Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары



жүктеу 96.11 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі96.11 Kb.
:
Қылмыстық заң
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске негізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс.
Қылмыстық кодекстің міндеттері
Адам мен азаматтық құқықтарын, босатдықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай – ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заңның кері күші
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адаманың жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе, жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс.

Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланудылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды.


Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс адамдарға қатысты қолданылуы.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс боынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға жауапты болады.

Басқа мемлекеттің аумағында қалмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық – құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартаында өзгеше көзделмесе ненмесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысты үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық – құқықтық мәні болмайды.


Қылмыс жасаған адамды ұстап беру
Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, ол мемлекетке ұстап берілмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шартына қылмыстық жауапқа тату немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.


Қылмыс санаттары
Сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес былға бас бостандығынан айырудан айпайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аупайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстың қайталануы
А) Егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

Б) Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін соталған болса, ол ауыр қылмыс жағадйда қауіпті деп танылады.



Қылмыстардың қайталануы:

А) Егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

Б) Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда:

В) Егер адамбұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті деп танылады.

Он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысты үшін мсотталғаны, сондай – ақ осы Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

Қылмыстардың қайталануы осы Кодексте көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.




Қасақана жасалған қылмыс
Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

Еегер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Абайсызда жасалған қылмыс
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған құлмыс деп танылады.

Егер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Аса қажеттілік
Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зияын келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатар жойылған жағдайда көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады.Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келштірілген жағдайларда ғана жауатылыққа әкеп соғады.


Жедел – іздестіру шараларын жүзеге асыру
Улекметті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел – іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай – ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылады.
Орынды тәуекел ету
Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретт осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян кетіру қылмыс болып табылмайды.

Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз іс - әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол берген адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел орынды деп таналыд.

Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көріну қатар төндіруге, экологиялық апатқа қоғамдық күйзеліске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылады.
Күштеп немесе психикалқы мәжбүрлеу
Егер күшпен мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс - әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола, алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодескспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болы табылады.

Психикалық мәжбүрлеудің нәтижесінде, сондай – ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодескспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс - әрекетіне басшылық жасау мүмкіндігін сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстің 34 – бабының ережелері ескеріле отырып шешіледі.


Жаза ұғымы мен оның мақсаттары
Жаза дегеніміз соттың үкімімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жазаның түрлері
Қылмыс жаза деп танылған адамдарға мынадай негізгі тжазалар:

А) айыппұл салу;

Б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

В) қоғамдық жұмыстарға тарту;

Г) түзету жұмыстары;

Д) әскери қызмет бойынша шектеу;

Е) бас бостандығын шектеу;

Ж) қамату;

З) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

И) бас бостандығынан айыру;

К) өлім жазсы қолданылу мүмкін;

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән – жайлар
Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән – жайлар деп танылады.

А) мән – жайлардың кездейсоқ тоғысу салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

Б) айыпкердің кәмілетке толмауы;

В) жүктілік;

Г) айыпкердің жас балалары облуы:

Д) қылмыс жағынан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдік зиянның орнын өз еркімен толтыру қылмыспен келтірілген зиянды жоюға юағытталған өзге де іс - әрекеттер;

Е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән – жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

Ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

З) қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығынығ шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайда қылмыс жасау;

И) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

К) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшекерелуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүліктік іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, енмесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарда болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.


Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері
Кәселекте толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:

А) айыппұл;

Б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

В) қоғамдық жұмыстарға тарту;

Г) түзету жұмыстары;

Г-1) бас бостандығын шектеу;

Д) қамау;

Е) бас бостандығынан айыру болып табылады.




Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері
Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:

А) есі дұрыс емес жағдайда ос Кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған;

Б) қылмыс жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған;

В) қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін;



Г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкін.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет