Қылмыстың қауіпті қайталануы аса қауіпті қайталану деп артық дәрежеленіп, сотталғанның жазасын тым ауырлатып жіберген



жүктеу 38.74 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі38.74 Kb.
Қылмыстың қауіпті қайталануы - аса қауіпті қайталану деп артық дәрежеленіп, сотталғанның жазасын тым ауырлатып жіберген

(істен үзінді)

Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының үкімімен, Е.,(бұрын 30.04.1998 жылы ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің “а” тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, 18.09.1998 жылы ҚК-нің 178-бабының 1 бөлігімен 2 жыл-ға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 60-бабына сәйкес, 3 жыл 10 айға бас бостандығынан айыруға сотталған), ҚР ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің “в” тармағымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, ҚК-нің 179-бабы 3-бөлігінің “в” тармағымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, 255-бабы 4-бөлігінің “б, в”тармақтарымен 8 жылға бас бос-тандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге, түзеу колониясының ерекше режимінде жазасын өтеуге сотталған.

ҚК-нің 13-бабы 3-бөлігінің “б” тармағына сәйкес, Е.-нің қылмыстық әрекетінде қылмыстың қайталануы аса қауіпті деп танылып, ҚК-нің 59-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жаза мөлшері төрттің үш бөлігінен төмен болмауы ескерілген.

Сот үкімімен Е., алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, Д. мен И.-дің малдарын жасырын ұрлап және Ж.-ға шабуыл жасап, өмірі мен денсау-лығына қауіп төндіріп, ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап, 7 бас жылқысын қарақшылықпен алып кеткені, сонымен қатар, жәбірленушінің атыс қаруы - 16 калибрлі мылтығын тартып алғаны үшін кінәлі болып танылған.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2002 жылғы 23 мамырдағы қаулысымен сотталған Е. жөніндегі үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Жамбыл облыстық соты қадағалау алқасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгертіліп, үкімнен - ҚК-нің 59-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза төрттің үш бөлігін қолдану арқылы тағайындалған бөлігі алынып тасталған.

Сотталған Е. қадағалау шағымында жәбірленушілер Д. мен И.-дің жылқыларын ұрламағанын, ал Ж.-ға қарсы қарақшылық жасағанын мойындайтынын, бірақ тартып алынған мылтықтың ескі екенін, атылмайтынын сот ескермей, ҚК-нің 255-бабымен заңсыз соттағанын көрсетіп, істі жан-жақты тексеріп, жазасын жеңілдетуді сұраған.

Іс бойынша Жоғарғы Сот судьясының хабарламасын, прокурордың ұсынысты қолдап, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған пікірін тыңдап, істегі құжаттармен және бақылау арызбен танысып, Жоғарғы Сот алқасы сотталған Е.-ге қатысты сот шешімдері төмендегі себептермен өзгертілуге жатады деп санайды.

Е.-нің жоғарыда көрсеткен қыл-мыстарды жасаудағы айыбы жәбірленушілер Ж,.И., Д.және жәбірленушінің өкілі Н. мен куәлардың, сотталғандар Н. мен Т.-ның берген жауаптарына, сот-дәрігерлік, сот-баллистикалық сараптама қорытындыларына және сотталғанның өз кінәсін мойындап берген жауаптарына негізделген және іс бойын-ша жинақталған басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Сот Е.-нің қылмыстық әрекетін ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің “в” тармағымен, 179-бабы 3-бөлігінің “в”тармағымен, 255-бабы 4-бөлігінің “б, в” тармақтарымен дұрыс дәрежелеген.

Іс құжаттарына қарағанда Е. 30.04.1998 жылы ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға және сол жылдың 18 қыркүйегінде ҚК-нің 178-бабының 1-бөлігімен, ҚК-нің 60-бабы қолданылып, 3 жыл 10 айға бас бостандығынан айыруға сотталған.

21.12.2002 жылғы Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан кейін ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігі ауыр қылмыстар санатынан орта дәрежелі қылмыстар қатарына енді. Сондықтан ҚК-нің 5-бабының талабына сәйкес, Е.-нің әрекетінде қылмыстың аса қауіпті қайталануы жоқ. Е.-нің әрекетінде тек қылмыстың қауіпті қайталануы ғана бар, себебі, ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігі және 178-бабының 1-бөлігі орта дәрежелі қылмыстар қатарына жатады. Бұл жағдайда ҚК-нің 48-бабының 5-бөлігінің “в” тармағымен сотталғанның жазасын өтеу орны түзеу колониясының қатаң режимі болуы тиіс.

Бұған қоса, Е.-нің бұрынғы және осы жолы жасаған ұрлықтарын, оның ішінде қарақшылықтың ауырлық дәрежесін, барлық қылмыстарының салмағын, сонымен қоса жеке басының мінездемелерін ескергенде, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тым ауыр және әділетсіз жаза болып табылады.

Сот Е.-нің бұрынғы сотталғандығын қылмысты дәрежелегенде бір ескеріп, жаза тағайындағанда екінші рет ескеріп, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің принциптерін қолданғанда ҚК-нің 59-бабының 2-бөлігінің талаптарына сүйеніп, сотталғанның жағдайын тым ауырлатып жіберген.

Жамбыл облыстық сотының қадағалау алқасы үкімнің жаза бөлігін өзгертіп, “қылмыстардың аса қауіпті қайталануы жағдайында төрттен үшінен төмен болмауы керек” деген бөлігін алып тастай тұра, сотталған Е.-ге тағайындалған жаза мөлшерін негізсіз өзгертпей тастаған.

ҚК-нің 52-бабының 2-бөлігінде жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ, тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі делінген. Бұл мән-жайлар да сотта толық, объективті және жан-жақты ескерілмей қалған.

Аталған мән-жайлар жиынтығы бойынша сотталған Е.-нің жаза мөлшері төмендетіліп, жасаған қылмысына сай жаза тағайындалып, жазаны өтеу колониясының режимі өзгертілуге жатады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚІЖК-нің 467-бабының 6-бөлігін, 468-бабын басшылыққа алып, Жоғарғы Сот алқасы аудандық соттың үкімі мен Жамбыл облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының және қадағалау алқасының Е. жөніндегі қаулыларын өзгертіп, ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің “в” тармағымен, 179-бабы 3-бөлігінің “в” тармағымен, 255-бабы 4-бөлігінің “б” тармағымен тағайындал-ған жазаларды өзгеріссіз қалдырып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуді тағайындауға қаулы етті.



ҚК-нің 255-бабы 4-бөлігінің “в” тармағы үкімнен алынып тасталды.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет