Іле алатауының шыңдары мен асуларының топонимикасы байтурбай Орынбасар, Мейірбек Қалыбек



Дата01.11.2019
өлшемі30.31 Kb.
ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ШЫҢДАРЫ МЕН АСУЛАРЫНЫҢ ТОПОНИМИКАСЫ

Байтурбай Орынбасар, Мейірбек Қалыбек

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы

orynbasar_1999@mail.ru

г.ғ.к. доцент Сағымбай Ө. Ж.
Тау аттары ғылыми терминмен оронимия (гр. oros «тау» + onyma «ат.атау») деп аталады. Тау, жота, қырат, шың, асу, дөң, дөңес, төбе, шоқы, оба, сай, өзек, жыра, шат, шатқал, текше, жал сияқты оронимдерді жинап зерттеудің мәні бар.

Таулар, ұшар биік, мәңгілік мұз бен қар басқан шыңдар, қара тасты қаһарлы шоқылар, көктемдегі көгі жайқалған төбелер... Бұлардың қойнында бізге беймәлім сырлары көп. Солардың бірі Іле Алатауы жотасының шыңдары мен асуларының географиялық атауларына талдау жасалған еді.

Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шаньнның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Іле Алатауындағы шыңдар мен асулар биік таулы ландшафтардың ажырамас негізгі бөлігі саналып, олардың географиялық атаулары, таулы өңірдегі топонимдердің құрамдас бөлігінің мол жиынтығын құрайды.

Таулы аймақтардағы тау жотасының жол қатынасына қолайлы жері – асулардың алатын орны ерекше. Тарих беттерінен белгілі болғандай ата-бабаларымыздың таулы аумақтарда мемлекетаралық жол қатынасында, түйелі, атты сауда керуендер түнеуге куә болған асулар атауларының сырын ашу қашанда өзекті болып келеді. Асулардың таулы аймақтарындағы жануарлар миграциясына да әсері өте зор. Биік таулы өңірлерде еліміздің көлік, экономика, туризм, спорт, әскери, ғылым салаларының дамуында асуларды игеру мәселелері маңызды рөл атқарады.

Іле Алатауы аумағының шаруашылық, ғылыми, спорттық игерілуінің және халықтың сан алуан этникалық құрамының тарихы біршама күрделі, осыған байланысты әртүрлі тілдерден құралған оның топонимиясы да күрделі. Негізінен Іле Алатауы жотасының топонимиялық жүйесінің пайда болуында жергілікті халықтық атауларының орны ерекше.

Географиялық атаулардың пайда болуында кездейсоқ болмайды, ол қандай да бір себепке, заңдылыққа бағынады. Шыңдар мен асулардың аталуында өзіне тән ерекшеліктер орын алады. Альпинистер мен туристер, топограф және гляциолог мамандары географиялық нысандар атауларын қою кезінде ең негізгі сипатына, оның ішінде сыртқы ерекшеліктеріне көңіл аударған. Мысалы сипаттық түрдегі атаулар:Лесной, Осыпной, Сыпучий, Дикий, Суровый асулары.

Түсіне байланысты асулар:Черный, Оранжевый.

Іле Алатауы жотасындағы оронимдер құрамында флора мен фаунаға, яғни өсімдік пен жануарларға байланысты атаулар аз кездеседі. Бұл атаулар осы таулардағы кездесетін жануарлар мен өсімдіктер жайлы ақпарат береді. Оларға: Қарғалы (вороний) асуы, Бірқарағай (одинокая сосна) асуы, Жусанды Күңгей (полынная, обращенная к югу) шыңы және асуы. Бұл категорияға енетін оронимдерде өзен атауларына сәйкес қойылған және өзен аңғарлары бойынша атауға тікелей байланысты биоталар бар.

Іле Алатауы шыңдары мен асуларының топонимдерін жіктеу барысында байқағанымыз кейбір атаулардың мағынасы жоқ көп сөздерден құралған. Атаулар өте мағыналы, өзіндік жеке дара ерекшелігімен айқындалып, «қайталану үрдісі» орын алмайтын нақты болуы шарт деп ұйғарамыз.

Кейбір жағдайларда таулы аймақтарда альпинистер мен туристер өздері шыққан шыңдарға немесе асуларға топ жетекшілерінің есімдерін немесе мекемелерінің атын қойып, көпшілік қауымға жариялап жатады. Алайда, олар өздері сол географиялық нысанның, әлдеқашан атауының болғанын ескермейді. Олар тек, атауды ұсынуға құқылы. Негізінен географиялық атауды өзгертуге тек, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия мақұлдап, бекітуі керек.



Топонимдер тек мекен-жайды ғана өзгертпей, география, лингивистика, тарих, т.б. ғылымдар бойынша өте құнды ғылыми ақпарат көзі болуы қажет. Сондықтан, географиялық атаулардың тарихи мәні болуы және мәдени мұралар көзі ретінде маңыздылығы болуы шарт.

Еліміздің халықаралық деңгейге көтерілуіне және болашақта таулы аймақтарға туризм және спорт салаларын дамыту барысында оронимдердің практикалық және ақпараттық маңызы зор, әрі болашақта терең зерттеулерді қажет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет