Ііі том. 93 бет. 6 түптеме



жүктеу 378.6 Kb.
бет1/3
Дата03.04.2016
өлшемі378.6 Kb.
  1   2   3
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
ІІІ том. 93 бет. 6 түптеме

1929 жылғы 27 мамыр күнгі Әлихан Бөкейхановтың берген жауабы.
"Алаш орданың" ұйымдастырылған күнінен бастап оның тарқаған күніне дейінгі атқарған ісі туралы мен Каширин жолдасқа жауап береген болатынмын.

Ал, менің Валидовпен арадағы қарым-қатынасыма келетін болсақ, онда мен онымен соңғы рет Уфадағы "мемлекеттік кеңесте" кездесіп, әңгімелескеен едім. Онда біз өзіміздің жауларымызға қарсы қалай бірігіп күресетініміз жөнінде ақылдастық, оның ішінде кеңес өкіметі де кіреді, әрине. Оның ішінде Дутов туралы нақты талдадық, ал кеңес үкіметі жөнінде арнайы сөз болған жоқ, жоғарыда айтқанымдай, ол өзінен өзі түсінікті жай еді. Мен де, Валидов те дәл осылай түсінді. Біздің әңгіменіз бен жасаған жоспарымыз жүзеге асқан жоқ, өйткені Уфа кеңесінде сайланған Үкіметті-Сібір Үкіметі тұтқынға алды. Бұдан кейінгі қалыптасқан жағдайға байланысты екеуіміз кездесе алмадық, ешқандай байланыс орнатудың да реті келмеді.

Байтұрсынов пен Ермеков туралы: олар 1920 жылы /жазда/ Мәскеуде болды. Олар мұнда Қазақ Автономиялы Республикасын құру туралы Комиссияның мәжілісіне қатысу үшін келді. Олар мұнда Валидовпен кезекті ме, жоқ па, оны айта алмаймын, бірақта білетінім, Ермеков Қазақ Республикасының құрылтай жиналысына 1920 жылдың қазан айында келді, ал Валидов болса1920 жылдың қыркүйек айында Бакуде өткен Шығыс халықтарының құрылтайына қатысты. Сондықтанда, олар Валидовпен ешқандай байланыс жасаған жоқ деп ойлаймын. Қалай дегенменде олар бұл туралы маған еш нәрсе айтқан жоқ.

Мен мына жайды үзілді-кесілді бас тарта отырып мәлімдеймін: Уфадағы мәжілістен кейін мен валидовпен ешқандай байланыс жасағамын жоқ, оған Болғамбаевті жолығуға жұмсағамын да жоқ және Валидовтен ол арқылы хат та алғамын жоқ.

1919 жылы "Алаш орда" тарқаған соң, біздер, бұрыңғы ұлтшылдар, бұрыңғы алашордашылар қандай да бір ұйым құрып, кеңес өкіметіне қарсы күресуге, арнайы ұйым құрып күресуге талаптанған жоқпыз. Ұлтшылдық іс-әрекет туралы ешкімменде ой бөліскен жоқпын, өйткені, мен ұлт туралы ұлтшылмен ұлтшыл ретінде пікір алысатын екі-ақ адам бар, ол - Байтұрсынов пен Дулатов, ал бұлармен ұлттық күрес тәсілдері жөнінде әңгімелескен емеспін, егерде ұлт жөнінде олармен сөз қозғай қалсақ, біздің "ұлтшылдығымыз" тек тағдырға налып "көз жасын төгумен" шектелетін.

Мен Жер туралы саясат жөніндегі пікірім мынаған келіп саяды: жерді орыстармен /қоныс аударып келушілермен/ қазақтарға тең бөліп беруге болмайды, өйткені орыстар жерді өңдеу мәдениетін жақсы меңгерген, олар қалайда ұтымды пайдаланады да кезі келгенде қазақтарды қанауға кіріседі. Жер туралы менің "ұлтшылдығым" осы мәселеге келіп тіреледі. /191-бет/.


І. Зады бұл түске дейінгі тергеу болса керек, себебі, сол күні жазылған тағы да бір тергеу бар. Әлде екі тергеудің арасында үзіліс болды ма екен? Тергеушінің қауіпіна қарағанада, Бөкейхановты тұтқындай аларлықтай себебін таппаған соң үзіліс жариялап, арасында түрме бастықтарына не Альшенскийге барып ақылдасып келуі мүмкін. Бұл сұрақтың соңына қол қойылмаған. Кейінгі тергеумен қобып бір-ақ қол қойған. Соған қарағанда үзіліс ұзаққа созылмаған.

Ә.Бөкейханов. 27/Ү-1929.

Мені Жер жөніндегі халық комиссариатының жер туралы іс-әрекетіне араласады -мыс- деген жайға сөзімді тыңдайтын ешкім жоқ, мысалы, Голощекиннің Сұлтанбековті айыптап: ол Мәскеуге келген кезде Голощекинге келмей - маған келді - деген жаласын мен мойындамаймын. Істің анығы былай болған. Республиканың Жер жөніндегі халық комиссары болғандықтанда кесімді жер мөлшерінің ережесін РСФСР-дің Мемлекеттік Жобпарлау мекемесіне /1927 жыл/ бекіту үшін Мәскеуге келді. Жердің кесімді мөлшері қазақ мекемелерінде Швецовтың көмегі арқылы жасалып, бекітіліп кеткен жоспарлау мекемесінде тағы да қорғауы үшін Швецовты ертіп барғысы келеді де сол үшін маған қолқа салды. Швецов екеуміздің ескіден /34 жыл/ келе жатқан дос екенімізді ол білетін, сондықтанда оның бұл іске көмектесуіне менің өз аузымнан тілек білдіруімді өтінді, егерде Сұлтанбековтің өзі тікелей өзі барса, оның бұл ұсынысынан Швецовтың ба тартауы мүмкін еді. шындығында да, Швецов менің өтінішім бойынша оларды қорғау үшін сонда қалды. Ал Голощекин болса ғой Сұлтанбеквотың оған бармай мене "ақыл сұрағанына" намыстанып қалыпты.

/Осы арада жер нормасы туралы сұрақ Берген болуы керек, әңгіме үзіліп барып жалғанады.- Т.Ж./

1925 жылы /көктемде/ қаратілеуов пен Сириус мені ҚАССР-дің Мәскеудегі Өкілдігіне шақырып алды екеуі РСФСР-дің Жер жөніндегі халық комиссариатының бекітуіне ұсынғалы отырған Қазақстандағы жерді бөлу мөлшеріндегі ереже туралы менің пікірімді сұрады. Мен олардың ұсыныстарын қарап шықтым, сондай сауатсыздықпен жасалған екен. Мысалы, онда Адай болысындағы шаруашылықта 28 түйе бар деп көрсетіліпті, бұл дегеніңіз тек қиялда ғана болатын елес қой. Мен өзімнің бұл ойымды ашық айттым. Олар маған: егерде біз жасаған жердің кесімді мөлшері сондай сауатсыз жасалған болса, онда оны сауатты түрде есептеп беретін адам керек, сіз тауып беріңіз - деді. Міне, мен сөйтіп оларға Швецовты тауып бердім. Мен сол кезде /1925 жылы/ Мәскеуде тұрған Ольденбурке барып: олар, яғни, Ғылым Академиясы жердің кесімді мөлшерін анықтау үшін Қазақстанда түбегейлі зерттеу жасай ала ма - деп сұрадым. Бұған Ольденбургпен болған әңгімемді Мәскеудегі қазақ өкілі мырза Галеевке /солай жазылған.- Т.Ж./ жеткіздім. Бұдан кейін Ғылым Академиясына өтініш жіберілді, 1926 жылы қаңтар айында мәжіліс болды, оған Қазақстаннан - Жер жөніндегі халық комиссары Әлібеков, Жаманмұрынов, Қаратілеуов жәнемен қатыстым. Ол мәжілісте жан-жақты зерттеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Зерттеу жүргізетін топтың ішінде Швецов басқарған экономикалық - есептеу жасағы да бар еді. Қаратілеуов пен Әлімбековке бұдан басқа ешқандай кеңес бергемін жоқ. Ал РСФСР-дің Мемлекеттік Жоспарлау мекемесінде Швецов өзінің белгілеген кесімді жер мөлшерін қорғаған кезде осы істің маманы ретінде мені арнайы шақыру арқылы /бұл кезде Ә.Бөкейханов тергеуде еді.- Т.Ж./ мәжіліске қатысып, Швецовтың ұсынған жер бөлу мөлшерін қорғап сөз сөйледім.

Дұрыс: Ә.Бөкейханов /қолы/. І/ҮІ.29.

Бұл - 27 күнгі емес, І.ҮІ. күнгі қосымша жауабы екен.
Байдильдиннің жауабы /көрсетуі/.

25/ҮІІ-І/ҮІІ-1929 жыл. /202-245 беттер/.

Мен өзімнің бір жолғы көрсетіндім арқылы сәдуақасовшылардың бүкіл тарихын толық айтып шыға алмаймын. Оған қазір қажетті жағдай жасалмай тұр, ең бастысы керекті құжаттар қолымызда жоқ. Мен бұл арада осы ағымның бұрыңғы жақтаушысы есебінде оның жалпы даму сатысының нобайын түсіремін және өзімнің есімде қалған кейбір деректерді айтып беремін. Сонымен қатар, кезінде дос - жарандарымнан естіген деректерді де пайдаланымын, әрине, ол деректердің дәлдігіне кепілдік бере алмаймын. Сәдуақасовшылдық ағым партияға қарсы бағыт ретінде ҚССР-нің құрылған күнінен бастап ешқандай ұйымдасусыз-ақ қалыптаса бастады…/202-бет/.

1920 жылы І Қазақ съезі өтті. Оның негізі сонда анықтала түсті. Әртүрлі көзқарастардың өзара үйлеспеуі жікшілдікке негіз қалады - деген пікірді Ә.Байділдин сабақтап келеді де оны рушылдыққа әкеп тілийді. Біздің ойымызша әр көзқарастың астарында ұлттық мүдде жатты. Тек қазақ қайраткерлерінің арасындағы саяси күрестің мәдениеті жетпегендіктен оларды өзара пікір таласы жеке басының ымырасыздығына жол ашты. Ол: бұдан әрі:

"… Ол съезде, ұмытпасам, Әділев Байсеит пен Мыңбаев /Ақмолалық/ және басқалар сөйледі. Әрбір жақ өзінше съездің шешіміне әсер етіп, әсіресе, Үкіметтің құрамына ықпал жасауға тырысты. Әр бір топ өзінің көсемін жетекшілікке ұсынды, яғни КЦИК-тің төрағалығына Байтұрсынов пен Жангельдинді ұсынды" - дейді Ә.Байділдин.

Бұл өзі тасқа басылған 45 беттік кәдімгі кішігірім кітапшаның көлеміне пара-пар көрсетінді, яғни, ең басты айыптаушы сөздің бірі. Сондықтанда оның барлығын қамту мүмкін болмады. Әйтпесе, талай мәліметтердің беті ашылар еді. Амал қанша. Біз тек әкімшілік пен партиялық күрестің кейбір тұстары мен Мұхтар Әуезовке қатысты тұстарын ғана ірірктеп алдық.

Ойымыз шашырап кетпес үшін ықшамдап қана пайдалануға тырыстық. Күндердің күнінде бұл көрсетінді де толық қолға тиіп, жеке жариялана қалса, ондағы оқиғаларарқылы көптеген пікірлерді қайтадан сараптап, кейбір жақсы атты боп жүрген қайраткерлердің халқына не жеке адамға жасаған қиянатына көз жеткізер едік.

"… Сәдуақасовшылардың сол кездегі басты бағыты сұрыптап келгенде мынаған саяды:



  1. Партияның ұлттық бағдарды /программаны/ жүргізуін жақтады. /мұны қалай түсініп, қалай талдағаны басқа мәселе/.

  2. Қазақтардың арасындағы жұмысты жандандыруды ұсынды.

  3. Төңкерісшіл жастарды жоғары қызметке тартуға тырысты.

  4. Отарлаушыларға қарсы күресуді қолдады.

  5. Жұмыссыз солшылдарға қарсы күресті нығайтайық - десті

Бұл бағдардың негізгі пікірлері сол жылы жарық көрген Смағұл Сәдуақасовтың "Жастардың жаңа жолы" атты кітапшасында толықтай қамтылған". /204-бет/.

Егерде, 1920 жылы Смағұл мен өзінің арасындағы қарым-қатынас пен қайшылықтарды айта келіп, өзінің 1920-1929 жылдар аралығындағы өмірін жалықпай саяси астар бере хатқа түсірген. Бұдан аңғарылатыны: тергеуші де және жауап беруші де нысанаға Смағұл Сәдуақасовты алған. Ішінара Мұхтар Әуезовті де шаншып, екеуін қосақабаттап "ұлтшыл" етіп шығаруды көздеген. Біз Мұхтарға қатысты тұсын іріктеп алдық.

Жиналыс барысында: "жойылсын ұлтшылдар!" деген айқайбір жақтан, "сөйлесін!", отаршылдар бөгет жасамаңдар!" - деген қарсы жауап екінші жақтан естіліп, оның сөзін жиі-жиі бөліп жіберіп отырды. ол өзінің сөзін аяқтап болған кезде мәжілістебарлық губерниялардың қазақ өкілдері ду қол шапалақтап қошамет көрсетті. Бұдан кейін екі жақтың арасындағы айқайлар одан әрі өрши түсті. Оны қорғап сөйлегендер де, қарсы тұрғандар да қатты - қатты сөз айтып, ара - тұра дерекілік мінездер көрсетті. Мысалы: Сәдуақасовты қорғаған Х.Нұрмұхамедов /Атбасардан келген өкіл/ бірнеше рет төралқалар отырған сотылды қолымен түйіп-түйіп қалып, аяғымен жер тепкілей сөйледі.

Іс былай аяқталды: дауыс беру барысында дауыс ұлттық белгігісіне қарап екіге тең бөлінді. Қазақтардың кейбірлеулері ғана болмаса бәрі де "иә" деп, дауыс берді. Сөйтіп, мәселе ашық шешілмеген күйі қалды. Кейіннен Сәдуақасов 3-4 дауысты артық алып, бәрібір КЦИК-тің мүшелігіне сайланды./208 бет./

Иә, жалындап тұрған жас жігіттің кедесіндегі өртін "отаршыл - коммунистер де" /С.Сәдуақасовтың өз сөзі- Т.Ж./ өшіре алмады. "Кейбір қазақтардың" не ойлағанын кім білсін, мүмкін, елінің мүддесінен көрі күні ертең өзімнің тағымды тартып ала ма, әлсіздігімді, солқылдақтығымды бетіме баса ма деп қауіптенген болар. Мұны күтуге болады және солай екені анық. Әйтеуір, ішкі есебімізді еліміздің есесі арқылы толтырып отыру - "ұлттық мінезімізге" айналып бара жатқан заман ағымында ондай күдікті мүлдем жоққа шығара алмайсың. Кейде, осындай нақты деректерді жасырмай қаз-қалпында жеткізгені үшін "қаламгер" Әбдірақман Әбділдинге разылық та білдіруге тура келеді. Қайтеміз, тарихтың оған бұйыртқан сыбағасы сол шығар.

Бұдан әрі Әбдірақман Байділдин былай дейді:

"Біз кеңестердің ІІ өлкелік құрылтайына бардық. Сәдуақасов бізден ерте кетті, қалған губерниялық өкілдер кейіндеу бардық. Осы құрылтайда өзге де саяси және шаруашылық мәселелрімен қоса Сәдуақасовтың жеке басы мен оның іс-әрекеті туралы пікірлер негізгі талқылаудың өзегіне айналды. Семей мен Ақмола губернияларынан келген европалық ұлт өкілдері өздерінің сөзінде Сәдуақасовты іліп-шаншып сөйледі, олар оның теріс әрекеттерін сынап: ұлтаралық қарама-қарсылықты, өштікті туғызды; орыс қызметкерлерінің барлығын отарлаушылар деп атайды - деген тағы басқа да айыптар тақты. Ал аталған губерниялардың қазақтары керісінше Сәдуақасовтың ісін ақтап, европалық ұлттан шыққан қызметкерлерді қатты сынады. Осынау өзара кінәласу мен талас КЦИК-тің құрамын сайлау кезінде ең шарықтау шегіне жетті. Біз Сәдуақасовты КЦИК-тің құрамына ұсындық, ал европалық жолдастар оны ысырып тастап отырды. Қарама-қарсы топтардың арасындағы бұлдаудамай өте көп уақыт алды. Пікір таласы барысында Сәдуақасовтың өзі қорытынды сөз алып ұзақ сөйледі. Ол өзін - қазақ халқы үшін күрескен нағыз ер ретінде және сол үшін қасірет шегіп жүрген азамат ретінде көрсетті; ол европалық ұлт қызметкерлерін саналы түрде отарлау саясатын жүргізіп отырсыңдар, партияның шынайы ұлттық саясатын жүзеге асыруға кедергі жасап отырсыңдар - деді. Солай дей отырып, ол өзінің сөзінде ұлт мәселесі туралы өткен партияның сөйлеген Сталиннің 8 съезіндегі сөзінен үзінді келтіріп өзінің іс-әрекетінің жоғарыдағы үзіндімімен сәйкес келетінін дәлелдеп, орыс отарлаушылары партияның сол бағдарын жүзеге асыртпауға тырысып, мені қудалап отыр - деді. Сонымен қатар ол Қазақстанның өткендегі тарихына шолу жасап, кешегіні бүгінгі күнмен салыстырып, өзінің пікірінің дұрыстығы туралы тұжырым жасады.

Жоғарыдағы топтық мәжілістің жабылар кезінде М.Әуезов барлық қазақ өкілдерін өте маңызды мәселені талқылау үшін арнайы жеке жиналу керектігін, олардың қай жерде жиналатынын және қай уақытта басталатынын хабарлады. Өкілдер айтылған уақытта айтылған жерге жиналды. Тек Меңдешев, Мырзағалиев т.б. жауапты қызметкерлер ғана кешікті, оларды арнайы шақыруна адамдар жіберілді, олар содан кейін барып келді. Әуезов жиналысты ашып, оның мақсатын түсіндірді. Ол: біз жергілікті жердегі жағдайлар туралы, оның ішінде қазақтардың арасындағы істің барысы туралы өзара толық мәлімет алмасу үшін және соған сүйене отырып шешім қабылдау үшін жиналдық - деді./208-бет/.

Содан кейін жергілікті жердегі жағдай туралы пікірлер алмасылды. Әр губерния өзінің баяндамашысын тағайындады, солар жергілікті жердегі жағдай туралы хабарлама жасады. Ең бірінші хабарламаны Әуезов жасады. Ол Семей облысындағы, әсіресе, қазақ ауылдарындағы жұмыстың нашар жүргізіледі. Қазақстанның біраз губернияларына аштықтың төніп келе жатқан қаупі байқалады - деді. Жергілікті жердегі жағдайдың нашарлығы туралы қара бұлтты төндіре сөйлеген Әуезов мұның барлығы біздің енжарлығымыздың, ұйымдастыра білмейтіндігіміздің, өзара тәжірибе алмаспай томаға-тұйықтық танытуымыздың, ең бастысы - отаршылдардың кедергісі мен ірітушілік әрекетінің кесірінен болып отыр - деді. Ол мұндай көріністермен қарсы аянбай күресуге шақырды.

І. Бұл мәселе Смағұл Сәдуақасовпен алдын-ала келісіліп алған сияқты. Істің бәрі де соның ықпалымен және соның күрес жолының бағытымен қақпайланып отырған. Бұл өте бір ауыр кезең еді. Қазақстанның үш түрлі өкімет билігінде қалуы - өзара түсініспеушілікті тудырды және ұлттық мүдденің тұтастығын сақтауға кесірін тигізді. Әсіресе, Сібір төңкеріс комитетіне қараған Шығыс және Солтүстік губерниялардың ахуалы өте нашар еді. Жаңа орыстандыру мен қоныстандыру саясаты жүріп жатқан. Төңкеріс - тек орыстарға ғана қарысты сияқты көрініп, қазақтар қызметтен шеттетіліп жатыр еді.

Әбідірақман Байділдин бұдан кейін мәжілістің мәнісін былай түсіндіреді:

"Әрі қарай өзге губерниялардың есебі тыңдалды. Айтылған пікірлердің барлығы да Әуезовтің Берген бағасымен үйлесіп жатты. барлығыда істің енжар жүргізіліп жатқанына тоқталып, бір ауыздан отаршылдардың қойып отырған тосқауылына тоқталды. Сондықтанда, өкілдердің сөзінде тың пікір аз болды. Алайда өзінің сөзі арқылы Меңдешев сәл-пәл өзгешелік әкелді. Ол: жергілікті, алайда сөйлеушілердің жергілікті ұлтшылдықтың тигізіп отырған кері ықпалына тоқталмағанына реніш білдірді. Бұл туралы айта келіп, мәжілістің қорытындысында осы мәселеде көрініс тапсын - деді. Біраз адамдар бұған қарсы болды, алайда ол ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданды.

Сонымен, негізгі шешім қабылданды. Әуезов өзінің алғашқы сөзінің сарынын әуенімен мәжілісті қорытындылады".

І. Иә, әркім өзінің бет пердесін әр тұста ашып қалады. Тарих оны ешқашан жасырмайды. Бірде болмаса бірде әшкерелейді. Дәл осы қазақ халқының мүддесі арнайы сөз болған жиналыста Меңдешев те өзінің саяси болмысын қазақтары аштан қырылып жатқан кезде де "Алаш орданы" әшкерелеп, оған Смағұл Сәдуақасовты теліп, Байтұрсыновты билікте шеттетуден танбаған. Екі жиналыста да Меңдешев қазақ халқының тәуелсідік күресін "коммунист-колонизаторлармен" ымыраластыруға тырысқан. Соңғы жолы, ашаршылыққа қарсы комиссия құруға қарсы болған. Байтұрсынов табандап тұрып алған соң оның қазақ халқына арнап жазған үндеуін шығартпай, өзі төрағалық еткен. Ел - елді аралағандарға тыңшыны соңына қосып жіберген.

Әбдірақман Байділдиннің көрсетуі бойынша:

"Бұл жиналыстағы екінші мәселе ретінде күн тәртібіне Смағұл Сәдуақасовтың мәлімдемесін талқылау ұсынылды. Ол: мені отаршылдар менің соңыма түсіп қудалап жүр, облыста мені көзіме шұқып, шеттетін келеді, тексеру жіберіңіздер - деп мәжіліске қатысулардың бұл жөнінде өз пікірлерін айтуды және көмек көрсетуді өтінді. Жиналыс оған қалайда көмек көрсетілсін деп шешім қабылдады. /Бұл жиналыстың хаттамасының көшірмесі менде сақтаулы болатын, оны ГПУ тергеушілері тінту кезінде алып қойды/.

Міне, Сәдуақасовшылар бүкіл қазақстандық деңгей да осылай қалыптасты. Алайда бұл шешім оның басты шабыттандырушысы - Сәдуақасов Смағұлды қанағаттандырмады. Съездің қорытынды нәтижесінде ол бәрі бір жүнжіп шықты. Бұрыңғысындай КЦИК-тің төралқасына мүшелікке ілінбеді, оны жауапкершілікке тартуды жалғастыра берді, оның өзін қанағаттандыратындай оңтайлы үлкенді-кішілі жұмыс берілмеді. Соның нәтижесінде ол не істерін білмей сенделіске ұшырады. Күндіз қабағынан қар жауып жүрді, ал кеш болса Әуезовтің бөлмесінде ұзақ әңгімелесіп отырып алатын". /209-бет/.

Біреудің шеккен қасіретіне шексіз қуанып, содан ләззат алып, қас дұшпанына сүйіне әрі сондай сұрқайы сөздермен бейнелеп берген адамның мінездемесіне араша түсу - парызымыз. Алайда дәл осы арада бәрі де дәлелдемей-ақ түсінікті сияқты. Сондықтан да созбалап жатпаймыз. Тек, Мұхтар Әуезовті тінтенде алынған бір хаттың сыртында мынадай сөз жазылыпты. Зады сол сөз осы бір қиын күндерде жазылса керек.

ҚАУЛЫ

1929 жылдың 20 шілде күні. Алматы.



Азамат Әбдірахман Байдилдин…….4. байділдин студент кезінде большевиктерге қарсы қарулы күрес жүргізу үшін ұлтшыл жастардан ұйымдастырылған ақ гвардияның жасағына өз еркімен кірген, сонымен қатар ол Колчактың З-армиясының қарсы барлау тобының құпия тыңшысы міндетін қоса атқарған, яғни, азамат Байділдин Қылмыс Ережесінің 58-7, 58-ІІ, 58-13, және 59-3 баптарының тиісті тармақтарына сәйкес қылмыс жасаған, сондықтанда Қылмысты Істер жөніндегі Ереженің 128 және 147 баптарына сәйкес мынадай қаулы қабылдадым:

Азамат Байділдин Әбдірахман, 32 жаста, қазақ, Петропавл уезінің "арғын" руынан шыққан, үйленген, орта білімі бар, ВКП(б) қатарынан шығарылған, бұрынғы "алашордашы", қазір еш жерде жұмыс істемейді - жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін айыпкер ретінде жауапқа тартылсын.

Байділдинге алдын-ала сақтандыру шарасы қолданылып, оны ПП ОГПУ-дің ҚССР бойынша комендатурасының жанындағы түрмеге отырғыз үшін тұтқындалсын.

Шығыс бөлімінің бастығының көмекшісі - Саенко.

"Бекітемін" ПП ОГПУ-дің ҚССР бойынша өкілі - Альшанский.

Қаулы маған оқылды, өзімді кінәлімін деп санаймын. Ә.Байділдин. /182-бет/.

Иә, өзін кінәлімін деп санамайды. Бірақта өзгелерді "кінәлі" деуге қандай қақысы бар еді?

Әбдірахман Байділдин туралы бірер сөз.

"Мен Байділдинмен патшаның тұсында Омбыдағы оқушы кезімде таныстым. Өзге де оқыған қазақтар сияқты ол да ұлтшыл болатын. 1918 жылдың басында, мен халықаралық пролетарлық 2-Омбы партизан отрядына ерікті жауынгер боп жазылған кезімде өзге де ұлтшылдарсияқты Байділдин де менің бұл әрекетіме қарсы болды, мені майданға аттанудан бас тартуға үгіттеді. 18 жылдың күзінде, Сібірдегі кеңес өкіметі құлаған соң мен әзер дегенде Омбы қаласына жеттім, онда ұзақ уақыт жасынып жүрдім, Сәдуақасов Жанайдар маған үнемі қатынап тұрды. Бірде маған байділдинде келді. Жанайдар Байділдинге сенімсіздікпен қарайтын, алайда одан қандайда бір қастандықты күтпейтін. Ол уақытта байділдиннің белгілі бір саяси бет-бағдары қалыптаспап еді. Ол екі ойлы болып жүретін, кәдімгі ұсақ буржуазияның өкілі ғана қалпын сақтады. 1918 жылдың соңына ала омбыда Колчаққа қарсы большевиктердің көтерілісі ұйымдастырылды, оған қазақтардың арасынан мен және Жанайдар қатысты. Көтеріліс жанышталды да маған Омбыда қалуға мүлдем болмайтын болды. 19-жылдың қаңтар айында ауылына демалысқа кетіп бара жатқан байділдинге ілесіп Петропавл арқылы мен соның ауылына жүріп кеттім" /қалғаны таспада. 173-бет/.

Ең қиын кезде қол үшін Берген Әбдірақман Байділдинді оның "партизан, большевик, мектептес досы" Дінше-Дінмұхамед Әділев ГПУ-дің тергеушісіне ұстап беріп отыр. Сонда, ГПУ жүйесі Колчактан көрі айбынды, олардан көрі үрейлі болғаны ма?

1929 жыл, 26 маусым.

Қалабай Бекдуллаев, 22 жаста, Қызыолрда қаласындағы Атбасар көшесінің 2 үйінде тұрады, 1921 жылдан комсомол, қазақ, батырақ, мектеп мұғалімі, үйленген.

Міне, ұстаз осы жігіт өзінің ұстазы Жүсіпбек Аймауытовтың үстінен "домалақ арыз" жазып, оны "халық жауы" ретінде әшекерелеп ГПУ-ға түсінік берген. Көрсетуіне қарағанда Қалабай жалақор Жүсіпбектің өмірбаяны мен жұмысын да жөндеп білмейтін болып шықты. Кәдімгі можантопай көп топастың бірі екені байқалады. Тіпті, Абайды сынап, "халық жауының" қатарына қосқан. Мұнда Тәжібаев деген студент те куәга тартылған. Алайда оның көрсетінділерінің "ізі өшкен" тәрізді. Айбақ-сайбақ жазуының табы іс қағаздан байқалып қалады. Енді осы Қалабай Бекдуллаевтің көрсетіндісіне тоқталайық. Ол: "Аймауытов Жүсіпбекті 1921 жылдан" /-?- мүмкін 1927 жылдан шығар, жазу бедері өшіңкіреп қалған.- Т.Ж./ білемін, өзінің айтуы бойынша оның әкесі Ақмола /-?- Семей губерниясы, Павлодар уезі болуы керек.- Т.Ж./ губерниясындағы аса үлкен діншіл- молла екен" - деп байстайды сөзін. Бір сөйлемде екі дүдәмәл дерек ұшырасуынан-ақ Қалабайдың пәл-ендей "маманданған жалақор" еместігі аңғарылады. Алайда одан мұның бәрін тәптіштеп жатпаған болар тергеуші. Өзі де елпілдеп екілене көпірген сияқты. Жә, "шәкірттің" ұстаз туралы "пікіріне" көшейік.

"Ол 1926 жылмен 28 жылдың аралығында Шымкенттегі педагогикалық техникумның оқытушысы болды. Аталған оқу орынында сабақ Берген кезінде ол өзін барып тұрған ұлтшыл- алашордашы ретінде көрсетті, барлық жерде және үнемі студенттердің миына ұлтшылдық сананы егуге тырысты. Мысалы, арнайы әдеби бақылау орындары /цензура- Т.Ж./ басып-шығаруға рұқсат бермей қайтарып жіберген әдеби шығармаларын, кітаптарын шәкірттерге оқуға бер деді. Әсіресе, жоғарғы класс оқушыларына оқу үшін таратып Берген кітаптарының ішінде "Үрбек"/ -?- Жүсіпбек Аймауытовтың осы аттас шығармасын кездестірмедік. Зады, Қалабай мырза "Ақбілек" дегенді "жаңылысып жазған" болуы керек - Т.Ж./ атты шығармасы ерекше көзге түсетін. Бұл кітап "алашордашылардың" рухында жазылған, онда ескі қазақ зиялыларын бірігуге шақырған. Кеңес өкіметінің олармен күресуге шамасы кемейді - делінген.

Сондай-ақ, ол студенттерге "Ақ жол" газетінің ескі тігіндісін /1923 - жылғы ғой деймін/ әкеліп, ондағы өзінің "Қилы, қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды" - деген мақаласын оқытты. Ол бұл мақаласында қазіргі қоғамға деген өкпесі мен сенімсіздігін білдірген.

Жоғарыдағы аталып өткен әдеби шығармалардан басқа педтехникумның студенттерінің арасына өзінің "Сылаң қыз", "Мансапқорлар" т.б. кітаптарын оқуға таратып берді. Бұлар студенттерге қосымша құрал ретінде пайдаланылуға ұсынылды, бірақта мазмұны жағынан алғанда ұлтшылдық рухымен жазылғандықтанда ондай кәдеге жарамайтын. Ол туралы "еңбекші қазақ" газетінде сын мақала жарияланды кеңес өкіметіне қарсы бағытта, онда бұл кітаптар бағытталғандықтанда қазақ әдебиетіне ешқандай қажеті жоқ - делінген.

Педтехникумда әдебиет пәнінен сабақ беріп жүрген кезінде сол пәннің мұғалімі ретінде студенттердің назарын әр түрлі қажетсіз нәрселерге аударып, түкке де пайдасы жоқ Мағжан Жұмабаев пен Абайдың өлеңдері мен поэзиясынан мысал келтіріп, үзінді оқитын, жалпы алғанда оның оқыған дәрісінен студенттер ешқандай да пайда алды деп айта алмаймын" - дейді сабазың!

І. Дұдан кейін Қалабай мырзаға не деп кінә тағуға болады? Оны тыңшылыққа алған тергеушілер де сол дәрежедегі адамдар болғаны ғой. Осындай "можантопай-мәңгүрттер" болмаса анау-мынау түйсігі бар жанның жансыз болуға келісуі де кәдік. Әрине, істі боп ісі түсіп, басына күн туса - мәселе басқа. Зерек, зейінді деген қайраткерлердің біразы мұндайда бұлбұлша сайрағаны таңсық емес.

Қалабай Бекдуллаев өзінің сәугейлігін былай жалғастырады:

"1928 жылы көктемде педтехникумның бір топ студенттері оқу бітіргелі жатқанда белгісіз біреу Шымкент қаласының көшелеріне алашордашылардың үндеуін желімдеп жапсырып кетті. Менің пайымдауымша және оны толық сенімменайтуыма да болады, бұл Аймауытов пен оның ықпалындағы студенттердің және Губерниялық соттың қызмтекері Досовтың /СО ОО ГПУ тұқынға алған/ қолымен істелген іс.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет