Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормалары



жүктеу 388.19 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі388.19 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

2012 жылғы ____________

№ ___ бұйрығымен бекітілген




Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормалары

1. Жалпы бөлім
1. Ірілендірілген үлгілік уақыт нормасы ісқағаз жүргізумен айналысатын қызметкерлердің және мұрағаттық істермен айналысатын қызметкерлердің санын (бұдан әрі - салааралық үлгілік уақыт нормалары) белгілеу және еңбегін нормалау үшін арналған.

2. Мұрағат ұйымдарының қызметкерлері мен ісқағаздарын жүргізу қызметтерін көрсетумен айналысатын қызметкерлерге белгіленген уақыт нормалары.

3. Уақыт нормаларына қамтылған жұмыс түрлері: істер номенклатурасын құру және жүргізу; құжаттарды өңдеу, тіркеу, санын есепке алу; құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмыстар; азаматтардың өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары бойынша жұмыстар; құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу; құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама; істер тізілімінің жылдық тарауларын құрастыру; ведомстволық мұрағатқа істерді жіберу; ұйым мұрағатының құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппаратты құру; құжаттарды каталогтау; азаматтар мен мекемелерге ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану, ведомство (ұйымдар) мен мекемелерде және құрылымдық бөлімшелерде құжаттарды ұйымдастыруды бақылау; құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; құжаттарды есепке алу; жұмыстарды техникалық ресімдеу.

4. Жинақ жұмыс көлемінің өлшем бірлігіне қабылданатын адам-сағатына (бұдан әрі - ад/сағ.) өлшемімен жедел уақыттың нормативтерін қамтиды.

5. Нормаланған жұмысты орындауға жұмсалатын уақыт нормасы жедел уақыт және 1 формула бойынша есептеледі:

Нвр = Н x Кн, (1)

онда: Нвр – нақты нормаланған жұмыс түрін орындауға жұмсалатын уақыт шығыны, сағ;

Н- жинақ бойынша белгіленген осы жұмысты орындауға жұмсалатын жедел уақыт нормативі, сағ;

Кн – жұмыс орнының, демалыстың (дене шынықтыру сәтін қосқанда) жеке мұқтаждыққа қызмет көрсетудің ұйымдастыру- техникалық уақыт шығынын ескеретін баламасы. Талдау нәтижесі бойынша Кн қызметкерлердің жұмыс уақытының фотографиялары мен хронометражды карталарына 1,1 тең
уақыт алынады.

6. «Іс» өлшем бірлігіне 210х297 миллиметр (бұдан әрі – мм) (формат А 4) мөлшерімен 150 парақ көлеміндегі іс қабылданады. 150 парақтан артық немесе кем істер 150 парақ бір шартты іске есептеледі.

7. Жұмыс көлемінің өлшем бірлігіне – авторлық парақ – 40 мың баспа белгілері бар, 16,7 машинамен жазылған бетті құрайтын, 1,5 интервал, әрбіреуі 2450 белгіні қамтитын материал қабылданады.

8. Жинақтың нормативтік бөлігіндегі кестелерде атқарылатын жұмыстардың мазмұны мен атаулары және уақыт нормасы белгіленген.

9. Құжаттың құрамы, оларды әзірлеу ережелері және ресімдеу қолданыстағы ережелер мен басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкес белгіленеді.

10. Егер жоспарланған жұмыс көлемін осы жинақтағы нормативтер негізінде есептелгенмен салыстырғанда аз қызметкер толығымен нормативтік құжаттарға сәйкес орындайтын болса, онда осы нормативтер нақтылы санын өзгерту үшін негіз болмайды.

11. Нормативтік кестелерде келтірілген «дейін» деп көрсетілетін сандық мәндерді олармен қоса деп түсіну керек.

12. Мұрағат қызметкерлері мен ісқағаз жүргізу қызметінің есептеу үлгісі салааралық үлгілік уақыт нормаларының 3- қосымшасына сәйкес көрсетілген.



2. Еңбекті ұйымдастыру
13. Ісқағаздарын жүргізу қызметін көрсетуші қызметкерлердің функциялары басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілердің лауазымдық біліктілік анықтамалығына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.

14. Ісқағаздарын жүргізу қызметін көрсету функциясына мыналар кіреді: ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуге стандарттарды енгізу және басқа нормативтік-әдістемелік құжаттар; құжаттарды қабылдау; құжаттарды өңдеу және есепке алу-анықтамалық жұмыс; құжаттарды орындауды бақылау; құжаттарды ресімдеу және жіберу; істерді қалыптастыру, пайдалану және сақтау; істерді мұрағатқа дайындау және жіберу және тағы басқа да.

15. Мұрағаттың функциясына мыналар кіреді: ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамаларын жинақтау; құжаттарды есепке алу және мұрағатқа қабылданған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; мұрағатқа қабылданған құжаттарды қорландыру; мұрағатта сақталатын құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құру; құжаттардың құндылықтарына сараптама жүргізу, ұйымның ісқағаздарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету; құжаттарды мемлекеттік сақтауға дайындау және беру; статистикалық есеп нысанын мемлекеттік мұрағатқа ұсыну; мұрағатта сақталатын құжаттарды қолдану; ұйымның ісқағаздарын жүргізуде істерді дұрыс қалыптастыру және ресімдеу, сақтауды тексеру; мұрағат ісі және ұйымның ісқағаздарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды (нұсқаулықтар, ұсыныстар, ережелер және тағы басқа да) әзірлеуге қатысу.

16. Жинақта қабылданған ұйымдастыру-техникалық шарттарда жұмыс орындарын қолайлы ұйымдастыру; қызметкерлердің уақытында қажетті ақпаратты, кеңесті, нұсқаманы алуы; еңбек және демалыс режимін қолайлы сақтау; белгіленген санитарлық нормаларды сақтау қарастырылады.

17. Ісқағаздарын жүргізу қызметі қызметкерлерінің жұмыс орындары ұйымдастыру техникасы мен еңбек заттары, тиісті құжаттар мен кеңсе заттары сақталатын үстел жәшіктерінде қолайлы орналастырылуын қамтамасыз ететін бір тумбалы үстелмен (қосалқы қондырғысымен) жабдықталады. Үстелде папкаларды қолайлы орналастыру үшін (тура немесе көлденең) салынатын лоток болуы тиіс. Арнайы, анықтамалық әдебиетті сақтау үшін шкаф болуы керек.

18. Ісқағаздарын жүргізу қызметінің қызметкерлері қажетті анықтамалық материалдармен (оның ішінде: ісқағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтар және басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттармен, қолданыстағы заңнамалар бойынша анықтамалықтармен, әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша анықтамалықтармен, орфографииялық және терминологиялық сөздіктермен, жеке сөздердің жазылуы бойынша анықтамалықтармен, телефондары мен мекенжайы көрсетілген ұйымдар мен құрылымдық қызметкерлердің тізімдері, осы ұйымның қызметіне байланысты жоғарыда тұрған және басқа органдардың жинағына қаулылар мен бұйрықтарын көрсететін картотека-көрсеткіштерімен қызметкерлердің телефондары мен мекенжайының алфавиттік кітапшаларымен) қамтамасыз етіледі.

19. Мамандардың жұмыс орны жеке компьютермен, принтермен және қажетті ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылуы тиіс.

20. Клавиатура үстелдің жоғарғы жағында қызметкерлердің қолын сүйеу үшін клавиатураның алдында жеткілікті кеңістік болатындай орналастырылады (қызметкерге қарай 300 мм кем емес арақашықтықта).

21. Ақпаратты тез және анық көруі бақылау қолайлылығын қамтамасыз ету үшін монитор экранының тегістігі қызметкердің көз деңгейінен төмен, қызметкердің қалыпты көру сызығына перепендикуляр орналасады (қалыпты көру назары – көлденең сызықтан 15 градус төмен).

22. Электромагниттік сәуле деңгейінің артуы әсерін болдырмау үшін экран мен қызметкердің арасындағы арақашықтық 500 мм (ең тиімдісі 600-700 мм) кем болмауы тиіс. Жұмыс үстелі (кресло) орнықты, отыру орны биіктігі бойынша реттелуі тиіс. Жұмыс орнына табиғи жарық қырынан түсуі тиіс (сол жақтан болса қолайлы). Табиғи жарық жағдайында көру өрісінде жарықтың қанықтығын төмендету үшін реттелетін жалюздер, қалың перделер болуы керек.

23. Жалпы және жергілікті жарық түсіру шамдары жарық түсіргенде қалыпты жағдайлар жасалуы тиіс және жұмыс түрі мен қызметкер тарапынан талаптарды ескеріп, экран мен қоршаған ортаның тиісті айырмашылығының арасында қалыпты жағдайлар жасалуы тиіс. Үстелдің үстіндегі жарық жұмыс құжатын орналастыру аймағында 300-500 люксті құруы тиіс.

24. Шағын ахуалды оңтайлы параметрлермен қамтамасыз ету үшін жұмыс күні ішінде жұмыс орнының ауасын жиі тазарту керек.

25. Монитор экранының алдындағы жұмыс қабілеті мен денсаулықты сақтау немесе экрандағы жұмыс жүктемесін қысқарту мақсатында басқа жұмыспен ауыстыруды қамтамасыз ету үшін белгіленетін мерзімді реттелген үзілістермен болуы тиіс.

26. Маманның жұмыс орны еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс.

27. Сегіз сағаттық жұмыс ауысымында және жеке компьютермен жұмыста реттелген үзілістер: 2 сағаттан кейін жұмыс ауысымы басталғаннан бастап және 2 сағаттан кейін түскі үзілістен кейін әр 15 минут сайын үзіліс ұзақтығы белгіленеді.

28. Жабдықты қосулы күйінде бақылаусыз қалдыруға болмайды. Біраз уақытқа жұмысты тоқтату қажет болғанда барлық белсенді жабдықтар сөндіріледі.



3. Нормативтік бөлім
3.1. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары
Істер номенклатурасын құру және жүргізу
29. Жұмыс мазмұны:

Нормативтік және әдістемелік құжаттарды, анықтамалық оқу құралдарын, аталмыш құрылымдық бөлімшенің функцияларын, ісқағаздар ерекшеліктерін, құжаттардың құрамы мен мазмұнын, олардың сақтау мерзімін белгілеу, құру, істер тақырыбын жүйелеу, құрылымдық бөлімше басшыларының бұрыштама жазуын, істерді дұрыс қалыптастыруға бақылауды зерделеу.

Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, ісқағаздарын жүргізуші, құжат жүргізу.

Істер номенклатурасын құру және жүргізу бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды тіркеу
30. Жұмыс мазмұны: хат-хабарды қабылдау, конвертті ашу, тіркелетін және тіркелмейтін құжаттарды жүйелеу, тіркеу карточкасын құрастыру, тіркеу мөрін қою, толтыру, қарау және бұрыштама қою үшін ұйым басшысына берілетін құжаттарды және құрылымдық бөлімшелерге орындау үшін жіберілетін құжаттарды бөлу.

Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, ісжүргізуші, құжат жүргізуші.

Құжаттарды тіркеу бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжатты есепке алу


31. Жұмыстың мазмұны: құжатты есепке алу нысандарын толтыру, басшыларға есепке алу мәліметтерін беру.

Орындаушылар: тапсырмаларды орындауды бақылау жөніндегі инспектор.

Құжатты есепке алу жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмыстар


32. Жұмыс мазмұны: егер тіркеу қызметінен берілмесе, тіркеу-бақылау карточкасын (бұдан әрі - ТБК) құрастыру, ТБК және құжатта «Б» (бақылау) белгісін қою, картотекада ТБК бірінші данасының орналасуы, ТБК екінші данасын орындаушыға құжаттармен бірге жіберу, құжатты орындауды бақылау, орындалу мерзімі туралы ескерту, ТБК мәліметтерді жазу, орындалу жағдайы жөнінде басқаларды хабардар ету, құжатты бақылаудан алып тастау. Мерзімінде орындалмаған құжаттардың жинағын жасау; бақылауға жататын құжаттарды орындау жөнінде жинақтау жасау; құрылымдық бөлімшелерде құжаттардың орындалу нәтижесін қорыту, мекемедегі құжаттардың орындалу жағдайын талдау.

Орындаушы: тапсырманың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор.

Құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдары мен ұсыныстарымен жұмыс


33. Жұмыстың мазмұны: құжаттарды ашу, тіркеу журналында құжаттарды жолдаудың дұрыстығын тексеру, ақпараттық парақты құру, оның мазмұнын тіркеу карточкасына (бұдан әрі - ТК) басу, басшылық пен құрылымдық бөлімшеге жіберу, ТК–ға бұрыштаманы ауыстыру, картотекада карточканы орналастыру, өтінішті орындауды бақылау, құзыреттігі бойынша өңірлерге өтінішті қайтару, талдау, азаматтардың жүгінуі бойынша қорытындылау және анықтамалық қызмет көрсету, жинақ ведомості мен орындалуы жөнінде анықтаманы құрастыру.

Орындаушылар: ісқағаз жүргізуші, тапсырмаларды орындауды бақылау жөніндегі инспектор, хатшы-машинист, басшының хатшысы.

Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдары мен ұсыныстарымен жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу,

құжаттардың құндылығына ғылыми және практикалық сараптама,

істер тізімдемесінің жылдық тарауларын құрастыру,

істерді ведомстволық мұрағатқа жіберу
34. Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, ісжүргізуші, басшының хатшысы, құжат жүргізуші.

Құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу, құжаттардың құндылығына ғылыми және практикалық сараптама, істер тізімдемесінің жылдық тарауларын құрастыру, істерді ведомстволық мұрағатқа жіберу бойынша жұмысқа жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.



3.2. Ұйым мұрағатының жұмысына жұмсалатын уақыт шығыны
Сақталу мерзімін көрсетіп құжаттардың тізімін құрастыру
35. Жұмыс мазмұны: есепке алынатын материалдар бойынша мәліметтерді іздеу, тізімді құрастыру, басып шығару.

Орындаушы: архивариус.

Сақталу мерзімін көрсетіп құжаттардың тізімін құрастыру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

«Мұрағатты толықтыру бойынша мәліметтер» есебін құрастыру


36. Жұмыс мазмұны: есептерді құрастыру үшін есепке алу материалдары бойынша мәліметтерді іздестіру.

Орындаушы: архивариус.

«Мұрағатты толықтыру бойынша мәліметтер» есебін құрастыру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

«Мұрағат құжаттарын пайдалану мәліметтері» есебін құрастыру


37. Жұмыс мазмұны: есептерді құрастыру үшін есепке алу материалдары бойынша мәліметтерді іздеу.

Орындаушы: архивариус.

«Мұрағат құжаттарын пайдалану мәліметтері» есебін құрастыру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Жеке жасалған құжаттарды іздестіру бойынша уақыт нормасы


38. Жұмыс мазмұны: сұранысты қарау, қарау үшін қорларды анықтау, ғылыми-анықтамалық аппаратты зерделеу.

Орындаушы: архивариус.

Жеке жасалған құжаттарды іздестіру бойынша уақыт нормасы салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Қорлар бойынша анықтамаларды құрастырудың уақыт нормасы


39. Жұмыс мазмұны: каталогтар мен картотекалар бойынша мәліметтерді іздестіру.

Орындаушы: архивариус.

Қорлар бойынша анықтамаларды құрастырудың уақыт нормасы салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Тақырыптық сұраныстарды орындаудың уақыт нормалары


40. Жұмыс мазмұны: аппаратты ғылыми-анықтамалық зерделеу, сұраныс тақырыбы бойынша мәліметтерді анықтау.

Орындаушы: архивариус.

Тақырыптық сұраныстарды орындаудың уақыт нормалары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Ұйым мұрағаты құжаттарының ғылыми – анықтамалық аппаратын құру


41. Орындаушы: мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Ұйым мұрағаты құжаттарының ғылыми – анықтамалық аппаратын құру жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды каталогтау
42. Орындаушылар: мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Құжаттарды каталогтау жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды пайдалану және мекемелер мен азаматтарға ақпараттық

қызмет көрсету


43. Орындаушылар: мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Құжаттарды пайдалану және мекемелер мен азаматтарға ақпараттық қызмет көрсету жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Ведомствоның (ұйымның) құрылымдық бөлімшелері мен мекемелердің ісжүргізуіндегі құжаттардың ұйымдастырылуын бақылау
44. Орындаушылар: кеңсе меңгерушісі, мұрағат меңгерушісі, архивариус.

Ведомствоның (ұйымның) құрылымдық бөлімшелері мен мекемелердің ісжүргізуіндегі құжаттардың ұйымдастырылуын бақылау жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
45. Орындаушылары: мұрағат меңгерушісі, қорлардың аға сақтаушысы, қорлар сақтаушысы, архивариус.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Құжаттарды есепке алу
46. Орындаушылары: мұрағат меңгерушісі, қорлар аға сақтаушысы, қорлар сақтаушысы, архивариус.

Құжаттарды есепке алу жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Техникалық ресімдеу
47. Орындаушылары: қорлардың аға сақтаушысы, қорлар сақтаушысы, архивариус.

Техникалық ресімдеу жұмысына жұмсалатын уақыт шығындары салааралық үлгілік уақыт нормаларының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.


Қолданылған әдебиеттер тізімі салааралық үлгілік уақыт нормаларының 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің

ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормаларының

1-қосымшасы

Істер номенклатурасын құру және жүргізу


Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшем бірлігі

Уақыт нормасы,

сағат


Құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасын әзірлеу

Істер номенклатурасында позициялар саны:

10 дейін


11-25

26- 50


57-75

76-100


5,0


12,0

24,0


36,0

45,0


Құжаттарды тіркеу




Жұмыс атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған

технология



Тіркеу карточкасында деректерді тіркеу толтыру

1 Тіркеу карточкасы

0,152

0,054

Шығыс деректерін журналдарда толтыру

1 жазу

0,10

0,01

Кіріс құжаттарын, бұйрықтарын журналдарда тіркеу

1 жол

0,08

0,01



Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Факс бойынша алынған құжаттарды өңдеу

А 4 парағы форматында бөлінген мәтінді алу, тіркеу-бақылау карточкаларын (ТБК) құрастыру, тіркеу мөрлерін қою және толтыру және құжаттарды орындауға жіберу.

1 парақ

0,12


Факс бойынша жіберілетін құжаттарды өңдеу

Орындалған құжаттарды алу, құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексеру, негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың болуы, құжаттарды тіркеу, факсты қосу, жолдаушымен байланыс орнату, мәтінді жіберу, аппаратты сөндіру

1 парақ

0,03

Келіп түсетін телефонограммаларды өңдеу

телефонограммаларды қабылдау, тіркеу, журналда мәтіннің жазылуы, алынған телефонограммалардың мазмұны жөнінде басшыны хабардар ету, орындау мерзімінің сақталуын бақылау

1 телефонограмма

0,20

Жіберілетін телефонограммаларды өңдеу

Мәтінді жіберу, журналда тіркеу

1 телефонограмма

0,18

Құжатты есепке алу




Жұмыс атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған

технология



Жіберілген құжаттарды есепке алу кітабында жазу

1 жазу жолы

0,08

0,01

Жіберілген бұйрықтарды есепке алу кітабында жазу

1 жазу жолы

0,05

0,04

Экспедицияны есепке алу дәптерінде жазу

1 жазу жолы

0,02

0,015

Есепке алу нысанын толтыру:

әуе поштасына тапсырысқа тізімді құрастыру



1 тізім



0,4

0,20

жіберілетін құжаттардың тізілімі

1 тізілім

0,26

0,13

кіріс құжаттарының тізімдемесі

1 тізімдеме

0,35

0,20

Құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмыстар




Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшем бірлігі

Уақыт нормасы,

сағат


Құжатты бақылауға қою

Орындаушыға дейін уақытында жеткізуді тексеру

Орындалу барысын реттеу, алдын ала тексеру

Орындауды талқылау нәтижелерін есепке алу және қорытындылау:

бақылаудан алу;

мерзімді басқа уақытқа ауыстыру;

басшылықты ақпараттандыру үшін анықтамаларды әзірлеу.

Ішкі пайдалану үшін жасалатын құжаттарды бақылау



1 ТБК

1 телефондық хабарлама


1 ескертпе
1 ТБК

1 ТБК


20 құжат бойынша анықтама

1 ТБК


0,46

0,03
0,38


0,03

0,03


1,0
0,54

Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдары мен ұсыныстарымен жұмыс




Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Өтініштерді алу

Өтініштерді тіркеу

Өтініштерді жіберу

Басшының бұрыштамасын алу

Құзыреттігі бойынша орындалған өтініштерді беру

Картотекада карточкаларды орналастыру

Бақылауға қою

Ескертулік бақылау

Ақпараттық қызмет көрсету:

Азаматтардың жүгінуі бойынша анықтамалық-іздестіру жұмыстары: Сұраныс нысанын толтыру

Ауызша сұранысты орындау

Азаматтардың өтініштері бойынша ақпарат іздестіру

ағымдағы


1 құжат

1 құжат


1 құжат

1 ТБК


1 құжат
1 ТБК

1 ТБК


1 ТБК

1 сұрату


1 сұрату

1 сұрату
1 сұрату



0,009

0,004


0,030

0,27


0,09
0,09

0,46


0,39

8,0


0,06

0,03
0,1



Құрылымдық бөлімшелерде істерді қалыптастыру және ресімдеу




Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Тұрақты сақталатын істерді қалыптастыру, сақтау, тақырыптарын құру, істерді ресімдеу (басқару құжаттамасы)

Істер номенклатурасы бойынша орындалған құжаттарды топтау, Істер номенклатурасы бойынша құжат тақырыптарының құжат мазмұнына сәйкестігін тексеру, құжаттарды ресімдеу және толық болуының (жинақтамасы) дұрыстығын тексеру, істерде парақтардың нөмірленуі, растау жазбасы мен іс құжаттарының ішкі тізімдемесін құрастыру, істердің тақырыптарын құрастыру және анықтау, мұқабасында істердің сипаттамасы

1 іс

0,73

Ұйымның жеке құрамы бойынша істерді қалыптастыру, тақырыптарды құрастыру, істерді ресімдеу

Істер номенклатурасы бойынша орындалған құжаттарды топтау, Істер номенклатурасы бойынша құжат тақырыптарының құжат мазмұнына сәйкестігін тексеру, құжаттарды ресімдеу және толық болуының (жинақтамасы) дұрыстығын тексеру, істерде парақтардың нөмірленуі, растау жазбасы мен іс құжаттарының ішкі тізімдемесін құрастыру, істердің тақырыптарын құрастыру және анықтау, мұқабасында істердің сипаттамасы

1 іс

0,73

Уақытша істерді қалыптастыру (10 жылдан астам) сақтау, істерді ресімдеудің тақырыптарын құрастыру

Істер номенклатурасы бойынша орындалған құжаттарды топтау, Істер номенклатурасы бойынша құжат тақырыптарының құжат мазмұнына сәйкестігін тексеру, құжаттарды ресімдеу және толық болуының (жинақтамасы) дұрыстығын тексеру, істерде парақтардың нөмірленуі, растау жазбасы мен іс құжаттарының ішкі тізімдемесін құрастыру, істердің тақырыптарын құрастыру және анықтау, мұқабасында істердің сипаттамасы

1 іс

0,56

Сақтауға жатпайтын, жойылатын істер мен құжаттарды бөлу жөнінде актіні құрастыру және құжаттардың құндылығына ғылыми және практикалық сараптама жүргізу

Құжаттың құрамы мен мазмұнын зерделеу, олардың ғылыми-тарихи практикалық мәнін айқындау, істерді парақтап қарау, тұрақты және уақытша сақтауға және жоюға жататын, сақтауға жатпайтын құжаттарды іріктеу, Орталық сараптама комиссиясы (Сараптама комиссиясы) (бұдан әрі - ОСК (СК)) отырысында актіні қарау, бекіту

1 іс

1,00

Ұйымның мұрағатына тапсырылуға тиіс істерді уақытша (10 жылдан астам) және тұрақты сақтау тізімдемелерінің жылдық тарауын құрастыру

Құндылық сараптамасынан өткен істерге жылдық тараудың тізімдемесін құрастыру, ОСК (СК) отырысында дайын тарауларды қарау, ескерту бойынша өңдеу, ресімдеу, белгіленген тәртіпте бекіту, істерді қалыптастыру және ресімдеу сапасын тексеру, тізімдемеге енгізілген, істер номенклатурасы бойынша жүргізілген істердің санына сәйкес келуі; істердің сыртында (қарындашпен) уақытша шифт қою

10 тізімдеме сипаттамалық баптармен

1,12

Ұйымның мұрағатына тапсырылуға тиіс істерді уақытша (10 жылдан астам) және тұрақты сақтау тізімдемелерінің жылдық тарауын автоматтандырып

құрастыру



Компьютерді қосу, тізімдеме форматының дисплейіне шақыру, істерге деректерді енгізу, құндылық сараптамадан өткен құжаттар; құрастырылған тізімдемені тазарту, түзету; басып шығару; ОСК-да (СК) отырысында жылдық тарауларды қарау; айтылған ескертулерге сәйкес өзгерістер енгізу; өңдеуден кейін тізімдеме тарауын басып шығару, компьютерді сөндіру

10 тізімдеме сипататамалық баптармен

1,10

Істерді құрылымдық бөлімшеден ұйымның мұрағатына жіберу

Істер номенклатурасы мен тізімдемелер бойынша бір-бірден жіберу, тізімдеме даналарын жіберу, кестеге сәйкес бақылау-анықтамалық және тақырыптық карточкалар, істер номенклатурасы, белгіленген нысан бойынша жіберілетін құжатты ресімдеу

10 іс

3,00

Салааралық үлгілік уақыт нормаларының

2-қосымшасы

Сақталу мерзімін көрсетіп құжаттардың тізімін құрастыру


Жұмыстың атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған технология

Сақталу мерзімі көрсетілген құжаттардың тізімін (тізбесін) құрастыру

1 авторлық парақ

82,0

1,2

«Мұрағатты толықтыру бойынша мәліметтер» есебін құрастыру




Жұмыстың атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған технология

Есепті құрастыру

1 авторлық парақ

8,2

0,05

«Мұрағат құжаттарын пайдалану мәліметтері» есебін құрастыру




Жұмыстың атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған технология

Есепті құрастыру

1 авторлық парақ

8,2

0,05

Жеке жасалған құжаттарды іздестіру бойынша уақыт нормасы




Жұмыстың атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған технология

Жеке жасалған құжаттарды іздестіру бойынша сұратуды орындау

0,55

0,08

Қорлар бойынша анықтамаларды құрастыруға уақыт нормасы




Жұмыстың атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған технология

Қорларға анықтамаларды орындау

1 авторлық парақ

82,0

1,2

Тақырыптық сұраныстарды орындауға уақыт нормалары




Жұмыстың атауы

Уақыт нормасы,сағ.

Дәстүрлі технология

Автоматтандырылған технология

Тізімдемеге қарамай сұранысты орындау

8,2

1,0

Ұйым мұрағаты құжаттарының ғылыми – анықтамалық аппаратын құру




Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Істердің үнемі сақталуы үшін жылдық жинақталушы тараулар тізімдемесін құрастыру

Белгілі нысан бойынша тізімдеме жазу, ресімдеу (жиынтық тізімдеменің жылдық тарауын), ОСК (СК) отырысында қарау, мемлекеттік мұрағаттың ЭПК бекітуіне ұсыну, ескертулер бойынша жетілдірілуі, ұйым басшысының бекітуі

10 тізімдеменің сипаттау баптары

1,00

Жеке құрам бойынша жиынтық тізімдеме құрастыру

Белгілі нысан бойынша тізімдемені (жиынтық тізімдеменің жылдық тарауын) жазу, ресімдеу, ОСК (СК) отырысында қарау, мемлекеттік мұрағаттың ЭПК бекітуіне ұсыну, ескертулер бойынша жетілдірілу, ұйым басшысының бекітуі

10 тілімдеменің сипаттау баптары

0,90

Істердің аяқталған тізімдемелерінің пәндік, географиялық, дербес сілтемелерін құрастыру

Тізімдемелерді қарау, деректерді айқындау, карточкалар жазу, (әр карточкаға бір түсінік енгізу), сілтемелер құрастыру

Сілтеменің 10 карточкасы

1,40

Құжаттарды каталогтау




Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Карточкалар құрастыру және пәндік картотекасын жүргізу (пәндік-тақырыптық)

Істерді каталогтау үшін істерді іріктеу мақсатында тізімдемені зерттеу, істерді парақ бойынша қарап шығу, каталогтауға жататын құжаттарды айқындау, айқындалған құжаттардың мазмұнын аннотациялау, белгілі нысан бойынша карточкалар жазу, істердің сыртына оның каталогтанғаны жөнінде мөр басу; пәндік түсініктер алфавиті бойынша карточкаларды топтау, бұдан әрі осы картотекаға қабылданған кесте бойынша; карточкалардың орналасуы қабылданған индекстері қабылданған кесте бойынша карточкаларды жүйелеу

10 карточка

3,00

Мұрағат құжаттары бойынша автоматтандырылған мәліметтер деректерін құру

карточканы басып шығаруымен;

карточканы басып шығарусыз;

мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қайраткерлерге;

жеке құрам бойынша


Тізімдемені зерттеу, істерді іріктеу, құжаттарды айқындау, компьютерді қосу, карточка форматын дисплейге шығару, оны толтыру, карточкалардың орналасуы қабылданған индекстері қабылданған кесте бойынша карточкаларды жүйелеу, компьютерді өшіру, істің сыртына каталогтанғаны жөнінде мөртабан қою

10 карточка


10 карточка
10 карточка

10 карточка


2,40
2,00


1,80

1,20


Карточкалар, құрастыру, дербес картотекасын жүргізу (мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қайраткерлерге)

Тізімдемені зерттеу, құжаттарды каталогтау үшін істерді іріктеу, істерді парақтар бойынша қарап шығу, каталогтауға жататын құжаттарды айқындау, айқындалған құжаттардың мазмұнын зерттеу, белгілі нысанда карточкалар жазу, тегі, аты/- әкесінің аты бойынша әріп тәртібі бойынша карточкаларды топтау; карточкалардың орналасуының қабылданған жүйелеу кестесіне сәйкес болуы

10 карточка

2,30

Ұйымның жеке құрамы бойынша карточкалар құрастыру және картотека жүргізу

Тізімдемені зерттеу, құжаттарды каталогтау үшін істерді іріктеу, істерді парақтар бойынша қарап шығу, каталогтауға жататын құжаттарды айқындау, айқындалған құжаттардың мазмұнын зерттеу, белгілі нысанда карточкалар жазу, тегі, аты/әкесінің аты бойынша әріп тәртібі бойынша карточкаларды топтау; карточкалардың орналасуының қабылданған жүйелеу кестесіне сәйкес болуы

10 карточка

1,0

Құжаттарды пайдалану және мекемелер мен азаматтарға ақпараттық қызмет көрсету




Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Тақырыптық сұраныстар атқару

Сұраныспен танысу, ғылыми анықтамалық аппратты зерттеу және мұрағат құжаттарын зерттеу, сұраныс тақырыбы бойынша мәлімет айқындау, жауап беру мәтінін жазу

1 сұраныс

1,0

Уақытша пайдалану үшін істерді беру

Сұраныспен танысу, топографиялық сілтемелері бойынша істердің орнын табу, істерді алу, орнын басушы карточканы орналастыру, істің не тізілімнің (істер номенклатурасында) сыртындағы шифр мен атауының сәйкес келуін тексеру, істердің парақтарының номірленуі және физикалық ахуалын тексеру, уақытша пайдаланымға істерді беру жөнінде актілер ресімдеу, істерді беру

10 іс

2,00

Кеңес беру үшін келушілерді қабылдау

Сұраныс тақырыбы бойынша құжаттардың құрамы және мазмұны мәселелері жөнінде кеңес беру; жұмысы, қызметі, оқуы туралы анықтама алу үшін мұрағаттағы құжаттардың болуы туралы хабардар ету

1 келуші

0,86

Талап етілмеген еңбек кітапшаларын қабылдау және беру

Еңбек кітапшаларын сақтауға қабылдау, қабылдауды ресімдеу, еңбек кітапшаларын картотека жәшігіне әріп бойынша орналастыру

1 еңбек кітапшасы

0,47

Ведомствоның (ұйымның) құрылымдық бөлімшелері мен мекемелердің іс жүргізуіндегі құжаттардың ұйымдастырылуын бақылау




Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Ведомство мен мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарымен іс жүргізудің ұйымдастырылуына тексеру өткізу

Бүкіл мекеменің және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі міндеттері мен қызметін зерттеу, тексеру жоспарын құру, зерттелетін объектіде (іс жүргізу қызметі қызметкерлерімен қоса) ісқағаздармен жұмыс жасауды зерттеу, мекеменің (құрылымдық бөлімшелерінің) басшылығын тексеріс нәтижелерімен таныстыру, объектіде тексеріс өткізу қорытындысын талқылау, тексеріс қорытындысы бойынша анықтама құрастыру

Істер номенклатурасы 100 позицияға дейін жететін бір құрылымдық бөлімшенің (мекеменің) құжаттарымен жұмыс жасауын 1 тексеруі

19,60

Мекеменің құрылымдық

бөлімшелерінің құжаттарымен іс жүргізудің ұйымдастырылуын бақылау



Істерді қалыптастыру және тізілімге енгізуді (іс жүргізу қызметі қызметкерлерімен қоса), іс жүргізуде құжаттарды сақтаудың қамтамасыз етілуін тексеру, тізімдемелер құрастыру, істерді ведомстволық мұрағатқа жіберуге дайындау; құжаттармен жұмыс жасауды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Істер номенклатурасы 100 позицияға дейн жететін бір құрылымдық бөлімшенің құжаттарымен жұмыс жасауын 1 тексеруі

7,10

Ұйымның қызметкерлеріне ақысыз кеңес беру

Істерді қалыптастыру мәселелері жөнінде кеңес беру, істер номенклатурасын, тізімдемелер құру, құндылықтар сараптамасын өткізу, құжаттарды мемлекеттік сақтауға, әдістемелік құралдарын практикалық қолдануға іріктеу

1 кеңес беру

1,20

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету




Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Істерді құрылымдық бөлімшеден мұрағатқа қабылдау

Істер ахуалымен танысу, істердің ресімделуін тексеру, тізілім бойынша (біртіндеп) қабылдау, осы жылдық тізілім бөлімі құжаттарының бақылау - анықтамалық картотекасын қабылдау, нақты қабылданған істер саны, болмаған істер нөмірлері жөніндегі мәліметтерді жазу, сақталу орындарына істерді орналастыру, істерді орналастыру жөніндегі топографиялық сілтемелерін белгілеу, құжаттардың келіп түсу және кету кітабына жазу енгізу

10 іс

3,60

Дезинфекция, дезинсекция, қалпына келтіру және бумалауға іріктеу, дайындау және жіберу

Құжаттарды болуын тексеру, құжаттардың физикалық ахуалын есепке алу картотекасы (журналы) жөніндегі актісі бойынша таңдау, мұрағат қоймасынан істерді беру кітабына тіркеу, белгілі нысанда тапсырыс ресімдеу, лабораторияға істерді жіберу

10 іс

4,70

Істерді беру (қабылдау)

Істерді беру: тапсырыспен танысу, топографиялық сілтемелері бойынша істердің орналасу орнын анықтау; істерді алып шығу; орнын басу карточкасына салу; іс сыртындағы шифрдың атауына және тізіліміне (істер номенклатурасына) сәйкес келуін анықтау, парақтардың нөмірленуі мен ахуалын тексеру, мұрағат қоймасынан істерді беру кітабына жазу енгізу.

Істерді қабылдау: істерді қарап шығу, парақтардың нөмірленуі мен ахуалын тексеру, беру кітабына істерді қайтару жөнінде жазу енгізу, орнын басу карточкасын алып тастау; істерді сақталу орындарына салу



Мұрағаттан берілген не мұрағатқа қабылданған 10 іс

1,55

Істерді картондау

Нөмірлер тәртібі бойынша істерді орналастыру, белгіні жазу, оны қорапқа жапсыру

10 іс

0,52

Сақталуға тиіс істер бумаларын қалыптастыру

Істерді нөмірлер тәртібі бойынша топтастыру, белгі жазып тағу, шпагатқа белгіні тағу, істерді буу

10 іс

0,54

Топографиялық сілтемелер құрастыру

Сілтеме карточкасы бағандарын белгілі нысан бойынша толтыру, карточкаларды белгілі сөрелердің орналасу тәртібі, қорлар нөмірлері бойынша топтастыру

10 карточка

2,80

Автоматтандырылған топографиялық сілтемелер жүргізу

Компьютерді қосу, дисплейге файл шығуын сұрау, сілтеме карточкасы бағандарын (бағандардағы деректерді нақтылау) толтыру, карточкаларды белгілі орналасу тәртібі бойынша топтастыру; қағазға басып шығару, компьютерді сөндіру

10 карточка

1,25

Істердің болуын және ахуалын тексеру

Сақталу орындарында және тізілім (істер номенклатурасы) бойынша, істің сыртында сипаттамасы бар істер номенклатурасы тізілімінің сипаттау бабы бойынша істердің нақты болуына салыстыру жасау, істердің физикалық ахуалы және техникалық ресімделуін тексеру, істің болуы тексерілгені жөніндегі парағын толтыру, мұнда істердің физикалық ахуалы, істердің болуын тексеру және қордағы істер ахуалы актісі көрсетілгені қоса құрастырылады

10 іс

0,80

Ұйым мұрағатының құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыруы

Істерді дайындау және жеткізу, істерді тапсыруға қатысу, белгілі нысанда құжаттардың тапсырылуын ресімдеу, кіріс және шығыс құжаттары кітабына шығу жөнінде жазу енгізу

10 іс

1,00

Құжаттарды есепке алу




Жұмыстың атауы

Жұмыстың мазмұны

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, сағат

Ұйым мұрағатының есепке алу құжаттарын құрастыру және жүргізу

Қор қалыптастыру тарихы бойынша қайнар көздерін зерттеу, қорлар тізімін құрастыру және жүргізу, қорлар мен жинақтардың сандық және қор бойынша есепке алу, қор парағын құрастыру, тиісті құжаттар негізінде қордың құрамы мен көлемі туралы мәліметтер айқындау және жазу, белгілі нысанда мұрағат қоры карточкасын құрастыру, карточканы мемлекеттік мұрағатқа тапсыру

1 мұрағат қоры

2,50

Ведомстволық сақтаудағы құжаттардың ахуалы және көлемі туралы мұрағат төлқұжатын құрастыру

Мұрағат туралы мәліметтер жинау және сараптама жасау, есепке алу құжаттары негізінде белгілі нысанда төлқұжат жазу

1 төлқұжат

9,70

Техникалық ресімдеу




Жұмыс атауы

Жұмыс мәні

Өлшем бірлігі

Уақыт нормативі, сағат

Құжат мәтінін автоматтандырылған түрде редакциялау

Компьютерді қосу, дисплейге файл шығуын сұрау, өзгерістер енгізіп, мәтінді түзету, мәтінді қағазға шығару, компьютерді сөндіру

1 авторлық парақ

1,60

Құжаттарды (басқарушылық құжаттамаларды) істерге қолдан тігу

Атқарылған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес мұқабасына топтау (арасына салу), тігін машинасымен тігу, 4 хаттамаға тігу

1 іс

0,30

Еңбекті шағын механизациялауды қолдану арқылы істерді (басқарушылық құжаттамаларды) іске тігу

Атқарылған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес мұқабасын топтау (арасына салу), тігін машинасымен тігу

1 іс

0,08

Еңбекті шағын механизациялауды қолдану арқылы қағаз жүзіндегі құжаттарды жою

Жоюға бөлу актісіне енгізілген істерді жеткізу, тасып салу, құжаттарды ұсату машинасын іске қосу; қағаз бумаларын ыдысқа тасып салу

1000 парақ

1,05

Құжаттарды жоюға тапсыру

Жоюға бөлу актісіне енгізілген істерді сөрелерден алу; бумаларды қалыптастыру және бумалау; көлік алу өтінімін ресімдеу; белгілі тәртіпте істерді салу, істерді жоюға тапсыру

100 іс

6,00

Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің

ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормаларының

3-қосымшасы

Ісқағаздарын жүргізу қызметімен айналысатын қызметкерлердің санын шамамен есептеу
Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің саны жыл бойы орындалатын жұмыстардың күрделілігі бойынша есептеледі


р/с №

Орындалатын жұмыстардың түрі

Өлшем бірлігі

Бір жылға жұмыс көлемі, адам–сағат

Өлшем бірлігіне уақыт нормативі, адам–сағат

Қажетті уақыт адам-сағат

1.

Ұыймның істер номенклатурасын әзірлеу

50 позициясы

200

24,0

96,0

2.

Азаматтардың өтініштерін тіркеу

1

құжат


10000

0,004

40,0

3.

Үнемі сақталатын істерді қалыптастыру, тақырыптарын құрастыру, істер ресімдеу (басқарушылық құжаттамалар)

1 іс

500

0,73

365

4.

Ұйымның жеке құрамы бойынша істерді қалыптастыру, тақырыптарын құру, істерді ресімдеу

1 іс

500

0,73

365

5.

Істерді құрылымдық бөлімшеден ұйымның мұрағатына тапсыру

10 іс

500

3,00

150




Құжатты бақылауға қою

1 ҚБҚ

1000

0,46

460




Барлығы:










1476,0

Қ – жұмыс орны, демалу (дене шынықтыру үзілістерімен қоса) және дербес қажеттіліктеріне – 1623,6 ад/сағ. ұйымдастырушылық - техникалық қызмет жасау үшін қажет уақытын есепке алатын, К = 1,1 коэффициентін есептегенде уақыт нормативтері жиынтығы бойынша есептелген жұмыстардың қиындылығы.

Қ- бір жыл ішіндегі бір жұмыскердің жұмыс уақытының тиімді қоры, с (ортаңғысына 1984 сағат тең қабылданады).
Қ 1623,6

Ссп = -------- = -------------- = 0,8 адам.

Қ 1984,0

Ұйым мұрағаты қызметкерлерінің саны жыл бойы орындалатын жұмыстардың күрделілігі бойынша есептеледі




Р/с



Орындалатын жұмыстардың түрі

Өлшем

бірлігі


Жұмыстар көлемі бірлігіне жұмыстар көлемі,

адам– сағат



Уақыт нормативі,

адам-сағат



Қажетті уақыт, адам–сағат

1

Ұйымдар мен азаматтардың сұрауларын орындау

1 сұрау салу

150

2,4

150,0

2

Ақпараттық құжаттарды тақырыптық айқындау және дайындау

1 авторлық парақ

10

127

1270,0

3

Істерді құрылымдық бөлімшелерден мұрағатқа қабылдау

10 іс

500

3,60

180

4

Істерді беру (қабылдау)

Мұрағаттан берілген не мұрағатқа қабылданған 10 іс

500

1,55

77,5

5

Істердің болуы мен ахуалын тексеру

10 дел

500

0,80

40




Барлығы:










1717,5

Қ – жұмыс орны, демалу (дене шынықтыру үзілістерімен қоса) және дербес қажеттіліктеріне – 1889, 3 ад/сағ ұйымдастырушылық - техникалық қызмет жасау үшін қажет уақытын есепке алатын, К = 1,1 коэффициентін есептегенде уақыт нормативтері жиынтығы бойынша есептелген жұмыстардың қиындылығы.

Қ- бір жыл ішіндегі бір жұмыскердің жұмыс уақытының тиімді қоры, с (ортаңғы 1984,0 сағ. тең қабылданады).
Т 1889,3

Ссп = ----- = ------------------ = 0,95 чел.

Ф 1984,0

Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің

ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормаларының

4-қосымшасы

Қолданылған әдебиеттер
Жинақты құрастырғанда мына нормативтік материалдар қолданылған:

Уақыт нормативтерін әзірлеу негізіне еңбекті ұйымдастыруды зерделеу материалдары және алдыңғы қатарлы тәжірибелер, хронометражды байқаулар, жұмыс күнінің фотосуреттері, жедел есепке алу және есептеме деректері алынған.

Басқару органдарының құжаттамалық қамтамасыз ету және автоматтандырылған мұрағаттық технологиясы бойынша жұмыстарға уақыт нормалары (Мәскеу қаласы, 1993 жылғы).

Атқару өкіметінің федералдық органдарының басқарушылық құрылымдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарына уақыт нормасы (Мәскеу қаласы, Экономика, 2002 жылғы).

Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға ірілендірілген салааралық уақыт нормативтері (Мәскеу қаласы, Экономика, 1994 жылғы).

Іс қағаздарын жүргізушілік қызмет көрсету бойынша жұмыстарға уақыт нормативтері (Мәскеу қаласы, Экономика, 1987 жылғы).



Басшылар, мамандар мен басқа қызметшілердің лауазымдық біліктілік анықтамалығы (Астана қаласы, 2002 жылғы).






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет