Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде



жүктеу 0.96 Mb.
бет2/7
Дата25.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> cd896222cb5c1d0f462570b70038adeb -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
$FILE -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»

барысы және нәтижелері туралы кәртішкелер" 1.1 нысанды
статистикалық кәртішкелердің жіберілу тәртібі

      55. 1.1 нысанды статистикалық кәртішкелердің тағайындалуы алдын-ала тергеу және анықтау органдарының сот алдындағы қызметтерінің нәтижелерін бейнелеуден құралады. Қылмыстық істің әрбір эпизоды бойынша келесі шешімдер қолданылған алдын-ала тергеуді және анықтауды жүзеге асырушы лауазымды субъектілер арқылы:


      1) айыптау қорытындысымен, айыптау хаттамасымен немесе медициналық сипатта мәжбүрлеп шара қолдану үшін сотқа жолдау туралы қаулысымен прокурорға жолдануы туралы;
      2) іс бойынша өндірістің қысқартылуы бойынша;
      3) іс бойынша өндірістің тоқтатылуы бойынша;
      4) тергеуде болуға беру туралы;
      5) істердің қосылуы туралы;
      6) алдында қосылғандардан бөлінуі туралы (қосылған істердің бөлінуі);
      7) іс бойынша өндірістің жаңартылуы, сонымен қатар тоқтатылуы туралы қаулыны алғаннан кейін, прокурормен қысқартылуы;
      8) қайта квалификациялау туралы;
      9) қосымша тергеуге қайтарылғаннан кейін, қылмыстық істі өндіріске қабылдау туралы;
      10) тергеу мерзімін ұзарту кезінде;
      11) тергеуде болу немесе жергілік бойынша берілген қылмыстық істі Қазақстан Республикасы шегінде қабылдау кезінде;
      12) ҚР ҚІЖК 376 бабының 4-бөлімі тәртібімен соттан қайтарылған істі қабылдау кезінде;
      13) ҚР ҚІЖК 288 бабының 2-бөлімі немесе ҚР ҚІЖК 289 бабының 2-бөлімі тәртібімен анықтау ісі бойынша алдын-ала тергеу тағайындау кезінде;
      14) арыз бойынша істің сотта (прокуратурада) болу мерзімінің қайта жаңартылуының аяқталуы кезінде немесе айыпталушы және оның қорғаушысының бір-бірімен танысуының аяқталуы кезінде;
      15) ҚР ҚІЖК 37 бабы 5-бөлімінің тәртібі бойынша жаңа дерекпен талап етуі.
      Статистикалық кәртішкелерді қою барысында 10-деректемеде тек бір шешім белгіленетінін ескеру қажет.

      56. ҚР ҚІЖК 197 бабының 1-бөлімі 12-тармағы тәртібімен прокурор арқылы дәйектілігінің өзгеруі жағдайында және ол арқылы 3.0. нысанды статистикалық кәртішкені қою кезеңінде осы іс орын тапқан орган дәйектілік бойынша беру туралы 1.1. нысанды статистикалық кәртішкені қояды, ал алған орган - қылмыстық істі өндіріске қабылдау туралы шешім қабылдайды.

      57. Жаңа айыптау қорытындысын құрастыру үшін қылмыстық істің прокурорға қайтарылуы кезінде, істі өндіріске қабылдау туралы 1.1. нысанды статистикалық кәртішке жіберілмейді, алайда, осы істі прокурорға ҚР ҚІЖК 280, 287, 514 баптарының тәртібімен қайталанып жолдануы кезінде, 1.1 нысанды статистикалық кәртішке қайталанып жіберіледі. Сонымен қатар, тергелу мерзіміне 1.1. нысанды статистикалық кәртішкенің қайталанып жіберілу мерзіміне дейін прокурор арқылы 3.0 нысанды статистикалық кәртішкенің жіберілу уақытының мерзімі ескеріледі.

      58. Статистикалық кәртішке тергеу ісінің ұзартылуы туралы қатынас кезінде де қойылады және осы қатынас қанағаттандырарлық болған жағдайда прокурор арқылы қол қойылады.

      59. Тергеуші, анықтаушы арқылы қылмыстық істі қозғау кезінде қылмыстық әрекетті дұрыс біліктемеу жағдайында және прокурор арқылы қайта квалификациялаудың белгіленуі кезінде 1.1 нысаны 1.0. кәртішкесі субъект арқылы қойылады.
      Істің прокурор арқылы жойылуы жағдайында қылмыстық істі қозғау қаулысын алу жолымен жаңа қылмыстық істің қозғауы арқылы субъектімен жаңа нөмір тағылады.

      60. Егер қылмыстық істі қозғау қаулысын алу жолымен істің прокурор арқылы қысқартылуы жағдайында, қылмыстық істер субъект арқылы сол баптар, сол деректер бойынша қайта қозғалады, ал қылмыстық іс нөмірі алғашқы болып қала береді.

      61. Егер қылмыстық істің жасалған орны бойынша Қазақстан Республикасының басқа облысына жолданған жағдайда немесе қылмыстық іс тергеуде болу бойынша субъектіге берілген болса тергеуді, анықтауды қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы тұлға уәкілетті органға қылмыстық істің тергеуде болу туралы 1.1 нысанды статистикалық кәртішкесін береді. Басқарма арқылы 1.1 нысанды статистикалық кәртішке 24 сағат ішінде қылмыстық істі жолдаған Басқармаға жолданады.
      Өндірісіне қылмыстық іс келіп түскен субъектінің лауазымды тұлғасы ҚР ҚІЖК 193 бабының 1-бөлімі тәртібімен келіп түскен қылмыстық істің өндіріске қабылданғаны туралы 1.1 нысанды статистикалық кәртішкені жібереді. Көрсетілген статистикалық кәртішкенің көшірмесі қылмыстық іс келіп түскен басқармаға Құқықтық статистика органы арқылы жолданады.

      62. 1.1 статистикалық кәртішкенің 9-деректемесі міндетті түрде толтырылуға жатады. Қылмыс жасаған тұлғаның жағдайын белгілейтін Кодтар, айыптау қорытындысының негізінде және қылмыстың мас күйінде жасалғанын куәлайтын көрсетімдер арқылы сонымен қатар, қылмыстық іс материалында алкогольдік ішімдік туралы медициналық куәландыру туралы актіде, қылмыстық істі жасау кезіндегі тұлғаның жүйкеге әсер ететін заттарды қабылдауды куәлауда анықталады.

      63. Қылмыстық істі тергеудегі жалпы мерзімнен айыпталушының және қорғаушының таныстырылуында болу мерзімі немесе статистикалық кәртішкенің 14, 14.1 деректемесінде белгіленетін арыз бойынша істің сотта немесе прокуратурада болуы алынады.

      64. Айыпталушыға сот арқылы қылмыс жасауына байланысты қылмыс құрамының болмауын растау үкімі шығу жағдайында, соттан N6 анықтама келіп түскен кезде деректер базасында түзетулер жүргізіледі.


      Соттан келіп түскен N6 анықтамаға түзетулер сонымен қатар, сот арқылы оңалтылу негіздерімен және сәйкес эпизодтары бойынша қылмыстық істерді қайта квалификациялау, оңалтылу негізімен қысқарту немесе расталулар толық эпизод бойынша болған жағдайда айқындалады.

      65. Қылмысты жасаған тұлғаға қылмыстың жасалуы дәлелдемеген жағдайда және айыпты ретінде жауапқа тартуға жатқызылатын тұлғаның анықталмауы жағдайында, істі өндіріске қабылдаған субъект арқылы ашылған қылмыстар санынан алып тастау арқылы ашылмаған қылмыс ретінде 1.1 нысанды статистикалық кәртішке жіберіледі.

      66. 1.1. нысанды статистикалық кәртішкеге қылмыстық істі жүзеге асырушы тұлға арқылы және прокурор арқылы қол қойылады.

 8-тарау. "Алып қойылған және жойылған есірткі


құралдарын, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды,
прекурсорларды (ЕЖП) және есірткілік заттардан тұратын
өсімдіктердің өсу алқаптарын есепке алу кәртішкесі" 1-Н
нысанды статистикалық кәртішкенің жіберілу тәртібі

      67. 1-Н нысанды статистикалық кәртішкелердің жіберілуінде жүйкеге әсер ететін улы заттары бар өсімдіктердің өсу алаңдары оларды тыңдыру және заңсыз себуі, ЕЖП заңсыз айналымы туралы мәліметтердің бейнеленуінен, сондай-ақ оларды жою мақсатымен сәйкес органдарға ғылыми, өндірістік дәрігерлік мақсатмен беру немесе қылмыстық істердің бас тарту материалдар, әкімшіліктік материалдар бойынша тергеуде болуға және басқа да актілер бойынша берілуін қорытындылайды.

      68. Статистикалық кәртішке басқармаға ЕЖП заңсыз айналымы жағдайында, сондай-ақ оларды жою мақсатында сәйкес органдарға ғылыми, өндірістік және дәрігерлік мақсатмен беруі немесе қылмыстық істер бойынша бас тарту материалдар, әкімшіліктік материалдар бойынша тергеуде болуға және басқа да актілер бойынша ұсынылады.

      69. Алу жағдайында статистикалық кәртішке келесі шешімдер негізінде жіберіледі:


      1) 1.0 нысанды статистикалық кәртішкемен бірге қылмыстық істің қозғалуы кезінде;
      2) ЗС-2 нысанды статистикалық кәртішкемен бірге қылмыстық істі қозғаудан бас тарту кезінде;
      3) әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құру кезінде.
      Сонымен қатар, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім бір материал бойынша қабылданған жағдайда, содан соң материалдар тұлғаны әкімшіліктік жауаптылыққа тарту үшін сотқа жолдаған жағдайда, ЕЖП алу жөніндегі статистикалық кәртішке тек бас тарту материалы бойынша қойылады. ЕЖП жойылғаннан кейін, жойылуға арналған N1-Н статистикалық кәртішке әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы материалы емес, бас тарту материалы бойынша қойылады.

      70. Жойылуға арналған статистикалық кәртішке ЕЖП жойылуы туралы актінің құрылуымен соттың үкімі (қаулысы), қылмыстық істің жойылуы туралы қаулысы негізінде немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту негізінде бір мезгілде жіберіледі.

      71. ЕЖП ғылыми, өндірістік және дәрігерлік, сондай-ақ басқа да мақсаттар үшін сәйкес ұйымдарға, мекемелерге беру жағдайында, статистикалық кәртішке қабылдау-беру актісінің құрылуымен жіберіледі.

      72. ЕЖП субъектіге келесідей беру-қабылдау жағдайында статистикалық кәртішке жіберіледі:


      1) ЕЖП субъектіге шығыс нөмірін, қылмыстық істің тергеуде болуы үшін субъектіге 1.1 нысанды статистикалық кәртішкемен бірге берілу күнін ескере отырып;
      2) ЕЖП субъектіге шығыс нөмірін, қылмыстық істі тергеуде болу үшін субъектіге 1.1 нысанды статистикалық кәртішкемен бірге алу күнін ескере отырып.

      73. Статистикалық кәртішке 16 деректемелерден тұрады:


      1) 1, 2 деректемелерде ЕЖП алған органның аталуы немесе себуді анықтаған орган немесе істің нөмірін жойған органның аталуы белгіленеді;
      2) 3-деректемеде статистикалық кәртішкелерді қоюға себеп болған жағдайдар белгіленеді:
      ЕЖП себулерді алу\анықтау, ЕЖП себулерді жою, ЕЖП ұйымдарға мекемелерге беру-қабылдау және ЕЖП себулерді субъектіге тергеуде болу үшін беру, тергеу, анықтау беру-қабылдауда, 4-реквизитте осы жағдайлардың болған күні және орны;
      3) Алынған ЕЖП олардың сақталуына арналған арнайы орындарға тапсырылады және айғақ заттарды тіркеу кітабына тіркеледі, 5-деректемеде анықтау, тергеу және сот органдарымен алынатын құжаттардың тәртіп нөмірлері және тіркелген күні белгіленеді, 5.1 деректемелерде сарапшының қорытынды нөмірі және күні толтырылады;
      4) 8-деректемелерде түрлері, сандары, өлшеу бірліктері бойынша анықталған алынған және жойылған ЕЖП белгіленеді. 8.1 деректемесінде есірткі заттарды дайындау мақсатымен алынған прекурсорлардың алынуы толтырылады. 8.2 деректемеде ЕЖП құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шараларының өткізілуі барысында алыну мәліметтері ескеріледі;
      5) 10-деректеме ЕЖП "бақылаудағы жеткізілім" әдісі бойынша алу кезінде белгіленеді;
      6) 12-15 деректемелерде ЕЖП тасу, жасыру, табылу орындары себу жерлері, алаңдар, заттардың түрі туралы мәліметтер белгіленеді;
      7) 15.1 деректемелерде ЕЖП алыну кезінде субъект қылмыстық-іздеу қызметінің итін қолданған болса, сол аталған қызметтің кинологиялық қызметі белгіленеді;
      8) 15.2. деректемелерде бірлескен іс-шаралар өткізу барысындағы құқық қорғау органдарының кинологиялық қызметтері белгіленеді. Мысалы: құқық қорғау органдарының бірлескен жұмыс қорытындысында ішкі істер органдары арқылы ЕЖП алу жағдайында кедендік органның кинологиялық қызметі жасалған болса, 15.2. деректемесінде МФ КТК 3-тармағы яғни кеден органының кинологиялық қызметі белгіленеді;
      9) 16.1-19.10 деректемелерде ЕЖП байланысты қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтер белгіленеді.

      74. Статистикалық кәртішке ЕЖП келесідей өзгерілу, себу жерлерінің және алаңдарының анықталуы жағдайында толтырылады және қол қойылады:


      1) қылмыстық істің қозғалуы туралы қаулы шығарған тұлға және прокурор арқылы;
      2) қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарған тұлға және прокурор арқылы;
      3) әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы хаттама (материалды) құрған тұлға және прокурор арқылы.

      75. Статистикалық кәртішкеге ЕЖП себу жерлерінің немесе алаңдарының жойылуы жағдайында толтырылады және қол қойылады:


      1) өндірісінде қылмыстық іс, бас тарту материалы және әкімшіліктік құқық бұзушылықтар туралы материалдар орын тапқан тұлға және прокурор арқылы;
      2) құрамында улы заттары бар өсімдіктердің өсу алаңдарын жою туралы ұйғарымы бар басқа актілерді шығарған тұлға және прокурор арқылы.

      76. ЕЖП сәйкес органдарға мекемелерге ғылыми, өндірістік, дәрігерлік және басқа да мақсаттармен берілген жағдайда статистикалық кәртішке қылмыстық іс, бас тарту материалы, әкімшіліктік құқық бұзушылықтар туралы материалдары өндірісте болған тұлғалар және прокурор арқылы толтырылады және қол қойылады.

      77. Субъектіге ЕЖП беру-алу жағдайында статистикалық кәртішкеге өндірісте қылмыстық іс, бас тату материалы, әкімшіліктік құқық бұзушылықтар туралы материалдар болған тұлға және прокурор арқылы толтырылады және қол қойылады.

 9-тарау. "Қылмыс жасаған тұлғаға арналған кәртішке"


2.0 нысанды статистикалық кәртішкенің жіберілу тәртібі

      78. 2.0 нысанды статистикалық кәртішке қылмыстық іс өндіріс арқылы тоқтатылған тұлғаға қатысты немесе прокурор арқылы ҚР ҚІЖК 284, 289 баптарының, 514 бабының 1-тармағы 5-бөлімі тәртібімен сотқа жолданған тұлғаға қойылады. Сонымен қатар, қылмыстық істің жойылуы кезінде 2.0 нысанды статистикалық кәртішке егер тұлға ҚР ҚІЖК 132 бабының тәртібімен ұсталған болса, жойылу негізіне тәуелсіз түрде міндетті түрде қойылуы керек, немесе осы тұлғаға қатысты тыйым салу шарасы таңдалса, немесе осы тұлғаға айып тағылған жағдайда қойылады. Егер тұлға ҚР ҚІЖК 132 бабының тәртібімен ұсталмаса немесе осы тұлғаға қатысты тыйым салу шарасы таңдалмаса немесе осы тұлғаға қатысты айып тағылмаса және қылмыстық іс оңалтылу негіздері бойынша қысқартылған жағдайда, 2.0 нысанды статистикалық кәртішке жіберілмейді.

      79. Қылмыстық істер қосылған жағдайда, 2.0 нысанды кәртішке қылмыс жасаған әрбір тұлғаға міндетті түрде кәртішке нөміріне негізгі қылмыстық іс нөмірін белгілеу арқылы қойылады.
      Сонымен қатар, статистикалық кәртішке келесі негіздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту қаулысы шығарылған тұлғаға қатысты жіберіледі:
      1) кешірім актісі салдарынан, егер ол жасалған әрекетке қатысты жазалау шараларын шектеген жағдайда (ҚР ҚІЖК 37 бабының 1-бөлімі 3-тармағы);
      2) ескіру мерзімінің өтіп кетуі бойынша (ҚР ҚІЖК 37 бабының 1-бөлімі 4-тармағы);
      3) жеке айыптағушының айыптан бас тарту кезінде - қылмыс туралы іс бойынша ҚР ҚІЖК 33 бабының 1-бөлімімен қаралған, ҚР ҚІЖК 33 бабының 2-бөлімінімен қаралған жағдайларын қоспағанда (ҚР ҚІЖК 37 бабының 1-бөлімі 6-тармағы);
      4) қылмыстық заңмен тыйым салынған есі дұрыс еместік жағдайда қылмыс жасаған тұлғаға қатысты, медициналық сипатты мәжбүрлеп қолдану үшін қылмыстық істі қозғау қажеттілігі жағдайынан басқа (ҚР ҚІЖК 37 бабының 1-бөлімі 9-тармағы);
      5) әрекет жасау сәтінде заңға қатысты қылмыстық жауаптылықты тағу үшін сәйкес жасқа толмаған тұлғаға қатысты (ҚР ҚІЖК 37 бабының 1-бөлімі 10-тармағы);
      6) Қайтыс болған адамға қатысты (ҚР ҚІЖК 37 бабының 1-бөлімі 11-тармағы);
      7) ҚР ҚК 65-68 баптары ережелерінің күшіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын тұлғаларға қатысты (ҚР ҚІЖК 37 бабының 1-бөлімі 12-тармағы);
      8) ҚР ҚК 67 бабымен қарастырылған жәбірленушінің сезіктімен және айыптымен татуласуына байланысты сондай-ақ басқа да оңалтылмаған жағдайда (ҚР ҚІЖК 38 бабының 1-бөлімі).

      80. 2.0 нысанды статистикалық кәртішке істің айыптау қорытындысымен прокурорға жолдану кезеңінде тергеу органы арқылы әрбір тұлғаға толтырылады. Прокурор, өз шешімінен шыққан істің қозғалуы және әрбір тұлғаға қатысты (сотқа берілуі немесе тоқтатылуы) 2.0 нысанды статистикалық кәртішкенің сәйкес деректемелерін белгілейді және 3.0 нысанды кәртішкесімен бірге оларға қол қояды, содан соң, статистикалық кәртішке Басқармаға беріледі.

      81. Қылмыстық істің аталған тергеу органы арқылы қысқартылуы жағдайында, 2.0 нысанды статистикалық кәртішкеде 43 деректеме осы органмен толтырылады және прокурор арқылы қол қойылғаннан соң Басқармаға жолданады.
      Статистикалық кәртішкені толтыру кезеңінде оның жасын, айналысатын жұмысын, лауазымын, білімін қылмыс жасаған сәтінен бастап ескеру қажет; жасы қанша жас толғаны бойынша есептелінеді, айналысатын қызметтері туралы мәліметтерді бейнелеу кезеңінде келесіні атап өту қажет:
      а) жұмысшылар - материалдық құндылықтарды құру прцесіне тікелей айналысатындар, кіші қызмет етуші персонал (сатушылар, официанттар, аула сыпырушылар, аула жинаушылар т.б.);
      б) мемлекеттік қызметшілер - мемлекеттік қызметтегі тұлғалар;
      в) әскери қызметшілер - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметіндегі тұлғалар және басқа да әскерлерде және әскери құрылымдардағы тұлғалар.
      Лауазымды толтыру кезінде мемлекеттік органдарда және өзіндік басқару органдарында: мемлекеттік функцияларды орындаушы тұлғалар ретінде тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады (ҚР ҚК 307 бабының ескертуі).
      Коммерциялық немесе басқа да ұйымдарда: басқару функцияларын орындаушы тұлғалар ретінде, тұрақты, уақытша не арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-әкімшілік не әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адам деп танылады (ҚР ҚК 228 бабының ескертуі).

      82. Білім туралы мәліметтерін толтыру кезінде келесіні ескеру қажет:


      а) жоғарғы білім - жоғарғы оқу орындарын аяқтаған адамдар;
      б) орта-профессионалдық - орта-профессионалдық оқу орындарын аяқтаған адамдар (училище, колледж т.б.);
      в) орта - 11, 12 жыл орта білім беру орындарын аяқтаған адамдар, 1989 жылға дейін - 10 жыл.
      г) толық емес орта - тоғыз жылдық мектепті аяқтаған адамдар, 1989 жылға дейін - сегіз жылдық мектепті, 1962 жылға дейін - жеті жылдық мектепті аяқтаған адамдар;
      д) білімсіздер - толық емес орта білімі жоқ адамдар.

      83. 2.0 нысанды статистикалық кәртішкенің 32 деректемесінде айыптау қорытындысының мазмұны және тұлғаның мас күйінде жасалған қылмыс туралы сондай-ақ қылмыс жасау кезінде қылмыстық іс материалында тұлғаның алкогольдік, есірткілік жағынан медициналық куәландыру актісінің болуы жағдайларында сәйкес кодтар белгіленеді.


       "Алдыңғы уақытта қылмыс жасаған тұлға арқылы" бөлімінде алдыңғы уақытта қасақана қылмыс жасаған тұлғалар есепке алынады, он сегіз жасқа дейін қылмыс жасағаны үшін сотталған тұлғалар (кәмелетке толмағандардың қайталанған қылмыс жасағанынан басқа), сондай-ақ соттылықтары алынған немесе өшірілгендер осы бөлімге есепке алуға жатпайды (ҚР ҚК 13 бабының 4-бөлімі). Бұл мәліметтер келесі бөлімде 42 деректемеде бойынша бейнеленеді.

      84. 2.0 нысанды статистикалық кәртішке өндірісінде қылмыстық іс, бас тарту материалы орын тапқан субъектінің лауазымды тұлғасымен және қадағалаушы прокурормен толтырылады және қол қойылады.

      85. Субъект арқылы қылмыстық істер әрекеттің қылмыс деп танылмау салдарынан тоқтатылған тұлғалар статистикалық есептілікке енгізілмейді.

 10-тарау. "Айыпталған, ұсталған немесе тұтқындалған


тұлғаға арналған кәртішке" 2.1. нысанды статистикалық
кәртішкенің жіберілу тәртібі

      86. 2.1 нысанды статистикалық кәртішкенің қойылуы айып тағылған, қылмыс жасалу бойынша сезікті ретінде ұстау, қылмыстық қудалау органдарының сотқа дейінгі қызметі барысында тыйым салуды таңдау және өзгерту кезінде тұлғаларды есепке алуды қамтамасыз етумен қорытындыланады.

      87. Статистикалық кәртішкелер айып тағу туралы қаулы шығарған субъектінің лауазымды тұлғасымен, ҚР ҚІЖК 132 бабы тәртібімен ұсталған, ҚР ҚІЖК 132 бабы тәртібімен ұсталған тұлғаның босатылуымен, тыйым салу шарасын таңдау немесе өзгерту, қамауда ұстау мерзімінің ұзартылуы сондай ақ ҚР ҚІЖК 110 бабы тәртібімен арыздың сотқа берілуі кезінде жіберіледі.

      88. Тұтқынға алу түрінде тыйым салу негіздерінің болмауына байланысты тұлға босатылған болса, статистикалық кәртішкелерді жіберу кезінде міндетті түрде басқа тыйым салу шараларын таңдау туралы 17, 17.1, 17.2, 15, 15.2, 15.3 деректемелер қойылады.

      89. Сезіктіге қатысты тыйым салу шараларын таңдау кезінде міндетті түрде 2.1 статистикалық кәртішкенің 15, 15.2, 15.3 деректемелері толтырылуы керек.

      90. 2.1 статистикалық кәртішке субъектінің лауазымды тұлғасымен және қадағалаушы прокурормен толтырылады және қол қойылады.


      2.1 нысанды бір кәртішкеде бірнеше шешімдер берілуі мүмкін, сонымен қатар, егер айып тағу күні шешім шығару күнімен сәйкес келсе, ондай жағдайда айып тағуға байланысты бөлек 2.1 нысанды кәртішке қойылуы керек.

 11-тарау. "Қылмыстық іс бойынша прокурордың


шешімі туралы кәртішке" 3.0 нысанды статистикалық
кәртішкенің жіберілу тәртібі

      91. 3.0 нысанды статистикалық кәртішке қылмыстық істің әрбір қылмысына бөлек қойылады және прокурордың тергеу және анықтау заңдылықтарын қамтамасыз етудегі жұмысын бейнелейді.

      92. Қылмыстық іс өндірісте орын тапқан (тергеуші, анықтаушы) тұлға, 3.0 статистикалық кәртішкенің 1 деректемесінен 3 деректемесіне дейін толтырады және оны ҚР ҚІЖК 280, 287 баптарының және ҚР ҚІЖК 514 бабының 1-бөлімі 2-тармағы тәртібімен прокурорға жолданатын қылмыстық іске қосылады. Қосылған қылмыстық істерден көп эпизодты әрбір қылмыс бойынша оларға қылмыстық істің өзіндік нөмірімен бөлек статистикалық кәртішке қосылады.

      93. Қылмыстық істі білу және шешім қабылдау нәтижесі бойынша, прокурор қалған 3.0 нысанды статистикалық кәртішкеге қойылған деректемелерді толтырып, оны құқықтық статистика органына жолдайды.

      94. Прокурор арқылы қосымша тергеуге қайтарылған істер бойынша олар арқылы кешіктірілмей 3.0 нысанды статистикалық кәртішке қойылады. Сот арқылы қосымша тергеуге қайтарылған іс бойынша 3.0 нысанды статистикалық кәртішке қылмыстық істің прокуратураға келіп түсіп істің қосымша тергеуге жолдануы туралы шешім заңды күшке енгеннен кейін ғана қойылады. Сонымен қатар істер сот арқылы қосымша тергеуге жолданған істер ашылғандар қатарынан алынады.
      Сонымен қатар, 3.0 нысанды статистикалық кәртішкелер прокурор арқылы материалдарды қосымша тексеруге жолдау арқылы қылмыстық істі қозғау туралы қаулыларды алу жағдайында жіберіледі.

      95. Сот арқылы айыпталушының қылмыс жасауда оның қатысуының дәлелденбегендігін толық немесе жартылай растауы және қылмыстық істің шара қолданылуы үшін прокурорға жолдануы айыпталушы ретінде ҚР ҚІЖК 376 бабының 4-бөлімі тәртібімен жауапқа тартылатын тұлғаны анықтау жағдайында, Комитетке прокурор арқылы 3.0 нысанды статистикалық кәртішке кешіктірілмей айыптаудың әрбір алынған эпизодтары бойынша қылмыстарды ашылғандар санынан алу үшін жолданады.

      96. Қылмыстық істі жолдау кезінде сот арқылы прокурорға ҚР ҚІЖК 304 бабының 3-бөлімі тәртібімен, Комитетке сот арқылы ҚР ҚІЖК 304 бабының 3-бөлімі тәртібімен қайтарылады және 3.0 нысанды статистикалық кәртішкені қояды. Көрсетілген қылмыстар санаты 3.0 нысанды статистикалық кәртішке немесе 1.1 нысанды статистикалық кәртішке негізінде ашылғандар санынан алынып, алдыңғы уақытта бірдей қабылданған шешімдер қатарынан алынып ашылмаған қылмыстар есебіне қосылады. Егер іздеудегі тұлға ұсталып, іс қайта сотқа жолданса, аталған жағдайда, істердің осы санаты сотқа жолданғандар есебіне саналады, үстіміздегі есептік кезеңде тіркелген сотқа жолдану туралы алғашқы шешімді іздеуге тоқтау салу кезінде өзгеріледі.

      97. Істің прокурор арқылы сотқа жолдануы кезінде прокурор арқылы іздеудегі тұлғаны ұстауға байланысты ҚР ҚІЖК сәйкес бабы белгіленгенеді, (3.0 нысанды статистикалық кәртішкесі), ҚР ҚІЖК 284, 289, 514 баптарының тәртібінде осы қылмысты ашылғандар санына қосу мақсатында сотқа жолданады, сондай-ақ осы қылмыс 3.0 нысанды статистикалық кәртішкеде прокурор арқылы сотқа қайта жолданғандар ретінде есептелмейді.

 12-тарау. Қылмыстардың ашылуы

      98. Жалпы қылмыстық және қылмыстың түрлі баптарымен қаралған басқа қызмет бойынша жасалған қылмыстар бұл санаттағы қылмыстар санының проценттік қатынастарымен анықталады, есептік кезеңде алғашқы рет өндіріспен аяқталған ашылған қылмыстар, есептік кезеңде істері тоқтатылған ашылмаған қылмыстар, сондай-ақ заңмен анықталған мерзімінен бұрын өндірістегі қылмыстар.

      99. Ашылу проценті келесі формула бойынша есептеледі:

         О   х 100 %


      О+Н+П2

      Есептік кезеңде алғашқы рет сотқа жолдану арқылы ҚР ҚІЖК 284, 289, 514 баптары тәртібімен аяқталған және оңалтылу негіздері бойынша қысқартылған;


      Н - есептік кезеңде алғашқы рет ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімі 1, 2, 5, 7 тармақтары негізінде тоқтатылған.
      П2 санында қозғалған күнінен бастап, істері 2-айдан астам уақыт өндірісте болған (сонымен қатар анықтау ісі бойынша ҚР ҚІЖК 288 бабының 1-бөлімі тәртібімен алдын-ала тергеу тағайындаған) және істері 1-айдан астам уақыт өндірісте болған (сонымен қатар ҚР ҚІЖК 288 бабының 2-бөлімі тәртібімен алдын-ала тергеу тағайындалған) тергеу ісі бойынша белгіленген қылмыстар есепке алынады, алайда қарастырылатын фабулада есепке алынатын О және Н көрсеткіштеріне шешімдердің бірі де қабылданбаған немесе шешім қабылдауға қатысты статистикалық кәртішкелер келіп түспеген. Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК 48 бабының 4-бөлімі тәртібімен ҚР ҚІЖК 196 бабының 4, 5 бөлімдерінің тәртібімен ұзартылған немесе ҚР ҚІЖК 196 бабының 7-бөлімінің тәртібімен қосымша тергеу мерзімінен еш мағына бермейді.
      П2 есебіне тіркеу мерзімінің 2-айлық аяқталуына дейін ҚР ҚІЖК288 бабының 1-бөлімі негізінде алдын-ала тергеу тағайындалған анықтау ісі бойынша қылмыстар есепке алынуға жатпайды. Сондай-ақ, П2 ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімі 3, 4, 6 талаптары тәртібінде өндіріспен тоқтатылған қылмыстарды есепке алуға жатады.

      100. Жоғарыда аталған қылмыстардың ашылуын бағалау формуласы ҚР ҚК 96, 97, 98, 99, 100, 101, 103, 104, 109, 110, 113, 116, 117, 119, 120, 121, 122, 124, 125, 126, 131, 132, 133, 134, 175, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 187, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 248, 250, 255, 257, 258,  259ч.2-4, 260, 261, 264, 324, 325 баптарымен қаралған қылмыстар үшін қолданылады.

      101. Ашылмаған қылмыстар болып табылады:
      1) айыпты ретінде жауапқа тартуға жатпайтын тұлғаның анықталмауымен тоқтатылған (ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімі);
      2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынған жағдайда немесе тұрғылықты келу орны басқа себептермен анықталмаған жағдайда тоқтатылған (ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімі 2-тармағымен);
      3) айыпталушының Қазақстан Республикасы аумағының шегінде болуына байланысты тоқтатылған (ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімі 5-тармағы);
      4) қылмыстық іс бойынша одан әрі өндіріс жүргізуге уақытша кедергі болатын ырық бермес күштердің әрекетімен тоқтатылған (ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімі 7-тармағы).

      102. Ашылуды бағалау кезінде ашылмаған қылмыстарға теңестірілетін жағдайлар, егер қылмыстық істер:


      1) қылмыстық қудалаудың иммунитетінен арылу туралы мәселенің шешілуіне байланысты айыпталушының іске қатысуының шындық мүмкіндігінің болмауы жағдайында тоқтатылғанда, немесе оның шет ел мемлекетіне берілуінде (ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімінің 3-тармағы);
      2) заң бойынша анықталған айыпталушының уақытша жүйке жүйесінің бұзылуында немесе ауыр сырқат алуында (ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімі 3-тармағы);
      3) аталған қылмыстың істе қолданылатын заңды конституциялық емес деп тану ұсынысымен немесе Конституциямен бекітілген азаматтардың құқығы мен бостандығына қысым жасайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің ұсынысымен соттың Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесіне жүгінуі жағдайында тоқтатылған (ҚР ҚІЖК 50 бабының 1-бөлімінің 6-тармағы);
      4) істері 2 айдан астам уақыт өндірісте (сонымен қатар анықтау ісі бойынша ҚР ҚІЖК 288-бабының 1-бөлімі тәртібімен алдын-ала тергеу тағайындаған) және істері 1 айдан астам уақыт өндірісте болған (сонымен қатар ҚР ҚІЖК 288-бабының 2-бөлімі тәртібімен алдын-ала тергеу тағайындалған) тергеу ісі бойынша белгіленген қылмыстар есепке алынады, алайда ҚР ҚІЖК 284, 289,  514-баптары тәртібімен сотқа жолдану туралы шешім қабылданбаған немесе оңалту негіздері бойынша тоқтатылған немесе шешім қабылдау үшін статистикалық кәртішкелер келіп түскен қылмыстық істер;
      5) Сот арқылы есепке қойылған жеке айыптау істері бойынша қылмыстар қылмыстық қудалау органдарының жұмыс тиімділігі мен ашылуын бағалау үшін енгізілмейді.

 13-тарау. Журналдарды, статистикалық



1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет