«Іс жүргізу құжаттарының өндірісі»



бет1/7
Дата17.05.2020
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ОӘК 042-18-20.1.119/02-2015

№1 басылым


беттің беті - -еттің -ші







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-20.1.119/02-2015

«Іс жүргізу құжаттарының өндірісі» пәнінің оқу әдістемелік кешені

№1 басылым

2015 ж




«Іс жүргізу құжаттарының өндірісі»
«5В030100»- құқықтану мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


СЕМЕЙ, 2015


Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1.Глоссарий

«Әкімшілік тұтқындау» Әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза ;оны 15 тәуліктік мерзімге шейін

«Залалды өтеу»Еңбек құқығында қызметкердің кәсіпорынға (мекемеге) шектірілген залалдың орнын заңмен белгіленген шекте және тәртіпте толтыру міндеттілігі.Осы залал үшін тәртіптік немесе өзгелей жауапкершілікке тартылған-тартылмағынына қарамастан қызметкер оның орнын толтыруға тиіс.

«Талап» Нұқсан келтірілген немесе даулы құқыларды немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың заңи құралы.Азаматтық істе талапты белгіленген заңдық тәртіппен кез келген мүдделі тұлға қоя алады.

«Жеке тұлға» Көптеген елдердің азаматтық низамында-азаматтық құқықтың субьектісі ретіндегі жеке адам ,осының өзі –оның ұжымдық құрлым (ұйым)

«Заңды тұлға»Азаматтардың құқықтың субьектісі меншік шаруашылығын жүргізуі немесе оперативті басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүліктпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ,өз атынан мүліктік және жеке бей мүліктік құқылар мен міндеттерге ие болып , оларды жүзеге асыра алатын ,сотта ,арбитражда және төрелік сотта талапкер де жауапкер де бола алатын ұйым.

«Теріс қылық» Нақты бір мемлекеттің заңы боынша тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілік арқалайтын құқық бұзушылықты білдіретін жинақтаушы атау.

"сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот; 


     "бiрiншi сатыдағы сот" - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот; 
"апелляциялық саты" - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын екiншi сатыдағы сот; 
   «қадағалау сатысы" - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағымы, наразылығы бойынша iстi қадағалау тәртiбiнде қарайтын сот; 

"судья" - сот билiгiнiң иесi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесi немесе тиiстi соттың басқа да судьясы);  "төрағалық етушi" - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;


     алқаби - соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы; 
    «басты сот талқылауы" - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы; 
   "процеске қатысушылар" - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi; 
     "қылмыстық процестi жүргiзушi орган" - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 
     "тараптар" - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар; 
     "айыптау тарабы" - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi; 
"қылмыстық iзге түсу (айыптау)" - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi; 
"қылмыстық iзге түсу органдары" – прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 
    "анықтау" - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны; 
   "алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру") - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны; ) "тергеуде болу" - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы; 
    "қорғану тарабы" - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi; 
   "қорғау" - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi; 
    "мәлiмдеушi" - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам; 
   "өкiлдер" - заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар; 

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

1 тақырып.Іс жүргізу құқығы түсінігі және маңызы

1.Іс жүргізу құқығы түсінігі және ұғымы

2.Іс жүргізудің алатын орны және түрлері

1.Іс жүргізу – бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін жасалатындәйекті іс-әрекеттердің жиынтығы; қандай да бір қызметті жүзеге асырудың тәртібі (мысалы, заң шығару, бюджет, жерге орналастыру, т.б. туралы).

Атқарушы билік іс жүзінде атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әр түрлі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады,олардың заңдық мазмұны әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын қолдану болып табылады. Бұл ол сияқты қызметтің прцессуалдық нысаны болатынын білдіреді, соның шегінде норманың диспозициясында көрініс табатын мақсаттарға, яғни тиісті мінез-құлық ережелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік-басқарушылық қызметке байланысты әкімшілік іс жүргізу туралы айтуға болады. Оның мазмұны мемлекеттік-құқықтық нормалармен қаралған санкцияларды орындауды қамтамасыз ету жолымен атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын заңдық биліктік түрде іске асырудан тұрады. Демек, тиісті атқарушы органдар (лауазымды адамдар), мемлекеттік –басқарушылық қызметті атқара отырып, құқық қолдану және құқық қорғау сипаты бар әкімшілік-процессуалдық іс-әрекеттер жасайды. Сондықтан атқарушы биліктің іс-қимыл жасауын түсіну үшін әкімшілік-процессуалдық қызмет өзінің нысандары және әдістерімен ерекше маңызды.

Жалпы белгілі, дәстүрлі заңдық мағынада «процесс» ұғымын, қағида бойынша, нақты қылмыстық, азаматтық, еңбек және басқа істерді қарап, шешу туралы сот органдарының қызметімен байланыстырады (қылмыстық және азаматтық процесс). Әлбетте, процесс мұндай ұғымында тек құқық қорғау қызметіне тіркеледі, ол сот юрисдикциясы ретінде белгіленеді. Оның негізіне – материалдық қылмыстық және азаматтық құқықтың талаптарынан ауытқуға құқықтың осы салаларының нормаларында қаралған санкцияларды қолдану жолымен соттың көңіл аударуы (реакциясы) жатады.

Мемлекеттік-басқарушылық қызмет негізінен жағымдысипаты бар міндеттерді шешуге арналған. Юрисдикция оның мазмұнын айқындайтын белгі болып табылмайды. Дегенмен де процессуалдық элементтер оған да тән.

Әкімшілік-процессуалдық қызметті түсінудің екі түрі бар. Біріншіден, оны кейде кең көлемде қарайды, яғни мемлекеттік-басқарушылық қызметтің өзі әкімшілік процестің көрінісі ретінде түсініледі. Екіншіден, тар мағынада оны тек материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне ғана тіркейді. Бұл оны соттық іс жүргізу, яғни юрисдикциялық қызметімен жақындастырады.

Әкімшілік процесті сипаттаған кезде осы екі жағдайды да басшылыққа алуға болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі жылдары бірнеше аса маңызды әкімшілік-процессуалдық заңнамалар қабылдап, пайдалануға қосты. Қазіргі кезде басқарушылық қызметтің көптеген маңызды мәселелерін жеткілікті түрде реттейтін заңнамалық актілер бар (мысалы, әкімшілік рәсімдер, рұқсат беру, тіркеу туралы т.с.с.).

Ал әкімшілік-прцессуалдық қызметті тар, яғни юрисдикциялық мағынасында алатын болсақ, ол да негізінен жеткілікті түрде бірізді регламенттелген. Бұл жерде мыналар, мысалы, ӘҚБтҚ тәртіптік іс жүргізуді, азаматтардың шағымдарын қарап, шешуді реттейтін нолрмалар т.с.с. еске алнып отыр.

Сонымен, әкімшілік-іс жүргізу рәсімі оның екі көрінісінен құралады.

а) әкімшілік-рәсімдеулік. Оның мазмұнын атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік-құқықтық нормалармен белгіленген әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі өкім етушілік іс-әрекеттері құрайды (мысалы, рұқсат беру, тіркеу және өзге де функциялармен өкілеттіктерді іске асыру).

ә) әкімшілік-юрисдикциялық. Оның мазмұны – атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) юрисдикциялық қызметті атқару тәртібімен құқық қорғау функциясын жүзеге асыру.

2.Бұл екі түрді жақындататын жағдай, олардың нәтижесінде жеке-дара құқықтық актілер шығарылады, солардың көмегімен нақты жағдайларға немесе адамдарға материалдық әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылады. Мемлекеттік басқару аясында қандай да болмасын бір себептермен немесе өзге бір ынта бойынша пайда болатын түрлі жеке істерді шешу іске асырылады. Құқықтық норманың не диспозициясын (рәсімін) не санкциясын (юрисдикциясын) жүзеге асыру істің мәніні байланысты болады.

Солай болғандықтан, әкімшілік-процессуалдық қызметтің негізі нақ сол жеке істер болып табылады. Құқықтық нормалардың нұсқамалары қандай да бір органдардың жеке сипаты бар фактілер бойынша (мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық жасау фактісі бойынша, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат беру фактісі бойынша, лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне шағым беру фактісі, т.с.с. бойынша) жеке іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Осы сияқты жеке істерді шешу әкімшілік іс жүргізудің негізін құрайды.

Жеке әкімшілік іс деп әкімшілік-құқықтық нормаларды қолдануға байланысты мемлекеттік-басқарушылық қызмет аясында пайда болатын мәселені және оны шешу мақсатында қажет болатын өкілетті атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) өкім етушілік жедел атқарушылық іс-әрекеттерін түсіну керек.

Әкімшілік іс жүргізу қызметі әкімшілік құқықтың процессуалдық нормаларымен регламенттелінеді және әкімшілік-процессуалдық қатынастарда іске асырылады. Құқықтық нормаларсыз әкімшілік процессуалдық қатынастарда іске асырылады. Құқықтық нормаларсыз әкімшілік процесс заңдық шындық құбылыс ретінде болмайды. Әкімшілік –процессуалдық қызметтің шекарасы соған сәйкес былай айқындалады, әкімшілік процестің шегінде барлық жеке істер емес, тек әкімшілік процессуалдық қызметтің шекарасы соған сәйкес былай айқындалады, әкімшілік процестің шегінде барлық жеке істер емес, тек әкімшілік-процессуалдық нормалармен белгіленген процессуалдық тәртіп қолданылатын белгілі бір істер ғана шешіледі. Демек, құқықтық нысаны жоқ, материалды-техникалық және ұйымдастыру сипаты бар түрлі әрекеттерді әкімшілік процеске жатқызуға негіз жоқ.

Мына бір жағдайды еске ру керек, атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) процессуалдық әректтерінің кейбіреулерін, жеке актілер шығармай-ақ, құқықпен регламенттелген процессуалды шараларды қолдану тәртібімен жүзеге асыруға болады. Мысалы, бұлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің кейбір шаралары (жеке тұлғаны әкімшілік ұстау, төтенше жағдайлар кезінде мәжбүрлеу шараларын қолдану, т.с.с.).

Әкімшілік іс жүргізу мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының қатарына жатпайды, олай болатын себебі ол өзінің заңдық мазмұны бойынша жеке құқықтық актілер шығару сияқты нысанмен қамтылады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде әкімшілік іс жүргізу атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру ретінде мемлекеттік басқару аясында пайда болатын түрлі жеке әкімшілік істерді қарап, шешу жөніндегі атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелінген қызмет болып табылады деуге болады.

Атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) қызметінде көрінісін табатын әкімшілік іс жүргізудің бірнеше нақты түрлері бар. Жеке істердің сипатына байланысты әкімшілік іс жүргізудің ұғымы құрылады.



Әкімшілік іс жүргізу – бұл жеке әкімшілік істерді заңды және объективті қарап, шешуді қамтамасыз ететін процессуалдық әректтерді атқарудың нормамен реттелген тәртібі. Мысалы, азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі, лицензиялау тәртібі, әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі, т.с.с. – осының бәрі әкімшілік іс жүргізудің түрлері. Сондықтан, әкімшілікіс жүргізудің өзі нақты тақырыптарымен айырылысатын әкімшілік іс жүргізудің жиынтығы болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізудің түрлерінен әкімшілік процессуалдық қызметті топтастыруға сәйкес екі жинақталған топқа бөлуге болады:

а) рәсімдеушілік іс жүргізу

ә) юрисдикциялық іс жүргізу

Әкімшілік іс жүргізудің екі түрінің де кейбір ортақ жалпы белгілері бар. Олардың ішінде: жеке істерді көпшілігінде соттан тысқары жолмен шешу; әр түрлі көрінісі болатынзаңдық-биліктік негізі; әкімшілік-процессуалдық нормалармен (әр түрлі дәрежеде) реттелінгендігі, әкімшілік-процессуалдық қатынастар және принциптер, т.с.с.

Олардың арасындағы аса маңызды айырмашылықтары әкімшілік іс жүргізудің әр түрін сипаттағанда көрсетілетін болады.



Пысықтау сұрақтары:

1.Іс жүргізу түсінігі

2.Әкімшілік іс жүргізу құқығы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1Карипова, А.И. Институт освобождения от административной ответственности и административного взыскания :Учеб. пособие.-Алматы:HAS,2005.-

2Жетписбаев, Б.А. Административные правонарушения: опыт теории и практики .-Алматы, 2005

3Административное право РК. Часть общая. – А., 1996

4Административное право РК. Часть особеннная / Ред. Таранов А. – А., 1998

5Ибрагимов Х. Административное право РК. – А., 2000

6Жетписбаев Б. Административная ответственность. – А., 1999

7Практикум по административному праву. – А., 1998



2 тақырып. Әкімшілік іс жүргізу принциптері

1.Әкімшілік іс жүргізу принциптері және олардың алатын орны мен маңызы.

әкімішлік принциптердің жіктелуі

1.Әр құқық саласының негізін оның қағидалары қалайды. Әкімшілік процесуалдық құқықтың барлық қағидалары басқару істердегі сот талқылауы қандай болу керектігінің тиісті заңға сәйкес болуын анықтайды.Әкімшілік процесуалдық құқықтың құқықтық қағидаларының мәні мынада:



  • әкімшілік процесуалдық құқықтың бастауы бола отырып осы құқық саласының нормаларын талқылаудың негізін қалайды;

  • пәнге, мақсатына, тәсіліне қосымша бола отырып осы саланы ерекшелендіретін белгісі болып табылады.

әкімші лік процесуалдық құқықтың қағидалары – осы пәннің табиғатын, процестің мақсатына жету тәсілін және қалыптасу процесін белгілейді. Ғылым саласында құқық қағидалары 3 үлкен топқа бөлінеді:

  • жалпы, яғни барлық құқық саласына ортақ қағидалар;

  • салааралық, яғни кейбір құқық саласына ортақ қағидалар;

  • салалық, яғни бір ғана құқық саласына тиісті қағидалар.

Ал әкімшілік процесуалдық құқық қағидаларын саралауда Конституциялық қағидалар мен азаматтық процесс құқығында көрсетілген қағидалар болып бөлінеді. Конституциялық қағидаларға:

  • заңдылық қағидасы;

  • сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы;

  • судьялардың тәуелсіздігі;

  • барлық азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі;

  • сотта істі қараудың жариялылығы;

  • сот ісін жүргізу тілі;

Ал азаматтық процесуалдық құқығында көрсетілген қағидаларға:

- диспозитивтік қағидасы /қарсылық білдіру қағидасы – яғни әрбір жақ немесе тарап өз құқықтарын қолдана білуі (талап қою, талаптан бас тарту, т.б.с.с.)/;



  • тараптардың айтысуы мен теңсіздігі

  • меншікке қол сұғылмаушылық;

  • жеке адамдардың ар – намысы мен қадір – қасиетін құрметтеу;

  • адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін сотта қорғау;

  • дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау ;

  • сот актілерінің міндеттілігі;

  • іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.

Пысықтау сұрақтары:

Әкімшілік іс жүргізу принциптерінң алатын орын мен маңызы



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1Карипова, А.И. Институт освобождения от административной ответственности и административного взыскания :Учеб. пособие.-Алматы:HAS,2005.-

2Жетписбаев, Б.А. Административные правонарушения: опыт теории и практики .-Алматы, 2005

3Административное право РК. Часть общая. – А., 1996

4Административное право РК. Часть особеннная / Ред. Таранов А. – А., 1998

5Ибрагимов Х. Административное право РК. – А., 2000

6Жетписбаев Б. Административная ответственность. – А., 1999

7Практикум по административному праву. – А., 1998



3 тақырып. Әкімшілік іс жүргізуді рәсімдеу.

1.Әкімшілік іс жүргізуді рәсімдеу тәртібі.

2.Әкімшілік рәсімдеу тәртібінің жіктелуі
6 Тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы

1.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, жүйесі, сатылары.

2.Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуі.

3.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары мен қайнар көздері.



1. ҚР Конституциясына сәйкес біздің мемлекетімізде сот билігінің міндетін тек сот органдары ғана орындайды. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Олар – азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы және ведомствалық бағыныстағы соттардың қарамағына жататын басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар. Азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңмен, азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді. Азаматтық іс жүргізу құқығы – соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың жиынтығы немесе жүйесі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік және диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері, яғни соттың шешімдері , ұйғарымдары , нұсқаулары билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарған тұлғалар үшін міндетті, себебі: оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мыналар жатады:

- Сот әділдігі қағидалары;

- Азаматтық істердің сотқа қарастылығы;

- Сот құрамы;

- Қарсылық білдіру;

- Іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу;

- Талап қою нормалары кіреді.

Ерекше бөлімге құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы (1 – ші сатыдағы, апелляциялық бақылау сатысындағы) жатады.Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері – азаматтық, мемлекеттің және ұйымның бұзылған немесе даулы құқытарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқықбұзушылықтың алдын – алу болып табылады.Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын қозғалыс болып табылады. Ол процесс мынандай сатыларға бөлінеді:

- Сотта азаматтық істің қозғалуы;

- Істі сотта қарауға әзірлеу;

- Істі 1 – ші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

- Апелляциялық тәртіппен қарау;

- Заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау;

- Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән – жәйлар бойынша қайта қарау;

- Атқару ісін жүргізу (орындау өндірісі).

Осы азаматтық процестің сатыларының өзі үлкен 3 бөлімнен тұрады:



  1. Азаматтық істі қозғау;

  2. Азаматтық істі сот талқылауына дайындау;

  3. Азаматтық істі мәні бойынша талқылап, сот шешімін немесе анықтамасын қабылдау.

Азаматтық процесте материалдық құқықтың ерекшелігіне қарай сот өндірісі 3 топқа бөлінеді:

  1. Талап өндірісі, ол азамат, еңбек, жанұя құқықтарының бұзылуынан пайда болады, яғни сотқа талапкердің талап арыз беруінің нәтижесінде пайда болады.

  2. Әкімшілік құқықтық қаржылық және мемлекеттік құқықтық қатынасынан пайда болған өндірістер, яғни талап – арыз арқылы емес өтініш, арыз арқылы пайда болатын істер.

  3. Ерекше өндіріс, бұл заңдық маңызы бар фактілерді анықтау өндірісі.

Ерекше өндірісте қаралатын істер қатарына:

  1. Азаматты хабар – ошарсыз кетті деп тану және азаматты өлді деп жариялау;

  2. Азаматты әрекет қабілеттігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану;

  3. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы істерді қарау;

  4. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану және жылжымалы мүлікті иесіз деп тану;

  5. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу;

  6. Азаматтық хал актілері жазбаларының қателерін анықтау;

  7. Нотариаттық іс - әрекетерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар жатады.Бұл өндіріс өтініш беру арқылы қозғалады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздерін азаматтық процессуалдық іс - әрекетті реттеп отыратын жалпы және нақты ережелері көрсетілген нормативті актілер құрайды. Атап айтқанда:

  • ҚР Конституциясы

  • Азаматтық істер жүргізу кодексі

  • Азаматтық кодекс

  • ҚР Прокуратурасы туралы Жарлық

  • ҚҰ сот және сот мәртебесі туралы Заң

2. Азаматтық іс жүргізу нормалары уақыт жағынан кеңістікте және азаматтарға қолданылады. ҚР АІЖ кодексінің 3 бабына сәйкес жүзеге асырылады (кодекстен қарау).Азаматтық іс жүргізу нормаларын түсіндірудің – түпнұсқалық /аутентикалық/ және доктриналдық түсіндіру болып табылады.Түпнұсқалық түсіндіру жағдайында заң нормаларының түсіндірмесін оларды қабылдаған немесе шығарған орган береді. Құқыққорғаушылық нормативтік түсіндірме жағдайында түсіндіруді Жоғарғы Соттың Пленумы жүзеге асырады.Доктриналдық түсіндіру процесуалдық нормалар тақырыбына жазылған монографияларда, мақалаларда және заңдар мен кодификацияланған заң актілерінде, ғылыми – тәжірибиелік түсіндірмелерде жасалады. Сондай – ақ заң нормаларын түсіндіру тәсілдері бойынша грамматикалық, логикалық, жүйелі, тарихи түсіндірулерге бөлінеді:

  • грамматикалық түсіндіру процесуалдық нормалары өздері баяндалған тіл грамматикалалардың емлелеріне қатаң қарап, заң мәтінінің сөз және стилистикалық құрылымына талдау жасауды көздейді.

  • логикалық түсіндіру заң мәтінінің шеңберінен шықпай, ұқсастықты, ұсыныстарын өзгертуді пайдаланатын логика ережелеріне негізделген.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет