Iii қортынды VI пайдаланған әдебиеттер Кіріспе



Дата17.12.2019
өлшемі27.16 Kb.
Мазмұны

I Кіріспе



II Негізгі бөлім

    1. Дизайн даму тарихы

    2. Дизайн түрлері

    3. Жарнама дизайны

III Қортынды

VI Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Менің болашақ мамандығым Дизайнер. Дизайнер әр салаға бөлінеді. Олар: киім дизайнері, ақша дизайнері, үй дизайнері, ұялы телефонның дизайнері. Дизайнер мамандығын таңдаған себебім ақ қағаздың үстіне киім үлгісін белгілейсің. Құштарлығын дамиды. Қазіргі ғасырға сай мамандықтың бірі - дизайнер мамандығы. Aқша дизайнері жыл сайын ақша үлгісін белгілейді. Үй дизайнері үйдегі бөлмелерді әсемдейді, мол үлесін қосады. Ұялы телефонның дизайнері қытайларда немесе басқа шетелдік жерлерде телефон шығарып жатыр. Соларға дизайнер үлгісін жасайды.Дизайнер, ең алдымен, стратег болуы керек. Бұл өзі шахмат ойыны сияқты нәрсе. Қандай жүріс жасайтының анық болуы тиіс. Не керек екенін білу және тез шешім қабылдай алу да аса маңызды. Сән әлемінде жетістікке жету үшін аянбай еңбек етемін.. Әркімнің өсу, өркендеу жолы әртүрлі. Бәріне ортақ бір талап жоқ деуге де болады. Әркім өзінің өсу жолын өзі таңдайды. Біреулер, мәселен, сән әлеміне қатысты журналдарда стилист болып жұмыс істейді. Енді біреулер жеке тапсырыстар негізінде үй-үйді аралап, қызмет көрсете жүріп, үлкен жетістікке жетуі мүмкін. Қалай болғанда да, бұл – шығармашылық. Шығармашылық болғаннан кейін оның басты шарты – әркімнің өз қолтаңбасының болуы. Сондықтан мен бұл өмірде өз қолтаңбамды қалдырып.басқалардан айырмашылығым бар екенін көрсеткім келеді.Дизайн өте қиын әрі шыдамдылықты талап ететін мамандықтардың бірі болып табылады. Егер менің қызығушылғың жоқ болса онда саған бұл мамандық құлықсыз болады. Әр мамандықтың өзіндік қызықтары болады. Менің таңдаған мамандығым өте қызықты. Менің мамандығым компьютермен тығыз байланысты. Дизайнерлердің көбісі қияли болып келеді.Өйткені дизайнерлерге өте көп сызбалар , үлгілер жасау қажет. Дизайн мамандығы енді дамып келе жатқанына қарамастан үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Менде 5 жыл оқып бітіргеннен кейін өз үйлесімді қоғамын. Қазақстанда дизайн өнерін дамытып , білімді де білікті жастарға үйретсем деймін. Өз елімізге өзіміз үлес қосуымыз керек деп ойлаймын. Біз жастар осы елді көркейтеміз. Дизайн өнері ең қызық және ең қиын өнер болып табылады. Оны үйренген әр бір адам өте бақыты болуы керек деп ойлаймын.Мен өзім өте бақыттымын осы мамандыкты



1.1Дизайн даму тарихы

Көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларды қамтитын бағыттың атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып , ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.[1] 1928 жылы АҚШ-та пайда болды.[2]. «Дизайнер» термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де , дайындаушы да өзі болған. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындығтар жасады. Ақын және дизайнер Вильям Морис 1800 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді . Ол қолөнер ісіне қайта көшу үшін « Өнер және қолөнер » қозғалысын бастады. Шаңсорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды. Қазіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істегенін ғана емес , үй ішіне үйлесімділігіне мән беріп жатырмыз , сондықтан дизайн- қазіргі тауар- лардың шығарудың маңызды қасиеті.[3] Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыздомбырасандықожауторсыққару-жарақтарсәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады.[4] 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.[5]



1.2 Дизайн түрлері

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі практикалық, бұл бөлімде дайын сайт жасап шығарылады.[1] Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:



  • Жоспарлау;

  • Элементтерді жасақтау;

  • Бағдарламау;

  • Тестілеу;

  • Жариялау;

  • Жарнамалау;

  • Бақылау;

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек: 1. Сайттың орны. 2. Сайттың аудиториясы кімдер. 3. Қандай ақпарат жарияланады. 4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады. Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады: 1. Навигациялық құрылымын жасау. 2. Беттің дизайнын жасау. 3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде: 1. Сілтеменің жұмысы; 2. Мәтіндегі қателер; 3. Навигацияның тиімділіғі. 4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы. 5. Графикалық файлдардың ашылуы. 6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады: 1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек; 2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу; 3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу; 4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.[2] Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек. HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera. HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы. Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с. Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.[3]

Графика — (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен)Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді. Тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады.[1]Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпентікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс ЕуропаныңЛеонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты.[2] Инженерлік графика инженер тәжірибесіграфикалық жұмыстарын орындау үшін қажетті ғылыми пәндердің кешені. Машиналық графика - есептеу техникасыныңқұралдарымен мәтіндердің, суреттердін, сызбалардың бейнелерін енгізіп, өңдеу.[3]Сонымен қатар компьютерлік графика ұғымын қарастырады. Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.



1.3Жарнама дизайны

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияныңақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. [1]

Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.[2]

Қортынды

«Дизайн» —ең мәртебелі және әйгілі мамандықтардан бірі. Дизайн аса кең шеңберін: үй аспаптан жоғары технологиялы және ғылыми бұйымдардға дейінобъекттерді қамтиды. Кәдімгі  төңіректегі  заттардың  әдемілігіні  адамдарға  ашу керек; өмірді жарыққа толтырып, қолайлы орта,  қуанышқа  және  өзгеріске акелу  сол дизайн мамандығы.Болашақ  дизайнерлерді  суреттің  және  композициялық, кескіндеменің және мүсіннің негіздеріне оқытып жатыр. Студенттер сәндік қолданбалы көркемөнерлер және жарнамалар  график  түрінде редакторлар, негізінде  үйреніп жатыр. Зерттеудің  объектпен лайықты онымен құралдары, аксессуарлар, міндеті  түрде  атрибуттар дизайнның әр түрлі бағыттар және стильдері қызмет көрсетіп жатыр. Заттың әлпеттің жасаудың үстінде жұмыс үшін болашақ  дизайнерлер әр түрлі  бұйымдардың  жұмыс  жасалуы  технологиясың  және қағидалы  білім  алып жатыр. Ландшафт дизайнері болуды қалағандар жергілікті жердің климаттық ерекшелігін ескере отырып жерді өңдеуді; тыңайтқыштар қолдануды; ландшафты күзеу тәсілдерін, оны безендіруді; жолдарды, хауыздарды, гүлзарларды бір-бірімен үйлестіріп әрлеу технологиясын меңгеруі тиіс. Тапсырыс берушінің көңілінен шығып, далада ұзақ жұмыс істеуге шыдамды жандар ғана осы кәсіптің иесі бола алады.Декоратор-дизайнерлердің кәсібі кино, театр өнерімен тікелей байланысты. Ол үшін декоратор-дизайнер фильм, спектакльдердің мазмұнын терең біліп, әрлеудің заманауи әдістерін де меңгеріп отыруы қажет.Баспа ісі дизайнері журналдар мен кітаптардың, сайттардың дизайнын жасап, көркемдейді. Ол түрлі компьютерлік программаларды жан-жақты меңгерген кәсіби маман болғанда ғана өзіне жұмыс таба алады. Ландшафт дизайнері болуды қалағандар жергілікті жердің климаттық ерекшелігін ескере отырып жерді өңдеуді; тыңайтқыштар қолдануды; ландшафты күзеу тәсілдерін, оны безендіруді; жолдарды, хауыздарды, гүлзарларды бір-бірімен үйлестіріп әрлеу технологиясын меңгеруі тиіс. Тапсырыс берушінің көңілінен шығып, далада ұзақ жұмыс істеуге шыдамды жандар ғана осы кәсіптің иесі бола алады.Декоратор-дизайнерлердің кәсібі кино, театр өнерімен тікелей байланысты. Ол үшін декоратор-дизайнер фильм, спектакльдердің мазмұнын терең біліп, әрлеудің заманауи әдістерін де меңгеріп отыруы қажет.Баспа ісі дизайнері журналдар мен кітаптардың, сайттардың дизайнын жасап, көркемдейді. Ол түрлі компьютерлік программаларды жан-жақты меңгерген кәсіби маман болғанда ғана өзіне жұмыс таба алады. Зергерлік адамдармен бірге жасасып келе жатқан ең көне әрі ешқашан сәннен қалмайтын кәсіптің бірі десем, қателесе қоймаспын. Зергер әшекейлерді күрделі жөндеу; балқытып, құю; асыл тастарды өңдеу; оларды металдарға орнату сияқты жұмыстарды атқарады.Жалпы дизайнерліктің қай саласы болса да, жоғары талғаммен бірге шығармашылық қабілетті, үлкен төзімділікті талап етеді.



Пайдаланылған әдебиеттер

Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

↑ Сұрақ және жауап. Энциклопедия

↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9


"Қазақ Энциклопедиясы"

Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.



"Қазақ Энциклопедиясы"

↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет