«Инженерліл экология» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 366.09 Kb.
бет2/5
Дата24.04.2016
өлшемі366.09 Kb.
1   2   3   4   5
: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б

Дәріс 2


(1 сағат)
Тақырып. Энергетика мен қоршаған орта әрекеттесуінің мәселесі
Дәріс сабақтың мазмұны

1. Атмосфераның энергетика өндірісінен ластануы.

2. Елімізде жүргізілетін қоршаған ортаны қорғау шаралары

3. АЭС жұмысы.


Энергетиканың дамуы бағалау бойынша жақын уақыт кезеңінде де сақталатын жоғары қарқынмен сипатталады. Әлемде электр энергиясын өндіру берілген сатыдағы дамуда 10 жыл көлемде екі еселенді. Бұл жанатын органикалық отынның көлемі де екі еселенуі керек деген сөз.



1-ЖЭС; 2-қара металургия; 3-түсті металургия; 4-мұнай химиясы; 5-көлік; 6-құрылыс материалдардың өндірісі.

1-сурет. Атмосфераның өнеркәсіп салаларымен ластану мөлшері.
Бірақ АЭС-та электр энергиясын өндіру мөлшері артып келе жатыр, бұл табиғи отындарды пайдалануды шектейді. Қазіргі кезде ядролық отын есебінен әлемдегі энергияның 10-дайы өндіріледі.

Әлемде өндірілетін отынның 40-дайын пайдаланатын ЖЭС-тер қоршаған ортаға үлкен әсер етеді. ЖЭС-тердің бұл әсері атмосфераға құрамында зиянды газдар және күлдің ұсақ қатты бөліктері бар жану өнімдерінің шығарылуы, шлактарды және ластанған қалдық суларды әкету, сондай-ақ атмосфералық түтінді газдар шығыны және турбина конденсацияларынан айналымдық суды су бессейндеріне шығарумен анықталады. Соңғы үрдісті «жылулық ластану» дейді.

Біздің еімізде қоршаған ортаны қорғаудың жан-жақты шаралары қабылдануда. КСРО Конституциясының 18 бабында былай деп көрсетілген: ұрпақтың осы шағы мен болашағы үшін КСРО-да жерді және оның қойнауын, су қорын және жануарлар әлемін тиімді пайдалану, ауа мен суды тазалықта сақтау, табиғат байлықтарын қалпына келтіру және адамды қоршаған ортаның сапасын жақсарту шаралары қабылданды.

Электр станциялары шығарылатын түрлі заттар біз биосфера деп атайтын бүкіл биосфера атмосфераның жерге жақын қабатын, топырақ қабатын және су бассейндерін қамтиды. Осылайша ЖЭС-тің газ тәрізді шығарындыларында зиянды заттарға азот оксидтері және күкірт оксидтері, сондай-ақ күлдің қатты бөлшегі, ванадий оксиді жатады. Одан басқа отын толық жанбағанда түтін газдарында СО, СН4 типті көмісутектер және С2Н4 бензопирен С20Н12 ыс болуы мүмкін.

Электр станцияларының қалдық суларында еріген бейорганикалық улы заттар (қышқыл, сілті) молекулалық ерігіш органикалық заттар (май қалдықтары, судың мазутпен әсерлесуінен кейінгі полиметлі көмірсутекті қосылыстар), калойдтық жүйелер, еріген газдар, ерімейтін нығыз қосылыстар т.с.с. ластанған қалдық сулардың көпшілігі өсімдіктерге және суда тіршілік ететін жануарлар үшін улы болады, ал басқалары ыдыраған кезде судағы оттегін белсенді сіңіреді де, биосфераға кері әсерін тигізеді. Сондықтан ЖЭС-тің барлық қалдық сулары табиғи су қоймаларға жіберілмес бұрын ластану деңгейін бақылаумен қатар мұқият тазалаудан өтеді. ЖЭС-терге қарағанда АЭС-тер күл және зиянды күкіртті газдар мен азот қышқылын шығармай жұмыс істейді.

АЭС жұмысы кезінде құбыр арқылы атмосфераға радиоактивті газдардың біраз бөлігі бар желдету ауасы шығарылады. Ол газдар: аргон, ксенон, крипон, олар ауаның реактор корпусына жақын жерде нейтронды сәулелену нәтижесінде пайда болады және реактор твэлдерінде уран ядроларының жарықшаларымен бірге пайда болады.

Кез келген твэлдердің бірінде бейгерметикалық пайда болу бөлінудің газды жарықшақтары АЭС-тің салқындатушы сулар айналымы ағынына түседі де, сыртқы арматура немесе сорғы арқылы ағып шыға алады.

АЭС-тің қалдық сулары жай және мұқият радиакциялық бақылауға ұшырайды, тазаланады және ұзақ уақыт бойы радиациялық қауіптілігін төмендетуі үшін арнайы бассейнгдерде сақталады.

Көмір пайдаланатын ЖЭС-тердің шығарындыларда да радиоактивті бөлшектер болады, себебі көмірде аз мөлшерде болса да уран мен торий қоспалары болуы мүмкін. Сондықтан АЭС қалдықтарының белсенділігі ЖЭС-қа қарағанда ерекшеленеді, басқа зиянды шығарындалар болмағанын ескере отырып, АЭС қоршаған ортаны аз ғана ластайды. АЭС орналасқан аймақтағы халық радиоактивті сәулеленуге ұшырамау үшін АЭС маңында санитарлық-қорғаныс аймағы қойылады. Оның шегінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүргізіледі.

Өздік бақылау сұрақтары

1. Атмосфераның өнеркәсіп салаларымен ластану мөлшері қандай?

2. Электр станцияларының қалдықтарында қандай зиянды заттарр бар?

3. АЭС – тің қоршаған ортаны қорғау мөлшері?


Қолданылған оқулықтар

1. Карабасов Ю.С. Экология и управление: Термины и определение.- М.: МИСИС,2001.-378с

2. Повышение экологической безопасности ТЭС/Под ред. А.И. Абрамова.-М.: МЭИ,2002.-378с.

3. Еремкин А.И. Нормирование выбросов загрязняющих веществ в атмосферу.-М.: АСВ, 2001.-176с.

4. Рихтер Л.А. Охрана водного и воздушного бассейна от выбросов ТЭС.- М.: Энергоатомиздат, 1981.- 253 с.

Дәріс 3


(2 сағат)

Тақырып. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаттың құқықтық базасы

Дәріс сабақтың мазмұны

1. Қазақстаны Республикасының экологиялық құқығы.

2. Экологиялық құқықтың мазмұнына әсер ететін негізгі факторлар.

3. ҚР болашақ тенденциясы.

Экологиялық құқық Қазақстан Республикасында құқықтың ең негізгі бұтағы болып табылады. Бұл құқықтың заты ретінде табиғаттың және қоғамның өзара қарым қатынасты реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Осы күнде адамның және табиғаттың әрекеттесу ортасында қоғам қатынасының даму кезеңінде олардың құқықтық реттеудің методологиялық көзғарасы өзгереді. Негіз ретінде экология есепке алынады. Құқыққатынас объектісі ретінде объектілер және ресурстардың комплексі ретінде «табиғат» орнынды орын алады. Қоғамның назары бүкіл қоршаған ортаның сақтау сапасымен байланысты, сондықтан қандай да бөлек табиғат қоры болмасын құқық қатынас бұл мақсатқа бағыну керек. Қоғам және табиғат аймағындағы қарым қатынас өзіндік бір мінезге ие болады.

Қазақстаны Республикасының экологиялық құқығы – салыстырып айтқанда өте жас құқық. Ол тез дамып келе жатыр, барлық жақтарынан дамып, күрделеніп жатыр.

Қазіргі кездегі экологиялық құқықтың мазмұнына әсер ететін негізгі факторлар:

1) Экологиялық жағдай (ғаламдық, мемлекеттік және жергілікті)

2) Қоршаған ортаны қорғау туралы нормативті актілерге негізделген сапаға және нәтижеге бағытталған құқық беруші мүшенің құқық шығарушылық қызметі. Қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін, сонымен қоса ұйымдастырушылық-билеушілік, тәрбиешілік – мәдениеттік және құқықтық әрекеттерінің жетілдіру керектігі.

Экономиканың жоғары энергосыйымдылығы отын-энергетикалық ресурстарын рационалды емес пайдалануға әкеліп соғады,экономикалық бәсекелестікті төмендетеді және қоршаған ортаны айтарлықтай ластауға әкеліп соғады. Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық дамыту стратегиясында 2015 жылға дейін экономиканың энергосыйымдылығын екі есеге азайту мақсаты қойылған.


Өздік бақылау сұрақтары

1. Қазақстаны Республикасының экологиялық құқығы неге негізделеді?

2. Қазіргі кездегі экологиялық құқықтың мазмұнына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.

3. Қ.Р. болашақ тенденциялары жайында не білесіз?



Қолданылған оқулықтар

1. Карабасов Ю.С. Экология и управление: Термины и определение.- М.: МИСИС,2001.-378с

2. Повышение экологической безопасности ТЭС/Под ред. А.И. Абрамова.-М.: МЭИ,2002.-378с.

3. Еремкин А.И. Нормирование выбросов загрязняющих веществ в атмосферу.-М.: АСВ, 2001.-176с.

4. Рихтер Л.А. Охрана водного и воздушного бассейна от выбросов ТЭС.- М.: Энергоатомиздат, 1981.- 253 с.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет