Қіжк-нің 55-тарауы соттарда қолдану практикасынашол у


Шет мемлекеттің аумағында жасалған іс жүргізу құжаттарының күші



бет2/3
Дата29.04.2016
өлшемі488.98 Kb.
1   2   3

Шет мемлекеттің аумағында жасалған іс жүргізу құжаттарының күші

(ҚІЖК-нің 522-бабы)
Талданған мерзімнің ішінде соттар халықаралық келісімдерге сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерді жіберген кезде шет мемлекеттің аумағында жасалған іс жүргізу құжаттарының күшін реттейтін (ҚІЖК-нің 522-бабы) заң нормасын басшылыққа алған.

Бұған ҚК-нің 179-бабының екінші бөлігінің «а,б,г,д» тармақтарымен, 96-баптың екінші бөлігінің «ж,з» тармақтарымен сотталған Д.Н. Новолодский, Д.П. Пономаренко мен И.В. Сорокиннің (Павлодар облыстық соты), Қаз.ССР ҚК-нің 88-бабының екінші бөлігімен, 202-баптың бірінші бөлігімен сотталған С.М.Мукушевтің істерін (Қостанай қаласының №2 соты) мысал ретінде келтіруге болады.

Павлодар облыстық соты ҚК-нің 179-бабының екінші бөлігінің «а,б,г,д» тармақтарымен, 96-баптың екінші бөлігінің «ж,з» тармақтарымен айыпталған Д.Н.Новолодский, Д.П. Пономаренко мен И.В. Сорокиннің қылмыстық ісін қараған. Сотта сотталушы Пономаренконың адвокаты және сотталушының өзі өзіне тағылып отырған айып бойынша қылмыстарды жасамағанын, қылмыстар жасалған кезде ол Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде, атап айтқанда, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында болғанын мәлімдеп, сотқа осы сөздерін қуаттайтын тиісті құжаттарды ұсынған. Аталған қылмыстарға қатысы жоқтығына дәлел ретінде Пономаренко 2002 жылдың 13 қазанына дейін Мәскеу қаласы, Никулинская көшесі, 27 3-корпус, 1-пәтер мекен-жайы бойынша шешесінің үйінде тұрғаны, содан кейін 2002 жылғы 13 қазанда поезбен Омбы қаласына шыққаны және 2002 жылғы 16 қазанда Павлодар қаласына келгені жөнінде жауап берген. Е.Т. Шағиев өлтірілген күні, демек, 2002 жылдың 11 қазанында ол Мәскеу облысының Дедовск қаласы, Ногин көшесіндегі 3-үйдің 66-пәтерінде тұратын туысқаны Валентина Шафранның үйінде болған. Сол күні кешке оның қызуы көтеріліп, оған жедел жәрдем бригадасы келген, осы орайда оған тағылып отырған айып бойынша қылмысты оның жасауы мүмкін емес. Айтқан уәждерін растау үшін ол сотқа Дедовск бөлімшесі Истринск медициналық жедел жәрдем станциясының № 1234 шақыру картасынан үзінді, Д. Пономаренконың ЖФ 2010197 951798 сериялы темір жолда жол жүру құжатының көшірмесін, 2002 жылдың қазан айында Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда әпкесімен бірге түскен суретін, қылмыс жасалған уақытта жұмыс істедім деп «Эрнес-Компани» ААҚ-ның анықтамасының көшірмесін ұсынған.

Қорғаушының жауабы мен Д.П. Пономаренконың уәждерін тексеру үшін сот, Минск Конвенциясына сәйкес, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы Истринск ауданында бірқатар қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру туралы тапсырмалар (әрбір тапсырмаға тиянақты сұрақтар тізбесі қоса берілген) әзірлеген, атап айтқанда:

1. Мәскеу облысы Истринск ауданының прокурорына:

1) 2002 жылғы 11 қазанда Дедовск қаласы, Ногин көшесінің 3-үйіндегі 66-пәтерде тұрған В.Шафран мен басқа да адамдардан, фельдшер Т.М.Нечаева мен дәрігер Суриковадан (мүмкін Суринова, Сурипова) куә ретінде жауап алу;

2) 2002 жылғы 11 қазанда Д.П.Пономаренконың атына ресімделген Дедовск бөлімшесінің Истринск медициналық жедел жәрдем станциясының № 1234 шақыру картасының көшірмесін алу;

3) егер шақыру картасы болмаса, шақыруларды тіркеу журналынан 2002 жыл-ғы 11 қыркүйектен 13 қазанға дейін науқас Пономаренкоға медициналық жәрдем көрсетілгенін не көрсетілмегенін тексеру, егер көрсетілсе, журналдың көшірмесін түсіру;

4) 2002 жылғы 11 қазанда кезекшілер кестесі бойынша осы ауысымда дәрігер Сурикованың (мүмкін Суринова, Сурипова) және фельдшер Т.М. Нечаеваның жұмыс істеген-істемегенін тексеру ұсынылды.

2. Мәскеу-Ярославль көліктік прокуратурасының прокурорына:

1) куәлар Мәскеу-Ярославская вокзалының билет сату жөніндегі аға менеджері О.П.Филатовадан, Мәскеу-Ярославская вокзалының кассирі В. Шипинадан (оларды алдын ала өздері куәландырған Д .Пономаренконың ЖФ 2010197 951798 сериялы темір жолда жол жүру құжатының көшірмесімен таныстырып), Мәскеу-Ярославская вокзалының бастығынан (компьютер жүйесі дұрыс істемеген жағдайда кассир байқамай жолаушыға жол жүру құжатын қателесіп беруі мүмкін бе, жол жүру құжатының көшірмесінде көрсетілген күні сол поездың жүргені не жүрмегені жөнінде) жауап алу тапсырылған.

Сондай-ақ, ЖФ 2010197951798 сериялы темір жолда жол жүру құжаты не жөнінде, кімге, қашан, қандай уақытқа және қандай бағытқа жазылғандығы туралы Мәскеу-Ярославская вокзалы компьютерлік жүйесінің анықтамасын жауап алу хаттамасына тіркеу ұсынылды.

3. Никулинская ауданаралық прокуратурасының прокурорына:

1) куәгер ретінде И.В. Шамов пен В.С. Шамовадан жауап алу;

2) «Эрнес-Компани» ААҚ фирмасының орналасқан жерін анықтау және оның директоры Э.Оздемирден жауап алу;

3) Д.П.Пономаренко мен фирманың арасындағы еңбек келісімінің көшірмесін, оны жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесін, жалақыны есептеу мен беру бойынша (есеп айырысу) тізімдемесінің көшірмесін түсіру қажеттігі ұсынылды.

Сонымен қатар Мәскеу қаласының Қызыл алаңында Д.П. Пономаренконың бейнесі бар фотосуреттің көшірмесі мен ААҚ «Эрнес-Компани» фирмасынан алын-ған анықтаманың көшірмесін тапсырмаға тіркеу және осы қосымшаларға байланысты мәселелердің бірқатарын анықтау туралы өтініш берілген.

Көрсетілген тапсырмалар ҚІЖК-нің 523-бабы мен Минск Конвенциясының негізінде соттың құрамымен куәландырылып, қолдау көрсету және оларды кейіннен Ресей Федерациясының құзыретті мекемесіне жолдау үшін Бас прокуратураға жіберілді.

2004 жылғы қаңтардың 30-нан наурыздың 1-іне дейін Павлодар облыстық сотына орындалған тапсырмалардың материалдары түсіп және 2004 жылғы 11 наурызда алынған материалдар есепке алынып, іс мәні бойынша қаралды.

Сөйтіп, тапсырмаларды Минск Конвенциясына сәйкес тиісінше және сапалы ресімдеу, алынған құжаттардың негізінде және шет мемлекеттің аумағында жиналған дәлелдемелерді пайдалану (ҚІЖК-нің 522-бабы) соттарға істі қарауға және үкім шығаруға мүмкіндік берді. Павлодар облыстық сотының 2004 жылғы 11 наурыздағы үкімімен ҚК-нің 96-бабының бірінші бөлігімен, 175-бабының екінші бөлігінің «а,б» тармақтарымен, 58-бабымен Д.П.Пономаренко мүлкі тәркіленіп, 21 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.


Берілген адамның қылмыстық жауапкершілігінің шектері

(ҚІЖК-нің 530-бабы)
Адамды басқа мемлекетке беру жөніндегі материалдардың, шет мемлекеттің құзыретті органының немесе лауазымды адамының шешімдерінің және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі басқа да материалдардың қылмыстық істерге тіркелмеуі шетелдерден Қазақстан Республикасына берілген адамдарға қатысты қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру кезінде жүргізілетін сот ісінің заңдылығының жай-күйіне әсер етуде.

Халықаралық шарттар мен қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларына сәйкес, берілген адам қылмыстық жауапқа тартылмайды немесе ол берілгенге дейін жасалған қылмысы үшін бұрын берілмесе де жазаланбайды.

Дегенмен, соттар халықаралық шарттың жоғарыда көрсетілген нормасының бұзылуына жол береді.

«Бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі» саралау белгісіне жататын адам өлтіргені және жауапкершілікті ауырлататын жағдайда қарақшылық әрекеті үшін С.Глуховты кінәлі деп тану кезінде Ақтөбе облыстық соты шет мемлекет берген адамның қылмыстық жауапкершілігінің шегінен шығып кеткен.

Жауапкершілікті ауырлататын жағдайда адам өлтірген С.А.Глуховты қылмыс-тық жауапқа тарту үшін оны уақытша беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының белгіленген тәртіпке сәйкес жасаған өтінішін Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы қанағаттандырды.

Шет мемлекет берген С.А.Глуховқа келетін болсақ, оны жауапкершілікті ауырлататын жағдайда қарақшылық әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы іс материалдарында мәлімет жоқ және ол осы қылмысы үшін сұрау салынбағандықтан берілмеген. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде «бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі» туралы саралау белгісі болмағандықтан, Глуховты адам өлтіргені үшін осы саралау белгісі бойынша жауапқа тарту жөніндегі талапты қанағаттандыру жөнінде келісім болмаған.

Сөйтіп ҚІЖК-нің 529-530, 8-10-баптарын бұза отырып, қылмыстық ізге түсетін органдар мен сот берілген адамның қылмыстық жауапкершілігінің шегінен шығып, осы арқылы қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің заңмен көзделген тәртібін бұзған.

Басқа облыстардың судьялары да халықаралық шарттың нормаларын бұзып, осындай қателіктер жіберді.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Ресей Федерациясының аумағында жүрген осы аталған адамдарды беру туралы жіберген талабында Қазақстан Республикасының аумағында қандай қылмыстардың жасалғаны туралы мәліметтер болмағандықтан, осындай заң бұзушылықтар орын алғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ істе Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының осы адамдарды қандай қылмыстарды жасағаны үшін бергені туралы мәліметтер де жоқ. Осы себеппен соттар іс материалдарындағы сот талқылауының шектерін белгілейтін іс жүргізу құжаттарына сүйене отырып, жасалған қылмыстар үшін беру туралы тиісті келісім болмаса да қылмыскерлерді соттауға мәжбүр болды. Мұның өзі жазаны қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындауға, демек, әлдеқайда қатаң жаза белгілеуге әкеп соғады.
Тапсырмаларды орындаудың мерзімі
Шындықты анықтау, іске қатысатын адамдардың құқығын сақтау құқықтық көмектің мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде көрсетілуін талап етеді. Дегенмен, құжаттардың өткізу рәсімінің қиын екені әрі ұзақтығы уақыттың ысырап болуына, түрлі әуре-сарсаңға, шараның тиімділігінің кемуіне әкеп соғатынын жасыруға болмайды.

Тиісті органға соттың тапсырма жіберуі мен соңғы орындаудың арасында тіпті бірнеше жылдарға созылатын ұзақ мерзім өтетін жағдайлар да кездеседі.

Е.У. Құлымбетовті (Ақтөбе қалалық соты), С.Ж. Елеуовті (Ақтөбе облысының Хромтау аудандық соты) айыптау жөніндегі бұған дейін сөз болған қылмыстық істерді де ұзақ уақыт бойы әуре-сарсаңға салудың және соттардың өтініштеріне ұқыпсыз қараудың мысалы ретінде келтіруге болады.
ҚІЖК-нің 55-тарауының қағидаларын қолдану кезінде кездесетін өзекті мәселелер, заңның олқылықтары, соттардың заңдарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстары
Сот практикасында қиындықтар мен түрлі түсінбеушіліктер туғызатын мәселелердің енді бірі ұлттық заңдардағы ерекшеліктерге қатысты. Мәселен, басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған өз республикасының азаматын оның жасаған қылмысы басқа мемлекетке беруге әкеп соғатындай қылмыс болып табылмайды деген уәжбен бермей қою жағдайлары жиі ұшырасады.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында ҚК-нің 259-бабының бірінші бөлігімен көзделген қылмысты жасаған Р. Маслабиевтің қылмыстық ісі бойынша істі қысқарту туралы шешім қабылданған. Осы іс Орал қалалық сотына 2003 жылғы 22 шілдеде түсіп, 2003 жылғы 15 наурызда Маслабиевтің ұсталғаны туралы мәлімет келді. Этаптау туралы қаулы шығарылғаннан кейін 2004 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан тағы бір мәлімет келіп түсті. Онда есірткіні заңсыз сатып алғаны мен сақтағаны үшін айыпталған Маслабиевтің қолындағы есірткінің мөлшері Ресей Федерациясының заңдары бойынша ірі мөлшерге жатпайтындықтан, Маслабиевті беру туралы өтініш қаралғаны және Бас прокуратураның оны қанағаттандырусыз қалдырғаны туралы айтылған. Осыған байланысты 2004 жылғы 9 шілдеде сот істі қысқарту туралы қаулы шығарды. Алайда сот шығарған осы шешім құқық нормасы тұрғысынан негізделмеді.

Басқа жағдайларда мұндай істерді соттар сотталушының қатысуынсыз ҚІЖК-нің 315-бабының ережелері бойынша қарау жөнінде шара қолданады.

Сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша қылмыстық істі осылай қараудың мысалы ретінде Е. Иванниковтің ісін (ШҚО) келтіруге болады. Істі сырттай қарауға сұрау салынған елдің РФ азаматын беруден бас тартуы себеп болды, өйткені ол ҚК-нің 257-бабының бірінші бөлігімен көзделген қылмысты жасаған деп айыпталған болатын. РФ қылмыстық заңдары бойынша аталған қылмыс бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру болып сараланады және іс жеке тәртіппен қозғалады. Ал жеке айыптау тәртібімен қылмыстық ізге түсу, адамды беру үшін негіз бола алмайды. Нәтижесінде бұл істі сот сотталушының қатысуынсыз қарады. Ақырында соттың 2004 жылғы 6 қазандағы үкімімен Иванников ҚК-нің 257-бабының бірінші бөлігімен кінәлі деп танылған және ҚК-нің 63-бабы қолданыла отырып, оған 1 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үкім орындау үшін Ресей Федерациясына жіберілген. Ал шартты түрде беріл-ген жазаны орындау құқықтық көмек шеңберінде көзделмегенін айтуымыз керек.

ҚІЖК-нің 315-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, басты сот талқылауы осы баптың екінші бөлігінде көзделгеннен басқа жағдайларда сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді. Істі сотталушының қатысуынсыз талқылауға ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берген немесе сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін (осы баптың екінші бөлігі).

Солай бола тұра, сот практикасында бұл заңның талаптары орындала бермейді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов аудандық соты ҚК-нің 175-бабының екінші бөлігінің «в» тармағымен айыпталған А.С. Копыловтың қылмыстық ісі бойынша қылмыстық істі қарау кезінде ҚІЖК-нің 315-бабының екінші бөлігінің нормаларын дұрыс қолданбады. Істі қарау 2004 жылы 13 ақпанға тағайындалған, алайда сотталушы А.С. Копылов істің тыңдалатын күні туралы тиісінше хабардар етілмеген. Істе оның сотқа келуден жалтарғаны туралы мәліметтер болған жоқ. Соған қарамастан сот істі сырттай қарап, А.С. Копылов жәбірленуші Н.А. Климовамен татуласты деп ҚК-нің 67-бабының бірінші бөлігінің негізінде істі өндірістен қысқарту туралы қаулы шығарған, бірақ іс жүзінде олар ешқандай татуласпаған. А.С. Копылов Ресейдің Амур облысында тұрады, сотқа келмеген, істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш бермеген. Оның өзінің әрекеттерімен жәбірленуші Н.А. Климоваға келтірген зиянның өндірілгені туралы істе мәліметтер жоқ. Ал зиян болса, мөлшері 66200 теңгені құрайды. Сот тек жәбірленушінің бастамасы бойынша сотталушының қатысуынсыз осы істі тоқтату туралы қаулы еткен. Осы іс бойынша оның өз еркін білдірген білдірмегені анықталмаған, атап айтқанда, оның істі қысқартылуына берген келісімі жоқ. Бұған қоса, сот жәбірленушіге материалдық залалды кімнің қандай жолмен өндіргенін және сотталушының жәбірленушімен қандай жолмен татуласқанын анықтамаған. Атап айтқанда, сот қаулыны шығарған кезде ҚК-нің 67-бабын пайдалану үшін қажетті негіздің бар-жоғына тіпті көңіл бөлмеген. Іс бойынша анықталған мән-жайлар нақ осыны көрсетті.

Осындай қателіктерді басқа да облыстардың судьяларының да жіберетіні байқалуда.

Сонымен қатар, егер экстрадициялау сотталатын адамның ұзақ уақыт бойы іздеуде болуына және оның соттан қашып жүруіне байланысты ол сотқа берілген уақыттан бастап талай мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылса және іс экстрадициядан кейін іс бойынша іс жүргізу қысқартыла отырып, сотталушының қатысуымен рақымшылықтың қолданылуына не ескіру мерзімінің өтуіне байланысты аяқталса, онда мұндай жағдайды дұрыс деуге болмайды. Экстрадиция жөніндегі тапсырманы орындауға тек бір мемлекеттің қылмыстық ізге түсу органдары ғана тартылмайды және мұндайда жасаған қылмыс үшін міндетті түрде жазалау қағидасын сақтау да мүмкін емес. Сондықтан да, осының бәрі қылмыскерді экстрадициялау туралы келісіп отырған тараптардың бүкіл ісін (ұстау, қамауда ұстау, этаптау және т.б.) жоққа шығарады.

Мысалы, абайсыздықпен жасалған қылмыс үшін ҚК-нің 217-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Ербатыровқа Семей қалалық соты 1994 және 1998 жылдары екі рет іздеу жариялаған. 1998 жылы 1 маусымда қабылданған шаралардың нәтижесінде ол қолға түсіп, Ресейдің Ачинск қаласындағы УҰИ-да ұсталған. Ербатыровты ұстап беру туралы талап 1998 жылы 28 сәуірде жіберілді. Бұл талап 1998 жылдың 19 тамызында ғана қанағаттандырылды. Осы сәтте ол Ачинск қаласындағы УҰИ-дан қамаудан босатылғаннан кейін 2002 жылдың 9 қыркүйегінде ұсталып, Кабардино-Балкарияның Тырныауз қаласындағы УҰИ-ға орналастырылған. Ал 2003 жылдың 8 мамырында Семей қаласының ОВ-156/19 мекемесіне этаппен жіберілді. Нәтижесінде рақымшылық актісін қолдануға байланысты осы қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Жоғарыдағы экстрадицияны қолдану немесе қолданбау жөнінде сот практикасынан келтірілген мысалдар қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының осы бөлігі өзгерістер енгізуді қажет ететінін көрсетті. Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы жоғарыдағы түйіткіл мәселелерді шешу үшін ҚІЖК-нің 315-бабының екінші бөлігіне сотталушы адамның қатысуынсыз қылмыстық істі басты сот талқылауында қараудың үшінші негізін, атап айтқанда сотқа берілген сотталушы жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылық пен жазадан рақымшылық немесе заңға осы қылмыстық әрекетті қылмыстық сипатынан айыратын өзгерістер енгізудің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылса, соттан жалтарып, оның Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұрып жатқаны анықталса, сотталушы болмаған жағдайда істі басты сот талқылауында қарау туралы өзгерістер енгізуді ұсынады. Судьяның пікірі бойынша қылмыстық іс жүргізу заңына осындай өзгерістер енгізу соттарды да, мемлекетті де экстрадициялау жөніндегі шығыны мол шараларды жүргізуден құтқарады және іс жүзінде заңмен ақталған адамды осындай жағдайларда қамауға алу қажет болғандықтан оның құқықтарын бұзуға жол бермейді.

Құқықтық көмек көрсетудің жалпы тәртібімен қатар көрсетілетін көмек пен қылмыстардың түрлеріне қарай ынтымақтастықтың жеңіл түрін де қарастыру керек. Мемлекеттердің өзара іс-қимылдары орталық органдар арқылы жүзеге асырылады, бұл халықаралық тергеу мен сот тапсырмаларын орындау процесіне кедергі болып, ақпараттарды алу мерзімін ұзартады. Құқықтық көмек субъектісі тек орталық органдар ғана емес, сонымен қатар басқа да органдар болуға тиіс. Бұл орталық органға қайта-қайта өтініш жасауды қажет етпейтіндіктен, құқықтық көмек көрсету мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берер еді.

Шолуды әзірлеу барысында соттардың ҚІЖК-нің 55-тарауын қолдануы кезінде кезіккен басқа да мәселелер анықталды. Оларды шешу тәртібі, өкінішке орай, ұлттық заңнамамен не халықаралық келісімдермен реттелмеген.

Айталық, ҚІЖК-нің 55-тарауының 526-бабы куә, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкiлдерi, сарапшы, егер олар шет мемлекеттiң азаматтары болса, оларды шақыру және жауап алу мәселесін реттейді, бірақ осы бапта куә мен бапта айтылған адамдардан сұратып отырған мемлекетке шақыртпай жауап алу туралы соттың тапсырмасын орындау көзделмеген. Жауап алудың осы тәртібі халықаралық келісімдерде де көзделмеген. Аталған жағдай Архангельск облысы Северо-Двинск қаласы федералдық сотының Қостанай қаласы №2 сотының В.К. Боппты айыптау жөніндегі қылмыстық ісі бойынша куәдан жауап алу туралы тапсырмасын қанағаттандырусыз қалдыруына негіз болды. Басқа жағдайларда Ресей Федерациясының соттары біздің соттардың куәлардан жауап алу туралы тапсырмаларын орындап жүргенін айта кету керек. Жоғарыда айтылғандай, алынған дәлелдер шындық принципінің негізінде қабылданғандықтан нанымды деп танылады.

Сот практикасын зерделеу соттардың қылмыстық істерді қарау барысында жалпы ҚІЖК-нің 55-тарауының қағидаларын және халықаралық келісімдердің талаптарын дұрыс қолданатынын көрсетті. Аталған нормаларды қолдануда туындайтын қиыншылықтар негізінен заңнаманың дұрыс жетілмеуіне, Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларының ерекшеліктеріне байланысты. Кейбір соттардың жұмысындағы негізгі кемшіліктер халықаралық көмек көрсетуді реттейтін заң нормаларының жеткіліксіз зерделенуінен, шет мемлекеттерге жіберілетін тапсырмаларды ресімдеу кезінде жол берілетін ұқыпсыздықтың салдарынан орын алуда. Мұның бәрі мекемелердің жөнсіз әуре-сарсаңға түсуіне, қылмыстық жауаптылық шегінің бұзылуына, халықаралық міндеттемелердің орындалмауына әкеп соғып, ақыр аяғында мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

қылмыстық істер жөніндегі алқасы

С Т А Т И С Т И К А

(шолуға қосымша)

№1-кесте


ҚІЖК-нің 22-тарауы қолданылған қылмыстық істер туралы мәліметтер


р



/

б

соттың атауы


істер-дің бар-лығы

оның ішінде

тапсырмалар кімге қатысты

315-бап. 2-бөл. негі-зінде қарал-ған істер

Оның ішінде 315-бап. 2-бөл. талап-тары бұзы-ла оты-рып

Қайта-

дан тер-геуге жібе-ріл-

ген (ҚІЖК-нің 55-тарауы талап-тарын бұзып)


530-бап. талап-тарын бұзуға жол беріл-ген істер

қарал-ған істер

кейін-ге қалды-рыл-ған істер

ҚР аза-мат-та-рына

ше-тел аза-мат-та-рына

аза-мат-ты-ғы жоқ адам-дарға

үшін-

ші


мем-

лекет-


тің аза-мат-тарына

1

Астана қалалық соты

10

10

-

7

3

-

-

8

5

-

-

2

Алматы қалалық соты

1

1

-

-

1

-

-

-

-

-

1

3

Алматы облысы

8

8

-

7

1

-

-

-

-

-

-

4

Ақмола облысы

1

1

-

1

-

-

-

-

-

-

-

5

Ақтөбе облысы

1

1

-

8

3

1

-

2

2

-

-

6

Атырау облысы

12

12

-

2

1

-

-

2

-

-

-

7

Шығыс Қазақстан облысы

3

3

-

13

10

-

-

4

1

3

-

8

Батыс Қазақстан облысы

237

237

-

6

1

-

-

2

1

-

-

9

Жамбыл облысы

5*

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

10

Қарағанды облысы

28

28

-

28

-

-

-

8

-

2

1

11

Қостанай облысы

32(1*)

21

11

23

8

-

-

3

-

1

-

12

Солтүстік Қазақстан облысы

7(1*)

7

-

4

3

1

-

1

1

2

-

13

Қызылорда облысы

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

14

Маңғыстау облысы

10

10

-

6

4

-

-

7

1

-

-

15

Павлодар облысы

8

7

1

3

5

-

-

2

-

2

-

16

Оңтүстік Қазақстан облысы

2

2

-

1

1

-

-

2

2

-

-

17

Әскерлердің әскери соты

1

1

-

1

-

-

-

-

-

-

-




Барлығы

158(7*)

141

12

110

41

2

-

41

13

10

2

*-55-тараудың ережелері тергеуде қолданылған істер, **-экстрадициялық қамауға алуды заңсыз қолдану


№ 2-кесте

: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет