Қіжк-нің 55-тарауы соттарда қолдану практикасынашол у



бет1/3
Дата29.04.2016
өлшемі488.98 Kb.
  1   2   3
Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара

іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелерді

(ҚІЖК-нің 55-тарауы) соттарда қолдану практикасына

Ш О Л У

Қазақстан Республикасы егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде құқықтық көмек туралы бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасының қылмыстық сот төрелігі саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негіздері мен тәртібін реттейтін нормалар қылмыстық іс жүргізу кодексінде бөлек тарауларға топтастырылған.

Жұмыс жоспарына сәйкес, 55-тарауды қолдану практикасы қорытылды. Осы тарау бір жағынан шетел мемлекетінің сотқа дейін және сот ісін жүргізу кезінде жекелеген процессуалдық әрекеттерді жасауда Қазақстанға құқықтық көмек көрсету тәртібін реттесе, екінші жағынан - осындай құқықтық көмекті шет мемлекетке көрсету, оның ішінде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру үшін адамды беру тәртібін белгілейді.

Бүгінгі таңға дейін мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының және соттарының құқықтық шарттар нормаларын қолдануы жөнінде белгілі бір практика қалыптасты.

Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимыл жасауы және құқықтық көмек көрсетуі үшін халықаралық шарттар (екіжақты және көпжақты), халықаралық келісімдер, егер шарттар болмаған жағдайда өзара келісу принципі негізінде жасасқан жазбаша міндеттемелер негіз болады.

Құқықтық көмек көрсету тәртібі тек халықаралық шарттармен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің 1998 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы соттары мен әдiлет мекемелерiнiң құқықтық жәрдем беруiнiң және шет мемлекеттердiң осындай мекемелерден құқықтық жәрдем сұрауының тәртiптерi туралы нұсқаулықпен», Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1997 жылғы 17 шілдедегі № 20 «Прокуратура органдарының халықаралық шарттарды қолдануын және шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын қамтамасыз етілуін қадағалау бойынша өкілеттіктер туралы» бұйрығымен реттеледі.

Шет мемлекеттердің құзыретті мекемелері және лауазымды адамдары Қазақстан соттарының өтінішін төмендегі себептер бойынша, атап айтқанда, ұрлықтың «бірнеше мәрте жасалуы» туралы саралау белгісінің Ресей Федерациясының ҚК-інде болмауына байланысты, жасалған қылмыстың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты, айыпталушының Ресей азаматтығын алуы себепті Ресейдің заңнамасына сәйкес жаңа айып тағудың қажеттілігіне байланысты, тұлғаның шет мемлекет сотының үкімі бойынша жазасын өтеуіне байланысты және басқа да себептерге орай қанағаттандырудан бас тартқан.

Көп жағдайда ҚІЖК-нің 55-тарауының талаптарын сақтамау және тапсырмаларды тиісінше ресімдемеу Бас прокуратураның және төмендегі прокурорлардың соттардың өтініштерін қолдаудан бас тартуына себеп болған.



Статистика
Республиканың соттары 2002 - 2004 жылдары ҚІЖК-нің 55-тарауының қағидаларын қолдана отырып қараған істердің саны бойынша статистикалық мәліметтер шолуға қосымша (№ 1, 2, 3) кестелерде көрсетілген.
Құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынас жасау тәртібін реттейтін заң нормаларын бұзу (нысандар, рәсімдер)
ҚІЖК-нің 523-бабына сәйкес, тергеу амалдарын жүргiзу туралы тапсырма Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, ал сот iс-әрекетiн жүргізу туралы тапсырма Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi не тиiсiнше олардың орынбасарлары, не уәкiлеттi лауазымды адамдар арқылы жiберiледi. Олар қажеттi жағдайларда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң делдал болуын сұрайды.

Зерделеу барысында кейбір соттардың тапсырмаларды халықаралық шарттарды бұза отырып, сондай-ақ аталған лауазымды адамдар мен органдар арқылы емес, шет мемлекеттерге, атап айтқанда, қылмыстық процесті жүргізуші органдарға тікелей жіберетіні анықталды. Мұндай заң бұзушылықтар ең әуелі істерді тергеу және қарау мерзімдеріне әсер етеді.

Жоғарғы Сот қылмыстық ізге түсу органдарының С. Собещикованың ісі бойынша ҚІЖК-нің 55-тарауын бұзуға жол бергені үшін жеке қаулы шығарған. Осы ережелерді бұза отырып, Ақмола облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері құжаттарды жіберу туралы сұрауларын, іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын тікелей Ресей Федерациясының жергілікті ішкі істер органдарына жіберген. Атап айтқанда, Ақмола облысы ІІБ бастығының орынбасары Экажевтің өліміне сезікті Шварцманнан жауап алу туралы тапсырманы Омбы облысының ІІБ бастығына жіберген. Бұланды АІІБ-ның ТБ тергеушісі М. Шварцманды Ресейден Қазақстанға беру туралы өтінішті тікелей Омбы облысының құқық қорғау органдарына жолдаған.

Сондай-ақ судьялардың іс бойынша өндіріс әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларды дұрыс ресімдемеуі соттардың өтініштерін, ал кейбір жағдайларда түпкілікті ресімдеу үшін қылмыстық істерді кері қайтаруға әкеп соғатынын атап өткен жөн. Осының бәрі істерді қарау барысында жұртты әуре-сарсаңға түсіреді.

Мысалы, Алматы облыстық соты Т. Джуртаның ісін бірінші саты бойынша қарау кезінде бірқатар кемшіліктерге жол бергені үшін Жоғарғы Сот ескертпе хат жіберген. Атап айтқанда, облыстық сот өзінің құзырына кірмейтін функцияларды атқарып, шет мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, хат алысып, соттың бүкіл құрамымен шет мемлекетке барып, куәлардан жауап алу үшін іссапар шығындарын төлеу туралы мәселе көтерген. Ал шет мемлекеттегі куәлардан жауап алу тәртібі ҚІЖК-нің 55-тарауында айқындалған.

Мысалы, қылмыстық ізге түсу органдары, сондай-ақ сот тарапынан халықаралық шарт талаптарын сақтамау салдарынан Қаз.КСР ҚК-нің 88-бабының екінші бөлігімен айыпталған Құлымбетовтің ісі Ақтөбе облыстық сотының өндірісінде 9 жылдан астам уақыт бойы болған.



Іс сотқа 25.06.1994 жылы түскен. Соттың ұйғарымымен сотталушыны Ақтөбе қаласына этаппен жеткізу туралы шешім қабылданған, себебі, айыптау қорытындысына сәйкес Құлымбетов жазасын Орынбор қаласының 54/1-ТИ мекемесінде Ресей Федерациясы сотының үкімі бойынша өтеп жатқан болатын. Сот қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі қарым-қатынас жасау тәртіптерін сақтамай, этаппен жеткізу туралы қаулыны өзінің құзырлы органдары арқылы Ақтөбе қаласының ІІБ-на және Орынбор қаласының 54/1-ТИ мекемесіне жіберген. Іс бойынша өндіріс соттың ұйғарымы орындалғанға дейін тоқтатылған. Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасының өкіліне Құлымбетов тек 2.02.1995 жылы берілген, бірақ ол Ақтөбе қаласына этаппен жіберілмей, жазаны әрі қарай өтеу үшін Павлодар қаласындағы 162/5-АП мекемесіне жіберілген. Құлымбетов екі жыл бойы жазасын өтеп жатқан уақытта сот істі қарау жөнінде ешқандай шара қолданбаған болып шықты. 7.10.1997 жылы 162/5-АП мекемесі-нен сотқа Құлымбетов жазасын өтеу мерзімі аяқталған соң, 23.08.1997 жылы босатылып, тұрғылықты жері Ақтөбе қаласына кеткені туралы хабарлама түскен. Бірақ сот Құлымбетовтің жазаны өтеуден босатылғаны туралы мәліметті алған соң үш ай бойы әрекетсіздігін жалғастырып, істі қарау жөнінде ешбір шара қолданбаған. Тек 5.01.1998 жылы сот істі қарауды кейінге қалдыру және Құлымбетовтің бұлтартпау шарасын қамауға алуға өзгерту туралы ұйғарым шығарған. Осыдан кейін тағы 4 ай өткен соң сот 12.05.1998 жылғы қаулысымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және сотталушы Құлымбетовке қатысты іздеу салу туралы шешім қабылдаған. Ақтөбе облыстық ІІБ-ның 2000 жылғы наурыздағы хабарламасы бойынша Қарақалпақстан Республикасының Әскери Соты Құлымбетовті 30.04.1999 жылы 15 жылға бас бостандығынан айыруға соттағаны және оның Андижан қаласының Т-1 ГУИН РУЗ мекемесінде жазасын өтеп жатқаны анықталған. Осыдан кейін сот облыстық прокуратураға Құлымбетовті алдыру туралы өтініш жіберген (өтініштің әзірленген және жіберілген күні көрсетілмеген), осы өтініш ҚР ҚІЖК-нің 55-тарауының талаптары орындалмағандықтан қанағаттандырылмай, 13.10.2000 жылы кері қайтарылған. Осыдан кейін сот Құлымбетовті облыстық прокуратураға беру туралы 5.10.2001 жылы өтініш жіберген, осы өтінішті де облыстық прокуратура сот ҚІЖК-нің 529-бабының және Минск Конвенциясының 58-бабының талаптарын сақтамаған соң қанағаттандырусыз қалдырған. Бұған қоса облыстық прокуратура өтінішті қанағаттандырудан бас тарта отырып, Құлымбетов Қарақалпақстан Республикасы сотының үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандықтан, жазасын толық өтеп болмайынша оны беруге немесе өзге негіздер бойынша жазаны өтеуден босатуға болмайтынын хабарлаған. 31.05.2002 жылы сот облыстық прокуратураға Құлымбетовті беру туралы тағы хабарлама жіберген. Бұл жолы облыстық прокуратура өтініште Құлымбетовтің Қазақстан Республикасының азаматы екенін дәлелдейтін мәлімет жоқ деген себеппен өтінішті 10.06.2002 жылы қанағаттандырусыз қалдырған. Осы хатта сонымен қатар, Құлымбетов жазасын Қарақалпақстан Республикасы сотының үкімі бойынша өтеп жатқандықтан жазасын толық өтеп болмайынша немесе жазаны өтеуден өзге негіздер бойынша босатылғанға дейін оны беруге болмайтындығы, ал өтініште оны уақытша беру туралы мәселе қойылмағандығы аталып көрсетілген. Осыдан кейін, атап айтқанда, 7 ай өткен соң ғана сот 16.01.2003 жылы Құлымбетовті уақытша беру туралы облыстық прокуратураға өтініш жіберген. 2003 жыл-дың 7 ақпанында сотқа облыстық прокуратурадан сот ҚІЖК-нің 523, 529-баптарының талаптарын сақтамауына байланысты өтініш қанағаттандырылмады деген хабар келген. Сот облыстық прокуратураға бірнеше рет (18.03 және 4.04.2003 жылы) соттың тапсырмасы бойынша ескертпе жіберген, бұл ескертпелерге орай тек 12.11.2003 жылы Құлымбетовті уақытша беру туралы өтініш қолдау тауып, құжаттар Бас прокуратураға жіберілді деген хабар түскен. 3.03.2004 жылы Бас прокуратура Құлымбетовті уақытша беру туралы өтінішті қолдаған. 2004 жылдың 20 наурызында Құлымбетов Ақтөбе қаласының 168 / 1-КА мекемесіне этаппен жеткізілген. Іс мәні бойынша 2004 жылғы 30 наурызда қаралған.

Міне осылайша, Ақтөбе қалалық сотының заң нормаларын сақтамауы және тапсырмаларды ҚІЖК-нің 55-тарауының талабына сәйкес ресімдемеуі, сондай-ақ облыстық прокуратура қызметкерлерінің соттардың тапсырмаларына ұқыпсыздықпен қарап, қайта-қайта кері қайтарып, қайтарған сайын өтінішті қанағаттандырмаудың жаңа себептерін көрсетуінің салдарынан іс бойынша өндіріс 4 жылға созылған (іс 9 жыл бойы өз шешімін таппаған).

ҚІЖК-нің 524-бабына және Минск Конвенциясының 73-бабының екінші бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс басқа мемлекетке соттылығы бойынша жіберілген жағдайда істің әрбір құжатын, сондай-ақ өтініштің әрбір парағы мен оның қосымшаларын істі жүргізген сот елтаңбалы мөрмен куәландыруы керек.

Жезқазған қалалық соты Қаз.ССР ҚК-нің 76-бабының екінші бөлігінің «г» тармағы бойынша Д.Ш.Пирцхалаваға қатысты қылмыстық істі Грузия Республикасының Құзырлы сотына соттылығы бойынша жіберген кезде аталған заң мен халықаралық келісімнің талаптарын сақтамады. Осы негіздер бойынша қалалық прокурор қылмыстық істі толық ресімдеу үшін кері қайтарған.Бұған қоса істе Пирцхалаваның азаматтығы туралы мәліметтер де болмаған.

Іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларды дұрыс ресімдемеу жағдайлары оларды толық ресімдеу үшін кері қайтарумен қатар дәлелдеу негіздерінің азаюына да әкеп соғады. Бұл қылмыскерлерді көтермелеп, қоғамда жағымсыз процестердің туындауына жол ашады, әрі қылмысқа қарсы күрестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді. Дәлелдеу негіздерінің азаюы қылмыстан жапа шеккендердің құқықтарына нұқсан келтіріп, азаматтардың заң алдындағы теңдігі туралы қағидатты бұзып, сот төрелігін іске асыруға кедергі туғызады.

Айталық, Солтүстік Қазақстан облыстық соты ауыр қылмыстар жасағаны үшін соттаған Литвинов пен Коньковтың ісі бойынша Андриевский мен Шкодскихты уақытша беру туралы құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмалардың дұрыс ресімделмеуі мен тиісті тергеу әрекеттерінің жүргізілмеуі жәбірленуші Леженконы сотталғандар Литвинов пен Коньков өлтірді деген айыпты алып тастауға әкеп соққан.

Аталған мысалдар әуре-сарсаңға салу, шет мемлекеттердің тапсырмаларды мерзімін асырып орындауы субъективтік себептер - соттар мен қылмыстық ізге түсу органдарының тапсырмаларды дұрыс ресімдемеуіне, халықаралық ынтымақтастық тәртібін реттейтін заң нормаларын білмеуіне байланысты орын алатынын көрсетіп беріп отыр.
Қылмыстық жауапқа тарту үшін адамды беру, экстрадиция
Қорыту соттардың негізінен қылмыстық істерді қарау кезінде құзырлы мекемелерге өтініш жасауы тергеу әрекеттеріне қатысты екенін көрсетті (қылмыстық жауапқа тарту үшін беру, әдеттен тыс қамау). Сондықтан процессуалдық заң мен халықаралық келісімдердің ережелеріне сай әрі тергеу сипатындағы тапсырмалардың басым болуына байланысты соттар осындай тапсырмалар жөнінде прокуратура органдарына жиі өтініш жасаған.

Осы орайда қылмыс жасап, соттан қашып және Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес іздеу жарияланып, кейіннен шет мемлекетте тұрып жатқаны анықталған адамдарды алдырту туралы халықаралық тапсырмалар соттардың практикасында көп қиындық туғызады.

Қылмыстық ізге түсу органдары алдын ала тергеу барысында бұлтартпау шарасын дұрыс тағайындамай, істі сотқа жібереді. Аталған мән-жай іс сотқа жіберілген кезде сотқа берілген адамның тиісті жауапкершіліктен құтылу үшін соттан жалтаруға әрекет жасауына әкеп соғады.

Қылмыстық ізге түсу органдарының ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу түрінде бұлтартпау шарасын негізсіз тағайындауының мысалы ретінде ҚК-нің 259-бабының төртінші бөлігімен көзделген аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматы Е.Смородиннің қылмыстық ісін келтіруге болады. Е. Смородин 1 кг. 217 гр. көкнарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін Өскемен қалалық сотының 30.05.2003 жылғы үкімімен ҚК-нің 259-бабының төртінші бөлігінің «б» тармағымен мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Бұлтартпау шарасы қамауға алуға өзгертілген. Бірақ сотталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат бергеніне қарамастан үкімді жариялау кезінде сотқа келмеген. Осыған байланысты 2003 жылғы тамызда оған қатысты іздеу жарияланған. 14.12.2003 жылы ол Новосибирск қаласында ұсталып, УОИ-ға (уақытша оқшаулау изоляторына) орналастырылған. Оны үкімді орындау үшін Новосибирск қаласынан Өскеменге алдырту туралы 25.12.2003 жылы қаулы шығарылған. Сонымен бірге облыс прокуратурасына қылмыстық ізге түсу және сотталған Смородинді ҚІЖК-нің 534-бабына сәйкес алдырту мәселесін шешу туралы өтініш жіберілген. ҚР азаматы болып табылатын сотталғанды беру іс жүзінде 25.12.2003 жылдан 20.08.2004 жылға дейін жүзеге асырылған.

Сотқа берілген немесе сотталған қылмыскерлерді беру туралы халықаралық тапсырмаларды ұзақ уақыт бойы орындамау осы адамдардың қылмыстық заңның өзгеруіне не рақымшылық туралы акт шығаруға, сондай-ақ аталған адамдарды жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты жауапкершіліктен жалтаруына жағдай туғызады.

Соттар қылмыстық іс жүргізу принциптеріне сәйкес қылмыстық ізге түсу органы болып табылмаса да, соттан қашып жүрген адамдар туралы істер өз өндірістерінде тұрғандықтан, сондай-ақ істі сотталғандардың қатысуынсыз қарауға құқылы болмағандықтан, нақ осындай істерді қарау үшін әр түрлі айла-амалдарға барады. Алайда, мына төмендегі екі жағдайды бұған жатқызуға болмайды.

Мысалы, Өскемен қалалық соты 26.03.2001 жылы түскен, алдын ала тергеуде ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған, ҚК-нің 259-бабының бірінші бөлігімен айыпталған Н. Люблинге қатысты қылмыстық істі қарау бойынша осындай әрекетке барған. Оның сотқа бірнеше рет келмеуіне әрі соттан жалтаруына байланысты сот 19.04.2001 жылы Люблинге қатысты іздеу жариялап, бұлтартпау шарасын қамауға алуға ауыстырған. Полиция органдарының 18.11.2002 жылғы хабарламасына сәйкес, Люблиннің Новосибирск қаласында тұрып жатқаны және Ресей Федерациясының азаматтығын (екінші азаматтық) алғаны (уақытша куәлік) анықталған. Осы орайда сот Люблиннің ҚР-дағы азаматтығын анықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп, осыдан кейін экстрадициялау туралы қаулы шығарған. Минск Конвенциясына сәйкес, құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма мен экстрадициялау туралы қаулы облыс прокурорына 10.02.2003 жылы жіберілген. Сотталушы Люблинді беру туралы өтініш 18.02.2003 жылы Бас прокурорға жіберілген. Сонымен бірге 19.02.2002 жылы «Рақымшылық туралы» Заңның шығуына байланысты Минск Конвенциясының 7, 60-баптарына сәйкес Новосибирск қаласының қылмыстық ізге түсу органдарына жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді, оның ішінде айыпталушы Люблиннен оған «Рақымшылық туралы» Заңды қолдану туралы арыз алуды тапсыру туралы шешім қабылданған. Жауап алу хаттамасы мен рақымшылық туралы актіні қолдану жөніндегі арызды алған соң, сот 15.07.2003 жылғы қаулысымен Люблинге қатысты іс өндірісін жүргізуді қысқартып, қаулыда оның сотқа келуден жалтарғанын, өзіне рақымшылық туралы актіні қолдануды өтінгенін көрсеткен.

Соттың бұл қаулысын заңды деу қиын, себебі, 10.02.2003 жылы сот экстрадициялау туралы қаулы шығарған кезде өз қаулысының дәлелдеме бөлігінде Люблин Новосибирск қаласының АІІБ 3-ші милиция бөлімшесіне келіп, Қазақстанның аумағында жасаған қылмыстары туралы айтқанына сілтеме жасаған. Алайда, оған қатысты экстрадиция жасалмады, себебі, 19.02.2002 жылғы рақымшылық қолданылуға тиіс болған соң, сот Ресей Федерациясының оған қатысты рақымшылықты қолдануы жөнінде оның келісімін білу туралы жаңа тапсырма жіберген. Кейіннен сот келісімді алған соң, оған қатысты қылмыстық қудалауды осы негіз бойынша тоқтатқан. Алайда, сот Люблиннің сот отырысына келмеуі және Қазақстан соты бойынша соттауды қаламауы себептерін анықтамай жатып, ол сотқа келуден жалтарды деп, оған тіпті рақымшылық актісі қолданылса да істі қараудың мүмкіндігі туралы тұжырым жасауы заңсыз. Сотталушы істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтініш берген жағдайда ғана істі сотталушының қатысуынсыз, оның өзінде ауырлығы шамалы қылмыстық істер бойынша қарауға жол беріледі. Ал зерделеніп отырған іс бойынша Люблин ауырлығы орташа қылмыс жасаған. Сотталушыға рақымшылық қолданылатын болғандықтан осы жағдайда оны экстрадициялау тиімсіз еді.

Осы орайда соттардың экстрадициялау рәсімінің әуресі көп болғандықтан іздеу жарияланып, сотқа келуден жалтарып жүрген сотталушыларға қатысты істерді, мысалы, ҚК-нің 67-бабы бойынша, демек, тараптардың татуласуына байланысты қысқарту жағдайлары да жиі кездеседі. Қабылданған шешім сотталушы жоқ болса да өзін әбден мазалай бергендіктен жәбірленушінің ығыр болып, жоғарыда айтылғандай берген арызына негізделеді. Алайда, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы дұрыс тұжырымдама жасағанындай, егер айыпты адам қылмыс жасаған жерінде ғана емес, тіпті Қазақстан Республикасының аумағында да болмай отырса, мәселенің екі жағы, демек, оның жәбірленушінің алдында айыбын жуып-шаятыны туралы сөз қозғаудың жөні жоқ.
Іздеудегі адамды уақытша беру
ҚІЖК-нің 531-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, басқа қылмысы үшiн Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеп жүрген шет мемлекеттiң азаматына қатысты беру туралы өтiнiш келiп түскен жағдайда беру мерзiмі, сотталушы жазасын өтегенге немесе кез келген заңды негiз бойынша жазасынан босатылғанға дейiн ұзартылуы мүмкiн. Шет мемлекеттiң азаматы қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда оны беру мерзiмi үкiм шығарылғанға дейiн, жазасын өтегенге дейін немесе кез келген негiз бойынша қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылғанға дейiн ұзартылуы мүмкiн. Егер берудiң мерзiмiн ұзарту қылмыстық iзге түсу мерзiмiнің өтуiне әкеп соқса немесе қылмысты тексеруге зиянын тигізсе, өтiнiш бойынша беру талап етiлген адам тараптардың келiсiмiмен айқындалатын белгiлi бiр уақытқа берiлуi мүмкiн.

Іс жүргізу заңының осы қағидаларына сәйкес, егер қылмыстық істерді қарау барысында соттар шет мемлекеттердің адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшін беру туралы өтініштерін қанағаттандырмаған жағдайда халықаралық келісім-дердің (Минск Конвенциясы (63, 64-баптар) және Кишинев Конвенциясы (77, 78-баптар)) негізінде соттар шет мемлекетке адамды уақытша беру туралы өтініш жасауға құқылы.

Уақытша беру адамның сұраған мемлекетте айыптау үшін қатысып, кейін бастапқы жазасын өтеу үшін сұрау салынған мемлекетке кері қайтуына мүмкіндік береді. Мұның өзі сот талқылауына бөгет туғызбай, істі уақытында қарауға жол ашады.

Өзара құқықтық көмек көрсетумен байланысты істерді қарау практикасында сот тарапынан да, қылмыстық ізге түсу органдары тарапынан да беру және уақытша беру ұғымын дұрыс түсінбеу жағдайлары кездеседі.

Осы орайда да Ресей аумағында тығылған С.Елеуовтің ісін мысалға келтірейік. Ол ҚК-нің 175-бабының екінші бөлігімен сотқа берілгеннен кейін, Хромтау ауданының сотына Елеуов РФ ҚК-нің 158-бабының екінші бөлігімен сотталуына байланысты оны беру мәселесін оң шешу мүмкін емес, бірақ оны уақытша беруге болады деген хабарлама түссе де, сот бұған тиісінше көңіл бөлмеген. Алайда сот сұрауды ресімдегеннен кейін облыстық прокуратура уақытша беру туралы өтінішті қолдамай, сотталушыдан оған рақымшылық туралы актіні қолдануға келісім беруін сұрауды ұсынған. Сот қате ұсынысты басшылыққа алып, әрі ҚІЖК-нің 315-бабының екінші бөлігінің талаптарын бұза отырып, істе Елеуовтің сотқа келуден жалтарғаны туралы ешқандай мәлімет болмаса да екі мемлекет арасында оны экстрадициялық қамауға алу келісімі жасалғанын, Ресей Федерациясы сотының үкімі бойынша жазасын өтеп жатқанын біле тұра істі сотталушының қатысуынсыз сырттай қарау туралы шешім қабылдаған.
Экстрадицияны жүзеге асыру кезінде азаматтардың құқығын сақтау, соттың дәлелдемелерді бағалауы, дәлелдемелерге жол беру
Экстрадициялау, қылмыскерлерді беру мәселелері дегеніміз — тек әкімшілік мәселе ғана емес, экстрадиция, біріншіден, қылмыстық іс жүргізу құқығының элементі болып табылады, демек, қылмыс жасаған адамды іс жүргізудің белгілі бір кепілдіктері сақтала отырып басқа мемлекетке беру жүзеге асырылады. Беру күннен-күнге көбейіп келе жатқан халықаралық нормалармен реттеліп отырады. Осы саланы реттейтін құқықтардың белсенді дамуы қылмыспен күресте беру институтының маңызы арта түскенін көрсетуде. Беру институты мемлекеттің егемендік құқықтарының адам құқықтарымен сабақтас екендігін білдіреді. Беру мәселесін шешу – егеменді мемлекеттің өз құқығы болып табылады, бірақ ол адам құқықтарын қоса алғанда халықаралық және ішкі құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Алдын ала талап қойылмай тұрып шет мемлекеттердегі іздеудегі азаматтарды ұстауға және қамауға алуға жол бермейтін тетіктер қажет. Осы қағидалардан ауытқу құқық бұзушылық болып табылады. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға келісімде көрсетілген шарттарды сақтай отырып беруді жүзеге асыру кезінде ғана жол берілуге тиіс. Практикада осы мүмкіндік кеңінен әрі ұғынықты түсіндіріледі.

Бұған мысал ретінде Грушконың ісін келтіруге болады. В. Грушко ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің «а,д,з,н» тармақтарымен, 251-баптың екінші бөлігімен, 179-баптың екінші бөлігінің «б,в,г,д» тармақтарымен айыпталып, ісі сотқа берілген. Павлодар облыстық сотының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысымен іс ҚІЖК-нің 527-бабының және Кишинев Конвенциясының 66, 92-баптарының талаптарын орындау үшін прокурорға төмендегі негіздер бойынша жіберілген.

Істегі құжаттардан белгілі болғандай, Украина азаматы Грушко Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін 2004 жылдың 27 мамырында Ресей аумағында ұсталған.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаннан кейін Павлодар облысының қылмыстық ізге түсу органдары заңмен белгіленген тәртіпті сақтамай, құқықтық көмек көрсету туралы ауызша өтініш жасаған. Алтай өлкесі мен Павлодар облысы құқық қорғау органдарының кейінгі әрекеттері - Алтай өлкесінде Украина азаматы В. Грушконы рұқсатсыз ұстау, оны қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстан аумағына заңсыз апару ҚІЖК-нің 527, 533-баптарына және Кишинев Конвенциясының талаптарына қарама-қайшы келеді. Грушконың жауабы бойынша ол Ресейде ұсталып, Қазақстанға жеке таксимен жеткізілген. Келген бетте оның сезікті ретінде ұсталғаны туралы хаттама толтырылған. Грушконың халық-аралық паспортында Ресейге келгені туралы белгі болған, ал Ресейден Қазақстанға кеткені туралы белгі болмаған. Ол Қазақстан аумағына өз бетімен бармаған, оны тиісінше беру туралы, бұлтартпау шарасын экстрадициялық қамауға алуға ауыстыру туралы талап ресімделмеген.

Қазақстанның құқық қорғау органдарының ҚІЖК-нің 527-бабын және Кишинев Конвенциясының нормаларын сақтамауы қылмыстық іс жүргізу заңын едәуір бұзу болып табылады. Мұның өзі Грушконы Ресейден Қазақстанға заңсыз экстрадициялаудан кейін оны заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыра отырып және қылмыстық процестің ережелерiн бұза отырып алынғандықтан деректерді ҚІЖК-нің 116-бабының негізінде дәлел ретiнде пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының М.В. Ярловқа қатысты шығарған ақтау үкімі халықаралық және ұлттық қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларын едәуір бұзудың бір көрінісі болып табылады. Осы орайда сот Ресей азаматы Ярловтың тиісті іс жүргізу құжатынсыз шекарадан өткізілгенін әрі Ресей Федерациясынан Қазақстанның аумағына заңсыз алдырылғанын, оған қатысты іс жүргізу заңының едәуір бұзылуына, дәлелдемелердің бұрмалануына жол берілгенін нақ-ты анықтаған. Осының нәтижесінде оның адам өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл жасағаны үшін кінәлі екенін қуаттайтын дәлелдемелердің заңды күші жоқ деп танылып, олар қолданылмайтындықтан әрі пайдалануға жатпайтындықтан дәлелдемелер қатарынан алынып тасталған. Деректер қай аумақтан алынғанына қарамастан оларды дәлелдеме ретінде тану, жинау, қолдануға болатынын анықтау және оларға баға беру Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет