Қырғыз халқының «Манас» жыры (қазақ әдебиетінде зерттелуі) Мазмұны І кіріспе



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/3
Дата25.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
түріДиплом
  1   2   3
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Қырғыз халқының «Манас» жыры (қазақ әдебиетінде зерттелуі)
Мазмұны
І Кіріспе

1) «Манас» жыры туралы мағлұмат..................................................................3-5


2. Негізгі бөлім

2.1) «Манас» жырының әлемдік және түркілік деңгейде зерттелуі ..............6-25

2.2) «Манас» жыры-батырлық символы.........................................................26-40

2.3) «Семетей» жыры – ата мекен туралы лирикалық жыр.........................41-55

2.4) «Сейтек» жыры – заман тынысына қарай ерекшеленген жыр..............56-67
ІІІ Қорытынды


  1. Бағзыдан жеткен – баба жыр................................................................68-69


ІV Әдебиеттер..................................................................................................70-71

І Кіріспе

Орта Азия мен қырғыз халықтарының аса бай эпостық мұрасының ішінде өзінің көлемімен де, көркемдігімен де, тарихи дерегімен де ерекше тұлғаланып тұратын жырдың бірі – «Манас». Қырғыз халқы өмірінің ғасырлар бойындағы елеулі оқиғаларының көркемдік шежіресі, дәуірлер ақиқатының жаңғырығы тәрізді эпопея – «Манастың» бүтін бітімін де, жеке бөлшектерінде сөз ету, зерттеу таразысына салу ғалымдар үшін аса қастерлі көркем ескерткіштің қасиетін жан-жақты ашу тарихтың да, мәдениеттің де алуан мәселелерін тануға көмектеседі, бұрынғы өткен бұлдыр заманның сырларын тануға көмектеседі, бұрынғы өткен бұлдыр заманның сырларын ашуға септеседі. «Манас» сынды әлемдік даңққа ие болған бірегей туындыны тексеру ғылымының көп саласын қамтитын білімпаздардың бірлесе күш қосуын қажет етеді. Бұл эпопея әдебиетшіні де, тілшіні де, этнографты да, тарихшыны да, экономисті де, заңгерді де бірдей қызықтырып жүргені осыдан.



Диплом жұмысының өзектілігі –қырғыз халқының «Манас» жыры (Қазақ әдебиетінде зерттелуі). Әлемдік даңққа ие. «Манас» жыры – кең көлемді эпикалық жыр. Қазіргі таңға дейін «Манас» жырын жан-жақты қарастырып, талдадық, зерттедік дей алмаймыз. Әлі де бұл, үлкен эпопея жүйелі түрде зерттеуді қажет етіп өзекті тақырып болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Қырғыз халқының«Манас» эпосы – адамзаттық рухани ұлы мұрасының бірі екендігін дәлелдей отырып, оның мәдениет төріндегі орнын айшықтап, эпостық құндылығын жанын салып қорғаған төл ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйене отырып, заман тынысына қарай ерекшеленген жыр екендігін көрсету. Алдымызға қойған мақсатымызды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойдық:

1. Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1961 жылы Алматыда жарық көрген «Манастың» төрт кітабымен толық танысып, басқа батырлық жырлармен салыстыру.

2. Қазақ әдебиетіндегі Ш.Уәлиханов пен М.Әуезов бастаған зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қарастырып, бір-бірімен салыстыру.

3. «Манас» трилогиясында байланысты жинақталған материалдар бойынша таңдаған тақырыбымызға сай диплом жұмысын жазу.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Осы алға қойған міндеттерімізді, шешу барысында ғылыми зерттеу әдісін пайдаландық.

1. «Манас» жырына ұқсас басқа батырлық жырларды салыстыра отырып талдау, яғни салыстырмалы талдау әдісі.

2. Осы жасалған талдауымызға байланысты өзімше тұжырым, қорытындылар жасап отыру.

3. «Манас» жырына байланысты деректерден ғылыми-зерттеу еңбектерінен алынған үзінділерді ой тұжырымызды дәлелдеу мақсатында пайдаланып отыру.

Диплом жұмысымыздың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысымызда «Манас» жырының зерттелу тарихында қазақ ғалымдарының қосқан үлесін жүйелі түрде көрсетіп, «Манас» жыры тарауларының заман тынысына қарай ерекшеленген, өзінің көлемімен де, көркемдігімен де, тарихи дерегімен де ерекше тұлғаланып тұратын жыр екендігін ғылым әлеміне таныту. «Манас» жырына көркем әдеби талдау жасап, қазақ әдебиетінде жырдың өзіндік құндылығын көрсеттік. Бұл бұрын соңды аз қарастырылған тақырып.

Диплом жұмыстың объектісі мен материалдары. Жұмыстың негізгі объектісі - «Манас» жыры. «Манас» - ауыз әдебиетінің шеберлері жасаған ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан рухани мұрамыз екендігін дәлелдеу.

«Манас» жырының төрт кітабын, М.Әуезовтің, Ш.Уәлихановтың «Манас» жайлы зерттеулерін қарастырдық. Ал, Р.Бердібаевтың «Манас» және «Қазақтың эпикалық дәстүрі» еңбегіндегі басқа түркі халықтарының эпостарымен салыстырулары назарға алынды. Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаевтың, Нариман Мұхамедұлының, Р.Бердібаевтың «Манас» дастанының мың жылдығына арналған мақалаларын, орыс түркітанушы ғалымдары В.М.Жирмунский (Новые материалы о Киргизском эпосе «Манасе»), П.М. Мелиоранский, Ф.Е.Корш, Б.Смирнов, В.В.Радлов, В.Моркын, В.Полоский еңбектерін, оған қосымша Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарды пайдаландық.



Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, және төрт тараудан тұрады. Оған қоса пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша материалдар бірелген. Әр тараудың соңынан қорытындылар, ал соңғы тараудан негізгі қорытынды беріледі.

Кіріспеде «Манас» жырын зерттеудің қажеттілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, маңыздылығы, зерттеу әдісі, негізгі материалдары, ғылыми жаңалығы, құрылымы жайлы айтылған.

Негізгі бөлімде «Манас» жырының тарауларына арнайы тоқталып, талдап, ол туралы ғылыми пікірлер мен зерттеулерге сүйеніп, «Манас» трилогиясының әлем әдебиетіне, мәдени өмірімізге қосатын құнды да, қажетті рухани мұра екендігін дәлелдеу. Бұған байланысты материалдарды жан-жақты талдап қарастыра отырып, диплом жұмысымызды мынадай тақырыптарға топтай отырып қарастыруды жөн деп таптық.

1) «Манас» жырының әлемдік және түркілік деңгейде зерттелуі

2) «Манас» жыры - батырлық символы.

3) «Семетей» жыры - ата-мекен туралы лирикалық жыр.

4) «Сейтек» жыры - заман тынысына қарай ерекшеленген жыр.

«Манас» жыры – кез келген классикалық эпос тәрізді көп заманның, түрлі наным, сенімдерінің, талай дәуірдің шындығын өзгеше сыйымды жинақтай алған туындыларының бірі. Сондықтан да «Манас» жыры тек қырғыз халқының еншісіне енгізбей, бүкіл түркі халықтарына ортақ әдеби мұра деуімізге болады. «Манас» жырына ғылыми талдау жасап, қолымыздан келгенше, төл ғалымдарымыздың еңбегін бағалап, «Манас» жырын зерттеуге өз үлесімізді қоссақ деген ниеттеміз.




ІІ Негізгі бөлім

2.1. «Манас» жырының әлемдік және түркілік деңгейде зерттелуі.

Қырғыз халқының «Манас» эпосы – адамзаттың рухани ұлы мұрасының бірі. Осынау ғажайып мұраны зерттеу ісіне қазақ ғалымдары да өлшеусіз үлес қосты. Әкімшілік - әміршіл жүйенің озбыр саясаты тұсында «Манас» эпосының тағдыры талқыға да түскені белгілі. Елдік намыс сарапқа салынған осындай тар кезеңде М.Әуезов қырғыз халқы тудырған мәңгі өлмес, мәңгі өшпес рухани ескерткіші «Манастың» мәдениет төріндегі орнын айшықтан, эпостық құндылығын дәлелдеп, жанын салып қорғап қалған болатын. Ол туралы Ш. Айтматовтың: «Мұхтар Әуезовті қырғыздар аса зор құрметпен өзіміздің туған перзентіміз деп таниды. Біз Әуезовтің көзі тірісінде солай дейтінбіз, қазір де солай дейміз. Халқымыздың мұншалық қалтқысыз құрметі Мұхтар Әуезов - «Манас» эпосының асқан білгірі және зерттеушісі, немесе қырғыз әдебиетшілерінің досы және ұстазы болғандықтан ғана емес. Қазақ пен қырғыздың домбыраның қос ішегі секілді өз ара жақын және үндес,...біз кешкен тағдырлар, біз өткен жолдар, біз кешкен тұрмыс-тіршілік әрқашан біртұтас: өткенде де бірдей еді, қазіргісі де бірдей1 - деген жазушының жүрек тебірентер жылы лебізі М.Әуезовке арналған зор құрметтің белгісі. Оның өзіндік себебі де бар. 1952 жылы 14 шілде күні Бішкек (бұрынғы Фрунзе) қаласында «Манас» эпосын талқылауға арналған ғылыми конференция өткен. «Манас» эпосының тағдыры талқығы түскен осы жиын қырғыз халқының жүрегіне үміт пен күдік ұялатты. Өйтпегенде ше: Мыңдаған жыл қырғыз халқының ақыл ойымен астасқан эпостан айырылу – аспандағы күні қараңғы тарқанмен бірдей еді. Елдік намыс пен білім сарапқа түскенде М.Әуезовтің жан салып «Манас» эпосын қорғауын қырғыз халқы қалай ұмытсын. Пікіріміз дәлелді болу үшін мұрағат дерегіне үңіліп көрейік: А.Джакишев сол мәжілістегі өзінің қорытынды сөзінде: «...Мне кажется, одним из ведущих выступлений было выступление тов.Ауэзова, лауреата Государственной премии. Академик Ауэзов, в отличие от других наших товарищей, пошел по другому пути. Если которые наши товарищи выступая вырывали из текста или отрицательные или положительные стороны и стремились доказать, что «Манас» народен или не народен, то тов. Ауэзов обобщая очень важные моменты изучения эпоса «Манас». Он подошел к эпосу в целом в практической части, заключив, что из эпоса «Манас» можно создат свободные варианты, и зачитал ряд практических предложений, с основными практическими предложениями тов. Ауэзова я согласен»2. (архив А.Н Кыргызстана. Сборник стенограмм. ІІІ том, 1952 г. 679 стр) Осы деректің өзі-ақ талай нәрсені аңғартады.

Әуезов әр халықтың өзі жасаған, өлмейтін-өшпейтін рухани ескерткіші бар, қырғыз елі үшін солардың бірегейі «Манас» екеніне жиналған ғұламалардың көзін жеткізген.

Одан кейін академик Ә.Марғұлан да осы мұра туралы жеке еңбектер жазды. «Манасты» тұңғыш зерттеген Шоқан Уәлиханов жайында кеңінен сөз етті. «Манас» эпосы туралы басқа да көрнекті қазақ ғалымдары қалам тербеді.

Төскейде малы, төсекте басы қосылған бауырлас қырғыз халқының әлемді тамсандырған «Манас» эпосы – тарих заманынан таулы Азия қыратында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жеткен қызықты жыр,қырғыз халқының айтулы мұрасы.

Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдеби дастанының белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан Уәлиханов еді. Бірақ Шоқан жазып алған «Манас» жырының қырғызша мәтіні көп замандар ғылымға белгісіз болып жатты. Бұл нұсқаны жарыққа шығаруды Шығыс әдебиетін зерттеуші ғалымдардың талайы талап еткен еді, алайда, өкінішке орай, оның сәті түспеді. Өйткені Шоқан нұсқасы көп заман қою тұман астына батып, ұшты – күйлі жоқ болды. Шоқанның еңбектерін бірінші рет баспаға дайындаған – Н.И. Веселовский, 1902 жылы 21 наурыз күні, Археология қоғамының Шығыс бөлімі мәжілісінде ғалымдарды Шоқанның «Манас» жырын аударған үзіндісімен таныстырып, жырдың қырғыз мәтінінің жоғалып кеткеніне қатты күйзелген болатын «Көкетай ханның ертегісі» деп аталатын бұл жырды тегінде Шоқан түгел аудармаған және бұл аударманың өзін Р.Н.Потанин болмағанда табу оңай емес еді. Аударма Шоқанның ескі досы К.К. Гутовскийдің үйінен табылады. «Көкетай ханның асы» деп аталатын бұл үзінді аудармасын Н.И. Веселовский қысқаша түсініктермен Шығыс бөлімінің журналында жариялайды. Одан кейін Шоқанның аудармасы баспадан бірнеше рет жарияланып, Шығыс, Еуропа ғалымдары «Манас» жырымен ең алғаш осы арқылы танысты.

«Манас» жырының Шоқан жазып алған нұсқасын табуға себепкер болған Шоқанның замандас досы, белгілі татар ғалымы Хұсаин Фаизхановтың Шоқанға жазған хаттары болған.

Мақалалары мен зерттеулерінің арасында Шоқан Уәлиханов «Манас» тақырыбына жиырма шақты рет арнайы тоқталып, сөз еткені мәлім. Солардың басы құралып келгенде Манастанудың алғашқы айрықша бағалы тарауы келіп шығады. Ғалым «Манас» мәселесіне өзінің «Қырғыздар туралы жазбалар» деген еңбегінде неғұрлым көбірек назар аударған. Сондай-ақ зерттеуші» Ыстықкөлге 1856 жылғы сапар күнделігінде», «Оңтүстік Сібір рулары тарихынан жазбалар» атты очерктерінде де бұл жырдың тарихына, таралу, сақталу жағдайына мән бере қарайды. Осылардың әрқайсысында «Манастың» генезисі, эволюциясы, тарихи шындыққа қатысы жөнінде күрделі ойларын тізеді.

Жырдың мазмұндық, тілдік келбетіне терең бойлаған ғалым оның «тым ертеде пайда болғанын» алдымен атап өтеді. Бұдан кейін ол талдауын «бұл поэманың негізгі тақырыбы – ноғайлы елінің мырзасы Манас батырдың ерлік істерін баян ету. Бұл дастанда қырғыздардың өзі де және қазақтар да ноғайлылармен тату болып, көрші отырған екі ел болғанымен, әр қайсысы өз алдына дербес халық ретінде көрсетіледі» деп жалғастырады.

«Манас» сынды ересен көлемді әрі көркем жырдың ұлы желісін анықтап тексеруге, ондағы оқиғалар жүйесін, түрлі дәуірлердің «қабаттарын» аңғаруға көп уақыт керек. Эпостың бір бөлімінің өзін жыршылар бірнеше түнде айтып тауыса алмайтын болғаны да белгілі. Ендеше Шоқанның Қырғызстанда болған санаулы күндерінде осыншама орасан зор материалды меңгеріп алуы қайран қаларлық көрініс демеске болмайды. Осыған қарағанда ғалым «Манас» жырының мән-жайына тек бірер сапар кезінде ғана емес, басқа уақыттарда да қызыққан секілді. Ол жыршылармен ғана емес, ұқпа құлақ қариялармен де, шежірешілермен де көп кеңескенге ұқсайды. Соның арқасында «Манастың» бітіміне қатысты аса маңызды проблемалардың көбін Шоқан өз зертеулерінде қадап көрсете де алған. Дастанның бойында әрі ескі, әрі жаңа қабаттардың аралас келіп отыруын, жалпы алғанда, мұнда қырғыз халқының тарихи естелігі көрініс бергенін ғалым тамаша тұжырымдап береді. «Бұл өзі эпостық дастан болғанымен де, сірә кешірек шыққан болу керек... Кейінгі кездерде оған қосымша өзгерістер енгізілгені айқын көрінеді, бірақ сөйтсе де, бұл дала эпосын өздерінің ерекше сүйіп, ардақтауына қарағанда оның өзекті желісі немесе негізі, әрине, қырғыз халқының сүйікті естеліктеріне құрылған».

Эпикалық дәстүрі жағынан қырғыз жырлары қазақ, ноғай дастандармен өте тығыз байланысты, көп ретте бұл шығармаларда осы халықтардың бәріне ортақ қаһармандар араласып жүретініне Шоқан терең талдаулар жасайды, осы халықтардың көркемдік мұрасындағы ортақ желілер мен сарындарды сан рет ұғындырады. «Манас» сынды эпопеяның қадір-қасиетін ашардан бұрын эпос, аңыз табиғаты туралы салыстырулар жүргізеді.

Шоқанның «Манасқа» берген классикалық анықтамасы жырдың тұлғасын тереңдеп танудан туған нағыз ғылыми тұжырым болып есептеледі. Қырғыз эпосы жөнінде, міне, бір ғасырдан артық уақыт бойында түрлі елдердің зерттеушілері өз тұжырымдарын білдіріп келеді, жыр жайында қаншама орнықты ойлар айтылған. Бірақ «Манасқа» Шоқан жасаған сипаттамадан асырып ешкім айта алған жоқ.

«Алатау» қырғыздарының поэзиялық ең басты және жалғыз десе де болғандай данышпандық халық шығармасы Манас туралы дастан екені күмәнсіз. «Манас» - бір кезеңге және бір адамның – Манас батырдың – төңірегіне топтастырылған барша халық ертегілерінің хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы. «Манас» - бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық шығармашылығының жемісі, дала Илиадасы десе болғандай» дейді. Шоқан. Осыншама терең, кемел сипаттаманың бір сөзіне ғана түсінік бере кетуге тура келеді. Ол «Манасты» қырғыздың бірден-бір жыры деген тұжырым. Кейінгі кезде қырғыз халқының «Манастан» басқа да жырлары мәлім болды. Олар да зерттеу тақырыбына айналды. Бірақ Шоқан Қырғыз жерінде болған шағын уақыт ішінде ондай жырларды естімеуі әбден мүмкін. Ол кез былай тұрсын қазірдің өзінде де арнаулы фольклоршы мамандар болмаса, елдің көбі қырғыздардың «Манастан» өзге жырларын біле бермейді, ұлы эпопеяның даңқы көп жағдайда өзге шығармаларды таса қалдырып отырады.

Жырдың генезисіне қатысты қазақ ғалымының болжамы өзгеше мәнді болып көрінеді. Ол «Манастың» оқиғалық сүйегі бұрын ел арасында ауызша қарасөз әңгіме түрінде айтылып келіп, кейінгі замандарда ғана жырға айналған болуы мүмкін деп есептейді. Жырдың құрылысына қосымшаларда осындай ретпен бірте-бірте енген даму заңдылықтары туралы ең алғашқы ғылыми күрделі ойлар болып табылады.

Шоқанның «Манас» жырының жеке тараулары, қаһармандары туралы мінездемелерінде де көңіл бөлерлік пікір мол. Әсіресе, ол жырдың бас қаһарманы – Манастың іс-әрекеттері мен жорықтарының сипатына басымырақ тоқталады, оның кейбір істеріне сын көзімен де қарайды. Бірақ олардың қай-қайсысы да, түптеп келгенде, ғалымның эпосқа берген жоғары бағасына қайшы келмейді.

Зерттеуші жыр қаһарманы Манастың жас кезінен батырлық көрсете бастағанын, жыл санап емес, күн санап өскенін, эпикалық туындыларға тән белгі деп қарайды, оның ерлік пен шайқасқа үйренулерін, жауларымен көп соғыстарын, жасынан әке ырқына қиғаш келіп, өз дегенін істетіп үйренгенін атап өтеді.

Ғалым «Манастың» бірнеше өзгешелігіне айрықша ден қояды.

Ең алдымен оны жырдың төгілген тілі, сөз, теңеу айшықтары, түйдек-түйдек сұлу кестелері қызықтырады. Халық мұрасынан елдің нағыз рухын көргісі келетін Шоқанға бұл тамаша құбылыс болып елестейді.

Екіншіден, бұл эпостағы жер атауларының қырғыз шындығына қайшылықсыз дәл келетініне мән береді. Түрлі халықтардың тарихи мекеніне дейін жырда анық көрсетілетініне зерттеуші таң қалады. Мәселен, ол қырғыздың, қазақтың, қалмақтың, ноғайлының көшіп-қонып жүрген жерлерінің атаулары жырда ақиқақатқа сай берілгенін жоғары бағалайды. Мұны да Шоқанның негізгі ғылыми концепциясына - ауыз әдебиеті шығармаларынан өмір шындығын неғұрлым молырақ іздегісі, тапқысы келетін аңсарына – байланысты деп түсінуіміз керек.

Ақырында ғалым жырдың ең құнды қасиеті қатарында онда халықтың әдет-ғұрып салт-санасының, наным-сенімінің мейлінше жан-жақты суреттелгенін, оның жаратылыс, тағдыр, болып өткен оқиғалар туралы түсінігінің кең сипатталғанын атайды. Тарихи шындықты өз заңдылығына сәйкес көркемдеп жинақтайтын эпостың тағы да бір қырына Шоқан назар аударады. Ол қандай аламантасыр, алмағайып қақтығыс, соқтығыстарды да, шапқыншылық тұстарында да қазақ, қырғыз және ноғайлының мақсаты бір туыс, тату елдер болып бейнеленіп отыратын. Көрші жатқан, төсекте басы, төскейде малы қосылған, құдандалы, тарихы да, тағдыры да ұқсас қазақ пен қырғыз халықтарының замандар бойындағы ынтымағы мен достығы қиын кездерде бір-біріне қол ұщын беруге даяр тұрған жақындығы эпоста да із қалдырғанын Ш.Уәлиханов айрықша маңызды құбылыс деп атап өтуді лайық көрген.

«Жоңғария очерктері» деген аса әйгілі еңбегінде Ш.Уәлиханов «Манас» туралы талдауларын жалғастыра түседі. Бұл тұста зерттеуші жалпы жыр жанрының қырғыздарда, қазақтарда, көшпелі өзбектерде және ноғайларда ұқсастығына тоқталады. «Ноғай» деген атау Орта Азияның түркі тілінде сөйлейтін халықтарының ортақ есімі болғанына анықтық енгізеді. Осылардың бірінде айтылып келген аңыз, ертегі екіншілеріне оңай ауысып отыру заңдылығына мысалдар келтіреді. Бұл еңбегінде Шоқан «Манас» жырының жалғасы болып табылатын «Семетей» туралы да сөз қозғайды, оны «Қырғыз Одиссеясы» деп сипаттайды. Манас батырдың жырда берілген мінездемесін орысшаға сөзбе-сөз аударып таныстырады, оның Қараханның қызы Қаныкейге үйлену тарихын баян етеді. Жыр қаһарманы Манастың кейбір әрекеттерін құптамайтынын білдіре отырса да, зерттеуші эпостың жалпы тұлғасына қарап, батырдың ісі халық үшін қажетті болғанын мойындайды, оның әлсіздердің қорғаны болғанын, жауларымен соғысып, Жоңғария жерінде ерлік іздерін қалдырғанын айтады. Қырғыздар, Үрімші маңындағы Манас атты қаланы өз батырының есімінен шыққан деп сенетінін мәлімдейді.

Бұдан кейін Шоқан «Манас» жырының ең әсем бөліктерінің бірі «Көкетай ханның асы» тарауын қысқаша мазмұндайды, мұны эпостық ғажайып эпизодтарының бірі деп бағалайды. Көкетайдың асы кезінде қалмақтардың астамшылық көрсеткеніне шыдай алмай қырғыз батырларының атой салғандықтары, ең мықты деген дұшпандары Жолай мен Қоңысбайдың осындай ұрыс кезінде өлтірілгені, ақырында жау қолынан Манастың да мерт болғаны жайында мағлұмат келтіреді.

Өзі жазып алған жыр үзіндісін «Қағаз бетіне түскен алғашқы қырғыз сөздері болар» дей келіп, Шоқан осы эпостың түсінуі қиын атаулары мен ұғымдарының сөздігін жасағанын да хабарлайды. Сөздікті ол шығыстанушылар – ориенталистер үшін жасадым дейді.

Шоқан мен В.В. Радловтан бұрын «Манас» жыры Еуропа әдебиетінде мүлде белгісіз болатын. Оның қысқаша мазмұнын ең алғаш қағаз бетіне түсіріп кеткен ХVІ ғасырдың бас кезінде Ферғанада жасаған Сейфуддин Аксикенти еді.3 Бірақ Сейфуддиннің жазғандары Орта Азия халықтарының әдебиетіне кеңінен тарамай, сол дәуірдің өзінде белгісіз болып қалып қойған. Ол «Манас» жырын бірінші рет қағаз бетіне түсіріп, оның қандай мазмұнда айтылғанын болжап кеткен кісі. Бірақ Сейфуддин дәуірінен ХІХ ғасырдың ортасына дейін, көп заман өтіп (3,5 ғасыр), «Манас» жыры мәдениет дүниесінде бүтіндей белгісіз болып келген. Бұл жырды бірінші жарыққа шығарып, оны ғылымның игілігі еткен – Шоқан, одан кейін бар өмірін түркі тілдес елдердің әдебиеті мен тілдерін зерттеуге жұмсап, жойқын еңбек қалдырған қадірлі ғалым академик В.В. Радлов. «Манас» жырын зерттеуші ғалымдар бір ғасыр бойы екі саңлақты бетіне ұстап, олардың еңбектеріне сүйеніп келді, әлі де сүйенбекші.

Қырғыз тілінің ерекшелігіне қатты көңіл қойып, В.В.Радловтың аудармасына зор мән берген оқымыстылардың бірі –түрік тілдерін зерттеуші француз ғалымы Паве де Куртеиль. Бұл кісі «Манас» жырының мазмұнына тоқтай келіп, ең алдымен онда ислам дінінің әсері мен ескі тәңіріне табынушылық жасау жосықтары қосылып бірге жүргенін айтады. Паве де Куртеильдің түсінуінше, көшпелі елдер жырына тән нәрсе аңшылық суреті.

Сонымен байланысты тұлпар атты, сұңқар құсты, жүйрік тазыны қадірлеу. Бұл үшеуі де алып ердің досы, Манас өлгенде оның ақ-құла тұлпары, ақ сұңқары, құмай тазысы иесін кісіден артық жоқтайды, - дейді Француз ғалымы. Куртеильдің көзқарастары Кембридж университетінің профессорлары Чэдивктерге де өзінің әсерін тигізген. Олардың ойынша да «Манас» жыры көбінесе тағылықта өскен қауымның суреті. Онда егіншіліктің өнершілдіктің сілемі бүтіндей жоқ.

«Манас» жырын зерттеуге В.М.Жирмунский, Н.Богданов секілді көрнекті ғалымдар ат салысты. Әсіресе, В.М. Жирмунскийдің «Тюркский героический эпос» (1974) деп аталған монографиясына енген «Манас» туралы тарау өзінің талдау тереңдігімен ерекшеленеді.

Қазақ пен қырғыз халқының ерлік жырына көңіл бөліп, оның тарихи негізін ашуға тырысқан кісінің бірі П.М. Мелиоранский4 «Манас» жырының түріне, оның поэтикалық қасиетіне бірінші көз салған ғалым Ф.Е. Корш5

«Манас» жырынан бір үзіндіні «Нарынқол» төңірегін мекендейтін бір кісіден Мадияр ғалымы Альмаши жазып алып, оны «Манастың баласы Семетеймен қоштасқаны» деген атпен Мадияр журналында бастырып шығырады. Бұл жырға берген кіріспе сөз бойынша Альмашидің «Манас» жырымен бірталай жақсы танысқаны байқалады. Сол кездегі дәстүр бойынша Манастың негізі тарауы 20 мың жол. «Семетей» мен «Сейтек» 30 мың жол. Бірақ қайталау өте көп деп жазады. Кіріспе сөзінде Альмаши бірнеше жаңа, дұрыс ойлар айтқан. Жырдын жазба түрінде сақталмай, көп жыршылар тобының ауызша айтуы арқылы халық ортасында даңқты болуын сөз етеді.

«Манас» - шын мағынасында халықтың ерлік жыры. Бірақ ісләм әсерімен күшті боялған», деген қорытынды шығарады.

Қазақ пен қырғыз халқының әдебиет мұраларын, оның ішінде «Манас» жырын жинауға бірталай үлес қосқан татар мұғалімдері болды. Олардың ішінен ең алғаш жинаушылар қатарында Бахтияр Абдул – Уахабты көрсетуге болады. 1889 жылы бұл кісі қазақ пен қырғыз халқын кең аралап, олардың айтуынан көптеген қызықты ертегі, жыр, тақпақ, нақыл сөздер жазып алады. Бахтиярдың жазғандарынан «Манас» жырын зерттеуге көмекші болғандары «насихат», өсиет өлеңдер» болмаса «керәәз». Бұл соңғы жырлар Көкетай мен Манастың өсиет сөздерімен тығыз ұштасып жатады.6

Ә. Диваевтың кеңесі бойынша, төңкерістен бұрын «Манас» жырын жазып алуға шұғыл кіріскен кісінің бірі–Қаюм Мифтах. Ол көптеген жыл бойы ауруды, шаршауды керек қылмай, «Манас» жырының толық түрін жазып алуды өзіне мақсат етіп қойып, он үш мың беттік қолжазба тізеді.

Төңкерістен кейін (1922) Қаюм өзі жиған байтақ қазыналарын баспадан шығаруды мақсат етіп, қырғыздардың халық ағарту Комиссариатына ұсыныс жасайды, жиған халық әдебиет мұралары туралы «Жетісу» өлкесін зерттейтін қауымда ашық баяндама жасайды. Тегінде Мифтахтың талабы осымен біткен болу керек.

Өйткені әдебиет жүзінде оның жиған «Манас» жыры жиырмасыншы жылдары баспадан шыққаны бізге бүтіндей белгісіз.

1903 жылы «Манас» жырының бір тарауы «Семетейден» бір үзіндіні Пішпек уезінен география қоғамының Алатау қырғыздарын зерттеуге шығарған арнаулы экспедициясының ғылыми қызметкері А.Г.Белинский жазып алады. Ол «Манас» жырынан бірнеше үзінді, оның ішінде «Семетей» жырының арабша мәтінін жаздырып алып, олардың орысша транскрипциясын жасайды және орысшаға аударады. Тегінде айтқан жырды олар ғылыми түрде баспаға дайындаған болу керек. Бірақ мұның неге іске аспағаны, және А.Г.Белинскийдің тағдыры да не болғаны бізге мәлім емес. Жалғыз – ақ оның аудармасы суретші В.В.Смирновтың кітабында басылып шығады7.

1961 жылы Қызыл Су аймағындағы қырғыздар арасынан «Манас» жырының 120 мың жолдық нұсқасы жазылып алынған. «Манас» жыры 1942 жылы Кембридж сериясымен шыққан еді. 1960 жылы бірталай өзгертіліп, ғалым В.М.Жирмунскийдің қатынасуымен жаңадан толықтырылып шығарылды. «Манас» жырын терең зерттеуші ғалымдардың бірі Лондон университетінің профессоры А.Т.Хатто. Бұл ғалым ШУәлиханов, В.В. Радловтың версияларын тәптіштей зерттеп, оның үстіне Бодли (Кембридж) кітапханасындағы Британ музейіндегі, Гография қоғамындағы, Лондон университетіндегі түрік тілдес халықтардың қолжазбаларын ақтару нәтижесінде «Манас» жырын биік ғылым сатысында зерттеп, ондағы эпизодтардың, геройлардың тарихи бейнесін анықтауды өзіне міндет етіп қойған. Ол кісінің зерттеуі төрт бөлімнен құралады.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет