Имам Абу Ханифаның музыкаға деген қатынасы Фикх мәселелері «Музыка мен ән шариғатта рұқсат етілген (халал)»



жүктеу 13.69 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі13.69 Kb.
: files -> book -> kaz -> ar turli
kaz -> -
kaz -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»
kaz -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
kaz -> -
kaz -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
kaz -> Тәубенің шарттары
kaz -> -
kaz -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
kaz -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
ar turli -> Шейх Али бин Аби әл-’Изз әл-Ханафи Көрнекті ханафи ғалымдары Имам әт-Тахауидің
Имам Абу Ханифаның музыкаға деген қатынасы

Фикх мәселелері

«Музыка мен ән шариғатта рұқсат етілген (халал)» деген пікірдің жақтаушылары түрлі мазхабтардың кейінгі ілесушілеріне сілтей отырып, төрт имамның барлығы музыка мен әнді халал деп санағандығын сенімді түрде айтады. Ақиқатында, бұл – осы имамдарға жабылған жала. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия осындай сөздерді төрт имамдардың сөздері деп есептейтіндер туралы былай деп айтатын: «Бұл – төрт имамға жапсырылған өтірік, өйткені олар музыкалық аспаптардың харам екендігіне бірауыздан келіскен!» Қараңыз: «Минхаджу-Ссунна» 3/439.

Имам Абу Саур, Абу Ханифа және оның екі шәкірті Йақуб пен Мухаммад: «Ән мен жоқтау үшін ақы төлеуге руқсат етілмейді», - деген. Олар сондай-ақ: «Музыка – нәпсіге арналған шарап», - деп те айтқан. Қараңыз: Маджму’ әл-фатауа» 10/417.

Абу Тайиб әт-Табари былай деген: «Абу Ханифаға келер болсақ, ол ән айтуды айыптаған және оны тыңдауды күнә деп санаған!» Қараңыз: «Тальбису Иблис» 245.

Ибн әл-Қайим былай деп жазған: «Абу Ханифаның мазхабы бұған (ән мен музыкаға) қатысты (басқалармен салыстырғанда) едәуір қатал, ал оның түсіндірмелері ең қатаң түсіндірмелер болып табылады. Оның жақтаушылары: «барлық музыкалық аспаптарды, сұрнайды, дағыраны (барабанды), тіпті таяқпен (ырғақты етіп) тоқылдатуды да тыңдауға тыйым салынған (харам)», - деп анық түрде айтқан.

Абу Юсуф музыкалық аспаптардың дыбыстары естіліп жатқан үй туралы былай деген: «Иелерінің рұқсатынсыз оған кіре беріңдер, өйткені күнәлі істі жою міндетті болып табылады! Ал егер рұқсатсыз кіру рұқсат етілген болмағанда, адамдар өзінің міндетін (күнәлі істі жоюды) орындай алмас еді». Қараңыз: «Иғасату-лляхфән» 1/425.

Сондай-ақ ханафи мазхабының атақты ғалымы имам ас-Сарахуси: «Әнді үйрену үшін және жоқтау үшін ақы төлеуге рұқсат етілмейді, өйткені бұл күнә болып табылады», - деген. Қараңыз: «әл-Мабсут» 16/41.



Ханафи мазхабының басқа танымал имамы – Ибн Абидин де: «Ән айту — тыйым салынған (харам)!» - деген. Қараңыз: «Хашия Ибн Абидин» 4/322.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет