тіршілігіндегі орны.

.


8-апта




Сұрақ-жауап

2

Балықтардағы тепе-теңдікті сақтау.

8-апта




бақылау сұрақтары, тест

3

Балықтардың сезім мүшелері.

9-апта




Сұрақ-жауап

4

Балықтардың зәр жүйесі, қызметі.

9-апта



Тест, бақылау сұрақтары

5

Ішкі секреция бездері, құрылысы.

10-апта




Сұрақ-жауап

6

Дөңгелекауызды балықтардың дене құрылысындағы ерекшеліктер.

10-апта

3 б


Тест, Глосарий

7

Шеміршекті балықтардың құрылысы мен қызметі.

11-апта




Сұрақ-жауап

8

Сүйекті балықтардың негізгі ерекшеліктері

11-апта

3 б

тест ,бақылау сұрақтары

9

Балықтардың көбею процессі.

12-апта




Сұрақ-жауап

10

Ьалықтардың қоректенуі, ерекшеліктері.

12-апта

3 б

бақылау сұрақтары, тест

11

Балықтардың негізгі экологиялық топтары.


13-апта




Сұрақ-жауап

12

Балықтардың өсуі, жасы, жас белгілері.

13-апта



бақылау сұрақтары

13

Балықтардың миграциясы.

14-апта




Сұрақ-жауап

14

Балықтардың тегі және эволюциясы.

14-апта



бақылау сұрақтары, тест

15

Балықтардың экологиясы.

15-апта




Сұрақ-жауап

16

Балықтардың кәсіптік маңызы.

15-апта




бақылау сұрақтары,

Қорытынды;30 балл

ОБСӨЖ 22
8-апта

15 ОБСӨЖ

Тақырыбы: Торсылдақтың балықтыр тіршілігіндегі орны.

Жоспары

1. Торсылдақтың балықтыр тіршілігіндегі орны.

2.Торсылдақтың құрылысы мен қызметі

Балықтардың дене тығыздлығы судың тығыздлығынан артық, сонан оларға қалқымалықтың маңыздлығы ерекше. Қалқымалық –балық денесінің тығыздығының судың тығыздығы арасындағы қатынасы. Ол бейтарап оң немесе теріс болуы мүмкін. Бейтарап қалқымалық балықтарға су қабатында емін еркін жұзуге мүмкіндік береді.

Балықтардың бейтарап қалқымалылыққа, немесе гидростатикалық тепе- теңдікке, яғни салыстырмалы түрдегі салмақсыздыққа, жету әдісі әр турлі. Торсылдақтың көмегі балықтардың етін сұландыру, қаңқаны жеңілдету және май жинау арқылы жүзеге асады. .

Торсылдақ күміс түстес едәуір үлкен жұмсақ қапшық,бұйра астында орналасқан. Негізгі қызметі гидростатикалық. Саусаққанат, қостынысты, көпқанаттыларда өңештің вентральді жағынан пайда болды. Көпшілік балықтардың торсылдағы, өңештің дорсальді жағынан басталатын, тақ орган түрінде пайда болады. Кейбір қостыныстылар мен көпқанаттыларда ғана жұп. Көпшілік балықтардың торсылдағы бір камералы (албырттар), кейде ұзыннан өзара қатысатын екі (тұқылар) немесе үш (ошибень т.б.) торсылдағынан, оны ішкі құлақ қуысымен жалғастыратын, тұйық өскіндер басталады.

Торсылдақ оттегі, азот, көмірқыщқыл газдарының қоспасына толы болады. Олардың өзара қатынасы әрбір түрде де, бір түрдің өзінде де тұрақты емес, бұл тұрақсыздық балықтың қандай тереңдікте екенін физиологиялық жағдайына, т.б. тәуелділіктен туады. Айталық алабұғаның торсылдағында орташа 19,4 оттегі, 78,1 азот және 2,5% көмірқышқыл газы болады. Тұңғиықтың балықтарының торсылдағында оттегі су бетіне жақынырақ тіршілік ететін балықтарға қарағанда, көп болады.

Барлық балықтар судың бетінен тереңіне, не тереңінен су бетіне орын ауыстырады. Су қабаты тереңдеген сайын ондағы қысым артады, сосын торсылдақтағы газдардың қысымы да көбейеді, оның көлемі кішірейеді. Сонымен қатар балықтың өзіндік салмағы артады, ол балықтың терең кетуін жеңілдетеді. Балық су бетіне көтерілгенде бұл процесс керісін жүреді..

Торсылдаққа тек гидростатикалық қызмет тән емес. Ол қысымның өзгеруін қабылдайды, есту органына тікелей қатысты-дыбыс толқынының резонаторы және рефлекторы қызметін атқарып ішкі құлақтың сезімталдығын күшейтеді.

8-апта

16. ОБСӨЖ

Балықтардағы тепе-теңдікті сақтау.
ОБСӨЖ жоспары

1 Дөңгелекауыздылардың тепе-теңдікті сақтау мен есіту органдарының ерекшеліктері.

2 Шеміршекті балықтардың тепе-теңдікті сақтаудың ерекшеліктері.

3 Тепе-теңдік органының қызметін, дененің қалыпты жағдайдан ауытқуын сақтайтын мүшелердің қызметі.


ОБСӨЖ мақсаты: Дөңгелекауыздылардың тепе-теңдікті сақтау мен есіту органдарының ерекшеліктерін, шеміршекті балықтардың тепе-теңдікті сақтаудың ерекшеліктеріне талдау жасау.
ОБСӨЖ мәтіні: Көпшілік балықтардың торсылдағы бар. Ол шеміршекті балықтарда, нағыз сүйектілерде-су түбінің (бұзаубас-балықтар), тұңғиықтың кейбір жылдам жүзетін (тунецтер, пеламидалар, кәдімгі скумбриялар т.б.) балықтарда болмайды. Жылдам жүзетін балықтардың бейтарап немесе соған өте жақын қалқымалылығы бауырда (акулалар) немесе етті (скумбрия, пеламида) майдың көп жиналуы арқылы іске асады. Балықтардың гидростатикалық қосымша бейімделушілігі –көтергіш оларда бұндай күш үздікесіз қозғалудың нәтижесінде пайда болады.

Торсылдақ күміс түстес едәуір үлкен жұмсақ қапшық,бұйра астында орналасқан. Негізгі қызметі гидростатикалық. Саусаққанат, қостынысты, көпқанаттыларда өңештің вентральді жағынан пайда болды. Көпшілік балықтардың торсылдағы, өңештің дорсальді жағынан басталатын, тақ орган түрінде пайда болады. Кейбір қостыныстылар мен көпқанаттыларда ғана жұп. Көпшілік балықтардың торсылдағы бір камералы (албырттар), кейде ұзыннан өзара қатысатын екі (тұқылар) немесе үш (ошибень т.б.) торсылдағынан, оны ішкі құлақ қуысымен жалғастыратын, тұйық өскіндер басталады.

Торсылдақ оттегі, азот, көмірқыщқыл газдарының қоспасына толы болады. Олардың өзара қатынасы әрбір түрде де, бір түрдің өзінде де тұрақты емес, бұл тұрақсыздық балықтың қандай тереңдікте екенін физиологиялық жағдайына, т.б. тәуелділіктен туады. Айталық алабұғаның торсылдағында орташа 19,4 оттегі, 78,1 азот және 2,5% көмірқышқыл газы болады. Тұңғиықтың балықтарының торсылдағында оттегі су бетіне жақынырақ тіршілік ететін балықтарға қарағанда, көп болады.

Торсылдақты балықтар ашық-және жабықторсылдақтыларға бөлінеді.

Ашықторсылдақтылардың торсылдағы ерекше ауа жолы арқылы өңешпен жалғасқан. Бұларға әсіресе ертедегі балықтар –қостыныстылар, шеміршекті және сүйекті гаоидтылар, көпқанаттылар, ал нағыз сүйекті балықтардан –майшабақтәрізділер, тұқытәрізділер, шортандар жатады. Атлант майшабағы, шпрот және хамсалардың ,әдеттегі ауа жолынан басқа, торсылдақтың артқы бөлігінен басталып оны сыртқы ортамен байланыстыру үшін аналь тесігінен кейін ашылатын екінші болады.

Жабықторсылдақты балықтардың (алабұғатәрізділер, трескатәрізділер, кефалтәрізділер т.б.) ауа өзегі болмайды.

Дернәсіл бірінші рет ауаны жұтқанда оның торсылдағы газдарға толады. Мысалы, бұл тұқының дернәсілі уылдырық қабынан шыққасын 1,5, тәуліктен кейін жүзеге асады. Жабықторсылдақтылардың торсылдағы шамалы уақыттан кейін сыртқы ортамен қатынасын жояды, ашықторсылдақтыларда ауа өзегі өмір бойы сақталады.

Барлық балықтар судың бетінен тереңіне, не тереңінен су бетіне орын ауыстырады. Су қабаты тереңдеген сайын ондағы қысым артады, сосын торсылдақтағы газдардың қысымы да көбейеді, оның көлемі кішірейеді. Сонымен қатар балықтың өзіндік салмағы артады, ол балықтың терең кетуін жеңілдетеді. Балық су бетіне көтерілгенде бұл процесс керісін жүреді.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1.Балықтардың тепе-текдік сақтау мүшесі

2.Торсылдақтың қызметі

3.Шеміршекті балықтар мен дөңгелек ауыздылардың тепе-теңдік сақтау мүшесінің айырмашылықтары


ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:
1. Балықтар торсылдақтың көмегімен;

а) судың бағыты мен күшін сезеді

в) Тез қозғалады

с) Тамақты қорытады

д) Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады

е) Газ алмасуға қатысады

2. Балықтардың қосымша бейімделушілігі –көтергіші, оларда бұндай күш үздіксіз қозғалудың нәтижесінде пайда болады ол қалай аталады?

а) Тез қозғалады

в) судың бағыты мен күшін сезеді

с) гидростатика

д) Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады

е) Газ алмасуға қатысады

3. Торсылдақ қандай түстес болады?

а) күміс


в) судың бағыты мен күшін сезеді

с) Тез қозғалады

д) Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады

е) Газ алмасуға қатысады

4. Қандай балықтарда торсылдақ болмайды?

а) миксиндерде

в) акулада

с) миногаларда

д) алабұғада

е) латимерияда

5. Балықтардың торсылдағы неге ұқсас келеді?

а) жұмсақ қапшық

в) судың бағыты мен күшін сезеді

с) Тез қозғалады

д) Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады

е) Газ алмасуға қатысады

6. Су қабаты тереңдеген сайын ондағы қысым артады, сосын торсылдақтағы газдардың қысымы да көбейеді, оның көлемі?

а) Тез қозғалады

в) судың бағыты мен күшін сезеді

с) кішірейеді

д) Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады

е) Газ алмасуға қатысады

7. Жабық торсылдақты балықтардың (алабұғатәрізділер, трескатәрізділер, кефалтәрізділер т.б.) қандай мүшесі болмайды?

а) Газ алмасуға қатысады

в) судың бағыты мен күшін сезеді

с) гидростатика

д) Судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады

е) ауа өзегі


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983

9-апта

17ОБСӨЖ



Тақырыбы: Балықтардың сезім мүшелері.

Жоспары

  1. Балықтардың химиялық рецепция органдары.

  2. Балықтардың көрумен есту мүшелері.

Тірі организмдердің ортақ қасиеті сыртқы орта тітіркенгіштеріне реакциясы. Организмнің сыртқы ортамен қатынасы сезім мүшелері арқылы іске асады - сезім мүшелері тітіркенуді қабылдап оны орталық жүйке жүйесіне өткізеді. Балықтар суда еріген заттарды, механикалық әсерді, температураны, жарық, дыбыс, электр тоғы, сондай-ақ дене қалпының өзгеруін сезінеді.

Химиялық рецепция органдары. Иіссезу және химиялық иіссіз рецепциялар органдарынан тұратын химиялық рецепциялар органдары суда еріген заттар туралы және тамақтық заттың дәмі туралы ақпараттар алуға қажет.

Иіс сезу органдары мұрын қуысында болады. Балықтардың жұп мұрын тесіктері - танауы (дөңгелекауыздыларда тақ) - жартылай қатпаршақпен екіге бөлінген: алдыңғысы кіретін, ал артқысы шығатын, дегенмен кейбір балықтардың (терпугалар, бельдюга, тікенектілер, т.т.) әрбір жағында бір тесіктен болады. Бұл мүше иіссезу қапшығы болып табылады, оның ішкі беті өрнекті қатпаршақ құрайтын - әртүрлі пішінді және көлемді розеткалар - шырышпен жабылға.

Миксинаның тақ иіссезу органы жұтқыншақпен қатынасады, ал миногаларда - қатынаспайды. Миногалардың танауы ұзын өзекке апарады, өзектің артқы қабырғасы кеңейген - ол сезгіш клеткалары бар Өзек питуитарлы өскін құрай хордаға дейін созылады.

Кеміршекті балықтардың танауы жұп, әдетте тұмсығының астыңғы жағында болады. Қостыныстылардан басқа барлық балықтардың танаулары жұтқыншақ қуысымен қатынаспайды.

Иіссезу органдарының даму деңгейі балықтарды микро- және макросматиктерге бөлуге мүмкіндік береді. Микросматйктердің иіссезу органы нашар дамыған, олар тамағын негізінен көру органдарының көмегімен табады (күндізгі жыртқыштар). Макросматиктерде (акулалар, өткінші албырттар, түнгі жыртқыштар – мәлім, өзен жыланбалығы, т.б.) иіссезу органдары басқа сезім мүшелерінің ішінде жетекшісі. Бұл балықтар иісті өте жақсы сезеді. Бұлардың иіссезу қапшықтары үлкен, ал иіссезу розеткаларының көптеген қатпаршақтары болады. Момын үйірлі балықтардың иіссезу және көру органдары бірдей дамыған.

Иіссезу органдарына алдыңғы мидан басталатын иіссезу нервісі ғана емес, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардай, үштармақты нервтің талшықтары да келеді.

Иіссезу органдарының көмегімен балықтар тамағын табады, өз түрінің особтарымен қатынаста болады, олардың жынысын, физиологиялық жағдайын, өлі-тірі екенін ажыратады, балықтардың, су омыртқасыздардың және өсімдіктердің қандай түрге жататынын анықтайды, өрістеу кезінде жолын бағдарлайды.

Көру мүшелері. Көпшілік балықтардың көзі олардың негізгі сезім мүшесі, осы арқылы олар өзінің бағдарын табады, тамағын аулайды, өз түрінің особьтарын және жауларын ажыратады.

Суда тіршілік етуіне байланысты, жақсы жарық жоқ жерде, балықтардың көздерінің құрылысы тіршілік ету жағдайына сәйкес әртүрлі.

Балықтардың көз жанары домалақ, ал шынайнасы жалпақ. Көптеген тұщысу балықтарының қарашығы қозғалмайды, сонымен қатар кейбір балықтарда (жыланбалық, камбала, жұлдызсанаушы, шеміршектілер) тарылып-кеңейе алады. Көпшілік балықтардың қабағы болмайды, тек кейбір акулалардың жыпылықтағыш жарғағы бар, ал басқындар (кефалдар) мен кейбір майшабақтарда майлы қабақ дамиды. Көздің жарық мөлшеріне үйренуі көз жанарының қисықтығын өзгертумен емес, көз жанарының өзі орнынан ығысуымен іске асады.

Көпшілік балықтардың көздері басының екі жанында, көруі монокулярлі, яғни әр көз жеке көреді. Көптеген балықтардың көз жанары көз қарашығының тесігінен шығып тұрады, бұл көру кеңістігін едәуір кеңейтеді.

Балықтарға көздердің қозғалғыштығы тән, олар негізінен бірдей қозғалады, бірақ кейбір түрлерде (камбалалар, жасыл-балық) - бір-бірінен тәуелсіз. Ең қозғалғыш көз жыртқыш балықтарда.

Көздің жітілігі балықтарда әртүрлі, бірақ құрлықтағы жануарлармен салыстырғанда олар алыстан көре алмайды.

Балықтар ауадағы заттарды көзін судан шығармай-ақ көре алады. Бұндай жағдайда олар заттарды дөңгелек терезе арқылы көретін сияқты, терезенің диаметрі суға тереңдеген сайын үлкейеді, ал су бетіне көтерілгенде кішірейеді.

Есту органдары

Сүйек капсуласының ішінде орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасында қуыста сұйық зат (перимемфа) болады. Сөйтіп иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттермен бірге сүйекті балықтар да есту тастары, яғни ірі отомиттер де болады. Ең үлкен есту тасы дөңгелек қапшықшаның ішіне еніп және оның ішкі қуысын тайырып тұрады. Қалған екі есту тастары бұдан анағұрлым кіші. Оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады. Ал екіншісі сопақ қапшықшаның арнаулы кеңірдек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының маңайында орналасқан.


9-апта

18. ОБСӨЖ

Балықтардың зәр жүйесі, қызметі
ОБСӨЖ жоспары

1 Зәр бөлу жүйесінің балықтар өміріндегі маңызы.

2 Балықтардың зәр бөлу органдарының құрылысы.

3 Сүйекті, шеміршекті балықтардың зәр бөлу жүйесінің ерекшеліктері.


ОБСӨЖ мақсаты: Зәр бөлу жүйесінің балықтар өміріндегі маңызына, балықтардың зәр бөлу органдарының құрылысына талдау жасау.
ОБСӨЖ мәтіні: Әр бір қанат бірнеше қызмет атқарады. Құйырық қанаты қозғалу күшін тудырады. Олардың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жұп қанаттар тепе теңдікті сақтайды, кеңістіктегі және тереңдік бағдарлаушының қызметін атқарады. Арқа және аналь қанаттары кильдің қызметін.Дененің өз осінее айналыуына кедергі болады, қалыпты жағдайын сақтауға көмектеседі. Жылдам жүзген уақытта жұп қанаттары денесіне жабысады, ал тунецтерде айырқша ойықтарға жиырылады.

Дене пішіні мен тіршілік ортасының көп түрлілігі балықтардың қозғалуының әр түрлі болуына әкеледі. Қазіргі кезде үш түрлі қозғалу әдістері белгілі: жүзу, жорғалау және ұшу. Балықтарға жүзу – денесі мен құйырығының иілуі арқылы іске асырылады. Ол бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде болады. Бүйіріне иіліп жүзудің екі типін ажыратады: жылан балық тектес және скумбрия тектес.

Балықтар құрылысының ерекшелігіне физиологиялық жағдайға судың температура-сына және басқа факторларға тәуелді түрлі жылдамдықпен жүзеді. Ең жылдам жүзетін балық- семсер балық., сағатына жүз жиырма шақырым. Жүзу жылдамдығы балықтың көлеміне де байланысты. Ірі балықтардың ұсақ балықтарға қарағанда тез жүзетіні табиғи құбылыс.

Жүзу жылдамдығына сәйкес балықтарды төмендегідей топтарға бөледі. Өте тез жүзетіндер, (семсер балық, тунецтер, акула- мако), жылдамдық жетпіс шақырым шамасында, тез жүзетіндер – албырттар, скумбриялар жылдамдық коффициенті 30-60, біршама тез жүзетіндер – треска, майшабақтар жатады.жылдамдық коффициенті – 10-20, ақырын жүзетіндер – бұзау бас балықтар- жылдамдық коффициенті 5-10, өте ақырын жүзетіндер – шаншар және ай балықтар, жылдамдық коффициенті 5 тен жде аз. Балықтардың жылдамдылығына оның дене пішіні, қабыршағының, шырышының бар-жоғы әсер етеді. Тез жүзетін балықтар-ға- денесі сүйір, қабыршағы майда, жұқа етті, құйырық сабағында көлденең киль-дер көп болады. Тез жүзетін балықтардың айырқша су айналып өтетін органдары болады. Оларға майлы қабат, арнайы қалақшалар, және ұзарған қабыршақтар.

Қозғалудың бір әдісі – кеуде қанаттарының және құйырығының көмегімен су түбінде жорғалау. Жорғалағыштарға алабұқа, теңіз шайтаны жатады. Ұшу немесе қалықтау ұшатын балықтарға тән. Өзінің жауларынан құтылу үшін ұзын әрі жалпақ қанаттарын жайып жіберіп, судан секіріп шығады да, бір шама уақыт қалықтап, 200-400 метр жерге дейін бара алады.


ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ:
1. Алабұғаның зәр шығару мүшесіне не жатады?

А) өкпе


в) бүйрек

с) жүрек


д) ішек

е) Мальпиги түтіктері

2. Балықтардың зәр шығару жүйесі неден тұрады?

А) бүйректен, екі несіпағардан, қуықтан және аналь тесігінің артындағы несепті шығаруға арналған арнайы тесіктен

в) бүйректен,қуықтан

с) лента тәрізді бүйректен, клоакадан

д) бүйректен, қуықтан, клоакадан

е) жұмыртқадан, несепағардан, несеп шығаратын арнайы тесіктен

3. Зәр бөлу жүйесінің қызметі?

А) бүйректен,қуықтан

в) қалдықты сыртқа шығару

с) лента тәрізді бүйректен, клоакадан

д) бүйректен, қуықтан, клоакадан

е) жұмыртқадан, несепағардан, несеп шығаратын арнайы тесіктен

4. Зәр бөлу жүйесінің организмге қажетті процессті реттеуі?

А) жұмыртқадан, несепағардан, несеп шығаратын арнайы тесіктен

в) бүйректен,қуықтан

с) лента тәрізді бүйректен, клоакадан

д) бүйректен, қуықтан, клоакадан

е) су – тұз алмасу

5. Балықтардың негізгі бөлу органы?

А) бүйрек

в) бауыр

с) лента тәрізді бүйректен, клоакадан

д) қуықтан, клоакадан

е) жұмыртқадан, несепағардан, несеп шығаратын арнайы тесіктен

6. Омыртқалылардың бөлу жүйесі неше бөліктен тұрады?

А) 6


в) 2

с) 5


д) 3

е) 10


7. Дене бүйрегінің негізгі қызмет атқаратын органы?

А) қуықтан, клоакадан

в) бауыр

с) лента тәрізді бүйректен, клоакадан

д) нефрон

е) жұмыртқадан, несепағардан, несеп шығаратын арнайы тесіктен



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР:

  1. Сүйекті балықтардың зәр шығаружүйесі

  2. Шеміршекті балықтардың зәр шығаружүйесі

3.Зәр бөлу жүйесінің балықтар өміріндегі маңызы.

4. Балықтардың зәр бөлу органдарының құрылысы.




Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.

2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969

3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.

4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.

5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.

6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002

Қосымша:

7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.

8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб

9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941

10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.

11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.

12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983



1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет