Ишигов Ибрагим Агаевич



жүктеу 2.54 Mb.
бет1/12
Дата03.05.2016
өлшемі2.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


Ишигов Ибрагим Агаевич

Нарымбетова Тохжан Мансуровна

ФИЗИОЛОГИЯ-1
(оқу-әдістемелік құрал)


Түркістан 2012
Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінің №4 хаттама 26 желтоқсан 2011 ж.
Рецензенттер:
медицина ғылымдарының докторы, доцент С.Н.Жұмашев

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Н.К. Ходжаев

«Физиология-1» оқу құралында организмде жүретін жалпылама физиологиялық процестерге – тұтас организмнің тіршілігі, оның қоршаған ортамен қарым қатынасы тұралы мәселелерге арналған. Осы оқу құралы жалпы медицина және стоматология мамандықтарында білім алатын студенттерге арналған.



Кіріспе

Физиология пәні. Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім) жүйе, мүше, тін және жасуша деңгейінде жүретін тірі организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Жекеленген функкцияларды зерттеу үшін организмнің қоршаған ортамен әрекеттесу заңдылықтарына, механизмдеріне, себептеріне, оның түрлі шарттарда тіршілікке бейімделуіне, эволюциялық даму сатысында туындауы мен түзілуіне, сонымен қатар индивидуальді даму ерекшеліктеріне сүйенеді.

Физиологиялық процестерде жете түсіну үшін анатомия, гистология, биология, биофизика сияқты пәндердің негізін терең ұғыну қажет. Физиологияда физикалық, химиялық, кибернетикалық, математикалық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылады.

Физиологияға кіріспе. Физиологияда жиі қолданылатын зерттеу тәсілдері. Қозғыш құрылымдарды зерттеу тәсілдері.
1. Физиология пәнінің маңызы.

2. Физиология пәнінің маңызы.

3. Физиология пәнінің басқа пәндермен байланысы.

4. Физиология және медицина.

5. Физиология бөлімдері.

6. Функция, процесс жайлы жалпы түсінік.

7. Функционалды жүйе жайлы түсінік.

8. Физиологияның зерттеу әдістері.

9. Физиологияның негізгі зерттеу әдісі- эксперимент.

10. Жедел және созылмалы эксперименттер.

11. Физиологияның даму тарихы.

12. Қазіргі замандағы физиологияның негізін салушылар.


1. Физиология пән ретінде.

Физиология (грек тілінен physis-табиғат және logos-ілім, ғылым) – жалпы ағза және оның бөліктерінің: жасуша, ұлпа, ағза, функционалдық жүйе тіршілігі жайлы ғылым. Физиология тірі ағза қызметтерінің орындалу механизмдерін олардың бір-бірімен байланысын, реттелуі мен сыртқы ортаға бейімделуін эволюция кезінде индивидуальды даму процестерін анықтауға ұмтылады.



2. Физиология пәнінің маңызы.

Барлық дерттердің алдын алуға бағытталған салауатты өмір салтын қалыптастыруға және оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге физиологияны оқып білу өте қажет. Физиология заңдылықтары – жаңа өндірісте еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негізі болып табылады.



3. Физиология пәнінің басқа пәндермен байланысы

Физиологияның заңдылықтары ағзалар мен ұлпалардың макро- және микроскопиялық құрылысына, сондай-ақ жасуша, ұлпа, ағзаларда өтетін биохимиялық және биофизикалық процестерге негізделген. Физиология анатомиядан, гистологиядан, цитологиядан, молекулярлы биологиядан, биохимиядан, биофизикадан және басқа да пәндерден алынған нақты мәліметтерді синтездеп, оларды организм жайлы бір бүтін жүйе іліміне айналдырады. Сонымен физиология пәні ғылым ретінде организмді және оның барлық элементтерін бір бүтін жүйе ретінде зерттеуге көмектеседі.



4. Физиология және медицина

Жалпы бүтін организмнің тіршілігін қалыптастыратын негізгі механизмдерін және оның қоршаған ортамен байланысын анықтай отырып физиология, адам науқастанған кезде осы механизмдердің бұзылу себептерін, жағдайын анықтап, зерттеуге көмектеседі. Сондай-ақ физиология патологиялық жағдайдағы организмде бұзылған қызметтерді қалпына келтірудің жолдары мен әдістерін анықтауға басқаша айтқанда денсаулықты қалыптастыруға жол ашады. Сондықтан физиология медицинаның теориялық негізі болып табылады.Дәрігер науқастың жағдайын функционалдық бұзылыстарға , басқаша айтқанда бірқатар физиологиялық қызметтердің қалыпты жағдайдан ауытқу сатысына қарай бағалайды. Функционалды (физиологиялық) зерттеулер клиникалық диагностиканың негізін құрайды.Сонымен қатар дәрігер осы зерттеулердің көмегімен жүргізілген емнің нәтижесі.

Дегенмен физиологияның медицинадағы маңызы мұнымен аяқталып қоймайды. Ағзалар жүйелердің қызметтерін зерттеу, осы қызыметтерді приборлар, аппаратар және басқа қондырғылар арқылы моделдеуге мүмкіндіктер ашты. Осындай жолмен жасанды бүйрек (гемодиализ) аппараты жасалынды. Жүрек ритмінің физиологиясын зерттеу негізінде жүрек қызметін қалыптастыратын және ауыр жүрек ақаулары бар науқастардың еңбекке оралуына мүмкіндік туғызатын жүректің электростимуляция аппараты шығарылды. Жасанды жүрек және жасанды қан айналым аппараттары ( жүрек өкпе машинасы) жүрекке күрделі операция жасағанда жүректің қызыметін уақытша істен шығаруға мүмкіндік туғызады. Жүректің жиырылу қызметі нашарлаған кезде, оны қалпына келтіру үшін дефрибриллятор аппараты қолданылады.

Тыныс алу физиологиясын зерттеу арқылы жасанды тыныс аппараты шығарылды. Газ алмасу және газ тасымалдау физиология заңдылықтарын білу көмегімен гипобариялық оксигенация аппараты жасалынды. Бұл аппарат кан, тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері қызметтерін қалпына келтіру мақсатында қолданылады.

Ми физиологиясы заңдылықтарына негізделіп бірнеше нейрохирургиялық операция әдістері ашылды.

5. Физиология бөлімдері.

Физиология адам мен жануарлар ағзалары қызыметтерін біртұтас ғылым болғанымен, оны бірнеше бқлімге бөлуге болады. Физиология: жалпы және жеке, салыстырмалы және эволюциялық, арнайы болып бөлінеді.



Жалпы физиология – жалпы организмде жүретін процестердің табиғатын және қоршаған орта әсерлеріне организмнің реакциясын зерттейді. Осыған байланысты бұл бөлімде жиырылу, қозу, тітіркену, метаболитикалық және энергетикалық процестер, биологиялық мембрананның, жасушалардың, ұлпалардың жалпы қасиеттерін қарастырады.

Жеке физиология - ұлпалардың (бұлшық ет, жүйке т.б.) жүйелердің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу т.б.) қызметтерін қарастырады.

Салыстырмалы физиология - ағза қызметінің өзгеруі жалпы заңдылықтарын және себептерін анықтау мақсатында жануарлар арнасымен салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді.

Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардағы физиологиялық қызметтердің онто- және филогенезде жалпы биологиялық заңдылықтары мен миханизмдерінің дамуы мен құрылуын зерттейді.

Арнайы физиология- организмнің қызметтерін заңдылықтарын, оның арнайы іс-әрекетіне, тәжірибелік дағдыларын немесе нақты мекеннің жағдайларына байланыстыра отырып оқытады. Арнайы физиологияның келесі түрлерін атап өтуге болады: авиациялық, космостық, жас шамалық, клиникалық, психофизиологиялық, еңбек пен спорт физиологиясы, экология физиологиясы.

6. Функция, процесс жайлы жалпы түсінік.

Функция- ағза немесе белгілі бір жүйенің арнайы қызметі. Мысалы: асқорту жүйесінің қызметтері: маторлы, секреторлы, сіңіру; тыныс алу жүйесінің қызметі- О2 және СО2 газ алмасу; қан айналу жүйесінің қызметі-тамырларға қан айдау; миокардың қызметі- жиырылу мен босаңсу; нейронның қызметі-қозу мен тежелу.

Процесс- белгілі бір нәтижеге жету үшін бірінен соң бірі жүретін қызметтер жиынтығы.

Функционалды жүйе жайлы түсінік. Функционалды жүйе – ағзаның қызметтеріне сай іріктеліп жинақталған өзін-өзі реттей алатын орталық- перифериялық біртұтас құрылым.

7. Физиологияның зерттеу әдістері.

Физиология- эксперементальді ғылым. Көптеген фактілер жиынтығын тірі ағзада өтетін процесстерді тікелей зерттеу әдістерін қолдана отырып ашқан.

Физиология дамуының алғашқы этаптарында ең негізгі зерттеу әдісі- бақылау әдісі болды. Бақылау әдісі бойынша- қан айналымының жалпы схемасы (У.Гарвей); капиллярлар (Г.М.Мальпиги); рефлекторлық қызметтің принцептері (Р.Декарт); материяны сақтап қалу заңы (М.В.Ломоносов) ашылды.

8. Физиология процесстерді графикалық тіркеу.

Графикалық тіркеу әдісінің бір мезгілде бір емес, бірнеше физиологиялық процесстерді жазып алу мүмкіндігі бар.

Биоэлектрлі құбылыстарды зерттеу әдістері. Электрокардиография, электроэнцефалограмма, электромиография- тірі ағзадағы биоэлектрлік құбылыстарды жазып алуға мүмкіндік туғызады.

Ағзалар мен ұлпаларды электрмен тітіркендіру. Қазіргі кезде бұл әдісте электронды стимулятор қолданылады. Бұл стимулятор арқылы электр импульсінің кез-келген түрін ,кез- келген күште және жиілікте анықтай аламыз. Бұл әдіс клиникада да кеңінен қолданылады. Адам организіміне қондыруға болатын әр түрлі электр стимуляторлар шығарылған.

Химиялық әдіс-физиологиялық химия тірі ағзада өтетін химиялық процестерді зерттейді. Физиологиялық химия қазіргі кезде, өз алдына- биологиялық химия болып бөлінеді. Биологиялық химия-физиологиялық прцестердің молекулярлы механизмдерін ашып зерттейді.

9. Физиологияның негізгі зерттеу әдісім - эксперимент. Физиология экспериментальды ғылым ретінде дамыған. Физиология адам және жануар организмінде жүретін өмір сүру процестерін тікелей зерттеулер жүргізу арқылы анықтайды. Экспериментальды физиологияның негізін салушы атақты ағылшын дәрігері Уильям Гарвей.

10. Жедел және созылмалы зерттеулер. Жедел эксперименті. Аналитикалық физиологияның негізгі әдісі жекеленген ағзаларға эксперимент немесе жедел зерттеулер жүргізу. Белгілі бір ағзаның немесе жүйені зерттеу үшін физиолог вивисекция жасау керек. Кез-келген ішкі ағзаның және жүйенің қызметін, және оларда өтетін процестердізерттеу үшін организмге терең ену керек. Бұл әрекеттің өзі ағзадағы процестердің жүру қалпының бұзылуына алып келеді. Сондықтан да созылмалы эксперимент әдісі енгізу қажет болды.

11. Созылмалы эксперимент әдісі. Аналитикалық физиология мен жедел эксперименттің кемшіліктері И.П.Павловты қатты толғандырды. Ол организмнің біртұтастығын бұзбай , терең еніп зерттеу жүргізу әдісін тапты.

Физиологиялық хирургияға» негізделген – созылмалы эксперимент әдісі. Наркоз салынған жануарға асептика және антисептика жағдайында белгілі бір ағзаға эксперимент жасау мүмкіндігін алу үшін алдын-ала күрделі операция жүргізіледі. Қуысты ағзаға «терезеше» орнатып, ол жерге фистула түтікшесін енгізіп немесе сыртқа шығарылып, бездің түтігі теріге тігіледі. Эксперименттің өзі жара жазыла бастағанда, бірнеше күн өткеннен кейін барып жүргізіледі. Мұндай эксперимент жүргізгенде физиологиялық процестер қалыпты жағдайда жалғаса береді. Қойылған фистуланың арқасында белгілі бір процесті ұзақ мерзім зерттеу мүмкіндігі бар.



12. Физиологияның даму тарихы. Физиология – тірі ағза тіршілігін және оның құрамдық бөліктерін – жасуша, ұлпа, ағза және жүйе қызметтерін зерттейтін ғылым ретінде XVII ғасырда пайда болды. Физиологияның даму тарихы, әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізіп оларды ашқан ғалымдардыц еңбектерімен тығыз байланысты.

Жаңа дәуірдегі физиологияның негізін салушылар. ХІХ ғасырдың екінші жартысында И.М. Сеченовтың (1828-1905) еңбектері бүкіл әлемге белгілі бола бастады. И.М.Сеченов ОНЖ-ғы тежелу процесін ашты. И.П.Павловтың (1849-1936) шартты рефлекс жайлы еңбегі – адам және жануарлар жоғарғы жүйке іс-әрекеті физиологиясы деген жаңа тараудың ашылуына себеп болды. Ми мен ішкі ағзалар арасындағы екі жақты байланыс туралы (кортико-висцеральды) пікірді зерттеп ұсынған К.М.Быков (1886-1959). Организмде барлық ағзалар мен ұлпаларда механо – және хеморецепторлар болатынын В.Н.Черниговский (1907-1981) дәлелдеді. Сонымен қатар В.Н.Черниговский интерорецепторлар қасиеттерін функциональды зерттеу әдістерін және шартсыз интероцептивті рефлекстердің жіктелуін жасады. Нервтік және гуморальдық жүйені зерттеп ұсынған да В.Н.Черниговский болды. Функциональдық жүйе жайлы теорияны П.К.Анохин (1898-1974) өз еңбегінде зерттеп жазды.


Лабораториялық жұмыстар:

Тақырыбы: Организмнің физиологиялық қызметін зерттеу. (Зерттеу, тіркеу тәсілдері және қолданылатын аппараттар). Функциональды диагностика бөлімі және клиникалық лаборатория.


Физиологиялық құбылыстарды тексеру тәсілдері.

Организмнің қызметін зерттеу тәсілдері.

Бақылау тәсілі – тірі организмнің өмір сүруін тікелей бақылау. Физиология ілімінің дамуындағы алғашқы сатыларының бірі. Осы методика бойынша жалпы қан айналу жүйесі (У. Гарвей), капиллярлар (М.Мальниги), рефлексті іс-әрекет приңципі (Р.Декарт), жануарлар электрлігі (Л.Гальвани), т.б. Негізінен бақылау тәсілі баяу жүреді де, тексеру объектілерінің саны аз болып, сапасына көп көңіл бөлінеді.

Тітіркендіру тәсілі. Бұл тәсіл (методика) бойынша, организмге немесе бөлек бір ағзаға, структуралық бірліктерге, әр түрлі (химиялық, механикалык, электрлік, т.б.) тітіркендірулер беру арқылы олардың жауап беруіне негізделеді және нервтік құбылыстардың пайда болуы, таралуы бақыланады.

Бүтіндей және бөлшектей оқшауландыру (изоляция). Бөлшектеп оқшауландыруды денервация жолымен ағзаның нерв талшығын кесу немесе тосқауыл (блокатор) қою арқылы жүзеге асырылады. Толық оқшауландыру организмнен бүтіндей бір ағзаны алып тастап, оның өзіндік өмір сүру қабілетін зерттейді. Бұл тәсіл организмде тексеруі қиын параметрлерді ағзаны бөлек оқшауландырып, олардың функциональдык қасиеттерін зерттейді.



Трансплантация тәсілі. Мұндай белгілі бір ағзаны организмнің басқа бір бөлігіне немесе басқа организмге алмастырып тігу арқылы қарастырылады (қызметі, қасиеті т.б.).

Бұзу тәсілі (разрушения). Негізінен ОНЖ қызметін тексергенде қолданылады. ОНЖ бұзу әр түрлі тәсілдермен, механикалық жолмен (инемен, скальпельмен), термикалық жолмен (мұзбен үсіту, ыстықпен коагуляциялау), электр қолдану арқылы (ОНЖ белгілі бір бөлігіне электрод арқылы ток жіберіп), рентген немесе лазер сәулесімен, ультрадыбыс пен т.б. Тәсілді организм мен тексерілуші ағзаның қатты бұзылып, қызметінің нашарлауы жұмыстың жетімсіз жағы болып табылады.

Фистула қою тәсілі. Бұл тәсілде организмдегі қуыс ағзаларға (қарын, қуық, ішек, өт) металл немесе пластмасса түтікше қойылып, бір ұшы тері қабатына тігіледі. Осы ұқсас сілекей бездерінің шығару түтіктерін де теріні кесу арқылы сыртқа шығарады да бездердің қызметін тексереді.

Катетерлеу тәсілі. Қуыс ағзаларға, артериялар мен веналарға, жүрек қуысына, без шығару түтіктеріне, т.б. жіңішке синтетикалық түтікшелер қойылып, ағзалардың құрылысы, қызметі тексеріліп, секреттері алынады, немесе дәрілік заттар енгізіледі.

Микроэлектродты тәсіл. Ол кейбір ағзаның, тканьнің, немесе клетканың физиологиялық қасиеттерін тексеруде қолданылады. Тәсіл, микроскоп көмегімен клеткаға немесе клетка аралық кеңістікке жіңішке (065-160 мкм ден 50-100 мкм) әйнек немесе метал электрод енгізу арқылы іске асырылады.

Физиологиялық құбылыстарды тіркеу тәсілдері.

1. Электроэнцефалография – мидағы электрлік құбылыстарды тіркеу. Мидың электрлік потенциал тербелістерінің жазылуы электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп аталады. Адамның, күйіне, жағдайына қарай (ұйқы кезінде немесе жұмыс уақытында, стресс, т.б.) және тітіркендіру, күшіне қарай ЭЭГ әр түрлі болады. ЭЭГ адамның бас терісіне, кедергі азайтатын арнайы паста, немесе NаСl ерітіндісіне шыланған шүберек арқылы, электродтар қою жолымен алынады.

2. Миография – бұлшық еттің қимыл әрекетін күшін өлшеу жолында қолданылатын механикалық, электрлік тіркеулер тәсілі. Мұнда динамометрия мен эргография кеңінен қолданылады. Динамометрия әр түрлі бұлшық ет топтарының жиырылу күшін тіркеу тәсілі. Эргография – бұлшық ет күші мен қозғалысының жұмыс барысында өзгеруін тіркеу. Бұлшық ет талшықтарының қозу кезіндегі пайда болатын электр потенциалын тіркеу электромиография деп аталады. Бұл тәсіл медицинада, спорттың физиологияда адамның қозғағыш аппаратының жағдайын тексеруде пайдаланылады.

3. Электрокардиография – жүрек еті жиырылғандағы қозудың электрлік потенциалын тіркеу тәсілі. Бұл үшін клиникада электрокардиографтар кеңінен қолданылады. Электрокардиография қисығын электрокардиограмма деп атайды.

4. Реография – белгілі бір ағзада қан толысуына байланысты, сол ағза бойымен өтетін топқа электрлік кедергілігінің өзгеруін тіркеу тәсілі. Ағзада неғұрлым қан көп болса кедергілігі соғұрлым аз. Реография жолымен әр түрлі ағзалардың қан айналуы тексеріледі (реоэнцефалография), жүрек (реокардиография), аяқ, қол т.б.

5. Термовизометрия – адам организмінен шығатын инфрақызыл сәулелерді тіркеу тәсілі. Адам организмдегі, немесе бөлек ағзалардағы қан айналымы жағдайын одан шығатын инфрақызыл сәуленің мөлшеріне қарай білуге болады. Қан айналымы көп, зат алмасу процесі жылдам жүретін ағзаларда инфрақызыл сәулесі көп мөлшерде бөлініп шығады.

6. Фонокардиография – жүрек жиырылуы кезінде пайда болатын шуылдарды тіркеу тәсілі. Ол сезгіштігі жоғары микрофондар арқылы қабылданып тіркегіштер мен күшейткіштер қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Психофизиолгиялық тәсілдер.

1. Психометрия – адам психикасының күшін төзімділігін,: жылдамдылығын, тағы басқа да көрсеткіштерін зерттеу.

2. Ментриметрия – арнайы тестер мен шкалаларды толтыру барысында адамның жұмыс қабілеті тексеріледі.

3. Проективті тәсіл организмнің жеке басының қабылдау қасиетін зерттеу. Тәсілде сол ортаның стандарт көрсеткіштерімен салыстырылады.

4. Функциялық салмақ беру тәсілі әр түрлі арнаулы салмақтар беру арқылы психикасы зерттеу. Мұнда да стандарт көрсеткіштер қолданылады салыстырмалы түрде.
Жұмыс протоколын безендіру

Жұмыс протоколы – бұл физиология сабағында міндетті түрде атқарылатын, студенттердің өзінен жүргізген жұмыстарының нәтижесі.

Ол әрбір студенттің тындырған ісіне қарай жеке толтырылады да, семестр соңында жұмыс протоколы түгел студенттерге ғана зачет қойылады.

Емтихан кезінде протокол толтырылған дәптер, емтихан алушының тексеруінен өтеді. Протоколдар арнайы шетінде мұғалім ескерту жазатын, орын (поля) қалдырылғын дәптерге жазылады (түсінікті, толық түрде).

Тәжірибе протоколы мынадай бөлімдерден тұрады.

1. Жұмыс тақырыбы.

2. Жұмыс мақсаты.

3. Жұмыста қолданылатын заттар тізімі.

4. Жұмыс барысы және оның нәтижесі.

5. Жұмыс нәтижесіне түсініктеме.


Протоколдың жазылған жылы, айы, күні белгіленіп, нөмірленеді. Жұмыс мақсаты: Тәжірибе соңында көрсетілетін негізгі сұрақ.

Жұмыста қолданылатын заттар: Жұмысқа керекті аппараттар, сызу аспаптары, әр түрлі реактивтер, мақта тексерілуші жануар. Т.б.



Жұмыс барысы: Жұмыста істеліну керек әрекеттерді қысқа, түсінікті етіп жазу. Нәтижесін графикалық, схема, сурет түрінде салу. Жұмыс нәтижесі: протоколдың ең негізгі қажетті бөлімі. Мұнда жұмыста алынған көрсеткіштер, лекциядағы, оқулықтағы берілген көрсеткіштер арқылы бағаланады.

Оқытушы мұғалім протоколдарды тексеріп, соңына қол қойғаннан соң ғана сабақ толығымен атқарылған болып саналады.


Организмнен бөлініп алынған тіндердің қасиетін

сақтап қалуына жағдайлар.

Егер жеке бөлініп алынған ткань немесе ағза, белгілі бір арнайы химиялық, физикалық қасиеттері оңтайлы ортада болса тіршілігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады. Ол үшін оттегі жеткілікті болып, ортаның тұздық, қышқылдық құрамдары, температурасы, рН көрсеткіші оңтайлы болуы қажет. Бөлініп алынған тканьдердің ұзақ уақыт қасиетін жоймауы үшін арнайы физиологиялық ерітінділер пайдаланылады.


Суық қанды жануарлар үшін.

1. Бұлшық ет пен жүрекке тәжірибе жасағанда қолданылатын рингер ер-сі.

NaCl – 0,6%, КСl-0,0075%, СаСl2-0,01 %, NaHCO3-0,01 %

2. Электрофизиологиялық тәжірибелер үшін мына ерітінді тиімді:

NaCl – 0,65 % , КСl-0,018 %, СаСl-0,02%, NaHPO4 -0,0l%,NaHPO4- 0,03%, рН -7,2.

Жылы қанды жануарлар үшін.

1. Жүрекке жұмыс жасау үшін ЛОКК ер-сі қолданылады. NaCL – 0,9 %, KC1- 0,0042 %, СаС12-0,024%, NaH 2 Р04 -0,015%, глюкоза 0,1 %, рН -7,3-7,4 1. Ішекке жұмыс жасау үшін Тироде ер-сі қолданылады: Na CI-0,8%, KC1 -0,02%, СаСl -0,02%, NaHCO3 -0,01%, MgCb-0,01%, NaH2P04%, глюкоза-0.1%, pH-7,3-7,4.

2. Диафрагмамен жұмыс жасау үшін Кребс ер-сі қолданылады:

NaH 2PO4-0,016%,NaCl -0,69%,KCL -0,035%, CaCL -0,025%, NajtfCO3-0,21%, глюкоза – 0,2%, MgS04 x 7 H20 – 0,029%.


Жүрек-тамыр жүйесіне функционалды салмақ беру арқылы оның толық қайта қалпына келуін бақылау.

Жұмысқа керек заттар: сфигмомометр, фонендоскоп. Тексерілуші адам. Жұмыс барысы: Жұмысқа 4 адам, тексерілуші, қан қысымын өлшеуші, пульсін санаушы, протокол жүргізуші қатысады. Төмендегідей таблицаны сызып жұмысқа дайындалып болған соң, тексерілушіні орындыққа отырғызып, пульсін қан қысымын өлшеп, протоколдап алады. Жай күйдегі көрсеткіштерін таблицаға түсіріп, тексерілушіге физикалық салмақ түсіреміз. Ол үшін тонометр мен манжетканы ажыратып (манжетка тексерілушінің қолында болуы керек), жылдам отырып тұруын сұраймыз, 30 секундта 20 рет. Физикалық салмақтан соң манжетканы тономертге жалғап қан қысымын, пульсін қайта тексереміз (бірнеше рет). Сыртқы көрсеткіштердің қайта қалпына келуін арадан 3,5-10 минут өткен соң қайталай тексеріп протоколдаймыз. Дені сау адамдарда жұмыс салмағынан соң пульсі 25% жиілеп, қан қысымының максимальды систола кезіндегі көрсеткіші біршама жоғарылап диастола кезіндегісі бірқалыпты күйінде қалады немесе аздап төмендейді.

Әдетте дені сау адамдарда барлық көрсеткіштері алғашқы қалпына 3-5 минут өткен соң келеді. Тексерілушінің жұмыстан соң ентігіп, демігуі, шаршап қалуы, пульсінің көп ауытқуы (25% аса), қан қысымының төмендеп кетуі, ұзақ уақыт бойы қалпына келмеуі оның денсаулығының дұрыс еместігінің дәлелі.


Көрсеткіштері

Тыныш күйде

Физикалық жұмыстан соң

Қалпына келу уақыты

1 мин.

2 мин.

3 мин.

4 мин.

5 мин.

Пульс






















АҚ. Мм с.б.





















Жұмыс протоколын безендіруге нұсқау: тексеру барысында алынған көрсеткіштерді таблицаға түсіріңдер.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет