Қылмысқа қатысушылардың алдын ала сөз байласып қылмыс жасағандарына дәлел келтірмегенінің негізінде үкім өзгертілді



жүктеу 28.92 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі28.92 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 3c9e9ce92e8724a646257261002f9839 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Ауруға шалдығуына байланысты сотталғандарды жазаны одан әрі өтеуден босату туралы заңдарды соттардың қолдануының тәжірибесін
Қылмысқа қатысушылардың алдын ала сөз байласып қылмыс жасағандарына дәлел келтірмегенінің негізінде үкім өзгертілді

( үзінді)

Қазақстан Республикасы Жоғар-ғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы И. жөніндегі қылмыстық істі сотталушының апелляциялық шағымымен қарап, мына мән-жайларды анықтады.

Астана қалалық сотының 2006 жылғы 18 тамыздағы үкімімен:

А. - ҚК-ның 179-бабы 2-бөлігінің "а, б, г" тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 96-бабының 2-бөлігінің "ж, з" тармақтарымен мүлкі тәркіленіп 13 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 56-бабының 3,4-бөліктеріне және 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру арқылы мүлкі тәркіленіп 13 жылға бас бостандығынан айыруға, сотталған.

И. - ҚК-ның 179-бабының 2-бөлігі-нің "а, г" тармақтарымен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 96-бабының 2-бөлігінің "ж, з" тармақтарымен мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 56-бабының 3, 4 бөліктеріне және 58-бабының 3-бөлігіне сай, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру арқылы 10 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, соттал-ған.

Алқа, іс құжаттарын зерттеп, прокурордың “үкім өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық арыз қанағаттандыруға жатпайды” деген пікірін тыңдап, шағымда көрсетілген уәждерді тексеріп, үкім төменгі себептерге байланысты өзгертілуге жатады деген тұжырымға келді.

Бірінші сатыдағы соттың, А. тергеуде анықталмаған белгісіз азаматпен алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, Д-ның мүлкін оның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, шабуыл жасау арқылы иемденіп, кейіннен ол, қайталап, И-мен бірге, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, қару ретінде пышақ пайдаланып, Ж-ның денсаулығы мен өміріне қауіпті күш қолданып, мүлкін қарақшылық жолмен ұрлады, ал А. қарақшылықпен ұштас-тырып Ж-ға бірнеше рет пышақ салып өлтіруге оқталды, бірақ, ол өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізе алмады деген тұжырымдары, сот тергеуінде зерттелген іс құжаттарына негізделген, яғни дұрыс қаралған.

Алайда, қылмыстық ізге түсу органының ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 96-бабының 2-бөлігінің "ж, з" тармақтарымен И-ға айып тағу туралы қаулысы ҚІЖК-нің 207-бабының талабына сәйкес емес, себебі онда айыпкердің қылмыстық пиғылы, қылмыстық әрекеттері қандай мақсатқа бағытталғаны көрсетілмеген, сөйтіп, ҚІЖК-нің 117-бабында аталған, дәлелдеуге жататын мән-жайлар, анықталмаған.

Аталған қаулыда, И-ға ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 96-бабының 2-бөлігінің "ж, з" тармақтарымен айып формальды түрде ғана тағылған, себебі қылмыстық ізге түсу органы: "... Өздерінің қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастырып, А. соңғының қолындағы сумкасын беруді талап етеді. А. өздерінің істеген қылмыстық іс әрекетін жасыру мақсатында, аяқ астында оған құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруге деген ойы пайда болады. Осы мақсатта қару ретінде пайдаланған жиналмалы пышақпен Ж-ның жүрек тұсына бір рет ұрған. Осы кезде И. жәбірленушіні аяқ-қолымен кезек-кезек ұрып-тебеді, ал А. өздерінің әрекетін аяғына дейін жеткізу мақсатында ... жәбірленушіге дене жарақатын салады ...қонақ үй күзетшісі және әкімші көмекке келгеннен кейін, өздерінің еркіне байланысты емес себептер бойынша кісі өлтіруге оқтал-ған іс әрекеттерін ақырына дейін жеткізе алмай ... бой тасалап кеткен", - деп көрсеткен. Сөйтіп, айып тағу қаулысында, айыптау жағының өзі, өлтіру туралы қылмыстық ой А-да ғана туып, бұны өзі жүзеге асыруға оқталғандығын көрсеткен.

Алайда, қылмыстық ізге түсу органы, осы жағдайды көрсете отыра, А. адам өлтіруге оқталуды алдын ала сөз байласқан топ болып жасаған деп тұжырымдап, ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "ж" тармағының құрамын да формальды түрде ғана көрсеткен.



Қылмыстық ізге түсу органы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігінің "ж, з" тармақтарымен И-ға айып тағу қаулысында, оның өлтіруге деген пиғылын, қылмыстық қимылдарының мақсатын айқындамаған, сөйтіп, қылмыс құрамының субъективтік, объективтік жақтарын ашпаған, тергеушінің бұл қателігін прокурор да дер кезінде түземеген.

Осы аталған жағдайларға қарамас-тан, бірінші сатыдағы сот, ҚІЖК-нің 320-бабының 1, 2-бөліктерінің ережелерін өрескел бұзып, үкімде "А. және И. адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, қарақшылық мақсатта кісі өлтіруге оқталып, қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жал-ғастырған",-деп көрсеткен.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет