Қылмыспен күрес-көптің ісі



жүктеу 56.64 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі56.64 Kb.
: papk -> sabak -> tarbie
papk -> Ақжайық ауданы М. Әуезов атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп
papk -> Сабақ «Бейнелеу өнері және сызу»
papk -> Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани байлық» Мақсаты
tarbie -> Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына бағытта
tarbie -> Тақырыбы: Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? Мақсаты
papk -> Тақырыбы Теория. Дебат дегеніміз не? Кіріспе Практикалық бөлім. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
papk -> Сабақтың тақырыбы: «Едендік жабындармен жұмыс істеу»
Тақырыбы: “Қылмыспен күрес-көптің ісі”

Мақсаты: а)Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету;

ә)Оқушылырдың құқықтық білімін дамыту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін ашу;

б)Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын білуге құрметтеуге, орындауға тәрбиелеу құқықтың сауатталығын көтеру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: Көрініс, пікір алысу

Қолданылған көрнекіліктер:

тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер, оқушының міндеттері мен мақсаттары жазылған плакат.



Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен оқушылыр Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев. 1995 жылғы маусым айында елімізде “жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар” туралы қаулы қабылдаған болатын. Содан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде Қазақстан құқықтық мемлекет болып танылды. Сіздер білесіздер құқықтың мемлекетте азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары болуы керек. Құқықтық сана деп отырғанымыз құқықты білу, құқықты түсіну, құрметтеу, әділдікке сену, құқықты сақтауға дағдылану, азаматтық құқық талаптарын орындау. Осы мақсатта біз сіздермен бүгін “Қылмыспен күрес - көптің ісі” тақырыбында тәрбие сағатын өткізбекшіміз.



Қызығушылықты ояту

Бұл сабақтан білетіндерің:

  • Құқық деген не?

  • Балалардың айрықша құқықтары

  • ҚР балалардың құқықтық жағдайы

  • Міндет деген не?

  • Оқушының мектептегі міндеттері.

Заң сөздікшесі

Декларация- тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт.

Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың

құқығы мен еркіндігін бекітетін,мемлектеттік биліктің федеральдық

органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт.

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап

Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын

мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым.

«…18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады»

Бала құқығы туралы Конвенция. 1-бап



Қоғам балаларға қатысты түрде қамтамасыз етуі тиіс негізгі принциптер:

  • Бала мүддесін барынша жақсы қамтамасыз ету;

  • Кемсітпеу;

  • Өмір сүру, есею және ержету құқығы;

  • Бала көзқарастарына құрметпен қарау;

  • Баланы қорғау, оның қоғам өміріне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету.

I-бөлім: Сен білесің бе?

Топтарға тақырыпқа қатысты әр түрлі құжаттан сілтемелер оқылады. Ал оқушылар құжаттың қалай аталатынын табуы қажет



1. Негізгі жазаға нелер жатады.

–бас бостандығынан айыру

–бас бостандығынан айырмай, еңбекпен түзету жұмыстары.

–белгілі лауазым иесі болу құқығынан айыру

–айып салу

2.Ауыр қылмысқа жататындар.

–қарақшылық

–поезды апатқа ұшырату

–мемлекеттің немесе жеке адамның меншігін тонау

–қасақана кісі өлтіру.

–денені ауыр дәрежеде жарақаттау

–зорлық,зомбылық көрсету

–полиция қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау

–атылатын қару-жарақ,оқ-дәріні, жарылғыш заттарды тонау.

3.Қазақстан Республикасының Конститутциясы неше бөлімінен,неше баптан тұрады?

(9 бөлім,98-баптан)



Қазақтың ертедегі аңыз-әңгіме желісімен көрініс.

Қатысатындар: би, жігіт, уәзір, анасы, сарбаздар.

Баласы көршінің тауық ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне жұмыртқаны қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны қуырып береді. Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауығын ұрлап әкеліп, анасына береді. Қорадағы тауықтарға қосып кояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылған жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар жесір әйелдің жалғыз ала сиырын ұрлап сойып жатқан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып жазалауын сұрайды.



Би: Сен бес баласы бар, өзі сырқат, жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанын бағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балаларының аузын ақтан қақтың. Сенің жазаң дарға асу.

Жігіт: Дат тақсыр!

Би: Датың болса айт.

Жігіт: Маған анаммен соңғы рет тілдесуге рұқсат етіңіз (анасы келеді). Апа, маған тіліңізді көрсетіңізші (анасы тілін көрсетеді).

Уәзір: Сені жарық дүниеге алып келген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не?

Жігіт: Тақсыр мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде анам осы тілмен маған жекіп ұрысқан жоқ. Ұрлықтың қылмыс екенін түсіндіріп, ақылмен айтпаған анамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын.

Би: Әй, балам! Бұл сөзіңнің жаны бар екен, ұрлықшы болуыңа сенің анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті: ”Ұры әйел болсын, еркек болсын, қолын шауып тастау керек.” Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын айбалтамен шауып тастаңдар. (Анасы есінен танып құлайды).

Жігіт: Бауырларым,менің өкінішті ісімді қайталамаңдар.Мен қалған өмірімді ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін.

Ой толғаныс.

Академиялық дау-дамай.

1.Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі өзі ме, әлде анасы ма?

Оқушы: Бірінші анасы кінәлі деп ойлаймыз. Дер кезінде жасаған ісін қылмыс, күнә деп түсіндірмегені үшін. Екіншіден баланың да кінәсі бар. Бала өзін айналадағы ортаға қарамай өінің жасаған ісін жағымсыз әрекет екенін түсінбеген.

2.Сен ұры жігіттің орнында болсаң не істер едің?

Оқушы: Мен ондай әрекетке бармас едім. Себебі менің ата-анам да, мектепте де осындай әрекеттің қылмыс екенін түсіндіріп отврады.

3.Бидің шығарған үкімі дұрыс па?Сен бидің орнында болсаң қандай жаза қолданар едің?

Оқушы: Бидің шығарған үкімін дұрыс деп есептеймін. Себебі осындай жаза қолданбаса, ол жігіт бұл кәсібін одан әрі жалғастыра берер еді.

4.Қазіргі уақытта бұл қылмысқа қандай жаза қолданады?

Құқық пәнінің мұғалімі.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 175 бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін белгілі бір мерзімге жазаланады.



Қорытынды.

Қандай да бір қылмыстың алдын алу, бүгінгі күні күрделі. әрі қиын кезеңде кез-келгеніміздің азаматтық борышымыз десек артық болмас. Еліміздің болашағы жастар десек, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлейік. ”Ұрлық ине ұрлаудан басталады.,” “Тәрбиенің тамаша мектебі, отбасы” деген қағиданы әрдайым назарда ұстай отырып бүгінгі тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз.



Сіздің құқықтарыңызды кімдер шектей алады?

Менің құқығым мектеп жарғысымен шектелген

  1. білім алуға

  2. тәртіп сақтауға

  3. мектеп мүлкін сақтауға;

  4. үлкендерді сыйлауға;

  5. ана тілдің тазалығын сақтауға;

  6. әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

  7. темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге

  8. Мектеп формасын сақтауға

Қош сау болыңыздар!



М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп

Тақырыбы:

Қылмыспен күрес –



көптің ісі”

( тәрбие сағаты)

Өткізген: Қайырлиева Г.Н.

6а сыныбының сынып жетекшісі

Чапаев ауылы

2011 жыл



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет