Инструкция по применению изделия медицинского назначения для потребителя



Дата02.05.2016
өлшемі76.66 Kb.
түріИнструкция
Утверждена

приказом Председателя Комитета

контроля медицинской и фармацевтической

деятельности Министерства здравоохранения

Республики Казахстан

от "07"июня 2012 года

441


Инструкция

по применению изделия медицинского назначения для потребителя

(аннотация-вкладыш)
Название изделия медицинского назначения
Гель для обработки ран Октенилин



Состав

100 мл раствора содержат: 0.050% октенидиндигидрохлорид, 9.90% пропиленгликоль, 2.50% гидроксиэтилцеллюлоза, 87.55% дистиллированная вода



Описание изделия

Гель без запаха, от прозрачного до мутноватого цвета.



Область применения

Хирургия, травматология, дерматовенерология и другие области медицины для антисептической обработки и увлажнения травматических, острых, хронических, хирургических и ожоговых ран.



Микробиологическое действие

Эффективен в отношении грамположительных и грамотрицательных бактерий, грибки Кандида белая, грибок стригущего лишая, эпидермофития, вирусы, включая микобактерии туберкулеза, стрептококки, стафилококки, мультирезистентный золотистый стафилококк (MRSA), ванкомицин-резистентный энтерококк, бета-лактамаза расширенного спектра, эхинококки, гонококки, менингококки, пневмококки, эшиерихии, шигеллы, протей, синегнойная палочка, коринебактерии дифтерии, гарднереллы, аскомицеты, дерматофиты, кандиды, липофильные вирусы, в том числе гепатиты B,C,D, вирусы герпеса, ВИЧ, хламидии, микоплазмы, уреаплазмы, трихомонады и другую микробную флору, резистентную к химиотерапевтическим препаратам.



Назначение

Гель для обработки ран предназначен для очистки и увлажнения ороговевших участков кожи (корок), загрязненных и хронических кожных ран, для антисептической обработки повязок, для снятия затвердевших скоплений, а также для способствования естественному заживлению раны.

Применение геля для обработки ран Октенилин безболезненно. Гель хорошо переносится аллергиками. Неприятный запах раны очень быстро исчезает.

Способ применения

Прежде чем приступить к обработке раны гелем Октенилин, необходимо сначала промыть и очистить рану от легко отделяемых скоплений.

Можно также смочить марлю, компрессы или другие впитывающие материалы или наполнители, которыми покрывается или заполняется рана, а затем перевязать ее.

Гель для обработки ран Октенилин может оставаться на ране до следующей перевязки в течение 3 – 5 дней. В зависимости от того, когда запланирована следующая перевязка, наносится различное количество геля Октенилин.



  • Обильное нанесение: в том случае, если повязка будет меняться лишь через несколько дней;

  • Небольшое количество: при перевязке на следующий или в тот же день.

Благодаря этому поверхность раны остается влажной, что способствует хорошей очистке раны. Скопления на ране легко снимаются и удаляются при следующей перевязке.

Гель необходимо применять до тех пор, пока все отмершие ткани и ороговевшие участки кожи (корки) не будут удалены, и рана визуально не станет чистой.



Беременность и лактация

Препарат не поглощается кожей, поэтому возможно применение во время беременности и лактации.



Возрастные ограничения

Нет. Подходят для применения у младенцев и недоношенных детей.



Побочные действия

Не выявлены.



Противопоказания

Индивидуальная непереносимость отдельных компонентов препарата.



Особые указания

Не глотать. Рекомендуется убедиться, что препарат не попал в ткань под давлением. Не использовать для вливаний и инъекций. Не глотать. Не наносить на гиалиновый хрящ. Использовать только неповрежденный тюбик.



Взаимодействия с другими препаратами

Не использовать совместно с йодсодержащими антисептиками.



Условия хранения

При температуре не выше 25°С, в защищённом от света месте, недоступном для детей.



Срок годности

Гель в тюбике по 20 мл - 3 года.

6 недель после вскрытия тюбика.

Не использовать после истечения срока годности.



Форма выпуска

Стерильный гель в тюбике по 20 мл в закрытой оригинальной упаковке.



Наименование, юридический адрес организации-производителя изделия медицинского назначения, адрес местонахождения производства

Компания «Schülke & Mayr GmbH»

Роберт-Кох Штрассе 2,

22851 Нордерштедт, Германия

Телефон: +49 (0) 40 521 00-0

Телефакс: +49 (0) 40 521 00-318



Эксклюзивный дистрибьютор/организация, принимающая претензии в Республике Казахстан

Компания «Международный Медицинский Торговый Дом»

050000 г.Алматы, Республика Казахстан

ул.Мауленова 61, офис 47

Телефон/Телефакс: +7 (727) 279-35-60

E-mail: mmtd@mail.ru; Website: www.mmtd.kz



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

Фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2012 жылғы “07” маусымдағы

441 бұйрығымен



БЕКІТІЛГЕН
Медициналық мақсаттағы бұйымды қолдану жөнінде тұтынушыға арналған нұсқаулық

(аңдатпа-қосымша бет)
Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы
Жараларды тазалауға арналған Октенилин гелі



Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында: 0.050% октенидиндигидрохлорид, 9.90% пропиленгликоль, 2.50% гидроксиэтилцеллюлоза, 87.55% дистилденген су



Бұйымның сипаттамасы

Мөлдірден бұлыңғырлау түске дейінгі , иіссіз гель.



Қолдану саласы

Хирургия, травматология, дерматовенерологияда және травматикалық, жедел, созылмалы, хирургиялық және күйікті жараларды антисептикалық өңдеуге және ылғалдау үшін медицинаның басқа салаларында.



Микробиологиялық әсері

Грамоң және грамтеріс бактерияларға, ақ Кандида саңырауқұлақтарына, қырма теміреткі саңырауқұлағы, эпидермофития, туберкулез микобактерияларын қоса вирустар, стрептококктар, стафилококктар, мультирезистентті алтын түстес стафилококк (MRSA), ванкомицин-резистентті энтерококк, кең ауқымды бета-лактамаза, эхинококктар, гонококктар, менингококктар, пневмококктар, эшиерихиялар, шигеллалар, протейлер, көкірің таяқшасы, күл коринебактериялары, гарднереллалар, аскомицеттер, дерматофиттер, кандидалар, липофильді вирустар, соның ішінде B,C,D гепатиттері, герпес вирустары, АИВ, хламидиялар, микоплазмалар, уреаплазмалар, трихомонадалар және химиотерапиялық препараттарға резистентті басқа микроб флораларына қатысты тиімді.



Тағайындалуы

Жараларды тазалауға арналған гель терінің мүйізденген жерлерін (қабыршақтарды), ластанған және созылмалы тері жараларын, тазалауға және ылғалдауға, таңғыштарды антисептикалық тазалауға, қатайған өңездерді алып тастауға, сондай-ақ жараның табиғи жазылуына ықпал етуге арналған.

Жараларды тазалауға арналған Октенилин гелін қолдану ауру сезімін тудырмайды. Гель аллергиясы барлар үшін жақсы көтерімді. Жараның жағымсыз иісі тез жоғалады.

Қолдану тәсілі

Октенилин гелімен тазалауға кіріспес бұрын, алдымен жараны жуып-шаю және оңай алынатын өңездерден тазарту қажет.

Сондай-ақ дәкені, компрестерді немесе басқа сіңіргіш материалдар немесе толтырғыштарды сулап, содан соң соны таңуға болады.

Жараларды тазалауға арналған Октенилин гелін жарада келесі таңғанға дейін 3 – 5 күн бойы қалдыруға болады. Келесі таңу қай уақытқа жоспарланғанына байланысты, Октенилин гелі түрлі мөлшерлерде жағылады.



  • Көп мөлшерде жағу: егер таңғыш тек бірнеше күннен кейін ауыстырылатын болса;

  • Азғантай мөлшері: келесі немесе сол күні таңылатын болса.

Осының арқасында жараның беткейі дымқыл күйінде қалады, бұл жараның жақсы тазаруына ықпал етеді. Жарадағы өңездер оңай алынады және келесі таңғанда алынып қалады.

Гельді терінің барлық өлі тіндері мен мүйізденген жерлері (қабыршақтары) алынғанша және таза екендігіне көз жеткенше қолдану қажет.



Жүктілік және лактация

Препарат теріге сіңіп кетпейді, сондықтан жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады.



Жас шамасын байланысты шектеулер

Жоқ. Сәбилер мен шала туылған балаларға қолдану үшін де жарамды.



Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған.



Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препараттың жекелеген компоненттеріне асқын сезімталдық.



Айрықша нұсқаулар

Жұтуға болмайды. Препараттың тінге қысыммен енгізілмегеніне көз жеткізу ұсынылады. Құю және инъекциялар жасау үшін пайдалануға болмайды. Жұтуға болмайды. Гиалиндік шеміршекке жағуға болмайды. Тек бүлінбеген түбекті ғана пайдалану керек.



Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында йод бар антисептиктермен пайдалануға болмайды.



Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.



Жарамдылық мерзімі

20 мл түбектегі гель - 3 жыл.

Түбекті ашқаннан кейін 6 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.



Шығарылу түрі

Жабық түпнұсқалық қаптамадағы 20 мл түбектегі стерильді гель.



Медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйымның атауы, заңды мекенжайы, өндірістің орналасқан мекенжайы

«Schülke & Mayr GmbH» компаниясы

Роберт-Кох Штрассе 2,

22851 Нордерштедт, Германия

Телефон: +49 (0) 40 521 00-0

Телефакс: +49 (0) 40 521 00-318



Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдайтын эксклюзивті дистрибьютор/ұйым

«Халықаралық Медициналық Сауда үйі» Компаниясы

050000 Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы

Мәуленов к-сі 61, 47 кеңсе



Телефон/Телефакс: +7 (727) 279-35-60

E-mail: mmtd@mail.ru; Website: www.mmtd.kz


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет