Иық өрімі,нервтендіру аймақтары. Бел сегізкөз-құйымшақ өрімдері:қалыптасуы мен нервтендіру аймақтары Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі pars infraclavicularis plexus



жүктеу 60.1 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі60.1 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Иық өрімі,нервтендіру аймақтары.Бел сегізкөз-құйымшақ өрімдері:қалыптасуы мен нервтендіру аймақтары

Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі pars infraclavicularis plexus brachialis қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін N.axillaris береді. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі қолтық шұңқырында mm.pectorales major et minor артында m.subscapularis алдында,m.seratus anterior-дан латеральді орналасады.Өрімнің бұл бөлігі қолтық шұңқырынан шыға берісінде m.coracobrachialis,m.subscapularis және m.latissimus dorsi арасында жатады.Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің 3 будасы қолтық шұңқырында a. Axillaris-ті медиальді,латеральді және артынан қоршайды,артерияның тек алдыңғы беті жабылмайды.

Сегізкөз (крестцовая кость); (лат. sacrum — сегізкөз, құйымшақ) — құйымшақ омыртқаларының бір-бірімен сүйектене байланысу нәтижесінде түзілген сүйек. Бұл сүйек адамда сегізкөз, жануарларда құйымшақ деп аталады. Құйымшақты құрайтын омыртқалардың саны әртүрлі жануарларда түрліше болады. Сегізкөзбел және құйрық омыртқаларының аралығында орналасып, омыртқа бағанын құрауға қатысады. Сегізкөздің қан тамырлар мен жұлын жүйкелері шығатын адамда — алдыңғы және артқы, ал жануарларда — жоғарғы және төменгі тесікгері болады. Олардың саны сүйекті құрайтын омыртқалар санына байланысты.

Бел өрімі,қалыптасуы,тармақтары,нервтеу аймақтары. Бел өрімі,plexus lumbalis,3 жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және 4 нервтіңжоғарғы бөлігінен, сондай-ақ 12 қабырға аралық нерв тармақтарынан түзіледі.Бұл өрім бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында m. Psoas major қабатында жайғасып,бір қатар тармақтар береді.Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латеральді жиегінен, бір бөлігі медиальді жиегінен шығып, бір бөлігі оны тесіп өтіп,оның алдыңғы бетінен шығады.Бұл тармақтар мыналар:1.Rami muscularis mm. Psoas major et minor m.quadratus lumbarum және m.intertransversarii laterals lumbarum барады.2.N.Iliohypogastricus m.psoas major-дың латеральді жиегінен шығып,12 қабырғааралық нервке паралельді бағытта белдің шаршы бұлшықетінің жоғарғы жағындағы алдыңғы бетінде жайғасады.12 қабырғааралық нерв сияқты сегменттік нерв болғандықтан N.Iliohypogastricus та сол сияқты іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттері арасынан өтіп, оларды бұлшықеттік тармақтармен қамтамассыз етеді және бөксенің жоғарғы жағымен шап өзегінің беткей тесігінің терісін нервтендіреді. 3.ilioinguinalis бұлда сегмненттік нерв, m.psoas major-дың латеральді жиегі астына шығып N.Iliohypogastricus-ке паралельді және оның төменгі жағында орналасады.Одан кейн тікелей шап өзегіне барып,беткей шап сақинасы арқылы шығып, қасаға және ен терісінде н/е үлкен жыныс ерінінде тармақаталады.4.N.genitofemoralis m.psoas қабатынан осы бұлшықеттің алдыңғы бетіне өтіп,2 тармаққа бөлінеді.Олардың біреуі – r.femoralis шап байламына барып, оның астынан өтіп, осы байламның төменгі жағындағы сан терісінде тармақталады.Басқа тармағы – r.genetalis шап өзегінің артқы қабырғасын тесіп өтіп,ұрық шылбырына қосылып – m.cremaster мен атабез қабықтарын нервтендіреді.5.N.cutaneus femoris lateralis , m.psoas major-дың бүйір жиегі астынан шығып m.iliacus бетімен spina iliaca anterior superior-ға барып,сол жерде іш қабырғасын тесіп өтіп,санға шығып, тері астына тармақтала санның бүйір бетімен тізеге дейін түсіп,теріні нервтендіреді.



Сегізкөз өрімі,plexus sacralis,өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы 4 және 5 бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің (S1-S4) дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып , foramen infrapiriforme арқылы жамбас астау қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді. Сегізкөз өрімінін шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігін қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді. Қысқа тармақтар. 1. Rami musculares m. piriformis ( S1-S2) m.obturatorius internus, mm. gemelli және quadratus femoris пен mm. levator ani et coccygeus бұлшықеттерін нервтендіреді. 2. N. gluteus superior (L4,L5,S1), foramen suprapiriforme арқылы аттас артериямен бірге жамбас астауынан шығып,содан кейн m.gluteus medius, m. Gluteus minimus және m. tensor fasciae latae-де таралады. 3 N. gluteus inferior ( L5, S1, S2,) foramen infrapiriforme арқылы шығып, өзінің тармақтарымен m. gluteus maximus пен жамбас-сан буын қабын нервтендіреді. 

Жабық  перифериялық  нервтер  зақымдалу  себептері: Босану  кезіндегі  жарақаттар,   акушерлік  манипуляциялар  кезінде  зақымдалуы   иық  өрімі  басылып  жоғарғы  Эрб  параличі  дамиды. Бұғана  сынығында  иық  өрімі  зақымдалуы  мүмкін. Төменгі  Клюмпке-Дежерин  параличі    иық  өрімінің  иық сүйегінің басы  шыққан  жағдайда немесе  орнына  дұрыс  салынбағанда    жаншылып қалуында  дамиды. Қолдың  перифериялық   салдануы  хирургиялық  операция, терең  ұйқы жиі мастық  жағдайда,  нервтың   басылып  қалуынан. Иық  өрімінің    ісікпен,   гематома, аневризма, сүйек  сынықтары  немесе  мозольмен , тыртықтармен сынықтар  кезінде басылуы, Ашық  перифериялық  нервтер  зақымдалу  себептері: Кесуші  заттар пышақ, шыны т.б.,  тесуші біз,  ине, шеге  т.б. заттар. Бұндай  зақымдалулар  тек  нервтің  қана  емес, тері, бұлшықет, сіңір, буын, сүйектің де зақымдануына  әкеледі. Нервтер (жүйкелердің) зақымдалу патоморфологиясы: Зақымданған  нервтегі патоморфологиялық  өзгерістер  тереңдігі  көптеген  факторларға  байланысты:  соққы күшіне,  зақымдаушы  зат  түріне. Патоморфологиялық  өзгерістер  тек  жарақат  аймағында  ғана  емес,   оның   жоғары    және  төменгі  аймақтарда  да  дамитыны  анықталған. Зақымдалған  аймақта: нерв    шоғырлары мен  олардың қабықшалары  қоса  жыртылуы,   қан  құйылулар,  нерв  клеткалар өлуі,  дәнекер  тіндер  зақымдалу. Өлген   жасушалар  мен  қан  құйылу  аймақтарында  дәнекер  тін  түзіліп,  бағанаішілік тыртықтар  түзіледі. Инфекциямен  жарақат  асқанса,  тытртықтар  үлкен  болады. Бағанаішілік тыртықтар  нерв  элементтер  ирритациясына  әкеледі,  нервта  микроциркуляциясын  тудырып,  бағанаішілік  гипертензия,  ісік  дамиды,  клиникасында  ол  ауырсынумен  қөрінеді. Зақымдалған  жерден  төмен  аймақта: Перифериялық  ісік  аймағы,  валлеров  жаңаруы Зақымдалған  жерден  жоғары  аймақта:  нервтің  орталық  кесіндісінде,  түйіндерінде  және  оған  сәйкес  жұлын  сегменттерінде  ретроградты  патоморфологиялық  өзгерістер  дамиды. Жарақат  кезінде  нерв  зақымдалу  дәрежелері: І —  өткізгіштіктің  функционалды  бұзылысы ІІ – жеке  аксондардың  анатомиялық  бүтіндігі  бұзылуы ІІІ – Нервтің  толық    анатомиялық  құрылымын  бұзылуы Емі Консервативті: шайқалу,  соққы,  жаншылу немесе  созылу  жағдайында Хирургиялық:  анатомиялық  құрылымдары  бұзылғанда Консервативті  ем: дегенерация  және  регенерацияны  жылдамдату  мақсатында: анальгезирлеуші, қабынуға  қарсы  және  инфекцияға  қарсы В тобы  витаминдері: иамина хлорид, пангамов қышқылы + никотин қышқылы; нерв жүйесі стимуляторлары (стрихнин, алоэ, ФиБС, плазмол и др.); антихолинэстеразды препараттар (прозерин, галантамин, нивалин); көрсеткіш және қарсы көрсеткіштерін  ескере  отырып, физиотерапевтикалық  әдісер Нерв  зақымдалуының жедел көріністері жоғалғаннан кейін бальнеотерапия Хирургиялық емі: Нейроррафия Невролиз Нейроэктомия Нейроррафия. Зақымдалған  нервтің эпиневриіне орталық  және перифериялық  кесіндісінің  соңы  мен  соңын  тігу.Бұндай  тігістер  жараны  біріншілік  өңдеуде  салынады,  ерте  немесе  бріншілік  тігіс  деп  аталады. Ауыр  жарақатты  инфекция  кезінде  біріншілік  тігіс  салуға  болмайды.Тігіс  тек  инфекциялық  процесс  басылған  соң  салынады,  ол  тігіс  кеш  немесе  екіншілік  тігіс  деп  аталады. Невролиз. Дәнекер тінді  тыртықтарды   ашып, нервты  босату  операциясы. Орталық  неврома  болғанда,  ол  тілініп,  нейроррафия  жасалынады. Невролиз  каузальгиялық  ауырсынулар  мен  нервтің  тыртықпен  басылуы  мен  тітіркенуі  кезінде  жасалады. Нейроэктомия. Жарақаттың  жедел  кезеңінде    нервтің  жаншылған  аймақтарынан  тазалап,  біріншілік  тігіс  салу  кезінде  жасалады.  Кеш  кезеңінде   нейроэктомияға  көрсеткіш  болып,  тек  орталық  неврома  табылады. Орталық  неврома  өткір, қинайтын,  консервативті  емге  көнбейтін  ауырсынулар  әкелсе. Жарақат болжамы: Шайқалу  және  жеңіл дәрежеде  зақымдаулар  кезінде  бірнеше  аптадан  соң  жазыла  бастайды.  Алдымен,  нерв  бойымен  ауырсынулар  басылып,  сезімталдығы  қалпына  келіп,  ақырында  қимыл  функциясы  қалпына  келеді.Ең  ақырында  нерв  функциясы  қалпына  келу  жүреді. Перифериялық  жүйке зақымдалуы  кезіндегі  хирургиялық  араласулар  принциптері: Операция  мақсаты: Өлген  нерв  талшықтар   футляры  бойымен  аксондардың  өсуіне  жағдай  жасау. Нервтерді созусыз, нерв  ұштарын нақты  анатомиялық  тұйістіру. Операцияның  сәтті  жүруіне  микрохирургиялық  техника  қолдану  маңызды:  микроскоп,  арнайы  инструменттер,  атравматикалық  жіңішке  инелер. Анатомиялық  бүтінділігі  толық  жойылғанда  нерв  ұштарын  қалыпты  құрылымдарға  дейін  тіліп, нерв  ұштарын  созылу  болмайтындай  жақындатамыз.Ол  үшін  нервты   бұрынғы  орнынан  жылжытамыз,  қанмен  қамтамасыз  етілуін  бұзбай,  мобилизация  жасаймыз.Егер  ұштарын  бірдейлестіру мүмкін  болмаса,  функционалды  маңызы  аз  нерв  фрагменттерінен  трансплантат  аламыз. Ол  үшін  көбінесе,   беткей  сезімтал  нервтер   —   беткей   асықты  жілік,  орталық  терілік  бұғаналық  нервтар,  т.б. Трансплантат    зақымдалған  нерв  құрылымына  жақын болуы  тиіс. Нерв  ұштарын  тігу  кезінде  фасцикулалары  бір  біріне  сәйкес  етіп  тігеміз.  Тігіс  эпиневрийге,  немсе  периневрийге салынады. Салынған  тігістер  саны  минималды  болу  керек,  бірақ  жеке  фасцикулаларды  сәйкестендіруге  жетерлік  болуға  тиіс. Тігістер  көптігі     дәнекер  тін  пролиферациясына  әкеліп,  нерв  регенерациясын  тежейді. Операциядан  кейін  қалпына  келтіру емі  ретінде —  арнайы  жаттығулар,  физиотерапевтикалық  процедуралар  жасатамыз.Нерв  регенерациялық  кезеңінде дегенерация  мен  склероздану  процесстерінің  алдын  алу  мақсатында иннервация  аймағындағы  бұлшықеттер  электростимуляциясын  жасау  керек.

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет