Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/7
Дата25.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> cd896222cb5c1d0f462570b70038adeb -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
$FILE -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде (Бірыңғай бірегейлік статистикалық жүйе)

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2005 жылғы 17 маусымдағы N 27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3704



     Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді олардың тергелуі және соттық қарастырылуын бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізуді одан әрі іске асыру мақсатында, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қылмыстық істерді олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу (Бірыңғай бірегейлік статистикалық жүйе) туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (Г.В.Ким) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрық Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың барлық субъектілеріне және Комитеттің жергілікті органдарына жолдансын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.
      5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 143 "Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелерді есепке алу негізінде жүргізу тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту және қозғалысқа енгізу жөніндегі бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қозғалысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының


      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы   


Бас Прокурорының      
2005 жылғы 17 маусымдағы  
N 27 бұйрығымен      
бекітілген         

 Қылмыстар, қылмыстық істер, оларды тергеу және соттық


қарастыру нәтижелері туралы өтініштер мен хабарламалардың
бірыңғай кәртішкелік есебін жүргізу (Бірыңғай
біріздендірілген статистикалық жүйе) туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

МАЗМҰНЫ


 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық қылмыстар, олардың субъектілері, қылмыстық істер, қылмыстық істерді қозғаудан, алдын ала тергеу мен анықтауды жүргізуден, сот төрелігін іске асырудан бас тарту туралы қаулылар шығарылған материалдар туралы өтініштер мен хабарламалардың бірыңғай кәртішкелік есебін (бұдан әрі - есепке алу) жүргізудің тәртібін айқындайды.

      2. Есепке алуды тағайындау қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге ашық статистикалық байқау жүргізуден және мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қылмыстық жағдай туралы объективтік және айқын мәліметтермен қамтамасыз етуден, қылмыстық қудалау органдарының, соттардың және бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйені (бұдан әрі - ББСЖ) жүргізу арқылы жазаның орындалуын бақылайтын органдардың қызметінен тұрады.

      3. Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет), Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары, соларға теңестірілгендер (бұдан әрі - Басқарма), аудандық және соларға теңестірілген прокуратураларда орналастырылған Басқармалардың топтары мен қызметкерлері жүргізеді.

      4. Осы Нұсқаулықта ескерілген құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне (бұдан әрі - субъект) қылмыстық қудалауды іске асыратын мемлекеттік органдар, жазаның орындалуын бақылайтын органдар, соттар жатады.

      5. Қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, алдын ала тергеу, анықтау, прокуратура органдары және соттар қызметінің нәтижелерін есепке алу осы Нұсқаулықтың 2-тарауында аталған ақпараттық есепке алу құжаттарын (бұдан әрі - статистикалық кәртішкелер) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына (бұдан әрі - уәкілетті орган) жіберу арқылы негізделіп, жүзеге асырылады.

      6. Статистикалық кәртішкелерді субъектілер осы Нұсқаулықпен қаралған мерзімдерде олардың тіркелуін, автоматтандырылған өңделуін және солардың негізінде статистикалық есептердің қалыптастырылуын қамтамасыз ететін уәкілетті органдарға ұсынады.

      7. Статистикалық кәртішкелердің өңделуін және бірыңғай нысандарының енгізілуін субъектілермен келісе отырып, Комитет жүзеге асырады.

 2-тарау. Статистикалық кәртішкелердің
түрлері мен нысандары

      8. Қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру статистикалық кәртішкелердің мынадай түрлерінің негізінде жүзеге асырылады:


      1) "Қылмыс, оқиға туралы өтінішті, хабарламаны есепке алу кәртішкесі" ЗС-1 нысаны (N 1 қосымша);
      2) "Қылмыс, оқиға туралы өтініш пен хабарлама бойынша шешімді есепке алу кәртішкесі" ЗС-2 нысаны (N 2 қосымша);
      3) "Қылмысты есепке алу кәртішкесі" 1.0 нысаны (N 3 қосымша);
      4) "Алдын ала тергеудің (анықтаудың) барысы және нәтижелері туралы кәртішке" N1.1 нысаны (N 4 қосымша);
      5) "Есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін және улы заттарды, прекурсорлар (ЕЖП) мен есірткі заттарынан тұратын өсімдіктердің өскен алқаптарын алып қоюды және жоюды есепке алу кәртішкесі" 1-Н нысаны (N 5 қосымша);
      6) "Қылмыс жасаған тұлғаға арналған кәртішке" 2.0 нысаны (N 6 қосымша);
      7) "Айыпталушы, ұсталған немесе тұтқындалған тұлғаға арналған кәртішке" 2.1 нысаны (N 7 қосымша);
      8) "Қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі туралы кәртішке" 3.0 нысаны (N 8 қосымша).

      9. Қылмыстық қол сұғушылықтардан жәбірленген шетелдік мемлекет азаматтарының, сондай-ақ қылмыс жасаған тұлғалардың елін және ұлтын белгілеуге арналған сандық код "Әлем мемлекеттерінің сөздігіне" (N9 қосымша) және "Ұлттар сөздігіне" (N10 қосымша) сәйкес келуі қажет.

 3-тарау. Статистикалық кәртішкелерді
жүргізу мен есепке алу

      10. Статистикалық кәртішкелерді толтыру кезінде қылмыс туралы өтініш пен хабарлама бойынша материалдармен және қылмыстық іспен қатаң сәйкестікте оларда бар мәліметтердің астын сызып отыру қажет. Оң жағында орналасқан баған көздерін уәкілетті органның қызметкерлері сандық индекстермен толтырады. Прокурор тергеушімен немесе анықтаушымен (анықтау, тергеу органының бастығымен) құрылған статистикалық кәртішкеге қол қою кезінде статистикалық кәртішке мәліметтерінің іс материалдарымен сәйкестігіне салыстыру жүргізуге және статистикалық кәртішкеге қол қойғаннан кейін оны уәкілетті органға өзі тапсыруға міндетті.


      Статистикалық кәртішкелерге прокурордың қолы қойылғаннан кейін оған өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

      11. Осы Нұсқаулықтың 2-тарауы 8-тармағында көрсетілген статистикалық кәртішкелер қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды ведомстволық Есепке алу кітабында (бұдан әрі - ӨЕК) (ЗС-1, ЗС-2 нысандары), уәкілетті органның қылмыстық істер, қылмыстар және оларды жасаған тұлғаларды бірыңғай есепке алу Журналында (1.0, 1.1, 2.0, 2.1, 3.0, 1-Н нысандары) (N11 қосымша), әкімшілік істер бойынша және есірткі құралдарын, жүйкеге әсер ететін, улы заттарды, прекурсорларды (бұдан әрі - ЕЖП) алып қою және жою деректері жөніндегі бас тарту материалдары бойынша статистикалық кәртішкелерді есепке алу журналында (әкімшілік іс жүргізу істері және өзге де актілер бойынша N1-Н нысаны, (N13 қосымша)) тіркелуге жатады.

      12. Субъектінің лауазымды тұлғасымен (лауазымды тұлғаларымен) толтырылып, қол қойылған статистикалық кәртішкелер (1.0, 1.1, 2.0, 2.1, 3.0, 1-Н нысандары) іс жүргізу шешімінің қабылданған сәтінен бастап 24 сағаттың ішінде жолданып, уәкілетті органға тіркелу үшін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылуы қажет.

      13. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылған материалдарды тіркеу Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылған материалдарды есепке алу журналында іске асырылады. Аталған журнал субъектілердің барлық бөлімшелерімен жүргізіледі және іс қағаздарын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мерзімнің ішінде сақталады.

      14. Субъектілерде (облыстық аппарат және соған теңестірілген) қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламалардың электрондық деректер кесімі бар болған жағдайда ЗС-1, ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішкелер электрондық байланыс арқылы немесе Комитетпен айқындалатын форматтағы магниттік сақтаушы арқылы Басқармаға ұсынылады. ЗС-1, ЗС-2 нысанды кәртішкелердің түпнұсқалары субъектілерде сақталады, электрондық деректер кесімі жоқ болған жағдайда келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей 24 сағаттың ішінде жолданып аталған статистикалық кәртішкелер дағдылы тәртіпте ұсынылады.

      15. Жеке айыптау істері бойынша 1.0, 2.0 нысанды статистикалық кәртішкелер сотпен толтырылып, үкімнің заңды күшіне енгенінен кейінгі бір тәуліктің ішінде Басқармаға ұсынылады.

      16. Басқармаларда есепке алу және бақылау жүргізу мақсатында бақылаулық Бірыңғай журналы жүргізіледі, оған аудандық және соларға теңестірілген прокуратураларда орналастырылған Басқармалар топтарының жіберген статистикалық кәртішкелері тіркеледі.

      17. Әскери қылмыстар, олардың субъектілері, қылмыстық істер, әскери тергеу, анықтау, прокуратура органдарының және соттардың қызметтері туралы, сондай-ақ әскери қылмыстар жасағаны үшін сотталған тұлғалардың статистикалық кәртішкелерінің есебін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Әскери Басқарма жүргізеді.


      Сондай-ақ Әскери Басқармадағы есепке әскери қызметкерлердің, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерінде және әскери құрылымдарында шақыру немесе келісім шарт бойынша әскери қызметтерін өтеп жүрген тұлғалардың, запаста жүрген азаматтардың әскери сборлардан өту кездерінде, қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты әскери бөлімдердегі, құрамалардағы, мекемелердегі немесе осы әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің орналасқан жерлеріндегі азаматтық қызметшілердің және соларға теңестірілген тұлғалардың жасаған қылмыстары жатады.

      18. Істері қылмыстық қудалау органдарының орталық құрылымдарында іс жүргізуде жатқан қылмыстар туралы статистикалық кәртішкелер қылмыстың жасалған жері бойынша тиісті Басқармаға жіберіледі.

      19. ҚР ҰҚК Шекара қызметі (бұдан әрі - ҚР ҰҚК ШҚ) органдарымен қозғалған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 1-бөлімі 330-бабы және 1-бөлімі 331-баптарымен (бұдан әрі - ҚР ҚК) қаралған қылмыстар туралы статистикалық кәртішкелер қылмыстың жасалған жері бойынша Басқармаларға жіберіледі. Осындай қылмыстар бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған қылмыстық істер мен материалдар ҚР ҰҚК органдарына арналып белгіленген кодтауға сәйкес тіркеледі. ҚР ҚК басқа да баптары бойынша ҚР ҰҚК ШҚ қылмыстық ісін қозғау кезінде статистикалық кәртішкелер Әскери Басқармаға жіберіледі.

      20. Аталған ауданның (қаланың, облыстың) басқа да қылмыстық қудалау органдарынан тергеуге алынғандығына қарай келіп түскен қылмыстық істері, бұрын біріктірілгендерден ерекшеленген істер, сондай-ақ қосымша тергеу жүргізуге немесе жеке тапсырмаларды орындауға келіп түскен істер қайта тіркелуге жатпайды.


      Басқа мемлекеттердің (соның ішінде ТМД) қылмыстық қудалау органдарынан келіп түскен істер қайта тіркелуге жатады. Қазақстан Республикасының басқа да облыстарынан қылмыстық істер келіп түскенде Басқарма оны қайта тіркелген ретінде есепке алады, бірақ қылмыстық істің бұрынғы нөмірі қалдырылады.

      21. Тазаланған, түзетілген және басқа да түзетулері бар статистикалық кәртішкелерді есепке алуға тыйым салынады. Бұл жағдайда, өз деңгейінен төмен ресімделінген статистикалық кәртішкелер ауыстыру үшін оны қайта жіберуге немесе қосымша ресімдеуге бақылауды қамтамасыз ететін қадағалаушы прокурор арқылы ілеспе хатпен кідірмей қайтарылады. Қайтадан жолданатын статистикалық кәртішкелер шұғыл түрде, қайтарылған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірілмей жіберілуі қажет.


      Комитет пен Басқарма қызметкерлеріне ақпараттық есепке алу құжаттарындағы мәліметтерге өздігінше түзету енгізуге тыйым салынады.

      22. Деректер кесіміне енгізілген статистикалық кәртішкелердің деректемелеріне түзету енгізу қажет болған жағдайда субъект қадағалаушы прокурор арқылы Басқармаға тиісті статистикалық кәртішкелерге өзгерістер енгізу туралы баянат жолдайды. Егер осы түзету бұрынғы есептік кезеңдердегі статистикалық есептіліктің бұрмалануына апарып соқтырған болса, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен белгіленетін талаптарға сәйкес статистикалық есептілікке түзету енгізу туралы қажетті құжаттар Басқармамен Комитетке жолданады.

      23. Статистикалық кәртішкелерде қамтылатын мәліметтердің толықтығы мен айқындылығына, оның Басқармаға уақытылы ұсынылуына статистикалық кәртішкелерге қол қойған тұлғалар жауап береді.

 4-тарау. "Қылмыс, оқиға туралы өтінішті,


хабарламаны есепке алу кәртішкесі" ЗС-1 нысанды
статистикалық кәртішкенің жіберілу тәртібі

      24. ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішке екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім қылмыс туралы тіркелген өтініш пен хабарлама туралы жалпы мәліметтерге ие: өтінішті (хабарламаны) тіркеген субъектінің аталуы; қылмыс, оқиға жасалған аудан; қылмыс туралы өтініштің, хабарламаның нөмірі; бастапқы тіркеу туралы мәліметтер; өтінішті, хабарламаны жіберген субъект; ӨЕК-ның нөмірі; статистикалық кәртішкенің Басқармаға келіп түскен күні; оқиғаны баяндау, залалдың сомасы; қылмысты алдын ала дәрежелеу; қосымша белгілер; жәбірленушілердің жалпы саны; анықталған немесе ұсталған тұлғалардың саны.


      Статистикалық кәртішкенің екінші бөлімі (екінші жағында) ішкі ведомстволық шұғыл есепке алуға арналған мәліметтерден: өтініш беруші, қылмысты көзімен көргендер, жәбірленушілер, күдікті, қылмыстың жасалған жері, қылмыстық қол сұғушылық объектісі туралы мәліметтерден тұрады және ол уәкілетті орган үшін міндетті емес.

      25. ӨЕК-нда қылмыс туралы өтінішті, хабарламаны тіркеген субъект шұғыл түрде ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішкені толтырып, кәртішкенің өзін немесе оның электрондық нұсқасын 24 сағаттың ішінде қылмыстық қудалау органының облыстық аппаратына (соған теңестірілгенге), тергеу, анықтау, прокуратураның әскери органдарына Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес жолдайды.

      26. ӨЕК-на бір ғана қылмыс (дерек) бойынша өтініштерді, хабарламаларды қайта тіркеу кезінде, әрбір қайта тіркелген өтінішке, хабарламаға ӨЕК-нда бастапқы өтінішке қатыстыру туралы белгі қойылып, ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішке жіберіледі және әрбір қайталанған өтінішке қатыстыру туралы ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішке жіберіледі. Соның ішінде барлық өтініштерді қарастыру мерзімі бастапқысын тіркеген кезден бастап есептеледі.

      27. Тергеуге алынғандығына қарай берілген өтініш (материал), басқа облыстың (соған теңестірілгеннің) субъектісіне келіп түсуі бойынша ӨЕК-нда тіркеледі және көрсетілген статистикалық кәртішкенің 5, 5.1, 5.2 деректемелерін міндетті түрде белгілеу арқылы ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішкесі жіберіледі, оның көшірмесін субъект келіп түскенін растау үшін өтінішті (материалды) жіберген облыстың субъектісіне жолдайды.


      Бұрын тергеуге алынғандығына қарай жіберген органға өтінішті (хабарламаны) қайтарған жағдайда, ӨЕК-нда бастапқы тіркелуі бойынша қайтарылғаны туралы белгі қойылады, соның ішінде өтініш қайта тіркелуге жатпайды, бірақ келіп түскені туралы ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішкесі жіберіледі, оның көшірмесі өтінішті (материалды) жіберген Басқармаға жолданады. Өтініштің қаралу мерзімі осы органда өтініштің бастапқы тіркелген кезінен бастап есептелінеді.

      28. ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішкедегі алдын ала дәрежелеу ӨЕК-нда тіркеуден өткен қылмыс, оқиға туралы барлық өтініштер, хабарламалар бойынша толтыру үшін міндетті.

      29. Есепке алудан жасырынған қылмыс туралы өтініш табылған жағдайда ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішке осы жасырынғанды тапқан қылмыстық қудалау органымен немесе прокурормен 4.1 деректемесін белігілеу арқылы жіберіледі.
      Басқарма қызметкері ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішкені тапқан кезде оған қадағалаушы прокурор қол қояды. Егер соңғысы қылмыстық іс қозғаған немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішке осы прокурормен жіберіліп, прокуратурада ескеріледі.

      30. ЗС-1 нысанды статистикалық кәртішкеге тегін, атын, әкесінің атын, лауазымын, күнін көрсету арқылы ӨЕК-на ақпарат енгізген органның лауазымды тұлғасы толтырып, қол қояды және қылмыс (оқиға) туралы әрбір тіркелген өтініш пен хабарламаға жібереді.

 5-тарау. "Қылмыс, оқиға туралы өтініш, хабарлама
бойынша шешімді есепке алу кәртішкесі" ЗС-2 нысанды
статистикалық кәртішкенің жіберілу тәртібі

      31. ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішке ҚР ҚІЖК 185-бабы 1-тармағы 2 және 3-тармақшаларының тәртібінде қылмыстық іс қозғау туралы, қосымша тексеруге жіберу арқылы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыны прокурор бұзған кезде ӨЕК-нда бұрын тіркелген өтінішке (материалға) қатыстыру жөнінде шешім қабылданған материалдардың ақпараттық есепке алу құжаты болып табылады.


      ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішке жоғарыда аталып өткен жағдайларда, сондай-ақ өтінішті (материалды) қарастыру мерзімін ұзарту кезінде жіберіледі.
      ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішкедегі дәрежелеу ҚР ҚІЖК 185-бабының тәртібінде шешім қабылданған немесе ол бұрын тіркелген ӨЕК-на қатыстырылған ӨЕК-нда тіркеуден өткен қылмыс, оқиға туралы барлық өтініштер мен хабарламалар бойынша толтыру үшін міндетті.

      32. Тергеуге алынғандығына қарай өтініш (материал) басқа облыстың (соған теңестірілгеннің) субъектісіне жіберілген жағдайда, өтініш (материал) жіберілген органның аталуын көрсету арқылы ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішке жіберіледі. Облыстың субъектісі аталған статистикалық кәртішкенің көшірмесін бақылау жүргізу мақсатында өтініш (материал) жіберілген облыстың тиісті субъектісіне жолдайды.

      33. Прокурордың қылмыстық істі қозғау арқылы, қозғаудан бас тарту туралы қаулыны бұзу жөніндегі шешімі бар ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішкені жіберу кезінде қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі қозғау туралы шешімі бар ЗС-2 нысанды кәртішкесі жіберілмейді. Сонымен қатар, N2-ЗС нысанды есепте аталған материал бойынша шешім "Қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған" және "Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы бұзылған" бағандарында ескеріледі.
      ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішкені шешім қабылдаған лауазымды тұлға толтырып, оған қол қояды, ал қандай да бір шешімді прокурор қабылдаған жағдайда бұл кәртішкеге қадағалаушы прокурордың өзі қол қояды.

      34. ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішкеде "ӨЕК-на қатыстырылған" деректемесі қаралған, бұл деректеме бір ғана қылмыс (дерек) бойынша бірнеше өтініш, хабарлама келіп түскенде толтырылады.


      "ӨЕК-на қатыстырылған" шешімі бар ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішке ӨЕК-нда тіркелмеген өтініштер мен хабарламаларға жіберілмейді.

 6-тарау. "Қылмысты есепке алу кәртішкесі"


1.0 нысанды статистикалық кәртішкенің жіберілу тәртібі

      35. 1.0 нысанды статистикалық кәртішке субъектінің лауазымды тұлғасымен төмендегідей шешімдерді қабылдау кезінде қылмыстың жасалған уақытына байланыссыз есептік кезеңде анықталған қылмысқа жіберіледі:


      1) қылмыстық істі қозғау туралы;
      2) ақталынбаған негіздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы;
      3) қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулыны прокурордың бұзуы және қылмыстық істі қозғау туралы;
      4) қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу кезінде;
      5) тергеу барысында анықталған тіркелмеген қылмысты есепке алу кезінде;
      6) қылмыстық істің тергеуге алынғандығына немесе аумақтық тиесілігіне қарай есепке алынуы арқылы басқа мемлекеттерден (соның ішінде ТМД) келіп түскен кезінде;
      7) субъектінің ҚР ҚІЖК 394-бабы 1-бөлімі 3-тармағының тәртібінде қылмыстық істі қозғау кезінде;
      8) жеке айыптау істері бойынша соттың айыптау үкімін шығару кезінде;
      9) есептен шығару арқылы ақталынған негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы бұрын шығарылған қаулыны прокурордың бұзуы кезінде.

      36. "Стат. есептің түрі" 1.0 нысанды статистикалық есептің 6 деректемесіне ескерілсін (1) жіберіледі. Алынсын (2) коды келесі жағдайларда жіберіледі: аталған эпизод бойынша соттың барлық тұлғаларды ақтаған кезінде; ақталынған негіздер бойынша аталған эпизодты сот қысқартқан кезде; іс бойынша өтетін барлық тұлғаларды айыптаудан аталған эпизодты соттың алып тастауы кезінде. Көрсетілген шешімдері бар "Соттың қарастыру нәтижелері туралы" 6 нысанды анықтама келіп түскен кезде осы эпизод бойынша деректер кесімінде есепке алудың "алынсын (2)" түрі қойлады. Бір ғана дерек бойынша қайталанған істі негізсіз (қате) қозғау кезінде созылған, ұзартылған қылмыстар бойынша қылмыстық істі қозғауда да есепке алудың "алынсын (2)" түрі қойылады. "Стат. есептің түрі" 6 деректемесінде "алынсын (2)" коды қойылған үшінші жағдайда, қылмыстық істің берілуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жолданады. "Стат. есеп түрінің" басқа барлық түрлерінде "ескерілсін (1)" қойылуы қажет.


      "Қылмысқа қатысты" 4-тармақтағы 10.1 деректемесінің белгісі бар 1.0 нысанды статистикалық кәртішкесі, егер қылмыстық іс бойынша қылмыстық іспен байланысы жоқ, сонымен қатар сол бойынша бұрын қылмыстық іс қозғалмаған қылмыс белгілерінен тұратын әрекеттер туралы мәліметтер алынған болса ҚР ҚІЖК 49-бабы 3-бөлімінің тәртібінде жеке іс жүргізуге бөлінген материал бойынша жіберіледі.

      37. Тұлғаға қатысты қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлген кезде жаңа нөмірді қою арқылы 1.0 нысанды статистикалық кәртішке жіберіледі, бірақ қылмыстылық туралы статистикалық көрсеткіштерді есептеу кезінде ол ескерілмейді.


      Қылмыстық істердің деректемелерін қайта дәрежелеу және өзгерту кезінде соңғысының нөмірі бұрынғыша қала береді.

      38. Егер бір істің шеңберінде Қазақстан Республикасының әр түрлі облыстарының аумағында жасалған екі не одан да көп қылмыс тергелетін болса, негізгі іске біріктіру үшін беріп жіберілген эпизодтар бойынша статистикалық кәртішкелердің көшірмелері (элетрондық мәліметтер) қылмыстық істің тергелу жері бойынша Басқармаға ұсынылады немесе модемдік байланыс арқылы беріледі.


      Қылмыстық істің тергелу жері бойынша Басқарма басқа облыстардың аумақтарында жасалған қылмыстар туралы статистикалық кәртішкелердің көшірмелерін (электрондық мәліметтер) алған кезде оларды тіркеп, бастапқы тіркеу нөмірімен автоматтандырылған деректер кесіміне енгізеді. Кейіннен аталған эпизодтардың қозғалыстары жөніндегі статистикалық кәртішкелер келіп түскенде көрсетілген мәліметтер де тіркеліп, электрондық деректер кесіміне енгізіледі.
      Қылмыстық істің тергелу жері бойынша Басқарма аталған эпизодтардың қозғалыстары жөніндегі статистикалық кәртішкелердің көшірмелерін шұғыл түрде қылмыстың жасалған жеріне қарай тиісті Басқармаға есепке алу үшін жолданады.
      Аталған қылмыстарды (эпизодтарды, тұлғаларды) аумағында қылмыс жасалған Басқармамен құрылатын қылмыстылық туралы есептерде ескерген дұрыс. Сонымен қатар, қылмыстық істер жөніндегі есептерде аталған эпизодтар қылмыстық істер бойынша шешім қабылдаған орган бойынша тиісті Басқармада ескеріледі.

      39. Істері қылмыстық қудалау органдарының орталық құрылымдарында іс жүргізуде жатқан қылмыстар туралы статистикалық кәртішкелер қылмыстық істің тергелу жері бойынша уәкілетті органға жіберіледі.

      40. Басқа облыстың аумағында жасалған қылмысты анықтаған кезде және қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдаған кезде субъект 1.0 нысанды статистикалық кәртішкені жібереді және кейіннен тергеуге алынғандығына қарай іске бұдан әрі тергеу жүргізу үшін беру кезінде істің жіберілген субъектісін көрсету арқылы 1.1 нысанды статистикалық кәртішкесі жіберіледі.

      41. Тіркелген қылмыстар, егер олар бойынша қылмыстық істер қысқартылып, немесе төмендегідей негіздер бойынша ақтау үкімі шығарылған болса, қылмыстылық туралы есепте (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы N 62 бұйрығымен бекітілген және 2003 жылдың 25 қарашасында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2576 нөмірімен тіркелген "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметтерінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есеп; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 69 бұйрығымен бекітілген және 2003 жылдың 26 желтоқсанында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2642 нөмірімен тіркелген "Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар, сотталғандар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істердің қозғалысы туралы" N 3-К нысанды статистикалық есеп; Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 2 бұйрығымен бекітілген "Есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар және соларды қолданатын тұлғалар туралы" N 1-Н нысанды статискалық есеп) ескерілуге жатпайды:


      1) қылмыс оқиғасының болмауынан (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 1-тармағы, 376-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы);
      2) іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауынан (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 2-тармағы, 376-бабы 2-бөлімінің 2-тармағы);
      3) ҚР ҚІЖК 33-бабының 2-бөлімімен, 34-бабының 2-бөлімімен, ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 5-тармағымен қаралған жағдайларды қоспағанда, ҚР ҚІЖК 33-бабының 1-бөлімімен, 34-бабының 1-бөлімімен қаралған қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауынан;
      4) сол айыптау бойынша заңды күшіне енген сот үкімі бар немесе қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілеген басқа бұзылмаған сот қаулысы бар тұлғаға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 7-тармағы);
      5) субъектінің сол айыптауы бойынша қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы бұзылмаған қаулысы бар тұлғаға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 8-тармағы);
      6) қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не қосымша тексеруге жіберу немесе ақталынған негіздер бойынша қысқарту арқылы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы прокурормен бұзылған.

      42. Егер тұлғаға қатысты қылмыстық қудалауды қысқартқан кезде немесе ақтау үкімін шығару кезінде қылмыс жасаған тұлға анықталмаған болса, қылмыс қылмыстылық туралы есептерде ескеріледі.

      43. Тіркелген қылмыстар мынадай қылмыстық істерді қысқартқан жағдайда қылмыстылық туралы есептерде ескерілуге жатады:
      1) егер ол әрекет жасағаны үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық актісінің салдарынан (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 3-тармағы);
      2) ескіру мерзімінің өтіп кетуінен (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 4-тармағы);
      3) ҚР ҚІЖК 33-бабының 2-бөлімімен қаралған жағдайларды қоспағанда ҚР ҚІЖК 33-бабының 1-бөлімімен қаралған қылмыстар туралы істер бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуы кезінде (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 6-тармағы);
      4) ессіздік жағдайда қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған тұлғаға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 9-тармағы);
      5) әрекет жасаған кезде жасы кәмелетке жетпеген, заңға сәйкес, жасы жеткен кезде қылмыстық жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 10-тармағы);
      6) қаза болған тұлғаға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 11-тармағы);
      7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатуға жататын тұлғаға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлімінің 7-тармағы);
      8) ҚР ҚК 67-бабының және ҚІЖК 38-бабының 1-тармағымен қарастырылған, сондай-ақ басқа да ақталынбаған негіздер бойынша жәбірленушінің күдікті немесе айыпталушымен татуласуынан.

      44. Қылмыстың өндірісте болған жағдайында, қылмыс жөніндегі есептер, тоқтатылған қылмыстық істер бойынша бұрын өндірістің жаңартылуы немесе қылмыстық істің прокурор арқылы жойылуы туралы мәліметтер есепке алынады.

      45. Статистикалық кәртішкелерді толтыру кезінде бір қылмыс ретінде не есептелетіндерін білу қажет (бір қылмыстық іс қозғалады және қылмысты анықтау үшін бір статистикалық кәртішке жіберіледі):
      1) бірнеше тұлғалармен қатысудың кез-келген нысанында қосылып жасалған қылмыстар (ҚР ҚІЖК 31 бабы);
      2) бір немесе бірнеше тұлғаларға зиян келтірілетін іс-әрекет (мысалы: түрлі тұлғалар иеленетін бір орында орналасқан заттарды тонау, бір тобырдан бөлек иелердің бірнеше бас малдарын талан-таражға салу);
      3) ұзартылған қылмыс (мысалы: қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш және есірткі заттарды заңсыз алу, сақтау, беру және тасу);
      4) ұзартылған қылмыс (мысалы: азаптау);
      5) әрқайсысы елеусіз болып табылатын біртекті әрекетте жасалған, алайда жинақталған кезде қоғамға қауіпті және жалпы бір қылмыс болып саналатын қылмыстар (мысалы: бір уақыт мезгіл үстінде бір үйден электр есебін ұрлау);
      6) бір әрекетпен орындалған әр түрлі қылмыстарды жасау. Сонымен қатар, ауыр қылмыс түрлері есепке алынады (мысалы: зорлау, соз ауруларын тарату, зорлау салдары бойынша ғана есептелінеді);
      7) негізгі қылмысты жасау әдісі болып келетін жинақталған әрекеттің басым бөлігі (мысалы: айыпталушыға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып өзіне иемдену немесе шығындау). Қызметтік жағдайын теріс пайдалану өзіндік әрекет туғызады, егер актіні жүзеге асырушы негізгі зат болып табылмаған жағдайда бөлек акция ретінде есептелінеді;
      8) әр түрлі қылмыс құрамының элементтері бар, бірақ бір қылмыс болып сараланатын қылмыс (мысалы: жәбірленушіге қатысты зорлық көрсетумен байланысты билігін асыра қолдану, билік өкіліне қарсылық көрсетумен байланысты кәнігі бұзақылық);
      9) түрлі объектілерге қол сұғатын, алайда заң жүзінде бір қылмысты құрайтын әрекет (мысалы: қолсұғушыға жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, жеке иелігі күштелетін шапқыншылық, алайда жиынтық бойынша тек бір ғана қылмыстық актті құрайды);
      10) эпизод санына тәуелсіз азғындық іс-әрекеттер және басқа да іспеттес актілер. Топтық қылмыс жасауда қаскөйлік ниеттің болмауына байланысты, осы актідегі әрбір жаңа әрекеттікті өзіндік қылмыс ретінде есептеу керек.

      46. Қылмыстық істің прокурор арқылы қозғалу барысында 1.0 нысанды статистикалық кәртішкедегі 1-деректемеге осы істі тергеу үшін алған органның аталуы енгізіледі, 2-деректемеде осы істі тергеуге алған қызмет, 10-деректемеде прокурор арқылы "01" коды белгіленеді.

      47. Екі немесе бірнеше қылмыс болып есептеледі (екі немесе бірнеше қылмыстық істер қозғалады және оларға сәйкес статистикалық кәртішкелер жіберіледі):
      1) ҚР ҚК түрлі баптары бойынша сараланатын өзіндік әрекеттердің бір мезгілде жасалуы жағдайында (мысалы: үйді өртеу жолымен жасалған адам өлтірушілік немесе зорлау, содан соң жәбірленушіні тонау);
      2) ұқсас, қаскөйлік ниетке байланысты емес, әр уақытта жасалған әрекеттер (мысалы: бiрнеше рет ұрлық, тонау, шапқыншылық, қорқытып алушылық).

      48. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен қаралған қандай да бір себептерін үстіртін мазмұндаған әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстардың қатарына есепке алуға жатпайтын, алайда елеусіздігіне қатысты қоғамға қауіп төндірмейтін, яғни зиян келтірмейтін және жеке тұлғаға, мемлекетке, қоғамға қауіп төндірмейтін қылмыстар (ҚР ҚК 9 бабының 2-тармағы).

      49. Статистикалық кәртішкені толтыру барысында, барлық адамдарға бірдей дерлік арналған қоғамдық орынның және барлық дерлік адамдардың іс-шараларына, сондай-ақ азаматтардың демалуына арнайы орын екендігін ескеру қажет.

      50. Қоғамдық орындар келесідей бөлінеді:


      1) үнемі (кез-келген уақытта ашық: көшелер, бұрылыс көшелері, скверлер, бульварлар, жаға алаңдары, алаңдар, вокзалдар, аулалар (жеке үйлер алаңдарынан басқа) т.б.);
      2) мезгілдік (анықталған сағатқа арналған азаматтарды күту және демалу орындары: сауда орындары, санаторийлер, демалу орындары, мәдениет, спорт мекемелері, қоғамдық көлік, сауда мекемелері және т.б).

      51. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың жалпы санынан әсіресе көшеде жасалған қылмыстар көзге түседі, яғни жылдың кез-келген мезгілінде өз еркімен үнемі болу орындарында: көшелерде, алаңдарда, бульварларда, жол жүру мосттарында т.б. (жеке үй ауласынан басқа), көпшілікке ашық орындарда: парктерде, скверлерде, демалу орындарында қала және ауыл шеткейлерінде, стадиондарда, сондай-ақ ұрлықтың сату киоскілерінде, көліктерде жасалуы.

      52. Төмендегі қылмыстар қоғамдық орындарда немесе көшелерде жасалынған қылмыстар есебіне саналмайды:
      1) қоғамдық орын объектілерінде қылмыс жасау кезінде өз функцияларын орындамау;
      2) жұмыс үшін еңбек ететін ұжыммен қолданылатын жіберу тәртібі объектісінде;
      3) жатақханаларда, қонақ үйлерде, санаторийлерде, демалыс үйлерінде т.б. орындарда жасалған ұрлық;
      4) Жалпы қолдану орындарында: коммуналды пәтерлерде, көтерілу сатыларында, тұрғын үй подъездерінде т.б. жасалған қылмыстар;
      5) ұзартылған қылмыстар;
      6) жол-көлік қылмыстары.

      53. Соттан алдын-ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін, жеке айыптау ісі келіп түсу кезеңінде, 1.0 нысанды статистикалық кәртішкенің 1-деректемесінде осы істі тергеу үшін қабылдаған органның аталуы белгіленеді, 2-10 деректемелерде сәйкес қызмет белгіленеді, ал 10.1. - ҚР ҚІЖК 394 бабының 3-бөлімі 1-тармағы бойынша келіп түскен жеке айыптау ісі бойынша "7" код қойылады. Сонымен қатар, осы іске осы органның келесі қылмыстық іс нөмірі қойылады.

      54. 1.0 нысанды статистикалық кәртішкеге қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы және қадағалау жасаушы прокурор арқылы қол қойылады.

 7-тарау. "Алдын-ала тергеудің (анықтаудың)



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет