Ііі том. 93 бет. 6 түптеме



жүктеу 378.6 Kb.
бет2/3
Дата03.04.2016
өлшемі378.6 Kb.
1   2   3
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»

Бұл Үндеу шыққанға дейін Аймауытов Ербазаров Әлімбек /қазір шет елде жүрген қазақ ұлтшылы Мұстафа Шоқаевтің бауыры/ және Хамитов Әли-айдар /оның да Шоқаевпен туысқандық байланысы бар/ сияқты студенттермен ерекше дос боп жүрді. Бұл студенттерді Аймауытов жиі-жиі үйіне қонаққа шақыратын. /107/.

Әрине, әрбір ұстаздың өзінің сүйікті шәкірті болады. Оны өзгеден көрі іш тартуға қақысы бар. Тіпті, Жүсіпбек аймауытов Әлімбек пен Әлиаидарды елі үшін еңірееп, басына күн туғанда жат жерді паналаған Мұстафа Шоқайдың ет жақын інілері есебінде жақын тартқан шығар. Ондай бауырмалдық көрсету әркімнің қолынан келе бермейді. Осы бір жай Қалабайдың көңіліне ерекше қызғаныш тудырған іспетті. Өйткені ол: өз кітабынан соларға үзінді оқып береді. Үйіне тек молдалар мен байдың баласын ғана қонаққа шақырады. Ленинге арналған қаралы жиында оны мазаққа айналдырған студенттерді оқудан шығарған соң оларды Жүсіпбек Аймауытов қайтадан оқуға алдырды - дегенді қайталап жиі айтады. 6 апта тұрып оқыс күліп жіберген шәкіртті пионер қатарына алмай қойғанын біз өзіміз көзімізбенкөрген болсақ, онда ол заманда қандай қылығымен "азалы жиында" кінәлі болғанын елестету қиын емес.

Одан әрі Қалабай Бекдуллаев былай жалғастырады:

"Егерде ішінара кейбір студенттер оған: неге сіз бізбен саяси тақырып жөнінде әңгімелеспейсіз - деп сұрақ қоя қалса, ол үнемі: біз саясатқа араласпаймыз, ол жөніндегі біздің құқымыз шектеулі - деп жауап беретін" - дейді. /209-бет/.

Енді шәкірттерінің айналасынан шығып, "ұлтшылдардың" ауқымын кеңейте түседі. Қалабайдың өзінің ұстазы жөніндегі жинаған мағлұматтарының тиянақтылығына қарап, сол оқып жүрген кезінің өзінде "үндеместің тыңшысы болмады ма екен?" - деген күдік ұялайды. Кім білсін, әкесін - баласына, шешесін - қызына аңдықтан заман ғой ол. Артық кеткеніміз асылық, дегенменде ой топшылауға қақымыз бар. Әйтпесе, Жүсекеңнің алдынан дәріс алған шәкірт көп, ендеше сонау Қызылорда қаласында тұратын "мұғалімнен" Шымкентте тұрғанда ұсталған және сонда сабақ беріп жүрген Жүсіпбек Аймауытов туралы айғақ алады. Әңгіменізді ары қарай сабақтайық.

"Аймауытов әсіресе қазақтың ұлттық театрының артистерімен тығыз байланыста болды және олардың арасында беделі зор еді, оның ішінде мемлекеттік ұлттық театрдың директоры Шанинмен, Жандарбеков Құрманбекпен /Аймауытов кезінде сабақ Берген Ташкенттегі Қазақ институтының бұрынғы студенті/, Байзақов Исамен және Әміремен /екеуі де ұлттық ақындар/ ерекше жақын еді. Бұл артистер Шымкент қаласына келген жақын достары ретінде бетте-ақ Аймауытовтың үйінің төрін бермейтін" - /110-бет/.

Зады, Қалабай Бекдуллаев шындығында да Жүсіпбек Аймауытовтың ұлы талантын моыйндамаған адам болуы ғажап емес. Ол театрдың драматургсіз өлі ұғым екенінен хабарсыз дегенге сену де, мына сөзіне қарап, сенбеу де қиын. Иса мен Әміре, Жұмат Жүсіпбектің бозбала кезінен бері келе жатқан достары. Оның үстіне өзі да асқан әнші, сері адам. Ұстазы жасаған скрипка мен домбыраны, ол тіккен етіктерді, ол шерткен күйді "шәкірті" естімеді дейсіз бе? Бастауыш баспалдақта оқыған Бауыржан Момыш-ұлы марқұм мұны бізге сонау кездің өзінде тамасына айтқан болатын.

Қалабай Бекдуллаев:

"Сонымен қатар Аймауытов Қызылорда қаласында тұратын белгілі ұлтшылдар Байтұрсыновпен, Дулатовпен және басқа да өлкелік оқу орындарының оқытушыларымен тығыз байланыс жасап, сол қалаға барып тұратын. 1926-1927 жылдардың арасында Шымкентте тұрған кезінде ол 4 рет Қызылордаға барып келді" - дейді.

Расында да қалай кірпік қақпай аңдып, қапысын жібермей және жаңылыспай жіпке тізіп отырған. Демек, Қалабай мырза шынымен Жүсіпбек Аймауытовтың соңынан тыңшылық жасаған ғой. Әйтпесе, екі жылдың ішінде оның қайда барып тұрғанын санаудың және оны жадында ұстаудың қажеті қанша? Осы ретте Жүсіпбектің өзгелерден бұрын атылып кетуіне себепші болған Қалабайдың көрсетіндісін келтіреміз:

"1928 жылы Шымкент қаласының көшелеріне ілінген Үндеу туралы педтехникумның студенттеріне ешкімге айтпау туралы ескертілген болатын, сонда да олардың арасында бір-жар ауыз әңгіме айтылып қалып жүрді, ол үндеудің авторы кім екні маған белгісіз, алайда ондағы жазу Аймауытовтың жақын араласатын адамдары үлсібіне қарап мұны жазған Сырдария Губерниялық сотының қызметкері Досов пен студент Ерназаров Әлімбек деген тоқтам жасады" - дейді.

Мұндай Үндеуді Жүсіпбек аймауытовтың жазуы мүмкін бе? Әрине, жалпылама топшыласақ - жазса - сол жазсын. Одан күшті сөз зергері тек Шымкентте ғана емес, исі қазақ арасында сирек болатын. алайда дәл сол кезде, Голощекин қара бишігін сусылдаты "ұлтшылдардың" басына үйіріп тұрған кезде Жүсіпбектің ондай аранадатуға бара қощы екі талай. Мүмкін, албырт студенттердің өзі шығар? Мүмкін. Алайда, Ғабит Мүсірепов марқұм көтеріліске шақырдан Үндеуді өз көзімен оқып шығып, бұл - Жүсіпбектің жазу мәнері емес, басқа бір ірі жазушының қолы дегенді айтқанына куә қазір де табылады. Тағы да бір үлкен лаузым иесі де оны көріпті. Өкінішке орай ол үндеудің сөзі мына істе сақталмапты.

Қылмысты іс, архив №124, 4том.

21 жылы /ІҮ - басталған - 1929. 23/ІІ.

Тоқманбаев Бақайдың, Әбдікеев Битимбайдың және басқалардың Қылмыс Ережесінің 59-3, 166-2, және 182 баптары мен тармақтарына сәйкес айыпқа тартылған тергеу ісі.

Бұл іс - Әділевтің ұсталуына жол ашқан. Іс ерте қозғалып бір рет жабылып, 1929 жылы ақпан айында қайтадан тергеу жүргізілген. Мұндағы айып тағылған адамдардың негізгісі - ауыл адамдары. Араб қарпімен жазылған түсініктер көп. Қазақтардың дауының басы-барымта емес пе. Бұл іс те сол барымтадан, барымтаның қарымтасынан басталады. Қазақтың маңдайына басқан азаматтарымен тағдырлас болған және солармен бірге алдысы атылып, соңғысы қамаққа алынып, қатар түрмеде отырған жаңдардың ісі жанамалай болса да біздің тақырыбымызға тікелей қатысы бар. сондықтанда бұл іске қысқаша аялдап, түсінік бере кету керек. Әйтпесе, көптеген жайлар түсініксіз қалады. Сонымен, "түрме тарихының" екінші бір тармағына назар салайық.

Тергеудегі бірінші іс мына арыз бойынша қозғалған. Талас болысының №9 ауылының қазағы Аралбай Досымбековтың 34 қарасын Тарақты болысының қазақтары, әйгілі барымташылары Шәкір-пұшық Сыдықов, тілеубек Жұмабаев және Ермекбай мен Моқай табыннан айдап әкеткен. Олардың соңынан куған Пірімқұл Мәмбетов, Досымбеков Шарлыбай, Ереалиев Рысбай, Тәукенов Сүлеймен барымташыларды Шү өзінінің бойында қуып жеткен. Барымташылардың астындағы атын тартып алып, өздерін жаяу қалдырған. Бодықов Сыздық пен Айболатов Арын түйені, 6 жылқыны, 3 айғырды, 2 атты, 13 биені таныған. Арыз иелері - жолбеков Арынбай мен Досымбеков Әйтібек. Ол арыз 1927 жылы тамыздың 3 күні жазылған.

Былай қарағанда өзге-өзге, дәл осы барымтаның "Алаш ордаға" ешқандай қатысы жоқтай көрінуі заңды. Алайда, қиыстыруын келістірсе қиын емес екен. ГПУ тергеушілері исі Қазақстанды "халық жауының ұясы" етіп көрсетуі үшін торды кеңінен қамтып лақтырған. Оның ішінде жазықты да, жазықсыз да, бай да, кедей де бар. Әйтеуір, қазақ зиялыларыменәледебір жақындығы болса бітті, абақтыға жабылып, сұраққа тартылып, ит әуресі шыққан. "Голощекиннің кіші октябрінің дауылының екпіні мен саяси қылмыстық қамтыған әшекерлеудің "ауқымы" осындай еді. барымтадан басталып, баспақтай-баспақтай Дінше Әділевке, одан Сәкен Сейфуллинге жетеді. Екінші, тура осы "барымтаның" астарында кәдімгі қазақы күрестің табы жатыр еді. оны орайы келгенде білесіздер. Сонымен…

Малы барымтаға ұшыраған Досымбеков Әулие-Ата қаласындағы атқару комитетінің билер бөліміне /административный отдел дегенді осылай атаған - Т.Ж./ үсті-үстіне арызданумен болды. Әулие-Ата атқару комитетінің үстінен арыз көбейіп кеткені жөнінде алаңдаушылық білдірген қылмыс тексеру бөлімінің бастығы Логов: 1927 жылы 5 қыркүйек күні губерниялық комитетке:

"Жоғарыдағы көрсетілген болыстардың арасындағы барымта тек қылмыстық әрекетпен шектелмейді, сонымен қатар саяси мәнге ие болып отыр және аталған болыстың азаматтарына белгілі бір дәрежеде күш көрсетіп, мәжбүр етпеге - олар тергеуге жол бермейді, өткені олардың көпшілігінде қару бар. сондықтанда атқару комитетінің билер бөлімі Әулие-Ата қаласының атқару комитетіне осы мәселеге байланысты 40-50 адамнан құралған арнайы қарулы жасақ ұйымдастыруға көмектесу туралы ұсыныс жасауыңызды өтінемін, солардың көмегі арқылы губерниялық тергеу бөлімінің аудандық бұл істі тексеріп, тергеу жүргізу туралы тергеу бөліміне берген тапсырмасын жергілікті жерде анықтауға мүмкіндік тура еді" - деп мәлімдеме жасады.

Қылмыс тиірменінің тергеу тасы осылай қозғалды.

Бұдан кейін кеңес үкіметінің кеңсе қызметкерлерінің аңызға айналған "қағаз-іскерілігі" басталады. Әулие-Атадан Сырдари - губерниясының тергеу бөліміне, одан атқару комитеттеріне, аудандық милиция бөліміне арлы-берлі жүйткіген қатынастардың жөкпе-жегі біраз уақытқа созылған. Сөйтіп жүргенде, жергілікті жерден "арыз беруші" деген бүркеншік атпен жазылған домалақ арыз түседі. Өзге-өзге, "домалақ арызға" ерекше мәне беретін кеңес қызметкерлері бұған шүйліге кірісіп, тергеу ісін жеделдете кіріседі. "Арыз берушінің" нақты аты-жөні көрсетілмегендіктенде біз оны келтіріп жатпаймыз. Алайда барлық пәле содан кейін барып ушыққан. Қанша айтқанмен, қазақтың қолынан өзге келмесе де, бірінің үстінен бірі арыз жазуға келгенде қиыстырып-ақ жібереді емес пе. "Кеңестің жанашары" да әрбір адамның жеке басына және оның әрекетіне саяси астар беріп, құлпыртып жіберген. Оның ұзын-ырғасы мынадай:

Көзі қарақты дәулет иесі Мәдібек Кеншімов барымтамен айналысады екен. ол жең ұшынан жалғасып малды басқа жаққа өткізетін көрінеді. Мәселенки, 1929 жылы мамыр айында Қарқаралының "кулагі" /терминді қалай дәл тапқан- Т.Ж./ Жүсіп не Жақып Шегенов 30 жігітпен Әулие-Ата уезіне келіп, Ақмолаға мал айдап әкетіпті. Бекмолда Жаңабаев дегенде Сарысу мен Ақмоланың арасын судай сапырыпты. Қысқасын айтқанда, кеңес өкіметіне қарсы "кесірлік" /сабутаж/ жасап жатыр екен. Өздері қарулы. Ол мұндай қылмыстық әрекеттерге төзе алмай тергеу орындарына домалақ арыз жазуды "комсомолдық парызым" деп ұғыпты.

Ал енді мұны тексермей көр. күні ертең "дәл осы домалақ арыз тергеу орындарының үстінен жазылып, жоғарыға жіберлуі анық. Ең қауіпті нәрсе осы "домалақ арыз". Сондықтанда сақшы орындары жедел аттанған. Олардың барлық сұрақ-жауабын келтірудің мәнісі жоқ және "таза қазақы арыз" болғандықтанда ру мен рудың арасындағы шырмауықты ажыратудың өзі мүмкін емес. дегенменде, тергеушілер мұны тегіннен тегін суыртпақтап отырған жоқ. Әйтпесе, "Алаш орданың" ісінің ішіне тіркелеме. Ел азаматтарын "қырға шығып, қарулы көтеріліс жасауға әрекеттенді" - деп айыптау үшін де бір кілтипан табуы керек қой. Өзгелерді былай қойғанда, осы тәсілдің арқасында Жүсіпбек Аймауытов пен Халел Ғаббасовтың басы оққа байланды. "Қарға тамырлы қазақтың" қылмыстары да "тамырланып", бір бірімен шиеленісіп жататын көрінеді ғой. Осы тергеу ісі соның нақты айғағы.

Шырмауықша шырмалған тергеудің 79-бетінде ғана байсеит Әділевтің аты аталады. Міне, осыдан кейін дегеніне жетіп тынған тергеушілер әлгі рулық, болыстық тартыстар мен барымталарды ұйымдастырып жүрген "Әділевтердің бандысы" деп тұжырым жасайды да айыпкерлерге қойылатын сұрақтардың барлығын соған қарай бейімдеп, қылмысты оқиғаларды қоюлата береді. Сөйтсе, 31 жастағы Сапақов Сүйініктің мәліметінше Байсеит 1928 жылы одан жылу сұрап келіпті. Түрмеден жаңа шығып келгенін айтқан соң жаны ашып оған мал Берген екен. демек, сол үшін де ол айыпты болған көрінеді. Одан кейін Бітімбай мен Бақай дегендер елді барымталап кетіпті. Дүбаралық шекарада тұрғандықтан да Ақмола мен әулие-Ата уезінің қайсысына қарайтындықтарын білмеген, өзара шеш алмаған болыстар айтыса-тартыса жүріп, ақыры арты кекке ұласып, барымтаға айналыпты. Мұны ұйымдастырып отырғандар байлар мен бандылар екен. Оны Сарысу ауданың №6 ауылының азаматтары Жәкет рысқұлов пен Сейсембек Авкеров /Әукеров пе, Апкелов пе - түсініксіз. Т.Ж./ былай түйендейді:

"Жоғарыда көрсетілген ауданның №6-7 ауылдарындағы бандылардың көсемі Бақай Тоқманбаев, ал оны жағаттап жүргенде Тоқманбаев Өмірзақ, Тұрысбеков Әбдірахман, Құрманов Мәдібек, Мұқанов Кәкен. Бандының екінші тобының көсемі Омаров Жәкеш, үшінші топтың көсемі Мұстафаев Жаманқара мен Бітімбай. Олардың соңына ерген жігіттері мыналар: Нұртазаев Жүніс, Есмағамбетов Тінібай, Ахметов Балабек, ал атқамінерлердің жеткішілері - Кеншімов мәдібек, олардың арасындағы жеңгетайлар: Қайырбеков Рақымбек, Қушамқай Тұрыс, Қонкеев Батырбек, Бектұрсынов Бөжен, Алтымбеков Қасымбек, Жопаев баукен, Ленгітов Сары Нұрмұқанов - соңғысы барлық істі ұйымдастырушы болып келеді". - деп көрсетеді. /104-бет/.

Айғақ деген осы Іле осы тізімде аты аталғандардың барлығыда ұсталып, жауапқа тартылған. Болардың ішіндегі "атқамінерлері" мыналар:

Мәдібек Кеншімов, 46 жаста, 8 баласы бар. 70 қой, 12 ірі қараның иесі. Ақмола уезіне қарасты Тарақты болысынан. Істің жайына қарағанда тәргіден тығалған Ақмола уезінің байлары Шойке Исаев пен Қунақов Сәдуақас тарақты болысына келіп жасырынған. Олардың соңынан қуған жасақтар әлгі байлармен қосты қолға түсіреді Бітімбай баласы Түнқатарді. Кеншімбек Түнтқарадың әкесі ұлын құтқару үшін 10 қарулы жігітпен жортуылға шығып, Бекмолданың ауылында жатқан бір милицияны ұстап, қаруын тартып алып, оны маған әкеп берді. Мен Құнан ауылына барып мылтықты өкіметке тапсырдым. Байлар содан кейін Шуға қашты. Бақай соның ішіндекетті. Олар атысып жүріп қуғыннан құтылды. Бақай менің туысымның екі биесін алған еді, сол үшін Бақайдан бір жорға атты қалдым - дейді.

Бұдан кейінгі көптеген сұрақ - жауаптардан аңғаратынымыз: "тышқан інге кіре алмай жүріп құйрынғына қалжауыр байлапты" - дегендей тәргіге түскен қазақтардың ежелгі дерті қайта қозып, тулық жер бөлісі басталып кетеді. Жартысы - Ақмолаға, жартысы - Әулие-Атаға қараймыз десіп даурығысады. Өзара қырғиқабақ боп, кіжінісе келе барымтаға ауысады. Екі топты Ақмола мен Әулие-Атадағы "намысшыл қызметкерлер" оларды қоздырып қояды. Тарақты мен табын руының байлары өздерінің басы бәйгеге тігілгеніне қарамай бірінің жерін бірі қорғап, бірін бірі көрсетеді. Иен жатқан Бетбақдалаға симаған, симаған емес-ау, сиыспаған олар күні ертең түрменің тар бөлмесінде "табысарын" бастарының күшпен қосақталып байланып, оққа байланарын қайдан білсін. Осы іске "жер дауын даулап жүрген" дінше-Дінмұқамед Әділев те бір бүйірден келіп кіріседі де ақыры "Алаштың" азаматтарын да торға тығып тынады. Ғабит Мүсіреповтің: "қазақтың жауы - қазақ" деген сөзі осындайды көріп, ызаға булыққаннан барып айтылған-ау дейсің. Барымтаның ішінде 25 жастағы жүрген Бақай Тоқманбаев тергеуде:

Сарысу ауданының №7 ауылының қазағымын. 2 ат, 2 түйе, 15 қойым бар. Мен "Баусексеуілге" тығылған Шойке Исаев пен Айтмағамбет Сәдуақасовтан /Қунақов Сәдуақастың баласы болуы керек - Т.Ж./ мініс ат сұрауға бардым.Таңертеңінде қуғыншылармен арадағы атыс басталып кетті. Аманжол екеуіміз қашып кеттік. Соңымыздар қуды. Бір қыстаудың мағңына келгенде ат болдырды. Атыстық. Тұрысбаев, Сапақов, Бексеаитов, Жылқыбаев Ерубай бәріміз өз еркіменен ізбенен өкіметке берілдік. Жолда бізді бәрібір атып тастайды дегенді естіп, мен қашып кеттім. Кейін: кедей өкіметі - кедейді қолдайды - деген соң, Мұқанов Кәкен, Тұрысбаев Әбдірахман үшеуіміз өзаяғымызбен келіп өкіметке берілдік. Өйткені біз барымтаны байларға жасап едім. Көп олжаны қайтардым. Мысалы: Қарасартов Ахметтің 3 атын ұрлап едім, кейін оның өзі қуып келіп, қайырып алды, - дейді.

Бұлар сол 1928 жылдың аяғында ұсталған тәрізді. Дінше қамаққа алынысымен Сарысуға астыртын хабар жіберіліп, ол жақтағы "кеңес өкіметінің жауларын анықтауға және ұстауға" нұсқау берілген сияқты. Ал 1929 жылы 8 қаңтар күні олардың барлығы да тергеушінің алдында тұрды. Аты шыққан бітімбай барымташы да өз еркімен бас иіп келіпті. Сарысу ауданының милиция бастығы Тұрғымбеков пен Нұрмұқамбеков бұларды "қылмыскер" деп тауып, жоғарыға хаттама жіберген. Олар мұны "Алаштың" ісіне қосқан.

Сонымен, 1929 жылы 2 ақпан күні Шымкент қаласында ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы Никитенко мен төтенше өкіл Попов арнайы ұйғарым шығарып, Тоқамбаев Бақайды, Мұқанов Кәкенді, Тұрысбеков Әбдірахманды, Әбдікеев Бітімбайды, Әбдікеев Биттібайды, Мүйлиев Еркені қылмыскер ретінде айыптап, іс қозғайды. Әлгі істің соңына "қылмыскерлер" не қызыл сияға, не қанға бармақтарын малып, қағазға қолдарын қойған. Олар өздерінің арғы-бергі өмірлерінайтып, ру бақталастықтарының себебіне тоқталып, біраз уақыт орағытып жүріп алады да тергеушінің қақпайлауымен сөздерінің соңына қарай Байсеит пен Дінмұхамедке келіп тіреледі. Тергеушілердің түпкі мақсаты сонда ғана барып ашылады. Оқиғаны аталған адамдардың жауаптарының ішіндегі кейбір айғақтарыды іріктеп қана ұсынамыз.

Кәкен Мұқанов: "Жоғарыдағы айтқандарымды нақтылай түсу үшін өзімнің Берген жауабыма мынаны қосамын: Сарысу ауданының №6 ауылында сол сарусулықтардың шайқасының /бұл енді тергеушінің сөзі болса керек, қазақша - тобының шығар - Т.Ж./ атаманы Кеншімов Мәдібек деген тұрады. Оларға іш тартатын тағы бірнеше шайқаның басшылары бар, олардың ішінде маған белгілілері: Әділев Мұқыш /Дінше, Дінмұқамед - Т.Ж./ Әділев, Байсеит Әділев және Бақай Тоқманбаев, бұлардың әр қайсысның өз шайкасы бар" - дейді. /ІҮ том. 174-бет/.

Міне, Әділевке келіп қосылған "қарға тамырлы қылмыстың" жүлгесі осы арадан барып суыртпақталады. Істің тігіндісіндегі ретке қарағанда Кәкен Мұқановтың бұл айғағы кейін жазылып, өзіне оқытылмай, қолы қойылмастан қатталған сияқты. Бұдан әрі қарай тергеудің қалай жүргізілгені өзінен өзі түсінікті. Оқыған, ақ пен қызылдың майданын бірдей басынан кепірген, үлкен қызметкердің қатарына жататын Діншені "бұлбұлша сайратқан" тергеушілер сауаты жоқ, аңғал қыр қазақтарын ұршықша үйірген. Сөйтіп, Кәкен Мұқанов енді әрбір "шайканың" мүшелерін бас-басына түгендеп береді.

Ақмоладан қашқан байлар Бақайдың тобына қосылды - дейді де, тура Дінше Әділевтің "салған жолымен жүріп", Бетбақдаладағы оқиғаларды баяндап береді. Ол бір жауабында:

"1928 жылдың мамыр айында мен Тоқманбаев Бақайдың тобына қосылған кезімде "Майтөккен" деген жерде оған Кеншімов Мәдібек келіп жолықты, қасында Кентеев Жарқынбек бар, витовкамен қаруланған. Менің көзімше олар өзара кеңесуге кірісті, әңгімеге Кеншімов, Кентаев, Тоқманбаев пен менен басқа Бақай Тоқманбаевтің інісі Өмірзақ қатысты. Сол кеңесте Кеншімов: "қызылордада сонау патша тұсынан бері, менің болыс кезімнен жақсы қарым-қатынас жасап, дәмдес болған адамы Сәкен Сейфуллин тұрады, ол барлық өлкелік жауапты қызметкерлермен аралас-құралас жүреді. Ол хат арқылы маған сәлем жолдап: байлар мен болыстарға, патша тұсындағы басқада шен-шекпенге ие болған адамдарға тәргі жүргізіліп, олардың мал-мүлкі тартып алынады, сондықтанда бір нәрсе бола қалса қашып құтылуға дайын отырыңдар - деп ақыл беріпті. Сендерде де қарулы адамдар бар, сендер тырыпы кетіп жүрмеңдер, бірге болыңдар. Егерде Ақмоладан қарулы жасақ шыға қалса ол туралы хабар алысымен сендерге келіп қосыламын, содан кейін біргіп соғысамыз - деді" - деп жауап беріпті.

Бәрі де шындық болар қазақтың осал жерін дәп басып. Алайда, тергеушілердің тақыстанған тәсілінің бірі айыпкерге сөз арасында: сен ананы білесің бе, мынаны білесің бе? - деп шырға тартады. Қай қазақ сөзінің артын бағып сөйлеге және елге аты шыққан адамды білмейтін қазақ бола ма. Тайсалмаста: "Ойбай, білемін!" - дейді. Сөйтіп суныртпақтап отырып, өтірікшыны бар белгілі бір адам туралы кәдімгідей "қылмысты мәлімет" жинақтап алады. Мәселе оның растығында емес, ілікке себеп болуында жатыр. Ар жағын қалай шырматуды тергеушілер білген. Дәл осы жолы тұтқындаудың реті келмесе де кейін бір қайта айналып соғуға негіз болады. Оған еш күмәніңіз болмасын. Араға он жыл салып барып дәл осы "айғақ" Сәкен Сейфуллиннің алдынан шығатыны сөзсіз. Және солай болған. Сәкенді ұстау себепкер болған үш айғақтың бірі - оған оның үстінен сол өз ауылынан жазылған "домалақ арыз" екенін зерттеушілер біледі. Қайдағы домалақ арыз, оны кім жазды? Демек, ақынды қарауылға алған кезде бұрынғы ОГПУ-дың замандағы әріптестері жүргізген "Алаш орданың" ісін НКВД тергеушілері бір сүзіп шықпады дейсіз бе, әрине, қолына қағаз бен қаламын алып тұрып тізімдеп алған. Ал ол кезде Кеншімов Мәдібек атылып кеткен еді. Ендеше, "халық жауының" досы халық жауы болмағанда кім болады. Қашып, Қытай арқылы Жапонияға кет деген! Міне, сондықтанда Сәкен сейфуллин "жапон империализмнің агенті" болып шыға келген. ал енді сонау жиырмасына жылдардың басында сәкенді тұтқындау ОГПУ-дің, нақтылып айтсақ, Голощекиннің ойында болды ма екен? Болды. Өйткені, "сәдуақасовщиналармен", "меңдешевщиналармен", "ходжановщиналармен" қоса "сейфуллиновщиналардың" бар екені туралы өзінің баяндамаларында қаттысынға алды ғой. Демек, ОГПУ-дің қызметкерлері мұны тікелей нұбқау деп түсінуі заңды. Біздің ойымызша Сәкенді бұл шырмауықтан құтқарған оның "Тар жол, тайғақ кешуінің" дер кезінде шығып үлгергені. Өкінішке орай бұл шығарма "Алаш орда" азаматарын жариялы түрде қаралаудың бір құралы болды. Олар атылып кеткен соң 32- жылғы ашаршылықтан кейін Сәкен азамат ретінде қатты өкініп, кейін Мағжаннан кешірім сұрап үлгеріпті. Әрі Төңкерісті үнемі. "Асау тұлпарға", "Қызыл сұңқарға" теңеген ақын кеңес өкіметінің азып-тозып бара жатқанын жүдеген, арыған "Қызыл атқа" теңеп дастан жазуы арқылы көрсеткен. Бұл да үлкен батылдық еді.

Шырғаның темір шынжыры мойынына оралған Кәкен Мұқанов енді тікелей Дінмұхамедке қарай ойысады. Ол бұдан әрі арқанын былай еседі:

Кәкен Мұқанов:

"Мәдібек Кеншімов "Қара Ноғайды" ұстап әкелді де ауылға ағайынды Әділевтерді шақырып алып, оларға: "Сенің екеуің де компартияны жақтайтын, оның тілін білетін оқыған адамсыңдар және біздің де жауымыз емессіңдер. Біз тұтқынға алған "Қара Ноғайдан" көп олжа түсірдік, оның ішінде қару-жарағы пайдалы болып тұр. Оның хатшысы жараланған. Егерде Қара-Ноғайды босатып жіберетін болсақ, онда барған бетте барлығын өкіметке жеткізеді де содан кейін бізді қудалауға салады" - деді. Кеншімовтың бұл сөзін Бектұрсынов Божан мен Әділевтер қостап: Қара-Ноғай Ақмола мен Сырдария губерниясының шекарасын анықтау үшін келді. Ал біз міндетті түрде Сырдария губерниясына қарауымыз керек. Қара-Ноғай ондай мүмкіндікті бізге жасамайды. Сонымен қатар мұның заттарының ішінде бізге өте қат нәрселер бар, - десті" - деп көрсетеді.

Демек, Қара-Ноғайды ұстаған Кеншімов Мәдібектің жігіттері ғой. Діншен олар кейін шақыртып алған. Бұл жөніндегі оның өзінің пікір де осыған сай келді. "Қара-Ноғайдың оқиғасын Діншенің өзі түгелдей түсіндіріп Берген. Бұл оқиғаның түбінде де сол баяғы рулық қақтығыс жатыр. Әрі терең саяси астары да бар. Ол туралы Смағұл Сәдуақасов пен Ходжановтың арасындағы айтысты алсақ та көзіміз жетеді. Қазақ Республикасы құру туралы іске Смағұл Сәдуақасов қарсы болған. Ежов болса "республиканы жақтаған". Неге? Оның астарында үлкен отаршылдық пиғылдың зілі мен аярлығы жатыр. Мұны Әлімқан Ермеков өте дәл әрі нақты дерекпен келтірген.

Кәкен Мұқанов "Қара-Ноғайдың" өлімі" туралы былай дейді:

"Қара-Ноғай Шу өзенінің сағасындағы Ұланбел деген жерде мұздың үстінде атылды. Жоғарыда аты аталған адамдардың барлығында сол арада болды, Қара-Ноғайды шешіндірдіде Жайлаубай мен Жексенге ату туралы бұйрық бердік, олар айтқанды істеді. Олардың денелері мұзы ойылған ойыққа тасталынды. Оларды Қара-Ноғайдан алынған үш бапалы винтовкамен атты. Атылғандардың киімін Жайлаубай мен Жексен алды. 30-ға жуық винтовка қолға түсті /сонда мылтықты өздерімен бірге алып жүрген бе? - Т.Ж./, қалған заттарды сол арадағылар бөліскен салды. ал Бектұрсынов Божман әңгіме арасындамаған: мен КЕншімовтың кеңесшісі әрі биі боламын, менсіз Кеншімов ешқандай шешім қабылдай алмайды - деді. Байсеит өзін өзі атып өлтірген соң /демек ол өзіне қол жұмсау арқылы түрмеден құтылған болды ғой - Т.Ж./, қалғандары ұсталған соң олар өзара келісіп алып, барлық кінәні соған артпақ болып келісті, өздерінің қылмыстарынан бас тартты" - деп көрсетті. /194 а-бет/ Істі тергеген - Попов.

Бұл жауаптан біз Байсайттің атылып өлгенін білеміз және барлық кінәні соған арқалатуға уағдаласқан. Соңғы уәж шындық па, жоқ па? Тергеушілердің айлакерлік тәсіліне салып, өзгелерді құтқармау үшін Кәкен Мұқановқа осылай айт деп мәжбүр етуі де мүмкін. Сондай-ақ оның орысша хаттаманы оқи алмайтынында ескерген. Ендеше, бұған сенуге де, сенбеуге де болады. Оның анық-қанығын енді білу мүмкін емес. Дінше-Дінмұхамед Әділев: Қара-Ноғайды атуға ағамыз Байсиет екуміз қатыстық - дейді.

Бұл іске тек қана орыс немесе европалық ұлттардың ғана өкілді тергеу жүргізбеген, сондай-ақ қазақтар да араласқан. Кейбір тұстарда олардың "тыңшылық тәсілі" заңды белге баса отырып жүргізілген. Солардың бірі - Сеитбатталов деген "салпанқұлақ". Ол ОГПО-дің Шығыс бөлімінің бастығына көкек айының 13 күні былай деп "құнды мағлұмат" жеткізген:



1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет