Ііі том. 93 бет. 6 түптеме



жүктеу 378.6 Kb.
бет3/3
Дата03.04.2016
өлшемі378.6 Kb.
1   2   3
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»

"Шығыс бөлімінің бастығына

Өкілдің көмекшісі Сайтбатталовтан мағлұмат.

1929 жылы науырыздың 13 күні Әбдікеев Питтібайдан жауап алған соң оны абқтыға жаптым да өзім есіктің артында тұрып тың тыңдадым. Бақай Тоқманбаев есіктің алдында тұрып, ол кірісімен: сен не деп жауап бердің - деді. Алайда Піттібай менің есіктің сыртында тұрғанымды сыртқы терезеге түскен сұлбам арқылы көріп қойыпты. Мен дымымды шығармай сол арада бір сағат бойы тұрдым. Сонда ғана барып Бақайдың сұрағына жауап берді. Көрші камерадағы Бақайға қандай сұраққа нендей жауап Берген айтты, алайда оның сөзін Бақай ести алмады. сондықтанда ол іргелес камерадағы Даярбеков Шардарбекке: сен бәрінде естіп алып, сонан кейін маған айтарсың - деді. Бірақта Піттібай Бақайға қарата сөйлей берді. Ол: Мен бұл жолы оларға жалған жауап бердім. Кәкен бәрінде моыйндапты, екеумізді бетпе-бет кезіктірді - деді. Сонда Даярбек: мен туралы ештеңе сұраған жоқ па? - деді. Піттібай: - жоқ, - деді. Сол кезде Бақай есікке көп айқалай Кәкенді шақырды да: - Жарайды, мойындаған екенсің, бірақ не дегеніңді айтшы, енді бұл істің беті тәріс қарады деп есепте. Тым құрымаса сөзіміз бір жерден шықсын, қайсысын айтып, қайсысын жасырып қалдың? - деді. Оған Кәкен: - Білгенімнің бәрін де айттым - деді. Сонда Бақай: Өткен жылғыларды қозғап қайтесің, осы соңғы жылдың оқиғасын айтсаң да жетеді - деді. Піттібай олардан: мен туралы ештеңе дей көрмеңдерші, мені араластырмаңдаршы - деп жалынды. Ал Бақай болса: біздің сөзіміздің бәрі бір жерден шығуы тиіс, тек соңғы жылдың оқиғасын ғана айтатын болайық" - деді дауыстап".

Бұл тыңшының бір сағат бойы тың тыңдап, соншама несі күйіп кетті екен дерсіздер. Оған жауап беру қиын емес, ит те жуындысын ішіп жүрген үйдің мүддесін сатпайды ғой. Қаншама рет басынан қамшымен тартып жіберсе де ас ішерде үнемі босағада мөлиіп тұрмай ма. Сайтбатталов та сондай салпаққұлақтардың бірі. Оған таңданатын ештеңе де жоқ. Сонымен, кімнің жауабына сенімсіз? Кәкен Мұқанов қа ма, Піттібай ға ма? Зады, Бақай барымташы өзінің сөзінде тұрып: Сарысудан 4 жылқы барымталағаным рас. Ал қалған пәле-жалаңды білмеймін, - депті. Енді куәлікке Қара-Ноғайдың жасағанды болған, 32 жастағы Ақмола уезіне қарасты Сарыарқа ауданының азаматы, жалдамалы жұмысшы Көлбаев Өтелбай тартылады.

Оның айтуныша: 1922 жылы қазан айында салық төлемеген байларды іздеп және екі губернияның шекарасын анықтау үшін арнайы қарулы жасақ жасақталыпты. Олар 5 адам екен. Оларға 1000 оқ, 3 баспалы винтовка, 2 тапанша беріліпті. Содан 7 тәулік бойы жүріп отырып Шуға жетіпті. Кеншімов Мәдібек оларға арнап қой сойып күтеді. "Ел көшіп кетті. Салық жию қиын" - дейді. Ол бұдан кейін Әділев Байсаитке "көмектес" - деп хат жазып береді. Сол арада бұлар Әулие-Атаға шекара жөнінде ақылдасуға кетеді. Онда 20 күндей жүреді. Бұларды басқа жаққа жұмсайды. Содан Әубәкіровтен хар алып, 5 күннің ішінде жетеді. Таңға жуық бұларды 400-ден /кейде 200/ адам қоршап алып: "қаруларыңды тапсырыңдар" депті. Жаңа келгендермен қосқанда олар 13 адам екен. Қара-Ноғайды /Әубәкіровты - Т.Ж./ сол жерде байлап тастайды, хатшысы Шалды атып жаралыпты. Мұны істеген - Әділев Байсеит пен Мұқыш екен. Оларды Құрман деген жерге алып келіпті. Әділевтердің милициясы бұларды қарсы алады. "Әубәкіров - Сарыбайдың досы, босат" - десе Әділевтер бостапты. Содан 7 адамды Әулие-Атаға әкеледі. 2 айдан кейін босатыпты. Содан Сарыарқадағы Жамал Тілеуқабылова деген қызға үйленіп, сонда тұрақтап қалады. Жақын - туғаны жоқ екен. Әубәкіровтың жасағында 20 үш баспалы мылтықты Әділевтер алып қалды дейді. Сайтбатталовтың сұрағына Берген жауабы осы.

Әрине, Қара-Ноғайдың елді талан-таражға салғаны айтылмаған. Әйелдерді зорлауы да ауызға алынбаған. "Жалпы алғанда олардың мұндай әрекетке баруы мүмкін бе? Мүмкін. Оның себебі, жасақтың ішіндегі жалғыз басты жұмысты жігіт қайтар жолында Жамал атты қалындық тауып, соған үйленеді. Кіммен қарайсаң - сонымен ағар" - деген. Бұл қыздың Өтелбайға тұрмысқа шықпауына амалы да қалмауы мүмкін ғой. Әйтпесе, қуғын - сүргінде, атыс - шабыста жүрген жасақтың жігіттік құруына уақыты жете ме? Әлде, Дінше-Дінмұхамед Әділев оның осы бір "ұрын баруын" өсіріп айтып отыр ма екен? Алайда, сексенінші жылдардың басында тура осы оқиға өткен жерді аралағанымда «Қара-Ноғай» деген зорлықшыл туралы әлдебір сыбысты естігенім бар. Компартияның күшрі кезі ғой, оның ар жағын тәптіштеп жатпады. Сол арада 40 жылдарға дейін өкіметті мойындамаған адамдардың болғандығы рас екен. Оның тұқымдарымен дәмдес болып, сыйласа сырласқанымыз бар еді. Демек, Қара-Ноғай елді расында да сарсаңға салған. Ал 40 жастағы Майлиев Ерке:

«Қара-Ноғай Мәдібек Кеншімов ұстады. Бақай байбөрі табынан. Кәкен Мұқанов дегенді білмеймін. Әділев Байсеит пен Мұқышты да білмеймін. Қара-Ноғайды неге, не үшін атты, оны да білмеймін. Өсек теріп жүргемін жоқ» - деп жауап беріпті.

Бұл өзі сол Сарысу ауданына қарасты №6 ауылдың – Кеншімов Мәдібек ауылының азаматы. Анықталып келе жатқанындай, Қара-Ноғайды ұстаған – Мәдібек болыс екен. Өзі сойып, қол құсырып қарсы алды және соның өзі қол-аяғын матап, оққа байлап берді. Сонда екі-үш айдың ішінде неге өзгере қалған? Демек, Қара-Ноғайдың елді шулатып, зорлық – зомбылық көрсетіп, қорлағаны расқа шықты. Сондай-ақ, Кеншімов оны өлтірмей Байсеит пен Діншеге: сендердің коммунистерің. Не қылсаңдар да өздерің біліңдер деп сауға беріп тұр. Демек, Мәдібектің елінің намысына шындап тиген. Әуел баста онымен кектесетін еш басардығы болмаған. Тергеушілер қалайда қылмысты тереңдете түсуге тырысқан. Бақайдың ақылыны бәрі ұстанып, артық жауап бермеген. Сондықтанда тергеушілер арандатуға көшкен.

Оны мынадан анық байқауға болады. Әбдікеев Піттімбайдың үстінен тергеуші Сайдбатталов бір рет тыңшылық жасады. Енді сол адам Піттімбайдың камерасында бірге жатқан орысқа «қолқа салады». 34 жастағы Павел Илларионович Золотов 1929 жылы 19 наурыз күні:

«Осыдан 15 күн бұрын менімен түрмеде бір камерада отырған Піттімбайға орыс тілінде жазылған /!? – Т.Ж./ хат келді. Ол маған оқытты. Онда: сотталған Еркебаевтан 10 килограмм май, ақша беріп жібердім. Мен Түркістанға барамын. Сот маған өзіміз хабарлаған кезде келемін – депті. Піттібай хатты өзінде қалдырды. Ол сауатсыз. Сондықтан мен оқып бердім. Ол есіктен бауырларына адам аттарын атйпы, Түркістанға кеткен адам мұны құтқарамын деп уәде берді деді және қылмысты «мойындамайңыз» десіп уағдаласты. Андағы «көкшапанды адам бәрін айтып қойыпты» - деп сонымен төбелесті» - деп көрсетінді беріпті.

Шіркін, тергеуші «салпаңқұлақта да түйсік болсашы. Піттімбай бір ауыз орысша білмесе, сауаты жоқ болса, оған хат жазатын ағайындары да сондай екені анық, ендеше бұлар бір-біріне қалайша біле ме екен? Бұл жалған «көрсетіндінің мақсаты сыртта жүрген әлдебіреуді торға түсіруге бағытталған. Екеншіден: барлық айыпкерлер кінәсін мойындамаған соң, Кәкен Мұқановтың сөзін қалайда шындыққа шығару үшін қасақана жасалған шырға. Тергеу ісі 1929 жылдың 6 қантары күні басталып, 6 көкек күні аяқталған. Тергеуші өзінің қорытынды мәліметінде айыпкерлердің кінәсін жеңілдететін мына бір жайды ескерте кетеді. Ол сотқа:

«Бұл іс бойынша айыпталғандар Сарысу ауданына аттанған окургтік экспедицияға өз еріктерімен келіп беріліп, қаруларын тапсырған. 1929 жылы 6 қантар күні Сарысу аудандық милициясы оларды қамаққа алған. 28 ақпаннан бастап айыпкерлер ОГПУ-дің Сырдария округтік бөлімінің түрмесіне ауыстырылды, олар қазір де осында жатыр», - деп жазыпты.

Несі бар, бұл да кәсіптік парызын адал орындағандыққа жатады.

Осы арада қыр қазағына тосын бір мінез көрсеткен. Барымташылардың мінезі түрме бастықтарын қатты састырған екен. Оған себеп: тергеу аяқталған соң Бақай Тоқмамбаев пен Биттимбай Әбдікеевтен басқаларын ОГПУ-дің түрмесінен тұтқындардың Әулие-Атадағы еңбекпен түзету үйінің абақтысына ауыстырған. Бұл екеуі де. Бірақта олардың арасында үлкен айырмашылық бар екенін барымташылар да түсінген. Сондықтанда тек саяси тұтқындарда жиі кездесетін қарсылық белгісін қолданып, аштық жариялаған. Бұл жөнінде Бурдаков:

«Мамыр айының 18 күнінен бастап Тоқмамбаев Бақай мен Әбдікеев Биттимбай аштық жариялады, олар өзінің бұл әрекетін: екеумізді ғана ГПУ-дің түрмесінде өзгелерден бөліп алып қалуы жақсылық емес, ісіміздің бетінің теріс болғаны, демек бізді бұлар атады. Сондықтанда біз аштық жариялаймыз және бізді де еңбекпен түзету үйіне ауыстыруды талап етеміз» - деп мәлімдейді.

Несі бар, өзінің азаматтық құқын пайдалана білген Бақай мен Біттімбайдың бұл әрекеті олардың ақылды да өжет, бір шешемді адам екенін көрсетеді. Өзгелерден бөліп аалып қалуының себебі, тергеу барысында «бір сөзді болайық» деп басқаларға ақыл қосқан және тергеушінің ырқына онша көне қоймаған осы екеуі еді. Олардың да кек қайыратын сәті келді. Ал ГПУ-дің түрмесінде жатқан адам күн сайын қылпылдап, қашан ату жазасын берді деп елегізумен өткізеді. Кейбіреулер осы соттың үкімін күтіп жатып-ақ жындықанадан бір-ақ шығатын көрінеді. Адамның рухын езіп, еркін жаныштайтың тылсым қорлықтың нағыз өзі. Бұл арадан аман-есен шықпайтынына өзге түгел қырдың барымташыларынының да көзі жеткен. Олар да бетінен қайтпаған, түрме қызметкерлері де қасырысып отырып алған. Барлық іс-қағаздары жоғарыға жөнелтілгендіктенде енді олардың өздері қашан рұқсат келгенше шешім қабылдай алмайтын мүсәпір күйге түсіп еді. Шарасы қалмаған бурдаков пен Игидов ПП ОГПУ-дің ҚССР бойынша республикалық тергеу бөліміне қатынас жолдайды. Онда:

«Біздің 23/5-29 жылы жіберген №01729 қатынасымызға қосымша мынаны хабарлаймыз: біздің тарапымыздан қолданылған шаралардың барлығына қарамастан Әбдікеев Биттімбай мен Тоқмамбаев Бақай аштық жариялауын тоқтатпай өздерін еңбекпен тәрбиелеу үйіне ауыстыруға болмайды, еңбекпен тәрбиелеу үйіндегі күзеттің нашарлығынан олар ол жерден қашып кетеді – деп пайымдаймыз. /Аштық жариялау арқылы олардың көздеп отырғандары да сол/. Баяндалған мәселе бойынша сіздерден нұсқау күтеміз» - деп жазылған.

Мамыр айының 27 күні жазылған бұл мәліметтің жауабы қандай болды, барымташылардың аштық жариялауы нәтижесін берді ме, жоқ па, оны анықтаудың мүмкіндігі болмады. Себебі, әлгі қатынаспен тергеудің 4 – томы аяқталады. Ал 5 – том дәл осындай ауылдағы қарапайым адамдардың тағдырым тәлкекке саулмен басталады. Дінше-Дінмұхамед Әділевтің туған жерін «халық жауынан» тазарты шыққан соң, енді, Міржақып Дулатовтың ауылына ауыз салған. Әрине, жоғарыдағы аталған адамдармен әлі де кздесеміз. Олар да «Алаш орданың» қайраткерлерімен бірге тиісті жазасын алып тынды.

Қылмысты істер Ережесінің 58-10, 58-7 баптары бойынша және басқада қылмыстары үшін айыпталған Қостанай округінің Наурызым ауданының №10 және №8 ауылының байлары Дулатовтың және басқалардың тергеу ісі. 4/5-29 жылы басталған – деп томның сыртына жазылғанмен 21 қаңтар күні алғашқы хаттама қағазға түсіп, жоғарыдағы айыптар тағылып қойыпты.


Қазақастанның сот, прокуратура, тергеу орындары 1929 жылды асқан тергеуірінді қарқынмен қарсы алған. Қылмысты істер қауырт әрі жаппай жүргізіліп, тек қана қаралау бағытын ұстанған. Егерде сол жылдардағы тергеу істерін саралай қараса, ауылды жерде жүргізілген ауқымды әрі атышулы «халық жауларының» дені «Алаш орда» қайраткерлері мен қазақ зиялыларының туған жеріндегі болыстар мен ауылнайлар, олардың туыстары ғана емес, игі жақсылардың тұқым-тұяның құртуға бағытталғаны байқалады. Өзі басқарып отырған халыққа осыншама жеккөрінішпен қараған адам – қойдың ішіне жіберілген қасқырдан да қомағай, қорқау күйге түскен. Әрине, өзінің алдына бүкіл қазақ даласын отарлауды және оның халқын жаппай қырып, жерді босатуды, сөйтіп, адам қанын етін теспей сорған кенелер билеген «коммунисетік-колонизаторлық» /С.Сәдуақасовтың қойған атауы/ басы-байлы, мәңғұрт мемлекет орнатуды мақсат еткен «ұлы октябрьдің ұлы көсемі» мен «кіші октябрьдің кіші көсемі» мүны жоспарлы түрде жүргізді. Тіпті, Голощекиннің өзі, яғни, Құжақтың өзі Мұрттың қолындағы сақа емес, жәй ғана көней еді. Асырып айтса, жалдамалы басмесері ғана болатын. Ал ешқандай патша жендетті ұзақ көрген емес, ол тірі өлік күйінде өмір сүруге тиіс болатын. Не елге қара беті жоқ, не көз алдындағы төгілген қан жан дүниесіне тыныштық бермейді, өзгенің ғұмырын қиған жендеттің өзі де көңілді өмір сүру құқынан айырылады.

Оңдайлар қолынан келіп тұрғанда адамды-адамдай, халықты - халықта

1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет