Ішкі саяси тұРАҚтылықты жүзеге асырудағы ақпараттық саясаттың РӨЛІ



жүктеу 80.44 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі80.44 Kb.
: bitstream -> handle -> data
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева
data -> МЕҢдігүл шындалиева қазақ очеркінің поэтикасы (монография)
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шындалиева М. Б. ф.ғ. к., доцент
data -> Алаш зиялылары және «Қазақ» газеті
data -> А Б. Кенжебаевтың өмірі мен шығармашылығы
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ РӨЛІ

М.Б.Шындалиева

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан


«Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития страны».

Международной научно-практической конференции. Москва, 2012. 32 марта.

УДК 332.365.ББК 65.011. ISBN 978-5-81-83-1801-1
Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiндегi ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды. Тәуелсіз мемлекетімізге қажетті мемлекеттік институттар тәжірибиесі мен біліктілігі күн сайын артып келеді. Соның ішінде ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ұстанып отырған ақпараттық саясаттың мәні зор. Ел Президентінің «Қазақстан -2030» Жолдауы жарияланғанынан бері ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастық сақталып нығаю түсуде.

Ел Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, оның құрамының бiрi ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады. Біздің еліміздегі демократиялық жүйенің қалыптасуында айтарлықтай алға басушылық бар, әлеуметтік-экономикалық дамуымызда оң нәтижелерге қол жетуі халықаралық беделіміздің шарықтап өсті.

Қазақстан Орта Азия елдері ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтау саясаты жағынан алда келеді. Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі ақпараттық саясатқа негіз бола отырып, Қазақстанда барлық мүмкіндіктер толыққанды қамтамасыз етілу жағы қарастырылған. Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру үшін ақпаратқа еркін қол жеткізу, мемлекет пен масс-медиа арасындағы байланыс және елімізде коммуникацияларды дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда өзара ажырату мақсатында Қазақстан өз ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету үшін Елбасы Жарлығымен «2006-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңіс­ті­гінің бәсекеге қабілеттілігін да­мыту туралы» тұжырымдамасын бекітті. Мұнда заманауи ақпараттық қоғам құру көзделіп, электронды үкімет, сандық телевидение және интернет жүйесін кеңінен қолдану жан-жақты қарастырылған. Шалғайдағы елді мекендердің әр тұрғыны қажетті ақпаратқа және бүкіләлемдік ғаламтор қызметіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасау жолдары кеңінен қарастырылып жатыр. Әртүрлі ақпарат көз­дерін пайдалану арқылы халықтың дүниеге көзқарасы кең түрде қалыптасып, жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік туып отыр. Қазақ тілді басылымдардың саны мен сапасы жылдан жылға көтеріліп келеді. «Айқын», «Жас қазақ», «Алтын Орда», «Түркістан», «Ана тілі», «Алаш айнасы» т.б. сияқты басылымдардан оқырман көп нәрсе үйренуіне болады. Ал ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясатты жүргізуде республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Қала мен дала», «Нұр - Астана» басылымдары белсенділік танытып, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастыруды, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етіп, анағұрлым байыппен, сындарлы және ашық талқылауды үрдіске айналдырған.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтарды қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдындағы жауапкершілікке баулуды жүзеге асыруды еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырып отырғаны күмәнсіз. Оның ішінде «Қазақстан -1» ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі, «Жетінші арна», «Астана» арнасы қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыруда қомақты істер атқарып келеді. Қазіргі БАҚ-тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, ақпараттық кеңістігімізді өзгеден қорғау үшін қазақстандық БАҚ-тың мәселелері мемлекеттік дәрежеде шешіліп отыр. Біздің мемлекетіміз өз ақпараттық саясаты арқылы ел мүддесін көздеп отыр. Ақпараттық заманда бәсекеге қабілетті болу үшін кез келген БАҚ өзінің техникалық мүмкіндігі мен полиграфиялық деңгейін, материалдық жағдайын жақсартып, журналистердің табысын көтеріп, нәпақа үшін біреуге тәуелді болмауын, өз еліміздің мүддесіне жұмыс істейтіндей жағдай жасау жағы да қарастыратын күнге жеттік. Ақпараттық саясат заңдық тұрғыда реттелген жағдайда ғана қоғам өкілдерінің ақпаратқа біркелкі қол жеткізе алуы қамтамасыз етіледі. Ақпаратқа толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі қоғам өкілдерінің, ақпарат алушы мен ақпаратпен қамтамасыз етуші арасындағы өзара ықпалдастықтың нәтижесінде ғана жүзеге асады. Бұл жерде негізгі ақпарат жалғастырушы рөлін бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бүгінгі таңда Қазақстан заманауи ақпараттық қоғам құруды көздеп отыр. Оның негізі - электронды үкімет, сандық телевидение, интернетті кеңінен қолдану және ақпаратқа жедел қол жеткізу болып табылады.

Қоғамдағы шынайылықтың объективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр. «Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспаралар қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр. Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат қалыптастыру және нақты іске асыру мәселелелері шектен тыс көп қырлы. Ақпараттық саясаттың мақсаты қоғамдағы жағдай мен өзгерістерді дер кезінде азаматтарға жеткізіп, демократиялық саясат туралы ақпараттарды тарату, осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі дербес мемлекеттік ақпараттық саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың өзекті мәселелері: біріншіден, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясаттың рөлі ерекше, екіншіден, ақпараттық саясаттың рөлі жастардың саяси білімін қалыптастыруына ықпал ететін негізгі фактор, үшіншіден, Қазақстанның саяси тұрақтылығының қалыптасуы мен дамуына ақпараттық саясат қызмет етеді. Ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы ақпараттық саясат нақтылы саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсіндіруді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады. Ақпараттық саясат ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейді. Ақпараттық саясатты қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Кез келген ел бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы жүзеге асырады. Мемлекетпен қатар ақпараттық саясатты қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Ақпараттық саясатты қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз, радио, теледидар жатады. Ғылыми мен техниканың дамыған жағдайында теледидардың рөлі өсті. Бүгінгі таңда әлемдегі, өз еліндегі болып жатқан жаңалықтарды миллиондаған адам теледидар арқылы көзімен көре алады. Сондықтан ішкі жөне сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізе отырып, ішкі саяси тұрақтылық басымдылығын жүзеге асырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін белгілеп беріп отыр. Мемлекет жүйесінде халықтың қоғамдық ойын қозғаушы құдіретті күші – баспасөзге баса мән беру. Ақпараттық майдан жүргізуде кез келген ел өзгенің басқару жүйесі, халықты ақпараттандыру, терроризм, экономикалық соғыс, қаржы бағдарламасы, жалпыхалықтық дауыс беру, т.б.сияқты мемлекеттің басты салаларын тұтастай бақылауға алуы тиіс.

Қазақстан өз ақпарат кеңістігін қамтамасыз ету мақсатында Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен «2006-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңіс­ті­гінің бәсекеге қабілеттілігін да­мыту туралы» [1,17-б] тұжырымдамасын бекітті. Бірақ біздің елдің ақпарат кеңістігі Ресейдің ақпараттық экспансиясынан құтыла алмай отыр. Ре­сейден келген әрбір басылым жергілікті ау­дан­дық, қала­лық әкімші­ліктерден тіркеуден өтпей-ақ таратылуа. Оның ішінде «Комсомольская правда Казахстан», «Аргументы и факты Казахстан», т.б. басылымдардың қосымшалары шектеусіз таралуда. Қазақстандағы ресейлік телеарналар мемлекетаралық, үкіметаралық келісімдер арқылы хабарларын таратып отыр. Оны басқа елдер сияқты мүлдем жауып тастауға тағы болмайды. Олар заңда белгіленген 50 де 50 бойынша тепе-теңдік сақтап, орысша хабарлар қазақшаға аударылып берілуде. Бір ескеретін жағдай қазақша хабарлар түн ауа берілуі түсініксіз. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі негізінен, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда да қарастырылған. Онда шетелдік БАҚ-тың акциялары 20 пайыздан аспауы тиіс деп көрсетілген. Нақтылы өмірде бұл заңдар іске аспай отыр. Ресейлік БАҚ-тың ақпараттық-танымдық маңызы зор, бірақ соның ішінде тәрбиелік мәні жоқ хабарлар мен басылымдарды таратуға тосқауыл қою керек сияқты.

Мемлекетіміздің ақпараттық саясатында қазақ мүддесі бар екенін ескерсек, Ресей БАҚ-тары арқылы көп нәрсені үйренуге болатынын мойындағанымыз жөн. Ресейдің БАҚ-мен біздің Қазақстан БАҚ-тары таласа алмайтыны бесенеден белгілі. Жоғары бәсекеге қабілетті болу үшін техникалық мүмкіндік пен полиграфиялық, материалдық жағдай да рөл атқаратыны көп жағдайда ескерілмейді. 150 млн. халқы бар Ресейден 15 млн. халқы бар Қазақстанның үйренері көп. Өзіміздің ақпараттық кеңістігіміз анық, мықты болуы үшін ірі-ірі құрылтайшысы бар БАҚ-тар мемлекет саясатымен ортақ мүддеге жұмылдырылса ғана ақпараттық саясатты жүргізуде табыстарға жетуге мүмкіндік туады. Сонда ғана БАҚ неғұрлым шындыққа жақын болатыны сөзсіз. Жергілікті деңгейдегі БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу асыру мақсатында бюджеттен жыл сайын миллиондаған теңге бұқаралық ақпарат құралдарына, электронды бұқаралық ақпарат құралдарына бөлініп отыр. Мемлекеттiң ақпараттық саясатын қамтамасыз ету адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi көзқарасты пайдалануды, Қазақстан  Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауiпсiздiк саласында өзара тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi.



Елімізде ақпараттық саясат және ақпараттық процестерді тиімді басқару проблемасы дамыған елу елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетке сәйкес ғылыми негізделген сарабдал көзқарасты талап етуде. Әлемдік тәжірибе негізінде талдап жасалынған Қазақстанның ақпараттық бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі тұжырымдама – осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі. Республикамыздың ақпарат кеңістігінде қазақ-орыс тілдеріндегі шығатын газет-журналдардан басқа «Ұйғыр авази», «Или вадиси», «Йени заман», «Хуш кәйпият», «Яш әвлад», «Сәньят», «Йени эвлат», «Яркент тәбәси», «Азие бугун»-ұйғыр тілінде, «коре ильбо»-корей тілінде, «Украінські новини» - украин тілінде, «Дойтче Аль-гемайне» - неміс тілінде, «Дунганская газета» - дүнген тілінде, «Жийана курд» - күрт тілінде, «Сайрам сабоси», «Баложон», «Жанубий Козогистон», «Комрон», «Мактабдош» - өзбек тілінде, «Зубр» - беларусс тілінде, «Яшьлек» татар тілінде ақпарат таратады[2,23-б]. Бұлардың барлығы мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылады. Бұл басылымдардың бетінде қазақтың тіліне, діліне, оның рухани құндылықтарына деген құрмет айқын аңғарылуы қажет-ақ. 1990 жылдардың ортасында, дәлірек айтсақ, республикалық бір топ басылымдарының бас редакторлары «журналистік этика кодексін» [3] қабылданған болатын. Журналистердің кәсіби шеберлігі, еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі медиакратия, БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік мұқтаждықтары, азаматтық патриотизм идеялары төңірегіндегі ой-пікірлердің әрқайсысы жеке-дара әңгіме өзегіне айналдыруға тұратын мәселе. Қорытындылай келгенде айтарымыз, Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығын жүзеге асыру мен ақпараттық саясат қалыптастырудағы нақты қадамдар болашаққа бастаған Елбасының жасампаз да жарқын жолы екені сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы. – Астана. 2007. – 17-бет.

  2. Этносаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. – Астана. 2006. - 23-бет.

  3. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қатынастарды жазып көрсетудегі журналистік этика кодексі. / / Ақиқат. №8. 1997.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет