Импакт-фактор: ТҮсінік пен көмек



Дата03.05.2016
өлшемі46.86 Kb.
ИМПАКТ-ФАКТОР: ТҮСІНІК ПЕН КӨМЕК

Ержан ДОМАЛАТОВ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дәйектілік индексі бар әлемдік деңгейдегі халықаралық басылымдарда жариялау, қазақстандық ғылымның алдағы жылдардағы даму стратегиясының басым бағыты болып табылады. Дәйектілік индексі түсінігінен импакт-фактор түсінігі амалсыздан ағып шығады. Бұл жағдайда, аталған екі түсініктердің мағынасы әр түрлі екенгіндігін түсінуіміз қажет. Себебі, дәйектілік индексі ғылымды өлшеу көрсеткіштерінің арасындағы ең кең тарағандарының бірі болып табылады және ол белгілі бір автор жазған мақалаға басқа авторлар еңбектерінде неше рет дереккөздік сілтемелер ретінде көрсеткендігін көрсетеді. Әдетте, ғалымның дәйектілік индексінің жоғарылығы жоғары импакт-факторлы журналдарда жариялануна байланысты болады.

Ал импакт-фактор (ағылш. impact – әсер, factor – коэффициент, көрсеткіш) – ғылыми журналдың елеулігінің сандық көрсеткіші, иә болмаса «беделі» дегенді білдіреді. Аталған термин біздің елімізде 2011 жылы жаңадан қабылданған «Ғылым туралы» заңымен бірге кең қолданысқа енді. Ал әлемде бұл термин 1960 жылдан бері қолданылып келеді. «Ғылым туралы» заңы профессор немесе доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атақтары мен философия докторы (Doctor of Philosophy немесе Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін нөлден жоғары импакт-факторлы халықаралық ғылыми басылымдарда жариялануға міндеттейді.

Журналдың импакт-факторын (IF) анықтау үшін, белгілі бір журналдың ағымдағы жылғы импакт-факторы сол журналда алдыңғы екі, кей жағдайда үш жылда жарияланған мақалаларға жасалған сілтемелер санын сол жылдары жарияланған барлық мақалалар санына бөлумен есептеледі. Журналдардың импакт-факторы 1960 жылдардан бастап Ғылыми ақпарат Институтымен (ағылш. Institute for Scientific Information, ISI), есептеледі. Оны 1992 жылы Thomson корпорациясы сатып алып, өз иелігіне алды және қазіргі уақытта Thomson Scientific (Thomson Reuters) деп аталады. Жыл сайын импакт-факторы есептелген журналдар тізімі «Journal Citation Report» журналына басылып шығады.

Аталған журналдардың басым көпшілігі ағылшын тілінде. Өкінішке орай, бейресми деректер бойынша қазақстандық бірде-бір журнал бұл тізімде жоқ дегенімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Eurasian Chemico-Technological Journal» атты журналы Scopus халықаралық дәйектілік базасына, ал Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Университет еңбектері», «Автоматика. Информатика» журналдары және ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының «Денсаулық сақтауды дамыту» журналы Ресейлік ғылыми дәйектілік индексі (РҒДИ) бар журналдар тізіміне енгізілген.

Біздің елімізде де аталған дәйектілік базалардың аналогы бар. 2005 жылдан бастап қазақстандық журналдардың импакт-факторын Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы есептеп келеді. Дегенмен аталған дәйектілік базасы локальды болғандықтан, қазақстандық импакт-фактор әлемдік қауымдастықта мүлде мойындалмай келеді. Бұл тізімге 2010 жылғы есептеулер бойынша 35 журнал еніп, 0,199 импакт-факторымен ҚР Ұлттық ядролық орталықтың хабаршысы көш бастап тұр.

Сондықтан, ендігі кезекте халықаралық импакт-факторлы журналдарда мақала жариялау кезінде көптеген ғалымдарда туындайтын сұрақтарға жауап іздеп көрейік:

Ғылыми журналды қалай дұрыс таңдауға болады?

Ең алдымен журналдың мақсаты мен қолдану аясын және жариялану мерзімділігін, импакт-факторын және оның мақсатты аудиториясын анықтап білу қажет. Журналға деген қолжетімділік ашық немесе жазылым арқылы жүзеге асырылатындығы және ғылыми қауымдастықтағы беделі мен жарияланым тілі де үлкен роль атқарады. Ең соңында мақаланы жариялау үшін төленетін ақы мен жариялану типін біліп алған абзал болады.



Ғылыми журналдың халықаралық дәйектілік базаларына нақты кіретіндігін қалай және қай жерден білуге болады?

Журналдың белгілі бір дәйектілік базасында бар екендігін анықтаудың ең басты және қарапайым нұсқасы ретінде баспа сайтына кіріп журналдың сипаттамасы деген бөлімдерден, аталған журнал қандай дәйектілік базаларына кіретіндігін анықтауға болады. Егер сіз журнал сайтынан бұндай ақпаратты таба алмасаңыз, бірақ ғылыми қауымдастықтағы адамдардан бұл журнал халықаралық дәйектілік базаларына кіретіндігін естіп екі ойлы болсаңыз, онда сізге тек келесі іс-әрекеттер көмектеседі:



  • ISI Web of Knowledge (Thomson Reuters) дәйектілік базасындағы журналдарды тексеру үшін http://science.thomsonreuters.com/mjl/ сілтемесі арқылы кіріп, журналдың ISSN нөмерін енгізіп, журналдың аталған базада бар, не жоқ екендігіне нақты көзіңізді жеткізе аласыз.

  • Дәл сондай алгоритиммен Сhemical Abstracts дәйектілік базасындағы журналдарды тексеру үшін http://cassi.cas.org/search.jsp сілтемесі арқылы кіріп, журналдың ISSN (EISSN) нөмерін енгізу арқылы білуге болады.

  • Ал Scopus базасындағы журналдарды тексеру үшін http://www.scopus.com сілтемесі арқылы кіру қажет. Бірақ аталған базаға кіру ақылы түрде жүргізіледі, дегенмен http://journalmetrics.com/values.php сілтемесі арқылы тегін тіркеліп, негізгі ғылыми өлшемді көрсеткіштері SNIP мен SJR (Хирша индексін тек ақылы түрде http://scopus.com сілтемесі арқылы) көрсетілген Scopus базасына енетін журналдар тізімін жүктеп алуға болады.

Мақаланың ағылшын тіліндегі аудармасы халықаралық журналдарда жариялану үшін қандай сапада болуы қажет? Егер мақала мәтінінде қателер болған жағдайда оны жариялай ма?

Әрине, бұл мақала мәтінінің ағылшын тіліндегі аудармасы сапалы болуы қажет және ол автоматтандырылған аудару бағдарламарымен (Промт, Google сияқты компаниялар) аударылмауы тиіс. Халықаралық басылымдарда ең бастысы мақала мазмұнына көп көңіл аударады, грамматикалық қателері аз болса оны өздері жөндей салады. Ал егер де стилистикалық және терминологиялық қолдануларда (белгілі бір терминді қолдана отырып не айтқысы келгендігі түсініксіз болғанда) қателері көп болған жағдайда мақаланы қайта жөндеу үшін авторға жібереді.



Ғылыми мақаланың жариялану мерзімі қандай факторларға байланысты?

Халықаралық ғылыми журналдарда ғылыми мақаланың жариялану мерзімі әуелі журналдың шығу мерзімділігіне, кейін ғылыми мақала тақырыбына және пікір жазу жылдамдығына байланысты болады. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда жариялану мерзіміне еңбектік демалыс, мейрамдар және т.с.с. факторлар да әсер ету мүмкін. Мақаланы жарияламай тұрып шетелдік журнал редкациясы оған сын пікір алуы керек. Әдетте мақаланы шетелдік журналдарда жариялау мерзімі мақаланы редакцияға ұсынған сәттен бастап 3 айдан 12 айға дейінгі уақытты алады. Төменде мақаланы жариялауға дейінгі үрдістің көрнекі сызбасы көрсетілген.




Сонымен, осы мақалада біз импакт-фактор, дәйектілік индексі түсініктерімен танысып қана қоймай, импакт-факторлы халықаралық журналдарында жариялану барысында ғалымдардың алдында туындайтын негізгі сауалдарға жауап іздеуге тырыстық. Қазіргі таңда кез-келген ғалым өзінің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін тек жариялап қана қоймай, оны қалың оқырман қауымға жеткізгісі келетіні сөзсіз. Ал бұл жағдайда жоғарыда атап өткен импакт-факторлы журналдар кең ауқымдағы оқырман қауымға мақаланың жетуін еселей түседі. Сол себепті, халықаралық басылымдарда мақала жариялаймын деген ғалымдарға тек сәттілік тілей отырып, сіздерге баяндаған мәліметтер белгілі бір көмегін тигізетініне сенемін!
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет