Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды



жүктеу 58.62 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі58.62 Kb.
: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»
Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан

сот қаулысы бұзылды

( істен үзінді)

Атырау облыстық сотының үкімімен Ж.Жанұзақов ҚР ҚК-нің 235-бабы, 1-бөлігі, 175-бабы, 1-бөлігі, 181-бабы , 2-бөлігі “б, в” тармақтарымен , 181-бабы , 3-бөлігінің “а” тармағымен, 175-бабы, 2-бөлігінің “а, б, в” тармақтарымен, 175-бабы, 3-бөлігінің “а” тармағымен, 96-бабы , 2-бөлігінің “в, д, ж, и, к” тармақтарымен айыпталған.

А.Жиенбаев, ҚР ҚК-нің 181-бабы, 2-бөлігінің “б , в” тармақтарымен, 181-бабы , 3-бөлігінің “а , г” тармақтарымен, 175-бабы, 2-бөлігінің “а , б, в” тармақтарымен , 175-бабы, 3-бөлігінің “а, б” тармақтарымен, 181-бабы, 2-бөлігінің “а , б , в” тармақтарымен, 96-бабы , 2-бөлігінің “в , д , ж , и , к ” тармақтарымен айыпталған.

Ғ.Жұпарбаев, ҚР ҚК-нің 181-бабы, 2-бөлігінің “б” тармағымен, 181-бабы, 3-бөлігінің “а” тармағымен, 175-бабы, 2-бөлігінің “а, б, в” тармақтарымен, 175-бабы, 3-бөлігінің “а” тармағымен, 181-бабы, 2-бөлігінің “в” тармағымен, 178-бабы, 2-бөлігінің “а, б, в, г” тармақтарымен, 181-бабы, 2-бөлігінің “ а, б, в” тармақтарымен, 96-бабы, 2-бөлігінің “в, д, ж, и, к” тармақтарымен, 259-бабы, 4-бөлігінің “б-тармағымен айыпталған.

С.Жұмағазиев, ҚР ҚК-нің 178-бабы, 2-бөлігінің “а, б, в, г” тармақтарымен, 178-бабы, 3-бөлігінің “в” тармағымен айыпталған.

Сотталушылар Ж.Жанұзақов, А.Жиенбаев, Г.Жұпарбаев және С.Жұмағазиев Қылмыстық кодекстің қаулының кіріспе бөлігінде көрсетілген баптарымен көзделген қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін прокурордың қаулысымен істері сотқа беріліп, қылмыстық іс облыстық сотта қаралған. Алдын ала тергеу орындары төмендегідей қылмыстары үшін оларға айып таққан: 2004-жылдың 19-ақпанына қараған түнде Жанұзақов ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Жиенбаев, және Жұпарбаевпен бірігіп, арақ ішіп, мас күйде Құлсары қаласы 1-ықшам ауданынан С.Дүйсенғалиевті кездестіріп, оған бұзақылық ниетпен ешбір себепсіз тиісіп, оны қасақана өлтіру мақсатында алдын-ала қылмыстық сөз байласқан адамдар тобы және ұйымдасқан топ болып сүйреп, бұзылып тұрған үй құрылысының 3-қабатына апарып, үшеулеп ұрып-соғып, аяқтарымен бірнеше рет өмірлік маңызды дене мүшелері: басынан, ішінен, бүйірінен, қабырға тұстарынан қасақана теуіп, бұл әрекеттерімен шектелмей, аса қатыгездікпен жәбірленушінің басынан таспен бірнеше рет ұрып және бұл қылмыстарын жасырып, Дүйсенғалиевті қасақана өлтіру пиғылдарын ақырына дейін жеткізу мақсатында оның қансырап жатқан дәрменсіз күйін пайдаланып, Жанұзақов пен Жұпарбаев жәбірленуші Дүйсенғалиевтің екі қолынан ұстап, ал Жиенбаев екі аяғынан ұстап, аталған үйдің 4-қабатына баспалдақ арқылы сүйреп шығарып, құрылыстың терезе орны арқылы үшеуі жәбірленушіні 4-қабаттан төмен қарай лақтырып жіберген. Осыдан кейін Жанұзақов, Жиенбаев, Жұпарбаев төмен түсіп, құрылыстың артына барып, Дүйсенғалиевтің өлмей жатқанын көріп, аса қатыгездікпен оның басынан үшеулеп жабылып бірнеше рет теуіп, сосын оны сүйреп, Қамыскөл көлі жағына апарып, сосын қайтадан бұзылған үйге сүйреп әкеліп, Жанұзақов жерде жатқан Дүйсенғалиевтің кеудесіне секіріп мініп қарап, оның өлгеніне көздерін жеткізгеннен кейін терезе тесігі арқылы жәбірленуші Дүйсенғалиевтің өлігін подвалдың түкпіріне сүйреп апарып тастап, барлығы оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.

Сот жәбірленуші С.Дүйсенғалиевтің эпизоды бойынша алдын-ала тергеу органдары айыптау қорытындысын жасақтау барысында сотталушылардың жәбірленушіге келтірілген дене жарақаттарының сипаты мен дәрежесін толық көрсетпеген, яки заң талаптары елеулі түрде бұзылған деп, сонымен қатар, айыпталушыларды сотқа беру қаулысында А.Жиенбаевқа тағылған айыптар толығымен келтірілмеген, қаулының кіріспе бөлігінде Жиенбаевқа ҚК-нің 181-бабы бойынша тағылған айыптың 3-бөлігі “г” тармағы елеусіз қалдырылған. Осы тармақта көрсетілген қылмыстық айып бойынша ол сотқа берілмеген. Сот аталған жағдайды басты сот талқылауына кедергі болады деп тауып, қылмыстық істі қосымша тергеуге жолдаған. Атырау облыстық прокурорының орынбасары өзінің жеке наразылығында Атырау облыстық сотының Ж.Жанұзақов, Г.Жұпарбаев, А.Жиенбаев және С.Жұмағазиевқа қатысты қылмыстық істі қайта тергеуге жолдау туралы қаулысын бұзып, істі сол сотқа басқа құрамда қарауға жолдауды сұраған.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы судьяның осы іс жөніндегі хабарламасын, Бас прокурордың көмекшісінің қаулыны бұзып, қайта қарауды сұраған пікірін тыңдап, іс құжаттарын тексеріп, жеке наразылықта көрсетілген деректерді зерттеп, төмендегідей тоқтамға келді.

Атырау облыстық сотының Ж.Жанұзақов, А.Жиенбаев, Г.Жұпарбаев және С.Жұмағазиев жөніндегі істі қайта тергеуге жіберу туралы қаулысы заң талабына сай шығарылмағанына байланысты өзгертуге жатады.

Алқа іс бойынша ҚР ҚІЖК-нің 303-бабы, 2-бөлігіне сай судья істі алдын-ала тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша өз бастамашылығымен басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін елеулі заң бұзушылықтар анықталған жағдайда басты сот талқылауын тағайындамай-ақ істі қосымша тергеуге жіберуге құқылы деп табады.

Сот істі қайта қарауға жолдағанда, іс бойынша алдын-ала тергеу орындары Ж.Жанұзақов, А.Жиенбаев және Г.Жұпарбаевты жәбірленуші С.Дүйсенғалиевті қасақана өлтіру эпизоды бойынша айыпталушылар ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарғанда айыптың мәні, қылмыстың жасалған орны мен уақыты, қалай жасалғаны және сипаты толық көрсетілмеген деп тапқан.

Ал сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес С.Дүйсенғалиевтың өлімі қастандықтан болғаны, оның ажалы адам өміріне қауіпті ауыр жарақаттар—жабық түрдегі бас сүйек, ми жарақаты, миына қан құйылып ұйығандығы, кеуде тұсындағы жабық түрдегі жарақат, сол жақ 4, 5, 6-ыншы қабырғаларының сынғандығы, жүрегі жарылғаны, басындағы жарық және денесіндегі көптеген жырылып -сырылған, қызарып-көгерген жарақаттардан болғанын көрсеткен.

Бұндай жағдайда , соттың үйсенғалиевқа келтірілген дене жарақаттардың сипаты мен дәрежесі толық көрсетілмеген деген тұжырымы негізсіз. Сондай-ақ, соттың А.Жиенбаев қаулының кіріспе бөлігінде ҚР ҚК-нің 181-бабы, 3-бөлігінің “ а, г” тармақтарымен айыпталып, қорытынды бөлігінде “ г ” тармағы елеусіз қалдырылған деген тұжырымы да негізсіз болып табылды. Себебі, іс материалдарында А.Жиенбаевқа ҚР ҚК-нің 181-бабы, 3-бөлігінің “а, г ” тармақтарымен тағылған айып толық көрсетілген, тек қана айыптау қорытындысының кіріспесінде механикалық қатеге байланысты ҚР ҚК-нің 181-бабы, 3-бөлігінің “г” тармағы көрсетілмей қалған.

Сондықтан алқа осы жағдайларды бірінші сатыдағы сот талқылауына кедергі келтіретін негізге жатпайды деп табады.



Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты , ҚІЖК-нің 411-бабы, 4-тармағын басшылыққа ала отырып, алқа Атырау облыстық сотының Ж.Жанұзақов А.Жиенбаев, Ғ.Жұпарбаев, С.Жұмағазиевқа қатысты істі тергеу орнына қайта тергеуге жолдау туралы қаулысын бұзып, істі сол сотқа қайта қарауға жіберуге, прокурордың жеке наразылығын қанағаттандыруға қаулы етті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет