ЫСҚАҚ Әкима иманбекқызы болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру



бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі465.26 Kb.
түріДиссертация
  1   2   3


ӘОЖ 745/749:377(574) Қолжазба құқығында

ЫСҚАҚ ӘКИМА ИМАНБЕКҚЫЗЫ


Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру

13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында орындалған

Ғылыми жетекшілері педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

Жолдасбекова С.А.
педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент Тілеуова С.С.

Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының

докторы, профессор Абибулаева А.Б.

педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент Мухаметжанов Б.

Жетекші ұйым Абылай хан атындағы Қазақ

мемлекеттік халықаралық қатынастар

және әлем тілдері университеті

Диссертация 2010 жылдың сағат М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5., 342 ауд.


Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, 2-қабат.

Автореферат 2010 жылдың таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы И.Б.Сихымбаев


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік білім беру саясатының негізгі принциптері - соңғы жылдардағы әлемдік білім кеңістігінің тенденцияларымен үндесіп жатыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» бағытында атқарылып келе жатқан игілікті іс-шаралар – келер ұрпаққа қазақ халқының ұлттық мәдениетінің баға жетпес құнды дүниелерін мұра етіп қалдыруды көздеп, адамзат қоғамын жаңа әлемдегі оң өзгерістерге жетелейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдық мерей тойында сөйлеген сөзінде: Еліміздің болашағы туралы айта келе Елбасы жас ұрпақтарымыздың мықты, білімді мамандар болып шығатынына қазір елімізде көптеген игі іс-шаралар жасалып жатқанына атап өтті. Сондай-ақ, «Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі ең бастапқы міндет - адамдардың сыни тұрғыда ойлауын игеріп, ақпараттық ағымдарға бағытталуға икемделу» - қажеттілігі жөнінде ерекше тоқталды.

«Қазақстандықтардың, оның ішінде ең бірінші кезекте жастардың білімділігін көтеріп, халқы мен Отанына қызмет етуге тәрбиелеу, ұлттық интелектік ядросын жасап, адамдардың жан-жақтылығын оятып, халықаралық деңгейде олардың бәсекелестік қабілеттілігін жетілдіру» - қажеттілігі жөнінде.

Осы алғышарттар әлемдік және мемлекеттік деңгейде болашақ мамандарды кәсіби дайындау жоғарғы оқу орындарына жүктеліп отыр. Бұл дегеніміз, болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби тұрғыда даярлауды жетілдіре түсуге тікелей қатысы бар.

Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқының өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Сәндік өнер бұйымдарында ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл осы салада қызмет етуші мамандар мен оларды даярлайтын оқу орындарына қойылатын талаптардың да жаңғырып, күшейе түсуіне алып келуде. Жаңа талап, жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, күнде жаңғырып, өзгеріп отыратын бәсекелерге сәйкес туындылар жасай алатын мамандарға зәру. Соның бірі - қазақтың тарихи даму кезеңдерінде туындап, біздерге жетіп, сәндік өнер бұйымдарына әшекейлік, көркемдеу құралдарының бірі - сәндік-қолданбалы өнерді қолданудың жолдарын қарастыру, шығармашыл, жасампаз мамандар даярлаудың педагогикалық жолын іздестіру. Бұның өзі тарихи кезеңдердегі туындыларды танып білу және оны шығармашылықпен қолдану қажеттілігін туындатып отыр.

Осыған орай, тарихи археологиялық бағыттағы Ә.Х.Марғұлан, С.М.Дудин, Б.В.Веймарин, А.Ақышев т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының мәдениетін сөз еткенде үй шаруасында қолданатын сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына сипаттамалар беріп, мәнін айқындайды.

«Қазақ сәндік-қолданбалы өнер» тарихы мен өмірдегі әлеуметтік маңызын Т.К.Басенов, Е.Р.Шнейдер, У.Джанибеков, М.С.Мұқанов, Ә.Тәжімұратов, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, К.Мұқанов, К.Ибраева ашып көрсетеді.

«Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді» өсіп келе жатқан жас буындардың тәрбиесінде қолданудың маңызы мен сол арқылы тәрбиелеу мәселелерін Ж.Балкенов, К.Амиргазин, А.О.Камаков, Б.А.Алмухамбетов, О.С.Сатқанов, Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.А.Жолдасбекова, Ш.Манабаева т.б. еңбектерінде қарастырады.

Жоғары педагогикалық оқу орындарында, болашақ мамандарды кәсіби даярлау жолдары мен әдістерін Е.С.Асылханов, К.Ә.Дүйсенбаев, А.Б Абибулаева, И.Б.Сихымбаев, Е.Ш.Қозыбаев, О.Сыздық К.К.Болатбаев, К.Ж.Каракулов, С.А.Жолдасбекова, С.М.Кеңесбаев, Б.Ижанов, У.Ш.Ибрагимов т.б. ғылыми еңбектерінде ішінара талдаулар берілгені байқалады.

Этнокөркемдік іс-әрекеттің теориялық және әдіснамалық мәселелері Г.Н.Волков, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Т.М.Шакирова, С.А.Ұзақбаева, Қ.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Ш.Т.Таубаева, Қ.Бөлеев, Ш.Б.Құлманова, А.А.Қалыбекова, С.С.Тлеуова және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Сонымен қатар, Г.С.Оралованың еңбегінде студенттерге ақпараттық технологияны қолданып, этнокөркемдік білім беру мәселелері қарастырылса, Л.М.Чомаева еңбегінде қарашай халқының этнокөркемдік мәдениеті арқылы жастарға эстетикалық тәрбие беру жолдарын ұсынады.

Бүгінгі ғылыми әдебиеттерге және педагогикалық практикаға жасаған талдау, болашақ сәндік өнер мамандарын этнокөркемдік білім беру проблемасының әлі де болса теория мен практикада өз деңгейінде шешімін таппай отырғанын көрсетеді.

Демек, сәндік өнер мамандығы бойынша студенттердің сәндік-қолданбалы өнерге кәсіби даярлығын жетілдіре түсуге қоғамның сұранысы мен жоғары оқу орнындарында сәндік өнер мамандарын даярлаудың бүгінгі жағдайы арасында; сабақ процесіндегі студенттердің өзіндік дербес жұмыстарының мүмкіндіктері мен оларды этнокөркемдік білімнің жеткіліксіз назар аударылуы арасында; болашақ сәндік өнер маманының этнокөркемдік білімінің кәсіби даярлығын қалыптастыру қажеттігі мен арнайы теориялық әдістемелік зерттеудің жоқтығының арасында қарама-қайшылықтар анық байқалады.

Сондықтан, сәндік өнер мамандығы студенттеріне этнокөркемдік білім берудің тиімділігі мен кәсіби даярлығын іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру» - деп алуға мүмкіндік береді.



Зерттеу обьектісі: жоғары оқу орындарында болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлау үдерісі.

Зерттеу пәні: болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру.

Зерттеу мақсаты - болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіруді теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы: егер, болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру теориялық тұрғыда негізделсе, басты бағыттары мен алғышарттары айқындалып, моделі жасалса және ол арнайы әдістеме мен қамтамасыздандырылса онда, олардың этнокөркемдік өнерден біліктілігі артады, ал бұл болса меңгерген білімін шығармашылықпен болашақтағы кәсіби іс-әрекетте тиімді пайдалануына септігін тигізеді.

Зерттеудің міндеттері:

- болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің теориялық негіздерін анықтау.

- болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің бағыттары мен алғышарттарын айқындау.

- болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің моделі мен мазмұнын жасау.

- болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің педагогикалық шарттарын айқындау және әдістемесін жасап, тәжірибелі эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ сәндік өнер мамандарының этнокөркемдік саладан алған білім, іскерлік дағдысы кәсіби іс-әрекеттегі проблемаларды тиімді шешуде көмектеседі.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін ғылыми танымның негіздері болып саналатын диалектикалық әдіс, іс-әрекет теориясы, жүйелі қатынас теориясы, білім беру мазмұнының жалпы дидактикалық теориясы, дизайнерлік әрекеттегі ойлау теориясы, белсенді дамыта оқыту теориясы, проблемалық оқыту теориясы, педагогикалық процесті гуманизациялау тұжырымдамасы, шығармашылық қабілеттерді дамыту тұжырымдамасы, этнокөркемдік іс-әрекетке кәсіби даярлаудағы теория мен әдістемелік жұмысы болып саналады.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтар мен педагогтардың, өнертанушылардың еңбектері; ҚР Үкіметінің ресми құжаттары (Заңдары, қаулы-қарарлары, баяндамалары және т.б.), Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (Ұлттық мәдени мұралар, оны оқу-тәрбие процесіне ендіру туралы тұжырымдамасы, білім беру тұжырымдамасы, оқу-әдістемелік кешендер және т.б.), педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен жетістіктері, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: проблема бойынша философиялық, әлеуметтану, тарихи-этнографиялық, өнертану, филологиялық, психологиялық әдебиеттерге теориялық, синтездік-педагогикалық талдау; жоғары оқу орындарында сәндік-қолданбалы өнер мамандарын кәсіби даярлаудағы оқу бағдарламаларымен оқулықтарына теориялық талдау; кәсіби білім берудің даму бағыттары жүйелі тұрғыда алынды. Жоғары оқу орны оқытушыларының озық тәжірибелерін талдау. Студенттердің оқу ісін бақылау, әңгімелесу, тест, сауалнама жүргізу, практикалық жұмысты талдау, педагогикалық эксперимент жүргізу және алған нәтижелерін өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- болашақ сәндік өнер мамандарының даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің теориялық негіздері анықталды;

- болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлауды этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің басым бағыттары мен алғышарттары айқындалды;

- болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру моделі жасалып, мазмұны анықталды;

- болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлауды этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің педагогикалық шарттары айқындалды және әдістемесі жасалып, тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: жоғары оқу орны студенттеріне арнап:

- «Көркем тоқыма тарихы» және «Сәндік-қолданбалы өнер-қазақтың этнокөркемдік мәдени мұрасы» атты элективті курстың бағдарламалары;

- «Этнокөркемдік білім беру мәселесі» тақырыбы бойынша семинар;

- «Көркем тоқыма тарихы», «Сәндік-қолданбалы өнер – қазақтың этнокөркемдік мәдени мұрасы» атты оқу-әдістемелік құралдары жасалып, практикаға ендірілді.

Зерттеу нәтижелерін “Сәндік өнер” мамандарын даярлайтын жоғары және арнайы орта білім беру орындарында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

1. Этнокөркемдік білім беру – бұл ұлттық көркем мәдени ерекшеліктерді сақтап, халықаралық білім жүйесімен өзара үйлесімдікте, өнердің белгілі бір саласында жеке тұлғаның кәсіби көркем шығармашылықпен айналысуы нәтижесінде, арнайы білім мен іскерлікті, дағдыны меңгеруі болып табылады;

2. Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің бағыттары мен алғышарттары ұрпақтың ұлттық және этнокөркемдік мәдениетінің дәстүрмен сабақтастығының тиімді жолдарын қамтамасыздандыруда септігін тигізеді;

3. Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру моделі компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштерді қарастырады, мазмұны кредиттік оқыту жүйесімен айқындалады;



4. Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің педагогикалық шарттары жоғары оқу орындарында болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беру қажеттігі жөнінде қоғам сұранысын анықтау; болашақ сәндік өнер мамандарынының қызығушылығы мен мүмкіндігіне қарай оқу мазмұнын нақтылау; болашақ мамандарға сәндік - қолданбалы өнер арқылы этнокөркемдік білім беру формалары мен әдістерін, құралдарын пайдалану; болашақ сәндік өнер мамандарын даярлайтын маманның құзырлы болуы; студенттердің іс-әркетіне талдау жасап нұсқаулар ендіру жиынтығын құрайды, ал әдістемесі аталған шарттардың тиімділікпен жүзеге асуын қамтамасыздандырады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2002-2004 жж.) зерттеліп отырған проблеманың жағдайы зерделенді, отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге талдау жасалып, тақырыпқа байланысты материалдар сұрыпталды, ғылыми аппарат дәйектеліп, зерттеудің теориясы негізделді, айқындаушы эксперимент жүзеге асырылып, нәтижесі өңделді. Екінші кезеңде (2005-2007 жж.) тақырып бойынша жүйені жетілдірудің бағыт-бағдары мен алғышарттары айқындалып, әдістемелер ұсынылып, олар қалыптастыру эксперименті арқылы жүзеге асырылды. Студенттерге арнап жасалған оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар практикаға ендірілді. Үшінші кезеңде (2008–2010 жж.) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, эксперимент барысында алынған нәтижелер өңделіп, қорытындыланды, тұжырымдар мен ұсыныстар жасалды пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді, диссертациялық жұмыс талап бойынша рәсімделді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі психологиялық-педагогикалық және этнокөркемдік білім беру процестердің зерттеу әдіснамасына тірек етілуімен, теориялық және эксперимент материалдарына талдау берілумен, экспериментке қатысқан студенттер санының жеткілікті болуымен, эксперименттің көп варианттылығымен, зерттеу нәтижелерін өңдеуде статистикалық және математикалық әдістерді пайдаланумен анықталады.

Зерттеу базасы: Зерттеу Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалып (11), ғылыми мақалалар (6) жарияланып сынақтан өтті, автор жазған оқу-әдістемелік құралдары (3) және әдістемелік нұсқаулары (2), оқу бағдарламалары (2) арқылы іс-тәжірибеге ендірілді.

Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері берілген, ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар көрсетілген.

«Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлаудың мәні мен маңызы, болашақ мамандарды даярлауда сәндік-қолданбалы өнердің этникалық және өзіндік ерекшеліктері, этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлауды жетілдірудің басты бағыттары мен алғышарттары ашып көрсетілген.

«Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің әдістемелік негіздері» атты екінші тарауда болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беруді жетілдірудің моделі, мазмұны, этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлаудың әдістері мен формалары, этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлаудағы экспериментальды зерттеу жұмысының нәтижелері берілген.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Жоғары білім сапасы ең жоғары Халықаралық талаптарға жауап беруге тиіс. Елдегі Жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек» - деді.

Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында:

Бүгінде мамандарды кәсіби даярлауды сапалы жетілдіру мәселелері әлемдік және отандық ғылымда жаңалық емес. Осындай мәселелерге көне ғасырлардағы ұлы ойшылдар мен философтар: Сократ, Платон, Кант және т.б. үлкен мән берген. Сонымен қатар, осы мәселелер төңірегінде әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар - М.Вебер, Э.Деминг, И.Джуран, К.Исикова, В.Лапидуса, Г.Тагути, Ф.Тейлор, А.Файол, А.Фейгенбаум және т.б. сын пікірлер айтты.

Кәсіптік білім сапасын көтерудің көптеген аспектілеріне тоқталған отандық ғалымдарымыздың ізденіс еңбектерінде де орын алды (Б.А.Абдыкаримов, К.М.Арынғазин, Г.К.Ахметова, А.А.Бейсенбаев, К.Ж.Қожахметова, Г.Ж.Меңлібекова, К.Ә.Дүйсенбаев, Ш.Таубаева, С.А.Жолдасбекова, С.З.Қоқанбаев, Н.А.Минажанов, К.С.Мусина, Ж.Ж.Наурызбай, А.П.Сейтешов, Н.Д.Хмель және т.б.).

Көптеген ғалымдардың пікірлерін саралай келе, біз «кәсіби даярлау – дегеніміз, маманды қалыптастырудың тұтас үдерісі, яғни кәсіпті игере отырып, іргелі және арнайы білім, іскерлік пен дағдыны және жеке қажетті кәсіби сапасы мен қабілеттілігін қалыптастыру жүйесін қамтиды» деп түсінеміз. Сонымен қатар болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби білімін көтеру дегеніміз, ғылыми іскерлік, дағдыны игерудің нәтижесіндегі тұлғаның жеке - кәсіби сапасын арттыру болып табылады.

Мәдени мұра – бұл, «рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталдың баға жетпес құндылығы. Осы мұра қазіргі ғылым, білім, мәдениет. Табиғи байлықтармен қатар бұл ұлттың өзін-өзі қастерлеуі мен әлемдік қауымдастықты тануы».

Қазіргі уақытта болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлау оқу үдерісінде студенттер сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен ерекшелігін оқып үйренеді. Өнердің бұл түрі өзінің көркемдік ойымен және образдылығымен адамдардың қажетіне жарап отыр. Бұл, әрине Қазақстан Республикасының білім беру аясындағы Мемлекеттің саяси принциптеріне сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, осы мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдары мен Мемлекеттің жалпыға міндетті жоғарғы кәсіби білім беру стандартына негізделген. Онда жоғары білім беру, базалық және кәсіби білім беру мәселелері қарастырылған.

Жеке адамның рухани адамгершілігін қалыптастыруға этнокөркемдік білім мәселелеріне үлкен мән беріп, баға жетпес еңбек еткендер қатарында көптеген ресейлік ғалымдарды Е.В.Гайманова (Мәскеу 2000 ж.), Л.И.Васеха (Мәскеу 2004 ж.), Г.С.Голошумова (Уфа,2007 ж.) атауға болады.

Этникалық мәдениеті ұрпаққа жеткізуде этнокөркемдік білім берудің маңызы жөнінде Отандық ғалымдарымыздың зерттеулерінен мынадай ойларды түйіндеуге болады: дәстүрлі мәдениеттің маңызы оның эстетикалық, адамгершілік қаситетін арттыру, ал екінші жағынан жастардың еліне сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттырады (А.Сейдимбек., Ж.Ж.Наурызбай); ұлттың сана сезім компоненттері қалыптасуының алғышарттарын құрайды (Ш.М.Мұхтарова); жеке тұлға өзімен өз қоғамы туралы түсінігі, ұлттық ерекшеліктер өзін ұқсату, жеке тұлғаның эмоциялы - этникалық қалыбы, ұлттық құндылықтарды

Түсіну әрі оларға сапалы көзқарасы, жеке тұлғаның этникалық байланысқа этнос арқылы әрекет жасауы (Г.С.Оралова); ұлттық мәдениеті адамзатың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді, әрі әр халықтың өткен тарихи ізгі бастауларын іздейді (М.Е.Ержанов).

Осы айтқандарды ескере отырып, біз «Этнокөркемдік білім» ұғымының мәніне тоқталдық. «Этнос» термині грек тілінен аударғанда - «халық» деген ұғымды білдірсе, энциклопедиялық сөздіктерде бұл термин - тарихи әлеуметтік адамдар тобы, ұлыс, тайпа, халық, ұлт ретінде түсіндіріледі.

Ал, «Көркемдік» түсінігі - эстетикалық сөздіктерде көркем шығарманың эстетикалық жетістік деңгейі деп түсіндіріледі. Бұл терминнің тар мағынада қолданылуы қандай да бір көркем шығарманың сапасының критериі болып алуан түрлі болуына байланысты қолданыла береді. Осы орайда айтылған ой-пікір жоғары көркемдік (немесе түбегейлі көркемдік), шамалы көркемдік (немесе әлсіз, сүреңсіз) және тіптен көркем емес (нашар, сәтсіз) деп бөлінеді. Бұл тұрғыдағы көркемдік сөзі оның тұтастық деңгейіне көркем шығарманың шынайы әрі терең мазмұндылығы және көркемдік форманың жетілуі, ойдың тұтастығы мен шығарманың , орындалуына да байланысты қолданылады.

«Көркемдік» өнердің сапасы мен оны жасайтын шығарманы анықтайтын ұғым болып табылады. Өнер әрқашан көркем, яғни сәнді шығарма жасауға тиіс. Эстетикалық әсемділіктің өнерге тән ерекше түрін ажырату мақсатымен оған арнайы «көркемдік» ұғымы берілген. Білім берудің мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері және әдістері, адамзаттың жалпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сәйкес өзгеріп отырады. Ол «не үшін және қалай нәтижелі оқыту керек?» деген сұрақ беруді көздейді.

Бүгінгі қоғам сұранысына сәйкес нәтижеге бағытталған білімнің жаңа сапасын жүзеге асыру – білім жүйесінің барлық салаларын – мектепке дейінгі білім беру салаларынан бастап, жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйелерінде жаңа тұрғыдағы көзқарасты қалыптастыруы қажет.

Зерттеу барысында жоғарыда айтылған зерттеулерге сүйене отырып, біз болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беру ұғымына өз анықтамамызды береміз.



Болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беру - бұл жоғарғы оқу орнында өнердің нақты саласы бойынша арнайы білім, іскерлік пен дағдыны меңгеру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру өзін-өзі ұлттық тұрғыда даралау қажеттілігін саналы түрде сезінуін қамтамасыз етіп, әрі халықаралық білім беру жүйесінде білім берудің тәуелсіздігі мен кіріктірілуін тиімді үйлестіруге баулу. Өнер мен этникалық көркем мәдениеттің ұлттық ерекшеліктерін сақтап, болашақ сәндік мамандарын кәсіби көркем шығармашылықпен айналысуға даярлау барысы мен нәтижесі.

Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлауды жетілдірудегі басты құрал этнокөркемдік білім беру, оның негізгі міндеттеріне сай болашақ мамандарды жоғарғы оқу орындарында сәндік-қолданбалы өнер әрекетіне кәсіби даярлау. Ұлттың өзіндік ұқсастықтарды жеке тұлғаның саналы түсінуіне қажетті арнайы көркемдік біліммен , іскерлік, дағдыны меңгеріп, этникалық көркем мәдениеттің ұлттық ерекшеліктерін сақтап, халықаралық білім жүйесімен үйлесім табуы қажет.

Қазақ сәндік-қолданбалы өнерін зерттеуші ғалымдардың өлшеусіз еңбектерінің арқасында қазақтың ұлттық қолөнерінің баға жетпес шығармалары бүгінгі көпұлтты еліміздегі жастарға эстетикалық тәрбие беріп, олардың көркемдік білім деңгейінің ілгері дамуына, ұлттық дүниетанымына, рухани байлығының қалыптасуына жол салынып келеді.

Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің көп образдық этникалық ерекшелігі оның сонау ежелгі дәуірден басталысынан-ақ ұлттық ерекшелігіне байланысты болды.

«Ғылымның ең жоғарғы мақсаты - білімге сүйене отырып, ғылыми жетістіктерді халықтың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыру». Ал өнердің ең жоғарғы мақсаты - жеке тұлғалардың әлеуметтік жан-жақты дамуы мен құндылық бағыттарын қалыптастыру. Сондықтан да өнер - ғылыми-техникалық прогресс пен гуманистік идеяларды айқындайды. Адамзат үшін тарихи прогресс - өнердің ең жоғарғы гуманды тұғыры.

Этнокөркемдік білім құралы ретінде сәндік-қолданбалы өнерді таңдай отырып біз кез-келген өнер өзінің ерекшелігімен, айқындылығымен, танымдық қажетімен, маңыздылығын ескердік. Егер, ғылым өзінің ғылыми болжамдар, ғылыми теорияларымен өмірде қажет болса, ал өнер, өзінің өзіндік образдарында - символдарында, белгілер мен таңбалар, түстер мен сызықтар арқылы айқындалады. Өнердің құдіретімен адамдар өмірді танып, эстетикалық талғамы қалыптасады және өмірден өз орнын тауып, әдемілік пен сұлулыққа құштарлығы арта түседі.

Этнокөркемдік білім беру құралы ретінде қолданылатын қазақтың сәндік-қолданбалы өнер маңыздылығы, кез келген басқа халықтың сәндік-қолданбалы өнері сияқты өмірлік мәселелерді тәжірибелік, эстетикалық, символикалық, гармониялық заңдылықтарды айқындайды.

Қазіргі замандағы ұлттық өнердің рөлі - мәдениеттің бір бөлігі сияқты, өзінің замандылығын сақтап қалуда. Міне осындай жол ғана этнокөркемдік білім беру құралының міндеттерін айқындап, үлкен жетістіктерге апарары даусыз. Осы тұрғыда, біз этнокөркемдік білім беру құралдары ретінде сәндік-қолданбалы өнерді қолдану мүмкіндіктерін болжай отырып, этнокөркемдік білім беру құралының тиімді мүмкіндіктерін қарастырдық, әрі болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беруде сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі бағыттарын анықтадық (Сурет 1 ).

Болашақ мамандарға сәндік-қолданбалы өнер құралдары терең және мықты білім беріп қана қоймай, тоқыма өнерінің ұлттық дәстүрлерімен қатар, халықтың көркем қол өнер түрлерінен де мағлұматтар берілуі тиіс. Сонымен бірге, өз халқының материалдық көркемдік мәдениетінің тарихи қалыптасуына терең мән беріп, ұғына түсері анық. Сәндік-қолданбалы өнер тәрбиелік мүмкіндіктерімен қатар оның өте үлкен танымдық, дамушылық потенциалы мол. Оның болашақ суретшілердің этномәдени, тарихи-мәдени және әлеуметтік-мәденилік дәстүрлерінің де рөлі үлкен. Біз нақ осы негіздегі адамзаттың дамуындағы тарихи мәдениетті тануға көз жеткіздік. Өз халқының мәдени тамырларын сәндік-қолданбалы өнер арқылы тану, жалпы адамзаттың этикалық және эстетикалық құндылықтарын оятып, оны бағалауға жетелейді. Этнокөркемдік білімді меңгеру мен білімді болу үшін, басқа да халықтың көркем мәдени дәстүрлерімен тығыз байланыста болғанымыз дұрыс. Олардың ұлттық және аймақтық ерекшеліктері мен сол халықтың өмірі, тыныс тіршілігінен де көп мәліметтерге қаныққан орынды.

Этнокөркемдік білім беру идеяларын қарастырып, болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлауда – ұлттық көркемдік және этнокөркемдік мәдениеттің жетістіктері арқылы, студент жастардың бірлігінің символы болуы керек. Полиэтникалық білім беру ортасында студент жастардың эстетикалық негізі қалыптастырып, оның рухани әлем:, көркемдік ойлау қабілетін бүкіл әлемдік көркем-шығармашылық ізденімпаздығы арта түседі. Осы тұрғыда Қазақстандағы бүкіл әлемдік ежелгі өркениеттің ошағы танылуда. Өйткені қазақ жеріндегі көптеген тарихи ескерткіштер мен құнды қолөнер туындылары, ауыз әдебиеті соның айғағы. Этнографиялық зерттеулердің нәтижесі - ұлтымыздың көркем мәдениетінің көркемдік және этникалық жақтарымен ұлт аралық көркемдік талғампаздығының өте жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Қазақстан аймағының мәдениетіне терең көпұлттық сипат тән. Оның негізінде терең аймақта тұратын халықтар мәдениетінің өзара сусындауы, бірін-бірі толықтыруы, бірін-бірі байытуы жатыр.

Ұлттық көркем мәдениет - әр ұлттың ерекшеліктеріне тән. Этникалық идея әр адамның өзін-өзі басқаруымен этностармен салыстыра отырып туындайды және дамиды. Демек, болашақ сәндік өнер мамандарының этнокөркемдік білімі дәстүрлі жолмен қалыптасып, этникалық идея оянатыны анық.

Болашақ сәндік өнер мамандарының идеясы басқа ұлттардың мәдениетіне деген құрметпен – өзінің дәстүрлі мәдениетін бойына сіңіру арқылы артады. Сонымен, ұлттық идеяны болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде этнокөркемдік білім берудің басым бағытын былай бағалаймыз: яғни адамның көркемдік білімін арттыру үшін оған жағдай жасап,






Сурет 1 - Болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беруде сәндік-қолданбалы өнердің негізгі бағыттары
ұлттық және этникалық көркем мәдениетті игеру үдерісін дамыту. Осыдан келіп, шығармашылық мамандық студенттеріне ұлттық идея тұрғысында этнокөркемдік білім беру мазмұны мінез-құлық пен психологиялық ерекшеліктерді дамыту. Сол халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін бейнелейтін ұлттық мәдени және көркемдік дәстүрлердің, әлеуметтік тарихи құндылықтардың білім жүйесін, сондай-ақ өзге халықтардың этномәдени және этнокөркемдік жетістіктерін білу, және оларды этнокөркемдік іс-әрекетке қолдануға іскерлігі мен дағдыларын қамтуы қажет болып табылады. Төменде ұлттық идея негізінде этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдірудің негізгі бағыттары көрсетіп отырмыз (Сурет 2).

Сурет 2 – Ұлттық идея арнасында этнокөркемдік білім беру арқылы

болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдірудің негізгі бағыттары


Болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беру арқылы кәсіби даярлау үдерісінде этномәдени ұқсастықты дамыту, бізге этнокөркемдік мәдениетті сақтау арқылы этностың көркем мәдени құндылықтарын жаңғыртып, халықтың этникалық өзін-өзі сақтауы ретінде байқалады.

Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде этнокөркемдік білім берудің жоғарыда айтылған негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, студенттерге аймақтық этнокөркемдік білім берудің тиімділігін қамтамасыздандыратын алғышарттардың қатарына көптеген этникалық және көптеген діни ағымдар арасында тұрғылықты қазақ халқы санының басымдылығын ескеріп - біз қоғамның нақты қажеттілігіне мыналарды жатқызамыз:

- этнокөркемдік білім беруде ұлттық және халықтық этнокөркемдік мәдениетін жинақтап көрсету, әрі, көркем мәдениет кеңістігінде өзінің ұқсастығы мен тұрғылықтылығын сезіну;

- этнокөркемдік білім беру құралдары арқылы кәсіби даярлау мазмұнындағы өзгерістер мен тұрақтылықтың, дәстүрлі мен жаңаның, ұлттық пен ғаламдықтың арасындағы ұтымды ұқсастықты ғылыми тұрғыда болжау;

- Қазақстанда ұлттық мәдениеттің көптүрлігін сақтап, әрі оның этникалық өзіндік ерекшелігін дамытуда шығармашыл мамандықтар даярлайтын жоғары оқу орындары бітірушілерін ұлттық идея негізінде этнокөркемдік іс-әрекетке кәсіби даярлау;

- ұлттық және дүние жүзінің, көркем мәдениеттің деңгейінде дәстүрлі және заманауи көркем бұйым үлгілерін жасау үрдісінде ұлттық көркем дәстүрді сақтау;

- кәсіби даярлауда этникалық қайшылықтарды этнокөркемдік білім беру арқылы шешу міндеттерін ұлттық және этникалық көркем мәдениеттердің диалогын кеңейту арқылы шешу;

- кәсіптік білім беруде жеке адамның этномәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, ұлттық рухани бағдарларды, адамгершілік және мәдени құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, ұлттық сана сезімнің өсуін, әр этнос өз мәдениетінің теңдессіздігін мойындауын жандандыру;

- Мәдениет пен өнер салаларындағы шығармашылық шеберханалар мен студиялардағы, дизайнерлік фирмалар мен халықтың көркемдік-өндірістік бұйымдарын жасайтын көркемдік кәсіби іс-әрекеттің түрлі нысандары мен түрлеріне қоятын жаңа талаптарды ескере отырып, болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіру сапасын үнемі дамытып отыру.

Бітірушінің этнокөркемдік білімділігінің нәтижесін кәсіби даярлау үдерісіне біз төмендегідей болжаймыз: этнокөркемдік іс-әрекетте дұрыс ойлай алудың сипатына әсер ететін білімдерге негізделген дүниетанымдық ұстанымның қалыптасуы; халықтың өзіндік мәдени, көркем дәстүр, салттарының құндылықтарын түсіну және оны қабылдау қабілеті, тарих қойнауындағы шығармашылық шабыттардың қайнар көздерін таба білу, өзін-өзі тану мен ғылыми сананың, ойлау мәдениетінің, сезімдер мен эмоционалдық қатынастардың, ерікті әрекеттердің мақсаттылығы мен мәдениетінің дамуымен органикалық бірлікте өзін-өзі іске асыру үдерісіне шақыратын өзге мәдениеттердің көркем дәстүрлерінің элементтерін меңгерумен бірге жаңаны іздеуді жүзеге асыруы.

Осы орайда Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлауды этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің басым бағыттары анықталды (Сурет 3).


Сурет 3 - Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлауды этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдірудің басым бағыттары
Зерттеу барысында біз қазіргі жоғары оқу орнының бітірушілері этнокөркемдік білімді қандай деңгейде меңгергендігін зерттедік. Студенттермен жүргізілген сауалнамалардың нәтижесінде олардың этнокөркемдік білімі, іскерліктерінің төмен екендігін, күнделікті іс-әрекетте оны еркін пайдалана алмайтынан, этнокөркемдік білімді, жетік меңгермегенін, оны іс-әрекетте өте сирек пайдаланылатынын байқадық.

Оқытушылардың білім деңгейі болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, оқыту әдістемесін және этнокөркемдік білімді жетік меңгеруіне байланысты болғандықтан, біз жоғары оқу орындарының сәндік өнер мамандықтары студенттеріне білім беретін оқытушылар арасында сауалнамалар жүргіздік.

Нәтижесінде 37 оқытушының 62% этнокөркемдік білім беруді іс-әрекетте талапқа сай пайдалана алмайтынын көрсетті. Әсіресе жас оқытушылардың ішінде 72%-пайызы қарастырылып отырған этнокөркемдік іс-әрекетке даярлығының төмен екенін байқатса, осы саладағы оқытушылардың 24%-пайызы этнокөркемдік білім беруді кәсіби іс-әрекетте өте сирек пайдаланатынын айтты. Солардың тек 4%-ы ғана этнокөркемдік білім беру мәселесін іс-әрекетте пайдалана алатындығын дәлелдеді.

Осы айтылғандардың бәрі болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беруге байланысты бірегей жүйенің жеткіліксіздігін, этнокөркемдік білім беру арқылы кредиттік технология негізінде сабақты өткізу әдістемесінің әлі де жетіле қоймағанын, пән сабағының даярлық әдістемелік тұрғыда жеткілікті қамтамасыз етілмегенін, этнокөркемдік білім беруге аса мән берілмейтінін айғақтайды.

Біз осының бәрін ескере отырып, этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдірудің моделін жасадық. Модельдің аясында компоненттер, өлшемдер мен көрсеткіштер қарастырылады (1 кесте).

Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижесінде, студенттердің этнокөркемдік білімді игеру іс-әрекеті үдерісінде, болашақ маманды талдаудың мынадай 3 түрлі деңгейін анықтадық:

1. Алдын ала ойластырылған талдау нәтижесінде логикалық дұрыс алгоритмдік шешім табуға мүмкіндік береді. Берілген шығармашылық тапсырма мен обьектінің құрылымдық және функционалдық қасиеті мен сапасын қорытындылайды. Жобалау әрекеттері қалыптасады, әрі эвристикалық әдісінің көмегімен меңгертілді, содан соң шығармашылық іс-әрекеттерге кіріседі.

2. Болашақ сәндік өнер мамандары арасында бірқатар тапсырма алгоритімі барлық кезде қорытылмайтыны бақыланды. Әр кезеңге өтудегі жұмысты істемеушілік тапсырманы қайтадан жасауға тура келеді. Мұндай жол этнокөркемдік іс-әрекетті қалыптастыруда ұзақ уақытқа әкеп соқты.

3. Бұл нұсқада, болашақ мамандар алгоритмдік жолмен жүрмейді, тез арадағы әрекет сипатында болды. Жекеленген этаптар орындалмай, тапсырма шарты толығымен орындалмайды, жоба бұйымының ұқсастығыда таңдалып алынбайды. Қазіргі жағдайда болашақ сәндік өнер мамандары іздеу деңгейінен аттап, сол нұсқаны жасауға ұмтылуда. Бұл әсіресе, бағдарламаның бірнеше нұсқасымен оқитын студенттерде нақты көрініс береді. Бұл этнокөркемдік білімді игеруге іс-әрекеттердің төмен деңгейде қалыптасқанын айтады.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысын зерттеу Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жүргізілді.

Кесте 1 – Этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіру моделі


Компо-ненттер



Өлшемдер


Көрсеткіштер


Деңгейі

Мотивациялық


Этнокөркемдік білімді игеруге қажеттілігі

- Болашақ сәндік өнер мамандарына қажетті этнокөркемдік білімді игеруге және оның қыр-сырын меңгеруге талпынысы;

- Сәндік өнер бұйымдарын көркемдеп жобалауға қызығушылығы;

- Этнокөркемдік жобаларды жасаудағы белсенділігі;

- Этнокөркемдік жоба –ізденістеріне қызығып, конкурстарда көрсетуі.



- Жоғары деңгей - этнокөркемдік білім алуға, оның қыр-сырын меңгеруге талпынысы, бұйымдарды көркемдеп жобалауға қызығушылығы, әрлеу жұмыстарында қатаң анық көрсетіледі және нақты көрінеді. Білім мен іскерлікті жүйелі меңгереді. Этнокөркемдік жоба-ізденістерін байқауларға қатысуы. Этнокөркемдік білімі жоғары.

- Орта деңгей – этнокөркемдік білім алуға деген қажеттілік импульсивті, эпизодты көрінеді. Этнокөркемдік білім мен дағдыны жүйесіз меңгереді. Таным үрдісі жігерленбейді.

- Төмен деңгей - этнокөркемдік білім алуға деген қажеттілік әлсіз көрінеді, таным әрекетіне қызығушылығы төмен.


Мазмұндық


Этнокөркемдік іс-әрекет саласынан білімі

- Этнокөркемдік білімді практикада тиімді пайдалана білуі;

- Этнокөркемдік білімді өзінің іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдануы;

- Этнокөркемдік жоба жасай білуі мен оған белсенділігі;

- Этнокөркемдік жоба жасауда ұжымның пікірімен есептесе білуі;

- Ұлттық мәдени құндылықтарды білу, бұйымдарды қазіргі сұранысқа бағыттап көркемдеуі жөнінде білімі



- Жоғары деңгей - этнокөркемдік білімнің мәнін түсініп, этнокөркемдік іс-әрекеттерде меңгерген білімін іскерлікпен (өнертанушылық, оқу-шығармашылық, дизайнерлік, маркетингтік, технологиялық) практикада пайдалану іскерлігі, шығармашылық үрдістерді өз бетінше тану. Ұлттық дүниетанымы көзқарасының дамуы.

- Орта деңгей - этнокөркемдік білімнің жекеленген элементтері қалыптасады. Жұмысты өз бетінше және продуктивті орындауда жеке қабілеттерін байқатады.

- Төмен деңгей - этнокөркемдік білімді қалыптастыру жеткіліксіз. Этнокөркемдік іс-әрекеттерде меңгерген білімін іскерлікпен практикада пайдалана алмайды.

Іс-әрекеттік


Этнокөркемдік білімді іс-әрекетте пайдалану іскерлігі мен дағдысы

- Этнокөркемдік іс-әрекеттерде меңгерген білімін іскерлікпен пайдалану іскерлігі мен дағдысы;

-Этнокөркемдік іс-әрекет түрлерін (өнертанушылық, оқу-шығармашылық, дизайнерлік, маркетингтік, технологиялық) практикада пайдалану іскерлігі;

- Этнокөркемдік білім, іскерлігін практикада кіріктіре пайдалану қабілеті;

- Этнокөркемдік іс-әрекетте жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу іскерлігі.




- Жоғары деңгей – этнокөркемдік білім, іскерлік, дағды әрекеттерін жүйелей біледі. Проблемалық - шығармашылық тапсырмаларды, сәтті орындайды. Қиялдау, образды ойлау, бейнелеу әрекеттері дамыған.

- Орта деңгей – жекеленген этнокөркемдік әрекеттерін меңгерген. Жобалы проблемалық тапсырмаларды орындау қиындайды. Образды ойлау, қиялдау, графикалық әрекет баяу дамыған.

- Төмен деңгей – этнокөркемдік әрекеттерді өте нашар меңгерген. Проблемалы - жобалау тапсырмаларды орындауға мүмкіндігі жоқ. Образды ойлау және графикалық әрекеті жеткіліксіз

Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет