Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды қолдануының сот практикасын Қорыту



жүктеу 202.79 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі202.79 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды қолдануының

сот практикасын

ҚОРЫТУ

Заңшығарушы қылмыстардың жиынтығының түсінігін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 12-бабында көрсеткен. Аталған бпта қылмыстардың жиынтығының түрлері бойынша бөлінетіні жөнінде арнайы сілтеме жоқ. Соған қарамастан, заңшығарушы оны деректі (1-бөлігі) және идеалды (2-бөлігі) жиынтықтар деп жіктейді.

Осы орайдағы, ҚК-нің 12-бабының тиісті қағидалары мыналарды қамтиды:

а) қылмыстардың деректі және идеалды жиынтығында олардың әрқайсысы өз бетінше айқындалуы қажет екеніндігіне бағыт береді;

ә) 2000 жылы осы бапқа енгізілген толықтырулар қылмыстардың күрделі құрамдарын айқындау, яғни бір әрекеттің сипаттары ҚК бабы нормасының қатаңырақ жазаны қамтыған жағдайына қатысты.

Осыған байланысты "егер бір қылмыстың белгiлерi ҚК-нің бабының бiреуінде немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса" делінген ҚК-нің 12-бабының ережесін дұрыс қолдану үшін, біріншіден, жиынтықты құрайтын, сосын әрбір нақты қылмыстың құрамын құрайтын белгілерін анықтау керек, атап айтқанда:

- құқыққа қарсы әрекетті кімнің және қандай түрде жасағанын, яғни қылмыстың субъектісі кім болып табылатындығын;

- қылмыстың объективтік жағын құрайтын құқыққа қарсы әрекет қандай әрекеттермен белгіленетінін;

- осы әрекеттің бағытталған заңмен қорғалатын объектісін анықтау;

- қылмыс субъектісінің жасаған әрекетіне деген субъективтік көзқарасын, яғни тікелей немесе жанама ниетпен немесе абайсызда жасағанын сипаттап, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, оның кінәсін анықтау керек.

Одан бөлек, әрбір нақты жағдайда неғұрылым ауырырақ жаза үшін жауапкершілік көздейтін нормадан, басқа неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеп, табу керек.

Қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК баптарының диспозициясынан неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеу қажет.

Істерді, процессуалдық құжаттарды және өзге де материалдарды, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттардың анықтамаларын зерделеу, негізінен соттардың қылмыстардың жиынтығы туралы заңның қағидаларын дұрыс түсініп, кінәлі адамның жасаған әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға беретіні және заңға сәйкес жаза тағайындай алатындығын көрсетті.

Нақты санаттағы істер бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында берілген түсіндірмелер осыған недәуір ықпал еткен.

Осы кезде әрекеттерді саралау туралы түсіндірмелер жасайтын, оның ішінде жасалған әрекетті - бір бап бойынша немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қалай саралау керек екенін түсіндіретін, түрлі санаттағы істер бойынша 20-дан астам Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қолданылады.

Демек, күрделі, көп құрамды қылмыстар бар кезінде заң шығарушымен түрлі қылмыстар соның ішіндегі біреуі барлық қылмыстың жасалуына кезең, әдіс, тәсіл қызметін атқарады.

Одан басқа, ҚК-нің бір қатар баптарында қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы неғұрылым қатаңырақ жаза тағайындауға әкеп соғатын айқындаушы белгі ретінде көрсетілген.

Қылмыстық заңның жекелеген нормаларында қылмыстың айқындаушы белгісі ретінде сол қылмысты басқа қылмыстырдың жиынтығында жасалғаны туралы да көрсетілген.

Неғұрылым қатаңырақ жазаны тағайындауға әкеп соғатын, қылмыстың айқындаушы белгілерінің бірқатары осы қылмысты жасаудың себептерімен және мақсаттарымен байланысты.

Соттар үкімдерінде әрекеттердің саралауын дәлелдемей, Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне сілтеме жасайды және өздерінің қорытындыларын Жоғарғы Соттың қолданыстағы нормативтік қаулыларына сирек негіздейді.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша әрекеттерді саралау туралы қылмыстық заңды қолданудың мәселелері бойынша республика соттарының пікірін анықтап білу үшін оларға сұрақтар тізбесі жіберілген.

Облыстық соттардың жасаған қорытуларын зерделеудің нәтижесі соттардың қылмыстардың жиынтығы және деректі мен идеалды қылмыстардың жиынтықтарын жіктеу жөніндегізаң қағидаларын дұрыс түсінетінін көрсетті.

Мысалы, сот А-ның әрекеттерін үкімде мынадай жалпылама сөз тіркесімен негіздеген: "заң талаптарына сәйкес, сотталушының әрекеттері саралануы тиіс...". Осы орайда, қылмысты саралау кезінде соттың қандай заңды қолданғаны және оның мазмұны көрсетілмеген.

Бірқатар жекелеген үкімдер бойынша ғана соттардың неғұрылым қатаңырақ жазаны көздейтін бір бап бойынша әрекеттерді айқындауға қадам жасағанын байқауға болады. Осындай жағдайларда соттар өздерінің шешімдерін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысындағы тиісті түсіндірмеге жиі негіздеп, ҚК-нің 12-бабына сілтеме жасамайтындығын байқатты.

Мысалы, 21 рет бөтен мүлікті ұрлаған Ж-ның әрекеттерін тергеу органдары әр эпизод бойынша 21 рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен жеке-жеке саралаған. Сотқа беру кезінде саралау өзгеріссіз қалдырылған. Сот барлық қылмыстық әрекеттерді бір рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен саралап, сол бойынша жаза тағайындаған. Осындай жағдайларда қылмыстарды айқындау туралы түсіндірме берілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысына сот өз үкімінде сілтеме жасаған.

ҚК-тің 177-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен әрекеттері 5 рет сараланған М-ның ісі бойынша да сот осындай сілтеме жасаған. Айыптаудың барлық эпизодтары бойынша М-ның әрекеттерін аталған баптың 3-бөлігінің «в» тармағымен 1 рет саралаған соттың ұстанымы дұрыс болып табылады.

Д-ға қатысты үкімде сот "ҚК-тің 178-бабы 2-бөлігінің "а,б"-тармақтары және 181-баптың 2-бөлігінің "а,б"-тармақтары бойынша айқындауды дұрыс деп санайтыны" көрсетілген. Осы орайда сот бөтеннің мүлкін иеленуге бағытталған екі қылмысты неге екі бап бойынша сараланғандығын көрсетпеген. Сонымен қатар, Д. екі рет тонау мен екі рет қорқытып алушылық жасағаны, тергеу органдары әр эпизодты жеке-жеке, 4 рет саралаған. Сот тонау мен қорқытып алушылық эпизодтарын біріктіріп, 4 эпизод бойынша әрекеттерді екі бап бойынша саралап, оған дәлелдер келтірмеген.

Әрбір жасалған әрекетті жеке-жеке саралау турасында: сотталған С-ның, А-ның және К-ның істерін келтіруге болады. Аталған тұлғалар алдын-ала сөз байласып, адам ұрлап, Ертіс өзенінің жағасына алып барып, одан ұрлаған заттар мен құжаттарды қайтаруды және ұрлық жасағанын мойындауды талап еткен. Өздерінің ниетін іске асыру барысында, олар жәбірленушіні ұрып-соғып, оның денсаулығына қауіпті күш қолданып, З. суға батырып, оған нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданып - еркекпен еркектің жыныстық қатынасын жасаған.

Сот жасалған әрекеттерді қылмыстардың жиынтығы бойынша, ҚК-нің 125, 327, 121-баптарына сәйкес саралаған.

Соттардың бір бап бойынша айыптауды растайтын дәлелдерді таппай, үкімде осы бапты айыптаудан алып тастайтын жағдайлары анықталды. Заңға сәйкес, айыптау расталған жағдайда соттар айыптау үкімін, ал расталмаған жағдайда - ақтау үкімін шығаруы тиіс.

ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігнің "д, з"-тармақтары бойынша С. кінәлі деп танылып сотталған, ал ҚК-тің 179-бабы 2-бөлігінің "б, г, д"-тармақтары бойынша оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған.

Сотталушының қарақшылық емес, жол ақысын төлемегені үшін, К-ны қасақана өлтіргені сот үкімінің негізіне алған.

Соттар қылмыстың белгілері қылмыстық әрекеттің негізін сипаттайтынын, ал айқындаушы белгілері нақты жағдайда қылмыстың жасалу мән-жайларын сипаттайтынын дұрыс көрсеткен.

Неғұрылым жеңілірек жазаны көздейтін қылмыстың белгілері басқа қылмыстар үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК-тің баптарының диспозицияларында болуы, осы жағдайларда ҚК-тің 12-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрекет екі қылмыстың белгілерін қамтыса ол бір бап бойынша саралануы тиіс деген облыстық соттардың пікірлері бір-біріне ұқсас келеді. Егер ҚК-тің 96, 103, 104-баптарымен көзделген қылмыс жасау барысында, басында денсаулыққа жеңіл зиян келтіріліп, кейіннен кінәлінің ниеттенген нәтижесіне әкеп соқса, әрекет түпкілікті нәтиже бойынша адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және осыған сай негіздерде саралануы тиіс.

Көп жағдайларда ауырлығы жеңілірек қылмыстың белгілері нақты заң нормаларының айқындаушы белгілері болып табылатынын соттар дұрыс анықтап, осыған байланысты артық айыптау деп айыптаудан алып тастауы негізді.

С-ға қатысты қылмыстық іс бойынша, ол жәбірленушінің еркінен тыс пәтеріне кіріп, оны ұрып, темірдің кесіндісімен қорқытып, оның мүлкін алып кеткен, сот үкімінде айыптаудан ҚК-тің 257-бабының 1-бөлігін, 145-баптың 2-бөлігін алып тастап, оның барлық әрекеттері ҚК-тің 179-бабы 3-бөлігінің г)-тармағымен ұрлық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамның тұрғын үйге заңсыз кіруі арқылы жасалған қарақшылықпен қамтылған деп көрсеткен. Соттың осы, ҚК-тің 145-бабын алып тастау туралы дәлелдемесімен келісуге болады, себебі қарақшылық үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-тің 179-бабының диспозициясында айқындаушы белгі ретінде тұрғын үйге заңсыз кіру көрсетілген, яғни, ҚК-тің 145-бабымен көзделген неғұрылым жеңілірек жазаның белгілері, қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК-тің 179-бабының нормаларымен қамтылады.

Соттың осы негіздер бойынша ҚК-тің 257-бабын алып тастау туралы аргументтерімен келісуге болмайды, себебі, бұзақылық деп аталатын, ҚК-тің 257-бабымен көзделген қылмыстың белгілері ҚК-тің 179-бабының нормасымен қамтылмайды.

Соттың А-ның ісі бойынша үкімінде бірқатар судьялардың әрекетті саралау туралы мәселені өзгеше шешетіні көрсетілген. А. мас күйінде дүңгіршектің жанына келіп, өзіне спирттік iшiмдiк сатуды сұраған. Сатушы спирттік ішімдік сатпайтыны туралы айтқанында, А. балағаттап, дүңгіршектің шынысын сындырып, азық-түлік өнімдерін және ақшаны ашық ұрлаған. Сотталғанның осы әрекеттерін алдын-ала тергеу органдары тонау және бұзақылық деп айқындаған. Сот, осы қылмыстарды сотталушының жасағанын көрсетіп, осындай айқындаумен келіскен. Алайда, дүкеннің шынысы қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында сындырылмай, осы сынық арқылы дүңгіршектегі азық-түлікті иемденудің тәсілі болған.

Я. және басқалардың ісі бойынша үкімде ҚК-тің 126-бабын алып тастап, жәбірленуші В-ны автомашинаның ішінде ұстап отыру, оған қарақшылық шабуыл жасау кезінде күш қолданудың тәсілі болып табылады және қарақшылықтың құрамымен қамтылады деп көрсеткен.

Басқа қылмысты жасау (мысалы: алдау әдісін пайдалану, денсаулыққа зиян келтіру, құжаттарды жою немесе қолдан жасау) кезінде мақсатқа жетудің тәсілі болған, ҚК-тің нақты баптары бойынша өз бетімен қылмыстық жауапкершілікті көздейтін әрекеттерді адамның жасауын айқындаудың мәселелері бойынша республика соттарының пікірлері ұқсас. Осындай жағдайларда соттар жасалған әрекетті негізгі қылмыс үшін ҚК-нің қатаңырақ жазаны көздейтін бабы бойынша айқындап, ал субъектінің қылмысты жасау тәсілі болған басқа әрекеттерін жеке саралау қажет деп санайды.

Осындай түсіндірмелер Жоғарғы Соттың "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысында (2003 жылғы 19 желтоқсанда № 14 нормативтік қаулымен енгізілген өзгерістермен бірге) берілген.

Мысал ретінде Ш-ға қарақшылық шабуыл жасағандары үшін айыпталған Н. және Б-ны айыптау жөніндегі істі келтіруге болады, осы іс бойынша қылмыстық ізге түсу органдары айыпталушылардың кінәсіна ҚК-тің 179-бабының 2-бөлігі "а,в,г" тармақтарымен қоса, қосымша тұрғын үйге қолсұғылмаушылықты бұзғаны, яғни тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркiнен тыс басып кiргені үшін ҚК-тің 145-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған. Осы жағдайда сотталушылардың әрекеттерін қосымша айқындаудың қажеті жоқ еді. Соттың үкім шығару барысында Н. мен Б-ның айыптауынан ҚК-тің 145-бабының 2-бөлігін артық тағылған деп алып тастағаны дұрыс, себебі сотталушылар тұрғын үйге мүлікті ұрлау мақсатымен кірген, ал бұл әрекеттер қарақшылықпен байланысты қылмыстың құрамымен қамтылады.

М. соттың үкімімен ҚК-тің 178-бабы 2-бөлігінің "г" тармағымен сотталған, ол ұйқтап жатқан жәбірленушінің үйіне кіріп, 5700 теңге сомасындағы ақшаны құпия ұрлағысы келген, алайда жәбірленуші оянып кеткендіктен М. оның бетінен жұдырықпен ұрып, аталған соманы ашық ұрлап, қашып кеткен. Соттың, М-ның әрекеттері ҚК-тің 178-бабы 2-бөлігінің "г" тармағымен толық қамтылады, себебі үйге кіру ұрлық жасаудың тәсілі болған деп айыптаудан ҚК-тің 145-бабының 2-бөлігін алып тастағаны негізді.

Субьектісі біреуі аяқталған, екіншісі аяқталмаған болып табылатын қылмыстар жиынтығын жасауы сот практикасында жиі кездеседі. Қолданыстағы заңдар осындай жағдайларда жасалған әрекетті саралау мәселесін реттей бермейді.

ҚК-тің баптарының әртүрлі бөліктерімен немесе бір баппен жауапкершілік көзделген аяқталған және аяқталмаған әрекеттер жеке айқындалуы тиіс деген соттардың пікірлері ұқсас екені қорытуларды зерделеу барысында анықталды. Қорыта келе, барлық жағдайларда, ұқсас, біртекетес немесе тектестігі әртүрлі қылмыстар практикада бірнеше бап бойынша қылмыстардың жиынтығы ретінде айқындалады.

Е-ге қатысты қылмыстық іс бойынша, ол бұзақылық ниетпен, көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен екі адамды өлтіру мақсатымен бір адамды бір рет атып өлтіріп, екіншісінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін, ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "а, е, и" тармақтарымен, 251-баптың 1-бөлігімен, 257-баптың 3-бөлігімен сотқа берілген. Сот істі қарап, сотталғанның екінші жәбірленушіге қатысты әрекеттерін адам өлтіруге оқталу деп бағалап, оның әрекеттерін айқындауды өзгерткен, атап айтқанда, ҚК-тің 24-бабының 3-бөлігі бойынша, 96-бабы 2-бөлігінің "а, е, и" тармақтары бойынша, 257-баптың 3-бөлігі бойынша, 251-баптың 1-бөлігі бойынша.

Жоғары Сот алқасы сотталғанның әрекеттерін қайта айқындау бөлігінде соттың шешімін дұрыс деп танып, соттың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Себебі, жасалған әрекеттердің біреуі аяғына дейін жеткізілмегендіктен сот қылмыстардың жиынтығымен әрекетті екі бап бойынша - аяқталған және аяқталмаған құрамдар ретінде жеке-жеке айқындайды.

Аяқталған және аяқталмаған қылмысты айқындау мәселесін және оларды неғұрылым қатаңырақ жазаны көздейтін бір бап бойынша айқындау мүмкіндігін талдап, кейбір соттар (Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Семей облыстарының соттары) ҚК-тің 58-бабының тәртібі бойынша аяқталған және аяқталмаған қылмыстардың жиынтығымен әрекеттерді дербес айқындау кезінде сотталғанның жағдайы нашарлайтынын көрсеткен. Себебі аяқталған қылмыстардың бірнешеуін жасаған сотталғанның жағдайы оған қарағанда жақсырақ болады. өйткені бірнеше рет жасалу белгісі болған жағдайда жаза қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы үшін жауапкершілікті көздейтін баптың бір бөлігі бойынша ғана тағайындалады.

Осыны ескеріп, Атырау облыстық соты "мұндай жағдайларда қылмыс жасауға оқталу жөніндегі кінәлі адамның әрекеттерін аяқталған құраммен қамтыған жөн" деп ұсыныс енгізді.

Батыс Қазақстан облыстық соты келесі ұсынысты жасады: сотталушының әрекеттерінің біреуін аяқталған қылмыстан аяқталмағанға қайта айқындаған кезде оның жағдайы нашарлайтыны, себебі, бірнеше мәрте жасалған аяқталған қылмыс үшін бір жаза тағайындалады, ал бір эпизодты қайта айқындау кезінде екі жаза тағайындалатыны жөніндегі даулар негізсіз, себебі, практикада орын алатын, ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігі қатаңдығы жеңiлдеу жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiруді көздейді.

Осы мәселе бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық сотының пікірі төмендегідей: "мұндай жағдайларда жасалған әрекетті бірнеше рет жасалған, аяқталған қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін әрекет деп, жасалған әрекеттердің барлық белгілерінің ерекшеліктерін көрсетіп, баптың тиісті бөлігі бойынша ғана айқындау мүмкін деп ойлаймыз. Осы қылмыстың аяқталмаған құрамы үшін жауапкершілікті көздейтін баптың бөлігіне тиісті тармақ енгізілуі мүмкін."

Сотталушы әрекеттерді жасау кезінде орындаушы, ал басқаларында қатысу нысаны айдап салушы, көмектесуші, ұйымдастырушы ретінде болса, ҚК-тің қатаңырақ жазаны көздейтін бабының (баптарының) бір бөлігі бойынша қылмыстар жиынтығымен айқындау мүмкіндігі туралы мәселені зерделеу кезінде барлық соттардың пікрлері бірдей болып шығуы мүмкін емес.

Соттар өздерінің қорытуларында ұйымдастырушы, айдап салушы, орындаушы мен көмектесушінің түсініктері ҚК-тің 28-бабының түрлі бөліктерімен көзделгендігін көрсетіп, осыған байланысты, егер адам бірнеше әрекет жасаса оның әрекеттері бірнеше бап бойынша саралануы тиіс деп көрсеткен.

Атырау облыстық соты қорыту жүргізу және осы мәселені талқылау барысында мынадай ұсыныс жасады: қылмыстардың жиынтығы болған жағдайда, адам неғұрылым аурырақ қылмыстың орындаушысы, ал ауырлығы неғұрылым жеңілдеу қылмысқа көмектесуші, айдап салушы болып табылса, оның әрекеттерін неғұрылым қатаңырақ жазаны көздейтін бір бап бойынша саралау керек. Адам неғұрылым аурырақ қылмыс бойынша көмектесуші, ал ауырлығы неғұрылым жеңілдеу қылмыстың орындаушысы болып табылса, мұндай әрекеттер қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.

Бірақ бұл пікір біздің ойымызша қате болып табылады.

Жүргізілген қорыту практикада осындай істердің аз кездесетінін көрсетті.

Соттардың көпшілігі, егер заңның бір нормасында жасаған әрекет үшін жауапкершілік арнайы субъект үшін, ал заңның басқа нормасында басқа қылмыс жасағаны үшін жалпы субъект үшін белгіленсе әрекеттерді әр бап бойынша жеке-жеке саралау қажет деген пікірді қолдайды.

Облыстық соттардың жүргізген қорытуларында және сот үкімдері мен қылмыстық істерді зерделеу барысында кінәлі адамның әрекеттерін осындай әдіспен саралау жағдайлары кездеспеді.

Адам ұрлаумен, адамды кепілге алумен, қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен, бандитизммен, зорлаумен, жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтіргені үшін кінәлінің әрекеттерін саралау мәселелері бойынша түсіндірме Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысының (Пленумның 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) 5-тармағында көрсетілген.

Көп жағдайларда істерді қарау барысында, соттар жоғарыда аталған Пленум Қаулысының түсіндірмелерімен келіседі және әрекеттерді осылай саралайды, себебі қарақшылық қандай да болмасын зиян келтіруді қамтиды, ал адам өлтіру қарақшылықтың құрамымен қамтылмайды және ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағы бойынша саралауды қажет етеді.

Сонымен қатар, басқа қылмыстар адам өлтірумен ұштасқанда, соттар барлық жағдайларда кінәлілердің әрекеттерін қылмыстық заңның бірнеше нормаларымен анықтайды.

Мысалы, Я-ға қатысты іс бойынша, қарақшылық шабуылмен ұштасқан адам өлтіру әрекеттерін сот ҚК-тің 179 және 96-баптары бойынша саралап, осы саралау дұрыс деп, оның дұрыс екеніне дәлелдер келтірмеген.

Осы соттың Е-ге қатысты үкімінің сипаттама-дәлелдеу бөлімінде сотталушының ниеті бөтеннің мүлкін қарқшылықпен емес пайда табу мақсатымен адам өлтіруге бағытталған, деп көрсеткен. Оның ниеті қарақшылық жасауды немесе қарақшылықты жасыруды қамтымаған. Сондықтан ҚК-тің 179-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін ол адам ақталуға жатады. Осындай шешім үкімнің қарар бөлігінде көрсетілген. Ал сотталғанның, адам өлтіру фактісі бойынша және өлген адамға тиесілі ақшаны ұрлау фактісі бойынша әрекеттері ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің з) тармағы бойынша ғана айқындалған.

Сотталғанның әрекеттерін мұндай әдіспен айқындау негізсіз болып табылады. себебі әрекетті осылай айқындағанда өлген адамның мүлкін заңсыз иеленумен байланысты жасалған қылмысқа заңдық баға берілмеген. Демек, сотталушы пайда табу мақсатымен адам өлтіруге бағытталған әрекеттер жасап, содан кейін мүлікті ұрлауға бағытталған әрекеттер жасаған: әмияны бар белдікті өлген адамның мәйітінен іздеген, оны таппай, автомашинадан іздеп, ақшаны "қобдишадан" тауып, оны иемденген.

Сот, қарақшылық құрамы жоқ деген қорытынды жасаған соң, адам өлтіргеннен кейін мүлікті ұрлауды ұрлық деп саралаудың қажеті бар ма?

Осындай саралаудың мысалы ретінде А-ның ісі бойынша соттың шығарған үкімін келтіруге болады. Сот тергеу органдарының сотталушының әрекеттерін қарақшылықпен ұштасқан адам өлтіру деген саралауымен келіспей, үкімде адам өлтіру ұрыс-керіс кезінде жасалған, ал сотталушы А-ны өлтіргеннен кейін, оның мүлкін ұрлауға ниеттенген деп, әрекеттерді ҚК-тің 96-бабының 1-бөлігімен және 175-баптың 1-бөлігімен ауырлататын мән-жайлары жоқ адам өлтіру және ұрлық деп саралаған.

Сотталғандардың әрекеттерін ҚК-тің 179-бабының және 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағының жиынтықтары бойынша саралаудың мысалы ретінде С. және Я-ға қатысты үкімді келтіруге болады. Сотталушылар өздерінің жанынан өтіп бара жатқан Б-ны көріп, оған қарақшылық шабуыл жасауға алдын-ала сөз байласқан. Қарақшылық шабуыл жасау кезінде олар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, Б-ның денесінен, кеудесінен, басынан теуіп, өлтіру мақсатымен Б-ның өміріне маңызды мүшесі - кеудесіне, жәбірленушіден ұрлап алған пышақпен бірнеше рет ұрған, осының салдарынан жәбірленуші сол жерде қайтыс болған. Сот, сотталушылар ҚК-тің 179-бабы 2-бөлігінің "а, г" тармақтарымен және 96-бабы 2-бөлігінің "ж, з" тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікті көздейтін екі қылмыс жасаған деген қорытындыға келген.

Кейбір соттар, ҚК-тің 96-бабының диспозициясында адам өлтірудің арнайы айқындаушы белгісі, қарақшылықпен ұштасқан адам өлтіру (2-бөліктің "з" тармағы) көзделгендіктен, сотталушылардың әрекеттерін қосымша ҚК-тің 179-бабы 3-бөлігінің "б" тармағы бойынша саралаудың қажеті жоқ деп санайды.

Басқа соттардың пікірі: қарақшылық шабуыл жасау кезінде адам қасақана өлтірілсе, қарақшылық, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан ауыр зиян келтіру белгісін қоспағанда тиісті белгілері бойынша айқындалуы тиіс.

Осылайша, Т-ның ісі жөніндегі соттың үкімінде, әрекеттерді ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігімен және 179-баппен саралаған. Осы орайда, денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан қарақшылықтың айқындаушы белгісін алып тастап, денсаулыққа ауыр зиян келтiру мен адам өлімі кісі өлтіру кезінде жасалған, деп көрсеткен.

Сонымен қатар, соттың айыптаудан ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағын алып тастауы да дұрыс емес.

Осы айқындаушы белгіні алып тастаған кезде Ташкенбаевтың "пайда табу мақсатымен қарақшылықты жеңілдету ниеті болған, сол ниеті адам өлтіруге негіз болған", деп көрсеткен.

Егер сотталушының бірінші жасаған қылмысы адам өлтіру екенін сот анықтаса, ол қарақшылықты жеңілдету мақсатымен жасалған деп танылуы мүмкін емес. Адамның мүлкін ұрлау мақсатымен жасалған шабуыл қарақшылық болып танылады. Егер адам бірінші өлтірілсе, одан кейін оған шабуыл жасау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда, өлген адамның немесе ол күзететін мүлікті жасырын иелену орын алады, яғни ұрлық жасалады.

Соттардың тәжірибесіндегі адам өлтірумен ұштасқан басқа қылмыстарды (зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы әрекеттер, бандитизм) саралау кезінде кездесетін қиындықтар туралы мысалдар келтірілмеген.

Соттар, мұндай жағдайларда әрекеттерді екі бап бойынша саралау керек деген ұстанымда.

Маңғыстау облыстық соты келесі жағдайды атап көрсеткен: "ҚК-тің 12-бабының 2-бөлігін 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-11 заңның редакциясындағы, адам қылмыстардың идеалды жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi ҚК-тің тиісті бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн ҚК-тің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады, деген сөйлеммен толықтырған кезден бастап, қарақшылық кезінде жасалған қасақана адам өлтіруді айқындаудың бірыңғай практикасы болған жоқ. Осындай әрекеттерді соттар ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағымен, пайда табу мақсатымен, қарақшылықпен ұштасқан адам өлтіру деп айқындап, ҚК-тің 12-бабының 2-бөлігіне сілтеме жасап ҚК-тің 179-бабының 2-бөлігі бойынша айыптауды алып тастаған.

Басқа жағдайларда, жәбірленушіні қасақана өмірінен айыру қарақшылықтың құрамымен қамтылмайтындықтан, соттар осындай әрекеттерді қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындаған. Тұтастай алғанда облыстық соттардың практикасы осы әрекеттерді саралау кезінде жәбірленушіні қасақана өмірінен айыру қарақшылықтың құрамымен қамтылмайтындығы назарға алынып, қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау жолымен қалыптасқан, сондықтан қарақшылықпен ұштасқан қасақана адам өлтірудің белгілері қарақшылық шабуылдың белгілерімен қамтылады деп айтуға болмайды.

Әскерлердің әскери соты қарақшылықты және онымен ұштасқан адам өлтіруді саралау мәселесі туралы — "Қолданыстағы қылмыстық заң қарақшылық шабуылдың нәтижесінде адамның өлуін емес, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруді айқындаушы белгі ретінде көздейді. Жәбірленушіні өмірінен айыру қарақшылықтың құрамымен қамтылмайды, сондықтан қарақшылық шабуыл кезіндегі адам өлтіру әскери судьялардың пікірінше ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағымен сараланған соң, ҚК-тң 179-бабымен қосымша саралауды қажет етпейді".

Қарағанды облыстық соты мынадай мәлімдеме жасады: “Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысындағы (Пленумның 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) түсіндірмелер қылмыстық заң (ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігі) нормаларына қайшы болғандықтан облыс судьялары нақты істер қарағанда қателіктерге жол берген. Қарақшылық шабуыл барысында адам өлтірген, адамның әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағымен және 179-баппен сараланатыны не ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағымен ғана сараланатындығы туралы анық түсіндірілмеген.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарақшылық шабуыл мен адам өлтіру туралы бірқатар істер бойынша әртүрлі шешімдер қабылданған.

Мысалы, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Б-ның, М-ның және Я-ның істерін апелляциялық тәртіппен қарау кезінде апелляциялық қаулыдан сотталғандарды ҚК-тің 179-бабы бойынша айыптауды мынадай негіздер бойынша алып тастаған. Қаулы төмендегідей жолмен баяндалған: "қарақшылықпен ұштасқан қасақана адам өлтіру кезіндегі кінәлінің бастапқы ниеті жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, оның мүлкін иемденуге бағытталған. Егер, жәбірленушінің мүлкін ашық иемдену тәсілімен жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қаупті күш қолданудың нәтижесінде, жәбірленуші қайтыс болса, мұндай әрекеттер күш қолданумен ұштасқан қасақана адам өлтіру айқындаған белгімен толық қамтылады. Осы орайда ҚК-тің 179-бабымен қосымша саралаудың қажеті жоқ. Қасақана адам өлтірудің пайда табу мақсатымен адам өлтірудің айқындаушы белгісі кінәлінің бір әрекетін қарақшылықпен ұштасқан адам өлтіру деп саралауды қажет етпейтіндігін назарда ұстаған жөн. Осы негіздер бойынша, қасақана адам өлтірудің ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағымен көзделген қарақшылық шабуылмен ұштасқан адам өлтірудің айқындаушы белгісі үкімнен алынып тасталуы тиіс. ҚК-тің 179-бабына сәйкес, егер кінәлі адам мүлікті иемдену мақсатымен жәбірленушіге шабуыл жасап, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданған жағдайда қарақшылық үшін жауапкершілік туындайды. Мүлікті ашық иемденудің тәсілі ретінде жәбірленушіге күш қолданудың нәтижесінде оның қайтыс болуы не кінәлінің ниетімен, не қылмыс құрамының диспозициясымен көзделмеген. Қарақшылық шабуыл барысында жәбірленушіге күш қолданудың нәтижесінде ол қайтыс болған жағдайда ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағымен, қарақшылықпен ұштасқан адам өлтіру үшін жауапкершілік туындайды. Алқа, сотталғандардың алғашқы ниеті жәбірленушіні өлтіріп, оған тиесілі мүлікті иемдену болғандықтан, олар өздерінің ниетін бірлесіп іске асырған, сондықтан, сотталғандардың әрекеттері ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің "ж" және "з" тармақтарымен ғана, пайда табу мақсатымен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адам өлтіруі деп сараланады және осы әрекеттерді ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағымен, қарақшылықпен ұштасқан қасақана адам өлтіру деп, қосымша саралауға жатпайтынын көрсеткен."

Ал мына жағдайда, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Б-ны ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "к, н" тармақтары, 179-бабы 2-бөлігінің "а, б" тармақтары бойынша соттау туралы үкімін қайта қарау кезінде үкімді өзгеріссіз қалдырып, бірінші сатыдағы сот Б-ның әрекеттерін екі бап бойынша Х-ға қарақшылық шабуыл жасау және қарақшылықты жасыру мақсатымен жәбірленушіні өлтіру деп дұрыс айқындаған деген дәлел келтірген.

Келтірілген мысалдар қарақшылық барысында адам өлтіруді саралау бойынша бірыңғай сот практикасының жоқ екенін көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот үкімі туралы" 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысының 19-тармағына сәйкес, осындай әрекетті жасаған адамның әрекеттерін дұрыс саралау үшін, соттар істің нақты мән-жайларын, кінәлінің ниетінің бағытын, себептері мен мақсатын, қылмыс жасаудың жағдайы мен сатысын, келтірілген салдардың ауырлығын мұқият анықтап, үкім сот отырысында зерттелген дәлелдерге негізделуі тиіс.

Осыған байланысты, ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігімен және 179-баппен көзделген әрекеттерді сотталушылардың жасағанын бағалау кезінде мыналарды назарда ұстау қажет:

1) егер кінәлінің ниеті басынан бастап қарақшылық шабуыл жасауға бағытталып, қарақшылық жасау барысында жәбірленуші қасақана қайтыс болса, айқындаушы белгілеріне қарай, әрекет ҚК-тің 179-бабының тиісті бөлігі бойынша және ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "з" тармағы бойынша, ал егер, басқада айқындаушы белгілері болса, өзге де тиісті тармақтар бойынша саралануы тиіс;

2) егер кінәлі басынан бастап, жәбірленушінің мүлкін иемдену үшін оны өлтіруге ниеті болса, әрекет ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің тиісті тармақтары бойынша, оның ішінде пайда табу мақсатымен адам өлтіру белгісі бойынша, ал өлген адамның мүлкін иемденуді ұрлық деп, айқындаушы белгілері көрсетіліп анықталуы тиіс;

3) егер кінәлі қарақшылық шабуыл арқылы ұрлық жасап, содан кейін жасаған қылмысын жасыру мақсатымен кінәліде жәбірленушіні қасақана өлтіру ниеті пайда болса, әрекет ҚК-тің 175-179-баптарының тиісті бөліктерімен және ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "к" тармағымен саралануы тиіс.

Зерделеу, адамның органдарын немесе тінін алу мақсатымен жасалған адам өлтіру туралы істер соттардың практикасында кездеспегенін көрсетті.

Сонымен қатар, соттардың пікірі бойынша жәбірленушінің ішкі органдарын немесе тіндерін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіруді саралау барысында, сот осы мақсатты және себепті анықтап, бірақ адамның ішкі органдары қылмыстың алдын алуға байланысты алынбаса да осындай саралау дұрыс болады. Осы пікір мынаған байланысты: адам өлтірудің мақсаты адамның ішкі органдарын немесе тіндерін алу мақсатымен жасалса, адам өлтіру кезінде кінәлі адамның әрекетінің себебі сол болып табылады, сондықтан, оның әрекеттерін айқындау үшін ол адам органдарын немесе тіндерін алу бойынша әрекеттер жасағаны не жасамағаны маңызды емес.

Осы мәселе бойынша Алматы қалалық сотының пікірі өзгешелеу, адамм органдарын немесе тіндерін алу мақсатымен жасалған адам өлтіруден кейін, қылмыстың алдын алумен байланысты емес әртүрлі себептермен адам органдары немесе тіндері алынбаса оны адамның органдарын немесе тіндерін алу мақсатымен жасалған адам өлтіру деп айқындауға болмайды, себебі ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігіне сәйкес қоғамдық қауіпті салдар болуға тиіс, яғни өлген адамның органдары немесе тіндері міндетті түрде алынуы тиіс.

Қорыту барысында, егер адам өлгеннен кейін адамның органдары немесе тіндері алынбаса "жәбірленушінің органдарын немесе тіндерін пайдалану мақсатымен" деген белгі бойынша адам өлтіруді айқындаудың нақты даулы мәселелері анықталмады, себебі осы санаттағы істер сот практикасында кездеспейді.

Қылмыстардың идеалды және деректі жиынтығы кезінде әрекеттерді саралау туралы пікірлер заң әдебиетінде де айтылған.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 23 нормативтік қаулысында қылмыстардың жиынтығын саралау туралы тиісті түсіндірмелер берілген.



Қылмыстардың жиынтығы бойынша саралау мәселелері жөнінде сот практикасын зерделеу негізінде Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысын қабылдау қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

қылмыстық істер жөніндегі алқасы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет