Қисыны бар аңыздар Қарқаралы қаласыны – 180 жыл



жүктеу 57.92 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі57.92 Kb.
: irbis64r 01 -> Kraeved -> Karkaraly tarihy
Kraeved -> Балажан ақын
Kraeved -> Алаштың арда туған Әлімханы Халқымызда «Жақсы адам – қазына»
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Қасым поэзиясындағы балладалар
Karkaraly tarihy -> Қарқаралы арқадағы Гүлстан Облысымыздың атаулары
Kraeved -> Зобалаң жылдарында Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Karkaraly tarihy -> Құлпырады Қарқаралы – жер жаннаты арқадағы республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы, «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
Karkaraly tarihy -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Қисыны бар аңыздар

Қарқаралы қаласыны – 180 жыл
Қазіргі ұрпақтың құлағына тиді ме, жоқ па - бұл аңыздар айтылып келеді. Бұдан 50-60 жыл бұрын, тоқсанды алқымдаған Алтай ұрпағынан Әбдіков Ахмет, Жалайыр руынан Мыржықбаөв Теке деген сұңғыла, айыр көмей, жез таңдай қариялар ескі аңыздар айтқанда сөздің майын тамызатын еді. Бұл кеңестік дәуір болған соң «әулие, жын-шайтан» сияқты өскі нанымдардан бой сақтайтын. Ол кезде Теке жаныңда куә болатын адам жоқта, оңаша кездерде әңгімелесетін.

Сондағы бірінші аңыз


Қарқаралы орманында елсіз кезде.оңтүстік жақтан келген Жиренсақал мен Шәймерден деген кезбе әулиелер болған екен. Олар жазда осында келіп, орман ішін аралаған. Қазір "Комсомол шыңы» деп аталатын биік тау бұрын «Жиренсақал» деп аталатын. Бұл кісілер садақты мерген болған, ол кезде орман ішінде аңның неше түрі болған. Тамақтанарда арқардың марқасын не тоқтысын, немесе киік, қарақұйрықтың марқа төлдерін атып алатын. Аңды сойған соң қарнына толтырып тау пиязы, шалғын жуа мен тұзды қоса салып. жайдақ жақпар тастардың қазан сияқты шұңқыр жерін тауып, үстіне от жағып пісіргенде қазанға пісіргеннен анағұрлым дәмді болады екен. Тойғанынша тамақтанып, қалған етін қыш құмырасына салып, тастай суық бұлақтардың.суына салып, бірнеше күн азықтанатын болса керек. Сол тауда әулиенің үңгірі бар екен, соған бала көтермеген әйелдер түнеп шықса, жүкті болады деген аңыз бар. Бертінде Күлқатыш деген әйел барып түнеп, бала көтеріп ұл тапқан. Бірақ әйел нанымын сақтамай, арақ ішіп, баласын шетінетіп алған, қайтіп бала көтерген емес.

Әулие туралы екінші аңыз. Бір күні кешке қарай тау басындағы көлге барса, дыбыс шығады, ағаш арасынан бақылап тұрса, адам бейнелі біреулер суға шомылып жүр екен. Егделеу еркек бейнелісіне барлығы: «Әплит, әплит» деп бәйек болып жүрген сияқты. Әлгілерге білгізбей, шегініп кетіп қалады. Ертесіне елең-алаңда тағы келеді, сөйтсе әлгі ібілістер тағы шомылып жүр екен. Әйел бейнелі егделеу біреуіне: «Жәплит жәплит» деп бәйек болып жүр екен. Сонда Жиренсақал әулие: «бұл өсіп-өнетін ібіліс екен ғой, Әплиті - әкесі, Жәплиті - шешесі болған ғой» деп шыдай алмай дұға оқып, айқайлап жіберіпті. «Малғұндар! Енді кездессеңдер маймылға айналдырып жіберем!» деп ақырған. Әулие одан кейін де көлге бірнеше рет барған және түнеген, бірақ шайтандарды қайтып кездестірмеген. Содан кейін ол, шағын көл «Шайтанкөл» атанып кеткен. Теке ақсақал бұл әңгімені ұлғайған кезде әкемнен естіп едім дейтін.

Келесі аңыз

Қарқаралы атауы туралы

1727 жылы жоңғарлар шабуылы кезінде жаудың бір түмен сарбазы қазіргі қаланың батыс жағында қорған салып, бекінеді. Олардың мақсаты - өздерінің, Ертіс бойындағы қолы әлсірей ме, жоқ Қызылжар жағы әлсірей ме, соған қолғабысқа аттану болса керек. Бұл кезде қазақ сарбаздары орталық терістік жақтан жоңғарлар қолын әлсірете бастаған және 1739-1740 жылдары Абылай қалмақтың ханы Қалден Цереннің қолына түсіп, кейіннен достасып.соғыспау туралы келісімге келген. Осы кезде пайдаланып Шаншар абыздың екінші әйелі Нұрбикеден туған Тілеуке, Бертіс хан кол жинап, түстік Сыр бойынан келіп Қарқаралыға бекініп жатқан жоңғарларды жойып, елді осы жаққа орналастыруды қолға алып, бекіністі тазартудың қамына кіріскен. Жер жағдайын жетік білмегендіктен жоңғарлар жау алдымыздан келеді, артымыз биік тау, артымыздан қауіп жоқ деп ойлаған. Жағдай ойлағаннан басқаша болып шықты. Бертіс қолы Қарқаралының батыс жағындағы Шоқпартас маңындағы орманға орналасып, жауды сезіктендірмей, желке жағынан шабуыл жасау үшін тауға барлау жұмысын жүргізіп, Шоқпартастан суық бұлаққа қарай асатын шұбырынды жол тапқан. Осының нәтижесінде жаудыңжелке жағынан шабуылдауға толық мүмкіндік туған. Күтпеген жерден қалың қолдан үрейі ұшып, берекесі кеткен жоңғарлар қаша жөнелген. Жоңғар қолын көп шығынға ұшыратып, жаудың ізіне түсіп, түстікке қарай қуып жіберген, Сөйтіп, Қаракесек руын осы маңға, Балқантауға дейін орналастыруды жоспарлап, өзі оңтүстікке - елге қарай қайтып, елді көшіруді ұйымдастырған. Бұл кезде Қарқаралы деген атау жоқ. Бертіс бұл мекенді жоңғарлардан тазартқан соң, қазан айының соңына қарай көшпенді Қоңырат деген тайпа келеді. Бұл тайпа сан жағынан көп, Арғынмен туыс ел. Жоңғарлар жорық жасауға мүмкін деген маңайдан қашқақтап жүретін болса керек. Қысқа аяқты мал деп сиыр, қой асырап бақпайды, өйткені ол елге жау бет алып келе жатқанда бұл екі түлік бөгет болады және жау қолында қалып қояды деген есебі көрінеді. Жаудан жалтарып кету үшін жылқы, түйе малын көптеп өсірген. Қоңыраттықтар «ұзынқұлақ» арқылы Арқаның шұрайлы жері жаудан тазартылды дегенді естіп, қыстап шығу үшін таудың күншығыс жағына көптеген киіз үй тігіп, өздерінен өсіп-өрген рулар ауыл-ауыл болып отырған. Сол жылы қар өте қалың түскен, қар түсе тауда қаптап жұрген арқар, елік бұғыларды көргенде көздері тұнған. Садақпен аң аулауға барайын десе бара алмайды.Тау басы мен биік жондар қара болып жатқанмен, тау етегі өте қалың оспақ көбік қар болған. Тауға шықпақ болғанда аттары қарға көміліп, жаяу шығайын десе өздері де қарға бойламаған. Сол кезде көктем де өте кеш шыққан, жаз шыға ол кезде аң ауланбайды. Дала тағысы киелі болады, төлі жетім қалса қырсық болады деген ұғым қалыптасқан. Сөйтіп, бұл тау ды «Басы қара, етегі қарлы, Қаратау қарлы - Қарқаралы» деген атау пайда болған. Арғындар ішіндегі Қарақожа әулетінен тараған Қаракесек руы келе бастағанда алдымен «Қарақарлы» тауына Әлтөбет руы келіп қоныстаған. Бұлар келе бастаған соң, қоңыраттықтар Есіл бойын; қарай Балталы-Бағаналы елімен сүйек шатыстығы болғандықтан көшіп кеткен. Мен осы жағдайлар жөнінде үлкен адамдардан 50-60 жыл бұрын сұрастырып, жазбаша ештеңе таба алмадым. Мұражайлардан да дерек кездеспеген соң, нанымсыздау бола ма деген оймен баспасөз бетінде жарияламаған едім.

Қарқаралыға байланысты үшінші аңыз


Қазіргі туристік базаның орны ерте заманда «Қайыңсай», кейінне «Жауыр тоғайы» аталған ну орман алаңы болыпты, жан-жағына бойлап өскен қайыңнан алаң көрінбеген. Ортасынан мол бұлақ ағып, Үлкен көлге құйылып жатады екен. Осы алаңға 1753 жылдары Абылай жазғы ордасын тігіпті деген аңыз бар. Ұлы жүз халқы 1723 жылдан 1753 жылғ дейін жоңғарлар қарамағында болған. Ал Батыс Қазақстан халқы Кіші орда Әбілқайыр ханның қарамағын да болып, ханмен араздық туып, елден бөлініп, өз алдына хандық құрып кеткен. Сондықтан әлі де жаудың беті қайтып талқандалмаған кез болса керек. Бірақ осы кезең жоңғар халқы бақталас болып, өзара бірнешеге бөлінген.

Абылайхан осы кезеңді пайдаланып жоңғарларды бұдан былай бас көтерместей қылып талқандап, олардың қарамағында бағынышты болып отырған Ұлы жүз және Қарақалпақ жерін тазартуды мақсат тұтқан. Күш сол кезде тек қана Орта жүзде қалған (Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ. Керей). Со-лармен қатар Әбілқайырға бағынбай бер жақта Кіші жүзден Алшын, Жаппас, Шөмекей, Шекті аталарының басын қосып, хан кеңесін өткізуге тура келген. Ол кеңесті өткізген ел орталығын Қарқаралы деп үйғарған. Май айының басында жоғарыда айтылған жерге хан ордасын тіккен. Бұған Алтай, Тарбағатай жақтан Қабанбай батыр бастаған, солтүстіктен Бөгенбай бастаған қалың қол және Ұлы жүз, Кіші жүз, қарақалпақтардан мүмкіндігінше ел жиналған. Орта жүз кемеңгері Қаздауысты Қазыбек және Бекболат та осы топта болып, үш түмен қол жауды оңтүстіктен тазартуды жоспарлап, мақсаттарын қазан айының аяғына дейін жүзеге асырып, толық нәтижеге жеткен (Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» атты романы бойынша). Төле би екі-үш ай бойы Қабанбай батырмен бірге болып, жоңғарлардан елді, жерді тазарту үшін ақылшы болған. Хабарласып отыратын ел орталығы Абылайдың жазғы ордасы Қарқаралыда қазан айының аяғында қол басшылар қай-та жиналмақ болған. Бұларды қозыкөш жерден хабарын біліп отырып «Найза» деген кезеңнен тосып, Абылайхан бас болып, жеңіспен қайтқан бұл жер «Найза» кезеңі атанып қалған. Қол басшылар алаңға тігілген хан ордасына жиналып отырғанда бабамыз Қазыбек би Қабанбай батырдан екі-үш ай ат үстінен түспесе, Төле ағам (Төле би) халы әлі жақсы екен ғой дегенде, сізге айтқан сәлемі бар еді, сол естеріңде бар ма деп Қабанбай батыр жан-жағына қарағанда, менің есімде бар деген бір сарбаз:

Қақ жарған қара қылды Қазыбегім!

Сен бүкіл қазағыма азық едің,

Ағаңды жау қолына тастап,

Сен жатып Сарыарқада қазы жедің!


Мен дағы қазағыма қазық едім.

Сен аспанда қаңқылдаған қазым едің,

Еліңді жау қолына көп жыл тастап,

Мен неден ағайынға жазып едім? -



дегенде Қазыбек бабамыз қатты тебіренсе керек.

Келесі аңыз


«Комиссаровка» деген жерді «Кімасар» деп атау жөнінде. Қарқаралы 1824 жылы Орталық Қазагстанда сыртқы округ болып құрылғанда дуан басын сайлау кезінде Омбыдан Карбышев бастаған мұздай қаруланған 250 адамнан тұратын казак отряды келгені белгілі. Дуанда жағдай орныққанша солдаттарға жер беріп, орман маңындағы тауларға орналастырған. Соның бірі кейінгі орманшылар салған көк үйде, яғни Комиссаровкада мұнда сол кездегі әскерді басқаратын командир (комиссар) тұрған. Оны кейін біреудің айтуы бойынша «Кімасар» деп атау қисынға келмейтін атау.

Ахметбек Әрінұлы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет